Автоматтандырылған жүйелердегі ақпаратты қОРҒаудың криптографиялық Әдістері и.Ө. Махамбаева, Н. О. Кабдолдина



жүктеу 44.46 Kb.
Дата03.05.2016
өлшемі44.46 Kb.
: sites -> default -> files -> publications
publications -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
publications -> Қазақстан халқы Ассамблеясы” кафедрасының аға оқытушы ф.ғ. к. Есқараева Айгүл Дүйсенғалиқызы “абай жолы” эпопеясындағЫ Әйелдер бейнесі
publications -> О. Сүлейменов және қазақ кино өнері
publications -> Абай мен Пушкин шығармалары
publications -> Темірбек жүргеновтің Өмірі мен қызметі (Қазақстан мұрағат құжаттары негізінде) Оразбақов Айтжан Жұмабайұлы
publications -> «Мәңгілік ел – ұлттық идеясының қазақ әдебиетінде көркемдік көрініс табу дәстүрі мен инновациялық жаңашылдық мәселелері» атты Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары
publications -> Қазақ стиль типологиясының Қалыптасуы қорқыт ата атындағы Қму доценті А. Е. Айтбаева
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы
publications -> Абай танымындағы сопылық
publications -> Қазақ әдебиетінің халықаралық байланыстары
АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН ЖҮЙЕЛЕРДЕГІ АҚПАРАТТЫ ҚОРҒАУДЫҢ КРИПТОГРАФИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРІ

И.Ө.Махамбаева, Н.О.Кабдолдина

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік Университеті, Қызылорда қ.



e-mail: Indira_mah@mail.ru
Қазіргі таңда ақпараттық жүйелерде криптографиялық әдісті пайдалану тиімді болып табылады. Бір жағынан, компьютерлік желілердің қолданылуы кеңейді, соның ішінде өзге тұлға пайдалануға болмайтын үлкен көлемді әскери, сауда, мемлекеттік, ақпараттардың Интернет желісі арқылы таралуы. Екінші жағынан, жаңадан қуатты компьютерлердің, жүйелік және нейрондық есептеу технологияларының пайда болуы, бұған дейін ашылмайды деп жүрген криптографиялық жүйелердің дискредитациясына мүмкіндік берді.

Бөгде тұлға оқи алмайтындай ақпаратты қайта құру, түрлендіру жолымен қорғау мәселелері адамзатты бұдан бұрында толғандырды. Криптографияның тарихы адамның  тілі дамуымен қатар. Бұдан басқа алғашқы жазбаның өзі криптографиялық жүйе болды, ежелгі қоғамда жазуды тек қана таңдаулы тұлғалар білді. Мұның мысалы ежелгі Египеттің әулие кітабы мен Ежелгі Үнді кітаптары. Жазу жұмысының кең таралуына байланысты дербес ғылым түрінде криптография дами бастады.

Алғашқы криптожүйелер біздің эрамыздың басында пайда болды. Цезарь хат жазысу барысында жүйелік шифрді пайдаланып, шифрге оның аты берілді. I және II дүниежүзілік соғыс кезінде криптографиялық жүйе қарқынды дамыды. Соғыстан соңғы жылдардан бастап күні бүгінге дейін ЭЕМ пайда болуы криптографиялық әдістің жетілуімен жаңа әдіс табуға жол ашты. Автоматтандырылған жүйедегі ақпарат қорғаудың криптографиялық әдісі – ЭЕМ-де өңделетін әр түрлі есептеу қорларында сақталатын жүйеден әр түрлі элементтер арасымен берілетін ақпаратты қорғау болып табылады. Криптографиялық түрлендіру бекітілмеген ақпаратқа қол жеткізуге ескерту әдісінің көп ғасырлық тарихынан тұрады.

Ақпаратты түрлендіру жолымен қорғау мәселесімен криптология (kryptos-құпия, logos-ғылым) айналысады. Криптология екі бағыттан: криптография және криптоанализден тұрады. Бұл екі бағыттың мақсаты қарама-қайшы. Криптография (cryptographic) – құпияжазу - ақпаратты заңсыз пайдаланушылардан қорғау мақсатымен оны түрлендіру әдістері жайындағы ғылым. Кодталынған хабарларды құрастырумен және оларды кері шифрлаумен шұғылданады.

Өзге адамдардан ақпараттың құпиясын сақтап қалу криптографияның нeriзгi мақсаты болып табылады. Ақпаратпен заңсыз таныспақшы болған осындай адамдарды қаскөйлер (қаскүнемдер), жолдан ұстап қалушылар деп атайды.

Криптография ақпаратты түрлендірудің математикалық әдістерін  іздеумен және зерттеумен шұғылданады. Криптография ақпаратты оқу (бұрынғы қалпына келтіру) тек оның кілтін білген кезде ғана мүмкін болатындай етіп түрлендіреді. Криптографиялық әдістерді қолданудың негізгі бағыттары мыналар: жасырын ақпаратты байланыс арналары (мысалы, электрондык пошта) арқылы тасымалдау, жіберілген хабарлардың шынайылығын анықтау, ақпаратты - (құжаттарды, дерекқорларды) шифрланған түрде тасуыштарда сақтау.

Автоматтандырылған жүйелердегі ақпаратты қорғаудың криптографиялық әдістері – түрлі типті есте сақтау құрылғыларында сақталатын және ЭЕМ-де өңделетін ақпараттарды қорғау үшін де қолданылады. Сонымен, криптография ақпаратты оқу немесе қалпына келтіру кілтті білгенде ғана  орындалатындай етіп түрлендіреді. Ақпараттарды шифрлау немесе кері шифрлау ретінде кейбір әліпбиге құрылған мәтін қарастырылады.

Мәліметтерді криптографиялық жасыру жұмысы бағдарламалық және аппараттық түрде жүзеге асады. Аппараттық жүзеге асыру құн жоғарылығымен, жоғары өнімділігімен, қарапайым қорғалғандығымен ерекшеленеді. Бағдарламалық жүзеге асыру өте қарапайым, танымал, иілгіштік қасиетке ие. Қазіргі криптографиялық жүйеде ақпаратты қорғау келесі талаптарды қажет етеді. Шифрленген хат тек кілті бар кезде ғана оқылуы тиіс.

Шифрленген хаттың фрагменті бойынша қолданған шифрленген кілтті және соған сәйкес ашық мәтінді анықтау үшін қажетті операциялар саны мүмкін болатын кілттің жалпы санынан кем болмауы тиіс. Мүмкін болатын кілттерді таңдау арқылы ақпаратты шифрден алу үшін қажетті операциялар саны төмен болуы керек және қазіргі компьютерлер мүмкіндігінен асып түсуі керек.

Шифрлеу алгоритмін білу қорғануға әсері тимеуі керек. Кілттің себепсіз өзгеруі бір кілтті қолданғанда да шифрленген хат түрінің өзгеруіне де әкелуі керек.

Шифрлеу кезінде тізбектеліп орындалатын кілттің тәуелділігі қарапайым және жеңіл құрылмауы тиіс. Мүмкін болатын кілттер ішіндегі кез-келген ақпаратты сенімді қорғауды қамтамасыз етуі керек т.б.

Криптографиялық түрлену үшін кейбір алгоритм кең ауқымды тұлғаларға айқын берілген алгоритмді жүзеге асыратын құрылғы қолданылады. Шифрлеу процесімен басқару бір алгоритмде немесе құрылғыны қолдану кезінде ақпараттың саны көбейген сайын қамтамасыз ететін кілттің кодын периодты өзгеруі көмегімен орындайды.

Кілт мәні мәтінді тез қарапайым және сенімді шифрден алуға мүмкіндік береді. Бірақ кілтті білмей бұл процедура компьютерді қолданғанда да орындалмайтын болып шығады.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:



  1. Степанов Е.А. «Информационная безопасность информации и защита информации». М. Инфра, 2001

  2. Гайкович В. Першин А. «Безопасность электронных банковских систем». М., «Единая Европа», 1993

  3. В.Ф.Шангин “Информационная безопасность компьютерных систем и сетей” Москва ИД”ФОРУМ ” – ИНФРА –М, 2008

  4. Куприянов А.И. Основы защиты информации: учеб, пособие для студ. высш. учеб. Заведений / А.И.Куприянов, А.В.Сахаров, В.А.Щевцов. –М.: «Академия», 2006. -256с

  5. Емелин П.В. Информационная безопасность и защита информации. Учебно-практическое пособие для дистанционного обучения –Караганда: КЭУ, 2007

  6. АяжановС.С., Емелин П.В. Компьютерлік желілерде ақпаратты қорғау. Қарағанды: ҚЭУ, 2008

  7. Аяжанов Қ.С., Есенова А.С. Ақпараттық қауіпсіздік және ақпаратты қорғау. Алматы: «Дәуір», 2011. -376с

  8. Безбогов А.А. Методы и средства защиты компьютерной информации: учебное пособие / второе издание Тамбов: изд-во Тамб.гос.тех.унив., 2006г – 196с.

  9. Сидорин Ю.С. Технические средства защиты информации: Учеб.пособие СПб.:Из-во Политех.унив. , 2005г. – 141с

  10. Проскурин В.Г. Защита программ и данных / М..: «Академия» - 2011г. – 208с

  11. Девянин П.Н. модели безопасности компьютерных систем: Учеб.посбие для студ высш учеб завед / М.: «Академия» 2005, 144с

    

  



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет