Қазақ тілі кафедрасы Қазақ әдебиеті және шығыс филологиясы кафедрасы Мамандықтың пәндер каталогы



жүктеу 0.53 Mb.
бет1/3
Дата26.04.2016
өлшемі0.53 Mb.
  1   2   3
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университиеті
Филология факультеті

Қазақ тілі кафедрасы

Қазақ әдебиеті және шығыс филологиясы кафедрасы
Мамандықтың пәндер каталогы


МАМАНДЫҚ (6D011700 – қазақ тілі мен әдебиеті )







Пән коды

Пән атауы, кредит саны,

Пререквизиттер, сабақ түрі

бойынша бөлінуі

Модуль (курс) мақсаты, міндеті,

қысқаша мазмұны

Білім алу нәтижесі

(білу, игеру, менгеру)







1

2

3

4













1 КУРС
















1 семестр







МЕМЛЕКЕТТІК МІНДЕТТІ МОДУЛЬ

KKAGDU

1101




Қазіргі қазақ әдебиеттану ғылымының даму үрдісі мен жаңа бағыттары
3 кредит / 10,5 ЕСТS
Пререквизиттері: жоқ

2+1+0




Мақсаты мен міндеттері: Қазіргі қазақ әдебиеттану ғылымының даму үрдісі мен жаңа бағыттарын өткен ғасырдың 20,30,40,50,60 жылдардағы әдебиеттану саласындағы еңбектермен салыстыра зерттеу керек.

– Қазақ әдебиетінің тарихын, сынын және теориясын зерттеудегі жетістіктер, іркілістер сырын жария ету негізгі мәселе.

– Қазіргі қазақ әдебиеттану ғылымында бұрынғыша қазақ әдебиетін кезеңге бөліп сөз ету қалыптасқан жағдай болса, сол бағытты жаңаша өзгертудің сыр-сипатын ашып көрсету тиімді.

– Қазіргі әдебиеттану ғылымының даму үрдісі мен бағыттарын заман барысындағы тарихи-әлеуметтік жағдаймен сабақтастыра қарастырып бағалау негізгі мақсат болып саналады.

Мазмұны:

Мазмұны: әдебиеттанудағы ғылыми парадигмаллардың ауысуы. Идеялар эволюциясы және әдебиеттанудағы жаңа бағыттар. Әдебиеттегі Алаш идеясы. Әдебиеттанудағы мифопоэтика мен психологизм. Мәдени мұраны,

оның ішінде ауыз әдебиетін, дәстүр мен әдет-ғұрыптарды, қазақ халқының танымы, тарихы, материалдық және рухани мәдениетімен байланысты зерттейтін синтездік зерттеулер.





Білімі: Қазіргі қазақ әдебиеттану ғылымы егемендік алғаннан кейін бабалардан қалған рухани мұраларды тарихи-типологиялық, синтездік тұрғыды зерттеп, әдебиетіміздің түп-төркінін ілгері жылжытады. Көне түркі руна жазбаларын жасауға қазақ тайпалары қатысқанын ғылыми негізде дәлелденеді.

Білігі: Қазақ әдебиетін дәуірге бөліп зерттеп, ғылыми тұжырымдар жасалынды.

Құзіреттілігі: Қазақ әдебиетінің өсу деңгейін айқындады, әлемдік әдебиеттегі орнын танытты. Қазақ әдебиетінің тарихын, теориясын және сынын топтап қарастырып, әдебиеттану ғылымының өсу деңгейін айқындайды.











КӘСІПТІК МІНДЕТТІ МОДУЛЬ



TBTTUS 1201

Тіл біліміндегі таным теориясының универсалдық сипаты
2 кредит / 7 ЕСТS

Пререквизиттері: жоқ

1+1+0


Мақсаты – тіл біліміндегі танымдық теорияның ғылыми негіздерін меңгеру, оның басты тұжырымдары мен негізгі қағидалары арқылы докторанттың ой-өрісін кеңейту.

Міндеті:

- тіл біліміне қатысты таным теориясының – негізгі қағидаларын игеру, оны қоғамтану мен өміртану дұрыс қолдана білу;

- таным теориясының бағыт-бағдарын айқындай келіп, оның басқа салалармен байланысын зерделеу;

- танымдық аспектілерге байланысты ғылыми еңбектерді, көзқарастарды талдап, талқылай білу;

- таным теориясына қатысты ұғымдарды, терминдерді меңгерту, оларды нақты мысалдар мен деректер арқылы талдап көрсету.

- тіл білімі мен таным теориясының бір-бірімен байланысын көрсете білу;



Мазмұны: Қазіргі жаһандану процесі ғылым саласының тоғысуы мен бірігуіне ғана ықпал етпей, сонымен қатар тың ғылыми салалардың қалыптасуы мен дамуына да әсер етті. Тіл біліміндегі таным теориясының универсалды сипаты – тіл білімінің қоғамдық-әлеуметтік орны мен ролінің күшеюіне орай, адамзаттың, ой мен тіл, сана мен сөйлеу, таным мен тілдік қарым-қатынас процестерінің бірлескен әрекеті нәтижесінде тілші ғалымдар алдына жаңа идея, тың ізденісті қажет еткен сала. Тіл біліміндегі таным теориясының универсалды сипаты тіл арқылы қоршаған ортаны, адам қасиеттерін, қоғамдық құбылыстар мен жаратылысты танып-білудің ғылыми-теориялық негіздерін қарастырады. Сондықтан тіл біліміндегі таным теориясының универсалды сипаты тіл білімінің танымдық бағыттары мен аспектілерін әр түрлі қырынан ғылыми негіздейді және адамның таным процесіне қатысы білімін тереңдетіп, тәжірибесін молайтады.



Білімі: Тіл біліміндегі таным теориясының қоғамдық-әлеуметтік орны мен ролін білу; адамзаттың ой мен тіл, сана мен сөйлеу, таным мен тілдік қарым-қатынас процестерінің бірлескен әрекетін білу; таным теориясының методологиялық негіздерін білу;

Білігі: Тіл біліміндегі таным теориясының универсалды сипаты тіл арқылы қоршаған ортаны, адам қасиеттерін, қоғамдық құбылыстар мен жаратылысты танып-білудің ғылыми-теориялық негіздері екенін ұғындыру.

Құзыреттері: Адамның таным процесіне қатысы білімін тереңдетіп, тәжірибесін молайту, тың ғылыми салалардың қалыптасуы мен дамуынан хабардар ету.


DJAKK
1202


Дәстүрлі жазба әдебиеттің қалыптасу кезеңдері
2 кредит / 7 ЕСТS
Пререквизиттер: жоқ
1+1+0

Мақсаты :

Ең алдымен қазақ жазба әдебиетінің даму кезеңдерін дәуірлеу мәселесіне тоқтау. Осы арқылы пәннің көздеп тұрған төмендегідей міндеттерін айқындау:

- Қазақ жазба әдебиетінің тарихын, түп тамырын Орхон, Енисей, Талас ескерткіштерімен сабақтастықта қарастыру, зерделеу; Орхон, Енисей, Талас ескерткіштерінің зерттелуі, мәтіндік ерекшеліктерін, тасқа таңба басқандай құндылықтарын аңғарту;

Міндеттері: Х-ХІІ ғғ. Ислам дәуіріндегі жазба әдебиетіміздің мұраларын, ол кездегі шығармалардың ерекшелігін қарастыру, кезең әдебиетінің жәдігерлерін жазба әдепбиет мұрасы ретінде тану және қазақ жазба әдебиетінің даму тарихындағы айрықша, жемісті дәуір ретінде бүгінгі қазақ жазба әдебиетімене сабақтастықта тану;

- Алтын Орда дәуіріндегі жазба әдебиеттің даму ерекшеліктерін тану. Ортағасырлық түрки шағатай аталатын жазба әдебиет дәстүрлерімен сабақтастығын зерделеу. Осы жазба әдебиеттің Алтын Орда мемлекетінің мемлекеттік діні болған ислам діні құндылықтарымен байланыстыра отырып саралау;



Мазмұны: Ықылым заманнан дархан бабаларымыз келешек ұрпаққа мәңгілік тотбаспас асыл қазына етіп, ақыл ойларын сөнбес нұр іспеттеп руна, дәфтәр, кітап етіп жазып қалдырып отырған. Түп тамыры сонау ұлы қағандарымыздың қайсар мінезі, ер жүректігін жырлайтын Орхон, Енисей, Талас руналар ынан бастау алып, ұрпағына білімді құт етіп дарытқысы келген Ж. Баласағұнның «Құтты Білік», А. Ясауидің «Диуани Хикмет», М. Қашғаридің «Диуани лұғат ат-Түрік» еңбектері және бейбітшілікті ту еткен Ислам дінімізді дәріптейтін Насреддиннің «Қиссасу Рабғузиі», С.Сарайдың ақыл қалтасы «Гүлстан бит-Туркийі», бір шеті қазақ хандығы дәуірінде шығарылған көркем әдебиет туындыларымен ұштасқан, қала бердісі ХІХ ғ. мен ХХғ. бас кезіндегі қиссашыл, нәзирашыл, кітаби шайыр ақындарымыздың еңбегімен ұласқан бұл бір кең ауқымды туындылар «Қазақ жазба әдебиетінің қалыптасу кезеңдері» пәнінің қарастыратын нысаны болып табылады.


Білімі:

- Қазақ жазба әдебиетінің тарихын көне дәуірлермен сабақтастықта тану және бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның көркейген көркем сөз өнері жетістіктерімен байланыстыра отырып саралауға, тани білуге үйрету.



Білігі:

- Бүгінгі кемелденген қазақ әдебиетінің тууы, өсу, қалыптасу кезеңдерін қазақ халқының тарихи жүріп өткен жолымен сабақтастықта саралап, тану, меңгеру;

- Қазақ жазба әдебиетінің тарихи дәуірлерге орай өсуін, байуын жете тану, меңгеру;

- Қазақ жазба әдебиетінің тарихи дәуірлерге орай жанрлық тұрғыдан кемелденуін бағамдау, көркемдік тұрғыдан көркеюін тану, меңгеру;



Құзіреттері:

Қазақ жазба әдебиетінің қалыптасу кезеңдерінің әр дәуіріне орай қаламгерлік құрамы, сан алуан тақырыбымен, жанрлық тұрғыда өсіп отыруын танып пайдалану жұмыстарын тәжірибелік түрде жүзеге асыра алу, пән қамтыған кезеңдердің шығармашылық ерекшеліктерін меңгере отырып, даму , өсу, көркеюі негіздерін саралай алу және оны пәндік аймақтарда қолдана алу.





KPKDT

1203



Қазақ поэзиясының көркемдік даму тенденциялары
2 кредит / 7 ЕСТS
Пререквизиттері: жоқ

1+1+0


Пєнніњ мақсаты: Қазақ өлең-сөз өнерінің бүгінін әңгімелеу үшін әрине, оның өткен жолын, болған тарихын танудың, білудің маңызы зор. Қазақ лирикасының ұлт әдебиеттануында тексеріс нысанына алынып, зертте­лу дәстүрінің де бір ғасырдан астам тарихы бар. Ұлт әдебиеттануында қазақ лирикасы зерттеліп келе жатқанымен, тұтастай алғанда оны зерттеуші ғалымдар еңбектерінің шығармашылық зертханасына (ла­бораториясына) ғылыми тұрғыдан арнайы зер салына қойған жоқ. Сан жылдық тарихы мен мол тәжірибесі бар ұлт әдебиеттануында лири­ка тегінің өзіне тән табиғаты мен сан қырлы жанрлық ерекшеліктері қай шамада, қай деңгейде қарастырылды деген мәселелерді анықтап шешу де бүгінгі әдебиеттанудың өзекті проблемаларының бірі бола алса керек.

Пєнніњ міндеттері:

- Лирика тарихы және оның зерттелуі

- Лириканың жаңа дәуірдегі зерттелуі

- Өлең-сөздің эстетикалық өсу мұратын айқындау мәселелері

-Лирикалық жанрлар жүйесі және зерттеулер жаңашылдығы

Пән мазмұны

Қазақ әдебиеттануында бірқыдыру жемісті зерттелген сала ретінде лирика тегінің даму сипаты мен тексерілу жайын айтамыз. Көркем әдебиеттің өскелең әрі түлегіш жанры ретінде танылған лириканың көшелі тарихи ғұмырында өз соқпақ-ізі мен жоталы жолы жатыр.

Лирика – аты белгісіз ықылым замандардан бері қазақпен бірге жасасқан фольклорлық мұралардың мирасты рухани дүниесінің бірі ретінде ауызекі әдебиеттің көшіне ілесе жүріп, жазба әдебиет дәуіріне жетті яки өз дамуында тарих талайын бастан кешіп келеді.

Қазақ лирикасы жанр, тек тұрғысынан өз қызметін қалай атқарса, оның сан алуан сырға тұнған табиғаты да соншалықты зерттеу көзіне ілініп отырды. Бірнеше ғасырдың қойнауына енген қазақ лирикасының ұлттық көркем өнеріміздің, оның ішінде әдебиетіміздің (ауызша және жазбаша) әсем де көрікті, белгілі бір жанры қызметін өзінің ұлттық болмысына, халықтық, бұқаралық бітіміне сай адал атқарып отырғаны да анық.




Білімі: қазіргі қазақ лирикасының даму сипаты мен зерттелу тарихы ту­ралы мол мағлұматтар алуға болады. Дәуір тынысын танытатын ұлттық лириканың туу, қалыптасу, даму сияқты өзіндік дәстүрі бар. Қазақ өлеңінің табиғатына, тари­хи төркініне әр заман зерттеушілері көңіл бөліп, назар аударып отырған. Көрнекті ақын-лириктердің шығармашылық табыстарын мақсатты тексеруші, толыққанды пікір айтушы зерттеуші-ғалым мамандар шоғыры қалыптасты.

Лириканың қазақ әдебиетіндегі дамуын, жай-күйін арнайы зерттеумен айналысқан ғалымдармен бірге ақын-жазушылар да ұлт өлеңінің мәселелерін түбегейлі тексеруге ден қойды. Лирикалық жанрлар дамуындағы дәстүрлі сипат пен әдеби байланыстар арнасындағы ұлт өлеңінің табиғат ерекшеліктері қазақ әдебиеттанушыларының ұдайы назарында болып келді.



Білігі: Лириканың, лирикалық поэзияның күллі адамзатқа ортақ әдеби өнер хақындағы құндылығын «аспан - ортақ, жер – ортақ» делінетін планета эстеттері (сөз өнерін танушылар мен зерттеушілері) әу-бастан-ақ, бағзы заман, баяғыдан бері-ақ барынша ұлықтап, танып-білуге ұмтылған. «Ақындардың жеке мінез ерекшеліктеріне байланы­сты поэзия да түрлі сипаттарға бөлінеді» деген Аристотельдің, «Өлең өнері сөзбен құлпырады» деген Әбунәсір Әл-Фарабидің, «Поэзия - өз бойына ішкі рухани әлемнің барлық ерекшеліктерін жинақтаған сөз өнерінің түрі» деген Гегельдің немесе «Поэзия – сезімді бейнелеу арқылы әсер қалдыратын әрекеттер жүйесіне құрылған өнер түрі» деп тұжырған Г.Э. Лессигтің аталған өнер жанрының (лириканың) сапалық қасиеттерінің болмысын айғақтай түсетін көнеден келе жатқан шешімді пікір-пайымдар түсіндіріледі.

Құзіреттері: Өлең-сөздің (лириканың) өнер туындысына лайықты ықпал етерлік бедел-қуатын әр дәуірде, әр қилы қоғамда өмір сүрген орыс оқымыстылары да өз орнымен бағалай, дәріптей білген. «Лирикалық шығарма, қас қаққанша ғайып болатын ақын рухы шабытының жемісі» (Белинский), «Басқа өнер түрлеріне қарағанда поэзияның биік тұратынына дау жоқ, өйткені өзге өнер түрлері поэзияның ай­тарын бізге жеткізе алмайды» (Чернышевский) деп келетін пікірлер шоғырын А.А. Потебня: «Образсыз өнер, оның ішінде поэзия да жоқ» деп жалғастырса, бұл үрдісті В. Шкловский: «Поэзия – ойлардың ерек­ше бір тәсілі, нақтырақ айтсақ, образбен ойлау тәсілі» деп одан әрі ұштай түседі.





2 семестр

КӘСІПТІК МІНДЕТТІ МОДУЛЬ

КТТ 1102


Кәсіби түрік тілі
1 кредит / 3.5 ЕСТS

Пререквизиттері: жоқ

0+1+0


Мақсаты: Түрік тілін үйретудің мақсаты, докторанттардың түрік тілін жетік меңгеру арқылы түрік тілінде жазылған мәтіндерді дұрыс оқып, мазмұнын түсінуін; оқығандарын түсіндіре алатын дәрежеде болуын; сондай-ақ, докторанттардың өз пікірлерін түрік тілінде айта алуларын қамтамасыз ету.

Міндеті: өз ана тілінің грамматикалық категорияларын үйреніп келген докторант түрік тілін салыстырмалы түрде қарастырып, егжей- тегжейлі үйренеді. Түрік тілін үйренушілер түрік тілінде жазылған мәтіндерді, оқиғалар мен түрлі әдеби шығармаларды түсінумен қатар, еркін сөйлеуге машықтандырылады.

Пән мазмұны

Түрік тілі туралы мәлімет беріледі. Докторантка тілді үйрету практикалық жолмен іске асырылады. Түрік тілінде аузекі сөйлеу дәрежесін арттыру. Грамматикалық минимумдарды еркін игеру негізге алынады. Оқу-түсіну (диалог, түсіндіру әдістері), тыңдау- түсіну (тыңдаушы ауызша айтылған, оқылған мәтінді немесе аудио, видео сияқты техникалық әдіспен берілген дәрісті түсіну қабілетін арттыру), жазбаша жұмыстар (диктан, шығарма, жаттығулар) арқылы дұрыс жазуға үйрету.





Білуі: Түрік тілі туралы жалпы мәлімет беріледі. Түрік тілінің күнделікті сөйлеу мәнері мен грамматикалық тақырыптарын үйрету. Лексикалық тақырыпта актуальдандырылған коммуникативтік сөз кірістіру, тұрақты клише мен стандартты этикеттік айналымдар қарастырылады.

Игеру: Өз ана тілінің грамматикалық категорияларын үйреніп келген студент түрік тілін салыстырмалы түрде қарастырып, егжей- тегжейлі үйренеді.

Құзыреттілігі: Түрік тілінде жазылған мәтіндер, оқиғалар мен түрлі әдеби шығармаларды түсінумен қатар, еркін сөйлеуге машықтандару.


ZMN 1102



Зияткерлік меншік негіздері
1 кредит / 3.5 ЕСТS

Пререквизиттері: жоқ

0+1+0



Мақсаты: Зияткерлік меншік негіздерін үйретудің мақсаты, докторанттардың меншік құқықтарын жетік меңгеру арқылы құжаттарды дұрыс оқып, мазмұнын түсінуін, сондай-ақ, докторанттардың өз пікірлерін экономикалық, әлеуметтік фактілерді негізге ала отырып, айта алуларын қамтамасыз ету.

Міндеттері:

-Зияткерлік меншік құқық негіздері қағидаларымен таныстыру,

-Зияткерлік меншік құқық негіздері жүйесімен, құжаттарымен танысу,

-Зияткерлік меншік ерекшеліктерін заңнамалық тұрғыда жүйеде жүзеге асыруға машықтаныдыру

пән мазмұны:

зияткерлік меншік негіздері туралы мәлімет беріледі. Докторантка зияткерлік меншік неігзедрін үйрету практикалық жолмен іске асырылады.




Білуі: Зияткерлік меншік негіздері туралы түсінік беріледі.

Игеру: Зияткерлік меншік құқық негіздері қағидаларымен таныстырады


Құзіреттілігі: Зияткерлік меншік ерекшеліктерін заңнамалық тұрғыда жүйеде жүзеге асыруға машықтанады


GZJKIK 1102


Ғылыми - зерттеу жұмыстарын коммерциялизациялау және инновациялық кәсіпкерлік
1 кредит / 3.5 ЕСТS

Пререквизиттері: жоқ

Постреквизиттері: жоқ

0+1+0



Мақсаты: ғылыми-зерттеу жұмыстарын коммерциялизациялау және инновациялық кәсіпкерлікке үйретудің мақсаты, докторанттардың меншік құқықтарын жетік меңгеру арқылы құжаттарды дұрыс оқып, мазмұнын түсінуін, сондай-ақ, докторанттардың өз пікірлерін экономикалық, әлеуметтік фактілерді негізге ала отырып, айта алуларын қамтамасыз ету.

Міндеттері:

- ғылыми-зерттеу жұмыстарын коммерциялизациялау және инновациялық кәсіпкерлік қағидаларымен таныстыру,

- ғылыми-зерттеу жұмыстарын коммерциялизациялау және инновациялық кәсіпкерлік негіздері жүйесімен, құжаттарымен танысу,

- ғылыми-зерттеу жұмыстарын коммерциялизациялау және инновациялық кәсіпкерлік ерекшеліктерін заңнамалық тұрғыда жүйеде жүзеге асыруға машықтаныдыру



Пән мазмұны:ғылыми-зерттеу жұмыстарын коммерциялизациялау және инновациялық кәсіпкерлік туралы мәлімет беріледі. Докторантка зияткерлік меншік неігзедрін үйрету практикалық жолмен іске асырылады.


Білуі: Ғылыми - зерттеу жұмыстарын коммерциялизациялау және инновациялық кәсіпкерлік

туралы түсінік беріледі.



Игеру: Ғылыми - зерттеу жұмыстарын коммерциялизациялау және инновациялық кәсіпкерлік

қағидаларымен таныстырады


Құзіреттілігі: Ғылыми - зерттеу жұмыстарын коммерциялизациялау және инновациялық кәсіпкерлік

ерекшеліктерін заңнамалық тұрғыда жүйеде жүзеге асыруға машықтанады















KKTBDUJB1204




Қазіргі қазақ тіл білімінің даму үрдісі мен жаңа бағыттары

3 кредит / 10.5 ЕСТS

Пререквизиттері: жалпы тіл білімі

Постреквизиттері: жоқ
1+1+0


Пәннің мақсаты: әлемдегі, қазақ қоғамындағы білімге негізделген қазіргі ақпараттық қогамның басымдықтарьінан хабардар бола отырып, зерттеу саласы бойынша жүйелі даярлыгын көрсетіп, зерттеудің әдістерін меңгеруде білімділігі мен біліктілігін, шеберлігін таныта алуы;

қазіргі заманғы қазақ, орыс, элемдік филологиялық зерттеулердің даму багыттарын, айтулы жетістіктерін саралап, даулы мәселелеріне араласа алуы және қазіргі заманғы жалпы филологияның теориялық-эдістемелік принциптері мен филологияның дэстүрлі, жаңа, басым бағыттары, филологияның ғылыми мектептері туралы жүйелі түсінігі болуы, филологиялық концепцияларға, гылыми идеяларға сындарлы талдау жасай алуы;



Пәннің міндеті: филологиялық зерттеулер үдерісін жоспарлауды, іске асыруды, реттеуді және отандық, шет елдегі филологияның дамуына өз үлесін қоса алуы, қазақстандық қогамның дамуын шешетін проблемаларға багытталған ғылыми нәтижелер ала білуі, алдыңгы қатарлы әдістерді меңгергенін байқататын өзінің білімі мен ғылыми жетістіктерін ғылыми ортаға, көпшілікке хабарлай алуы;

отандық және шет елдік гылыми жетістіктер мен эдістемелерге сүйене отырып, ЖОО-да дәстүрлі, инновациялық, инфокоммуникациялық әдістемелер мен технологияны пайдалана алуы, оны жетілдіруге ұмтылуы, сол аркылы қогам дамуына ықпал етуі жатады.



Пән мазмұны:Тіл біліміндегі ғылыми парадигмалардың ауысуы. Идеялар эволюциясы және қазақ тіл біліміндегі жаңа бағыттар. Этнолингвистика. Психолингвистика. Компьютерлік лингвистика. Әлеуметтік лингвистика. Когнитивті тіл білімі мен функционалды грамматика. Қазақ тіл біліміндегі антропоцентристік, прагматикалық зерттеулер. Тілді қазақ халқының танымы, тарихы, материалдық және рухани мәдениетімен байланысты зерттейтін қазақ тіл біліміндегі когнитивті бағыттағы зерттеулер. Жаңа ғылыми бағыттарды жетекші ұстанымына қарай топтастыру: функционализм ( функционалды-семантикалық, функционалды-коммуникативті грамматика, коммуникация теориясы, сөйлеу актілері теориясы, т.б.), антропоцентризм ( психолингвистика, мәдениетаралық коммуникация, лингвомәдениеттану, герменевтика), когнитивизм (когнитивті семантика, фреймдер теориясы мен фреймдік грамматика, лингвосемиотика).



Білімі:

- Қазіргі қазақ тіл білімінің даму үрдісі мен жаңа бағыттарын тану



Білігі:

- Бүгінгі кемелденген қазақ әдебиетінің тууы, өсу, қалыптасу кезеңдерін қазақ халқының тарихи жүріп өткен жолымен сабақтастықта саралап, тану, меңгеру;

- Қазіргі қазақ тіл білімінің даму үрдісі мен жаңа бағыттарын тарихи дәуірлерге орай жете тану, меңгеру;

Құзіреттері:

Қазіргі қазақ тілд білімінің даму үрдісі мен жаңа бағыттары бойынша теориялық білім жүйесін тәжірибелік түрде жүзеге асыра алу, пән қамтыған кезеңдердің шығармашылық ерекшеліктерін меңгере отырып, даму , өсу, көркеюі негіздерін саралай алу және оны пәндік аймақтарда қолдана алу.





SSN1206


Семантикалық синтаксис негіздері

2 кредит / 7 ЕСТS


Пререквизиттер: жоқ

1+1+0


Пәннің мақсаты:Семантикалық синтаксистің теориялық мәселелерін тереңдетіп танып білу.

Пәннің міндеттері: Семантикалық синтаксис туралы аялық түсінік қалыптастыру («актант», «предикат», «пропозиция», «валенттілік» және т.б.); семантикалық синтаксистің негізгі мәселелерін (сөйлемнің семантикалық және синтаксистік құрылымдарының ара қатынасын) қарастыру.

Пән мазмұны Аталған курс синтаксистік бірліктердің қызметі (функция) тұрғысынан қарастырылғандықтан, синтаксис, лексикология, семантика, функционалды грамматика курстарымен сабақтас. Бұл, өз кезегінде, синтаксистік бірліктердің семантика мен синтаксистің тоғысында,жаңа қырынан қарасытырылуына мүмкіндік береді.


Білімі:

- семантикалық синтаксистің зерттеу нысанын танып білу;

- Жағдаяттың (ситуация) семантикалық синтаксисте негізгі екенін түсіну;

- сөйлемнің «ішкі» құрылымын танудағы пропозицияның орнын ажырату.



Білігі:

- Семантикалық синтаксистің негізгі қағидаларын игеру;

- Семантикалық синтаксистің бағыт-бағдарын айқындап, оның басқа салалармен байланысын зерделеу.

Құзыреттері: синтаксистік құрылымның семантикасын зерттеу лингвистикада ғана емес, адамның ойлау қызметі заңдылықтарын түсінуге мүмкіндік береді. Ойлау сөйлесімде және қоғамдық санада тіл арқылы көрініс табады. Яғни ойлаудың түрлері мен деңгейлері тіл мен сөйлесім арқылы беріледі.

  1   2   3


©netref.ru 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет