Қазақ мемлекеттік қыздар



жүктеу 4.18 Mb.
бет12/23
Дата25.04.2016
өлшемі4.18 Mb.
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23
: attachments
attachments -> Лекции 30 часов Семинарские занятия -15 часов срс 60 часов срсп 30 часов КарагандЫ 2010 Форма 2 Силлабус составлен к э. н., доцентом Абеуовой С. Т., на основании госо рк, типовой программой дисциплины «Международные организации»
attachments -> «атф полис» Сақтандыру Қазақстан Республикасының компаниясы» АҚ акционерінің қаржы нарығы мен Шешімімен бекітілген қаржылық ұйымдарды реттеу
attachments -> «атф и ее роль в клетке. Ферменты» Карагулян Олеся Владимировна
attachments -> Программа дисциплины «Западноевропейское искусство и дизайн (XX-XXI век)»
attachments -> Тәуелсіз эксперттердің филиалдар, өкілдіктер тізімі
attachments -> Бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттама

Жамбыл облысының Меркі ауданындағы мектептерде Қазақ тілінің қолданылуы аясы
Досымова М.К. – оқытушы. (Алматы қ., ҚазмемқызПУ)
Егеменді мемлекет атанғанымызға 20 жыл толса да қазақ тілінің жағдайы нашар халде. «Қазақ СССР-нің Тіл туралы Заңы» 1989 жылы 22 қыркүйегінде дүниеге келді. Ол 2000 жылға дейінгі кезеңді қамтыды. Егемендігімізді алғаннан кейін де, қазақ тілінің дамуына көптеген шаралар жасалды. Атап айтар болсақ, 1997 жылы «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заң қабылданған сәттен бері және Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 5 қазандағы № 4106 Жарлығымен бекітілген Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы 1998-2000 жылдар аралығында іске асыру барысында қоғамдық өмірдің барлық негізгі салаларында тіл құрылысы процестерінің одан әрі кеңеюі мен тереңдеуі үшін алғышарттар жасалды. Ал тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы 10 жылға арналған. Бағдарламада Қазақстандағы тіл құрылысының ұзақ мерзімді келешегінің стратегиялық мақсаттары мен міндеттері айқындалып, сондай-ақ, оларды іске асырудың басты бағыттары мен тетіктері белгіленген /1, 4-5 б./.

Дегенменен, жоғарыда айтып өткеніміздей, қазақ тілінің жағдайы төмен. Бұған себеп, кеңес өкіметінің тек бір ғана тіл, ол- «орыс тілі» деп ұлттық сана - сезімді улауы. Әбден күшіне мінген кеңес өкіметі енді: «Бізде бір ғана халық–совет халқы болу керек, бір ғана тіл- орыс тілі үстемдік құру керек!» – деген бағыт ұстанды. Мұның түп-төркіні Одақ құрамындағы халақтардың өзінің ана тілінен, ділінен, ұлттық ерекшеліктерінен айыру еді. Осының нәтижесінде, қазақ тілін қолдану аясы тарыла бастады. Ұлттық бала-бақшалары мен мектептер бірте-бірте жабылып, жоғарғы оқу орындарындағы сабақтар тек орыс тілінде жүргізілді /2, 23 б./.

Тіпті, ХХ-шы ғасырдың 70-80-ші жылдарды Республика көлемінде 800-ге тарта қазақ бала-бақшалары мен мектептері әлеуметтік қажетсіз деген желеумен жабылып қалған /3, 49 б./.

Қазақ мектептері мен бала-бақшалардың жабылуы ұлты қазақ балаларының көптеп орыс мектептері мен бала-бақшаларына кетуіне себебін тигізді. Бұл құбылыс, әсірісе, өндірісті қалаларда, облыс орталықтарында, Алматыда көбірек байқалған. Қалалық жерлер мен аудан орталықтарындағы арнайы мектептер жабылған соң, қазақ тілінде жалпы білім беретін мектептер ауылдық жерлерде ғана болды.

Сонау, кеңес дәуірінің өтірік жүргізген бұрмалау саясаты салдарынан қазіргі таңда қазақ тілі тек күнделікті тұрмыстағы тілге айналып отыр. Нақтырақ айтар болсақ, Жамбыл облысы, Меркі ауданында жүргізілген этносоциологиялық зерттеулер негізінде «Мектепке барғанға дейінгі меңгерген тіліңіз қандай ?» деген сұраққа: Қазақтардың 96,9% тек қана қазақ тілінде деп жауап берсе, ал 9,5% орыс, 0,6% басқа да тілдерде деп жауап берді (1-кестені қараңыз). Ал «мектепке барғаннан кейін, қай тілде білім алдыңыз ?» деген сұраққа 85,3% қазақ және 15,9% орыс тілінде деп жауап берді (2 кестеге қараңыз).

1-кесте Жамбыл облысы, Меркі ауданы тұрғындарының мектепке барғанға дейінгі меңгерген тілдері



Этностар

мектепке барғанға дейінгі меңгерген тілдері, %

жауап берушілер

қазақша

орысша

басқа тілдерде

Қазақтар

326

96,9

9,5

0,6

Орыстар

357

2,5

98,6

0,8

Түріктер

255

24,3

40,4

69,8

2-кесте Жамбыл облысы, Меркі ауданы тұрғындарының мектепке барғаннан кейінгі білім алған тілі



Этностар

мектепке барғанға дейінгі меңгерген тілдері, %

жауап берушілер

қазақша

орысша

басқа тілдерде

Қазақтар

327

85,3

15,9

0,9

Орыстар

357

2,8

97,8

1,4

Түріктер

253

17,0

79,8

8,5

Яғни, көріп отырғанымыздай, Жамбыл облысы, Меркі ауданы тұрғындарының басым бөлігі қазақ ұлты екеніне қарамастан, қазақ отбасылары балаларының орыс мектептерінде білім алғанын қалайды.

Мәселен, Жамбыл облысы, Меркі ауданында көбінесе қазақ ұлты басымырақ, тұрғындардың көбісі қазақшаланған, соған қарамастан отбасында орысша сөйлеуге тырысады және жас отбасылары балаларын орыс мектептеріне беруде. Олар үшін қазақ тілі отбасында ғана сөйлесетін тіл болып қала бермек, ал орыс тілін қызмет бабында, достарының арасында және құжат істерімен айналысу барысында жиі қолданады. Тіпті жастардың көбі қазақша сөйлей білгенімен, қазақша ойлауға қабілеттері жетіспейді.

Қай ұлт болса да, балаларының мектепте оқитын тілін немесе болашақтағы сөйлеу, жазу тілін таңдайды.Мұны әрбір ата-ана өзінің жұмыс істейтін қызметіне, жасына, ортасына, яғни этномәдениетіне байланысты жасайды. Мысалы, жоғары және орта буындағы басшылар мен мамандардың балаларының 7,1% орыс, 92,9% қазақ тілдерінде білім алады. Ал қызметкерлердің балаларының 27,4% орыс, 77,4% қазақ, ал 0,8% басқа да тілдерде білім алады (3 кестеге қараңыз)

3-кесте Жамбыл облысы, Меркі ауданы тұрғындарының мектепке барғаннан кейінгі білім алған тілі

Әлеуметтік-кәсіптік топтар



мектепке барғанға дейінгі меңгерген тілдері, %

жауап берушілер


қазақша

орысша

басқа тілдерде

Жоғары және орта буындағы басшылар мен мамандар

14

92,2

7,1

0,0

Қызметкерлер

124

71,4

27,4

0,8

Солардың ішіндегі зиялылар

81

74,1

25,9

1,2

Маманданған жұмысшылар

71

91,5

8,5

0,0

Маманданбаған жұмысшылар

166

90,5

9,5

1,7

Жастары

18-19

16

50,0

50,0

0,0

20-24

39

66,7

33,3

0,0

25-29

38

89,5

18,4

0,0

30-39

90

90,0

11,1

0,0

40-49

70

92,9

10,0

0,0

50-59

37

83,8

16,2

0,0

60 +

37

91,9

2,7

8,1

Барлығы

327

85,3

15,9

0,9

Дегенменен, қазіргі таңда мемлекеттік тілді дамытуға көптеген жағдайлар жасалып жатыр. Мәселен, Республикамызда 2005-2006 жылдары қазақ мектептері 19% болса, ал 2008-2009 жылы 24% өсті. Аралас мектептерде де қазақ сыныптары көптеп ашылған, 2005-2006 жылдары 25%, ал 2008-2009 жылдары 32%. Осы қазақ сыныптарындағы оқушылардың саны 2006 жылы 22% , ал 2008-2009 жылдары 29% өскен. Сондай-ақ, қазақ тілінде тәрбиеленетін бала-бақшалар мен шағын орталықтар 2005 жылы 5% болса, ал 2009 жылы 24%-ға артқан. Аталған бала-бақшаларда тәрбие алып жүрген бүлдіршіндер 2005-2006 жылдары 15% құраса, ал қазіргі таңда 34%-ды құрайды.

Сонмен қатар, Алматы қаласында 243 жалпы білім беретін мектеп болса, оңың ішінде қазақ мектептері 20%-ды (44 мектеп) ғана құрайды. Қазақ мектептерінде оқитын оқушылар саны қала бойынша жалпы білім беретін мектептерде оқитын 168989 оқушының 22%-ын ғана құрайды. Ал қаладағы 154 бала-бақшаның 24-і (16%) қазақ бала-бақшасы. Солардың ішінде 28750 баланың 22%-ы қазақ бала-бақшаларында тәрбие алады /4, 45 б./. Әрине, бұл көрсеткіш қанағаттандырарлықсыз. Қазіргі жастар біртіндеп қазақ тілінің дамуына үлесін қосады деп сенеміз. Қазақ үшін қазақ тілінің орны ерекше болуы тиіс. Тіл байлығы – әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Сондықтан да әр адам өз ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануына қарсы тұруы тиіс

Қазақстан демократиялық, зайырлы мемлекет. Ата Заңында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі» деп қазақ тілі жазылған. Мемлекеттік тілді меңгеру Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы.


ӘДЕБИЕТТЕР
1.Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы // Тіл және қоғам. – 2005. – №1(3).

2.Табей К. Қайсар рухты қазақ : Қайрат Рұсқұлбеков. – Алматы, 1994. – 120 б.

3. Мемлекеттік тіл және патриотизм мәселесі // Саясат – Policy. – 2007. –№ 8.

4.Матыжанов К. Қазақ тілінің келешегі қалада десек бастауы Алматыда // Туған тіл. – 2007 – №2 (06).

ТҮЙІНДЕМЕ

Бұл мақала Жамбыл облысы, Меркі ауданында жүргізілген этносоциологиялық мәліметтер негізінде, тұғындардың мектепке барғанға дейінгі және мектепке барғаннан кейінгі қазақ тіліне деген көзқарасы анықталған.


РЕЗЮМЕ

На основе этносоциологических материалов рассматриваются проблемы казахского языка в школах Жамбулской облсти Меркенского района




МӘДЕНИЕТТІҢ ЖАҺАНДЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯСЫНА БҰҚАРАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯНЫҢ ЫҚПАЛЫ

ЕржановаА .М.- фил.ғ.к.,(Алматы қ,. Халықаралық бизнес университеті)

Бұқаралық коммуникацияны зерттеу өзекті. Олар қоғамды құру және қалыптастыру әдістерінің тәсілін, оның демократиялық, азаматтық және мәдени потеняциялын күшейтеді. Бұқаралық коммуникация мен технологиялар туралы білім және оларды қолданудың заңдылықтары әлеуметтік іс-әрекет, әлеуметтік жоспарлау мен әлеуметтік диагностиканың ең күшті қаруы болып табылады. Бұқаралық коммуникацияның ықпалы экономика, саясат, дін, тіпті күнделікті тұрмыстағы тәжірибелер сынды әлеуметтік мәдени институттардан тазартылады. Мәдениет дамуының ерте кезеңінен бастап медиакоммуникация мәдениеттің дамуына өте үлкен септігін тигізіп келеді.

Мәдениет тарихын коммуникация тәсілдерінің даму тарихы ретінде қарастыруға болады. Коммуникацияның жаңа түрлерінің жасалуы үлкен мәдени төңкерістерге – адам өмірінің түрлері мен әдістері, әлеуметтік ұйымдардың, әлеуметтік –мәдени институттар мен ментальды-психикалық механизмдердің радикалды өзгерісіне әкелді. Сонымен, мысалы; алғашқы өркениеттердің қалыптасуын жазусыз және оның бұл процестегі ролін қарастырмауға қазіргі түсінікпен қарауға болмайды. Коммуникация тәсілдері қоғамның модернити және постмодернити шешуші кезеңдеріне дейін жетіп, мәдениет даму процесіне ықпал етуде. Сондай-ақ, медиакоммуникация мәдениетте тек делдалдық емес («тасымалдық»), қажетті биліктік және идеологиялық функцияларды да атқарады. Билік ұғымы мен концепциясы неомарксистік (Грамши, Альтюссер), лингвосемиотикалық (Барт, Деррида) және постмодернистік (Фуко, Лиотар, Бодриар) концепцияларында құрастырылған. Бұл теорияларда билік саяси институт ретінде күштеу мен мәжбүрлеу емес, мәдени гегемониялық, бақылаушы, тілдік игерімді, дискурсивті түрінде қарастырылады. Өзіндік әлеуметтік-саяси анализ биліктің қалыптасуын, атқарылуын және шынайылығын жақсы ашалмайды, керісінше лингво-семиотикалық ашады. Өйткені «биліктің құпия серпілі» класстық (нәсілдік, гендерлік т.б.) қызығушылықтың астарында емес, сигнификация, мағына берушілік механизмінде. Сигнификация механизмінің ашуы арқасында семиотика биліктің атқарылуын (қызмет етуін) ашып береді. Қазіргі қоғамда идеологиялық (гегемондық) үстемдіктің іске асуының негізгі түрі мен институтын мас-медиа алып отыр. Медиакоммуникация экономика және техника сынды әлеуметтік-мәдени институттармен тығыз байланысты. Көптеген философиялық-әлеуметтік және мәдениеттанулық теорияларды экономикалық, техникалық немесе олардың симбиозын әлеуметтік-мәдени дамудың шешуші детерминанты ретінде қарастырды. Бірақ мұндай медиакоммуникацияның детерминантын қабылдағандар кемде кем. Тіпті бүгінгі күннің өзінде көптеген авторлар медианы техника мен технологиялардың түрлеріне жатқызады, десек те медиакоммуникация техника мен экономикадан бөлек өзінше әлеуметтік-мәдени институт болып табылады және де қоғам дамуының қазіргі сатысында олар экономика мен техниканы өзіне бағындыра отырып бірінші кезекке шықты.

Медиа мәдениеттің шешуші институтына айналуда деп нық сеніммен айтуға болады. Егер «мәдени фактор» қазіргі әлеуметтік трансформацияда экономика мен техниканы «екінші орынға» ығыстырса, онда шетел мәдениеттанушылары жазғандай басты «мәдени фактор» - медиа. Коммуникация бастапқыдан бұқаралық болмайды, ол тек мәдениеттің бір даму кезеңі мен белгілі себептерге байланысты ғана болады. Бұқаралық коммуникацияның қалыптасуының шешуші кезеңі мен оның ең алғашқы түрі Гутенбергтің баспа станогы. Баспа кітап үлкен мәдени төңкеріске айналды. Ол тек бұқаралық коммуникацияның алғашқы түрін ғана қалыптастырып қойған жоқ, кейбір зерттеушілердің айтқанындай (Б.Андерсон т.б.) «баспа капитализм» атты капитализмнің тууына әкелді. Нәтижесінде кітап басу бұқаралық капиталистік тұтынудың бірінші формасына, ал кітап – бірінші бұқаралық тауарға айналды. Ол сауаттылық пен сауатсыздықтың арақатынасын түпкілікті өзгертті, сондай-ақ, қоғамның әлеуметтік құрылымына ықпал етіп, Реформациялық қозғалыстарға, еуропалық ұлттардың дамуына, ұлттық тілдер мен мемлекеттердің қалыптасуына жағдай жасады.

Баспа мәдениетіне дейін сауттылық қоғамның саяси, мәдени салаларында ешқандай мағынаға ие болмады. Баспаның қалыптасуымен сауаттылық пен білімділік әлеуметтік мобилдік пен статустың қажетті көрсеткішіне айналды. Орта ғасырлардағы әулиеттік мемлекетті демократиялық мемлекетке айналдыруда баспа дайындаған кітаптардың азаматтардың бұқаралық сауаттылығын жүзеге асыруынсыз мүмкін емес еді. Ол жаңа, зайырлы білім беру жүйесі мен жаңа буржуазиялық таптың қалыптасуына жағдай жасады. Газет пен бұқаралық баспаның қалыптасуы бұқаралық коммуникацияның дамуының жалғасы және аяғы болып табылады. Гегель айтқандай газет азаматтардың таңғы дұғасын ауыстырды.

Келесі кезең электр қуатымен тығыз қатысты электронды медианың (телеграф, телефон, радио) пайда болуымен байланысты. Электрлік теориясының практикада қолданылуы ең алғашқы осы медиакоммуникацияда болды. Ашық электромагниттік толқындармен олардың алыс қашықтықтарға тасымалдануы адамдардың көптен аңсаған телекоммуникацияның қалыптасуына әкелді. Көптеген ғалымдар бұл кезеңді жаһанданудың алғашқы кезеңімен байланыстырады, дегенмен, телекоммуникация адам болмысының кеңістіктік-уақыттық координатын түбегейлі қайта құрды. Үшінші кезең және үшінші коммуникативтік төңкеріс қазіргі медиакоммуникация (кино, теледидар, компьютер, интернет, мультимедиа) болып табылады. Олардың ішіндегі ең ықпалдысы және негізгі мәдени институтқа айналған – теледидар. Теледидар өзімен бірге биліктік, идеологиялық, ақпараттық, эстетикалық және мәдени қызметтерін біріктірді. Теледидардың мультитүрдегі мүмкіндігінің астарындағы көрінбейтін күш өзімен бірге көптеген медиалық институттарды, ескісі (газет, радио, кино), жаңасы (компьютер, интернет, видео, аудио баспасы) жұтып қойды. Соңғы екі он жылдықтағы жаңа күшті медиа, әрі мәдени институт компьютер және Интернет болып табылады. Медианың мәдениеттің жаһандық трансформациясына ықпалы кеңістік пен уақыттың трансформацияның қабылдауында көрініс береді. Кеңістік пен уақыт әрқашан адам болмысының түбегейлі нүктесі ретінде қарастырылған. Бірақ бұл кеңестік-марксистік дискурс айтқандай «материяның объективті өмір сүруінің түрі» емес, әлеуметтік құрылымды категория. Тіпті бұл ұғымдық форма емес, Кант айтқандай сезімдік форма. Урбанистік мәдениетте уақыт кеңістікке үстемдік ете бастайды, кеңістікке қарағанда қажетті категорияға айналады. Кейбір зерттеушілердің айтуынша уақыт кеңістікті «элиминирлейді». Сондай-ақ, кеңістік уақытпен бір координатқа теңеліп, «кеңістіктік-уақыттық», «эйнштейндіріленеді» (эйнштейнизируется) болады. Модернити мәдениеті басынан екі кеңістіктік-уақыттық дағдарысты өткерді – Бірінші дүние жүзілік соғыстың аяқталуымен XIX ғ. екінші жартысы және Версаль келісімінің шақырылумен «жаңа әлемдік тәртіптің» орнатылуы; және де қазіргі постмодернитиге, постиндустриалды қоғамға, қазіргі жаһандық немесе «жаңа әлемдік тәртіпке (емес)» бастау берген. Масс-медиа екі жағдайда да шешуші роль атқарады, бірінші дағдарысты нақты емес, екіншісінде толық ықтималды. Медиакоммуникация «қысым», «қысқарту», «кебу» сынды бальзактік шегірен былғарыдай кеңістіктік-уақытқа эффекттік көрініс береді. Медиакоммуникацияның дамуы мен кеңістік көбіне уақытпен элиминирленеді, мағыналы бола бастайды. Бірақ бұл өз кезегінде жергіліктінің мағыналық қалыптасуына әкеледі.

Медиакоммуникацияның дамуы қазіргі гуманитарлық ғылымдардың ортақ тақырыбы жаһандану феноменінде де өз көрінісін береді. Әйтседе, жаһандану себебінің жауабы бір жақты емес, көптеген зерттеушілер (және біз олармен келісеміз) бұқаралық коммуникацияны негізгі себеп дейді. Жаһандану жайлы пікірталас, оның себептері мен қорытындылары процессті түрліше түсінуден болады. Біз үшін жаһандану батыс моделі мен өмір салтының, құндылықтары мен талғамдарының таралуы емес (бізде көп жағдайда осылай қалыптасқан), ең алдымен адамдардың жоғарғы сезімі мен санасының жаһандық (әлемдік) байланысы. Бүгінде әлде бір локальды ортада қалыптасқан нәрсе әлемнің көптеген басқа аймақтарына және әлемдік масштабтағы адамдар тағдырына әсер етуі мүмкін.

Біз жаһандануды қиын диалектикалық процесс ретінде жаһандану мен локализацияның ұштасуынан туындаған «жаһандық-локализация» (глокализация) деп қарастырамыз. Гомогенизация және унификацияның жаһанданудан жеңілуін күнделікті өмірдегі «локальды сананың» оянуы және локальды мәдениеттің жарық көруі факт ретінде қарастырылады. Локализация жаһанданудың құрамдас бір бөлігі болып табылады.

Қазіргі мәдениеттануды зерттеудің қажетті ұғымы мен методикасы мәдениеттанудан алған саяси экономияның мәдени өндіріс ұғымы болып табылады. Ең алғаш болып бұл ұғымды Франкфурд мектебінің философтары Т.Адорно және М.Хоркхаймер XXғ. 40-жылдары еңгізді. Бірақ теория қазіргідей ескі болып саналатын бұқаралық қоғам мен мәдени империализмді анықтауды қолданылды. Дегенмен, қазіргі мәдениет процесстеріне анализ жасауда мәдениеттанушылар мәдени өндіріс ұғымын жақсы қодануда. Бұл ұғым экономикалық, технологиялық, әлеуметтік, мәдени қайшылықтарды анықтауға көмектеседі. Бір жағынан ол мәдени шығармашылықты мәдени құндылықтардың өндірісі ретінде экономикалық өндіріс түрінде көрсетеді; бір жағынан мәдени өндірістен тұтыну өндірісіне мән беруді, сондай-ақ, мәдени өндіріс пен өндіріс товарының айырмашылығы мен спецификасының анықтауды айтады. Бұдан біз мәдени артефакттерді капитализмнің заңдылықтары тарағандай мәдениеттің барлық сфераларында товардың түрлері деп айтуға (мәдени коммодификация) құқығымыз бар. Ол бізге ұнайды ма, әлде ұнайды ма, - барлығын тауарға айналдырған мәдени өндіріс капитализмнің идеологиялық тұрғыдағы аяғы емес, керісінше капитализмнің даму тенденциясын көрсетеді. Бірақ ең бастысы мұндай ыңғай мәдени өндірісті тұтынушы процесс ретінде қарастыруға: мәдени товардың (бұл жерде құндылықтардың орны қандай, әлеуметтік идеялар, символдар, көркем шығармалар мен образдар, медиаөнімі) экономикалық айырмашылығы тұтыну процесінде. Тек тұтыну акті ғана мәдени өндірістің акті болып табылады. Осыдан үлкен айырмашылық, мәдениеттанушылар «аудитория» (audience) деп аталатын оқырман, көрермен, тыңдаушылар дейді ме, әлде «тұтынушылар» дейді ме? Тек аудитория ғана мәдени өндірістің шынайы димургі болады. Мәдени өндірістің ерекше аспектісінің бірі осындай.

Мәдени өндірістің кезекті аспектісі өндіріс символы немесе символикалық өндіріс. Символ әрқашан «Дәл» емес, пішіні де өз-өзін анықтамайды. Символ өз-өзіне ғана қажетті емес, ол өзін жасырады және өзін айқындатуға тырысады. Мәдени «тауар» өзінде емес, қоғамның престижі, өмір стилі, статустық рөлі, жағдай сынды «басқада» көрінеді. Мәдени өндірістің ашық мысалы жарнама, ол тек товарларды ғана емес, сонымен қоса билік, байлық, секс т.б. көптеген «өмір стильдері» секілділерді де жарнамалайды. Қазіргі медиакоммуникация мәдени өндірістің «таза» бір көрінісі: олар қолданыс аясында өндіріледі, өздерін ешқандай аудиториясыз және индивидуалды қолданыстағы таза символдық өнім болып табылады.

Бұқаралық коммуникацияның мәдениетке ықпалын қазіргі гуманитарлық білім тұтастай мәселе ретінде қоюда. Қазіргі қоғамға (постмодернистік, жаһандану, постиндустриалды) алдыңғы идентификациялық тәсілдері көмектесе алмайтындай тұтас дағдарысқа ұшырауда. Мұндай жағдайда ескі идентификация механизмдерін қайта қарау керек. Осы кезге дейін иднтификацияның механизмі болып абстрактылы (адамдық) Мен проблемасы идентификациясына әкелетін философиялық механизм өзіндік рефлексия мен өзіндік референция болды. Бұл механизм Декарттың радикалды күмәніндегі cogito принципіне өз картинкасын салды. Бұл картинадан Басқа қуылды, егер кірсе, тек иллюзиялық түрде «басқа өзіне-өзі» болды (Гегель). Қазіргі гуманитарлықтың жетістігінен шыққандықтан бұл «философиялық» жалғыздық екі жағдайда болуы қажет: Басқаның жалғыздықтың (тұтастықтың) құрамына кіруі және коллективтік идентификация механизміне кіруі. Біріншісі, идентификация процесі «Меннің айнасы» емеске қызмет ететін басқаға қатынасындай (немесе барлығына радикалды күмәнмен) философиялық тәсілдерін қабылдаумен іске аспайды, ол еліктеудің үлгісі мен моделі, өзіндік Меннің құрылуы. Басқа – ішкі ығыстырушы инстанция емес, ол ішкі айыру инстанциясы. Тек осы инстанцияның нақтылығы ғана идентификация процесін мүмкін етеді. Екіншісі, идентификация процесі философиялық рефлексия көмегімен іске аспайды, біріншіден, коллективтік жалғыздыққа қатынасы арқылы (ағайындық сезім, жақындық т.б.), екіншіден, ол абстрактылы ойлануда емес, коллективті іс-әрекеттің процесінде, қатысу шығармашылығында іске асады. Осыдан қазіргі мәдениеттанудан шығатын agency проблемасына (іс-әрекетке мүмкіндік) үлкен роль береді. Бүгінде медиакоммуникация алдыңғы ұқсастықтарды бұза отырып, коллективті идентификацияның механизмдерін жақсы пайдалануда және жаңа нық «елестеткіш ұқсастық» қалыптастыруда.

Медиакоммуникацияны әлеуметтік-мәдени институт ретінде,талдаудың рөлі мен қоғамдағы әлеуметтік ұйымдардың және жаһандық құбылыстардың («жаңа әлемдік тәртіп» құруда) орны, философиялық, мәдениеттанулық, теориялық-әлеуметтік мағынасын білу қажеттілік.

ТҮЙІНДЕМЕ

Мақалада бұқаралық коммуникацияның мәдениеттің жаһандық қайта құруларына ықпалы жайында айтылған.

РЕЗЮМЕ


В статье рассматривается влияние массовой коммуникации на глобальное возрождение культуры.


1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет