Автоазаматша: cақтандыру шартын ұҚыптап оқЫҢыздар



жүктеу 26.27 Kb.
Дата24.04.2016
өлшемі26.27 Kb.
: attachments -> cont
cont -> Сұрақ: Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша стандартты және кешенді сақтандыру шарттарының негізгі айырмашылықтары неде? Жауап
cont -> Қазақстан Республикасының Заңы Лицензиялау туралы
cont -> Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті саќтандыру бойынша қызметтерді тұтынушыға қысқаша жадынама
cont -> Осы жағдайда егер сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы "Standard & Poors", "A. M
cont -> «бекітемін» Қазақстан Республикасы
cont -> Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Төрайымы
cont -> Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартқа қатысқан жағдайда үлескерге сақтандыру туралы нені білуі керек 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап, «Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы»
cont -> Күші жойылды-ҚҚА №129 22. 08. 08ж.(т. 730) ҚРӘМ №4427 17. 10. 2006ж тіркелді
cont -> ҚРӘМ №5316 29. 09. 2008ж тіркелді Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН
cont -> Қазақстан республикасының Қаржы рыногын және қаржылық Ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының
КЕРІ БАЙЛАНЫС

АВТОАЗАМАТША: CАҚТАНДЫРУ ШАРТЫН ҰҚЫПТАП ОҚЫҢЫЗДАР


Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің сайты және «Қазправданың» поштасы көрсетіп отырғандай, аса өзекті тақырыптардың бірі азаматтық құқықтық жауапкершілікті сақтандыру болып отыр. Мейілінше жиі қойылатын сұрақтарға Қаржылық қызмет көрсетуді тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасының бас маманы Ғалия Керімбаева жауап береді.

«Сақтандырушы көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершілігін мiндеттi сақтандыру шарты бойынша сақтандыру төлемдерін қандай мерзім аралығында жүзеге асыруы тиіс?»

- Cақтандыру төлемдерін жүзеге асырудың жалпы талаптары «Көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершілігін мiндеттi сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабымен белгіленген. Сақтандыру ұйымына сақтандыру төлемдері туралы талаптарды сақтанушы (сақтандырылушы) немесе пайда алушы болып табылатын өзге тұлға сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттарды қоса беру арқылы жазбаша нысанда ұсынады. Сақтандыру ұйымының сақтанушыдан не жәбірленушіден басқа құжаттарды қосымша талап етуіне жол берілмейді. Құжатты қабылдаған сақтандырушы ұсынылған құжаттардың толық тізбесін және оны қабылдау күнін көрсете отырып, өтініш иесіне анықтама беруі міндетті. Заңның 26-бабының 1-тармағына сәйкес сақтандыру төлемін сақтандырушы Заңның 25-бабымен көзделген құжаттарды алған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жасайды.



«Көлiк құралдары иелерiнiң АҚЖ мiндеттi сақтандыру жөніндегі стандартты және кешенді сақтандыру шарттарының негізгі айырмашылықтары неде?»

- стандартты шарт бойынша көлік құралдарының бір немесе бірнеше иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі сақтандырылуы мүмкін, ал кешенді шарт бойынша екі немесе одан артық көлік құралы бірлігінің иесі болып табылатын жеке тұлғаның АҚЖ сақтандырылуы мүмкін. Сақтандырушы стандартты шарт кезінде пайдаланылатын әр бір көлік құралы үшін сақтанушыға жеке сақтандыру полисін береді. Кешенді шарт кезінде пайдаланылатын барлық көлік құралы үшін сақтандыру полисін береді.

«Жолаушылар алдындағы тасымалдаушының АҚЖ мiндеттi сақтандыру шарты бойынша жолаушылар алдындағы тасымалдаушының жауапкершілігі қай сәттен бастап пайда болады?»

- «Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін мiндеттi сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабына сәйкес тасымалдаушының жолаушылар алдындағы АҚЖ міндетті сақтандыру объектісі жолаушыларды тасымалдау кезінде оның өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген зиянды өтеу жөніндегі оның міндетіне байланысты тасымалдаушының мүліктік мүддесі болып табылады.

Тасымалдаушының АҚЖ бойынша сақтандыру жағдайы жолаушыларды тасымалдау кезіндегі жолаушылардың міндетті сақтандыру объектісі жолаушыларды тасымалдау кезінде оның өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген зиянды өтеу жөніндегі азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің пайда болу фактісі танылады. Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы жауапкершілігі жолаушыны көлік құралына отырғызған сәттен пайда болады. Сөйтіп, Азаматтық Кодекстің 690-бабына сәйкес жолаушыны тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушы жолаушыны межелі орынға жеткізуді міндетіне алады. Міндетті сақтандыру шарты бойынша сақтанушы тасымалдаушының жауапкершілігі үшін сақтандыру сыйлықақысын төлеуді міндетіне алады, ал сақтандырушы сақтандыру жағдайы пайда болған кезде пайда алушыға заңмен белгіленген мөлшерде, тәртіппен және мерзімде төлем жасауды міндетіне алады.



«ЖКО болған сәтінде автомобильді сақтанушы жүргізбеген жағдайда автомобиль көлігін ерікті сақтандыру шарты бойынша сақтандыру ұйымы сақтандыру төлемін жасаудан бас тартуға құқылы ма?»

- Құқылы, егер ерікті сақтандыру шартында осы аталған тұлға сақтандыру объектісін басқаруға рұқсат берілген тұлға ретінде енгізілмеген болса. Сондықтан сақтанушыларға сақтандыру шартын жасау кезінде оның талаптарымен ұқыпты түрде танысуды сұраймыз.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет