Қазақ – шығыс және орыс (еуропа) Әдебиеті байланысы



жүктеу 1.21 Mb.
бет4/6
Дата03.04.2016
өлшемі1.21 Mb.
1   2   3   4   5   6
: fulltext -> transactions
transactions -> А. Ф. Зейнулина филология ғылымдарының кандидаты, профессор
transactions -> Е. Жұматаева жоғары мектепте әдебиетті білімденудің инновациялық технологияларымен оқыту
transactions -> МӘШҺҮр-жүсіп шығармалары тілінің морфологиялық ерекшеліктері
transactions -> М. Н. Баратова Мәшһүр Жүсіп өлеңдерінің жанрлық сипаты Оқу-әдістемелік құрал Павлодар, 2007
transactions -> Азамат Тілеуберді
transactions -> Қазақ фольклорын зерттеу мәселелері: ХХ ғасырдың бірінші жартысы
transactions -> Табиғи орта жағдайын бақылау «Мониторинг принциптері және типтері»
transactions -> МӘШҺҮртану ғылыми-практикалық орталығЫ
transactions -> Р. М. Муталиева қазіргі қазақ әдебиеті
transactions -> Т. Сапаров Қазақ шығысының Өзен – КӨл атаулары

Түйін. Герольд Бельгер: «Академик В.М.Жирмунский шотыландықтардың «Эдвард» балладасы мен қазақтардың әйгілі эпосы «Қозы көрпеш-Баян сұлудың» арасындағы ұқсас әуендердің барлығын дәлелдеген жоқ па еді?» - дейді [33].

3.1 Мәшһүр - Жүсіп, Қошке Кемеңгеров, Пушкин, Лермонтов, Бунин шығармаларындағы үндестік

Бізді тағдыр «асылдың сынығы, тұлпардың тұяғы» Қошке атамыздың немересі Ризабек Кемеңгеровті көруге жазды. Ол өте биязы, нағыз ақсүйек еді. Дауысы жұмсақ, ыңылдап ән салғанды, домбыра шертуді жақсы көретін. 1993 жылдары біз жатаханада тұратынбыз, үйге шай ішуге жиі келетін, сонда бізбен сөйлесіп, домбыра тартуды үйретіп отыратын. Ол кезде мен кішкене баламын. Сонда да бәрі есімде қалыпты. Мен Ризабектің кішіпейілдігіне таң қалып, ойға берілетінмін, сонда мен әкемнің жиі айтып отыратын, тіліме Абайдың «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» - деген сөзі оралатын. Ризабек те текті, тұнығынан су ішетін асылдығын байқатып алатын. Ризабектің үй – іші Омбыда тұратын да, өзі салт басты сабау қамшылы жүрді, әңгімешіл, ара – тұра Қазақстанға көшіп келгісі барын да аңғартатын. Оған үй - күй болмады, бір жылдан соң қайта өз еліне кетіп қалды. Әкем ол - кезде академик З.Қабдоловтан тақырып алып «Қозы көрпеш – Баян сұлу» жырының көркемдік ерекшелігін» зерттеуді бастаған-ды. Әкем маған Ризабек ағаның жақсылықтарын айтып отыратын. Соның бірін айта отырғанды жөн көрдім. Ризабек аға Омбыға бір барғанда «Қозы көрпеш – Баян сұлу» жырының Омбы нұсқасын оқушы дәптеріне ерінбей маржандай тізілген жазуымен көшіріп алып келген екен. «Жақсының жақсылығын айт, ырысы тасысын» - деген осы-да дейтін Әкем. Сол аздаған жарқын жылдар артында мәңгілік өзінің жылы шуағын қалтырды. Кейіннен Ризабектің ұлы Қайырбекті Көкшетауда көріп қатты қуандым, әңгімелестім. Көп жайттар есте қалмапты.

Енді міне, тағдыр мені атасы Қошке туралы мақала жазуға бұйырды. Сондықтан да ең алдымен Ризабек ағаның алдындағы азаматтық міндетімді орындап алайын деп жазып жатқаным-да.

Асылы, мақала жазу оңай емес. Ал мен өзім жүрегіммен жақсы көрген адам жөнінде жазсам, шабыттанып отырып қалам сілтейтін әдетім бар. Қошке туралы да көп ойланып, көп толғанып жүрдім. Есіме, Қошке Кемеңгеров Пушкиннен аударған «Пайғамбар» өлеңі сап ете түсті. Жерден жеті қоян тапқандай, қатты қуандым.

Қошке Кемеңгеров:

Қаңғырдым, жан қинадым шындықты іздеп,

Елсіз жер, жапан түзде, жүрдім еңіреп

Тұр едім тоғыз жолдың торабында,

Көрінді жабырайыл алдыма кеп,

- деп аударады [34, б. 45].
А.С. Пушкин:

Духовной жаждою томим,

В пустыне мрачной я влачился.

И шестикрылый серафим

На перепутье мне явился - дейді [35, с 338].

Қошке Кемеңгеровтың дәл аудармасына сүйсінбеске лажың жоқ. Ең алдымен «Пайғамбар» тақырыбын таңдап алуының өзі ерлік. Кеңес дәуірі кезеңінде «Пайғамбар» түгіл өзінің туған ата – бабасының ата – тегінен безінген жұрт «Пайғамбарды» қайтсін. Бірақ, Қошке бұл – тақырыпқа саналы түрде жүрек әмірімен барды. Демек, Абай салған сара жол алла есімімен байланысты. Пайғамбар (Пророк) барлық ұлтқа тән ал оған барар жол, сенім әр түрлі. Мысалы, Кітаптардың кейбірі «Сахипалардан» тұрады. Бұларды: «Сұһұф» деп атайды. Кейбіреулері үлкен кітаптар. Сахипалар мына пайғамбарларға жіберілген:

10 сұһұф Адам (ғаләйһіссәлам) ға,

50 сұһұф Шіс (ғаләйһіссәлам) ға,

30 сұһұф Ідрис (ғаләйһіссәлам) ға,

10 сұһұф Ібраһим (ғаләйһіссәлам) ға,

Үлкен кітаптар:

1 – Тәурат: Мұса Пайғамбарға түскен.

2 - Зәбур: Дәуіт Пайғамбарға түскен.

3 - Інжіл: Ғайса Пайғамбарға түскен.

4 - Құран: Біздің Пайғамбарымыз Хазірет Мұхамметке (ғаләйһіссәләм) түскен [36, б. 5].

Джордж Гордон Байрон, А.С.Пушкин, М.Ю.Лермонтов, И.А.Бунин өздерін Пророк (пайғамбар) арқылы тапқан, өздерінен де жоғары күш иесіне табынған. Сондықтан да А.С.Пушкин, М.Ю. Лермонтов «Пророк», И.А. Бунин «Потомки пророка» өлеңдерін жазған. Біз тұңғыш Пайғамбарымыз Адам (ғаләйһіссәләм). Соңғысы Хазірет Мұхаммәд (ғаләйһіссәләмға) мінәжат етеміз. Алла: «әл Илаһ» деген атаудың арапша грамматика бойынша біріктіріліп айтылуы. Ұғымы: «Құлшылық істелуге лайықты зат». Түрікше – «Тәңір», Фарсыша – «Хұда», қазақша – «Құдай» [37]. Адам (ғаләйһіссәләм). Соңғысы Хазірет Мұхаммәд (ғаләйһіссәләмға) да Алла тарапынан бүкіл Адам баласына жіберілген (пайғамбар) екендігіне сенеміз. Сол сияқты христиан болсын, котолик болсын өздерінің құдайларына (Бог, Господь) пайғамбарларына: Иосиф, Моисею, Иисус, Давид, Соломон т.б. атайды. Мысалы: Библияда «И сказал фараон Иосифу: так как Бог открыл тебе все сие, то нет столь разумного и мудрого, как ты» - деп жазады [38, с. 45].

Сондықтан да А.С. Пушкин:

«Восстань, пророк, и виждь, и внемли,

Исполнись волею моей,

И, обходя моря и земли,

Глаголом жги сердца людей»

- деп жоғарыдағы Құдай (Бог) Пайғамбарға жалбарынады [35, с. 338, 339].

Қошке Кемеңгеров:

«Көзіңді аш! Тұр, пайғамбар, құлағың сал.

Орнына келтір менің бұйрығымды.

Жүрегін сөзбен жұрттың күйдір» - дейді,

«Аралап шөлді жерді, суды жерді»

- деп аяқтайды [34, б. 46].

А.С. Пушкиннің «Пайғамбар» өлеңі реалистік шығарма еместігі байқалады. Өйткені, оқиға реализмнен шығып кетеді де романтикалық мән-мағына, бітім болмыс алады. Бұл - көбіне XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың басындағы екі романтикалық ағымды еске түсіреді. Бірі – француздардың буржуазиялық төңкерісінің ықпалымен пайда болған реакциялық романтизм, екіншісі – философиялық ағартушылық романтизм. Шелли, Байрон, Гюго, Жорж, Санд – ағартушылық - төңкерістік романтизмді берік ұстанғандар болды. Тіпті, Гюго былай деп соқты: «поэты и писатели XIX века – дети французкой революции» [39, с. 6].

Феодальды – дворяндық әлемді оның мәдениетін құрту, жаңа экономикалық-әлеуметтік және идеологиялық қозғалыстар адамдардың санасына да сілкініс әкелді. Реакциялық бағыт, қарсыластарының ашу - ызасын тудырды. Олар ескі мәдениетті қаламады. Бұл – қарсыластардың жаңа тәртіпке бағынбауына ұрындырды. Қарсыластар лагерінен: ескіге қайтып оралайық деген ойлар айтылды. Мысалы: «Из лагеря сторонников старого раздавался призыв назад, к тем временам, когда господствовала вера, которую считали выше разума. Разум, утверждала представители этого лагеря, научил человека сомневаться, убил в нем веру, поселил смятение духа (Ноавалис, «Христианство, или Европа»; де Местр, «О папе»; Бональд, «Теория политической и религиозной власти» и другие) [39, с. 6].

А.М. Горький өзінің көптеген еңбектерінде романтизмнің бұл – екі бағыттардың қиыншылықтарын атап өткен болатын. Ол – романтизмді екіге: пассивті және активті деп бөлді.

Енді бастаған әңгімемізге қайтып оралуға болады, дінге сену философиялық қағида ретінде қаралды. Ислам дінін философиялық құбылыс ретінде қарау біздің ғалымдарда кездеседі. Бәлкім, рух, жан, аруақ, періште, шайтан деген ұғымдардың көзге көрінбей абстракты ұғым ретінде қабылдауынан туған түсінік болса керек. Ислам діні өз алдына бір әлем екендігі басшылыққа алынбай келеді. Жоғарыда бір құпия күш аллаға сенім, жүрек сезімін тудыратынын әркім білсе керек.

Абайшаласақ:

Махаббатпен жаратқан адамзатты,

Сен сүй ол алланы жаннан тәтті.

Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп

Және хақ жолы осы деп әділетті [40, б. 296].

Мінекей, Абай ойымен Пушкиннің ойы осы арада тоғысады. Қошке Абайды түсінеді ал Пушкинді ұқты ма? Әрине ұқты. Әйтпесе аудармас та еді. Дін адамзатты еркіндікке, өзінше ойлай білуге, шыншылдыққа, адалдыққа, қиялға тәрбиелейді. Алла жолын нәхақ деген адам адасады. Міне, осы – мазмұн Пушкин өлеңінде көрініс тапқан. «Пайғамбар» өлең басталғанда жоқ. Тек қана «мен» бар. Пушкиннің, Абайдың, Лермонтовтың, Қошкенің «Мені» оның ішінде менің де, сіздің де «меніміз» бар, қаңғырып шындықты іздейді.

Сұлтанмахмұтша:

«Шындықтың аулын іздеп түстім жолға,

Көремін не көрсем де осы жолда,

Шаршармын, шалдығармын,

Бірақ, бір табамын деп көңілім сонда»

-дегендей, шындықтың жолымен келе жатқанда «Жәбірейіл» келе қалады да «меннің» көзін сипап жіберіп, нұрын төгеді, құлағына сыбырлап, ішін айғай-шуға толтырады, аузына кіріп кетіп, тілін жұлып алады, ішін жарып, жүрегін алады, кеудесін тесіп, қатты жанған шоқ салады. Сөйтіп, «мен» қатты қиналып жатқанда жоғарыдан бір үн келеді: ол «үн» құдайдың (бог) үні еді, ол – «үн», «пайғамбарға» жұртқа көмектес, тұр, елді жерді арала «Көзіңді аш!» (М.Дулат «Оян қазақ!» еске аламыз) «Жүрегін сөзбен жұрттың күйдір» - дейді. Мұндағы басты кейіпкер «мен» пайғамбар да, «пайғамбар» мен. Идеясы: шындықты іздеп, қандай қиыншылыққа тап болсаң да дене мүшеңнен айрылсаң да бетің қайтпасын, Алла жолында төзімділікке, шыдамдылыққа шақырады. Мұхаммет (шартты алынып отыр) пайғамбардан үлгі алуға шақырады. Оқиғаға жәбірейіл мен пайғамбар қатысады. Пушкиннің «шестикрылый серафим» тіркесін, Қошке бірауыз сөзбен жабырайыл «жәбірейіл» деп алған. Осы бір сөздің өзі-ақ Қошкенің сауатты аудармашы болғанын дәлелдейді. Сенбесеңіз қараңыз: СЕРАФИ`М, -а, м.

В христианстве: ангел, относящиися к одному из высших ангельских ликов [41, с. 712]. Ал мұсылман дінінде періштелердің: жәбірейіл, әзірейіл, мекайіл, исрафыл Алла тағаланың ең жақындары. Жәбірейіл, алланың сөзін пайғамбарларға ұластыруға дәнекерлік етеді. Демек, Қошке тек қана орыс әдебиетін ғана біліп қоймаған «Құранды» ислам дінінің ережесін өте жақсы білген болып шығады ғой. Пушкиннің бұл – мысалы мұсылман дінінен алынған сияқты өйткені, періштенің кейбіреудің ажалы келгенде жанын алатынын, періштенің алланың әмірін орындайтынын, әлемнің тәртіп және ережелерімен міндеттендірілгенін қайдан біледі. Сол сияқты «И он к устам моим приник, И вырвал грешный мой язык» деген өлең жолы да көне түркі әдебиетінде кездеседі. Түркі әдебиетіндегі теңеулі метафоралық қолданыс: Как у испуганной орлицы (бүркіт); тура метафора: И горний ангелов (періште) полет; И жало мудрыя змеи (жылан), ұлғайту: И он мне грудь рассек мечом; И уголь, пылающий огнем; Как труп в пустыне я лежал (труп) көне түркі сөзі тұлыптың варианты т.б. ұқсас құбылыстар ұшырасады. «Бұзауы өлген сиырдай, Місе тұтып тұлыпты иін сауып Дулат жүр» (Дулат Бабатайұлы) еске түсіріңіз.

Қорыта келгенде, М.Ю. Лермонтовтың:

С тех пор как вечный судия

Мне дал всеведенье пророка,

В очах людей читаю я

Страницы злобы и порока [42, с. 491]

-деген өлең жолдарымен И.А. Буниннің «Потомки пророка» деген өлеңінде:

Мы не купцы с базара. Мы не рады,

Когда вступает пыльный караван

В святой Дамаск, в его сады, ограды:

Нам не нужны подачки англичан

- деп мұсылман дінін жақтап:

«Мы ходим не в кофейни, а в мечети,

На солнечные тихие дворы»

- дегеніне таң қалмасқа шараң да қалмайды [43, с. 325]. Бұдан біз Абай мен Қошке үндестігін де табамыз. Сондықтанда, Пушкиннің Қошке аудармасындағы «Пайғамбар» өлеңі романтикаға құрылған. Алла оның айтқандарын пайғамбарға жеткізіп тұратын елшісі періштелер, қиял ғажайып кереметтер: періште, ие, кие, ғажайып, ғайып, алып т.б. мен демондар: кесірлер, шайтандар, жезтырнақтар, жын-жік (Жер астынан жік шықты, екі құлағы тік шықты) т.б. Көзге көрінбей әрекет етушілер. Жұмақ, тозақ о дүние мен бұ дүниелік (фәни мен бақи) М. Арынның «Бес анығын» қараңыз. Тоқ етері діни шығармалар асқақ қиялды адам өмірімен, жанымен өре білген. Абайша айтқанда: «Алланың өзі де рас, сөзі де рас, Рас сөз ешуақытта жалған болмас» - дегеніне тоқтау қажет. Қошке соған мойын сұнған, алланың өзі де, рас, сөзі де рас – деп өткен адам екендігі, дәлелдеуді қажет етпесе керек.

Абай: «Алла деген сөз жеңіл» - дегенде «Алла» деп айта салу оңай дейді. Ал Алла жолына түсу, оның қағидасын, шариғаттарын орындау одан да қиын екендігін айтып тұрғанын аңғаруға болады:

The word Allah is easy to pronounce,

But the way to Allah lies not through the tongue.

The striving of the heart, the honesty of the soul:

Nothing is too awkward jor the truth [44, р. 50].

Ақылға сыймайтын Алла, адамзатқа ынталы жүрек арқылы келеді. «Жүректің ақыл сауаты, Махаббат қылса тәңірі үшін» неге? Себебі, аллаға деген махаббат шексіз. Адамзатты сүйудің өзі махаббат, сол арқылы өзіңді өзің сүйесің. Демек, сүйек пен сүй тектен тек түбірлес сөздер болмаса керек. Сүйегің кім – деген де осыдан барып шыққанында дау жоқ. Абай соны айтып отыр «You cannot reach Allah by reason. Oh, I haven`t got the lahguage to talk intelligently about Him!» «Ақылға симас ол Алла, Тағрипқа*» тілім қысқа аһ*! – дейді. Тағрипқа* - түсіну, білу, анықтау (арапша). Аһ* - (арапша) – бұл жерде амал жоқ, қайран деген мағынада.

Мәшһүр Жүсіп:

Алладан назыл болып қалам түсті,

Білдірді халал, харам - әрбір істі.

Баршасын ықласыңмен істеңіздер,

Аяттан тағылым алып әр жұмысты [45, б. 82].

Қазақ әдебиетінде дін тақырыбына барған, Мұхаммет пайғамбардың бейнесін жан – жақты сомдаған ол – Мәшһүр - Жүсіп екендігі хақ. Ақын өмір бойы бір жолдан «Алла» жолынан таймай өткен адам.

«Поэзия Востока никогда не была чуждой нам. У Пушкина мы находим стихи, навеянные Кораном. Персидской и арабской лирикой. Индия вдохновила Жукоского на сознание «Наля и Дамаянти» - поэтического пересказа из «Махабхараты». Эпопея Фирдауси подсказала Жуковскому его «восточную повесть» в стихах «Рустем и Зораб». Фет перелагал на русский язык стихи Хафиза и Саади. Есенин создал «Персидские мотивы». Многие и многие русские поэты ХХ века отдали свой талант переводу восточной лирики. В этом легко убедиться, взглянув хотя бы на перечень переводчиков данной книги, - в нем имена Анны Ахматовой, Бориса Пастернака, Николая Тихонова, Ильи Сельвинского, Семена Кирсанова, Владимира Державина, Вильгельма Левика.

Поэзия Востока, как и всякая истинная поэзия, пережила века, победила время. Она побеждает и пространство, приходя ко все новым народам. Она стала живым достоянием и тех, для кого русская речь – родная стихия.

В безмолвии садов, весной, во мгле ночей,

Поет над розою восточный соловей,

Но роза милая не чувствует, не внемлет,

И под влюбленный гимн колеблется и дремлет.

Что это? Отголосок персидской, арабской, индийской лирики? Один из ее вечных мотивов? Да. И вместе с тем это стихи Пушкина, это наша поэзия. А вернее всего – наша весна, наша молодость, наша любовь...» - деп жазды Михаил Курганцев [46].

Пушкиннің «Недавно бедный муcульман» (89 с.), «Фонтану Бахчисарайского дворца» (202 с.), «Подражания корану» (207-208 с.), «Пророк» өлеңдері шығыс мотивіне жазылған. «Пророк» өлеңіне жоғарыда біраз талдау болғандықтан соңғы аты аталған өлеңдеріне талдау жасаймыз. «Недавно бедный муcульман» өлеңінде Юрзуф деген жерде Мехмет (Мұхаммет) пен Фатима бала – шағасымен тату-тәтті өмір сүрген, тұрған. Олар әл-Құранды (әл-Құран) оқып, өздерінің өмірлеріне қанағат тұтқан. Әйелі жылына босанып, бала табады. Фатима жүкті болып, қаймаққа жерік болады. Мұхамметке қаймақ әкеп берсеңші, өлетін болдым дейді. Мұхаммет қаймақты іздеп кетеді. Ұшы-қиыры жоқ даланы, әсем бұлақтар мен гүлдерді кең сахараны көргенде есі шығып кетеді де сол арада көктің исінен, әйелінің тағы да жүкті болғанынан қуанышында шек болмайды. Пушкин түркі (шығыс) мәдениетін тап басқан. Шығарма философиялық ойға құрылған. Мұхамметтің қаншалықты әйелін емес, далаға ие болатын «ер» дүниеге келетінін мансұқ еткен. Ер бала қара шаңырақтың иесі, даланың иесі. Міне осы иедеяны Пушкин дәл тапқан.

«Фонтану Бахчисарайского дворца» Пушкиннің қиялында «суатқыш (фонтан)», шығыстың гүлзары, көздің жауын алатын Мария мен Зарема екі сұлу, фонтанның аспанға атылған күміс шашындысының сәулемен астасып жігіттің жүрегін қытықтайды. Мына жаққа қарасаң ұшы-қиыры жоқ құм. Ал арасында гарем (жезөкшеледің үйі). Ол уақытта гарем (қызға кім көрінген бара бермеген, бір ғана адамға қыздар тәуелді болған, қазіргі жезөкшелерден айырмашылығы болған). Гарем мен сұлу қыздарды Пушкин таза мөлдір сумен салыстыра отырып, сұлулық пен мөлдір судан ұқсастық іздейді.

«Подражания корану» табиғаты өзгеше өлең. Пушкиннің осы өлеңін оқып отырып өзі де мұсылманның тұқымынан емес пе екен деп қаласың. Пушкин өлеңінде шығыстың қанжарын, әділ жекпе-жегін айта отырып, Құранмен ант етемін – деп өлеңіне қосады:

Клянусь я утренней звездой,

Клянусь вечернею молитвой – дейді.

«Құранды» басына көтереді, алланың растығын мойындайды:

Люби сирот, и мой Коран

Дрожащей твари проповедуй

– дейді. Пушкин Мұхаммет пайғамбарды да айта отырып, «Құранның» дүниенің, ғылымның, әлемді танудың, танымның кілті екендігін жоққа шығармайды:

Творцу молитесь; он могучий:

Он правит ветром; в знойный день

На небо насылает тучи;

Дает земле древесну сень – дейді де,

Пророк, удали

Печальные мысли,

Лукавые сны!

До утра молитву

Смиренно твори;

Небесную книгу

До утра читай!

- деп, Алладан жәрдем, көмек сұрайды. Өлеңнің мазмұны Алланы мадақтау, Алладан басқа жаратушы жоқ дегенді айтады. Бұл идеяны ол өзінің жоғарыдағы «Пророк» өлеңінде де жақсы насихаттаған. Пушкин мен Мәшһүр - Жүсіпті жақындастыратын Алла, Мұхаммет пайғамбар және «Құран». Мәшһүр - Жүсіптің мұсылман жолын ұстап, тек қана Алла деп өткенін өлеңдері мен дастандарынан білеміз. Жалпы ақындардың ішінде дін тақырыбына барған, Алла есімімен «Құранды» өмірінің соңына дейін айтып өткен, өте көп жазған тек қана Мәшһүр - Жүсіп.

Мәшһүр - Жүсіп:

Алланың өзі жалғыз, құдіреті кең,

Бір ғажайып аты бар дүр, заһары – мың.

Тарурат, Інжіл, Забурда – тоғыз жүзі,

Құранда тоқсан тоғыз аты бар шын (104).

Немесе,


Кім білер әуел-ахыр хақтың сырын,

Нәрсе жоқ бір өзінен басқа бұрын.

Ғаламға өзін заһар қылмақ үшін,

Жаратты Мұхаммедтің әуел нұрын (105).

М.Ю. Лермонтов «Подражание Байрону» деген өлеңінде:

Не смейся, друг, над жертвою страстей,

Венец терновый я сужден влачить;

Не быть ей вечно у груди моей,

И что ж, я не могу другой любить.

Как цепь гремит за узником, за мной

Так мысль о будущем, и нет иной – деп алдыңғы айтылған Пушкиннің ойына ой қосады. Өзінің «Жалобы турка» (46) өлеңінде ресей халқы сияқты түркі елі ауыр азап шегіп жатқанын шет елдік досына арнап жазған сияқты жеткізеді. Менің де отаным деп Лермонтов өзінің де елін есіне алады. Шындықты кейде өтірік жабады. Сондықтан мен шындықты айтып өтемін деп:

Пусть истину скрывает ложь:

Что ж делать? – Все мы человеки!...

- деп бітіреді.

Мәшһүр - Жүсіп шығаhмасында «періште» негізгі орынды алады. Періште Алланың жіберіп отырған шайтандарға қарсы күресетін құдіретті күш иесі. «Ғазірейіл періште жан алғалы келгенде, жанның айтқаны» - деген Жиырма бесінші бапта (182) Жаны, рухы онша таза емес адамға жанын алуға періште келеді. Жан мешітке барғанмын, садақа бергенмін дейді. Періште Меккеге барғанын, Құранды оқығанын, Бисмилласы аузынан түспейтінін естиді:

Сүйікті, жанын алар, пендесінің,

Жаныңыз қонақ ерүр пендесінің.

Періште сол Ғазірейіл келген шақта,

Халдары нешік болар біз ғасының – дейді (182).

Лермонтов:

По небу полночи ангел летел

И тихую песню он пел;

И месяц, и звезды, и тучи толпой

Внимали той песне святой – деп (213)

Мәшһүр - Жүсіп сияқты Алланың елшісі екендігін, Лермонтовта (Бог) жұмақтың бағынан келген періште дейді. Адамның жанына жылылық әкеледі, бірде көңіліне қайғы да салады деп жазды. Ал періштені жердегі өлең айтқан тіршілік иелері жалықтырады дейді өзінің «Ангел» - деген өлеңінде.

Мәшһүр - Жүсіп «Жер мен көк» қисасында Жер мен көкті жаратушы бір Алла. Нұр мен көк байланысты дейді. Зұлымдықты жер көтерсе де көктегі Алла көтермейді. Сондықтан, өзінің елшісі пайғамбарды көмекке жібереді. Алланың ата - анасы жоқ. Сондықтан көктің нұрын сыйла жарық сәуле, сенің жүрегіңді бойласын, оның қадірін біл деген мазмұндағы ой айтылады. Лермонтовтағы жер мен аспан туралы ой Мәшһүр - Жүсіптің ойына да ұқсайды. Бірақ, Лермонтовтың аспаны мен жері жерді тіршілік етіп жатқан адамның өмірімен тағдырымен байланыстырады. Құдай айтылмаса да Құдай бар екендігін мойындайды. Ерекше жаратушыны білмесекте, көрмесекте оның құпия күшіне сенеміз дейді. Мысалы «Земля и небо» (285 бет) деген өлеңінде:

Как землю нам больше небес не любить?

Нам небесное счастье темно;

Хоть счастье земное и меньше в сто раз,

Но мы знаем, какое оно - дейді.

М.Ю. Лермонтов құдайды өзіне пір тұтқан. Өнер бір Алладан келгенін жанымен түсінген. Әйтпесе ол: «Я – или Бог – или никто» демес еді. Ал, «Пророк» деген өлеңі туралы біраз айтылды сондықтан қайталап жатпаймыз. Бірақ, мынаны сыншылар ескермеген М.Ю. Лермонтов «Пророк» өлеңін жазды, онда пайғамбарды сынайды, тіл тигізеді дейді. Мүлдем олай емес, мұнда ол «Пророктың» пайғамбардың атынан сөйлейді. Пророк кейбір адамдардың өзіне сенбейтінін, өзін жек көретінін айтып өтеді. Соны Лермонтов пайғамбар болып жырлайды.

И.А.Буниннің лирикасында шығыс мұсылманы көп жырланады. Шығысты Бунин өте жақсы көрген ол: «Я вообще люблю Восток и восточную религию» - дейді. Оны шығыстың мәдениеті, тұрмысы, салты, әдеті, өмір сүру нормасы, мінез құлқы, қатты қызықтырды. Бунин көне өркениет туралы, көне шығыстың жоғалып кеткен құпиясына көңіл бөледі. Ол ақын ретінде бөтен мәдениетпен бірігіп, астасып кетеді. Буниннің «Могомет в изгнании» (1906) шығыстың көне аңызын пайдаланғаны білінеді. Мұхаммет пайғамбар жалғыздықта өмір сүріп, оның өсиеттерін Меккеліктер түсінбеген екен. Содан ол онша алыс емес Тайиф деген қалаға қоныс тебеді, бірақ, оны қала онша жақсы пейілмен қарсы алмайды. Буниннің өлеңдерінің негізгі тақырыбы пайғамбардың жалғыздығы болды, оны қарапайым адамдар оқығанымен түсінбеді, себебі дін халықтан аласталған еді де олар немқұрайлы қарады. Халық кім? Олар үстем тап өкілдерінің соғысқа жұмсайтын құралы болды. Буниннің пайғамбары жалпы халықты емес, соған кінәліден қашып отыр, олар күнәһар дейді Бунин.

Мысалы:

На песке, босой, с раскрытой грудью,



Он сидел и говорил, тоскуя:

«Предан я пустыне и безлюдью,

Отрешен от греха тех, кого люблю я!» - дейді.

Бұл арада жоғарыдағы Лермонтовтың «Пайғамбар» өлеңімен әдеби аллюзия құрайды.

Посыпал пепел я главу,

Из городов бежал я, нищий,

И вот в пустыне я живу,

Как птица, даром божьей пищи

– деген еді Лермонтов. Мұндай ұқсастықты Мәшһүр Жүсіп поэзиясынан да табамыз. Мұхаммет пайғамбардың өзі де мұсылман діні жолында халықтан тианақ таппай көп қиыншылық көрді. Кеңес дәуірі кезеңінде Мұхаммет пайғамбар да қуғында болды, атын атауға, сенуге, құлшылық етуге, құран оқуға тыйым салынды. Атаның моласы бұзылды, өзі өмір бойы қуғында болды. Еңбектері өртелді. Бунин Шығыстың қатаң әдемілігіне қайран қалды, пайғамбардың ақылдылығына, оның ренішіне ортақтасқысы келді. «Магомет в изгнании» - деген өлеңінде өзінің ежелгі ойын жалғастырып, пайғамбарды ақын ретінде алады. Бірақ, Бунин өлеңінде пайғамбар жалғыз. Оның Шығыс пайғамбары орыстың дәстүрлі пайғамбарымен үндеседі. Буниндік өлеңінде «Могомета в изгнанииде» «қатаң қатып қалған қағида ия болмаса салтанатты» тәсіл ретіндегі метафоралық тәсіл қолданылмайды. Оның орнына көбіне речитативтік-қайғылы интонация (С.Негимов – қазақ поэзиясындағы интонациясын еске алыңыз-Ә.А.) қарапайым лексика: «позабытый богом», «босой» с «раскрытой грудью», архайзмы: «предан пустыне», «отрешен от тех, кого люблю я» ұшырасады. Пайғамбардың қиналысын, шындық деп шырқыраған жан ауруын қарапайым халық түсінбеді. Оны Бунин шығыс графикасының фонында: «каменистый лог», «песок», «пустыня», «скалы» - бұл – жер: Мұхамметтің сағынышпен туған елін еске алып отыратын орны. Буниннің поэтикалық құралы тым қарапайым. Оны біз «Могомет в пустыне» деген өлеңінен көреміз. Бұл - өлеңде алғашқы шығыстың әсері, бояуы жойылған, тым солғын тартқан. Оның орнына Мұхаммет пайғамбардың жалғыздығы, сахарадағы шыбынның ызыңы білінбейтін тыныштығы қатаң дыбыстар: п, к, с, т (скорбные слова, на песке, босой, с раскрытой грудью, тоскуя) арқылы беріліп, аллитерациялық дауыссыз дыбыстар қатарын құрайды.

Буниннің бұл өлеңі сыртқы тұлғасы жағынан жұтаң болғанымен, өлеңі терең мәнді философиялық ой арқылы айтылады. Шығыс пайғамбарының образы алынып орыс пайғамбарына айналған Буниннің пайғамбары ылғи жалғыздық көреді, үнемі адамдардың қуғынында жүреді. Сондықтанда соңғы өлең шумағының соншылықты қайғылы болып аяқталғанын оқып қаралық:

И сказали духи: «Недостойно

Быть пророку слабым и усаталым».

И пророк печально и спокойно

Отвечал: «Я жаловался скалам».

Жалғыз қалу, табиғатпен сырласу қазақ ақындарында да бар тәсіл. «Су мүйіз болған танадай, Шыр көбелек айналам»; «Місе тұтып тұлыпты, иін сауып Дулат жүр»; «Бұзауы өлген сиырдай, жұртқа мөңіреп ой қайтты» (Дулат Бабатайұлы.). «Жартасқа бардым, Күнде айғай салдым, Одан да шықты жаңғырық»; «Ұлыған күшік секілді, жұртқа үріп ой қайтты» (Абай);

Мәшһүр - Жүсіп (Пайғамбардың өсиеті- Б.82):

Ай, қауым, құлақ салып тыңдаңыздар,

Өлімнен әуез нығыма болды хабар.

Рабтымды (Раббыма) жолықпаққа мүштақ дүрмін,

Көңілімде үмбет үшін өкінішім бар



- деп Пайғамбар өзінің жиналған үмбеттеріне наза қылып айтады. Бунин өлеңіне философиялық мағына беріп, жаңа қырынан өлеңнің мәні мен мазмұнын байытты. Айя – София – мешіті мусылмандардың Стамбұл қаласындағы табынатын қасиетті орны. Аттас өлеңдер Бунинде шығыс сарынында жазылған, ондағы баяғы кейіпкер өлеңнің мазмұнына кірмеген сырттан бақылап ойын айтады. Бұндай сырттан үшінші (авторлық) байқау Мәшһүр Жүсіпке де тән қасиет екендігі байқалады. Мысалы: «Абыраһа мен Мұталаб», «Мұхаммед пен Әбужаһил», «Мұхаммедке пайғамбарлық келгені», «Пайғамбардың соңғы тілегі», «Пайғамбардың өсиеті», Мұхаммет пайғамбарға арналған дастандар: «Хаятбақшы», «Пайғамбардың дүниеден өтуі»; Мұхамметтің ізбасарларын бейнелеген шығармалар: «Ахтам хазірет һәм Ғалы батыр», «Сараң бай мен Ғалы арыстан», «Ғалының мырзалығы» т.б. романтикалық бейнелер ақынның қиялының жемісі. Көбі діни әдебиеттерді оқығандағы немесе Құранның қағидасына жүгінген бейнелер. Бұл – бейнелерді абстракты тұрғыда ғана сана - сезіммен ұғына аламыз. Мұсылман әлемінен келген сюжеттерді Мәшһүр Жүсіп қазақшалап, қазақы дәстүрге бейімдеп жырлағаны байқалады. Бунинде шығыс әдебиетімен келген сюжеттерді орыс (еуропа) әдебиетіне жақындатқан. Мәшһүр Жүсіп те, Бунин де екі суретті оқиғаны, екі әлемді, екі философиялық өмірді көрсетуге тырысқан. Бұндай әрекет, қазақ ішінде әлі де болса келе жатыр. Қазақтар мұсылманбыз дейді де, мұсылманның бес парызын орындамайды. «Құран» оқылған жерден шыға салысымен кейбірі арақ ішіп, теріс қылықтар жасауға бейім тұрады. Содан бағанағы мұсылмандықтың бір белгісі де қалмайды. Екі әлем деген осы да. Буниннің «Айя - София» өлеңі нақты екіге бөлінген. Біріншісі – мешіттегі шайхының Құранды оқығаны, жұрттың Құранның құпиясына елітіп, қорқуы. Екіншісі - өмірдің мәңгілігі. Фәниөмір мен бақи өмірдің бәйтерек арқылы жалғасып жатуы. Көктем мен бірге мал – жануар да, адамдардың да бүр жаруы, өмірге, тіршілікке деген құштарлықтың оянуы. Адамдардың бақытқа, сәулелі, жарық өмірге деген құлшынысы, тоймауы. Мінекей, осы аталған екінші жайттар Бунинде жақсы ашылған Құранның қағидасын орындамағандар о дүниеде жаны тозақта болып, күнаһарлар тозақтың отымен күйеді дегенге баса көңіл бөлінген. Өлеңдегі барлық детальдар, атап айтқанда фактілік лирикалық сюжеттер, пластикасы ақын – Бунин мен прозаик Бунинді жақындастырған. Сондықтан да «Айя - Софии» өлеңіндегі басқы екі жолда көбіне ашық лексикалар: («светильники горели», «угрюмый мрак», поэзияның тереңдігі «купола необъятного»), ал жаман мінез-құлықты шайхының қисық қылышы («кривая сабля», «старх царил в толпе») сияқты сөздер арқылы берілген. Қалың тобыр «соқыр, өліп жатыр, ештеңемен ісі жоқ» Бунинде осылай өлім әкелушінің бейнесі қалыптасады. Жоғары күш иесінің қаһарлы қолы күнаһарларды жазалайды. Мұндай «соқыр» бейнесі Мәшһүр Жүсіп шығармасында да орын алған. Мысалы: «Соқыр, мылқау, жалаңаш» өлеңіндегі «Соқыр» күллі адамзаттың проблемасына айналды. Мәшһүр - Жүсіп «Соқыр» бейнесін жаңғыз адамның бейнесінде алғанымен күллі адамдардың табиғатпен бетпе-бет келгендегі мәселесін не? Көр соқырлық емес пе? т.б. айтылады. Буниннің өлеңінің екінші бөлімінде сәулелі жарық ауысады, өмірдің сәулесі (көкірек сәулесі) қараңғы өмірді жеңеді. Бунинше: («А утром храм был светел...»), күннің сәулесі пайда болады («И солнце ярко купол озаряло») , Бунин қасиетті «Айя Софии» өлеңіне християнның символына айналған көгершіндерді ұшырады, сөйтіп өлеңіне християндық сипат та бергісі келеді. Өлеңнің бірінші бесжолдық ямб композициясы бірінші жартысына екі пиррихимен бөгеледі де өлеңнің жан - жағына көлеңкелі қорқыныш реңін ендіреді. Ал екінші жартысында бұл – пиррихилық жағдай көрінбейді, жолдағы: «А утром храм был светел. Все молчало», өлеңнің көлеңкелі тұсы сәулеленіп, әуендік құрал аллитерациямен шығарып салынады. «Смиренная и священная тишина». Буниннің өмірге деген құштарлығы Мәшһүр Жүсіптің өмірге құштарлығымен бірдей. Екеуінде де өмірге деген қуанышқа кенелу жолы өте ауыр. Адамдардың өміріндегі махаббат, өмір, көктем дегендер бір - бірімен өте тығыз дүниелер.

Бунин: («Простор небес и воздух сладко звала / К тебе, Любовь, к тебе, Весна!»).

Мәшһүр - Жүсіп «Жер мен көк-110 бет» қиссасында:

Қараса егер солар Ай мен Күнге,

Ай мен күн ұялғаннан болады өңге.

Тісі бар маржан, жақұт, лұлу иек,

Хисапсыз шашбауында таққан теңге.

- деп ақын, көктегі жеті қат түп ағаш, ғаршы, күрсі нұрдан пайда болғанын, т.б. баяндайды. Бунин де дүниенің тіршілігі пайғамбардың нұрынан пайда болғанына қарсы болмайды. Демек, Мәшһүр - Жүсіпте де, Бунинде де әлемнің көлеңкелі тұсы мен әлемнің нұры бірдей, екеуі де шығыс поэтикалық колориттан шықпайды. Бірақ, екеуінің бұл – жолға келуі екі түрлі. Философиялық талдаудағы: қорқыныш пен өлім, қуаныш пен нұрлы өмір о дүниеге барар, бірақ жол ол-Алланың әмірімен орындалады дейді. Буниннің айтуы бойынша адамдардың ұлы тарихи өмірге келуі, ұрығы шығыстың имандылық - діни рухының нәтижесінде болатыны, әсіресе, Шығыста адамдардың Алланың құдіретті күшімен үндесуін, бірлікте қарастыруы болатыны нақты жырланады. Бунин шығыстың Құранына, Алланың құдіретті қасиетті күшіне басын иеді, сенеді. Буниннің өлеңдері шығысқа бағытталған (ориентирован), шығыстың дәстүрлі салтына бағытталған, оның өлеңдерінде адамның табиғатпен байланысы, Құдайдың әмірімен жүзеге асатын дүние. Адам мен табиғат шығыстың игерілмеген құмды сахарасында бетпе-бет келеді, Адам әр уақытта Алладан ғана көмек сұрайды дейді. Шығыс тақырыбына арналған «Шығыс», «Шығыс циклынан» аяқталмаған осыны көрсетеді. Ал «Ковсерь» (Кәусер – жұмақтың суы) («Мираж»- Пайғамбардың көкке көтерілуі) Мәшһүр – Жүсіптің «Миғраж – (146 бет) дастаны тығыз байланысты.

Мысалы: Мәшһүр - Жүсіп:

Бірі – пырақ, біреуі – Миғраж нұры,

Біреуі – төрт періште: дүние гүлі.

Бірі – төсек, біреуі – жасыл иін,

Қонаққа осылайша барған жері - дейді.

Бунин бұл - өлеңдерін 1903-1906 жж. «Ислам» - деген атпен жариялады. Кәусер бұлақ, жұмаққа барғандарға мәңгілік өмір сыйлайды. Кәусердің суы балдан тәтті, қанттан да дәмді, сүттен ақ, түбінде маржан тастар жатады.

Бунин былай суреттейді:

Здесь царство снов. На сотни верст безлюдны

Солончаков нагие берега.

Но воды в них небесно – изумрудны

И шелк песков белее, чем снега.

Осы арада Адам құдаймен бетпе – бет келеді. Барлық әлем, адамның барлық өмірі – шөл дала, бірақ бір Алла ғана ұшы – қиыры жоқ әлемде ғұмыр шегеді және миражда өмір сүреді. Мираж шөл дала мен адамды жұмаққа апаратын жол, адамды Құдайға апаратын жол. Көзге көрінбейтін Адам мен Құдай арасындағы шек бір – бірімен жанасады, қосылады. Әлем ұйқыға кеткендей болады. Ал бір жерде жұмақтың кәусәр бұлағы ағып жатады.

Оны Бунин:

И в знойный час, когда мираж зеркальный

Сольет весь мир в один великий сон,

В безбрежный блеск, за грань земли печальной,

В сады Джиннат уносит душу он.

Мәшһүр - Жүсіп:

Қыздарға берген болсам мәңгі суын,

Көтерер үмбетіңнің ол Һәм туын.

Мұхаммет үмбетіңе махшар күнде,

Салсабил, ішкізейін, ұжмақ суын – дейді (154).

Кәусер «Ковсерь» шөл даланы көз алдына елестетеді. Романтикалық бейне кәусәр адамға тыныс, тіршілік береді. Өмір сүруге рух, жігер береді. Адам тыныштық мекені «Жаны жәнәттә» болсын дегендегі «жәнәттан» денесі орын алып, Жаны ұшып кетеді де дене бір сәтке тыншу тапқандай болады. Ал ол жақта кәусәр бұлағы ағып жатады. О жақ «бақи» өмір. Кәусер Бунин үшін негізгі бейне болып табылады. Бұлақтан басқа автор шығыстың контрасты бейнелерді шыжығын күнді, аспан айналып жерге түсетін сахара құмды, шөл даланы, сол сияқты жолаушы ұзақ жолдан шаршағанда дем алатын жұмақ «жәнәтті» суреттейді. Негізінен Бунин шығыс пейзажын, құмды сахараны «көңілі қалған еуропалық» көзқараспен көреді. Ол өзінің ұғымын мына айқындаулар (эпитеттермен): небесно – изумрудные (воды), сизые (полыни), адский (огонь), зеркальный (мираж), лазурная (Ковсерь); теңеу: «шелк песков белее, чем снега»; ашық метафора: «в безбрежный блеск, за грань земли печальной, в сады Джиннат уносит душу он». Міне, осылай адамзат үшін жаратылған сиқырлы жоғалған жұмақ бейнесі өсіп шығады. Оның рахатын тек қана шыдаған адамдар ғана көре алады: «терпи, молись – и верь» дейді Бунин. Бес жолдық ямбы өлеңге ұйқылық, құмның тыныш нышанын береді. Бунин өлеңінде Қағба, Мекке, Қағбаның тарихынн Адаммен, Авраммен байланыстырады. Буниннің «Қағбаның қыры тасы» «Черный камень Каабы» өлеңі өз алдына қызық сюжетке құрылған:

Аллах! Аллах! Померк твой дар бесценный-

Померк от слез и горести людской!

Қағба – бойтұмар сияқты күллі әлемнің мұсылмандар табынатын орыны. Қағбаға барлық тәу жасап келген адамдар өзінің ашық, шын көңілімен жылайды, өткен қателіктеріне өкініп тұрып, Алладан кешіруін сұрайды. Бунин Қағбаны Құдайға сенетін символ – дейді. Біржағынан бұл – адамдардың орындалмай жүрген жұмақ туралы арманы, сағынышы, ащы көз жасы. Қағба үн – түнсіз адамдардың табынуын қарсы алады, оны ешқандай кінәламайды. Ол адамдардың барлық – ащы өмірін өзіне қабылдайды да өзінің алғашқы әсерін кетіреді деп жазды еуропалық көзқарастағы Бунин. Буниннің метафоралық Қағба бейнесі барлық сонетті (үш Катрин бір екіжолды өлеңді) қамтып, оны «драгоценной яшмой»:

Он драгоценной яшмой был когда-то,

Он был неизреченной белизны-

Как цвет садов блаженного Джинната,

Как горный снег в дни солнца и весны-

- деп екіжолды өлеңге дейін қайталайды:

Аллах! Аллах Померк твой дар бесценный-

Померк от слез и горести людской!

Мәшһүр Жүсіп «Абраһа мен Мұтылаб - 40» :

Мұтылаб Қағыбаға қайтып келді,

Қауымына көргендерін айтып келді,

Меккеден халықтың бәрі көшіп шығып,

Малымен манхикүм тапиқаға барып кірді.

- дейді.

Буниннің «Зейнаб» (эйнап араб. - жүзім). Зейнаб (Зейнеп) шығыс қыздарның сұлулығын суреттейді. Зейнептің құманға су толтырып алып көтеруінен ақын шығыстың тал шыбықтай бұралған талдырмаш аруын көреді. Шығыстың махаббаты ыстықта мөлдір су ішкен арудың іс-қимылымен тең. Бунин адамның әдемілігімен табиғаттың сұлулығын үйлестіре білген. Мүмкін шығыс тақырыбын Буниннің қанынан да іздеу қажет шығар. Буниннің арғы ата – бабасы Василий Андреевич Жуковский түркінің Салиха деген қызынан және бай-манап Бунин ұлы [47]. Біздің есімізге Абайдың «Ескендір» поэмасына әсер еткен В.А. Жуковскийдің «Екі повесть», «Москвитянинді» шығарушыға жаңа жылдық тарту» өлеңінің сюжеті ғана түскен жоқ. Жуковский шығыс әдебиетін мейлінше білген. Ол Гомердің «Одессейін», Шығыс эпосы «Махатхаратаны», Фердаусидің «Шахнамасын», Байрон, Шиллер шығармаларын аударған. Пушкин қаны жағынан бекерге Жуковскийді арқа тұтып ұстаз санаған жоқ. Демек, Бунин де атасы сияқты шөл даланы, құмды сахараны өте жақсы көрген. «Ескендірге» Талмұт Еврейлердің әсері емес, керісінше Шығыстың эпосының сюжеті қатты ықпал еткен сияқты. Кеңес дәуірінің салқыны әдебиетке де ықпалы болды. Ұлы орыс шовинистік көзқарасы бәрі де орыстан (еуропадан) алынған сияқты болды. Ал ұлы орыс (еуропа) зиялы ақындары үшін, «Шығыс» мәдениеттің терезесі болғанын осы зерттеу еңбектен көзіміз анық жетті. Ойшыл орыс (еуропа) ақындары, жазушыларының кейбірі Құдайға, Пайғамбарға сену керектігін ұқты. Болашаққа сенім жоғалса, нәзік мәдениеттен жұрдай болып, тағы мәдениетке ұрынатынын, халқын сақтандырғысы келетіні байқалды. Бірақ, орыс (еуропа) мәдениеті шығыс (түркі) мәдениетін «тағы» мәдениет деп қабылдамады. Құранды менсінбеді. Оның асыл қағидаларын түсінгісі де келмеді. Ата – бабасының асыл мұрасын бұрмалады, жабық тақырыпқа айналдырып жіберді. Соның зардабын қазір азғындық жолға түскен ұрпақтары көруде.




1   2   3   4   5   6


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет