Автомобиль жолдары туралы 2001 ж. 17 шілдедегі №245-ii



жүктеу 0.54 Mb.
бет2/2
Дата03.05.2016
өлшемі0.54 Mb.
1   2
: images -> npa -> zan
npa -> «Өзен кемелерiн және оларға құқықтарды Мемлекеттiк кеме тiзiлiмiнде мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттiк қызмет стандарты
npa -> «Шағын көлемді кемелердi мемлекеттiк тiркеу» мемлекеттiк қызметтер стандарты Жалпы ережелер «Шағын өлшемдi кемелердi мемлекеттiк тiркеу»
npa -> Орталықтардың атауы (филиалдары, бөлімдері, бөлімшелері) Орналасқан мекенжайы
npa -> Телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне арналған тарифтерді қайта баланстау жоспарын және телекоммуникацияның әмбебап қызметтеріне тарифтерді бекіту туралы
npa -> № қаулысына
zan -> Қазақстан Республикасының Заңы
zan -> Қазақстан Республикасының 1994 ж. 21 қыркүйектегі №156-xiii
zan -> Автомобиль көлiгi туралы 2003 жылғы 4 шілдедегі
zan -> Источник: ис параграф, 22. 05. 2012 13: 58: 42 Қазақстан Республикасының
Заңымен  5-1-баппен толықтырылды

5-1-бап. Автомобиль жолын ақылы негізде пайдалану туралы шешім қабылдау

1. Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарына қатысты автомобиль жолдарын ақылы негізде пайдалану туралы шешімдер:

1) І санатты автомобиль жолдары салынған;

2) қазіргі бар автомобиль жолдарының негізгі параметрлерін І санатқа дейін жеткізу арқылы реконструкцияланған жағдайда қабылдануы мүмкін.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде аталған жолдарды елді мекендердің шекарасында салу немесе реконструкциялау, олар көше желісінің үстінен немесе оны сыртынан айналдыра жүргізілгенде ғана мүмкін болады.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметі автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті органның ұсынысы бойынша, жол салудың немесе реконструкциялаудың балама нұсқаларын қоса бере отырып, автомобиль жолын ақылы негізде пайдалану туралы шешім қабылдайды.

3. Автомобиль жолын ақылы негізде пайдалану туралы шешімде:

1) қазіргі бар басқа баламалы жолмен жүру мүмкіндігімен қоса бастапқы және соңғы пункттер;

2) басқа автомобиль жолдарымен қиылысулар және басқа автомобиль жолдарына қосылулар тізбесі;

3) техникалық сыныптама мен негізгі параметрлер;

4) ұзындығы;

5) жүргені үшін ақының ең жоғары ставкасы;

6) басқа автомобиль жолымен баламалы түрде жүре алмайтын, іргелес елді мекендердің тізбесі;

7) ақылы негізде пайдаланылу мерзімі көрсетілуге тиіс.

4. Автомобиль жолын ақылы негізде пайдалану туралы шешім ол қабылданған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағына таратылатын мерзімді баспа басылымдарда мемлекеттік тілде және орыс тілінде жариялануға тиіс.

 

2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен  5-2-баппен толықтырылды

5-2-бап. Ақылы автомобиль жолдарын, оның ішінде концессияға берілген ақылы автомобиль жолдарын пайдаланғаны үшін ақы төлеу бойынша жеңілдіктер



1. Ақылы автомобиль жолдарын, оның ішінде концессияға берілген ақылы автомобиль жолдарын пайдаланғаны үшін ақы төлеуден:

1) қызметтік міндеттерін орындаған кезде:

жедел медициналық жәрдем ұйымдарының;

өртке қарсы қызметтің;

авариялық-құтқару қызметтерінің;

жол-патруль қызметінің арнаулы автокөлік құралдары босатылады;

2) басқа автомобиль жолымен баламалы түрде жүру болмаған кезде:

қала маңындағы бағыттарда және елді мекендерді: кенттерді, ауылдарды (селоларды) аудан немесе облыс орталықтарымен, астанамен немесе республикалық маңызы бар қаламен қосатын бағыттарда жолаушылар мен багажды тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын автобустар;

ақылы автомобиль жолына іргелес аудандардың аталған әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында белгіленген тәртіппен тіркелген автобустары бір аудан шегінде жүріп-тұру үшін;

жүк автокөлік құралдары, өздігінен жүретін доңғалақты ауылшаруашылық, мелиорациялық машиналар таяу көлікке арналған айрықтары арасындағы жол кесінділері шегінде су тосқауылдары мен темір жолдарды кесіп өту үшін;

ақылы автомобиль жолына іргелес аудандардың жеке және заңды тұлғаларының аталған әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында белгіленген тәртіппен тіркелген жеңіл автомобильдері бір аудан шегінде жүріп-тұру үшін босатылады.

 

2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен  5-3-баппен толықтырылды

5-3-бап. Ақылы автомобиль жолын пайдалануды тоқтату және  тоқтата тұру



1. Ақылы автомобиль жолын пайдалануды тоқтату автомобиль жолын ақылы негізде пайдалану туралы шешімде көрсетілген мерзім аяқталғаннан кейін жүзеге асырылады.

2. Ақылы автомобиль жолын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен соғыс жағдайы, төтенше жағдай енгізілген, сондай-ақ табиғи немесе техногендік сипаттағы төтенше жағдай туындаған кезде пайдалануды тоқтата тұру белгілі бір мерзімге жүзеге асырылады.

3. Автомобиль жолының иесі осы баптың 2-тармағында көрсетілген мән-жайлар туындаған кезден бастап ақылы автомобиль жолын пайдалануды тоқтата тұру туралы шешім қабылдайды.

 

6-бап. Автомобиль жолдарының атауы және оларды индекстеу. Автомобиль жолдарындағы ара қашықтықты есептеу

1. Қазақстан Республикасының жалпыға ортақ пайдаланылатын барлық автомобиль жолдарының атауы мен индексі болуға тиіс. Автомобиль жолдарының атауына - бастапқы және соңғы елді мекеннің, ал қажет болған жағдайда аралық мекендердің атауы кіреді.

Автомобиль жолдарының индексі латын әліпбиінің әріптерінен және цифрлар тобынан тұрады.

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 2-тармақ өзгертілді

2. Автомобиль жолдарының атаулары мен индекстері автомобиль жолдарының карталары мен атластарында, сондай-ақ арнаулы белгілер және таңбалар қою арқылы автомобиль жолында көрсетілуге тиіс.

Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының атаулары мен индекстерін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өтетін халықаралық автомобиль жолдарының атаулары мен индекстері халықаралық келісімдермен белгіленеді.



Жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының атаулары мен индекстерiн облыстардың жергілікті атқарушы органдары автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша бекiтедi.

Жалпыға ортақ пайдаланылатын аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының атаулары мен индекстерiн аудандардың жергілікті атқарушы органдары облыстардың жергілікті атқарушы органдарымен келісім бойынша бекiтедi.

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді

3. Республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының қашықтығы бастапқы және соңғы елді мекендер аралығымен есептеледі. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының километрін есептеу.

Қазақстан Республикасының астанасынан шығатын автомобиль жолдары үшін - Қазақстан Республикасы Парламентінің үйінен;

басқа елді мекендерден шығатын автомобиль жолдары үшін - жергілікті атқарушы органдар үйлерінен, ал олар болмаған жағдайда елді мекендердің шекараларынан бастап жүргізіледі.

Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының ұзындығына:

елді мекендерді жалғастырып жатқан автомобиль жолдары үшін - тиісті елді мекендер шекаралары арасындағы қашықтық;

жалпыға ортақ пайдаланылатын басқа автомобиль жолдарын өзара жалғастырып жатқан және оларға қосылатын автомобиль жолдары үшін түйісетін автомобиль жолдары осьтерінің қиылысу аралығы алынады.



Елді мекендер көшелерінің ұзындығына тиісті қалалар мен елді мекендер шекарасы шегіндегі қашықтық алынады.

 

2-тарау. Автомобиль жолдарының жері



 

7-бап. Автомобиль жолдарын орналастыру үшін жер беру

2006.07.07. № 168-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Жер пайдаланушыларға жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын салу және күтіп ұстау үшін жол санатына байланысты және жобалау құжаттамасына сәйкес белгіленген нормалардың негізінде жолға бөлінген белдеу үшін жер беріледі. Концессияға берілген автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін қоса алғанда, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының қажетіне арналған жер жол органына - жерді тұрақты пайдалануға, жол салуды, реконструкциялау мен жөндеуді жүзеге асыратын қызмет көрсетушілерге - жерді уақытша пайдалануға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен бөлінеді.

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен  2- тармақ  өзгертілді  (бұр. ред. қара)

2. Жобаланатын жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеудің мөлшері жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары үшін жер бөлу нормаларына сәйкес оның санатына байланысты белгіленеді, атап айтқанда: I техникалық санаттағы жолдар үшін - жолдардың осінен 35 метрден, II техникалық санаттағы жолдар үшін - 20 метрден, III техникалық санаттағы жолдар үшін - 15 метрден, IV техникалық санаттағы жолдар үшін - 13 метрден, V техникалық санаттағы жолдар үшін - 12 метрден болып белгіленеді.

2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 3 тармақ өзгертілді

3. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына арналған жерлер тиісті жергілікті  атқарушы органның шешімімен беріледі және оны жергілікті жерде жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органдар  бөледі.

4. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары алып жатқан жерлер мемлекеттік меншікке жатады, бөлінбейді және жеке меншікке берілмеуге тиіс. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының жерінде, осы жерлерді пайдаланудың белгіленген келісу тәртібін бұза отырып салынған кез келген құрылыстар заңсыз деп танылады және заңдарда белгіленген тәртіппен оларды өз еркімен құрылыс салуды жүзеге асырған тұлға бұзады не соның есебінен бұзылуға тиіс.

5. Шаруашылық және жеке меншік автомобиль жолдары үшін жерлер Қазақстан Республикасының жер туралы заңдарында белгіленген тәртіппен беріледі.

 

8-бап. Жол бойындағы белдеулер



1. Жол бойындағы белдеулер халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін және жол жүрісі қауіпсіздігі талаптарын, сондай-ақ оларды реконструкциялауды, жөндеуді және күтіп ұстауды, жол инфрақұрылымдарының объектілерін орналастыруды жүзеге асыру мүмкіншілігін ескере отырып, автомобиль жолдарын пайдалануға жағдай жасау үшін белгіленеді.

2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді

2. Жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық автомобиль жолдары үшін жол бойындағы белдеудің ені жолға бөлінген белдеудің шекарасынан есептегенде әрбір жағынан 50 метрден кем болмауға тиіс.

Облыстық және аудандық маңызы бар, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары үшін жолдың әрбір жағынан жол бойы белдеуінің ені жолға бөлінген белдеудің шекарасынан есептегенде 40 метрден кем болмауға тиіс.

2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді; 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



3. Салынуы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатын жол қызметi объектiлерi мен жол сервисi объектiлерiн қоспағанда, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бойындағы белдеуде ғимараттар мен құрылыстар салуға тыйым салынады.

2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен; 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді

4. Жол сервисі объектілерін жол бойындағы белдеулерге немесе объектілерді олардың шегінен тыс жерлерде, егер оған кіру үшін кірме жолдар қажет болса, орналастыру үшін жер учаскелерін беру туралы шешімдерді тиісті жергілікті  атқарушы орган автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісе отырып, белгіленген тәртіппен қабылдайды.

2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 5 тармақ өзгертілді

5. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бойындағы белдеулерде орналасқан кірме жолдарды (құлама жолдарды, қосылған жолдарды) және басқа объектілерді жайғастыру, жөндеу және күтіп ұстау жөніндегі шығыстарды осы объектілердің иелері көтереді.

 

 

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.07.07. № 168-III ҚР Заңымен 9-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 9-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



9-бап. Автомобиль жолдарына бөлiнген белдеудi пайдалану тәртібі

1. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлiнген белдеу жерлерi жол органдарының немесе концессионерлердiң иелiгiнде әрi пайдалануында болады және автомобиль жолдарын дамытуға, көркейтуге ғана арналады.

2. Жол қызметі, сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін, жол полициясы, санитариялық-эпидемиологиялық бақылау, кеден қызметі, шекара, көліктік бақылау бекеттерін, ветеринариялық және фитосанитариялық бекеттерді қоспағанда, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бойынан бөлiнген белдеу шегінде ғимараттар мен құрылыстар салуға, сондай-ақ инженерлік коммуникациялар төсеуге тыйым салынады.

3. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлiнген белдеудiң жол органдары немесе концессионер пайдаланбайтын жер учаскелерiн:

1) жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарына бөлiнген белдеуде - автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган;

2) жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық немесе аудандық маңызы бар автомобиль жолдарына бөлiнген белдеуде - облыстың немесе ауданның жергілікті атқарушы органы жолдың көлiктiк-пайдаланылу сапасының төмендеуiне жол бермеуі, көлiк құралдары жүрiсiнiң қауiпсiздiгi мен қоршаған ортаны қорғау талаптарын сақтауы шартымен сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру үшiн жеке және заңды тұлғаларға уақытша қысқа мерзiмдi жер пайдалануға беруi мүмкiн.

 

2004.20.12. № 13-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.07.07. № 168-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен; 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен  (бұр. ред. қара) 10-бап өзгертілді; 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 10-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



10-бап. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бойында сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру

1. Сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруға:

1) жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарына бөлiнген белдеуде жарнама объектісін орналастыру кезінде - автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган;

2) жалпыға ортақ пайдаланылатын тиісінше облыстық немесе аудандық маңызы бар автомобиль жолдарына бөлiнген белдеуде жарнама объектiсiн орналастыру кезінде - облыстың немесе ауданның жергiлiктi атқарушы органы беретiн құжат болған жағдайда жол берiледi.

2. Бөлiнген белдеудiң шекарасына қойылатын сыртқы (көрнекi) жарнама, өзге де ақпараттық белгiлер мен көрсеткiштер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес орындалуға және қойылуға тиiс.

3. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлiнген белдеуде сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін ақы Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес алынады.

 

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен тақырыбы өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)



3-тарау. Автомобиль жолдарын мемлекеттік реттеу және басқару

 

11-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің автомобиль жолдары мен жол қызметі саласындағы құзыретi

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына:

1) Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль жолдары мен жол қызметі саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты үйлестіру және жүргізу;

2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2) орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың автомобиль жолдары мен жол қызметi саласындағы қызметiне жалпы басшылық жасау;

2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

3) Автомобиль жолдарын, қорғаныстық маңызы бар жолдарды пайдалану қағидасын, жалпыға ортақ пайдаланылатын халықаралық және республикалық автомобиль жолдары желісінің тізбесін, автомобиль жолдарын жөндеу мен күтіп ұстауға арналған қаржыландыру нормативтерін, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлік құралдарының жүріп өтуі үшін алым төлеу тәртібі мен оның ставкаларын бекіту;

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 4) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

4) автомобиль жолдары желісінің және жол қызметінің болашақ даму бағдарламаларын бекіту;

2006.07.07. № 168-III ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2008.10.12. № 101-IV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

5) ақылы автомобиль жолдарын және көпір өткелдерін пайдалану тәртібі мен шарттарын;

2011.22.07. № 475-ІV ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды



5-1) жалпыға ортақ пайдаланылатын республикалық автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін ислам бағалы қағаздарын шығару шеңберінде жалға беру туралы шешім қабылдау;

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ; 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен  (бұр. ред. қара) 6) тармақша өзгертілді

6) автомобиль жолдары саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру ;

6-1) автомобиль жолдары саласындағы техникалық регламенттерді бекіту;

7) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)



2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды

8) жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық немесе аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін өтеусіз пайдалануға берудің үлгі шартын бекіту;

2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 9 тармақшамен толықтырылды

9) Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Заңда, өзге де заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.

 

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен тақырыбы жаңа редакцияда (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)



12-бап. Автомобиль жолдары жөніндегі уәкiлетті мемлекеттік органның құзыретi

1. 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

2. Автомобиль жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның қарауына:

1) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

2) автомобиль жолдары мен жол қызметі саласында бірыңғай мемлекеттік және ғылыми-техникалық саясатты әзірлеуге және іске асыруға қатысу;

3) жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын мемлекеттік есепке алу;

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 4) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жол саласын қаржыландыру көздері мен мөлшерін анықтау жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

5) Қазақстан Республикасының экономикасы мен қорғаныс қабілетін нығайту міндеттеріне сәйкес жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын дамытуды мемлекеттік жоспарлау;

6) автомобиль жолдарын дамыту және пайдалану бөлігінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасуға қатысу;

7) меншік нысандарына қарамастан, жол секторының жұмыс істеу тәртібін анықтайтын заң актілерінің және өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобаларын, сондай-ақ жол қызметіндегі мемлекеттік нормалар мен стандарттардың жобаларын әзірлеу;

8) автомобиль жолдарын жөндеу және күтіп ұстау жөніндегі жұмыстарға жұмсалатын шығындарды қаржыландырудың ғылыми негізделген нормативтерін әзірлеу;



2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 9) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

9) балансында жалпыға ортақ пайдаланылатын республикалық автомобиль жолдары бар мемлекеттік ұйымдарды басқару;

2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді

10) облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары желісін құру және дамыту жөніндегі қызметті үйлестіру;

11) жол саласында инвестициялық және әлеуметтік саясатты іске асыру;

12) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

13) жол қызметі саласында ғылыми зерттеулер жүргізу;

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 14) тармақша жаңа редакцияда (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.07.07. № 168-III ҚР Заңымен 14) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

14) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы және концессиялар туралы заңдарына сәйкес республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтiп ұстау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 15) тармақша өзгертілді

15) жобалау саласында қабылданған нормалар мен стандарттардың, автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтiп ұстау кезiнде талап етiлетiн сапаның сақталуын қамтамасыз ету;



2006.07.07. № 168-III ҚР Заңымен 16) тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)

16) автомобиль жолдарының (көпiр өткелдерiнiң) учаскелерін концессияға беру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу, оларды пайдалану тәртібі мен шарттарын, олармен жүрiп өту үшiн ставкалардың мөлшерiн белгілеу;

17) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

18) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

19) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

20) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)



2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 21) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

21) автомобиль жолдарын салу, жөндеу және күтiп ұстау мәселелерi бойынша халықаралық ынтымақтастықты кеңейту;

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ 22) тармақшамен толықтырылды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) ; 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен  22) тармақша өзгертілді  (бұр. ред. қара)

22) автокөлiк жолдарын дамытуды, сақтауды, жөндеудi және күтiп ұстауды қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылатын жол қызметiн басқару;

2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 23) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

23) автомобиль жолдары саласындағы техникалық регламенттерді әзірлеу;

2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 24) тармақшамен толықтырылды

24) автомобиль жолдары саласындағы нормативтік-техникалық құжаттарды бекіту;

2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 25) тармақшамен толықтырылды; 2011.22.07. № 475-ІV ҚР Заңымен 25) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

25) автомобиль жолдарын күтіп ұстау, ағымдағы, орташа және күрделі жөндеу кезінде орындалатын жұмыс түрлерінің жіктелімін бекіту;

2011.22.07. № 475-ІV ҚР Заңымен 26) тармақшамен толықтырылды

26) Қазақстан Республикасының исламдық жалдау сертификаттарын шығаруы шеңберінде олардың нысанасы жалпыға ортақ пайдаланылатын республикалық автомобиль жолдары немесе олардың учаскелерi бола алатын қосалқы жалдау шартын жасасу жатады.

2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 3-тармақпен  толықтырылды

3. Автомобиль жолдары жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік орган осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

13-бап. Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың құзыретi



2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

1. Облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) және аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) өкiлдi органдардың автомобиль жолдары және жол қызметi саласындағы құзыретiне:

1) облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын және коммуналдық меншiктегi елдi мекендердiң көшелерiн дамыту жоспарлары мен бағдарламаларын бекіту;

2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

2) облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) және аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) атқарушы органдары басшыларының облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, елдi мекендердiң көшелерiн дамыту және күтiп ұстау мәселелерi жөніндегі есептерiн тыңдау;

2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 3) тармақшамен толықтырылды

3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.

2006.10.01. № 116-III ҚР Заңымен 1-1 тармақпен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)



1-1. Автомобиль жолдары және жол қызметі саласындағы облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) атқарушы органдардың қарауына:

1) облыстық маңызы бар, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы көшелерді дамыту жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру;

2) облыстық маңызы бар, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы көшелерді салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес ұйымдастыру;

3) облыстық маңызы бар, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының желісін, елді мекендер көшелерін басқару;

4) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) коммуналдық меншігіндегі жолдарды және жол кәсіпорындарын басқару;

2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 5) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

5) облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы көшелерді салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 6) тармақшамен толықтырылды

6) жалпыға ортақ пайдаланылатын облыстық маңызы бар автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін өтеусіз уақытша пайдалануға беру туралы шешім қабылдау;

2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды

7) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.

2004.20.12. № 13-III  (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III ҚР (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)  (бұр. ред. қара ) ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді

2. Автомобиль жолдары және жол қызметі саласындағы  аудандық (қалалық) атқарушы органдарының қарауына:

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 1) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III ҚР (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)  (бұр. ред. қара ) ҚР Заңымен 1) тармақша  жаңа редакция

1) облыстық және аудандық маңызы бар, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, облыстық маңызы бар қалалардағы және аудандар шегіндегі өзге де елді мекендердегі көшелерді дамыту жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру;

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.07.07. № 168-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 2) тармақша өзгертілді

2) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы және концессиялар туралы заңдарына сәйкес  аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, елдi мекендердiң көшелерiн салу, реконструкциялау, жөндеу және күтiп ұстау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

2006.07.07. № 168-III ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды

2-1) автомобиль жолдарының (көпір өткелдерінің) учаскелерін концессияға беру жөніндегі ұсыныстарды, оларды пайдалану тәртібі мен шарттарын, олармен жүріп өту үшін ставкалардың мөлшерін әзірлеу;

2004.20.12. № 13-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ; 2006.10.01. № 116-III ҚР (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)  (бұр. ред. қара ) ҚР Заңдарымен 3) тармақша  өзгертілді

3) аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары желісін, елдi мекендердiң көшелерiн басқару;



2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 4) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ; 2006.10.01. № 116-III ҚР (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)  (бұр. ред. қара ) ҚР Заңымен 4 ) тармақша  жаңа редакцияда

4) аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) коммуналдық меншігіндегі жолдарды және жол кәсіпорындарын басқару;

5) 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)



2006.10.01. № 116-III ҚР (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)  ҚР Заңымен 6) тармақшамен  толықтырылды

6) аудандық маңызы бар, жалпыға ортақ автомобиль жолдарын, облыстық маңызы бар қалалардағы және аудандар шегіндегі өзге де елді мекендердегі көшелерді салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 7) тармақшамен толықтырылды

7) аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын немесе олардың учаскелерін өтеусіз уақытша пайдалануға беру туралы шешім қабылдау;

2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 8) тармақшамен толықтырылды

8) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделерінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергiлiктi атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру жатады.

 

14-бап. Автомобиль жолдарын дамыту iсiн жоспарлау



2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-тармақ өзгертілді

1. Автомобиль жолдарын дамыту iсiн жоспарлауды мемлекеттік органдар, шаруашылық және жеке меншiк автомобиль жолдарының басқарушылары бекітілген республикалық және аймақтық бағдарламаларға сәйкес жүзеге асырады. Елді мекендердiң көше-жол желісін дамыту iсiн жоспарлауды тиiстi жергiлiктi атқарушы органдар жүзеге асырады.

2. Жол саласында тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулердi мемлекеттік сатып алу, сондай-ақ осы бағыттағы ғылыми зерттеулер Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

3. Автомобиль жолдарын жобалауды және салуды тиiстi қызмет түрлерiн жүзеге асыруға лицензиялары бар жеке және заңды тұлғалар конкурстық негiзде жүзеге асырады.

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді

4. Автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау жөндеу үшiн әзiрленген техникалық құжаттама - белгiленген тәртiппен мемлекеттік, соның iшiнде экологиялық сараптамадан, ал жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын күрделi және орташа жөндеу үшiн - автомобиль жолдары жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлеген тәртiппен ведомстволық сараптамадан өтуге тиiс.

 

15-бап. Жол қызметiн жүзеге асыру кезіндегі жұмыстың сапасы



 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен  1 тармақ өзгертілді  (бұр. ред. қара)

1. Автомобиль жолдарын жобалау, салу, реконструкциялау, жөндеу және күтiп ұстау автомобиль жолдарының жоғары көлiктiк-пайдалану көрсеткiштерiне (жылдамдық, тегiстiк, ұзақ мерзiмдiлiк, автокөлiк жүрiсiнiң жоғары қауiпсiздiк жағдайларына) жету мақсатында, белгіленген талаптар мен нормаларға сәйкес, пайдалануға рұқсат етілген материалдарды, аспаптарды, жабдықтар және өлшеу құралдарын қолдану арқылы  жүзеге асырылады.

2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 2-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ;  2006.10.01. № 116-III ҚР (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)  (бұр. ред. қара ) ҚР Заңымен 2 тармақ  өзгертілді

2. Жол қызметiн жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар жұмысты Қазақстан Республикасы заң актілерінiң талаптарын сақтай отырып орындауға мiндеттi.

Автомобиль жолдарын салу, жаңғырту, жөндеу және күтiп ұстау жөніндегі жұмыстарды жүргiзген кезде мемлекеттік бақылауды - тапсырыс берушi, автомобиль жолдары жөнiндегі уәкiлеттi орган және облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергiлiктi атқарушы органдары, ал авторлық қадағалауды - жобалау құжаттамасын әзiрлеушi және өндiрiстiк қадағалауды жұмыс орындаушы жүзеге асырады. Автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстардан басқа, аяқталған жол жұмыстарын пайдалануға қабылдауды мемлекеттік қабылдау комиссиясы жүзеге асырады.

3. Автомобиль жолдарын жобалау, салу, реконструкциялау, жөндеу және күтiп ұстау жөніндегі жұмыстарды заңдардың талаптарын бұза отырып орындау Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.

 

16-бап. Жол қызметiн лицензиялау



1. Жол қызметiн лицензиялау Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңдарына сәйкес жүзеге асырылады

2. Жеке және заңды тұлғалардың жол қызметiн лицензиясыз не лицензия шарттарын бұза отырып жүзеге асыруы Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.

 

17-бап. Жол қызметiн қаржыландыру



2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

1. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын қаржыландыру жол жүрiсi қауiпсiздiгi, қоршаған ортаны қорғау және автокөлiк тасымалдарын қамтамасыз ету талаптары негiзге алына отырып, оларды жөндеу мен күтiп ұстауды қамтамасыз ететiн бекітілген нормалар бойынша жүзеге асырылады және бюджет заңдарымен белгiленедi.

2006.07.07. № 168-III ҚР Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды

1-1. Концессионерлердің автомобиль жолдары учаскелерінің концессиясы шартына байланысты шеккен шығындарын өтеу Қазақстан Республикасының концессиялар туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

2. 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

3. Шаруашылық автомобиль жолдарын дамыту, жөндеу және күтiп ұстау осы жолдар қарауына жататын ұйымдар мен жеке адамдардың қаражаттары есебiнен қамтамасыз етiледi.

4. 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

 

18-бап. Жол органдарының және олардың қызметкерлерiнiң құқықтары



2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 1-тармағының мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылады

1. Жол органдары жол полициясы органдарымен және төтенше жағдайлар жөніндегі уәкiлеттi органмен бiрлесiп: қысылтаяң жағдайларда (қолайсыз ауа райы-климат жағдайлары, дүлей апаттары, өрт, автомобиль жолдарының көтеру қабiлетiнiң жойылуы), сондай-ақ жөндеу-құрылыс жұмыстары жүргiзiлген кезде, бұл жөнiнде жергiлiктi атқарушы органдарды және автомобиль жолдарын пайдаланушыларды тиiстi жол белгiлерiн қойып және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы хабардар ете отырып, көлiк құралдарының жүрiсiн шектеуге немесе тоқтатуға, автомобиль жолдарын пайдалану ережелерiнiң сақталуын бақылауға құқылы.

2. Жол органдарының қызметкерлерi жол элементтерiн бүлдiретiн немесе ластайтын не жүрiп өтуге арнайы рұқсаты жоқ iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты көлiк құралдарын автомобиль жолының көлiк құралдары жүретiн бөлiгiнiң шегiнен шығаруды талап етуге құқылы.

 

19-бап. Жол органдарының және автомобиль жолдарын басқарушылардың жауапкершiлiгi



Жол органдары және автомобиль жолдарын басқарушылар:

1) қызмет көрсететiн автомобиль жолдары және олардағы құрылыстар көлiк құралдарының үздiксiз және қауiпсiз жүруiн қамтамасыз ететiн жағдайда күтiп ұсталуы үшiн және табиғат қорғау заңдары талаптарының сақталуы қамтамасыз етiлуi үшiн;

2) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес автомобиль жолдарын пайдаланушыларға залалдың орнын толтыра отырып, жол жағдайларына байланысты туындаған жол-көлiк оқиғалары салдарынан келтiрiлген залал үшiн;

3) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес автомобиль жолдарына бөлiнген белдеудiң фитосанитариялық жағдайы үшiн жауапты болады.

 

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 3-1-тараумен толықтырылды



3-1-тарау. Қауіпсіздіктің жалпы талаптары

 

19-1-бап. Техникалық реттеу объектілерi

Автомобиль жолдары, жол-құрылыс материалдары, автомобиль жолдарын жобалау, салу (реконструкциялау және жөндеу) мен пайдалану процестері техникалық реттеу объектілері болып табылады.

 

19-2-бап. Автомобиль жолдарын жобалау кезіндегі қауіпсіздік талаптары



1. Автомобиль жолдарын жобалау жылдамдықты барынша шектеу және өзгерту, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету шарттары және перспективалы кезеңнен кейін жолды реконструкциялау мүмкіндігін ескере отырып жүзеге асырылуға тиіс.

2. Автомобиль жолдарының жобалық шешімдері:



1) көлік құралдарының есептелген жылдамдықпен ұйымдасқан, қауіпсіз қозғалысын;

2) жүргізушілердің көзбен шолып бағдарлау шарттарын сақтауын;

3) қосылатын жолдар мен қиылысатын жолдардың қауіпсіз орналасуын;

4) автомобиль шиналарының жүру жолының беткі қабатына қажетті жанасуын;

5) автомобиль жолдарының, оның ішінде қорғағыш жол ғимараттарымен қажетті жайластырылуын;

6) жол және автокөлік қызметтерін қажетті ғимараттармен және құрылыстармен қамтамасыз етуге тиіс.

3. Өндірістік базаларды, жол және автокөлік қызметтерінің ғимараттары мен құрылыстарын жобалау кезінде атмосфералық ауадағы, су объектілеріндегі және топырақтағы ластаушы заттардың рұқсат етілетін шекті концентрациясының сақталуын қамтамасыз ететін іс-шаралар әзірленуге және жүзеге асырылуға тиіс.

4. Жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеген кезде жол және жол қозғалысының:

1) адамдарға және қоршаған ортаға;

2) табиғат көріністеріне, жолдағы объектілерге және тарихи-мәдени мұраға тікелей және жанама әсерін бағалау қажет.

Орман екпелерін (жол бойындағы) отырғызу қандай да бір басқа қауіп-қатердің туындауын болғызбау шартымен көзбен шолып бағдарлауды жақсартуға және жолдың көзбен біркелкі көруін бұзуға жәрдемдесуге тиіс.

5. Жолдарды жобалау кезінде жол белгілерін оларды орнататын орындар мен орнату әдістерін көрсете отырып, орналастыру схемасын және жолды белгілеу схемасын әзірлеу қажет.

6. Автомобиль жолдарын жобалау кезінде қойылатын қауіпсіздік талаптары техникалық регламенттерде белгіленеді.

 

19-3-бап. Автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау және жөндеу кезіндегі қауіпсіздік талаптары



1. Автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау және жөндеу кезінде жобалау-сметалық құжаттамалардың осы Заңның және автомобиль жолдары саласындағы техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестігі қамтамасыз етілуге тиіс.

2. Салу, реконструкциялау және жөндеу кезінде қауіпсіздік және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды қолдану қажет. Жұмыс жүргізу әдістерін және механикаландыру құралдарын таңдау кезінде тиісті санитарлық нормаларды, атмосферадағы ластаушы заттардың рұқсат етілетін шекті нормаларын сақтау қажеттігі ескерілгені жөн.



Жолдарды салу, реконструкциялау және жөндеу кезінде жасыл екпелерді сақтау немесе оларды қалпына келтіру қамтамасыз етілуге тиіс.

3. Жол жұмысшыларының және жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігі қозғалысты ұйымдастыру және жұмыстар жүргізілетін орынды қоршау шараларын қолдану арқылы қамтамасыз етілуге тиіс, олар жұмыстарды жоспарлау барысында қарастырылуға және оларды жүргізу кезінде ұдайы тексерілуге тиіс.

4. Жер төсемін тұрақтандыру мерзімі құрылыстың белгіленген мерзімінен едәуір асып кететін күрделі инженерлік-геологиялық жағдайларда жол салу, реконструкциялау және жөндеу кезінде суды бұруды және әр сатыдағы қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып жол жабындысын сатылап салуды көздеуге рұқсат етіледі.

5. Автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау және жөндеу кезіндегі қауіпсіздік талаптары техникалық регламенттермен белгіленеді.



 

19-4-бап. Автомобиль жолдарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік талаптары



1. Жолдардың жай-күйі жол қозғалысы қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз етуге және көліктік-пайдалану жүктемесі деңгейіне сәйкес келуге тиіс.

Жол жиегіндегі белдеулердің ені жолдың осы түрі үшін белгіленген нормалардан кем болмауға тиіс.

Ақпараттық көрсеткіштер мен белгілер қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келуге тиіс.

Жолдардың құрамы өңірдің климаттық ерекшеліктері мен көліктік-пайдалану жүктемесін ескере отырып, оларды пайдалану кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге тиіс.

2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)



2. Автомобиль жолдарының және елді мекендер көшелерінің жүргіншілер бөлігі, жаяу жүргіншілер тротуарлары мен велосипед жолдарының, қону алаңдарының, аялдама пункттерінің, сондай-ақ бөлуші белдеулердің, жер төсемінің жиектері мен қырларының топырақ жамылғылары жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тиіс.

Жол жамылғыларында есептік жылдамдықты және қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қажетті беткі қабат болуы керек.

Жүргінші бөліктің жамылғысында отырып қалған жерлер, ой-шұңқырлар, көлік құралдары қозғалысын қиындататын өзге де ақаулары болмауға тиіс.

Қыс кезінде жол қозғалысы қауіпсіздігін және оны тиісті шаралар қабылдау арқылы ұйымдастыру барынша қамтамасыз етілуі қажет.

3. Жол-көлік оқиғаларының және жол жұмыстарын жүргізу  орындарындағы көлік құралдары кідірістерінің алдын алу үшін жұмыстарды жүргізетін орындарда қоршау қондырғыларын, белгілер және таңбалар орнату көзделуі, сонымен бірге олардың тәуліктің кез келген уақытында көрініп тұруы қамтамасыз етілуі керек.



Жол қозғалысын ұйымдастыруда қолданылатын техникалық құралдар (қоршаулар, белгілер, таңбалар, бағыттаушы қондырғылар, жарықтандыру жүйелері, бағдаршамдар, қозғалысты басқарудың автоматтандырылған жүйелері) тәуліктің кез келген уақытында жақсы көрініп тұруға және ажырататындай болуға тиіс.

4. Жол қозғалысы, жолға күтім жасау және оны ұстау салдарынан болған шу, діріл және ауа мен судың ластану деңгейін автомобиль жолдары саласындағы техникалық регламенттермен белгіленген талаптар негізінде тиісті шаралармен шектеп отырған жөн.



 

19-5-бап. Жол-құрылыс материалдарына қойылатын қауіпсіздік талаптары



Жол-құрылыс материалдары қоршаған ортаның әсеріне төзімді болуға, сондай-ақ олардың құрамындағы зиянды құрамдас бөліктері мен қоспалар жол берілетін нормадан аспауға тиіс.

 

4-тарау. Автомобиль жолдарын пайдалану



 

20-бап. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын пайдалану

1. Егер Қазақстан Республикасының заң актілерінде өзгеше көзделмесе, жеке және заңды тұлғалар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын пайдалану құқығына ие болады.

2. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын пайдаланушылар көлiк құралдарын жол жүрiсi қауiпсiздiгiн, жолдардың және олардағы құрылыстардың сақталуын қамтамасыз ететiн жағдайда пайдалануға, сондай-ақ қоршаған ортаның ластануына жол бермеуге мiндеттi.

 

21-бап. Iрi көлемдi және ауыр салмақты көлiк құралдарының жүруі



Қазақстан Республикасының аумағы бойынша iрi көлемдi және ауыр салмақты көлiк құралдарының жүру ережелерiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi.

 

22-бап. Қауiптi жүктердi тасымалдайтын көлiк құралдарының жүруі



Қазақстан Республикасының аумағы бойынша қауiптi жүктердi тасымалдайтын көлiк құралдарының жүру тәртібін Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлейдi және ол Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда анықталады.

23-бап. Автомобиль жолдары маңындағы жер учаскелерi меншiк иелерiнің мiндеттерi

1. Автомобиль жолдарына аумақтары жалғасатын жер учаскелерiнiң меншiк иелерi мен жер пайдаланушылар:

1) кiрме жолдарды және жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдарға жалғасатын жолдарды салуды жол органдарымен келiсуге;

2) жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдарға жалғасатын жолдарды және оларға кiрме жолдарды техникалық жағынан дұрыс және тиiстi санитариялық жағдайда ұстауға, қоқыстан, ластан және қардан тазартып отыруға;

3) көрудi қиындататын және жол жүрiсi қауiпсiздiгiн нашарлататын материалдар мен конструкцияларды жол бойындағы белдеуге жиып қоюға жол бермеуге мiндеттi.

2. 1-тармақта көрсетiлген талаптарды орындамау Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.

24-бап. Автомобиль жолдарын жұмылдыру дайындығы

1. Жұмылдыру кезеңi мен соғыс уақытындағы төтенше жағдайларда пайдалану үшiн автомобиль жолдарын жұмылдыру дайындығын, меншiк нысандарына қарамастан, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жеке және заңды тұлғалар жүзеге асырады.

2. Қазақстанның бүкiл аумағында немесе оның жекелеген жерлерiнде төтенше немесе соғыс жағдайы енгiзiлген жағдайда және iшiнара немесе жаппай жұмылдыру жарияланған кезде жеке меншiк жолдарды жол жүрiсiне қатысушылардың барлығы меншiк иесiнiң келісімiнсiз пайдаланады.

25-бап. Автомобиль жолдарын пайдаланушылардың жауапкершiлiгi

2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Жолдың үстiңгi қабатының, жер қыртысының, көпiрлердiң, өткерме жолдардың, суағар құрылыстарының, автопавильондардың, жол белгiлерiнiң, жол бойындағы екпелердiң, қорғаныш құрылғылардың және автомобиль жолдарын жайғастырудың басқа да элементтерiнiң бұзылуына жол берген, сондай-ақ Автомобиль жолдарын пайдалану қағидасын бұзған автомобиль жолдарын пайдаланушылар Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жауапты болады.

2. Пайдаланушылар автомобиль жолдары мен жол құрылыстарына келтiрген залалды Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен өтейдi.

3. Автомобиль жолдарын жобалау, салу, күтiп ұстау, жөндеу, реконструкциялау және пайдалану процесiнде жол органдарымен туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен қаралады.

26-бап. Автомобиль жолдарындағы медициналық жәрдем

Автомобиль жолдарындағы жол-көлiк оқиғаларында зардап шеккендерге жәрдемдi жол жүрiсiне қатысушылардың бәрi көрсетуге тиiс, олар зардап шеккендердi таяу маңдағы медициналық мекемеге жеткiзуге және болған оқиға туралы жол полициясы органына хабарлауға мiндеттi.

27-бап. Қоршаған ортаны қорғау

1. Автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу, күтiп ұстау және оларды пайдалану кезiнде қоршаған ортаны қорғау саласындағы заңдар талаптарының сақталуы қамтамасыз етiлуге тиiс.

2. Автомобиль жолдарын жобалау және оларды реконструкциялау мен салуға арналған жобаларды әзiрлеу кезiнде қоршаған ортаны қорғау, карьерлердi, жол бойындағы белдеулердi, еңiстердi, орларды, бүлiнген жерлердi көп жылдық шөп егiп және ағаштар мен бұталар отырғызып өңдеу жөніндегі шаралар көзделуi керек. Су көздерi пайдаланылатын жерлердегi жобалық-сметалық құжаттамада санитариялық аймақ, уақытша автотұрақтар, эстакадалар және мұнай өнiмдерiнiң қалдықтарын жинауға арналған қорғаныш құрылысын салу көзделуге тиiс.

3. Автомобиль жолдары бойындағы қорғаныш екпелерді олардың иелері немесе пайдаланушылары тиісті түрде күтіп ұстауға тиіс.

4. Қоршаған ортаны қорғау талаптарын сақтамағаны үшін кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жауапты болады.

5-тарау. 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

 

Қазақстан Республикасының

Президенті

Н. Назарбаев

 

 

 



 

1   2


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет