Автокөліктердің Қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсерін талдау сейилов Қ., Кокаев У. Ш., Алипбаев Ж. Р



Дата18.05.2020
өлшемі35.11 Kb.
ӘОЖ 504.6: 656 (043.3)
АВТОКӨЛІКТЕРДІҢ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ТИГІЗЕТІН ЗИЯНДЫ ӘСЕРІН ТАЛДАУ
Сейилов Қ., Кокаев У.Ш., Алипбаев Ж.Р.
Қалалар экологиялық тұрғыдан қарағанда адамдардың күрделі өмір сүру ортасы болып табылады және оның құрамына табиғи және антропогендік жүйелер кіреді. Қаланың экологиялық дәрежесі сол жүйелердің ара қатынасына тәуелді болып келеді. Қазақстан үшін қалалық экология проблемаларын шешу аса өзекті мәселе болып табылады.

Ғылыми жұмыста автомобиль көлігінің және көліктік-пайдалану жағдайларының қоршаған ортаға тигізетін әсері бойынша әдебиеттік шолуға талдау жасалынған. Атмосфераның жер бетіне жақын орналасқан қабаттарының жағдайларын бағалау тәсілдері келтірілген. Қала аумағындағы автокөлік құралдарының ағындары қоршаған ортаға кері әсер етудің аса қуатты, көп факторлы, тұрақсыз көздері болып табылатындығы көрсетілген және оның механизмдері қарастырылған.



Автокөлік құралдарының қоршаған ортаға әсер ету механизмінің, ластаудың басқа да көздеріне қарағанда, бірқатар өзіндік ерекшеліктері бар (1-сурет):

  • автомобильдендіру процесінің көпшілік сипаты және оның тұрақты түрде артып отырған өсу ырғағы;

  • автомобильдендіру процесінің дамуының, кең көлемдегі кері әсерлері;

  • автомобильдердің экологиялық қауіпсіздігінің көрсеткіштерін жоғары деңгейде жетілдіру мәселесінің күрделілігі мен қиындығы;

  • көлік құралдарының көп сандарының, салыстырмалы түрдегі шектелген ауданда шоғырлануы және олардың көпшілік түрде тұрғын аудандар аумағына енуі, кері әсерлердің қажетсіз зардаптарын шектеудің қиындығы (мысалы, Ресейде, қазіргі кезде қалаларда, барлық көлік құралда-рының 60-70% шоғырланған);

  • жол жүйелерінің даму деңгейінің автомобильдендіру деңгейінен қалып қоюы;

  • автокөлік құралдарынан шыққан пайдаланылған газдарының улылық деңгейін төмендетудің тиімді құралдарының жоқтығы.



Сурет 1. Автокөліктің табиғи қоршаған ортаға әсер ету механизмдері
Автокөлік құралдарынан сыртқы қоршаған ортаға шығарылатын зиянды заттар мен жол-көше жүйесінің инфрақұрылымы арасындағы өзара байланыстар, олардың бір-біріне тәуелділігі мәселелері толық зерттелмеген. Ұсынылып отырған ғылыми-зерттеу жұмысы осы кемшіліктерді жоюға бағытталған.
Каталог: rus -> all.doc -> Konferencia -> konf student550
Konferencia -> Борьба казахского ханства против шайбанидов за присырдарьинские города (по «тарих-и рашиди» М. Х. Дулати). Иманбекова Г. Таргу им. М. Х. Дулати, Тараз
konf student550 -> Азық-ТҮлік қауіпсіздігін камтамасыз ету рәсілханова Ж., Ерсеитова А.Ұ
Konferencia -> Зерттелетін өҢірдің климаттық ерекшеліктеріне байланысты қазақстанның ОҢТҮстік су ресурстары қорларына болжам жасау мейрбекова А. С., Омарова Ғ. Е.,Тұрсын Б
Konferencia -> Әож 524. 28. Ауыл шаруашылық мақсатында жер беті және жер асты суларын пайдалану ерекшеліктері
Konferencia -> Әож 347. 471. 33. 37 Қазақстан республикасының инновациялық экономикаға көшу және жетілдіру туралы сұРАҒына
Konferencia -> ОҚушылардың ізденімпаздығының АҚпараттық ЖҮйесін қолдау


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет