Қазақ Ұлт-азаттық ҚОЗҒалысы



жүктеу 5.18 Mb.
бет1/29
Дата03.04.2016
өлшемі5.18 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
: repository -> history -> %D2%B0%D0%B6%D1%8B%D0%BC%D0%B4%D1%8B%D2%9B%20%D0%B6%D0%B8%D0%BD%D0%B0%D2%9B%D1%82%D0%B0%D1%80
history -> Тұрсын ЖҰртбай «Ұраным алаш!»
history -> Абай мектетебі
history -> Файл: Абай жолы «Абай жолына» 70 жыл
history -> ҮШінші бөлім: «БҰзылған бесік » «Бізді аямасаң да жолыңда жатқан бесікті аясаң болмай ма?!»
%D2%B0%D0%B6%D1%8B%D0%BC%D0%B4%D1%8B%D2%9B%20%D0%B6%D0%B8%D0%BD%D0%B0%D2%9B%D1%82%D0%B0%D1%80 -> «алаш» баспасы
%D2%B0%D0%B6%D1%8B%D0%BC%D0%B4%D1%8B%D2%9B%20%D0%B6%D0%B8%D0%BD%D0%B0%D2%9B%D1%82%D0%B0%D1%80 -> Арман да, арман, шын арман
%D2%B0%D0%B6%D1%8B%D0%BC%D0%B4%D1%8B%D2%9B%20%D0%B6%D0%B8%D0%BD%D0%B0%D2%9B%D1%82%D0%B0%D1%80 -> Қазақ Ұлт-азаттық ҚОЗҒалысы
%D2%B0%D0%B6%D1%8B%D0%BC%D0%B4%D1%8B%D2%9B%20%D0%B6%D0%B8%D0%BD%D0%B0%D2%9B%D1%82%D0%B0%D1%80 -> Қазақ Ұлт-азаттық ҚОЗҒалысы
%D2%B0%D0%B6%D1%8B%D0%BC%D0%B4%D1%8B%D2%9B%20%D0%B6%D0%B8%D0%BD%D0%B0%D2%9B%D1%82%D0%B0%D1%80 -> Қазақстан республикасы мәдениет және ақпарат
%D2%B0%D0%B6%D1%8B%D0%BC%D0%B4%D1%8B%D2%9B%20%D0%B6%D0%B8%D0%BD%D0%B0%D2%9B%D1%82%D0%B0%D1%80 -> Аудармалары
ҚАЗАҚ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСЫ

КӨП ТОМДЫҚ


ШЫҒЫС ТҮРКІСТАНТТҮРКІСТАНДАҒЫ ҮШ АЙМАҚ ҚОЗҒАЛЫСЫ

Филология ғылымдарының докторы, профессор Т.Қ.Жұртбайдың жетекшілігімен

14-том


Асқар Татанайұлы. Алтай төңкерістері (Араб әліпбиінен крилл қарпіне аударғандар Еркінжан Сіләмханұлы, Қалбан Ынтыханұлы, Қарлығаш Хамзина)

Фатхан (Пәтіхан) Дәлелханұлы Сүгірбаев. Алтай арпалыстары. Есте қалғандар (Араб әліпбиінен крилл қарпіне аударған Қалбан Ынтыханұлы, Еркінжан Сіләмханұлы, Қарлығаш Хамзина)

Қожай Доқас. Офицердің қойын дәптерінен (Араб әліпбиінен крилл қарпіне аударғандар Еркінжан Сіләмханұлы, Қалбан Ынтыханұлы, Қарлығаш Хамзина)

Әтейхан Қайсаұлы Білгін. Жадымдағылар. Естелік орынына (Араб әліпбиінен крилл қарпіне аударған Иманғазы Нұрахметұлы)

Мұхаметжан Юсупов. Абақтыда. Түрме қатиралары. Күнделіктен. көшірме (Араб әліпбиінен крилл қарпіне аударғандар Никар Юсупқызы Бафина мен Әмина Сейітқызы)

Хасен ҚалибекхакімХакімбекұұлы Оралтай. «Елім-айлап» өткен өмір» (Естеліктен үзінді. Баспаға дайындаған Тұрсын Жұртбай мен Еркінжан Сіләмханұлы).

Тұрсын Құдакелдіұлы Жұртбай. «Өмір ішінен – өлім, өлім ішінен – өмір іздеген...» жанкештілер (Үш томдық жобаның қорытындысы орынына)

Алматы. ЕЛ-ШЕЖІРЕ.

2009.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ


Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің жанындағы „Отырар кітапханасы” ғылыми орталығы
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің және Мемлекет тарихы институтының ғылыми Кеңесінде талқыланып, мақұлданды.

Жауапты редакторы, жинақты құрастырып, алғы сөзін жазған – филология ғылымдарының докторы, профессор Тұрсын Құдакелдіұлы ЖҰРТБАЙ.

Пікір жазғандар:

Б.Аяған, тарих ғылымдарының докторы, профессор.

Ш.Әмірбеков, саяси ғылымдардың кандидаты, доцент.

Ж.Бабалық, Шығыс Түркістан ұлт-азаттық қозғалысының қайраткері, полк командирі, Іле қазақ автономия облысының алғашқы төрағасы, этнограф, қаламгер.

Н.Мұхаметқанұлы, тарих ғылымдарының докторы.

Араб әліпбиінен крилл қарпіне аударғандар – Е.Сіләмханұлы, Қ.Ынтыханүлы, Қ.Хамзина, И.Нұрахметұлы.

Ғылыми редакторлары – тарих ғылымдарының докторы, профессор Д.Махат, „Отырар кітапханасы” ғылыми орталығының жетекші ғылыми қызметкері, қытайтанушы Қ.Ынтыханұлы.
«Қазақ ұлт-азаттық қозғалысы» атты көп томдық басылымның кезекті 14-томына Шығыс Түркістан ұлт-азаттық қозғалысының жауынгерлері Асқар Татанайұлының «Алтай төңкерісі», Фатхан (Пәтіхан) Дәлелханұлы Сүгірбаевтің «Алтай арпалыстары» және Доқас Қожайдың «Офицердің қойын дәптерінен» атты жазбалары, сол оқиғаға қатысқан Әтейхан мерген мен Хасен Оралтайдың естелігі, гоминдаң түрмесінде жазылған Мұхаметжан Юсуповтың «Абақтыда» атты күнделігінен үзінділер енгізіліп отыр. Мұндағы баяндалған тарихи оқиғалар 12-13 томда қамтылған әфсаналар мен жылнамалардың мазмұнын толықтыра түседі. Әсіресе, азаттық жолындағы қозғалыстың азаматтық соғысқа ұласып кете жаздаған тұстарындағы қарулы қақтығыстарға байланысты нақты деректер, ұлттық армияның әр полкінің құрылу және таратылу тарихы қамтылады.

Бұл қорытынды жинақ – Қазақстанның кешегі, бүгінгі геосаяси тарихымен тамырлас, бізге белгісіз оқиғаларды терең және әр түрлі көзқарас тұрғысынан пайымдауға мүмкіндік береді.

БІРІНШІ БӨЛІМ

Асқар ТАТАНАЙҰЛЫ

АЛТАЙ ТӨҢКЕРІСІ1

ХІV-ХV ғасырда жасаған Асан қайғы әулие «Жерұйықты» іздеп шығып, Алтай алқабын кезгенде: «Асты да, үсті де алтын, ат тұяғымен тозатын жер», – депті. Халық аңызында сақталған осы сөзді ойшыл баба бекер айтпаған, ұлы бабаның ұлағатты сөзін халық та бекер сақтап келмеген болар.

Расында да, осы бір ұлы тауда талай-талай тарихи оқиғалар болып өтті. VІІІ ғасырдың орта шенінде құралған қарлық (қарпық) одағы құрамында үйсін, қаңлы, шекті, арғын сияқты көптеген тайпаларды қамтып, «Алтай-Қарпық» одағы атанып ІІ ғасырға жуық үкім жүргізген.

ХІІІ ғасырдың алғашқы жылдарында Алтайдың басқы сілемдерін мекендеген керей тайпасының ханы Тұғырылмен, оған қанаттас найман тайпасының ханы Құшылықтың (Күшліктің – Т.Ж.) елі тұрды. Осы мезгілде дәуірлеген монғолдың атақты ханы Темучин (Шыңғыс хан) алдымен меркіт тайпасына шабуылға шығып, тайпа бастығы Тоқтабекті өлтіріп, елін ойран етті. Қырғын соғыстан қалған меркіт тайпасының халқы тілі бір, діні бір, салт-санасы бір керей тайпасымен – Тұғырыл ханның елімен бірікті.

1203 жылы Шыңғыс хан керей тайпасына шабуылдап, Тұғырыл ханның басын кесіп, елінің тоз-тозын шығарып, жеңіліске ұшыратты. Шабуылдан қалған ел Тұғырыл ханның бас ақылшысы Майқының бастауында Алтайдың батыс алқабын бетке ұстап, жаудан қашып құтылуға тырысты. 1204 жылы Шыңғыс хан найман тайпасына шабуыл жасап, найманның ханы Құшылық (Күшлік) кескілескен соғыста әлсіреп, елін бастап аууға мәжбүр болды.

Темучин әскерлері керейлерді қатты тозғындатты. Найман ханы Құшылықпен бірге кеткені «Қаракерей» атанып найман руының біріне кірді. Майқы бидің бастауында кеткені Абақ-Ашамайлы болып екіге бөлінді. Осыдан соң абақ-керей меркіт тайпасын да ішіне алған 12 абақ-керей аталып қала берді. Сол зобалаңның кезінде қоңырат, керей, найман татарлардан монғолдарға бүтіндей бағынышты болғандар қалмақ, көкмоншақтармен қосылып, монғол болып кете берді.

ХVІІІ ғасырдың ІІ жартысында Жоңғария хандығы құлаған соң керей, найман рулары ежелгі ата қоныстары – Алтай, Тарбағатай тауларын аңсап, солай қарай жол тартты.

Абақ елі кезінде Еділ-Жайық бойында, дәлірек айтқанда Жайықтың бір саласы Ор өзені бойында, Мұғалжар тауларында, кейін Сыр бойында мекендеп, соңында Жәнібек батыр батырдың бастауымен Шыңғыс-Қалба тауларына қоныс аударған.

Сарысүмбе ауданының Шеміршек ауылын мекендеген Қасен Шыбарқажыұлының айтуында, өзінің руласы Шіңгіл ауданын мекендейтін Қосекенің үйінде, Ордың қарағашыңан жасалған маңдайша-табалдырық жаңа қытай үкіметінің алғашқы жылдарына дейін мұра ретінде сақталып келген.

Керейлер Шыңғыс-Қалба тауларында тұрғанда Жәнібек батыр батыр өзінен кейінгі батыр батырлары, дуалы ауыз билері бас қосып, кеңес өткізіп, қосынын құрып, сарбаздарын іріктеп, саптарын жасақтады. Ұзаққа жорық жасап, барар жерін, тиянақтар тұрағын белгілеп, шығысқа жол тартты. Ұзақ кешулер кешті. Осыдан соң Абақ-Керей елі Өр Алтайға ілгерілеп, ірге тебуге жабыла кірісті.

Жәнібек батыр батырдың қайтыс болған жылдарынан кейінгі әр рудың ұранды ағалары және батыр батырлары – Жәнтай, Байтайлақ, Барлыбай, Шегетай, Байқан, Ақан батыр батыр, Қотырақ, Жанторылар өз топтарына тұтқа жолбасшы болды. Бұл ұлы сапар жорығын олар «соғыссыз көш жорығы» деп атасты. Сөйтіп, тік қотарыла қоныс аударған Керейлер Ертістің екі жағын жайлап қыстап, жылжып отырды.

Кейбір қариялар көштен бұрын малын отарлатып барып, жетер тұрағын тұрақтандырды. Осылай оза тартқанның бірі Беген еді. Беген сол заманның Жәнтекей руының байы, биі, батыр батыры, дұғагөй қариясы болатын. Ол Сауыр мен Салбырты, Үліңгір өлкесіне аз жыл тұрақтаған соң «Түмендеріме тұрағым жетпейді екен», – деп, оза тартып, Өр Алтайдан шұрайлап қоныс алуға Сәменбет ұрпақтарын өзіне сүйеніш ете отырып, алға тартқан. Сонымен Қу Ертісті көктей өтіп, Қаратүңкені қапталдап, Қарасеңгірге күл төгіп, көшінің шаңын, түйесінің бұйдасын, Қобдаға тірей тұрақтап, қалың елі мен малын сірей толтырып, шірене жатқан болатын. Беген бай жасы ұлғайған шағында аузындағы билігін Сәменбеттің бір ұрпағы Жарқынбай биге беріп, қолындағы қаруын Ізғұты, Иман сияқты жас батыр батырларына ұсынып «Сарыбай ханның1 сансыз малы сиған жерге, менің түмендерім де сияр», – деп іргесін көміп, құшағын жайып, ошағын орнатыпты.

Көктоғай, Шіңгіл өзендерін өзек ете қоныстанып жатқан Абақ елі де қанатын кеңінен жайып, тұрақтана бастады. Ел болған соң тентегі мен тебізі, ұрысы мен қарысы болмай қойсын ба? Ол жерде бұрыннан қоныстанып отырған монғолдардың ұраңқай, қалмақ, дөрбін сияқты тайпаларымен қақтығыса береді. Монғолдар: «Біздің атамекеніміз десе», қазақтар: «Біздің ежелгі мекеніміз, ата-бабамыздың басы бар», – деп қарсыласты. Жасанып келген жау болмаса да, жасақтанып жеткен ел есе бермеді. Сөйіп екі ел арасы шиеленісіп, монғолдардың рубасылары мен дін иелері, арқа тірегі болған монғолдың Қобдадағы дөрбіт хандығына: «Бұрқанымызды бүлдірді, малымызды талап, айтқанымызды тыңдамады, қол шығарып, көмектесіңдер», – деп ұсыныс қойды. Сонымен Дөрбіт хандығы Монғол хандығының көмегіне сүйеніп, Далай ханды – бастық, Қабақшы батыр батырды – тірек еткен 3 мың қол аттандырды. Мұны Алтай халқы «Сайын-Ноян жылы» деп атайды.

Бегеннің ауылын алдымен басып алуды ойына түйген қолбасы, батыр батыр Далайхан түн жастана келіп, Беген ауылын тұтқиыл басты. Кескілескен үш күндік соғыста Өр Алтай қазақтары ілгерінді-кейін жиналып, жауға дайындығы болмағандықтан, Беген ауылын жаудан құтқара алмады. Тек Бегеннің өз басымен, бала-шағысы ғана құтылады. Ізғұтты батыр батыр – Қабақшы батыр батырмен жекпе-жек шайқаста жеңіліске ұшырап, қолға түседі. Иман батыр батыр Бегенді құтқару жолында жараланып, саптан шығады. Күші әлсіреген соң, Жарқынбай би аман қалған елді бастап, Сауыр тауына дейін шегінеді. Араға бір жыл өткен соң, керей елі қайта ілгерілеп, байырғы мекеніне тағы да ірге жаяды.

Осыдан соңғы жылдарда іргесі көміліп, ошағы мықты орнатылды. Алтайдың атақты өзендері мен көлдері, тауларын кезіп, сай-саласын аралап, жолын аршып, өткелін салды. Атын атап, түсін түстеп, жайлауы мен қыстауын белгілеп, иелік құқығын бекемдеді. Сонымен бейбіт күннің берекелі қазанын қайнатқан дәуір басталды. «Елім іргелі, жерім өзімдікі», – дейтін танымдар жұрт жүрегіне барған сайын берік орнай берді. Сонымен Алтай тау сілемдерін жайлау, Ертіс бойы мен Бұлғын-Шіңгіл, Бәйтік, Сауыр алқаптарын, Құбы құмын қыстау етіп тұрақтанып, мекендейді. Іргесі орныққан сайын қонысын кеңейтуге, өрісін ашуға кірісті. Қаба басымен ұштас, Терісаққан, Қомқанас, Сұмды айрық, Арал жайлауы және Үшлік Өмегейті, Құлынембес, Ботамойын асуы, Китік арша, Қайырты басы, Арасан (Қалуын), Қара ертіс, Бала Ертіс бастары, Көктоғай сияқты аталы жайлауларға сол тұста ірге тепкен болатын.

«Ер – елімен, ел – жерімен көркейеді», – деп, артына үлгі сөз қалдырған елі мен жеріне қорған болғандар жайында сөз болса, алдымен, Қуандық Бітіміш, Аушы Көбеш, Шегетай, Қожамжар (Өжеке төре) сияқты сыртқа айбарлы, елге ұйытқылы адамдар ауызға алынады.

Осыдан соңғы жылдарда туы айқын, төресі бар төрт би сайланған, қанатын кең жайып, шығысын – Құмыл, Баркөл, Қаптық, Бәйтікке тіреп, батысын – Зайсанға көсілте шіреп, арқасын – Алтайдың ұлы асулары арқылы Қобдаға сүйеп, түстігін – Еренқабырға, Боғда тауларына дейін тіреп, шүйгін шөпті, тұнық сулы, түгі торқа, қойны кең мекенде орныққан.

1911 жылы Қытайды 260 жыл билеген Мәнжүр империясы құлаған соң, Сүн-жуң шәннің (Сун ят сеннің – ред.) басшылығында Жұнхуа миньгоны1 құру құрылтайына Алтай елінен қатынасатын құқықты уәкіл сайлап жіберу ұқтырылған. Мәнжур хандығының Алтайдағы іс басқарушысы мен Жеңісхан гуң жиын ашып, Әділ төре ұрпағынан Зәкария Ғабдоллаұлын, керейдің өз тумасынан Баймолла Қарекеұлын уәкілдікке сайлап, құрылтайға аттандырады. Жаңа сайланған халықтық үкіметке уәкілдер Алтай елінің ұсыныстарын айтты.

Орталық үкімет Алтай елінің төте қарастылығын күшейту үшін, Алтай жергілікті қазақ халқының әкімшілігіне бір жүн-ваң, екі бейсілік (белі бейсі, засыт бейсі) мансап берген. Құрылтай өкілдері қайта оралып келген кезде, Жеңісхан гуң қайтыс болған еді. Іс басқарушы мен ел адамдары бас қосып жүн-ваң мәнсабын Жеңісханның баласы - Әлеңге, белі бейсілік мәнсабты – Мәни Жұртбайұлына, засыт бейсілік мансапты құрылтай уәкілі – Зәкария төренің өзіне берген. Бұл тұста Алтай ерекше аймақ саналып, Бейжіңдегі орталық үкіметке төте қарады да, іс басқарушы ұлықтарды солар отырғызды. 1919 жылы Алтай – Шыңжаң өлкесіне қаратылып, Алтай аймағы құрылды. Бұл тұста Шыңжаңға үкім жүрізген Яң-зың шинь Алтай елінің шекаралық ерекше жағдайымен санаспай тұра алмады.

Алтай тауы солтүстік-шығысы – Монғолиямен, батысы – Қазақстанмен шекаралас жатады. Осындай шекаралық құрылымға, шекарасының күрделілігіне байланысты түрлі уақиғалар туып, үкімет әскерлері ондай істерде үнемі әлсіздік көрсетіп отырды. Әсіресе, 1921 жылы қызылдардан жеңіліп қашқан ақ орыс армиясы шекарадан басып кірген кезде, Алтайдың билеушісі Жоу-дау иың (Жоу-у шуө) қорыққанынан өзін-өзі өлтірді де, әскерлері Үрімжіге қашып кетті. Тек атамекенін қимайтын жергілікті халық, қазақтар мен моғолдар ғана табандылық көрсетті. Жергілікті халықтан шыққан Зуқа секілді рубасылары ақ армияға берілмей, айтқанын орындамай, оларға ат-көлікпен көмек көрсетпей, олар Монғолияға өткен кезде артынан оқ атып, аттандырып салды. Осы жағдайларды ойлаған Яң-зың шинь 1928 жылы жергілікті халықтан екі туандық (полк) әскери орын құруды белгілейді.

Бұрынғы кеңес одағының Зайсан ауданымен шектесетін шекарасын қорғап тұруға – Әлең уаңға, Монғолия жақ шекараны қорғап тұруға – Қанапия бейсіге тұңлұндық мансап беріп, әр тұңлұңға 500 әскер ұстауды бекітті және қазынадан ақша, қару-жарақ босатты. Арнаулы әскер жаттықтыратын адамдар берді. Осы бұйрық бойынша жұмыс жүргізіліп, Әлең уаң әскерін – Назарбек Дәмежанұлына, Қанапия бейсі әскерін – Қарағұл Райысқанұлына басқартты. Олардың алатын әскерлері қазақтардың өзінен болуды ұйғарды.

Сөйтіп, Алтай аймағын Алтай халқының өзіне қорғауды тапсырды. Алтай елі осындай ерекше жағдайда тұратындығы себепті, үкімет орындары Алтай аймағына айырым көзқараста болатын. 1932 жылға келгенде Ислам мемлекетін құрамыз дейтін, Ма-жуң иң (дүнген) әскерлері Алтайды басып алды. Алтай билігін ұстаған Вэй Жинго дауиң әскерлерін алып, Үрімжіге тұра қашқанда, Алтайдың жергілікті халқына Шәріпхан басышылық етіп, екі тұңлұнның әскерін дұрыс басқарып, дүнген әскерлерін Алтайдан қуып салды. Шекараның амандығын сақтады.

Осы кезде Үрімжідегі саяси, әскери өзгерістен кейін, тақ басына атақты саяси алдамкөс Шың шы цай келді.

Шың шы цай – Шыңжаңдағы күштерді түрлі саясат істете отырып, қолға келтіріп алғаннан кейін, 1933 жылы көкектің 12-ші жұлдызын мейрам етіп белгіледі. Оны ол өз жеңісінің нышаны ретінде әр жыл сайын тойлап, халықтың сенімін өзіне артуға тырысты. Тіпті, Шыңжаңдағы Сталин өзі болғысы келді. Өзін «көсем» деп жырлатуға дейін барды. Бірақ, уақыт өте келе, оның бетпердесі жыртылып, оның қандықол екендігі айқарадай әшкереленді. Ол жергілікті ұлттарға сенбеді. Сол үшін жергілікті ұлттардың көзі ашық азаматтарын жоғалтуға кірісіп, орынбасар-төраға Қожанияз қажыны тұтқындады. Басқа да демократиялық көзқарастағыларға тырнағын батыр батырды. Сөйтіп, Шыңжаң халқына үрей сала бастады. Ол ең алдымен Алтай халқын шыңжырлауға сұқтанды. Оның басты себебі Алтайдың ерекше жағырапиялық орыны мен тарихи жағдайына тікелей байланысты еді.

1936 жылдың өзінде-ақ тұңлұнды жойып, қару-жарағын тұтастай жинастырып, халықты қарусыздандырды. Бұл кезде ол әртүрлі істерді ойлап тауып, елдің бас көтерер азаматтарын тұтқындауға кірісті. Мұны жіңішкелікпен жүргізу үшін қазақ-қырғыз құрылтайын ашу деген желеумен 1939 жылы жер-жердегі жұрт беделділерін Үрімжіге жиынға шақырды. Алтай аймағының уәлиі, әрі қорғаныс слиңі (генералы) Шәріпхан Көгедаевты құрылтай ашу жөнінде ақылдасамыз деген сылтаумен шілде айында Үрімжіге шақыртып алды. Қыркүйекке қарай Әлең уаң, Әбілмәжүн гуң, Бұқат бейсі, Тәбін бейсі (монғол), Жамлиқа мүфти, Шолтым лама (монғол) сияқты дін иелерін; Жанымхан, Дәулетше, Қабыл, Оспан, Көкенай, Дәлелхан, Кәкен, Нәзір сияқты қажыларды; Қажына, Зейнел сияқты үкірдайларды қамтыған 40-50 адамды Үрімжіге жинап алды. Құрылтай жиынның уәкілі деп шақырылған жұрт адамдары сол жылдың желтоқсан айына дейін қайтарылмады.

Халықта қобалжу пайда болды. «Шәріпхан, Бұқат сияқты басшыларды абақтыға жауыпты, басқалары мырзақамақта екен. Шыңжаңның оңтүстігі мен солтүстігінен, Қашқар мен Құлжаға дейінгі жерлердегі қытай, ұйғыр, қазақ, қырғыз, монғол сияқты ұлттардан мыңнан аса адам Үрімжіге шақырылып, түрмеге қамалып, Шың шы цайдан көресіні көріп жатыпты» – деген сөздер таралды. Халық арасында бұндай үрейлі сөздердің таралуы тегіннен-тегін емес еді. Шың шы цай Алтайдан 1938 жылдың басында Жу-шүн қуй, Сәлім, Қамбар, Шабдан бастаған адамдарды тұтқындады. 1938 жылы қыркүйекте Көктоғай ауданынан қарақас руының тәйжісі – Қалел Нұртазаұлын, отаншыл қайраткер, аймақтық үкіметтің бас хатшысы – Мәнкей Мәмиұлын үйінен түн ішінде қолға алды. Бұл екі адамды құтқарып қалу үшін Қарағұл залың, Есімхан бастаған адамдар әрекеттенсе де, іс оратына келмей, тынды да, керісінше бұл істерден тыңшылар арқылы хабар алған сақшы, өлкеге бірді екі еселеп көрсетіп, мәлімет беріп отырды және ізіне түсті. Соның артынан 1939 жылы желтоқсан айының соңында Алтай елі діннің пірі деп танитын Ақыт Үлімжіұлы қажыны ұстап, мешітін аяққа таптап, кітаптарын мүсәдіралады. Сол қатарда Шіңгіл, Көктоғай елінен Байқадам үкірдай, Баянбай үкірдай сияқты бірнеше ел адамадрын да тұтқынға алды.

Ақыт қажыны ұстау әркеті елдің ашу-ызасын тіпті де қозғады. Халық Есімхан Иманбайұлының басқаруында 60-тай адам дайындалып, төте жолмен барып айырып қалуға кірісті. Бірақ, ақ қар, көк мұзда соғысудың қиындығын ойлаған ел-жұрт бұларды ақыл айтып, басып тастады. Ал, осы 60 азамат дәл сол 1939 жылдың 24-желтоқсаыннан бастап аттан түспеді де, бел шешпеді. Олардың тізімі аудан, аймақ, өлкелерге дейін жолданды. «Бір алысу сол күні басталды», – деп халық та, үкіметте түйді. Үкіметтің әрі заңсыз, әрі астамшылық әрекеттері халық жүрегіне тікендей қадалды. Халықтың Шың шы цайға деген кегін қоздыра түсті.

Осы жылдың соңында жүздеген әскерлердің қоршауымен губернатор мекемесінің ақылшысы Жу-жың шың дегеннің басқаруында өлкеден келген құрал жию комиссиясы Сарысүмбе қаласына түсті. Алтайдың 7 ауданынан күні бұрын шақырылған (Үрімжіге шақырылғаннан қалған ел беделділері) 700-ге жуық кісі де Сарысүмбе қаласына жиылған еді. Тек Көктоғай, Шіңгіл аудандарының өзінен-ақ 200-дің үстінде адам шақырылды. Жу-жың шың Сарысүмбенің тар көшесінде алды-артына, оң-солына қатар-қатар қорғаушы қойып, елге сес көрсетіп, халықты тіксіндіре бастады.

Жиын ашылған аймақтың үлкен клубында мінбеге шыққан Жу-жың шың автоматтарын серт ұстаған төрт-төрттен қорғаушысын екі жағына алып, клубтың іші-сыртына сарыала әскерлерін иін тірестірді. 50 тал оқ шығаратын автоматты мылтықтарды сахара жұртының тұңғыш көргені осы болар. Қалың адамның көзі түсі суық қарулардың аузында. Үрейлене, үрке, шошыңа қарайды.

Әскерлер жиналған жұртқа үн парақтарын тартты. Бұл Шәріпхан Көгедаевтің атынан жазылған үн парақтар екен. Бұл кезде Шәріпханның әлдеқашан түрмеленіп кеткені, мына отырған елбасыларына айдан-айқын еді. Сондықтан бұл үн парақтың Шәріпханның атынан келмегенін, бүкілдей жалған екенінен ешкімде күмәнданбады.

Ол үн парақ: «Біздің қазақ халқының мылтық ұстауы да қажетсіз. Үкіметке тапсыру керек!», – деген мазмұнда жазылыпты. Жиындағылар бір-бір шолып көрді де, жанқалтасына, қойын-қонышыңа тыға салып, Жу-жың шыңның сөзіне құлақ түрді. Кешке дейін ұзақ сөзден залдағыларға ерекше ұғылғаны: халық қолында бір дана оқ, бір тал найза, тіпті, бір қанжар тектес пышақ та қалмасын – деген сөз болды. Сөздің соңы: әр тәйжі, әр үкірдайдың елінде қанша мылтық бар, оқ-дәрі бар? Әкелдіңдер ме? Қазір тапсырыңдар – деген әмір, пәрменге дейін барды.

«Бұрын берген едік, бізде жоқ!», – деген біреулер Жу-жың шыңның жекірігіне ұшырады. Тіпті қайсы біреулерді сақшылар залдан шығарып әкетті. Жу-жың шың қысық көзін сығырайта, зіл мен қаһарын шаша қарап: «– Өтірік айту ежелдгі әдеттерің. Енді өйтіп алдап құтылуға жол жоқ. Әкімдер мен мекеме басшыларын, мылтық жинаушыларды алдап болғансыңдар. Енді сендер жасырынатын орын жоқ» – дегенде Алтай аймақтық қоғам қауіпсіздігі мекемесінің мекеме бастығы Ли-жуң юн орынынан атып тұрып: «– Жу бастық дұрыс айтты! Енді алданбаймыз!», – деп үстелді тақылдатып, өзін таныта сөйледі.

Жиындағылар үрейлене бастады. Қоян жүректер қу шүберектей болып, ұнжырғасы түсіп, басын көтере алмай қалды. «Тәуекел түбі қайық, мінесің де өтесің, уайым түбі теңіз, батасың да кетесің» – дейтін халық қағидасын сақтағандар қасқайып тұрды. Парасат таразысына жүгінгендер, шақшасын тықылдатып, қайта-қайта насыбай ата берді. Үнсіздікпен түс те болды. Мылтық жию коммиссиясы үзілістен соң қайта кіріп, мінбеге шығып: «– Біз мына келген мылтық жию комиссиясының адамдары – Шың губернатор жіберген адамдармыз. Өз төрелерің Шәріпхан жұмсаған қызметшіміз. Біз де өз адамдарыңбыз. Бүгін түн барлық мылтықтың тізімін хатқа түсіріңдер. Тіпті жақын жердегі ауылдардың мылтығын, адам жіберіп алдырып, ертең біздің алдымызға салыңдар. Үкіметке адалдық көсетіңдер!», – деп бұйрық түсірді.

Жиын осыдан кейін де бірнеше күнге созылды. Әр күн осындай үнсіз түнерумен өте бастады. Бірақ, бір тал оқ, бір мылтық та тапсырылмады. Жу-жың шың мен оның қол шоқпарлары қала тұрғындарын да қысымға ала бастады. Ауылдан келген уәкілдердің кейбірін: «Сарысүмбеден шығармай қамап тастай ма, Үрімжідегілердің аяғын құшамыз ба?», – деген сары уайым меңдете бастады. Осылай өтіп жатқан үрейлі күннің бірінде: «Үлкен жиын болады, клубқа тез жиналсын!», – деген хабар таратты.

Осыдан үш күн бұрын қайда, қалай жоғалғаны, кім алып кеткені белгісіз Қаба ауданынан келген Қомбыжап үкірдай да келіп қалыпты. Басқалармен жәмпілдесіп амандасқан болып жүр. Өңінде күлкі шырайы болғанымен, көңілінде қасірет күйі барлығы байқалады. Жиын басталды деп жарияланған соң, сөзге шыққан Жу-жың шың: «Пікір бар ма? Сөз сөйлейтіндер саханаға шықсын» – деп көпке көз тастады. Жиындағылар біріне-бірі көзінің астымен, жағасының жиегімен қымсына қарасты. Сәлден соң топтың арасынан түрегелген Қомбыжапты көргенде, қай-қайсының болсын жүрегі дір етіп қалды. Оны алып кеткенде: «Ұсталудың алды осы » – деп қорыққандар, енді «Бәленің басы болмасын» – деп тітіркеністі. Жу қасына шақырып алып: «Ал, сөйле!», – дегенде, Қомбыжап дірілін баса алмай тұрған еді. Оның ойына «Өлімнен ұят күшті» – деген сөз түсті ме, кім білсін? Бірақ алдыдағы қорыққаннан берген уағдасын жұта алмады. Ақыры үстелеге сүйеніп тұрып тіл қатты: «Уәкілдер, сендер бұйықпаңдар! Шешіліңдер. Құралды тапсырыңдар! Міне, мен тапсырамын! Менің аз ғана елімде 100-дің үстінде мылтық бар. Мен тізімдеп тапсырамын!», – деді бір сөзін екі қайталап. «Мынау үш күннен бергі сақшыңың оқытқан сабағы болды ғой.», – деп күбірлесті жұртшылық. Қомбыжаптың сөзін қолпаштағын Жу: «Әр елде де осындай мылтық бар! Барлығың да елдіріңе ертеңнен бастап аттанып, мылтық жию қызметіне кірісіңдер! Бұл қызметке кереғарлық білдіргендер, көресіні көреді», – деп зілін тастады.

Осыдан үш күн бұрын Қомбыжап үкірдаймен бірге ұсталған Қарағұл Райысқанұлы (залың) мен Өнерхан Жанымханұлын (тәйжі) кері қайтармады. Олар Жу айтқандай көресілерін көрді. Оларды Қожамжап сияқты өтірік айтуға көндіре алмаған Жудың қолшоқпарлары екеуін ұрып өлтірді.

Осы Қарағұл мен Өнерханның Сарысүмбе түрмесінде аққан қаны төңкерісшілерден ең алғаш аққан қан еді. Шыңның үкіметіне қарсы күрестің құпия басталуы да, осы 1939 жылы желтоқсан айында болды. Қарағұл залың сол түрмеде:

Жігіттер ойна да күл, ойла да біл,

Сұм дүние баяны жоқ өтеді бұл.

Күңіренген абақтыда кім десеңдер,

Баласы Райысханның мен Қарағұл.
Алтайдың суын іштім бұлағынан,

Ертістің шөп шаптырдым құрағынан.

Жетпістің жетеуіне келгенімде,

Мылтықтың келіп түстім сұрағына.


Халықтың тату едім бәріменен,

Ағайын, туысқан, жас, кәріменен.

Барсаңдар елге тірі жолдастарым,

Айтыңдар өлеңімді әніменен!


Сәлем айт тірі барсаң керейіме,

Қуаныш көздің көркі мерейіме.

Ойдағы істі орындар біреу шығар,

Мен ғана жетпей кеттіп дегеніме, –

деп басталатын әнімен қоса шығарылған ұзақ өлеңі, Шың үкіметіне қарсы айтылған халық қарғысының ең алдыңғысы.

60 шумақтан астам бұл өлеңді мен Қарағұлмен бірге түрмеде жатқан азаматтардан және ел арасынан толық жазып алып, 1946 жылы «Ерікті Алтай» газетінде жарияладым.

Аймақтық мылтық жинау комиссиясы аудан-ауданда ел аралап, бір жағынан мылтық тапсыру жиынын ашып, енді бір жағынан «көз-құлақтар» даярлады. Үй-үйге заңсыз тінту жүргізіп, елдің қолындағы бірер-жарым шиті, бердеңке сияқты аң мылықтарына дейін жинап, ұсталар құймашылыққа, әйелдер ұршыққа істетіп келген қорғасынға дейін сыпырып жинап алды. Осы жағдайды көзімен көріп жүрген ақын Бәтіш (Бәтима) Қомшақызы мылтық жинаушылардың сол әрекеттерін:

Елдегі бар жақсының бәрін алып,

Қатындарға ұршықтас қоймадың, –

деп өлеңге қосқан болатын.



  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет