Автокөлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарынан туындайтын даулар бойынша сот тәжірибесіне шолу



жүктеу 223.25 Kb.
Дата17.04.2016
өлшемі223.25 Kb.
: site -> supcourt.nsf -> 36b782079737d452c6256d89002456d9
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Материалдық құқық нормаларын қолдануда қате жіберілгендіктен жаңа шешім шығарылды ( үзінді)
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Құрметтi «Заңгер» журналы! Менiң қолыма кездейсоқ «Қазақстан юстициясына – 80 жыл»
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Мүліктік емес өзіндік құқықтарды және іскерлік беделді қорғау туралы азаматтық істер бойынша сот практикасына шолу
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан Республикасының заңдары Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіні ратификациялау туралы
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Мен мәдениетiне де үлкен залал келтiредi
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Конституции рк – 10 лет
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Ювенальная юстиция
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан республикасының 3АҢЫ Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге байланысты рақымшылық жасау туралы
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Адвокаттық қызмет туралы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 желтоқсандағы №195-1 Заңы
Автокөлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарынан туындайтын

даулар бойынша сот тәжірибесіне

шолу
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2007 жылғы бірінші жарты жылдыққа арналған жұмыс жоспарына сәйкес 2005 жылғы және 2006 жылғы бірінші жарты жылдық үшін автокөлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарынан туындайтын даулар бойынша облыстық және соларға теңестірілген соттармен біріге отырып сот тәжірибесіне қорыту жүргізілген.

Облыстық және соларға теңестірілген соттардың ақпараттарына сәйкес азаматтық сот өндірісі тәртібінде 2005 жылғы және 2006 жылғы бірінші жарты жылдыққа аталған санаттағы істер бойынша 1498 іс қаралған (істердің көпшілігі мына қалалардың соттарына тиесілі Алматы қаласы - 750, Шығыс Қазақстан облысы - 373, Астана қаласы - 72).

Автокөлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарынан туындайтын талап арыздар бойынша тағайындалған кезеңдегі шешім шығарылған, аяқталған істердің жалпы санының 1053 ісі қаралған, 238 істің өндірісі тоқтатылған, 221 іс қараусыз қалдырылған.

2005 жылғы және 2006 жылдың бірінші жартысында қаралған істердің 1498 зерделеуге келіп түсті.




№р/с

Өңірлер

Келіп түскен істер

1.

Астана қаласы

72 (2006 г.)

2.

Алматы қаласы

750

3.

Ақмола облысы

15

4.

Ақтөбе облысы

42

5.

Алматы облысы

41

6.

Атырау облысы

5

7.

Шығыс Қазақстан облысы

373

8.

Жамбыл облысы

2

9.

Батыс Қазақстан облысы

32

10.

Қарағанды облысы

62

11.

Қостанай облысы

51

12.

Қызылорда облысы

10

13.

Маңғыстау облысы

19

14.

Павлодар облысы

41

15.

Солтүстік Қазақстан облысы

48

16.

Оңтүстік Қазақстан облысы

7

17.

Әскери соттар

-

18.

Республика

1498

Автокөлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңнамалары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінен (бұдан әрі - АК), "Автокөлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Респубикасы Заңынан, "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңынан, "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңынан, "Соттардың моральдық зиянды өтеу туралы заңнаманы қолдануы туралы", "Соттардың денсаулыққа келтірілген зиянды өтеу жөніндегі Республика заңдарын қолданудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларынан және өзге де нормативтік құқықтық актілерден тұрады. егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттармен ұлттық заңнамамен көзделгеннен басқа өзге ереже белгіленбесе халықаралық шарт ережесі қолданылады.

Осы санаттағы істер талап арыз өндірісі тәртібінде қаралады.

АК 806-бабына сәйкес міндетті сақтандыру - заңнамалық актілердің талаптарына орай жүзеге асырылатын сақтандыру. Міндетті сақтандырудың түрлерi, тәртібі және шарттары заңнамалық актілермен белгіленеді.

Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан шетелдік, шетелдіктермен бірлескен және басқа да ұйымдарды қоса алғанда, меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан авиакөлік құралдары иелері заңды тұлғалардың және Қазақстан Республикасының азаматтары секілді шетелдік азаматтардың да және азаматтығы жоқ автокөлік құралдары иелері жеке тұлғалардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігі жәбірленушіге ЖКО салдарынан, атап айтқанда, азаматтардың өмірі мен денсаулығына, олардың мүлкі мен заңды тұлғалардың мүліктеріне келтірілген зиян және залал үшін міндетті сақтанды-рылуға жатады.

Заңның 3-бабына сәйкес сақтандырылушы тұлғаның Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгiленген, жоғары қауiптілік көзi ретiндегi көлiк құралын пайдалану нәтижесiнде үшiншi тұлғалардың өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне келтiрiлген зиянды өтеу мiндетiне байланысты мүлiктiк мүддесi көлiк құралдары иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершілігiн мiндеттi сақтандыру объектiсi болып табылады.

Сақтандырушы, сақтандырылушы және жол көлік оқиғасы салдарынан автокөлік құралдарына зиян келтірілген үшінші тұлға - заңды және жеке тұлғалар азаматтық жауапкершілікті міндетті сақтандыру субъектілері болып табылады.

Сот тәжірибесін талдау тұтастай алғанда, соттар аталған санаттағы істерді дұрыс шешіп отырғанын, сонымен бірге, мынадай сәттерге назар аудару қажет екенін көрсетті.
Осы санаттағы істер бойынша сотқа жүгіну үшін негіз болғандар негізінен сақтандыру компанияларының сақтандыру төлемдерін төлеуден бас тартуы болып табылады.

Мәселен, З.-ның АҚ "К.-ға", К.-ге талап арызы бойынша 2005 жылғы 10 қазанда К. Москвич-412 автомашинасын басқарып келе жатып, Көкшетау қаласындағы Әуелбеков көшесі мен Комсомол көшесі қиылысында З. басқарып келе жатқан ВАЗ-2106 автомашинасына соғысып қалғаны белгілі болып 65 113 теңге сомасындағы материалдық залалды өтеу туралы іс бойынша К.-нің кінәлі әрекеттерімен келтірілген материалдық залал 61 255 теңгені құраған. Заңмен белгіленген тәртіпте АҚ "К." сақтандыру төлемін алу үшін жүгінген кезде З.-ға ЖКО кезінде К.-нің автомашинасы жарамсыз жағдайда болды деген себеппен сақтандыру төлемін төлеуден бас тартқан.

Сонымен қатар, "Автокөлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Респубикасы Заңының 29-бабының 3-тармағымен сақтандырушының осы бапта көзделмеген негiздер бойынша сақтандыру төлемiнен бас тартуға құқығы жоқ деп тікелей көрсетілген, яғни, сақтандырушыны сақтандыру төлемін төлеуді жүзеге асырудан босату негіздерінің түбегейлі тізбесі белгіленген. Сондықтан сот К.-нің автомашинасының техникалық жарамсыздығы АҚ "К." сақтандыру өтемін төлеуден босату үшін негіз болып табылмайды, Заңның 28-бабы 1-бөлігінің 4-тармағына сәйкес келтірілген зиянға регрестік талап қою үшін негіздеме болуы мүмкін деп дұрыс көрсеткен.
Тұлғаға иелерiнде көлiк құралдары иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру шарттары бар бiрнеше көлiк құралдары зиян келтiрген кезде пайда алушы сақтандыру төлемiн олардың әрқайсысынан жеке-жеке алуға құқылы.

"Автокөлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Респубикасы Заңының 27-бабына сәйкес әрбiр сақтандырушы сақтандыру төлемiн осы Заңда белгiленген жауапкершiлiк көлемi шегiнде және сақтанушы жауапкершілiгiне тең мөлшерде жүзеге асырады. Бұл ретте барлық сақтандырушылар жасаған сақтандыру төлемiнiң жалпы сомасы жәбiрленушiге келтiрiлген нақты зиян мөлшерiнен және әрбiр сақтандырушы үшiн көзделген жауапкершілiктiң шектi көлемiнен аспауға тиiс.

Іс материалдарынан 2005 жылғы 8 тамызда Көкшетау қаласындағы Уәлиханов және Горький көшесінің қиылысында К.-ның сенімхатымен "Москвич-412" автомашинасын басқарып келе жатқан А. жол қозғалысы ережесін өрескел бұзып, Уәлиханов бас көшесімен жылжып келе жатқан "Камаз-5410" жүк автомашинасының оң жақ алдыңғы дөңгелегіне соғып, ЖКО жасағанын Көкшетау қалалық соты қараған іс осыған үлгі болып табылады. Түйісу нәтижесінде жүк автомашинасы Уәлиханов көшесі бойында орналасқан үйге кіріп кетіп, Л.-ның меншік құқығына тиесілі үй бөлігіне зақым келтірген. Келтірілген зиян мөлшері сарапшылардың қорытындысы негізінде 740 999 теңге сомасында деп анықталған. "Москвич-412" автомашинасын сақтандырушы АҚ "Қ." Л.-ға және Камаз жүргізушісі Г.-ге әрқайсысына 400 АЕК мөлшерінде өтемақы төлеген. Камаз автомашинасының меншік иесі "Т." ПК болып табылады, АҚ "НСК" сақтандырылған автомашинаны жалға беру шарты бойынша басқарған және иелік еткен Г. болатын. Сот шешімімен Л.-ның пайдасына АҚ "НСК" 352 599 теңге сомасында келтірілген материалдық залал, Г.-дан 2 400 теңге мөлшерінде сот сараптамасы өндірісі жөніндегі шығыстар, 7 000 теңге мөлшерінде зиянды бағалау жөніндегі шығыстар өндіріп алынған. Апелляциялық алқа соттың жол көлік оқиғасы нәтижесінде Л.-ның тұрғын-үйіне келтірілген зиян үшін жауапкершілік жоғары қауіпті көз иесінің екеуінен де біріктіріп алу туралы ұйғарымына келісім білдірген.

Сақтандыру сомасы келтiрiлген зиянды толығымен өтеу үшiн жетпеген кезде сақтанушы жәбiрленушiге сақтандыру сомасы мен зиянның нақты мөлшерi арасындағы айырманы өтейдi.

С. жауапкерлер Г.-ға және АҚ "А." Сақтандыру компаниясы" ЖКО салдарынан келтірілген материалдық және моральдық зиянды өтеу туралы қойылған талап арызбен сотқа жүгініп, ол өз талаптарын 2005 жылғы 28 тамызда м/н 424 ауди-80 автомашинасын басқарып келе жатқан Г. Павлодар қаласында Әуежай-Павлодар автокөлік жолы шеңбері аумағында Г.-ның кінәсі бойынша ЖКО болғанын, соның нәтижесінде өзінің машинасына зақым келгеніне дәлелдемелер келтірген. Г. жасаған ЖКО үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған, өз автомашинасын қалпына келтіріп жөндеуге байланысты материалдық шығындар 650 353 теңгені құраған.

Г.-ның азаматтық-құқықтық жауапкершілігі АҚ "А." СК-мен" сақтандырылған, ЖКО фактісі туралы сақтандыру компаниясына дер кезінде хабарланған және келтірілген зиянның мөлшері көрсетіліп, бағалау туралы есеп берілген. Алайда, сақтандыру компаниясы да, жауапкер де зиянды өз еркімен өтемеген. ЖКО салдарынан келтірілген зиянның мөлшері ең жоғарғы сақтандыру төлемінен - 400 АЕК мөлшерден асып тұр немесе 388 400 теңгеге тең. Осыған байланысты, талапкер сақтандыру компаниясынан 388 400 теңге, ал қалған 261 953 теңге болатын зиян сомасын Г.-дан өндіріп алуды, сондай-ақ өзінің автомашинасына келтірілген зиянды, моральдық зиянды өндіріп беруді сұраған.

Павлодар қалалық сотының 2006 жылғы 1 қыркүйектегі шешімімен С.-ның пайдасына АҚ "А." сақтандыру компаниясынан 113 326 теңге, 1 133 теңге болатын мемлекеттік баж шығысы Г.-дан өндіріп алынған, 63 885 теңге болатын келтірілген зиянды, 30 000 теңге зиянды, 939 теңге мемлекеттік бажды төлеу жөніндегі шығыстарды, моральдық зиянды өтеуден бас тартылған.

Сот талқылауы барысында "А." сақтандыру компаниясы талапкерге 275 074 теңге сақтандыру бөлігінің сомасын төлеген. Сондықтан сот сақтандыру компаниясынан келтірілген зиянды өтеу есебінен ( 388 400-275 074) = 113 326 теңге есебіне туындай отырып, 113 326 теңге мөлшеріндегі сақтандыру өтеуінің қалдығын негізделген түрде өтеген.
Сақтандырушы сақтанушыға сақтандырған кездегі шығындардың алдын алу немесе азайту мақсатында оларға келтірілген шығыстарды өтеуге міндетті.

Мәселен, талапкер Н. "А." СК өз талаптарын Ж.-ға тиесілі автокөлік құралымен соғысып қалғанымен дәлелдей отырып, сақтандыру төлемі сомасын өндіріп алу туралы талап арызбен сотқа жүгінген. Сарапшының 2005 жылғы 17 ақпандағы № 156 қорытындысына сәйкес ол ЖКО жасағаны үшін кінәлі деп танылған және әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Ақтау қалалық сотының 2005 жылғы 17 маусымдағы шешімімен одан Ж.-ның пайдасына ЖКО келтірген мүліктік зиянды өтеу есебіне 100 515 теңге өндіріп алынған, ол оны толықтай төлеген, соған байланысты, төленген соманы "А." СК өндіріп алуды сұрайды, өйткені, 2004 жылғы 17 ақпанда олардың арасында автокөлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты жасалған болатын. Ақтау қалалық сотының 2006 жылғы 12 шілдедегі шешімімен осы талап арыз қанағаттандырылған.



Мәселені шешкен кезде соттар жол көлік оқиғасы болған сәтте көлік құралын кімнің басқарғанына назар аударуы керек.

Мәселен, Қарағанды қаласы № 2 Қазыбек аудандық сотының 2005 жылғы 17 ақпандағы шешімімен ААҚ "М."-ға Д.-ның материалдық зиянды өтеу туралы талап арызына азаматтық-құқықтық жауапкершілік ЖКО жасаған кезде автокөлік құралын басқарып келе жатқан Б. емес, автомашинаның титулды иегері ЖКО-на кінәсі жоқ А.-ның азаматтық-құқықтық жауапкершілігі сақтандырылған негізде бас тартылған және ЖКО-на кінәлі тұлғаның азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты болмағанына сілтеме жасаған.


Моральдық зиянды өтеу, мүліктің жоғалған тауарлық құнын қоса алғанда, айрылып қалған пайданы өтеу сақтандыру сомасымен қамтылмайды.

Сонымен бірге, заңның осы талаптары әрдайым орындалып отырмайды.

Мәселен, Маңғыстау аудандық сотының 2006 жылғы 26 мамырдағы шешімімен Х. мен Ф.-ның ЖКО нәтижесінде келтірілген зиянды өтеу туралы Б.-ға талап арызы қанағаттандырылған.

Талапкер өз талаптарының негіздемесінде 2006 жылғы 25 қарашада жауапкердің кінәсінен болған ЖКО нәтижесінде талапкерге алдын-ала бағалауға сәйкес 377 388 теңге сомасын құраған материалдық зиян келтірілгенін көрсетті.

Жауапкердің сақтандыру компаниясы "А." СК ЖАҚ өтеу сомасын төлеп берді, алайда, ол 145 443 теңгені құраған. Материалдық зиян сомасының қалған бөлігі 231 945 теңге.

Талапкер Х. жеке кәсіпкер болып табылғандықтан, аталған автомашина азық-түлік тасымалдау үшін пайдаланылған. ЖКО нәтижесінде автомашина жұмысқа жарамсыз жағдайда болған. 2005 жылғы 25 қарашадан бастап 2005 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы алынған кіріс сомасы 45 000 теңгені құраған, алайда ол да заңсыз өндірілген.

Қ.-ның М.-ға, "В." СК Петропавл филиалына материалдық залал мен моральдық зиянды өндіріп алу туралы талап арызы бойынша азаматтық ісі сақтандыру компанияларының моральдық зиянды өтеу туралы талап арыздан бас тартуының негізделген үлгісі болып табылады.

Талапкердің талабы моральдық зиянды өтеу бөлігінде сот шешімімен заңнамалық актілермен көзделген жағдайлардан басқа азаматтың мүліктік құқығын бұзатын әрекеттермен (әрекетсіздіктермен) келтірілген моральдық зиян өтелуге жатпайды деп көрсетілген АК 951-бабының 4-бөлігіне сілтеме жасалып, қанағаттандырылусыз қалған.

Моральдық зиянды өтеу жөніндегі жауапкершілік Заңмен көзделмеген.

Бұдан басқа, Жоғарғы Соттың "Соттардың моральдық зиянды өтеу туралы заңнаманы қолдануы туралы" 2001 жылғы 21 маусымдағы № 3 нормативтік қаулысында сақтандыру ұйымдарына (сақтандырушыларға, қайта сақтандырушыларға) сақтандыру оқиғасының туындауына байланысты үшiншi адамға моральдық зиянды өтеу жүктелмейдi деп көрсетілген.


Соттар істерді шешкен кезде сақтандыру жағдайы туралы дер кезінде хабарлану себебін мұқият белгілеуі керек.

Қ. және И. азаматтық-құқықтық жауапкершілігі АҚ "Қ." сақтандырылған Б.-ның жол көлік оқиғасын жасағанын, бірақ сақтандыру компаниясы сақтандыру жағдайы туралы хабарды сақтандыру компаниясына дер кезінде хабарламау негіздемесі бойынша оларға материалдық зиянды төлеуден бас тартқанын көрсете отырып, АҚ "Қ."-ға талап арызбен сотқа жүгінген.

Қ. автомобильге зақым келтіргені үшін 63 215 теңге сомасындағы зиянды өндіріп алуды сұраған, ал И. өзінің денсаулығына келтірілген зиян үшін 110 280 теңге сомасындағы материалдық зиянды өндіріп алуды сұраған.

Сот іс материалдарын зерделей келе Қ. пайда алушы ретінде, ал И. жәбірленуші, машинаның меншік иесі, сақтандырылушы ретінде сақтандыру компаниясына заңмен белгіленген үш күн ішінде жүгінбеген және орын алған сақтандыру жағдайы туралы хабарламағаны негізінде талапкерлердің сақтандыру компаниясынан материалдық зиянды өндіріп алу туралы талаптарын қанағаттандырудан бас тарту туралы қорытындыға келген.

Солтүстік Қазақстан облыстық соты азаматтық істер жөніндегі алқасының 2005 жылғы 10 ақпандағы қаулысымен сот шешімінің күші жойылып, "Автокөлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Респубикасы Заңының 18-бабына сәйкес жәбірленуші - И., пайда алушы - Қ. сақтандырылушы Б. сақтандыру шартын қандай сақтандыру фирмасымен жасағанын білгеннен кейін ғана ЖКО туралы сақтандырушыға хабарлауға тиісті болғандықтан, ал жәбірленушіге және пайда алушыға хабарлау мерзімі заңмен көзделмегендіктен талапкерлердің талап арызын қанағаттандыру туралы жаңа шешім шығарған. Бұдан басқа, алқа И.-дың ауруханада емдеуде болғандықтан, сақтандыру компаниясына сақтандыру жағдайы туралы дәлелді себептермен ұзақ уақыт бойы хабарлай алмағанына сілтеме жасаған.
Сақтандырушыны сақтандыру төлемін жүзеге асырудан босату негіздемесін қолданудағы сот тәжірибесі.

Мысалы: Я. Экономикалық-техникалық білім беру кешеніне (ЭТБК), А.-ға, М.-ға, АҚ "A." СК-на курсант М. басқарып келе жатқан және жанында иструктор А. болған жүргізуді үйрету автомашинасы талапкердің автомашинасына соғысқанын және ЖКО нәтижесінде 37 409 теңге зиян келгенін, бірақ сақтандырушы Сақтандыру шартының 3.2-тармағына сілтеме жасап, сақтандыру төлемін төлеуден бас тартқанын көрсетіп, талап арызбен сотқа жүгінген.

Сот шешімімен АҚ "A." СК-нан Я.-ның пайдасына дауланып отырған 37 409 теңге және бағалау жөніндегі шығыс 2 700 теңге сомасы өндіріп алынған.

"Автокөлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Респубикасы Заңының 2-тармағының 3) тармақшасында сақтандырушы, егер сақтандыру жағдайы сақтанушының (сақтандырылушының) көлiк құралын жарыстарда, сынақтарда немесе жүргiзудi үйретуге арнайы лайықталған орындарда оқыту кезiнде пайдалануы немесе iшiнара төлеуден бас тартуға құқылы.

Сонымен бірге, сотқа ЖКО жүргізуді үйретуге арналған орындарда емес, жалпы қалалық аумақта болғаны белгілі болған.

Осындай мән-жайларда, сот АК 808-бабының 2-тармағын басшылыққа алып, шарттың 3.2.-тармағы сақтандыру жағдайы туындаған кезде заңнамалық актілермен көзделгенмен салыстырғанда сақтандырылушының жағдайын нашарлатады деп таныды, сондықтан АҚ "A." СК-на сақтандыру жағдайы туындаған кезде Я. алдында жауапкершілік жүктелуі керек.


Қорыту көрсеткендей даулар негізінен мүлікті бүлдірген кезде келтірілген зиян мөлшерін айқындаған кезде туындайды.

"Автокөлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Респубикасы Заңының 22-бабының 3-бөлігіне сәйкес Мүлiктiң зақымдалуы кезiнде келтiрiлген зиянның мөлшерi зақымдалған мүлiктi қалпына келтiру құнының есебi негiзге алынып, мүлiктiң сақтандыру жағдайы басталғанға дейiнгi есептелген амортизациясын (тозуын) шегере отырып айқындалады.

Сонымен бірге, АҚ "Қ."-ның залалды өтеу туралы К.-ға талап арызы бойынша іс бойынша, іс материалдарында сот сараптамасының Ақтөбе өңірлік ғылыми-өндірістік зертханасы маманының қорытындысы бар, соған сәйкес м/н Д 890 2004 жылы шыққан ВАЗ-21213-102-00BE автомобилін жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының құны амортизациялық тозуын (18,1%) ескеріп, 97 176 теңгені құрады, қорытындының екінші тармағымен тауар түрінің жоғалуы және автомобильді зерттеуге арналған құн 30 000 теңгені құрайды деп көрсетілген.

Ақтөбе қалалық № 2 сотының 2006 жылғы 5 қаңтардағы шешімімен жауапкерден талапкердің пайдасына 127 176 теңге, яғни, тауар түрін жоғалту мен автомобильдің бүлінуін зерттеуге арналған құны ескерілген сомасы өндірілген.


Сақтандыру жағдайы туындаған кезде көлік құралын пайдалану нәтижесінде өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне зиян келтірілген тұлға жәбірленуші деп танылады.

Павлодар облыстық соты азаматтық істер жөніндегі алқасының 2006 жылғы 11 сәуірдегі қаулысымен АҚ "А." Сақтандыру компаниясының 906 687 теңге өндіріп алу туралы Ж.-ға, М.-ға қойған талап арызы бойынша іс бойынша Павлодар қалалық № 2 сотының 2006 жылғы 6 наурыздағы шешімі өзгеріссіз қалдырылған.

Іс материалдарына сәйкес АҚ "А." Сақтандыру компаниясы Ж.-дан және М.-дан АК 933-бабына және "Автокөлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Респубикасы Заңының 28-бабына сәйкес сақтандыру төлемiн жүзеге асырған сақтандырушы сақтанушыға (сақтандырылушыға) төленген сома шегiнде мынадай жағдайларда, егер, сақтанушының (сақтандырылушының) азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi оның көлiк құралын алкогольге, есiрткiге немесе уытқұмарлыққа мас болып жүргiзуi салдарынан басталса не көлiк құралын жүргiзушi адам көлiк оқиғасы болған жерден қашып кетсе деген дәлелмен 906 687 теңге өндіріп алу туралы талап арызбен сотқа жүгінген. 2004 жылғы 12 сәуірде талапкер мен жауапкер арасында Ж. және М. сақтандырылған автокөлік құралдарының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандырудың стандартты шарты жасалған.

2005 жылғы 10 шілдеде Ж. жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етпестен "Камаз 5320" автомашинасын мас болып жүргізіп, қарама-қарсы жол жиегінде тұрған Н.-ның басқаруындағы "Вольво" және М.-ның басқаруындағы "Тойота-Карина" автомашиналарына соғып, соның нәтижесінде автомашиналар механикалық зақымдар алған. Жасалған сақтандыру шарты негізінде сақтандыру компаниясы жәбірленушілер болып танылған үшінші тұлғалардың мүліктеріне келтірілген зиянды М.-ға 98 499 теңге сомасын және Н.-ға 808 188 теңге сомасын өтеген. Құқық бұзушылық жасаған Ж.-ның кінәсі мамандандырылған әкімшілік соттың қаулысымен расталған, соған байланысты жауапкер ӘҚБтК 467-бабының 3-бөлігімен көзделген құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылған.

Павлодар қалалық № 2 сотының 2006 жылғы 6 наурыздағы шешімімен талап арызды қанағаттандырудан бас тартылған, ол сақтандыру компаниясының сақтандыру төлемдерін алуға құқығы жоқ басқа тұлғаларға төлеу жүргізгенімен дәлелденген. Мәселен, 2005 жылғы 13 сәуірде жасалған шарттың жағдайлары бойынша пайда алушы яғни, сақтандыру төлемін алушы болып табылатын тұлға болып, республиканың заңнамаларына сәйкес жәбірленуші болып танылатын үшінші тұлғалар айқындалған.

Заңның 1-бабына сәйкес өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне зақым келтірілген тұлға жәбірленуші болып табылады.

Сот талқылауы барысында "Вольво" автомашинасы 2002 жылғы 16 тамыздағы көлік құралын тіркеу туралы куәлік негізінде Н.-ның басқаруына және иелік ету құқығына сенімхат берілгенімен, Ш.-ның меншік құқығына тиесілі екендігі белгілі болды, Н.-ның атына сенімхаттың тіпті болмағанын талапкер дауламай отыр.

"Тойота-Карина" автомашинасы 2004 жылғы 13 тамыздағы көлік құралдарын тіркеу туралы куәлік негізінде Ц.-ның меншік құқығына тиесілі, М. автомашинаны оның сенімхаты негізінде басқарған.

Осылайша, зиян келтірілген мүліктер сақтандыру төлемін өтеуді сұрамаған үшінші тұлғалар Ш.-ға және Ц.-ға тиесілі болып отыр.

Осы жағдайда регрестік талап қою үшін сақтандыру төлемін өтеудің фактісі ғана емес, "Автокөлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Респубикасы Заңының 25-бабында белгіленген талаптар сақталған төлемдердің де құқықтық маңызы бар.


Соттар істердің осы санаттары бойынша пайда алушыны әрдайым дұрыс айқындай бермейді.

Мәселен, Алматы қаласы Бостандық ауданы № 2 аудандық соты 2005 жылғы 11 сәуірдегі шешімімен Қ.-ның АҚ "А." СК"-на талап арызын ол жәбірленушілер Б. және Ж. үшін сақтандыру төлемін алуға құқығы бар деп есептеп қанағаттандырған. "Автокөлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Респубикасы Заңының 1-бабының 1-тармағына сәйкес пайда алушы - осы Заңға сәйкес сақтандыру төлемiн алушы болып табылатын тұлға. Осы Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес жәбiрленушi (ол қайтыс болған жағдайда - жәбiрленушiнiң қайтыс болуына байланысты Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес зиянды өтетуге құқылы адам), сондай-ақ сақтанушы (сақтандырылушы) немесе жәбiрленушiге (зиянды өтетуге құқылы адамға) келтiрiлген зиянды осы Заңда белгiленген сақтандырушы жауапкершiлiгiнiң көлемi шегiнде өтеушi және сақтандыру төлемiне құқық алған өзге де тұлға пайда алушы болып табылады.

АК 940-бабында азаматтың (жәбірленушінің) қайтыс болуына байланысты зиянды өтеуге құқығы бар тұлғалар көрсетілген. Оларға жататындар: қайтыс болған адамның асырауындағы немесе ол қайтыс болған күнге дейiн одан жәрдем ақша алуға құқылы болған еңбекке жарамсыз адамдардың, қайтыс болған адамның ол қайтыс болғаннан кейiн туған баласының, сондай-ақ ата-анасының бiреуі, зайыбы не еңбекке қабiлеттiлiгiне қарамастан жұмыс iстемейтiн және қайтыс болған адамның асырауында болған балаларын, немерелерiн, жасы он төртке толмаған не аталған жасқа толса да, медицина органдарының қорытындысы бойынша денсаулық жағдайына байланысты басқа адамның күтуiне мұқтаж аға-iнiлерi мен апа-қарындастарын күтумен айналысатын, отбасының басқа да мүшесi. Жәбірленушінің қайтыс болуына байланысты зиянды өтетуге құқығы барлардың аталған тізбесі түбегейлі болып табылады. Осы бапқа сәйкес талапкер Б.-ның және С.-ның қазасы нәтижесінде зиянды өттетуге құқығы бар тұлғаға жатады.

Іс материалдарынан көрінгендей, сақтандырылушы іс бойынша талапкер болып табылатын оның әкесі Қ. емес, Б. болып табылады.

Демек, талапкер пайда алушы бола алмайды, өйткені жәбірленуші де, сақтандырылушы да, Қазақстан Республикасының заңына сәйкес зиянды өттетуге құқығы бар тұлға да болып табылмайды.

Бұдан басқа, іс материалында М.-ның өтініші бар, соған сәйкес "А." Сақтандыру компаниясындағы С.-ға тиесілі ақшаны соңғысының алуына Қ.-ның атына берілген сенімхаттың күші жойылған.

Демек, бірінші сатыдағы сот талапкердің талаптары қойылған талап арызын негізсіз қанағаттандырған және "А." Сақтандыру компаниясынан көлемі 1 165 200 теңге болатын сақтандыру сомасын негізсіз өндіріп алған.

Жәбірленушінің қайтыс болуына байланысты сақтандыру төлемін өндіріп алу туралы дауларды шешкен кезде зиянның осындай түрін өтеуге құқығы бар тұлғалардың ауқымына назар аудару керек.

"Автокөлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Респубикасы Заңының 25-бабының 4-тармағына сәйкес жәбiрленушi қайтыс болған жағдайда - жәбiрленушiнiң қайтыс болуына байланысты Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес зиянды өтетуге құқылы адам пайда алушы болып табылады.

Осындай тұлғалардың түбегейлі тізбесі АК 940-бабында көзделген.

Мәселен, материалдық құқықтың жоғарыда аталған нормаларын дұрыс қолданбау Д.-ның 600 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде сақтандыру төлемін төлеуге жауапкерлерді мәжбүрлеу туралы АҚ "БТА С."-на, С.-ға талап арызы бойынша іс бойынша Орал қалалық сотының шешімін өзгертуге себеп болған. Осы талап арызды беруге негіздеме болған сақтандырылушы С.-ның кінәсі бойынша болған ЖКО нәтижесінде талапкер Д.-ның күйеуінің қайтыс болуы. Бірінші сатыдағы сот 600 айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі зиянды өтеттіру жөніндегі жауапкершілікті жүктеп, қайтыс болған тұлғаның жұбайын зиянды өтеттіруге құқығы бар деп таныған. АК 940-бабының 1-тармағына сәйкес сақтандыру төлемін алу үшін қайтыс болған жәбірленушінің жұбайының еңбекке жарамсыз болуы ғана емес, қайтыс болған адамнан алимент алуға құқығы болуы не оның асырауында болуы тиіс. Іс материалдарына қарасақ, талапкер Д. зейнеткер болғанымен, ешкімге мұқтаж болмаған, азаматтық істер жөніндегі алқаның қаулысымен жаңа шешім қабылдаудан, Сақтандыру компаниясына арналған талап арыздан бас тартуға өзгертілген.


Соттар жекелеген жағдайларда бүлінген автомобильді қалпына келтіру мүмкін болмағандықтан сақтандыру компанияларынан оның нарықтық құнына тең сақтандыру сомасын өндіріп алып, автомобильді сақтандыру-шыға беру туралы мәселенің шешімін таппай отыр.

Өскемен қалалық сотының 2006 жылғы 9 наурыздағы Қ.-ның АҚ "А.", А.-ға, Д.-ға материалдық залалды және моральдық зиянды өтеу туралы талап арызы жөніндегі іс бойынша сот сақтандыру компаниясынан талапкердің пайдасына бүлінген автомобильдің нарықтық құнын өтеттіріп, оны сақтандыру компаниясына беру туралы мәселені шешпеген шешім осыған мысал бола алады.

Осы мән-жай облыстық сот қадағалау алқасының 2006 жылғы 25 сәуірдегі қаулысымен сот шешімін өзгертуге негіз болған, онымен жауапкерге бүлінген автомобильді сақтандыру компаниясына беру бойынша міндеттеме жүктелген.

"Автокөлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Респубикасы Заңының 25-бабының 8-тармағының мағынасын соттардың дұрыс түсіндірмеуі орын алған жағдайлар бар, ол негізделмеген шешімдер шығаруға әкелген.

Мысалы, АҚ "НСК" автомобильдің бүлінген бампері түрінде негізсіз баюын, не жауапкер амортизациялық тозуын ескере және басқа бампер сатып алуға мүмкіндігі бола тұра, ескі бүлінген бамперді сақтандыру компаниясына қайтармай жөндеп алғанын көрсете отырып, оның құнын өтеу туралы Т.-ға қойылған талап арызбен сотқа жүгінген. Осыған байланысты, жауапкерден бампердің төленген құны мен жауапкердің оны жөндеуге шығарған шығыстары арасындағы 18 899 теңге болатын айырмашылықты өндіріп беруді сұраған.

Семей қалалық сотының шешімімен Т.-дан АҚ "НМК"-ның пайдасына негізсіз баюға жататын 19 797 теңге өндіріп алынған, 474 теңге мемлекеттік баж қайтарылған, талап арыздың басқа бөліктерін орындаудан бас тартылған.

Сот шешімін өзгерте және Т.-ның негізсіз баюын өндіріп алу бөлігінде сақтандыру компаниясының талап арызындағы жаңа шешім шығарудан бас тартып, апелляциялық саты сақтандыру компаниясы "Автокөлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" Қазақстан Респубикасы Заңының 25-бабы 8-тармағының нормасына қарай бүлінген мүліктің нарықтық құнын төлеген жағдайда жәбірленушінің жекелеген бөліктерге емес, мүлікке немесе оның қалдығына талап қоюға құқығы бар екенін көрсетті. Бұл жағдайда, сақтандыру төлемі бүлінген автомобильдің нарықтық құнына тиісті мөлшерде емес, есептелген амортизациясын (тозуын) шегере отырып, бүлінген мүліктің жекелеген бөлшектерін қалпына келтіру құнына тиісті мөлшерде жүргізілген. Аталған Заңмен олардың жүргізген төлемдерінің негізділігін сақтандыру компаниясының алдында растау үшін жәбірленушіге өзінің бүлінген мүлкін қалпына келтіру жөніндегі міндеттерді жүктеу түріндегі шарттар көзделмеген, қайта сақтандыру компаниясына Заңмен белгіленген мөлшерде жәбірленушіге келтірілген мүліктік зиянды өтеу қажеттілігі көзделген. Сақтандыру компаниясында бүлінген мүлікті қалпына келтіруге арналған, дұрыс төленбеген бөлігін қайтару туралы регрестік талап қою құқығы жоқ. Жәбірленуші тіпті бүлінген мүлікті қалпына келтірмесе де болар еді, алайда, бұдан оған зиян келтірілмеген және оны өттеттіруге оның құқығы жоқ екенін білдірмеген. Сондай-ақ Т.-да негізсіз баюды қайтару жөніндегі міндеттеме туындағаны туралы сот қорытындысын орындау мүмкін емес. Т.-ға сақтандыру төлемін төлеуге арналған құқықтық негіздеменің болмауы немесе кейін түсіп қалуы жоғарыда аталған міндеттемелердің туындау (АК 93-бап) негіздемелерінің бірі болып табылады. Сақтандыру жағдайы нақты жағдайдағы төлем үшін негіз болып отыр. Сақтандыру компаниясы және басқа да үшінші тұлғалар Т.-ға төленген төлемнің заңдылығына дау айтпайды, соған байланысты, талапкердің соңғының негізсіз баюы туралы дәлелдемелері негізсіз.
Істердің аталған санаттарының соттылығы мәселелері.

Ақтөбе қалалық сотының 2006 жылғы 7 қыркүйектегі ұйғарымымен С.-ның АҚ "К."-ға сақтандыру және тұрақсыздық сомасын өндіріп алу туралы талап арызы бойынша азаматтық іс соттылығы бойынша жауапкердің заңды тұлғасы орналасқан Алматы қаласы Бостандық аудандық сотына жіберілген.

Алайда, іс материалдарынан белгілі болғандай 2004 жылғы 20 шілдеде болған жко нәтижесінде С.-ның әйелі қайтыс болған, ал оның денсаулығына ауыр зақым келген, соның салдарынан ол мүгедек болып қалған. ЖКО жалға беру шарты бойынша ЖШС "О. ЛТД" тиесілі, мемлекеттік номері Н 708430, "Ниссан" автомобилінің жүргізушісі Н.-ның кінәсінен болған.

2004 жылғы 6 қаңтарда сақтандырылушы - м/н Н 708430 "Ниссан" автомобилінің меншік иесі мен сақтандырушы - АҚ "К." арасында жасалған шартқа сәйкес сақтандырылған автомобиль көлігін пайдалану нәтижесінде үшінші тұлғалардың денсаулығына, өміріне және мүлкіне келтірілген зиянды өтеу жөніндегі міндеттемелерді өзіне алғандықтан, С. өзінің әйелі А.-ның қаза табуына байланысты 600 ең төменгі есептік көрсеткіш мөлшеріндегі сақтандыру сомасын өтеу туралы жауапкерге қойылған талаппен сотқа жүгінген. Талап арыз АІЖК 32-бабының 5-тармағындағы тәртіппен талапкер орналасқан орын бойынша Ақтөбе қалалық сотына жіберілген, алайда, бірінші сатыдағы сот жауапкердің өтініші бойынша істің соттылығын өзгерткен. АІЖК 32-бабының 5-тармағына сәйкес мертігуден немесе денсаулығының өзге де зақымдануынан, сондай-ақ асыраушысының қайтыс болуынан келген зиянды өтеу туралы талаптарды да талап қоюшы өзінің тұрғылықты жері бойынша немесе зиян келтірілген жер бойынша қоя алады, осыған байланысты, апелляциялық саты бірінші сатыдағы соттың ұйғарымын алып тастаған.



Қорыту соттарға осы санаттағы істерді шешкен кезде осы құқықтық қатынастарды реттейтін заңның нормаларын, тіпті болмағанда "Автокөлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы" Заңның жекелеген ережелерін қатаң сақтау қажет екенін көрсетті, атап айтқанда, сақтандыру жағдайының туындағаны туралы хабарламаның қысқа мерзімі оны қолданған кезде қиындық туғызады. Сондықтан осы заңның бүкіл мәні мен көкейтестілігі жол-көлік оқиғасына қатысушылардың қауіпсіздігін қорғаумен қорытындыланған.


Жоғарғы Соттың азаматтық

істер жөніндегі алқасы



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет