«Қазақ халқының салт-дәстүрлері» пәні бойынша



бет1/9
Дата25.04.2016
өлшемі2.19 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрлігі


«Сырдария» университеті


ПЕДАГОГИКА және ТАРИХ ФАКУЛЬТЕТІ
«Тарих» кафедрасы

«Қазақ халқының салт-дәстүрлері» пәні бойынша

050114 - «Тарих» мамандығының студенттері үшін


Оқу-әдістемелік кешен

(Силлабус)


Оқу түрі: күндізгі

Курс: 3, кредит саны 1

Лекция: 15 сағат

Семинар:

СӨЖ: 15 сағат

ОБСӨЖ: 15 сағат
Барлық сағат саны: 45 сағат

Қорытынды бақылау: емтихан 5 семестр


Аралық бақылаулар саны: (кредит бойынша)

Барлық балл саны: 100 (кредитке)

Жетісай-2006 ж

Құрастырған: Сырбаева А.Ә.



ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН


(Силлабус)

«Қазақ халқының салт-дәстүрлері» пәні бойынша

050114 - «Тарих» мамандығының студенттері үшін әзірлеген


Оқу-әдістемелік кешен типтік бағдарлама негізінде құрастырылған.

Типтік бағдарламаның индексі:

Оқу-әдістемелік кешен кафедра мәжілісінде талқыланған
№ Хаттама________ «________» 2006 ж

Кафедра меңгерушісі ______________


Факультеттің әдістемелік кеңесінде мақұлданған
№ Хаттама________ «________» 2006 ж

Әдістемелік кеңесінің төрағасы:_______________________


Университеттің Ғылыми кеңесінде мақұлданған
№ Хаттама ________ «______» 2006 ж

050114 – мамандығын дайындайтын кафедра

меңгерушісімен келісілген _____________________________

Мазмұны



  1. Алғы сөз …….………………………………..................................................

  2. Жалпы мәліметтер …………………………….………..................................

  3. Курстың мақсаты мен міндеті.....………………………………....................

  4. Курстың пререквизиттері, постреквизиттері.....………….............................

  5. Жұмыс оқу жоспарынан көшірме.….............................................................

  6. Оқу сабақтарының құрылымы.…………………………................................

  7. Студентке арналған ережелер..…………………….......................................

  8. Оқу сағаттарының кредитке сәйкес тақырып

бойынша бөліну кестесі.……….....................................................................

  1. Лекция сабақтарының мазмұны.......................................................................

  2. СӨЖ жоспары және орындау кестесі.............................................................

  3. ОБСӨЖ жоспары және орындау кестесі....................................................

  4. Студенттердің білімін бақылау түрлері:.........................................................

а) бақылау сұрақтары

б) жазбаша бақылау жұмысы

в) тест сұрақтары


  1. Студенттердің академиялық білімін рейтингтік бақылау жүйесі...............

  2. Пән бойынша оқу процесінің картасы...………………........................


Алғы сөз
Оқу әдістемелік кешен «Қазақ халқының салт дәстүрлері» пәні бойынша 050114 «Тарих» мамандығының студенттеріне осы курс бойынша оқытушының жұмыстан неғұрылым тиімді ұйымдастыруға арналған барлық қажетті оқу-әдістемелік материалдарды құрайды. Білім беруде кредиттік технологияны пайдаланып, барлық құжаттарды бір кешенге біріктіре отырып, пәнді меңгеру процесінде студенттің білімін, машықтануын және біліктілігін жоғарғы деңгейге көтеру мақсаты көзделініп отыр.

ОБСӨЖ – оқытушының басшылығымен студенттің өзіндік жұмысы, СӨЖ- студенттердің өзіндік жұмысы.

Оқыту бағдарламасы (Syllabus), семестрдің басында әрбір студентке беріліп, студенттің білімін тереңдетуге, пәнге деген ықыласының артуына, шығармашылық және зерттеушілік қабілеттері ашылып, одан әрі дамуына себебін тигізеді деп күтілуде.

Дәрістің қысқаша жазбасы студентке қайсы бір тақырыпты қарастыруда неге назар аудару керектігіне бағыт береді, санасына негізгі ұғымдар мен терминдерді енгізеді. Пәнді толықтай меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттің барлығымен дерлік жұмыс өткізіп және өзіндік жұмысының барлық көлемін орындауы қажет.

Тапсырмалар мен жағдайлардың жиынтығы студенттерге кредиттерді тапсыруда пән бойынша өз білімдерін тексеруге және рейтингтік бақылауды тапсыруға, сынақ/емтиханды алуға арналған.

2. Жалпы мәліметтер.

Оқытушы: Сырбаева А.Ә.


«Тарих» кафедрасы №1 корпус, 3-этаж, 34 кабинет

Телефон: - 225

Кафедрада болу уақыты: 9.00-18.00

Өткізу уақыты және орны




Аты-жөні

Сабақты өткізу, орны

Байланыстырушы мәлімет

Аудиториялық

сабақтар


СӨЖ




1

Сырбаева

Алмагүл


Әбдіқызы

Уақыты __________

Ауд _____________




Уақыты ____

Ауд _______



Тел:___________

Каб:___________

Корпус:________



3. Курстың мақсаты мен міндеті
Қазақтың салт-дәстүрлері деген пәнді оқу орындарында өтудің маңызы ерекше. Халқымыздың ежелден желісі үзілмей жеткен көне салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары, рухани, мәдени және адамгершілік дүниеміздегі қымбат қазыналарымыздың бірі.

«Халқым қандай десең салтымнан сынап біл» демекші салт-дәстүрлерден этностың мінез-құлқы, үлгі-өнегесі, даналығы мен даралығы, шешендігі мен жаратылысқа, өзің қоршаған жанды, жансыз әлемге деген моральдың танымдық, этникалық көз-қарастары көрінеді.

Студенттерді осыншама ұшан теңіз халық мұрасының ішінен тек туғаннан өлгенге дейін аралықтағы салт-дәстүрлерімізге шолу жасау. Қазақтың салт-дәстүрлерін білу, әдет-ғұрыптары мен тәлім-тәрбие үрдісімен арнайы сабақтар беріп, ұлт мәдениетінің нәрмен сусындануына, адамгершілік асыл қасиеттер үлгісін санаға сіңіруге жағдай жасау.
4. Курстың пререквизиттері және постреквизиттері




Пререквизиттер (пәннің алдында міндетті түрде игерілуге қажетті пәндер)

Постреквизиттер (пәннен кейін өткізілетін, осы пәнге сүйенетін пәндер)

1

Мектеп бағдарламасына сәйкес Қазақстан тарихы

Әлеуметтану

Саясаттану



2

Алғашқы қауымдық құрылыс

Қазақстанның қазіргі заман тарихы




Ежелгі дүние тарихы

Қазақстанның жаңа заман тарихы


5. Жұмыс оқу жоспарынан көшірме


Кредит саны

Жалпы сағат саны

Оның ішінде

Семестр

Қорытынды бақылау

Лекция

Практика

СӨЖ

ОБСӨЖ

№1кредит

45

15




15

15

5 сем

Емтихан



















6. Оқу сабақтарының құрылымы:
Жұмыс бағдарламасында сағаттар оқу жұмыстары түрлеріне қарай бөлінген: лекция, семинар, ОБСӨЖ (оқытушының бақылауындағы студенттің өзіндік жұмысы), СӨЖ (студенттің өзіндік жұмысы), ЛБС-лабораториялық сабақтар.

Лекция – студентке тақырыпты игеруде неге назар аударуына бағыт береді.

Пәнді толық меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттердің барлығымен жұмыс істеуі қажет



Семинар сабақтарында – студент талдау, салыстыру, тұжырымдау, проблемаларды анықтай білу және шешу жолдарын белсенді ой әрекет талап ететін әдіс-тәсілдерді меңгеруі керек

ОБСӨЖ – оқытушының бақылауындағы студенттің өзіндік жұмысы.

Материалды сабақ үстінде оқытушының көмегімен оқып меңгеру.



Оқытушы тақырыпқа сәйкес студенттің білім деңгейін тексереді, бақылайды.

СӨЖ-студенттің өзіндік жұмысы. Студент СӨЖ тапсырмаларын кестеге сәйкес белгіленген мерзімде оқытушыға тапсыруға міндетті.

Лабораториялық сабақтарда студент теориялық қорытындыларын, яғни, теория мен тәжірибе бірлігін анықтап, құрал-жабдықтарды құрастыруға, пайдалануға дағдыланады, тәжірибе кезінде алынған нәтижелерді талдауды, теориямен сәйкестеліп дәлелдеуді үйренеді.
7. Студентке арналған ережелер (Rules):


  1. Сабаққа кешікпеу керек.

  2. Сабақ кезінде әңгімелеспеу, газет оқымау, сағыз шайнамау, ұялы телефонды өшіріп қою керек.

  3. Сабаққа іскер киіммен келу керек.

  4. Сабақтан қалмау, науқастыққа байланысты сабақтан қалған жағдайда деканатқа анықтама әкелу керек.

  5. Жіберілген сабақтар күнделікті оқытушының кестесіне сәйкес өтелінеді.

  6. Тапсырмаларды орындамаған жағдайда қорытынды баға төмендетіледі.





8. Оқу сағаттарының кредитке сәйкес тақырып

бойынша бөліну кестесі.




Лекцияның тақырыбы

Лекция

СӨЖ

ОБСӨЖ




1. бөлім. Бала тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрлер



Ұлттық салт-дәстүрлер мен ұлттық мінез-құлық туралы қысқаша түсінік.

1

1

1



Бала тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрлер.

2

2

2



Баланың табиғи жыныстық және тәрбие ерекшеліктеріне байланысты салт-дәстүрлер

2

2

2




2. бөлім. Тұрмыстық салт-дәстүрлер



Тұрмыстық салт-дәстүрлер

1

1

1



Қазақтың ұлттық тағамдары

1

1

1



Шаруашылыққа қатысты салт-дәстүрлер

1

1

1



Ата кәсіп

1

1

1




3. бөлім. Әлеуметтік-мәдени салт-дәстүрлер



Әлеуметтік-мәдени салт-дәстүрлер

1

1

1



Үйлену және үй болуға байланысты салт-дәстүрлер

2

2

2



Наурыз мейрамы. Той ойындары

1

1

1



Діни мейрамдар

1

1

1



Бүгінгі күннің салт-дәстүрлері

1

1

1


Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрлігі

«Сырдария » университеті



«Педагогика және тарих» факультеті

«Тарих» кафедрасы

«Қазақ халқының салт-дәстүрлері» пәні бойынша


050114 - «Тарих» мамандығының студенттері үшін


Лекцияның Қысқаша курсы

Жетісай – 2006 ж



ІХ. Лекция сабақтары
I-лекция.
Ұлттық салт-дәстүрлер мен ұлттық мінез туралы қысқаша түсінік.
(1 сағат)
Жоспары:


  1. Қазақ халқының салт-дәстүрлері пәнінің мақсаты мен міндеті

  2. Қазақ халқының салт-дәстүрлердің түрлері. Қолдану орны

  3. Қазақ халқының ұттық салт-дәстүрдің қалыптасу тарихы.


Әдебиеттер:

а) негізгі:

  1. ҚалиевС., Оразаев М., Смайлова С. Қазақ халқының салт-дәстүрлері. - Алматы, 1994

  2. Құралұлы С. Қазақ дәстүрлі мәдениетінің анықтамалығы. – Алматы, 1998

ә) қосымша:

  1. Қазақ тарихы. Журналдар. - Алматы, 1997, 1998, 1999

  2. Төрт құбыламызды түгелдейік. Дәстүрді сақтай біл. Бірнеше кітапша. - Алматы, 1993


Лекцияның мәтіні:
1. Қазақ халқының салт-дәстүрлері пәнінің мақсаты мен міндеті

Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндерттердің ең бастысы - өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Ұрпақ тәрбиесі келешек қоғам қамын ойлау болып табылады. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты мол, мәдени-ғылыми өресі озық азамат тәрбиелеу біздің де қоғам алдындағы борышымыз. Ал ойылы-паймды, білімді, мәдениетті, іскер еңбекшіл азамат тәрбиелеуде адамзаттың ақыл-ойы мен мәдениетінің дамуындағы бағалы байлықтың бәрін игере отырып және оны бүгінгі ұрпақтың санасына ұстаздық шеберлікпен біртіндеп сіңіру арқылы ғана жүзеге асыруға болады.

Ал жастарды жан-жақты қабілетті азамат етіп өсіруде халықтық салт-дәстүрлердің тәлім-тәрбиелік, білім-танымдық рөлі орасан зор.

Өзге халықтар сияқты, қазақ елінің де бала тәрбиесі жөнінде атам заманнан бергі жиып-терген мол тәжірибиесі бар. Аға буын өз бойындағы ізеттілік, қайырымдылық, кішпейілділік, әдептілік, елін-жерін, Отанын сүйюшілік секілді ең асыл қасиеттерін жас ұрпаққа күнделіті тұрмыста үемі үйретіп, қаны мен жанына сіңіріп келеді. Адамның жарық дүниеге келген күнінен бастап, оның есейіп, қартайып, о дүниеге аттанып кеткенге дейінгі өмірі мен іс-әрекеті, басқаларымен қарым-қатынасы атаулының барлығы - салт-дәстүрден өзекті орын алып, адамның дүниетану көзқарасына қалыптастыратын тәрбие мектебі. өз ұрпағының «сегіз қырлы, бір сырлы», өнегелі, өнерлі болып өсуін мақсат еткен ата-бабамыз өз бойындағы бар асыл қасиеттерін әлденеше ғасырлар бойы өлең-жырмен насихаттады.

Еліміздің ежелден дәріптеп, қастерлеп келген ұлттық өнерінің тегін тектеу, болмыын тану, оның асылын тарихтың рухани көш-керуеніне ілестіріп отыру арқылы бүгінгі және болашақ ұрпақ қамын қамдау өскелең өмір талабы болып отыр.

Халқымыздың ежелден желісі үзілмей жеткен көне салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары, рухани, мәдени және адамгершілік дүниеміздегі қымбат қазыналарымыздың бірі.

«Халқым қандай десең салтымнан сынап біл» демекші салт-дәстүрлерден этностың мінез-құлқы, үлгі-өнегесі, даналығы мен даралығы, шешендігі мен жаратылысқа, өзің қоршаған жанды, жансыз әлемге деген моральдың танымдық, этникалық көз-қарастары көрінеді.

Студенттерді осыншама ұшан теңіз халық мұрасының ішінен тек туғаннан өлгенге дейін аралықтағы салт-дәстүрлерімізге шолу жасау. Қазақтың салт-дәстүрлерін білу, әдет-ғұрыптары мен тәлім-тәрбие үрдісімен арнайы сабақтар беріп, ұлт мәдениетінің нәрмен сусындануына, адамгершілік асыл қасиеттер үлгісін санаға сіңіруге жағдай жасау.

«Қазақ халқының салт-дәстүрі» курсы студенттерді халқымыздың озық салт-дәстүрлерімен таныстыру мақсатын көздейді.

2. Қазақ халқының салт-дәстүрлердің түрлері. Қолдану орны

Ұлт дегеніміз - адамдардың тарихи қалыптасқан әлеуметтік-этникалық, қауымдық бірлестігінің жоғары түрі. Қай халықтың болмасын ұлт болып қалыптасуы үшін қажетті факторлар: оның құрамына енген адамдар тобының материалдық тұрмыс жағдайларының, территориясы мен экономикалық өмірінің, тілі мен мәдениетінің, әлеуметтік хал-ахуалдағы сол ұлтқа тән кейбір этникалық ерекшелігінің ортақтығы болып табылады.

Ұлттың жан-күйі мен ұлттық мәдениет арасында тығыз байланыс бар. Ұлттық мінез-құлық ерекшелігі ұлт мәдениетінің түрлерінен коріне береді. Әр ұлттың өзіне тән мінез-құлық, қызуқандылық ерекшелігі сол елдің музыка мәдениетінен қалай сезілсе, би өнерлерінен, қол өнеріненде сондай ашық, айқын сезіліп, көрініп тұрады. Біз ән, күйлерді тыңдай отырып немесе билерді, ою-өрнекті, зергерлік әшекей заттарды көріп, оның қай ұлтқа тән екенін көп қиналмай ажыратамыз.

Ұлттық жан-күй үйлесім ерекшелігі адамдардың отбасылық қарым-қатынасынан, киім кию түрлерінен, спорттық ойын ерекшеліктерінен немесе тұрмыстық салт-дәстүрлерден (келін түсіру, қыз ұзату тойлары, т.б.), ұлттық тағам түрлерінен айқын байқалады.



Ұлттық жан-күй үйлесімі 3 бөліктен тұрады: ол- ұлттық сезім, ұлттық салт-дәстүрлер және ұлттық мінез.

Осы үш бірлік ұлттық мәдени ерекшеліктің шартты белгілері болып табылады.

Ұлттық сезім дегеніміз- адамдардың туған жерге, өскен елге, ана тіліне, ұлттық салт-дәстүрге деген сүйіспеншілігін білдіруі. Ұлттық сезім- адамды, қоршаған ортаның (әлеуметтік-экономикалық, мәдени және жаратылыс құбылыстарының) сол ұлт өкіліне тартқан ерекше сыйы. Ұлттық сезім басқа сезімдер сияқты, адамның жеке басының қанағаттануына, шаттануына немесе риза болмауына, қанағаттанбауына байланысты ой-қиял, әсер, түйсігінің сыртқа шыққан көрінісі, ол өзгелерге тіл арқылы жеткізіледі. Мысалы, «Елім-ай» әнін ести отырып, елінің басына түскен ауыртпалықты, шапқыншылықты елестетіп мұңайуы, немесе «Саржайлау», «Сарарқа» күйлерін ести отырып, тыңдаушының туған жер табиғатына деген сүйіспеншілік, шаттық сезімнің оянуы табиғи заңды құбылыс. Сондай-ақ «Туған жер Волга өзеніне» арналған орыс әнін, Кавказдың асау Терек өзеніне арнаған әні мен «Асся» биін тыңдап, көріп отырған ұлт өкілінің туған өлкесіне, өз ұлтының мәдениетіне деген асқақ сүйініш сезімінің бір белгі бермеуі мүмкін емес. Міне, мұның бәрі ұлт мәдениетінің ұлттық рухани сезімді оятуға тигізер әсері. Адамның ана тіліне деген сүйіспеншілігі де ұлттық сезімнің ерекше бір түрі. Мысалы, ұзақ уақыт туған елден жырақ, жат жұртта жүріп, көпшілік ішінен өз ұлты өкілінің ана тілінде тіл қатуына елең етпейтін, іш тартпайтын азамат болмайды. Өйткені ана тілі- адамның ішкі сезімін басқаға жеткізуде көкейге тез оралатын, сезімнің сыртқа шығар көрінісін басқаға білдірудің күшті құралы. Ұлттық сезімнің әсерлі бояуы, нақышты ой айшықтары көркем сөз өнері, оның ең асылы- ауыз әдебиетінің өлең түрі арқылы сыртқа шығып, тыңдаушыға әсер етеді. Айталық, баланың тілі шыққаннан бастап, оның ой-сезімі бесік жыры арқылы қалыптасып, ойын өлеңдері арқылы қанына сіңген. Өйткені ол жастайынан ауыз әдебиетінің асылдары: мақал-мәтел, өлең-жырларды, аңыз-ертегілерді жаттап, жадында сақтап азамат болып өскен. Ұлттық сезім ұлттық эстетика, әдеп парасаттылық және күнделікті өмірдегі талғам мен сезімнің жиынтығы- көркем шығармалар арқылы көрініс береді. Ол- ұлттық сезімді оятуға әсер ететін күшті құрал. Жиын-тойда «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жыры немесе ақындардың насихат термелері айтылып жатса, елең етпей- қазақ, немесе «Манас» жыры жырланып жатса, қаны қызбас қырғыз болмаса керек. Көркем сөз айшығына жан сезімімен елікпес адам болмайды. Табиғаттың нелер тамаша көріністері, адамның іс-әрекеті, бет-бейнесі көркем сөз өнері арқылы өріліп беріледі. Сондай-ақ ұлттық салт-дәстүрлер де ұлттық сезімді оятуға себепші болады. Мысалы, домбыра тартып, өлең айтып, айтысып жатқан ақындардың өлең-жырларына, белдесіп жатқан балуандардың күресіне селқос қарайтын қазақ болмайды. Себебі домбырамен өлең айтып, жыр төгу- ұлттық дәстүр және ол сол ұлттың мақтанышы. Сондықтан да өлең-жыр әуені, домбыра сазы- ұлттық сезімді оятатын тәрбие құралы.

Ұлттық тағамдарды даярлау, сыйлы қонағын ұлттық тағаммен сыйлау да ұлттық мақтанышты көрсетеді. Және ол әр ұлттың өзіне тән тағам даярлау ерекшелігінің белгісі болып табылады. Мысалы, өзбек қонағын палаумен сыйласа, қазақ ет асымен, ұйғыр манты, лағманымен, татарлар пәрәмішімен сыйлайды. Қазақ шайды қаймағы бар қою сүтпен баптаса, қалмақ, ұйғырлар май, тұз, ұн салып береді. Неміс халқы кофе қайнатып береді. Міне, осының бәрі- тағамды берудегі ұлттық дәстүрлер.



3. Қазақ халқының ұттық салт-дәстүрдің қалыптасу тарихы.

Ұлттық салт пен дәстүрдің тууы ұлттың ұлт болып қалыптасуына байланысты. Қазіргі ғылыми далелдеулер бойынша, қазақ ұлтының алғаш пайда болуы ХІІІ-XIV ғасырларда басталды деп жүрміз. Олай болса, сол дәуірден бері қарай қазақтың көптеген әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері қалыптасып, дамыды. Оның озық үлгілері ұрпақтан-ұрпаққа көшіп, біздің дәуірімізге жетті. В.Г. Белинский салт-дәстүрдің өміршеңдігі жөнінде: «Әдет-ғұрып замандар бойы сыннан өтеді. Өз дәуірінде ардақталып, ата-бабадан әулетке мұра болып ауысып, рудан-руға, ұрпақтан-ұрпаққа жетеді. Олар халықтың сыртқы бейнесі болып табылады. Онсыз халық бет әлпетсіз бейне, болымсыз тас мүсін тәрізді...» - дейді. Әрине, әр халықтың өзіне тән салт-дәстүрі, әдет-ғұрыпы болады. Олар сол халықтың ерекше белгісі болып сақтала береді.

Ұлттық салт-дәстүрлер - тарихи көне процесс. Көптеген салт-дәстүрлер ұлттың ұлт болып қалыптасуынан бұрын пайда болған. Сондықтан ол кейде бірталай ұлттарға ортақ мәнді дәстүр болып келеді. Мысалы, асар- қырғыз, қазақ, өзбек, тәжік, түрікмен халықтарына ортақ өте ертеде пайда болған дәстүр.

Салт-дәстүр халықтардың тіршілік кәсібіне, наным-сеніміне, өмірге деген көзқарасына байланысты туып, қалыптасып, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, өзгеріп, жаңарып отырады. Оның жаңа қоғамдық қатынасқа қайшы келетіндері жойылып, өмірге қажеттілері дамып, жаңа мағынаға ие болады. Мысалы, қазақтар жаугершілік заманда қой сойып, қанына найзасын малып, бір-бірімен анттасып достасқан. Достықты бұзғанды ант атсын деп серттескен. Бертін жаңа қоғамның дамуына байланысты анттасу салт мүлде жойылды.

Немесе бүгінгі күндерде ерлі-зайыпты қариялардың алтын, күміс тойларын өткізудің тәрбиелік мәні жаңарған салт-дәстүрдің қажетті түрі. Оның ұрпақ тәрбиесі үшін үлкен прогресшіл тәрбиелік мәні бар.

Салт-дәстүр сабақтастығы ұлттар арасындағы қарым-қатынаспен тығыз байланысты. «Әр халықтың мәдиенеті өзіне тән ерекшелігімен дараланып,көзге шалынады. Алайда басқа халықтардың әсерінсіз таза, дара ұлттық мәдиенет тіпті де кездеспейді. Ұлттар мен халықтардың материеалдық және рухани байланысы, қарым-қатынасы арқылы олар бір-бірін мәдини байлығы жағынан толықтырылады» - дейді С.Н. Артановский. Әр түрлі ұлт пен халықтарда кездеспейтін, қайталанбайтын таза ұлттық салт-дәстүр ешбір елде болмақ емес. Бір ұлтта бар салт-дәстүрлер, ұлттық ою -өрнек,тағам, спорттық ойын түрлері екінші бір ұлтта да белгілі ұстастықпен және өзіндік ерекшелігімен көрініс береді.

Ұлттық мінез-құлық сол ұлтқа тән қызуқандылық, жан-күй, рухани сапамен ерекшеленіп түседі. Мәселен, қазаққа тән бауырмалдық, ақжарқындық, қонақжайлылық мінез-құлық болса, өзбектерге тән майда, сыпайы мінезділік, тілі тәтті, салтқа беріктік, орыс халқына тән қарапайымдылық пен кең пейілділік, американдықтарға тән құнттылық, ағылшындарға тән салқын қандылық, немістерге тән ұқыптылық, француздарға тән жинақтылық, испандықтарға тән қызу қандылық ерекшеліктер байқалады. Ұттық болмысты анықтауда әр ұлттың өзіне ғана тән этностық таза мінез-құлықтың болуы мүмкін емес.


Каталог: CDO -> Sillabus -> Tar
Tar -> Лекция: 3 Практикалық/семинар: 6 СӨЖ: 99 Барлық сағат саны: 135 Аралық бақылаулар саны:
Tar -> Семинар: 248 сағат обтөЖ: 124 сағат ТӨЖ: 40 сағат Барлығы: 412 сағат І аб-30 балл ІІ аб-30 балл Емтихан-40 балл
Tar -> «Физикалық географияны аудандастыру» пәні бойынша
Tar -> Лекция: 45 сағат СӨЖ: 45 сағат обсөЖ: 45 сағат Барлық сағат саны: 135 сағат Аралық бақылаулар саны: 2(60 балл)
Tar -> Лекция:: 20 Практикалық: Семинар: 6 Лабораториялық: СӨЖ: 64 Барлық сағат саны: 90
Tar -> Лекция: 30 сағат Семинар: 20 сағат СӨЖ: 130сағат Барлық сағат саны: 180 сағат Аралық бақылаулар саны: 2 (60 балл)
Tar -> «Жалпы гидрология» пәні бойынша
Tar -> Лекция: 20 Практикалық: Семинар: 6 Лабораториялық: СӨЖ: 64
Tar -> Лекция: 30 сағат СӨЖ: 30 сағат обсөЖ: 30 сағат Барлық сағат саны: 90 сағат
Tar -> Лекция: 15 Семинар: 15 СӨЖ: 30 обсөЖ: 30 Барлық сағат саны: 90 Емтихан: 1 Ағымдағы бақылау саны: кредит бойынша: 2


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет