АЯҚталмаған жол



жүктеу 85.96 Kb.
Дата24.04.2016
өлшемі85.96 Kb.
: repository -> history -> %D0%B0%D0%B4%D0%B0%D0%BC%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B
%D0%B0%D0%B4%D0%B0%D0%BC%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> Байғали Досымжанов
%D0%B0%D0%B4%D0%B0%D0%BC%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> Ақын әрі әкім досқа жауап
%D0%B0%D0%B4%D0%B0%D0%BC%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> ШАҒабутдин маржани
%D0%B0%D0%B4%D0%B0%D0%BC%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> Танант дегеніміз мінез
%D0%B0%D0%B4%D0%B0%D0%BC%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> Тұрсын ЖҰртбай қос қайырым мағауияның БӘйтерегі
%D0%B0%D0%B4%D0%B0%D0%BC%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> Жұртбаев Т. Жазушы, ғалым қайым (Ғабдұдқайым) Мұқамедханов 75 жаста // Қазақ әдебиеті. 1991. 1 ақпан. 4 бет
%D0%B0%D0%B4%D0%B0%D0%BC%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> ТҰҢҒыштар тынысы
%D0%B0%D0%B4%D0%B0%D0%BC%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> Елі үшін елжіреген азамат
%D0%B0%D0%B4%D0%B0%D0%BC%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> Тамырлас тағдырлар
%D0%B0%D0%B4%D0%B0%D0%BC%20%D1%82%D1%83%D1%80%D0%B0%D0%BB%D1%8B -> Тұрсын ЖҰртбай нағыздың нығызы
АЯҚТАЛМАҒАН ЖОЛ

Ол өзінің табиғатына тән бір шындықты өзгеден жасырса да, өзегін жарған өлеңнен жасыра алмапты. Бозбала шағынан ортаға тосыннан келіп қосылып, тосыннан сөзге араласып, кесіп тастап сөйлеп, ұзақ сөздің артын күтпей кілт бұрылып кетіп қалатын. Соның өзінде кесек те кексе мінез танытуға бейім Ерікпен емін-еркін әрі егіле сөйлесудің сәті сирек түсетін. Сол сирек сәттердің өзінде ол:

Өмір сырын жатқа біліп алғандай,

Отырамын еш нәрсеге таң қалмай.

Отырамын дүниенің төрінде,

Бар тіршілік маған қарап қалғандай.

Тасытпайды періштенің шындығы,

Жасытпайды перілердің сұмдығы.

Табындырмас еш бір елдің сұлуы,

Тамсандырмас еш бір бақтың бұлбұлы, –

деп өзі мойындағанындай, шындығында да ол еш нәрсеге таң қалмайтын.

Бәрі де Ерік білетін, Ерік басынан кешірген, Ерікке үйреншікті көрініс сияқтанатын. Әдеби ортада әуелі – ол Мағжанның не немере бауыры, не жиені ретінде сырттай танылды. Мағжанға қандай да бір жақындығыңның болуының өзі сенің әдеби паспортыңмен бірдей еді. Талдырмаштау, отты қара көзді, өжет жырға бейім ақын бала орынын әдебиеттен іздемей, театр өнеріне бұрылып кетті. Өнердің өз қызығы өзіне жетерлік қой. Сондықтан да шәкірт шақтарында жазушылар одағының табалдырығын сирек аттады. Соның өзінде де ағасы Хамза Абдуллиннің қасынан табылатын. Ал тауқыметті ақындық тағдырдың иесі болған бұл ағамыз Ерікті әдеби ортаға алғаш таныстырушы, насихатшысы болды. Театр жақтан талантты режиссердің келгені, қазаққа жылы қараған әлде бір грузиннің шығармасын сәтті сақналапты деген хабар да жетті. Көрермен ретінде көңілге түйдік. Шығармашылық байқауларда жон көрсетіп жүрді. Сөзсіз талантты жігіт және Мағжанның не бауыры, не жиені ретінде міндетті түрде жұлдызы биік көрінуге тиісті деп қабылдадық. Ол өзінен сәл ғана ілгері біздің ғана емес, алдыңғы толқынның да мұндай ілтипатын қысылып-қымтырылмастан қабылдап, барлығымен емін-еркін араласып, соның көпшілігіне сен деп сөйлейтін. Бұл, енді, театрдан тапқан дағдысы болса керек. Мағжанның есімі оны әдебиет пен мәдениет майданында Кенесарының Наурызбайы сияқты еркелете қабылдап, өзімсіне қабылдауға жол ашты. Сөйтіп жүріп емін-еркін араласып кеттік.

Өжеттігі кейде көз отынан, кейде сөз қолданысынан жалт ете қалатын жас оғланның өзінің жеке басының, яғни, азаматтық өжет мінезі сексенінші жылдың басында анық таныла бастады. Бұрын сүйінетін құбылысына енді күйінетіндей сыңай танытты. Сол тұста ол театрдан да суый бастады-ау деймін. Қалай дегенмен де сөз өнерінің дерті оны бірте-бірте баурап, бауырына баса берді. Өзгені тайсалмай сынайтын Ерік өзінің де өлеңдеріне қатал қарады. Сондықтан да мінбеде оқығыған немесе анда-санда жалғыздап жарияланған жекелеген өлеңдері болмаса, топталып шыққан шығармалары есімде қалмапты. Ол алғыр, өте қабілетті, бар өнердің буынды тұсындағы тамырлары бойына біткен талант иесі болды. Осы бір жан-жақтылық та отыздан асқанша оның табиғи тумысының толық және бір бағытта тереңдеп ашылуына тұсау боды-ау деймін. Кейінгі екі томдығын парақтап отырып оның философия тарихына ден қойғанын да аңғардым. Бұл бұрын мінезіне билететін талантын енді ақылға билете бастағанының нышаны болса керек. Ол әдебиетке:

Шерлі заман келтірсе де толғағын,

Тәтті болмай, ащы болды тордағы үн.

Өтті шырқап, өтті бірақ айта алмай,

Талай Ақан, талай Мұхит соңғы әнін.

Бір халыққа тұлға болу оңай ма,

Сондай тағдыр бұйырыпты Абайға.

Барласа да арғы-бергі заманды,

Соңғы сөзін айта алған жоқ Абай да.

Мұңдас болып кәрімен де, жаспенен,

Қолын бастап жауға шапқан тас берен.

Махамбеттің соңғы сөзі кетті ғой,

Қапияда бақи болған баспенен.

Теңіздейін жата алмайтын шайқалмай,

Толқып-толқып тыным алды байқалмай.

Қара сөздің пайғамбары болса да,

Өтті Әуезов соңғы сөзін айта алмай.

Өрттей шарпып жүректерді жаңғырған,

Каусар ойы сезім шөлін қандырған.

Ұлылар тек жырын емес, ұрпаққа,

Айта алмаған сөздерін де қалдырған, –

деген батыл да ойлы өлеңмен келген Еріктің адымының ашылуына сол мінезді сөз тұсау да салғандай еді.

Тек қана кездесулер мен кештердің мінбесінде оқылатын мұндай өлеңдерді сол тұстағы барлық ақындар жазды. Бірақ ол туындылары жинақтары мен топтамаларына кірмеді. Өйткені: «Әуезов неге соңғы сөзін айта алмады, оны кім айтқызбады, неге айтқызбады, сен нені мекзеп отырсың? Байқа, бала», – деген сұраққа ешкім де жауап бере алмайтын. Жауап бергізбейтін де. Сондықтан да Еріктің ақындық тұлғасы өзіне етене сақна, мінбе арқылы қалыптасты. Ақыры бұл жол оны айтысқа бастап апарды. Ақындар айтысы тұсында оның режиссерлік мамандығы үлкен септігін тигізді. Ол айтыс ақындарына да, қарсыластарынан да, көрермендерге де режиссер ретінде қарап, олардың талғамы мен талабын, қыбын дәл тауып, ақын-режиссер ретінде орын-орнына қоя білді. Айтыстағы өзін-өзі еркін ұстауының бір сыры да осында болатын.

Аз ғұмырдың отыз жылын қатар өткіздік, соның ішінде жетпісінші жылдардың аяғы мен сексенінші жылдардың ортасына дейін араласымыз да, алаңымыз да, аңсарымыз да, ортамыз да ортақ болды. Әсіресе, Еріктің ғұмырының соңында маған сәл аралары салқын тартқандай көрінген Баянғали екеуі егіз бүйрек сияқты бір-бірінен ажырамайтын. Жамырай жеке пәтерге ие бола бастаған кезіміз еді, сондықтан да есік ертелі-кеш жабылмайтын. Ара қонып, таңды таңға ұластыру онша таң көрініс емес еді. Балалар да айқасып-ұйқасып жата беретін. Ол кеште не туралы әңгіме айтылмады десеңші. Бірақ, шындығымды айтайын, соның барлығы жастықтың буымен бірге ұшып кеткендей, ештеңе есте қалмапты. Тек әр отырыстың ыстық табы ғана жүректе сақталып қалыпты. Сондағы тұрақты түрде қайталанатын Еріктің бір мінезі – отырыстарда еш қысылып-қымтырылмайтын, өзін сондай еркін сезінетін. Тіпті марқұм, күндіз-түніне, ертелі-кешіне қарамай, өзгенің үйі болсын, өз үйі болсын, бәрібір, отырыстың ортасында бір жаққа кетіп қалып, аяғында қайтып келіп, сол таңданбаған, қысылмаған қалпы отырысты жалғастыра беретін. Шешенсіп те кетпейтін, үнсіз де қалмайтын. Қанша айтқанмен мамандығы режиссер емес пе, жөнін біліп, дер кезінде қосылып, дер кезінде әңгіменің сақнасынан шығып кететін. Мұның өзі алғашында ерсілеу көрінгенімен, кейін етіміз үйренді. Оның өз үйінде де Еріксіз өзімізді өзімізді күтіп, бірімізге біріміз асаба болған кезіміз болды. Өнер шаңырағы болғандықтан да ол үйге шақырулы-шақырусыз қонақтар келе беретін. Мәдениетке қанша жақын дегенмен де, жазушы қауым артистер сияқты емес, бір-бірінің есігін таңдап, талғап ашады ғой. Кейде шақырылған қонақтан жолай соққандардың саны асып кететін. Шағын бөлменің тар-кеңдігі сонда да білінбейтін. Бақыт пен Сырым сыр алдырмайтын. Оған да етіміз үйренді. Бұл оның өміріндегі театр кезеңі еді.

Кейіннен өте бір ойлы үйір тапты. Ғалым Доскен, Тұрсынжан Шапай, Гүлнар Салықбай сияқты аса талантты да тегеуірінді толқынның қатарына да, әзіл-қалжыңдарына да сүйіне қарайтынмын. Осы достарының ықпалымен ол өзінің шығармашылық жолын бастаған поэзияға қайта бет бұрды. Жазғанын жинақтап, «Көгілдірдің» әдебиет айдынына шығуына сол достары себепкер болды десем – жаңсақтық емес шығар. Бұл үйір – Ерікке құтты да жұғымды үйір болды. Жасқа – жас үйір. Біз енді бұрынғыдай емес, бір-біріміздің өміріміздегі екінші адамға айнала бастадық. Айтыс ақындарының өз үйірі болды. Үй өзгерді, қоныс аударды, елге кетті. Әдебиеттің ауылынан біз де алыстадық. Жүз күнде – бір, бір жылда – бір, кейіннен жыл аралатып жүздесетін болдық. Кездескен сайын сол баяғы күндердің дәстүрімен: «Шал, қал қалай, шалдықпай жүрсің бе?», – деп арқамнан бір қағып қоятын. Мен де: «Еріккен Асқар уағым-ау!.. Қашан кесектенесің!», – деп өзімше үлкенситінмін. Сол Баянғали мен Ерік мені жиырма бес жасымда: «Шал, шал», - деп сөйлеп, «шал» атандырып еді, кейіннен олардың жаңағы достары да мені «Шал» атап кетті. Соңғы рет Ерікті сапарға шығардан бір күн бұрын университетте көрдім. Екеуміз де бұрынғы «дәстүрді» сақтамадық. Әзілсіз байыппен сөйлестік. Мен ішімнен: «Уағым кесектенейін», – деген екен деп ойладым. Оның да: «Тобығым жіліктенейін деген екен», – деген ойда қалғанына еш күмәнім жоқ. Сол жолы бетін қақпай, қалжыңдаса салсам нем кететін еді? Бірақ тағдырдың тосын ажалын болжап білетін пайғамбарлық қайдан келсін. Сөйтіп, Еріктің ауызынан отыз жыл естіп келген «Шал» – деген сөз айтылмай қалды.

Міне, бүгін сол «шал» деген сөзді естімей-ақ, шалдықтырған шалдыққа да Еріксіз жеттік. Шал екеніміз шындық. Бірақ енді ешкім сені шал демейді. Сол сөзді айту үшін де, ол сөздің менің құлағыма жағуы үшін де бұл сөзді сол баяғы күндердегі егіз бүйрек – Баянғали мен Ерік қатар келіп айтуы керек шығар. Ол сөзді де естірміз-ау, бірақ, екі інімнің тел тұрып, тең сөйлегеніндей қайдан болсын! Мен бұл сөзді тәмсіл үшін емес, жанымның құмығып қалған өкініші ретінде айтып тұрмын. Өйткені бұл сөзде өткен өмір бар, өртенген өзек бар, өкінішті тап бар. Мүмкін, соңғы рет естуге жазбаған сол сөз ағаның кеудесінде азынап қалғандығынан шығар.

Аға дейміз-ау! Еріктің өзі де жаны күйген ағаның бірі болды. Кенжелеп туып, еркелі тентек, бұла мінезді боп ер жеткен Ерікті, кішілікке бойсынып қалған Ерікті ағалыққа жеткізген Бекзат бауырымыз еді. Ерікке көк бауырдай жабысқан Бекзаттың кішілігі де, кішіпейілділігі де, кісілігі де, ақ көйлектігі де бөлек бітімді еді. Екеуі күндіз-түні ажырамады, жүрек жылуы бірін-бірі жылытты, өкпелері бірге тыныстады – деуге болатын аға-бауырлық еді. Ерік үшін айтысқа Бекзат дайындалып, Бекзат үшін емтиханды Ерік тапсыратындай көрінетін және екеуінің жарасымын айтсаңшы. Бекзаттың туған ағалары Мұхамеджанмен достығымыз, Бекболатпен ағалығымыз болғандықтан да Бекзаттың бізге де сәлемі түзу болатын. Бірақ Ерікке көрсеткендей інілікті Бекболатқа да көрсеткен шығар. Ғұмыры енді басталған Бекзаттың жолы жолда үзілгенде жанына батырып уайым кіргізбейтін Ерік кәдімгідей омыртқасы опырылып қалғандай болды. Білетіндер әуелі Ерікке барып көңіл айтып, Еріктің үйінде құран қайырды. Сондағы Еріктің:

Мына қайғы басқа келіп орнар деп,

Кім ойлаған, ойлағанмен қорған жоқ.

Үш ағамның қасіретін ұмытқам,

Бұл өмірде, Бекзатым-ау, сен бар деп,

Үміт шіркін үзілген бе тіріден,

Үмітімді саған жалғап жүріп ем.

Әкем өліп, омырылып жатқанда,

Бекзатымау, өзің бар деп тұрып ем.

Сен де кеттің, сендей мені жебер кім,

Бұл қайғыға қалай төзіп, көнермін?!.

Қу талысы тарылмаған қара жер,

Сені жұтып тояр болса, көрермін!.., –

деген жан ашуында еш жасандылық жоқ екеніне біз куәміз.

Осынау ағалы-інілі болған үш-төрт жылдың ішінде бір-біріне мұншама бауыр басып, бір-біріне осыншама өмірге құштарлық силап, бір-біріне осыншама жұбаныш болған, бір-біріне ағалық пен ініліктің ыстық махаббатын сыйлаған екі азаматтың да – Бекзат пен Еріктің де өмірі жолда үзілді. Еріктің сол Бекзатқа арнап жазған жоқтауындағы:

Алынбаған кетті өмірден мың есең,

Айналыпсың жас қабірге, міне, сен.

Өмір қызық болар еді, біздерге,

«Тойың тойға ұлассын!», – деп тілесе ел, –

дегеніндей, дәл бүгін Ерікке де: «Тойың тойға ұлассын!», – дейтін күн еді.

Жалпы алғанда Еріктің өмірі маған басталып барып, аяқталмаған жолға ұқсайды. Тіршілігінде де, тумысынан біткен табиғи мінезіне орай, бір нәрсені бастап кетіп, оны жол ортада қиналмай тастай салу оған қиынға соқпайтын. Сол сияқты бұл жолы да әдеттегісіндей байқаусызда басқа кеңістікке шығып кетіп, соңында қызығы тарқамай күтіп отырған тіршіліктің бар екенін, артында аға –бауыр, ақ некелі жар, бауыр еті – баласы қалғанын біле тұра, қайтып келуді ұмытып кеткен сияқты көрінеді де тұрады.

Басыма менің ақ қайың ғана ек дер ем,

Жұлқысып жүріп жығылар болсам ертең мен, –

деп өзі айтқандай, басында ақ қайың егілді ме, жоқ па, білмеймін.

Бірақта оның өзі қазақ өнеріндегі бір түп ақ қайың боп қалды. Өйткені ол өзінің қысқа ғұмырында «жүрегіне кір түсірген» жоқ. «Кірлеме, менің жүрегім» атты өлеңіндегі:

Жимаймын көкірегіме мен неге мұң,

Тірі өлген талайларды көрген едім.

Анадан туған жүрек – аппақ жүрек,

Білмеймін қандай күйде жерге енерін.

Жүргем жоқ жел сөз айтып желпінгелі,

Кірлетпеу жүрегімді сертім менің.

Беу, дүние, бір –ақ ретғұмыр бердің,

Ендеше, бір –ақ рет өлтір мені!, –

деген арманын орындады.

Ол өлеңінде де, өмірінде де жүрегіне кір жасырмай өтті. Ал бұл – мынау тіршіліктегі ең ауыр да, қасиетті парыз. Еріктің «арманының ақ құсының» топшысы сынғанымен де, оның «Ата қаз» аңсары қанатына кір жұқтырмай келер күндерге қарай самғай береді деп сенемін.

Тұрсын ЖҰРТБАЙ



17-28.02. 2009.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет