«Қазақ халқының рухани мәдениетінің тарихы»



жүктеу 143.65 Kb.
Дата24.04.2016
өлшемі143.65 Kb.
: arm -> upload -> umk
umk -> Әдістемелік нұсқаудың титулдық парағы
umk -> Дәрістердің тірек конспектісі
umk -> Ф со пгу 18. 2/05 Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
umk -> Пән бойынша оқыту бағдарламасының (Syllabus) титулдық парағы
umk -> БАҒдарламасы (Syllabus) pkya 2204 «Кәсіби қазақ тілі»
umk -> Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі» пәні бойынша 5В107000– «Бейнелеу өнері және сызу мамандығының студенттеріне арналған пәнді зерттеу әдістемесі арналған тапсырма
umk -> Лекционный комплекс
umk -> 1 Пәннің мақсаты мен міндеттері, және оқу үрдісінде алатын орны Пәннің мақсаты
umk -> ЖҰмыс бағдарламасы қазақ журналистикасының тарихы 5В050400 «Журналистика» мамандығының студенттеріне арналған Павлодар
umk -> Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


«Философия және мәдениеттану» кафедрасы


«Қазақ халқының рухани мәдениетінің тарихы»

пәні бойынша

050203 «Тарих» мамандығының студенттеріне арналған

ДӘРІС САБАҚТАРЫНА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР

Құрастырушы:

ФжМ кафедрасының т.ғ.к., доценті

Жапекова Г.К.

Павлодар


" Қазақ халқының рухани мәдениетінің тарихы пәні бойынша типтік бағдарлама МЖБС сәйкес мәдениеттану бөлімінің студенттеріне арналып, кредиттік білім беру технологиясы негізінде құрастырылған. "

Дәріс сабақтары студенттердің ғылыми білімін арттыратын маңызды бµлім. Жүйелі, толық аргументтері келтірілген кешенді дәріс сабақтары мамандарды дайындаудыің басты көзі. Дәрістің әдістемелік, ғылыми – тәжірибелік, қоғамдық-саяси және кәсіби маңызы бар.

Дәрістерді тыңдау және қабылдау: Студенттердің оқытушының дәрісіне дайындығына енетіндер:

Біріншіден, психологиялық жағынан дайын болу, оның жүйелі орындалуын қадағалау; екіншіден, дәріс алдындағы мақсатты танымдық – тәжірибелік қызмет, соның ішінде:

А) алдынғы өткен материалдарды, жазғандарын еске тұсіру мақсатында қарастыру;

Ә) Алдыњғы сабақпен байланысын анықтау мақсатында берілетін дәрістің материалдарымен бағдарлама және оқулықтар бойынша танысу. Оқулық бірнеше жылда бір рет шығарылатындықтан, бағдарламадағы кейбір сұрақтар оқулықта қарастырылмауы мұмкін. Осындай сәйкессіздіктен кейін студент дәріс барысында осы мәселелерге көңіл аударуы керек.

Б) Дәріс барысында істелінетін негізгі жұмыстардың тұрлерін анықтау (жазу, сызбалар, суреттер және т.б);

Г) Бағдарлама мен оқулықтар да енгізілген өздік жұмысына арналған тапсырмалармен танысу, білімді тереңдетіп, тапсырмаларды орындауға қажетті әдебиеттерді таңдау;

Дәріске алдын–ала дайындықстудентті шығрмашылық жұмысқа және ең бастысы дәрісті тыңдап, оның мазмұнын қабылдай білуге ұйретеді.

Дәріс беруде материалды баяндау, талдау, фактологииялық мазмұндау, мәселе қою әдістері басым. Мұның бәрі студенттердің шығармашылық белсенділіктерін арттыра тұседі.

Студент дәріс мазмұнын толық тұсіну ұшін оның мақсаты мен міндеттерімен таныс болуы қажет. Сонымен қатар, дәрістің мақсаты мен міндеттерін тұсіну студентке баяндалып отырған материалды терең тұсініп, оған сын көзқараспен қарауына мұмкіндік береді.

Сонымен қатар дәріс оқытушы мен студент арасындағы байланыс ретінде психологиялық-педогогикалық талаптарға да сәйкес болу керек. Оның орындалуы студентке ғана қатысты емес, оқытушының баяндауына студенттер беделін арттыра білуіне де байланысты.

Жазу – оқытушының студенттердің материалдарды қаншалықты меңгергендігін бақылауға мұмкіндік береді. Егер дәріс барысында студенттер тыңдап қана қоймай жазып отырса, оқытушы дәрісті оқу кезінде оған көмек көрсетеді (қайталау, баяулау, басты мәселелерге акцент жасау арқылы және т.б.)

Дәрісті жазуға қалай ұйрену керек? Бәрінен бүрын нені және қалай жазу керектігін білу керек. Сабақтыњ кұні, тақырып, мақсаты, сабақтыњ жоспары жазылады. Жоспар тақырыпты игеруге жєне берілген материалмен өздігінше жұмыс істеуді қамтамасыз етеді. Жоспарды жазғаннан кейін оның дәріс барысында оның мағынасы қалай ашылғандығына баса назар аудару керек.

Жазу барысында тақырыптар, тақырыпшалар және сұрақтар арқылы, абзацтарды, нөмірлеп көрсетуді пайдаланып жүйелілікті сақтауға болады.

Дәріс жазудың тұрлері әртұрлі болуы мұмкін. Оны таңдау пәннің ерекшелігіне байланысты. Мысалы: кейбір сабақтарда суреттер, сызбалар жєне т.б. қолданады. Гуманитарлық ғылымдар бойынша жазудың әртүрлісі қолданады. Кең тараған түрі:




Дәрістің негізгі сұрақтары


Негізгі тезистермен, дәлелдер, қортындылар. Негізгі сұрақтар бойынша өз ойлары.








Дәріс материалының мазмұнын келесідегідей тұрде де жазуға болады:



Дәрістің негізгі сұрақтары



Негізгі ережелер, негізгі фактілер, жалпылау, дәріс мазмұнын қорытындылау


Студенттің ескертпесі және оның оқытушыға сұраѓы.











Дәрісті жазғанда онымен әрі қарай жұмыс істеу үшін және өз ойларын жазуға шетінен орын қалдыру қажет. Немесе дәптердіњ келесі беттерін бос қалдыру керек.

Студенттің жан-жақты тұлға болып қалыптасуына, білікті маман болуына, кәсіби және т.б. қызмет тұрлеріне дайындығын арттыруға дәріспен бірге тәжірибе сабақтары да маңызды рөл атқарады.

Дәріс басты ғылыми білімнің негізін салады, студентке оны жалпылама тұрде меңгеруге мұмкіндік береді. Ал, семинар мен тәжірибе сабақтары білімді кеңейтіп, нақтыландыра тұседі, оны толықтай меңгеруіне көмектеседі. Сонымен бірге оқу үрдісінің мұндай түрлері өздік жұмыстарды орындауға үйретеді

Студентің жан-жақты дамыған тұлға, маман ретінде дамуына және оны кәсіби және басқа қызметтерге дайындауда семинар сабақтарының маңызды зор, олар дәрісте басталған сабақтардың логикалық жалғасы. Дәріс ғылыми білімнің негізін қалыптастырады, олар студентке оларды жалпы түрде меңгеруге мүмкіндік береді, семинар және тәжірибе сабақтары бұл білімдерді тереңдетеді, нақтылайды және кеңейтеді, жоғары репродукция және трансформация деңгейінде меңгеруді көмектеседі. Оған қоса, осы оқу процессінің формалары жеке жұмыс жасау және өзін-өзі оқытуды үйретеді. Семинар және тәжірибе сабақтарында жеке жұмыстың өзіндік ерекшелектері бар болғандықтан, оларға тереңірек тоқталайық.


ПӘННІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МАЗМҰНЫ

Дәріс1. Кіріспе.

«Қазақ халқының рухани мәдениетінің тарихы» курсы ежелгі дәуірден бастап ХХ ғ. басына дейінгі кезеңді қамтиды. Ұлттық мәдениет – бұл күрделі, көп құрамды құрылым, өзара байланысты және иерархиялық бағынышты құрылымдық элементтерден тұратын жүйе. Рухани мәдениет мазмұнына діни- философиялық идеялар мен көзқарастар, идеалдар мен ілімдер, космогониялық білімдер, культтер, дәстүрлер, ритуалдар, өнер жазу, көркем әдебиет және т.б сияқты компоненттер жатқызылады.



Дәріс 2. Сақ-үйсін дәуірінің мәдениеті.

Қазақстан территориясындағы этно - және мәденигенездің екі кайнар көзі көпғасырлы ежелгі ирандық және ежелгі (орта азиялық) түркілік арақатынас туралы түсінік. Архаикалық мәдениет ерекшеліктері: синкретизм, ұжымдық қисынға дейінгі ойлау сипаты және т.б. «Авеста» ежелгі Қазақстан тайпалары туралы. Сақ-үйсін дәуірінің мифологиясы, діні мен өнері. Ежелгі ирандық «нанымдардың, зороастризмнің, буддизмнің таралуы. Тілдер. «Аң стилің өнері. «Есік қорғаны» және ежелгі сақтар өнерінің әлемдік маңызы. Қола және ерте темір дөуірлеріндегі петроглифтер.


Дәріс 3. Ежелгі түркі мәдениеті.

Дәуірдің этнолингвистикалық сипаттамасы. Түркі тілдері. Руналық жазу. ҮІІІ ғ. Орхон жазбалары рухани мәдениеттің көрнекті ескерткіші ретінде. Ежелгі түркілік генеалогиялық аңыздар. Көшпелілік, оның этномәдени және архаикалық-психологиялық аспектілері. Көшпелілер мен отырықшы өркениеттер арақтынасының мәдени-тарихи алғышарттары және мәдени трансформация мәселесі. Қытайлық-конфуциалық өркениетпен қарым-қатынас. Орталық Азияның рухани мәдениетіндегі түркі-ирандық (соғдылық) синтездің көрінісі. Зороастризмнің, буддизмнің, христиандықтың, манихейліктің таралуы. Діни-миссионерлік бағыттағы (буддистік, манихейлік және т.б. жазбалар) ежелгі ұйғыр жазбаларының ескерткіштері. Қазақ халқының дүниетанымындағы, әдет-ғұрпындағы тәңіршіліктің көріністері.

.
Дәріс 4. Ислам ықпалымен рухани жаңғыру жэне оның мәдени-еркениеттік мазмұны.

Этикалық дінге (исламға) бет бұру зандылығы. Табиғи (тарихқа дейінгі) және этикалық діндер үғымы. Ұлттық-тайпалық политеистік культтен әлемдік монотеистік діни жүйелерге дейінгі діни сана сатылары. «Діннің, шариғат -«нәпсінің (табиғатты) жеңу және табиғат жаратушысы - Аллаға бағыну. Өркениеттік алға жылжу, "нағыз адамның " (К.Ясперс) дүниеге келуі. Өркениетгік сатының белгілері. Субөркениеттік модификациялар (субмәдениеттер), синтез және синкретизм туралы ұғымдар.

Тәңіршілдік пен ислам арасындағы ежелгі түркі тайпалары. Мұсылмандық құндылықтар жүйесі. Исламныц таралуының кезеидері мен маңызы, сипаты мен ерекшеліктері. Мұсылман өркениетінің жетістіктеріне Қазақстан түркілерін тартуда Араб Халифатының, Саманидтер мемлекетінің рөлі. Х-ХІІ ғасырлар - түркілердің жаппай исламдануының кезі. Сопылық бауырластықтардың қызметі. Рухани ұстаздар ("өулие", "баб"). Арыстан Баб, Ысқақ Баб, Әбдүжәлил Баб(Хорасан Ата). Исламның ұлы уағыздаушысы, ақын - сопы Қожа Ахмет Яссауи тұлғасы. Түркілердің ислам әлеміне интеграциялануының қорытындылары.
Дәріс 5. Орта ғасырлардағы түркілердің рухани мәдениетінің гүлденуі.

Түркілер Халифаттың білім мен ғылым жүйесінде. Қарахандық мәдени ренессанс. Түркі-ислам тарихындағы ұлы ғалымдар, ойшылдар мен ақындар. Түркі-ислам синтезінің жүзеге асуында "Шығыстың Аристотелі" - Әбу Насыр әл-Фарабидің түлғасы. Дүниетанымы: теоцентризм, универсализм. Қазіргі замандағы фарабитану жетістіктері. Махмұд Қашғаридың "Диуани лүғат ат түркі" - түркі мәдениетінің энциклопедиясы ретінде. Түркілердің тілі, рухани өмірі, діні, фольклоры туралы мәліметтер. Сырдария мен Жетісу қалаларынан шыққан мүсылмандық Шығыстың ғалымдары. Жазу, әдебиет. Араб тілінің таралуы және оның сакральды мәртебесі. Медреселер мен мектептер. Қүран мен Хадистер: олардың түркі өлеміне тигізген рухани әсері. Фарси тілінің түркілердің мәдени өміріне ықпалы. Жаңатүркілік әліпбидің (араб графикасында) пайда болуы. Ұлттық және жалпымұсылмандық мәдени компоненттердің өзіндік ерекшеліктерін сақтау, орнықтыру және үндестіру проблемалары.

Әдебиет және суфизм. Қарахандық әдеби дәстүр. Жүсіп Баласағүни. "Қүдатғу Білік" шығармасының көркемдік-эстетикалық және идеялық-философиялық негіздері. Ахмед Иугінеки және оның "Хибат ул хақайық" туындысы. Түркі-мұсылмандар дінінің сипаттамасы. Мистицизм мен теологияның гүлденуі. Суфизмнің түркілік мектебі жөне оның тарихи миссиясы. Суфизмнің дамуына және Орталық Азия халықтарын діни ағартуда

Дәріс 6. Алтын Орданың мәдени қайта өрлеу кезеңіндегі Дешті-Қыпшақ, Түркістан және Жетісу түркілері.

Монғол жаулаушылығынң мәдени салдарыларының қайшылықтары Шыңғыс хан империясындағы діндер күресі. Ислам рөлінің біртіндеп өсуі Алтын Ордадағы рухани және этномәдени жағдай. Дешті Қыпшақтағы мәдени қайта өрлеу процесстері. Қыпшақтық исламның монғол ақсүйектеріне әсері. Берке ханның мұсылмандық ағартуды, суфизмді жақтауы, мемлекеттік және қоғамдық өміргі шариғат ережелерін енгізуі. Өзбек Мұхаммед хан тұсындағы Қазақстан даласындағы исламның толықтай және түпкілікті жеңісі. Қалалалар мен мұсылмандық архитектураның дамуы- мәдени қайта өрлеудің маңызды көрсеткіштері.

Алтын Орда - жоғары дамыған полимәдениетті еуразиялық мемлекет Шыығс авторлары постмонғолдық кезеңдегі Қазақстан тұрғындарының рухани өмірі, діні және мәдениеті туралы.

Дәріс 7. Ортағасырлардағы қазақ дәстүрлерінің мазмұны (тарихи-мәдениеттанулық сараптама).

Көшпелі қазақ өміріндегі мәні зор құндылықтар. Рухани байлықтардың «басымдылығы (руханият). Ақсүйектік жөне батырлық дәстүрлер. Көшпелілердің халық философиясы. Қазақ мөдениетінің жан-жақтылығы және интеллектуалдылығы.

Ұлттық эстетикалық сана. ұлттық әдеби шығарма, музыкалық-әндік мәдениет, халықтық қолданбалы өнер эстетикасы. Сөйлеу өнері ("Өнер алды –қызыл тіл). Шешендік өнер дәстүрі. Қазақ тілінің қалыптасу кезеңдері, ерекшеліктері, көркемдік-бейнелілігі, афористілігі(өткірлігі). Поэзияның көпқызметтілігі және оның музыкамен байланысы. Дәстүрлі музыканың рөлі мен ерекшеліктері, қазақтардың "музыкадағы" философиясы.

Қазақ санасының тарихшылдығы. Ұлттық ғұламалар мен батырларды пір тұту, ата-бабасын жеті ұрпақтан білу ("жеті ата") және туыстық байланысты -ажырату. Генеалогиялық дәстүр, аңыздар мен шежірелер.

Халықтық білімдер, салт-дәстүр және әдет-ғұрыптар. Қазақтардьщ дәстүрлі түрғын үйі - киіз үй - дүние мен социум рәмізі (модель) ретінде. Дағдылы қүқық. Этикет. Тиым салулар (табу). Үйлену кезіндегі салт-жоралғылардың мәні. Ханды сайлау салты. Халықтық мейрамдар, ойындар.

Дәріс 8. Дәстүрлі қазақ қоғамындағы дін мен ағарту ерекшеліктері.

Ислам-қазақ дәстүріндегі орталық, жүйеқұраушы элемент. Мәдениет жүйесіңдегі исламның экзистенционалдық, гносеологиялық, идеал туғызушы, өркениетті, ретке келтіруші, бақылаушы, біріктіруші, қорғаушы қызметтері. Қазақ исламының мінездемесі. Суннизм, ханафиттік мазхаб, суфизмнің әсері. Алтын Орда дәуірінің діни жетістіктерімен сабақтастық.

Исламдағы "бес парыз" және оны қазақтардың орындауы. "Бата" беру. Бөбекке азан шақырып ат қою. Мұсылмандық жеке есімдердің таралуы. Сүндетке отырғызу рәсімі. Неке қию. Полигамия және оның мазмұны. Мұсылмандық жерлеу рәсімі. Мұсылмандық сәулет өнері (мешіт, мазарлар). Мұсылмандық кітаби мәдениеттің әсері. Ұлттық-мұсылмандық діни дәстүр.
Дәріс 9. Ауыз әдебиеті және билер мен жыраулардың рухани мұрасы.

Қазақтардың халық ауыз шығармашылығы. Фольклор жанрлары. Ертегілер мен аңыздар. Мақал-мәтелдер. Салт-дәстүр жырлары - беташар, жар-жар, сыңсу, өсиет, қоштасу, естірту, жоқтау, бесік жыры т.б. Батырлар жыры. Казақ эпостарының тарихшылдығы. Лироэпостық жырлар. Діни және шығыстық сюжеттегі дастандар мен поэмалар (киссалар). Араб-парсы классикалық әдебиетінің бай мұраларын қазақтардың меңгеруі. Қазақтардың этно-мәдениетіндегі ақын жыраулардың рөлі. Көшпелілердің шешендік өнері.



Дәріс 10 Дәстүрлі мәдениет пен діннің дағдарысы.

Ислам өркениетінің құлдырауы және көшпеліліктің дағдарысы - тоқырау мен европалықтардан жеңілудің алғышарты ретінде. Дәстүрлі білім беру мен діннің дамуындағы қайшылықтар. Идеялық және рухани бастамалардың әлсіреуіне байланысты қазақ дәстүрінің жүйе ретінде ыдырауы. XIX ғ. білім беру және теологиялық оқыту жағдайы. Діни білімнің жағымды жақтары. Дәстүрлі білімнің жағымсыз жақтары. Дін басылары, ақсүйектердің (қожа мен төрелер) моральдық кері кетуі, олардың жаңа дәуірдің "шақыруларына" жауап бере алмауы.



Дәріс 11. Отарлық кезеңдегі халықтың көркемдік-эстетикалық дамуы.

Әдеби-ақындық мұра. Дәстүрлі бағыттағы ақындар мен ойшылдар ("зар заман", "кітаби" ақындар, айтыскерлер және т.б.) Философиялық, әлеуметтік-тұрмыстық, тарихи және діни тақырыптарға ақындардың ауызша суырып салушылығы(импровизация), ұлттық эпостарды орындау.

Діни және тарихи-патриоттық тақырыптардағы поэмалар және жырлар

Қисса-дастандар мен шығыс хикаяларын орындаушылар мен таратушылар. Орынбор, Уфа, Троицк, Астрахань, Орал, Қазан, Санк-Петербург типографияларында қазақ қисса-дастандарының басылып шығуы. Тарихи жырлар. Музыкалық-әндік мәдениеттің гүлденуі.

Дәстүрлі музыканың дамуы. Өнердің дамуындағы жа.іа бағыттар. Абайдың, Ахмет Байтүрсыновтың, Жүсіпбек Аймауытовтың, Шәкәрім Қүдайбердіұлының музыкалық мұрасы.
Дәріс 12. Қазақ ағартушылығының рухани және әлеуметтік бастаулары және оның жалпымұсылмандық жәдидизммен байланыстылығы.

Шығыс ағартушылығының(жәдидизм) мәні. Қазақстандағы мұсылмандық-түркілік жәдидизмнің ұлттық түрі. Ұлы Абай және "Алаш" интеллектуалды қозғалысы. Түркия, Египет, Қырым, Еділ-Орал аймақтарындағы рухани орталықтардың рөлі. Исмаил Гаспралы жөне оның ой-пікірлерінің Қазақстанға әсері. Жаңаәдістік (жәдидтік) мектептер - оқу саласындағы реформаның мәні мен маңызы. Жәдидизм кезендері - мәдени-ағартушылық (1905 жылдан дейін) және саяси (1905 жылдан кейін). Жәдидизмнің қайшылықтары. Шығыс ойшылдарының өз жобаларын діни негіздеуге жөне синтез идеясын жасауға тырысуы. Түркі халықтарының жаңа интеллектуалды элитасы - мұсылмандық реформаторлықтың көрнекті өкілдері.



Дәріс 13. Қазақ ағартушылығының мазмұны.

Демократиялық бағыттағы алғашқы оқымыстылар, реформатор-ағартушылар. Ш.Уәлиханов - жаңа қазақ мәдениетінің көрнекті өкілі ғалым-шығыстанушы. Ы.Алтынсариннің көзқарастары. Ағартушылық қызметі- Мұса Шорманов шығыстық-батыстық синтездің философиясын ұстанған қазақтың алғашқы қайраткерлерінің бірі. Оның үлы Садуақас Шорманов. Жәңгір хан ~ билеуші реформатор. 1841 ж. Бөкей ордасында алғашқы мұсылмандық-еуропалық мектептің ашылуы. Өзге де прогрессивті бастамалары, Жөңгірдің және оның ұрпақтарының мәдениетке қосқан үлесі. Дәуір және Абайдың идеялық-адамгершіліктік ізденістері. Абай және қазақ халқының рухани мұрасы. Қазіргі кезеңдегі Абайтану мәселелері. Абай Құнанбайұлының дүниетанымының қайнар көзі. Данышпан Құнанбай қажының әкелік рөлі. Жаңа, оқымысты қазақ идеалы (ежелгі ұлттық-сопылық "жауанмард" концепциясын шығармашылық қайта ойлау негізінде дамыту). Абай өлеңдері. "Ғақлия" ("Қара сездері").

Абайдың жаңашылдығы. Абай мектебі - оның ұрпақтары, туысқандары, достары және шәкірттері. Поэзиядағы - шығыс тақырыбы, орыс әдебиетінің аудармалары.
Дәріс 14. ХІХ-ХХ ғғ. тоғысындағы қазақ интеллектуалды элитасыны мұрасы.'

Ұлттық интеллигенцияның қалыптасу жолы, оның дүниетанымы мен және идеалдары. XX ғ. басындағы Қазақстандағы ағартушылықтың таралу жолдары. «Алаш» бағдарламасындағы мәдени-ағартушылық мәселе. XX ғ. басьндағы жәдидизмнің саясаттануы. Империядағы «мұсылмандық қозғалы және оған қазақтардың қатысуы.

Тәуелсіз Қазақстанның рухани жандануының қазіргі замандық процесстерінде ХІХғ. аяғы - XX ғғ.басындағы қазақ және шығыс ойшылдары мен зиялыларының өркениеттік сұхбат туралы, исламның ұлттық-түркілік ерекшеліктері мен дінді терең талдау жөніндегі идеяларының маңыздылығы. Жаңа қазақ элитасы өкілдерінің көркемдік және ғылыми мұрасы.

Дәріс 15. ХХ ғасырдың басындағы қазақ халқының рухани қайта өрлеуі.

Рухани жанданудың, тілдің, мәдениеттің, дін мен ұлттық тұтастық мәселлелерінің баспасөз беттеріндегі орны. Мұсылмандық баспасөз дәуірі. Ағартушылық, жаңаәдістік мектептер, ұлттық сана-сезіи мәселелерінің арқылы халықтың прогрессивті ұлттық сана-сезімнің мәселелерінің көтерілуі, әйел жағдайы, татар, орыс мәдениеті және т.б жөнінде. Газет арқылы халықтың прогрессивті ұлттық сана-сезімінің қалыптасуы.


ҰСЫНЫЛҒАН Әдебиеттер тізімі

Негізгі:

  1. Аль-Фараби. Избранные трактаты. Пер. с араб. Алматы, 1994.

  2. Баласагуни Юсуф. Благодатное знание. Л. 1990.

  3. Қожа Ахмет Йассауи. Диуани Хикмет(Ақыл кітабы). А., 1993.

  4. Махмүд Қашғари. Түркі тілдерінің сөздігі. 1,2-т., А.,1996.

  5. Дулати. Тарихи Рашиди. Алматы.1999.

  6. Абай(Ибраіим) Қүнанбаев. Екі томдық шығармалар жинағы. Алматы, 1986

  7. Бартольд В.В. Сочинения в 9-ти томах. Т.6. Работы по истории ислама и Арабского Халифата. М.,1966.

  8. Валиханов Ч.Ч. Избранные сочинения в 5-ти томах. Алма-Ата,1984-1985.

  9. Ақсауыт.Батырлар жыры.1 том. А.1977.

  10. Бес ғасыр жырлайды.1 том. А.1984.

  11. История Казахстана в арабских источниках. Т.І. Алматы.,2005.

  12. Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері. I том. Алматы., 2005.

Қосымша:

  1. Адамбаев Б. Казахское народное ораторское искусство. Алматы, 1997.

  2. Акишев А.К. Искусство и мифология саков. Алма-Ата, 1984.

  3. Абуов А.П. Мировоззрение Ходжа Ахмета Ясави.Алматы,1997.

  4. Акатаев С. Мировоззренческий синкретизм казахов. Алматы,1994.

  5. Айқап. Алматы, 1995.

  6. Аязбекова С.Ш. Картина мира этноса: Коркуд Ата и философия музыки казахов. Алматы, 1999.

  7. Әдеби мүра. Алматы, 1970.

  8. Әуезов М.О.Әдебиет тарихы. А., 1991.

  9. Байтүрсынов А. Шығармалары. Алматы, 1989.

  10. Батырлық дастандар.А. 1995.

  11. Базарбаев М. Казахская поэзия: художественные искания. Алматы, 1995

  12. Бенингсен А. Ламарсье-Келкежей. Пресса и национальные движения среди мусульман России до 1920 г. Алма-Ата, 1991

  13. Бердібай Р. Эпос - ел қазынасы. Алматы,1995.

  14. Бүлүтай М. Ата-баба діні. Түркілер неге мүсылман болды? Алматы, 2000.

  15. Бүхар жырау Қалқаманүлы. Шығармалары. Алматы, 1992.

  16. Взаимодействие кочевых культур и древних цивилизаций. Алма-Ата, 1989.

  17. Галиев А.А. Традиционное мировоззрение казахов. Алматы,1997.

  18. Жаксылыков А.Ж. Образы, мотивы и идеи с религиозной содержательностью в произведениях казахской литературы. Алматы,1999.

  19. Жүмабаев М. Шығармалары. Алматы, 1989.

  20. Иман шарт. Алматы, 1990.

  21. Қазақ газеті. Алматы, 1998.

  22. Қазақ әдебиетінің тарихы. 3-том. Алматы, 2000.

  23. Нүртазина Н.Д.Қазақ мәдениеті және ислам. Алматы, 2002..

  24. Нысанбаев А. Сарсенбаева 3. О традиционной этике казахов.Алматы.1997.

  25. Нурланова К.Ш. Эстетика художественной культуры казахского народа.Алма-Ата,1987.

  26. Орынбеков М.С. Верования древнего Казахстана. Алматы,1997.

  27. Садвокасова З.Т. Из истории духовной экспансии царизма в Казахстане (II половина XIX- начало XX вв.). Алматы, 2000.

  28. Сейдимбек А. Мир казахов. Алматы, 2001

  29. Сегизбаев О.А. Казахская философия ХУ- нач.ХХ века. Алматы, 1996

  30. Султангалиева А. Ислам в Казахстане: история, этничность и общество.Алматы,1998.

  31. Толеубаев А.Т. Реликты доисламских верований в семейной обрядности казахов. А-Ата, 1991

  32. Шаханова Н. Мир традиционной культуры казахов. Алматы, 1998.




©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет