Қазақ отбасындағы қыз баланың тәрбиелік мәні



Дата28.04.2016
өлшемі55.54 Kb.
Қазақ отбасындағы қыз баланың тәрбиелік мәні

Умирбекова С.Т., магистр,аға оқытушы

(Алматы қ, Қазмемқызпу)

Отбасы – адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы – адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі.

Атыраудан Алтайға, Оралдан Алатауға дейінгі ұланғайыр өңірдің тауын жайлап, құмын қыстаған қазақ жұрты «Жері байдың, елі бай» дейтін қағидадан аумай, сайын даласының салқар ұлындай мамыражай күй кешсе, оның бәрі айналып келгенде, ұлтымыздан сіңген қасиет, ұстанған салт-дәстүрлерінің қайтарымы деп түсінгеніміз жөн. Өйткені ұрпақ жалғастығын бәрінен жоғары қою, өле-өлгенеше баласына қамқорлық көрсету әлемінің бірқатар елдеріндегі дәстүр.



Қазақ отбасында әрдайым: «Әдепті бол, тәрбиесіздік етпе, көргенсіз болма» деген сияқты сөздерді балаларының құлағына құйып өсірген.
Қазақ отбасында өз баласын мейірімділікке, имандылыққа баулып өсірген. Үнемі отбасында осылай тәрбие көрген бала ақырында, өздігінен тіл алғыш, адал, тиянақты, ұқыпты болып шыға келеді.

Тәрбие басы әдептілік деп білген ата-ана әуелі баласына өздерін сыйлап-құрметтеуді, өзгелерге, әсіресе үлкендерге, сыпайылық танытуды, ешкімді мұқатпауды үйреткен. Сонымен қатар, балаларының ер-азамат болып, халқына еңбек етулерін басты міндет етіп қойған.

Ұлттық салт-дәстүрімізді білу, оның астарын түсініп, атадан балаға мирас ету қазіргі таңда әсірісе қазақ қыздары үшін ауадай қажет. «Қыз тәрбиелей отырып- ұлтты тәрбиелейміз» деген қанатты сөздің өзі қыз бала тәрбиесінің қаншалықты маңызды екенін білдіреді.

Қыздың бойындағы ізеттілік, көргенділік нәресте кезінен ана сүтімен бойына сіңген. Қатты күлмеу, айқалап сөйлемеу, үлкеннің жолын кеспеу, ыдыс –аяқты сылдырлатпау, алдымен кіріп, артымен шығу, есікті теуіп ашпау, босағаны кермеу, үлкендерден жоғары отырмау тәрізді тіпті қыз баланың отырысына, жүрісіне, киім киісіне, дауыс ырғағына дейін мән берілды. Мейірім бала кезден, ең жақын адамын сүюден басталады. Әрбір қыз балаға ата-анасын, туыстарын, ұстаздарын сыйлап, қадірлей білуді үйретсе, болашақта одан елін ,жерін, халқын сүйетін, өз шаңырағын ардақтайтын, балаларын жақсы көретін қамқор ана, қайратты жан, нәзік ару шығатыны сөзсіз. Қыз баланың жақсы болып өсуіне оның өскен ортасының, бірге жүрген құрбы-құрдастарының, дос-жарандарының да әсері күшті. Қазақтың «Қызың өссе, қызы жақсымен ауылдас бол», «Қызға қырық үйден тыйым» деген нақыл сөздері сол өмір тәжірибесінен алынған. Сонымен қазіргі заманғы қыздардың бойынан: ақылдылық, инабаттылық, сымбаттылық, көріктілік және де іскерлік қасиеттері де табылуға тиіс. Халық «Өнерсіз қыздан без, өнегесіз ұлдан без» деген. Ұлы Абай атамыз «Ары бар, ақылы бар, ұяты бар ата-ананың қызынан қапы қалма» деген екен.

Қыз баланың тәрбиесі ата-анаға да үлкен сын еді. Бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін көрсетеді. Ана-барлық өмірдің бастауы. Ол адамды өмірге әкеледі. Ол адамды адам етіп тәрбиелейді. Жүн түт, жіп иіру, шекпен тоқу, кесте тігу, құрақ құрау, кілем тоқу, көрпе көктеу, т.б. өнерді қыздарына бөгде босағаға бармай тұрып – ақ үйреткен. Сондықтан ертеңгі ана, бүгінгі қыздарымызды тәрбиелеу ананың және барша қауымның міндеті. «Қыз» ең қасиетті сөз. Қасиетті болатыны бүкіл адамзат қыздан тарайды: қыз келін болады, келін анаға айналады, ал ана әже деген зор дәрежеге жетеді.Осы үшеуі арқылы ұрпақ өсіріп, ұлт қатарын көбейтеді. Қыз абыройы - болашақ отбасының, босағаның беріктігіне қатысты мәселе. "Қыздық жолы жіңішке" деп, оның абыройын сақтауын қатаң қадағалап отырған. Қыз баланың абыройы оның ақыл-парасатына, инабаттылығына, махаббатты жоғары бағалауына байланысты. Әр әке-шеше, туған-туысқан, бауыр өз қыздарының абыройлы болуына ерекше мән беріп, қадағалайды, әсіресе қыз тәрбиесіне анасы жауапты. Халқымыз бойжеткен қыздың алдына келешектегі өмірлік міндеттерін қойып, орындап отыруды қыздық абыройы деп санаған.


Олар: ізетті болу, әсем киіну, әкені күту, шешені сыйлау, дөрекі сөйлемеу, қабаң шытпай жүру, үлкендердің алдынан кесіп өтпеу, ұқыпты болу, өсек айтпау, ұрпақ тәрбиесінен хабардар болу, ұлт дәстүрлерін құрметтеу, ана тілін ардақтау, орынсыз сөз айтпау, арқан, жіп есе білу, сиыр сауа білу, кілем тоқып, кесте тіге білу, т.б. секілді мінез-құлықтық қасиеттер мен дағды икемділіктері.

Қыздың намыс мен ары, адамгершілігі оның оқуға, қоғамдық пайдалы істерге, отбасына, құрбы-құрдастары мен ұжымға қарым-қатынасына байланысты. Әрбір қыз балаға ата-анасын, ұстазын сыйлап, қадірлей білуді үйретсе, болашақта одан елін, жерін, халқын сүйетін,өз шаңырағын ардақтайтын, балаларын жанындай көретін қамқор ана, қайратты жан, нәзік ару шығары сөзсіз. Қыз баланың бойына сыпайлық, мейірбандық, адалдық, сезімталдық және еңбекқорлық сияқты қасиеттерді кішкентайынан бастап дарытуды халқымыз өте ежелден қолға алған. Қазақ қызы өзіне өмірлік жолдас, жар таңдауға ерекше жауапкершілікпен, сақтық, ұстамдылықпен қарап, оның маңызын санасымен аңғарып, жүрегімен түйсінген. Бұл істе ұшқалақтыққа, орынсыз тәуекелге жол беруді өмірлік қауіп санаған.

Қалыңдық үшін де болашақ күйеуінің мінез-құлқы, ой-өрісі мен мәдениеті, білімі мен инабаттылық болмысы, жақсы- жаман әдеттері жайында жақсы білу өте маңызды. Бүкіл зиялы қауымның міндеті- бір жағынан, бұл мәселелерді тереңірек зерттеу, оларға жаңаша қарау болса, екінші жағынан, оларды тәрбие жұмысына, әсіресе, жастар тәрбиесіне пайдалана білу.

Қыз баланы құрметтеп, олардың алдында дөрекі сөйлемей, ізетті болып, ер-тұрманы әшекейленген сұлу жорғаларды қыздарына, қарындастарына мінгізіп, киімінің әсем - сәндісін, әшекейлі бұйымдардың жақсысын қыздарына арнап, жиын-тойларда қыз баланы әр уақытта сыйлы орынға отырғызған. Жаңа түскен жеңгелері де қайын сіңлілерін атымен атамай «Еркемай», «Шырайлым» деп еркелеткен. Ар-намысын жоғары ұстай білген қыз ғана жұрт алдында әрдайым абыройлы сыйлы.

«Қыз өссе-елдің көркі» - дегендей Ел, сәні, елдің көркі қыздардың шырайланатыны шындық. Халқымыздың қыз балаға деген құрметі ежелден ерекше болған. «Қызды төрге отырғыз, төреңдей күт» дейтін халық қыздарын бақыт құсына балап, әлпештеп, аялаған. Қыз баланың тәрбиесі ата-анаға да үлкен сын. Қыздарымыздың асыл қасиеті-жан дүниесі нәзік, адал махаббат иесі болғандығын, дәулетке, байлыққа қызықпағанымен жыр-дастандардан білеміз. Қыз баланың әдептілігі сөйлеген сөзінен, істеген ісінен, мінез-құлқынан, әр түрлі жағдайда өзін-өзі ұстай білуінен, жолдас-жораларымен және жай былайша адамдармен арақатынасынан, жалпы барлық жүріс-тұрысынан көріп тұрады. Қыз баланы әдепсіздігі оның бақытты болуына, өсіп өнуіне үлкен нұсқан келтіреді. Қыз баланың шашын қырқуы, кісінің бетіне тік қарау, ер адамның алдын бұландап кесіп өтуі, қыдырымпаз, сауықшыл болуы үлкен мін болып саналады. Сондықтан «қызға қырық үйден тыйым» деп, қыздарға қырағы қарайды. Қызды жанының нәзік сезімталдығы, үй тірлігіне жақындығы, ертеңгі ана болу ерекшелігі тәрбиеде ұл балаға қарағанда біраз өзгеше қарым-қатынасты қажет ететіні анық. Сондықтан, қыз ибасы, қыз әдебі дегенге жеңіл-желпі қарауға мүлдем болмайды. Қыз баланың тым әлем-жәлем киініп, көзге түсуге тырысуы, орынсыз боянып-сылануы ерсі. Сонымен қатар, өзінің сырт пішініне, киім сәніне немқұрайлы, салғырт қарауы да келіспейді. Бұл оның тәрбиесінің жетімсіздігі, төмендігі.

Ерке қыз, иманды әйел, қасиетті ана солардан шыққан. Қазақтың батыл қыздары, ақын қыздары, ақылды қыздары ұлтты тәрбиеледі. Қазіргі заман қыз бала тәрбиесіне ерекше мән беруді қажет етеді. Себебі, қыз баланы тәрбиелеу деген сөз – ұлтты тәрбиелеу деген сөз. Отбасы – қоғамның бір бөлшегі. Ал отбасының алтын қазығы - әйел адам. Бесігінде жақсы тәрбие алған, үлгі-өнеге көрген қыз бала бойжеткенде сол әдетін сақтайды. Қазіргі заман қыз бала тәрбиесіне ерекше мән беруді қажет етеді. Себебі, қыз баланы тәрбиелеу деген сөз – ұлтты тәрбиелеу деген сөз. Отбасы – қоғамның бір бөлшегі. Ал отбасының алтын қазығы - әйел адам. Бесігінде жақсы тәрбие алған, үлгі-өнеге көрген қыз бала бойжеткенде сол әдетін сақтайды.

Қорыта келе қыз баланың тәрбиесін үлкен жауапкершіліке алуымыз керек. Демек, болашақ жас ұрпақты адамгершілігі мол, иманды, өнегелі, өнерлі етіп тәрбиелеу - қазіргі отбасына үлкен міндет. Сонымен қазақ отбасында тәрбиенің негізі – ұлттық салт-дәстүрлер. Өз ұлтының намысын жоғары қоя білетін, елінің сөзін сөйлейтін жас ұрпақты баулыту, тәрбиелеу.

Әдебиеттер тізімі

1. Ж.Байжанова. Қызым саған айтам. - Алматы, 1990

2. К.А.Оразбекова. Иман және инабат. - Алматы, 1993.

3. Г..Исаева. Шаңырақ шаттығы. - Алматы, 1992.

4. Оразбекова К.А. Ұлттық психология мен халық тәрбиесі



болашақтың бастауы хақында. – А.: Дәуір, 2000
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
publications -> Қазақстан халқы Ассамблеясы” кафедрасының аға оқытушы ф.ғ. к. Есқараева Айгүл Дүйсенғалиқызы “абай жолы” эпопеясындағЫ Әйелдер бейнесі
publications -> О. Сүлейменов және қазақ кино өнері
publications -> Абай мен Пушкин шығармалары
publications -> Темірбек жүргеновтің Өмірі мен қызметі (Қазақстан мұрағат құжаттары негізінде) Оразбақов Айтжан Жұмабайұлы
publications -> «Мәңгілік ел – ұлттық идеясының қазақ әдебиетінде көркемдік көрініс табу дәстүрі мен инновациялық жаңашылдық мәселелері» атты Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары
publications -> Қазақ стиль типологиясының Қалыптасуы қорқыт ата атындағы Қму доценті А. Е. Айтбаева
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы
publications -> Абай танымындағы сопылық
publications -> Қазақ әдебиетінің халықаралық байланыстары


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет