Қазақ биінің эстетикалық тәрбие берудегі рөлі



жүктеу 113.82 Kb.
Дата25.04.2016
өлшемі113.82 Kb.
ӘОЖ 793.3
Қазақ биінің эстетикалық тәрбие берудегі рөлі
Мурзабаева Гүлбану Елубайқызы

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік Университеті,

аға оқытушы
Әр халықтың ұлттық мәдениеті халықтың ежелден келе жатқан өзіне тән өнері, әдет-ғұрып, салт-дәстүрі есебінде жетілетіні белгілі. Сол себепті, бүгінгі таңда халықтың дәстүрлі өнер түрлерін, оның ішінде би өнерін, жинақтап зерделеудің, оның айналасындағы тәлім-тәрбиесінің мол тәжірибесі негізінде жасөспірімдерді тәрбиелеудің қажеттігі өсе түсуде. Сондай-ақ, еліміздің қоғамдық-экономикалық өміріне нарықтық қатынастардың енуіне байланысты өзгеріске түскен саяси-экономикалық, әлеуметтік-мәдени, рухани қарым-қатынас жағдайлары жас ұрпақ тәрбиесінің мәселелерін осы үдеріс талаптарына сай ойластыруды қажет етеді.

Хореографиялық ұжымдардың репертуарында қазақтың ұлттық билері жылдан жылға үлкен бір орын алуда. Ол билерді жоғарғы оқу орындарында, мектеп оқушыларымен қатар кішкене бүлдіршіндер де орындайды. Сонымен қатар, мектеп қабырғасында өткізілетін мерекелік іс-шараларда балалар және көпшілік орындайтын қазақ билеріне қатысады.

Қазақ биіне деген жанды қызығушылығын эстетикалық тәрбие беру мақсатында кеңінен қолдануға болады. Халқымыздың ұлы перзенті Абай Құнанбаевтың "артыңа із қалдырғыңыз келсе, кейінгі ұрпаққа адамгершілік нұрын сеп, білімге тәрбиеле, болашағымыз өз ұлт өнері мен мәдениетінің тұнығынан сусындап, тарихын терең түсінетін болсын" деген өсиеті де болашақ ұрпақты өнер-білім арқылы тәрбиелеудің қажеттілігі мен маңыздылығын дәлелдейді[3, с121]. Бүгінгі ұрпақ ұлағатты тәрбие ала алатындай біздің мәдени-рухани мұраларымыз өте бай. Жас ерекшелік кезеңнің даму ерекшеліктеріне сәйкес, эстетикалық тәрбие беруді аса қажет ететін кезең болып саналады. Бұл қажеттілік жастардың өмірінде біріншіден, адамгершілік, азаматтық, көркем шығармашылық – рухани сезімдерінің белсенді дамуымен; екіншіден, өзіндік санасының дамуына байланысты эстетикалық талғамының тұрақтылығымен; үшіншіден, сана-сезімі мен өзіндік санасының даму деңгейіне байланысты эстетикалық талғамы, көзқарасы, бағдары және қажеттілігі біртұтас жүйе болып қалыптасады деп айтуға болады. Осыдан, жастардың өмір салтының мәні мен басты құндылығы – әсемдік пен әдемілікті сезіну болып табылады.

Эстетикалық тәрбие – адамгершілік тәрбиесі мен еңбек тәрбиесі арқылы ұштастырылған нәтиже. Адамгершілік тәрбиесі адам бойына қажетті ізгі қасиеттерді сіңірумен айналысса, еңбек тәрбиесі сол адамға қажетті іс-әрекеттерге дағдыландырады. Адамзаттың эстетикалық мәдениетін қалыптастырудың негізі эстетикалық тәрбие беруден бастау алады.

Эстетикалық тəрбие - бұл тұлғаның эстетикалық көңіл-күй –сезімдік жəне тұлғалық сана мен оған сəйкес іс-əрекет қалыптастыру жəне дамыту.Аталған тəрбие түрі тұлғаның өзіндік білім игеруі мен өзіндік дамуы барысында іске асады əрі құндылық мəнін иелейді. Эстетикалық тəрбие өз ішіне эстетикалық көңіл шарпулары (эмоция) мен бағамдарын туындататын болмыстың əсем нысандары мен олардың қасиеттеріне бағытталған тəрбие жұмыстарының формалары жəне əдістемелік жұмыстар түрлерін қамтиды.

Эстетикалық тəрбие жəне білім алудағы мақсаттар: тұлғаның өнер мен қоршаған болмыс нысандарын қабылдау, игеру жəне бағалау дайындығын дамыту; көркем өнер, рухани жəне дене шынықтыру мəдениеті саласында шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру. Эстетикалық тəрбие тұлғаның əсемдікті тануға орайласқан санасын (сезімі, бағамы, талғамдары, ұғымдары, мұраттары, құндылықтары мен көзқарастары), оның қасиеттерін, бағалау - эстетикалық қатынастарын жəне олардың əрекет-қылық пен мінезде, өз қалаулары мен іс-əрекеттеріндегі (қабылдауында, бағалауында, шығармашылық қызметтестік пен өзіндік жасампаздық, сезіне жауапқа келуінде, талдауда) көрінісін ашуға, анықтауға бағытталған.

Эстетикалық тəрбие бойынша қызметтер мазмұны: мұражайлар мен көрмелерге саяхаттар ұйымдастыру, көркем əдебиет туындылары бойынша конференциялар өткізу; дөңгелек үстел төңірегінде кездесулер ұйымдастыру; əйгілі орындаушылар (жеке əншілер, хор, оркестрлер) күйтабақтарын жинақтау; тірі табиғат бұрышын жасау, бимен айналысу және т.с.с.

Эстетикалық тәрбие болмыстағы және өнердегі сұлулық пен әсемдік дұрыс қабылдауды және эстетикалық сезім мен талғамды тәрбиелейді. Өнер және өмірдегі сұлулықты жасау, оған қатысу қабілетін қалыптасытырады.

Эстетикалық тәрбиенің мақсаты - жеке адамның эстетикалық мәдениетті қалыптастыру, оны жоспарлы жеке мақсатты түрде сіңіру болып табылады. Оның негізгі компаненттері:


  • эстетикалық қабылдау;

  • эстетикалық сезім;

  • эстетикалық талғам.

Балалар шығармашылық ұжымында эстетикалық тәрбиенің өзіне тән міндеттері бар:

  • эстетикалық сезімді эстетикалық қабылдауды тәрбиелуі. Әдемілікті сезу, көру әр адамда әр түрлі. Сондықтан оқушыларды әдемілікті сезу үшін би, ән музыкадан білімге үйрету. Білім арқылы оқушы сұлулықты бағалап, әдемілікті түсінеді.

  • эстетикалық ұғымды пайымдауды, баға беруді қылыптастыру. Бұл жерде де білім керек. Бала бейнелеу және өнер әдістері туралы білімді терең игеруі тиіс.

  • эстетикалық танымды қалыптастыру. Эстетикалық таным арқылы эстетикаға баға бере алады. Эстетикалық таным - бұл өнердігі, еңбектегі және табиғаттағы сұлулықты, әдемілік пен нағыз сұлулықтың арасын ажырата білу, өнер шығармаларына жоғары талап қою. Эстетикалық танымның дамуына көбінесе өнер үлгілерін қабылдау мен шығармашылықпен байланысты іс-әрекет мүмкіндік береді.

  • баланың эстетикалық белсенділігін тәрбиелеу. Ол әдемілікті сезіп, оның заңдарын түсініп қана қоймай осы заңдар бойынша өзін қоршаған айналаға өзгеріс жасау қажет. Өмірге енген эстетика еңбек , табиғат эстетикасы адамдар қатынасы, отбасы эстетикасы адамыды сүсіндіреді. Балаларды осы арқылы ілтипатты оқырман, қайырымды көрермен , сезімтал болуға үйретеміз. Бұл жерде түрлі әдеби, музыкалық шығармалар пайдаланған жөн. Баланың эстетикалық мәдениеті және белсенділігі біртұтас педагогикалық үдерісте дамиды.

  • эстетикалық тәрбиенің тағы бір міндеті - өнер және әдебиет салаларында балалардың қабілетін, ынтасын және бейімділігін дамыту, балалардың қабілетін барынша ашу, отбасылық эстетика беру.

Осы бес міндет эстетикалық тәрбиені дамытуда балалардың бойына дарытуға өз үлесін қосады.

Қазақтың ұлттық биі өзінің идеялық мазмұндылығымен, сахналық бейненің әрсындылығы және оның көріктілігі, би қимылдарының молшылығы, мәнерлілік және сезімділігімен баланың көркемдік талғамын дамыту, эстетикалық түйсігі мен оның пікірін икемдеуге арналған ерекше материал болып табылады.

Хореографиялық ұжымның педагог-жетекшісі балалар көркемдік қабылдауға жан-жақты әзір болу үшін эстетикалық тәрбие берумен айналысады. Мұның негізінде ұлттық мәдениетке, ұлттық шығармашылыққа деген махаббатты қалыптастыру, қоршаған ортаға және қарым-қатынасөа қызығушылық тудыру мен ұғыну жатыр. Би - көркем шығармашылықтың ең атақты түрінің бірі қазақ халқында да ол көрнекті орын алады. Қазақстанда би шығармашылығы зерттелуде, дамуда, байытылуда. Бұрын қазақтарда 1917 жылғы Қазан төңкерісіне дейін ешқандай би болмаған деген пікір болған. Қазақстанда бидің дамуына көшпелі өмір, халық алауыздығы, діннің де әсері болды. Бағзы заманнан қазақ халқында би болғандығына көп нәрсе дәлел бола алады. Мұнда бидің кейбір элементтері бар түрлі дәстүрлер мен ойындар болған. Қазақтың би фольклоры - халықтың рухани мәдениетінің маңызды сферасы. Фольклор - барлық кәсіби өнердің сарқылмас қайнар көзі. Әр халықтың биі сол халықтың мінезіне, әлемді қабылдауына, сенміне байланысты әр түрлі болады. Қазақ билерінің барлық қимылдары сол елдің психологиялық, көркемдік-бейнелік ойларын, оның ертедегі көзқарасын көрсетеді. Бағзы заманнан ауылдық және отбасылық мерекелерде, тойларда барлық жастағы тұрғындар, соның ішінде балалар да қатысып, көңіл көтеретін болған [5, , http://www.alashainasy.kz/person/11258/].

Біздің заманымызда көптеген балалардың хореографиялық ұжымдары құрылып, жақсы жұмыс атқаруда. Мұндай ұжымдардың жетекшілері кәсіби мамандар. Үйірмеге келген бала ерте заманнан бері жиналған әдістермен білім ала алады. Қазақ халық биінің оқу-танымдық үдерісінің өзіндік спецификалық ерекшеліктері бар.

Олар:


  1. Халықтың көркемдік ой-пікірін көрсететін қолдың, денеің, бастың орналасуы;

  2. Ер және әйел халық билеріндегі қолдың қимылдары;

  3. Әр түрлі бағытта өте көркем етіп жылжу;

  4. Негізгі қимылдар, ер және әйел билеріндегі дәстүрлі элементтер;

  5. Дененің, қолдың, аяқтың иілгіштігін дамытатын дайындық жаттығулары.

  6. Би этюдтары мен концерттік нөмірлерді қою.

Педагог-хореограф қазақтың ұлттық биін оқып үйрету барысында адамгершіліктік қасиетті тәрбиелеуді де қолдануға болады, мысалы, балалардың Отанға деген сүйіспеншілігін нығайтуға, адамның бір-біріне деген сезімдерін тұрақтауға және т.с.с.

Қазақ биін үйрету барысында балаларды еліміздің хореографиялық фольклорымен таныстырамыз. Педагог өз жұмысын жақссы деңгейде білсе, балаларды халық әндері мен күйлері, ұлттық киім үлгілері және басқа да бұқаралық шығармашылығымен, сонымен бірге әдеби шығармалары және бейнелеу өнерімен таныстырады. Осының бәрі балаларға қазақ халқының мінез-құлқын дұрыс ұғынуға, қазақ биінде дұрыс көрсетілген типтік бейнелерді дұрыс анықтауға көмектеседі.

Эстетикалық тәрбиелеу әдістерінің бір түрі — музыка, ол эмоциялық ықпалдың үлкен бір күшіне ие және эстетикалық мұрат пен идеялық қалыптасудың бір тәсілі. Музыка өнері түрленген шығармашылық жұмыстарға да қажетті. Балаларды би өнері арқылы музыкаға жақындатып, эмоциялық белсенділігі артады, ал ол болса, музыканы дұрыс қабылдау негізі. Әуенді ықыласпен тыңдап, би қимылы арқылы өзінің сезімін көрсету, көп жағдайда баланың қимылының бақылау тәсіліне ықпал жасайды. Физикалық және рухани тіркестік - музыка мен қимылдың өзара байланысы, ал ол адамзатқа өте қажет. Сондықтан, педагог-хореограф би қойылымдарын шығару процесінде және дәріс беру кезінде музыканы дұрыс таңдауға үлкен ықыласпен қарау керек.

Ән мен әуен - орындалатын бидің негізі болып саналады. Егер әуен өте көңілді, қуанышқа толы болса, би қойылымы да жарқын, көтеріңкі болады. Ал, әсемдік пен саздылық нәзік және байсалды би болады. Осы әрбір билердің музыкасы мен би қимылдарының сәйкес орындалуы ерекше әсер береді [2, с158].

Биге қатысатын балалар денені біркелкі мықтап, күш пен ептілікті, әсемділікті жетілдіре, дене тәрбиесін алады. Хореографиялық ұжымның жас шамасын, олардың биге дайындық дәрежесін, сонымен бірге бұл ұжымда тек қыздар немесе ұлдар, я болмаса аралас құрамнан тұратындығын ескеру керек. Біздің халқымыздың ерлерге арналған және қыз-келіншектер аралас би түрлерінің көптігін білеміз. Қазақтың ұлттық билерін, басқа да халықтар билері сияқты көп жағдайда ересектер орындайды. Сондықтан, балаларға арналған би қойылымдарын, оның мазмұны мен бейнелерін ерекше таңдап, би қимылдарын жеңілдетіп, балаларға түсінікті болатындай етіп шығару керек.

Қазақ биін зерттеу барысында, мына жағдайларды ескеру қажет:



  1. Ұлттық биді дұрыс оқып үйрету,

  2. Ұлттық биді балаларға арнап қайта өңдей білу,

  3. Ұлттық бидің негізінде қойылған хореограф-мамандардың би қойылымдарымен жұмыс жасай білу;

  4. Көпшіліктік билерді қоя білу.

Хореографиялық ұжымдарда билердің әр түрін үйретеді, жоғарыда айтылғандай дұрыс шығарылған, қайта өңделген, жаңадан қойылған, бірақ бұл хореографиялық ұжымдарға мектеп оқушыларының барлығы қатысуы мүмкін емес қой. Балалардың көбісі қазақ биімен мектеп қабырғасында өткізілетін мейрамдарда, кештерде танысады. Ал мектептерде қазақ биін білетін хореограф-мамандар көп емес. Би ұжымдарында тек қана хореография мамандығын игерген педагогтар жұмыс атқара алатындығын айта кету керек.

Халық әніне, ұлттық биге заманның өзгеруі қауіпті емес, олар әрдайым халыққа қарапайымдылығымен, жарқындылығымен, қадір-қасиеттілігімен жақын. Сондықтан халықтық шығармашылық - бұл адамзатты өзінің Отанымен, өз жерінің тарихымен, өз халқының мәрттілігін, даналығын, көріктілігін, ана тілінің қазынасын ашып көрсету.

Қазақстан Республикасының тұңғыш халық әртісі Шара Жиенқұлова би өнері әрбір мектеп бағдарламасына енгізілсе деп армандаса, Республиканың тұңғыш кәсіби балетмейстері Дәурен Әбіров бұл арманына жеткен. Міне, ХХІ ғасырда ол кісілердің арманы толығынан орындалып, көптеген мектептерде хореография дәрісі, я болмаса, ырғақ сабағы енгізілген[1, с28. 4,с13].

Балалар қажетті би икемділігі мен ептілігін игеру үшін, би үйірмесін жүргізетін педагог-хореограф биге қатысушылармен жүйелі түрде жұмыс жасау керек. Балалармен ерекше кәсіби түрде дайындық жүргізу үшін, өнер мектебінде би бөлімінде арнайы қабылдау комиссиясын құрады.

Қабылданушының жалпы түр сипаты мен сымбатты және кәсіби қабілеттері таразыланады. Кәсіби бишілік қабілет бұл:


  1. аяқтың ұшының иілімділігі;

  2. аяқтардың өкшелерін біріктіріп, бастарын ашу қабілеті;

  3. балеттегі адымдау-қадамдау сәтіндегі көтерілу қабілеттілігі;

  4. секірген кездегі биіктік мөлшері;

  5. дененің иілгіштігі.

Сонымен бірге, балалар денсаулығы да өте мұқият тексеріледі. Комиссия оқушының кәсіби қабілетін тексергеннен кейін оның ырғақтық, музыкалық, дене құрылысының үйлесімділік, әртістік қабілетін таразылайды.

Қимылдау немесе қимыл - ол адамзаттың денесіне табиғи қажеттілік-тіршіліктің, денсаулықтың негізі.

Биге келген бала алғашқы сабағында денесін тік ұстап, дұрыс өсуіне, қозғалыс аппаратын нығайып, күшеюін жүзеге асырады. Оқушыны денені үйлесімді ұстауға, қимылды музыкаға бейімдеуге, позаны дұрыс сезінуге, оны болашақ бишідей тәрбиелеу керек. Мейлі, бұл бала келешекте "биші" мамандығын таңдамаса да, осы әсем қимылдар арқылы денесі сымбат, берік, төзімді болатындығын айта кету қажет. Өзіңіз салыстырып көріңізші, би үйірмесіне қатысатын және де биден еш хабары жоқ балаларда үлкен айырмашылық бар. Би үйірмесіне қатысқан балалар төзімді, шыдамды, тәртіпті, денесін тік ұстап, әрдайым жинақы, ұқыпты жүреді.

Сабақта классикалық және ұлттық-сахналық билердің жаттығуларымен қоса, әуендік ойындар, бөлек би қимылдары (элементтер), этюдтармен жұмыс жасап, би қойылымдарын үйретіп көрсетеді. Жаттығулардың саны, оларды қиындатуы, билердің, этюдтар және ойындардың мазмұны балалардың жас шамасы мен дайындығына байланысты, мәселен, 5-8 жас аралығындағы балалар сабақ барысында шаршамау керек, ұлттық ойындарды би қимылдарына айналдырып, әуенмен қоса ән айтып қызықтырса, балалар "ырғақ" сабағына ықыласпен қатысар еді.

Жоғарғы сыныптағы оқушылар ұлттық салт-дәстүрден туындаған билерді оп-оңай орындайды. 15-19 жас аралығындағы балалар репертуарына тоқталсақ, әрине қазіргі жастар көбінесе қазіргі заманғы хореографияны (модерн), шығыс билерін қалайды. Қай халыктың биі болса да белгілі бір би техникасының болғанын қажет етеді. Қай жанрда, қай стильде болса да тәрбиелік мәні зор сюжеттік билер алдыңғы сапта тұруы керек.

Би өнері жастарды әдемілікке, төзімділікке, жинақтылыққа тәрбиелейді, өз ұлтымыздың, басқа да халықтардың ғасырлар бойы қалыптасқан би мұрасы арқылы олардың тыныс-тіршілігін танып білуге жетелейді. Оқушыларды әңгімеге тартқанда, "... біз қазақтың биін жақсы білеміз, орындап жүрміз ғой. Қазіргі заман немесе "бөксе қозғалту" қимылдарын билегіміз келеді" дейді. Сұрастыра келгенде, қазақ биін ғана емес, жалпы қазақ өнері жайлы хабарсыз екендігі анықталды. Сондықтан, педагог-хореографтарға, би үйірмелерінің жетекшілеріне, оқушылармен жұмыс барысында ұлттық салт-дәстүрді, әдет-ғұрыпты таныстыра келе, қазақ ұлттық хореография өнерінің дамуына ықпал жасауын сұрау қажет.


Қолданылған әдебиеттер тізімі:


  1. Әбіров Д. История казахского танца. А. 1997 ж.

  2. «Қазақстан», Ұлттық энциклопедия, Алматы, 1998 ж.

  3. Брусиловский Б. Дүйім дүлділдері. А. 1995 ж.

  4. Жиенқұлова Ш. Сымбат. А. 1998 ж.

  5. Ғаламтор, http://www.alashainasy.kz/person/11258/

Резюме


Казахский национальный танец показывает изысконность сценического образа, грациозность движений казахского танца выражает эстетический вкус исполнителя.

Summaru

Мырзабаева Гүлбану Елубайқызы

Қорқыт Ата атындағы ҚМУ, Хореография кафедрасы, академ.доцент

120014, Қызылорда қаласы, Жақаев көшесі, 50

87242275027

Murzabaeva_qulba@mail.ru

Қазақ биінің эстетикалық тәрбие берудегі рөлі


Текст доклада не более десяти страниц формата А-4 должен быть набран в текстовом редакторе Word 0,7(0,6) шифром TimesNewRoman, межстрочный интервал-1, размер символа-14, все поля-20 мм). В середине верхней части листа- название тезисов или доклада, через пробел – Фамилия и инициалы автора, место работы, ученая степень и звание. Список литературы помещается в конце текста. Ссылки в тексте оформляются в квадратных скобках, например:[1,c.24]. К статьям, написанным на русском языке, дается резюме на казахском и английском языках; к статьям на казахском языке – резюме на русском языке и английском языке; к статьям, написанным на английском языке – резюме на русском языке.

Заявка на участие в конференции должна включать: ФИО, ученая степень, ученое звание, место работы и должность, название доклада, адрес, телефон, E-mail.

Казахская Национальная академия искусств им. Т.Жургенова

050000, г.Алматы. ул.Панфилова , 127,

Тел.:+7(727)-272-82-71, +7-7012985554

Факс: +7(727)261-15-98

Заявки на участие и тексты докладов в электронном виде (имя файла и отдельные файлы рисунков в формате jpeg должны называться фамилией автора) просим присылать электронной почтой до 25 октября 2014г.

E-mail: KAZNAI_BALLET@mail.ru




Мақалада оқушыларға эстетикалық тәрбие беру мақсатында қазақ биін оқыту көпқырлығы қарастырылған.
: sites -> default -> files -> publications
publications -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
publications -> Қазақстан халқы Ассамблеясы” кафедрасының аға оқытушы ф.ғ. к. Есқараева Айгүл Дүйсенғалиқызы “абай жолы” эпопеясындағЫ Әйелдер бейнесі
publications -> О. Сүлейменов және қазақ кино өнері
publications -> Абай мен Пушкин шығармалары
publications -> Темірбек жүргеновтің Өмірі мен қызметі (Қазақстан мұрағат құжаттары негізінде) Оразбақов Айтжан Жұмабайұлы
publications -> «Мәңгілік ел – ұлттық идеясының қазақ әдебиетінде көркемдік көрініс табу дәстүрі мен инновациялық жаңашылдық мәселелері» атты Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары
publications -> Қазақ стиль типологиясының Қалыптасуы қорқыт ата атындағы Қму доценті А. Е. Айтбаева
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы
publications -> Абай танымындағы сопылық
publications -> Қазақ әдебиетінің халықаралық байланыстары




©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет