Қазақ әдебиеті пәні бойынша талапкерлерге арналған олимпиада сұрақтары



жүктеу 51.56 Kb.
Дата25.04.2016
өлшемі51.56 Kb.
: docs
docs -> Стандартные требования на бесшовные трубы из среднеуглеродистой стали для котлов и пароперегревателей 1
docs -> Техническая характеристика ао «нак «Казатомпром»
docs -> Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 24 қарашадағы №764 бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
docs -> Бұрын белгісіз болған оқиға жөніндегі кез келген мәлімет аталады
Қазақ әдебиеті пәні бойынша талапкерлерге арналған

олимпиада сұрақтары

І - БӨЛІМ

1. «Дүние де - өзі, мал да – өзі,

Ғылымға көңіл бөлсеңіз – қай өлеңнің жолдары?

А) Ғылым таппай мақтанба. В) Әсемпаз болма әрнеге.

С) Интернатта оқып жүр. Д) Жүректе қайрат болмаса.


2. Ы. Алтынсариннің қай әңгімесі отырықшылықты насихаттайды?

А). Әке мен бала. Б). Мейірімді бала. С). Қыпшақ Сейтқұл. Д). Жаман жолдас.


3. Ы.Алтынсариннің төл әңгімелерінде жиі қолданылған көркемдік әдісі қандай?

A) Пейзаж. B) Салыстыра суреттеу. C) Әсірелеу. D) Мінездеу





  1. «Үйректі тірі алып, ойнап баралық? –деген әңгіме кейіпкері...

А). Жұмаш. Б) Сәтжан. С) Құрмаш. Д). Үсен
5. «Жас бала анадан туғанда, екі түрлі мінезбен туады» –деп басталады Абайдың

А) Алтыншы. В) Оныншы. С) Жетінші. Д) Жиырма екінші - сөзі.


6. Асанның ауылдың орнынан тауып алған заттары...

А) Күрек,тырма. Б) Балта, балға. С) Қалам, қағаз. Д) Ине, пышақ, қыл.




  1. «Шығысым батыс боп кетті» деген сөздерді кім айтқан?

А) М.Дулатов. B) Махамбет. C) Шәкәрім. Д) Абай.
8. Ызақорлық пен шыдамсыздықты суреттейтін С. Көбеевтің әңгімесі...

А) Түскі тамақ һәм кешкі тамақ. B) Аю мен бөрене. C) Жетім. D) Зорлық


9. Қазақ балалар әдебиетінің негізін салушы кім?

A) Махамбет. B) Абай. C) М.Жұмабаев. D) Ы.Алтынсарин


10. «Қалқаман-Мамыр» поэмасын жазған ақын...

А) Шәкәрім. В) Жамбыл. С) М.Әуезов. Д) М.Дулатов.


11. Сәбит Дөнентаевтың мысал өлеңінде ерегесіп көпірден құлағандарды белгіле...

A) Екі бұзау. B) Екі құлын. C) Екі ит. D) Екі теке.


12. «Қазақтың бас ақыны» атты мақаланың авторы...

А) М.Әуезов. В) С.Мұқанов. С) С.Сейфуллин. Д) А. Байтұрсынов.


13. Өз заманының көкейтесті мәселесіне арналған М.Дулатовтың романы...

А) «Қартқожа. В) «Ақбілек». С) Бақытсыз Жамал. Д) Қамар сұлу.


14. Халықтың күй өнерінің қуатын, өнерпаз талант иесін жырлаған ақын кім?

А) С.Сейфуллин. B) І.Жансүгіров. С)Донентаев Д) А.Байтұрсынов.


15. С.Сейфуллин әңгімесінде бандыны қуған кейіпкер...

A) Сәтжан. B) Хамит. C) Асан. D) Құрмаш.

16. Б.Майлиннің қай әңгімесінде «Молдеке, кенже балам еді, өзі қорқақ, тым ұра бермессіз» - деді әжесі молдаға?

А) Түймебай. В) Заман. С) Қара шелек. Д) Айранбай.


17. М.Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасының кейіпкері...

А) Сейіт. В) Ноян. С) Қасым. Д) Жүсіп.


18. М.Әуезовтің қай шығармасының басында «Биыл жас топырағы жағасында дөңкиіп, тағы бір жаңа ін шыққан. Бәрінің ауданы бір, жер астынан қатынасы бар» делінеді?

А) Көксерек. В) Бүркітші. С) Іздер. Д) Барымта.


19. «Есіл бойында» әңгімесі С.Мұқановтың қай романынан алынған?

А) Сырдария. В) Ботагөз. С) Есею жылдары. Д) Өмір мектебі.


20. М.Мағауиннің «Бір атаның балалары» повесінде қай жылдардағы оқиға суреттеледі?

А) Қазан төңкерісі кезі. В) 1916 жылға ұлт-азаттық көтерілісі жылдары.

С) Ұлы Отан соғысы кезіндегі. Д) Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдар.

ІІ БӨЛІМ


І. Шығармадағы адамның көркем бейнесі қалай аталады?

2. Қиял-ғажайып ертегілердің басты белгілері...

3. Мысал өлең құрылымының үш элементін көрсет...

4. Кейіптеу дегеніміз не?

5. Ассонанс дегеніміз не?

6. Лиро-эпос жырларының негізгі идеясы...

7. Суреттеліп отырған затты, құбылысты өздеріне ұқсас затқа ауыстыру, балау әдісі...

8. Шығарма тақырыбы мен идеясы...

9. Әңгіменің жанрлық ерекшеліктері....

10. Роман-эпопея дегеніміз не?

11. Адам мінездерін, өмір құбылыстарын күлкілі етіп суреттейтін жанр...

12. Эпитет дегеніміз...

13. Эпостық жырлардың кейіпкерін суреттеудегі негізгі тәсіл...

14. Паралелизм деген бейнелеу тәсілі...

15. Шығарма сюжетінің анықтамасы....

ІІІ бөлім

Мына үзінділер қай автордың, қандай шығармасынан алынған?

1. ”Көк желкенің тұсы деп,

Өлер жерің осы деп,

Жайымен бара жатқанда,

Найзаны алма ұрады

Біршімбайдай серкеден

А) ”Алпамыс» батыр. В) “Қозы Көрпеш-Баян сұлу”

С) ”Қобыланды батыр” D) “Айман-Шолпан” жыры.


2. “Қара жерге қар жауар,

Қарды көр де етім көр,

Қар үстіне қан тамар,

Қанды көр де бетім көр..” деген сөздерді қай эпостың кейіпкері кімге айтады?

А) Құртқа қалмақ ханы Қазанға. В) Ақжүніс – Ер тарғынға.

С) Қыз Жібек- Төлегенге. D) Ақжүніс – Қартқожаққа.


3. « Сол Айбас тоқтамады тағы шапты.

Тәмам жолдың мәнісін оймен тапты.

Жанындағы шідері түсіп қалып,

«Шідерлі» деген өзен содан қапты.»

А) «Қозы Көрпеш-Баян сұлу». В) «Қыз Жібек».

С) « Сұлушаш». Д) «Айман-Шолпан».


4.»Атаңа нәлет хан ұлы-ай

Тілегін сұрап алған соң,

Ойлағаны болған соң,

Патшаға хабар салдырып,

Патшадан солдат алдырып»

А) М.Мақатаев. В) Махамбет. С) Шал ақын. Д) Жамбыл


5. «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін,

Жоқ- барды, ертегіні термек үшін.

Көкірегі сезімді, тілі орамды

Жаздым үлгі жастарға берек үшін»

А) Шәкәрім. В) Бұқар жырау. С) Дулат. Д) Абай.
6. «Мен қазақ, қазақпын деп мақтанамын,

Ұранға «Алаш» деген атты аламын,

Сүйгенім қазақ өмірі, өзім қазақ,

Мен неге қазақтықтан сақтанамын!»

А) Жамбыл. В) Сәкен Сейфуллин. С) С.Торайғыров. Д) С.Мұқанов.
7. «...Өзге жұрттан бөлініп көшкен бұл бір топ ауылдар – шетінен Ырғызбай ауылы. Ұзын саны жиырма шақты ауыл...»

А) Ғ.Мүсрепов. В) М.Әуезов. С) Ә.Кекілбай. Д) Ғ.Мүсрепов.


8. «Ұшатын құстай қымтанып, қомданып алды. Отырғандар аузын ашып аңырды. Әнші жіберді. Бір-бір ауыздан ән салады. Аз да болса бірегей болды.»

А) Ж.Аймауытов. В) А.Байтұрсынов. С) М.Дулатов. Д) М.Әуезов.

9. «Домбыра, сенде мін бар ма?

Мінсіз болсаң – тіл бар ма?

Тіл жоқ беуге болама,

Тілден анық үн барда?»

А) Ы.Алтынсарин. В) Шәкәрім. С) І.Жансүгіров. Д) Ә.Дүйсенбиев.
10. «Сыр сандықты ашып қара,

Ашып қара, сырласым,

Сым пернені басып қара,

Басып қара, жырласын!»

А) М.Дулатов. В) А.Байтұрсынов. С) С.Торайғыров. Д) С.Сейфуллин
11. «Зытып келем, зытып келем. Артыма қарай-қарай зытам... Зытып келе жатқаным – қашып келемін, артыма қарай беретінім – қорқып келемін...»

А) Ғ.Мүсрепов. В) М. Әуезов. С) А. Байтұрсынов. Д) М.Мағауин.


12. «Өтеген аман-есен келді дейді,

Аралап талай жерді көрді дейді,

Бір жайлы қоныс іздеп он жнеті жыл

Ел-жұртын аман-есен көрді дейді...


А) Шәкәрім. В) И.Байзақов. С) М.Шаханов. Д) Жамбыл
13. «Не сыйласын, несін берсін ел маған?!

Тұрсақ екен елім де аман, мен де аман.

Таулар – менің таусылмайтын бақытым,

Ал ырысым – ұлаңғайыр кең далам.

А) М.Жұмабаев. В) Қ.Аманжолов. С) М.Мақатаев. Д) Б.Майлин.
14. «Әттең, әкесі түрмеде жатып тәуелді болмаса, Тұрар қазір бұл есірікті не де болса қамшының астына алар еді, амал жоқ... Бір жағы қорқады. Бір жағы баламысың деген: «Әйтеуір айтқандарын екі етпей орындай берсем, көкеме көмегі тие ме» деп ойлайды.

А) М.Әуезов. В) М.Иманжанов. С) Ғ.Мұстафин. Д) Ш.Мұртаза.


15. «Жантас – біреуді біреуге атыстырып, от тастап жүретін қу,сабақ үстінде сыбырлап-сыпсыңдағыш; өзі тақтаға шыққанда көрінгенге құлақ түргіш.»

А) Ы.Алтынсарин. В) Б.Соқпақбаев С) М.Мағауин. Д) Г.Мүсрепов.




Қазақ әдебиеті кафедрасы пед.ғ.доценті Әбілқасымова К.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет