Автомобиль көлігі саласында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері туралы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы»



жүктеу 1.15 Mb.
бет1/4
Дата17.04.2016
өлшемі1.15 Mb.
  1   2   3   4


Автомобиль көлігі саласында мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері туралы

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:



  1. Қоса берiлiп отырған:

1) «Жүк көлік құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

2) «Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін және рұқсат карточкасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

3) «Халықаралық техникалық байқау сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

4) «Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау жөніндегі қызметпен айналысу үшін лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

5) «Қазақстан Республикасының аумағы арқылы ауыр салмақты және (немесе) iрi көлемді көлік құралдарының (шетелдiктердi қоса алғанда) жүріп өтуіне арналған арнайы рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

6) «Техникалық байқау операторларының тiзiлiмiне енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

7) «Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес Қазақстан Республикасының тасымалдаушыларына шет мемлекеттер аумағы арқылы жүріп өтуіне арналған рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

8) «1, 6 және 7-сыныптағы қауіпті жүкті тасымалдауға арналған арнайы рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты;

9). «Көлік құралын халықаралық қатынаста қауіпті жүктерді тасымалдауға жіберу туралы куәлікті беру» » мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің


интернет-ресурсында ресми жариялануын және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы «Әділет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға көшірмесін жіберуді;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде мемлекеттік тіркеу және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жіберу туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі Ж.М.Қасымбекке жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр Ә. Исекешев
Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму

министрінің

2014 жылғы

бұйрығымен

бекітілді




«Жүк көлік құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер


1. «Жүк көлік құралдарын өлшеудің халықаралық сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрi – мемлекеттiк көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) Министрліктің Көлік комитетінің аумақтық органдары Қазақстан Республикасы аумағы бойынша көлік құралының жүру бағытында орналасқан стационарлық көліктік бақылау бекеттерінде (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді көрсетілетін қызметті беруші жүзеге асырады.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі


4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:

1) көрсетілетін қызмет алушының көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезінен бастап:



мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру көрсетілетін қызметті алушының жүгінуі бойынша жүзеге асырылады;

2) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға жүгіну кезінде кезек күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 15 минут;

3) қызмет көрсетудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 45 минут.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – қағаз түріндегі жүк көлік құралдарын өлшеудің халықаралық сертификаты (бұдан әрі – сертификат).

7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақысыз негізде көрсетіледі.

8. Көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесі: еңбек заңнамасына сәйкес демалыссыз және мереке күндерінсіз, тәулік бойы.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз, кезек күту тәртібімен көрсетіледі.

9. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша сертификаттың 1-3-бағандарын толтырады. Толтырылған сертификат бланкісі көрсетілетін қызметті берушінің қызметкеріне тапсырылады.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

10. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының әрекеттерiне (әрекетсiздiктерiне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына не мына мекенжай бойынша Министрлік басшысының атына беріледі: 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы 32/1, (телефоны 8 (7172) 24-13-12)

Шағым жазбаша нысанда почта арқылы немесе электрондық түрде не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол беріледі.

Шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауап алатын мерзімі және орны көрсетіліп, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде тіркелуі (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) шағымның қабылдағанын растау болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шараларды қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жолданады.

Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

Шағымда:


1) жеке тұлғаның – тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, почталық мекенжайы көрсетіледі;

2) заңды тұлғаның – атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қоюға тиіс.

11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері

ескеріле отырып қойылатын өзге талаптар
12. Көрсетілетін қызметті алушының, оның ішінде халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына жататын адамдардың жеке өзі келуге мүмкіндігі болмаған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызмет сенімхат бойынша көрсетіледі.

13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары көрсетілетін қызметті берушінің – www.mtс.gov.kz интернет-ресурсында («Мемлекеттік көрсетілетін қызмет» бөлімінде) орналастырылған.

14. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 24-04-06. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414.

_________________________


«Жүк көлік құралдарын
өлшеудің халықаралық сертификатын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына

қосымша















KZ

000000 A













Елдің коды;

Сертификат нөмірі




КӨЛІК ҚҰРАЛДАРЫН ӨЛШЕУДІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕРТИФИКАТЫ

(КҚӨХС)



















Көлік операторы / көлік құралынын жүргізушісі көлік құралын өлшегенге дейін толтырады

1. Көлік операторы

(елді қоса алғанда, ұйымның атауы және мекенжайы)



Тел.№

Факс №

Электрондық почта

2. Тасымалдау шарты №1

CARNET TIR № (егер қолданылатын болса)2

3. Жүк көлік құралы туралы мәліметтер

3.1. Тіркеу нөмірі

Сүйрегіш/жүк автомобилінің

Жартылай тіркеменің/тіркеменің


3.2. Аспа жүйесі

Сүйрегіш/жүк автомобилінің

 әуедегі  механикалық  өзгеше



Жартылай тіркеменің/тіркеменің

 әуедегі  механикалық  өзгеше





















Уәкiлеттi өлшеу станциясының қызметкері толтырады

4. Уәкiлеттi өлшеу станциясы

(елді қоса алғанда, коды, атауы және мекенжайы)



5. Көлік құралын өлшеу №3

_______. ______________. ____________



4.1. Өлшеуге арналған жабдықтың дәлдік сыныбы 4

 III сынып немесе одан жоғары

және/немесе  ‹ 1  1  2


6. Беру күні (күні, айы, жылы)



7. Жүк көлік құралдарын өлшеу (осы сертификатқа өлшеу станциясының түпнұсқа ресми жазбасы қоса берілуге тиіс)

7.1. Жүк көлік құралының түрі 5 6



7.2. Оське жүктемені өлшеу, кг мен




Жетекші

Жетекші емес

Дара

Қосарланған

Үш білікті

Бірінші ось
















Екінші ось
















Үшінші ось
















Төртінші ось
















Бесінші ось
















Алтыншы ось7
















7.3. Көлік құралының толық салмағын өлшеу (кг)

Сүйрегіш/жүк автомобилі (кг)

Жартылай тіркеменің/тіркеменің (кг)

Автокөлік құралының толық салмағы (кг)

8. Ерекше өлшеу сипаттамасы

8.1. Қозғалтқышқа қосылған, отын багін толтырғанға дейін:  ¼ ½ ¾  1/1

8.3. Қосалқы шина саны (дана)

8.2. қосымша отын багін толтырғанға, дейін:  ¼ ½ ¾  1/1

(суытқышты орнату үшін отынды қоса алғанда)



8.4. Өлшеу кезіндегі автокөлік құралындағы адамдар саны________

8.5. Көтеретін осьтің бар - жоғы  иә  жоқ

Жоғарыда көрсетілген өлшеуді төмендегі қол қойғандар жүргізгенін, уәкiлеттi өлшеу станциясында өлшегенін және дәл болып табылатынын мәлімдеймін

Қолы

Өлшеу станциясы қызметкерінің тегі және дербес коды

Мөр


____________________

1 мысалы: жүкқұжат CMR №

2 1975 жылғы TIR Конвенциясына сәйкес

3 2 пар. Қосымшаға қарау

4 МОЗМ ұсынысы бойынша

5 халықаралық келісімдерге сәйкес ұлттық және халықаралық тасымалдар үшін белгіленген ең жоғары рұқсат етілген габариттер, сондай-ақ халықаралық тасымалдауға арналған ең жоғары рұқсат етілген өлшеу белгісі

6 схемалық суреттер бойынша көлік құралы түрінің коды , мысалы A2 немесе A2S2

7 егер осьтер саны алтыдан көп болса, бұл 2 пар. «Қосымша» параграфта көрсетілсін



9. Көлік операторы / автокөлік құралынын жүргізушісі көлік құралын өлшегеннен кейін толтырады

Мен мыналарды мәлімдеймін:

(а) Көлік құралының салмағын өлшеу жоғарыда көрсетілген өлшеу станциясында жүргізілді

(в) 1-8 бағандағы ақпарат қатесіз енгізілді

(с) Аталған өлшеу станциясында өлшенгеннен кейін жүк көлік құралына ешқандай қосымша жүк салынған жоқ



Күні

Жүк көлік құралдары жүргізушісінің / жүргізушілерінің тегі

_____________________, ________________________




Қолы

Ескерту (егер болса)







10. Ерекше өлшеу кезінде (бақылау) өлшеу станциясының қызметкері толтырады (3,7,8) 8

Өлшеу станциясы _________________________________________________________________________

(елді қоса алғанда коды, атауы және мекенжайы)


Күні

Өлшеу станциясы қызметкерінің тегі

Қолы

Мөр


Ерекше өлшеу (бақылау) себебі және нәтижесі






Автокөлік құралын өлшеудің кодтық нөмірі дефиспен жалғанған үш элементті деректерден тұрады




(1) Елдің коды (1968 жылғы Жол қозғалысы туралы БҰҰ Конвенциясына сәйкес)




Армения

ARM

Молдова

MD

Әзербайжан

AZ

Ресей

RUS

Беларусь

BY

Тәжікстан

TJ

Грузия

GE

Түрікменстан

TM

Қазақстан

KZ

Өзбекстан

UZ

Қырғызстан

KS

Украина

UA













(2) Ұлттық өлшеу станциясын сәйкестендіруге мүмкіндік беретін қос таңбалы код













(3) Дара өлшеуді сәйкестендіруге мүмкіндік беретін (ең аз болғанда) бес таңбалы код

мысалы: MD - 01-23456 немесе RUS - 14 - 000510


Бұл сериялық нөмір өлшеу станциясындағы журналдарда көрсетілген нөмірге сәйкес келуге тиіс.

Осы сертификатты көрсеткен кезде ТМД елдерінің шекара өткелдерінде автокөлік құралдарын қайта өлшеу жүргізілмейді.


8 Осы бағанды тараптардың құзыретті органдары өлшеу станцияларының қызметін, сондай-ақ бұзушылық жасаған көлік операторының іс-әрекетін бағалау үшін пайдаланады.

_________________________



Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2014 жылғы « »

қаулысына

бекітілген



«Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға

рұқсат беру куәлігін және рұқсат карточкасын беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер
1. «Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігін және рұқсат карточкасын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) Министрліктің Көлiк комитетiнiң аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызмет беруші) көрсетеді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтініштерді қабылдау:

1) Министрліктің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО);

2) «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады;

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру ХҚО арқылы жүзеге асырылады.

  1   2   3   4


©netref.ru 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет