Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы КӘсіптік қазақ тілі пәні бойынша әдістемелік нұСҚау мамандығы: Стоматология Курс: 4 Семестрі: VІІ



жүктеу 427.46 Kb.
бет1/2
Дата03.05.2016
өлшемі427.46 Kb.
  1   2
: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сабақтың тақырыбы: Спорттық ойын волейбол ойынға қосылған допты жоғарыдан немесе төменнен қабылдау
2014 -> Эй бир боорум! Менден бир нече насыйкат сурадың. Сен бир жоокер болгонуң үчүн, аскердик мисалдар менен айтылган сегиз чакан аңгеме аркылуу бир нече акыйкатты напсим менен бирге уккун
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Қоғамтану» Мамандығы: : 0301000
2014 -> Ұлт тарихы толқынындағЫ Ұлы тұЛҒалар
2014 -> Конкурс ережесі «Астана Опера»
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы

Техникалық және орта кәсіби білім беру факультеті

Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы


КӘСІПТІК ҚАЗАҚ ТІЛІ ПӘНІ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ


Мамандығы: Стоматология

Курс: 4
Семестрі: VІІ

Құрастырған: Сарымсакова Ж.С.

ШЫМКЕНТ, 2014
Кафедра мәжілісінде қаралды және бекітілді
«__ »____________
№ хаттама
«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі: Е.Қ.Сәлім



1-сабақ
Ауытқу

Тіс пішінінің ауытқуы. Тұрақты тістер үйлескен қалыпта өте жиі байқалады. Ауытқу тістің жеке өзіне, түбіріне және тіс сауытына қатысты. Тіс сауытының ауытқуына оның тым үлкендігі немесе жетілмегендігі бірі-бірімен бітісіп қалуы, шайнайтын тіс бұдырының сан жағынан өзгеруі жатады. Ал, тіс түбірінің қисаюы, өзара жабысып қалуы, түбір санының азайып немесе көбеюі тістің сыртқы пішінінің ауытқуын көрсетеді. Тістің ауытқуы — тіс қатарларының өзгеруіне ыкпал жасауы мүмкін. 

Ретинирленген тіс – бұл тістің ерекше ауытқуы (аномалиясы). Бұл кезде ол өз бетінше жарып шығып және өзіне лайықты орынға орналаса алмайды. Ослайша тіс толығымен сүйек ішінде қалады немесе аздап шырышты қабықпен жабылады. Көбіне мұндай проблемалар ақыл тіспен болады.

Ретинирленген тістің пайда болуына ықпал ететін себептердің әр түрлі болуы мүмкін, бірақ көбіне ретенция себебі балалық кезде сүт тістерін ерте жұлуымен немесе негізгі тіс қатары жылжып тағы бір тіске орын қалмауымен сабақтас. 


Ретенцияны жоюдың ең ықпалды тәсілі – бұл ретинирленген тісті жұлу. Аталған процедура барынша күрделі болып табылады, өйткені тістің ыңғайсыз орналасуы оны үйреншікті тәсілмен жұлуға ерік бермейді.
Процедура анестезия көмегімен атқарылады. Ретинирленген тісті жұлу үшін үстіңгі шырышты қабық тілінеді, ал сүйек тінінде бормен сол арқылы тісті алуға болатын тесік бұрғыланады. 

Егер жұлынатын тіс көлемді болса, дәрігер сол кезде оны бөлшектейді және ретімен алып тастайды. Жұлғаннан кейін қуысқа дәрі салады. 

Егер тесік үлкен болса, оны тігеді. Ретинирленген тісті жұлу – 1-3 сағатқа созылуы мүмкін ұзақ үдеріс.

Қалпына келу үдерісі де барынша ауыртпалы. Егер тіс жұлу процедурасы күрделі болса, одан кейін сүйек бұрғыланған сол аймақта ісіктің пайда болуы мүмкін.


Сондай-ақ кейбір пациенттерде ауызын ашқанда ауыру сезіну туындайды. Бұл зардаптар барынша қалыпты құбылыс.

Оңалту кезеңінің 1-5 күнге созылуы ықтимал. Қатты ауыруда дәрігер әлсіз анестетик нұсқайды.

Тісті жұлып болғаннан кейін хирургиялық жараны келесі күні қарату міндетті.
Егер ретинирленген тісті жұлмаса, оның жұқпа ошағына айналып өз кезегінде перикоронит, периодонтит, пародонталдық қалташық және с.с. кеселдердің пайда болуына жетелеуі мүмкін. Ақыл тіс мазаласа, жайсыздық тудырса, міндетті түрде дәрігерге қаралу қажет.    

Іс-қағаздары

Іс қағаздары деген тіркестің ұғымы кең; олар адамның күнделікті өмірінде жиі колданылатын үлгілер.

Іс қағаздарына, яғни, ресми құжаттарға: өтініш, хабарландыру, қолхат, анықтама, сенімхат, хаттама, шарт, мінездеме, міндеттеме, қатынас, бұйрық, арыз, түсініктеме т.б. жатады.

Іс қағаздарының қай түрін де дұрыс жаза білу үшін мазмұнын толық, жан-жақты біліп алу қажет. Өз ойындағыны рет-ретімен дамыта, карапайым етіп бере білуге жаттыққан жөн.

Іс қағаздарының стилі, іс жүргізу тілінің терминденуі тіл әсерлілігінің маңызды белгісі болып табылады және дәлдігін көрсетеді. Бұл турасында француз ағартушысы Ш.Монтескье былай деп жазды: «Заңда қолданылатын сөздер адамдардың санасында белгілі бір идеяларды ғана тудыруы керек. Заңда ешқашан анық емес ұғымдарды қолдануға болмайды. Заңның стилі дәлдігімен және қысқа да нұсқалығымен ерекшеленуі тиіс».
Жеке іс парағы

Кадрлар жөніндегі жеке іс парағы - жұмысқа қабылдану, сайланбалы органдарға сайлану кезінде, сондай-ақ ұйымдар, мекемелер мен ведомостволар талап еткен басқа жағдайларда толтыратын арнаулы бланк түріндегі ресми құжат. Жеке іс парағында көрсетілетін мәліметтер еңбек кітапшасында, өмірбаянда берілетін мәліметтермен дәлме-дәл сәйкес жазылады, жеке адамның азаматтық хал-жағдайы, кәсібі мен мамандығы, қоғамдық кызметі мен еңбек жолы толық көрсетіледі.



2-сабақ
Ауытқу

Сөздікпен жұмыс жасау:

1. Аномалии зубных рядов -тіс қатары ауытқуы

2. Альвеола зуба - тіс альвеоласы

3. Блеск зуба- тіс жарқылы



4. Брахиодонт- қысқа тістер

5. Корень зуба искривлен – тіс түбірі қисайған

6. Корень зуба облитерирован – тіс түбірі каналы бітеліп қалған

7. Зополните канал бактерицидной пастой – каналды бактерицид пастамен толтырыңыз

8. Истальный прикус – шетке ығысқан тістем

9. Перекрестный прикус – айқасқан тістем



Іс-қағаздарының түрлері
Хаттама

Хаттама - мекеменің, ұйымның, кәсіпорынның жиналысы мен мәжілістерінде қаралған, талқыланған, қорытындыланған жағдайларды тіркейтін (толық жазатын) ұйымдастырушы-өкімшіл ресми құжат.

Белгілі бір фактіні куәландыратын құжат (жауап алу хаттамасы, тексеру хаттамасы).

Қоғамдық тәртіптің бұзылғаны туралы факт тіркелетін ресми құжат. Хаттамаға мекеме басшысы, фактіні тіркеуге жауапты адам және хаттаманы жазған адам қол қояды, мөр басылады.

Хаттамада көрсетілетін міндетті мәліметтер:

1.Мекеменің, ұйымның, кәсіпорынның атауы.

2.Құжаттың аты (хаттама).

3.Айы, күні, жылы, хаттаманьщ нөмірі.

4.Жиналыс (мәжіліс) өткен орын.

5.Егер хаттаманы бекіту талап етілсе, бекіту (гриф) таңбасы.

6.Қатысқандар туралы мәлімет (саны, аты-жөні, лауазымы).
7.Күн тәртібі.

8.Төрағаның және хатшының қолы.


Қолхат

Қолхат - белгілі бір құндылықтардың (құжат, мүлік, зат, ақша) алынғанын куәландыратын ресми құжаттың бір түрі.

Мазмұны мен құрылымы жағынан қолхат және кепілхат бір-біріне ұқсас.

Үлгі: Мен, азамат Кереев Мұса, мекенжайым: Алматы қаласы, Шәкәрім көшесі, 47-үй, 10 пәтер, жеке басының куәлігі №707173, Қазақстан Республикасының ІІМ берген, Алматы қаласы, Қонаев көшесі, 11-үй, 69-пәтерде тұратын азамат Найманбаев Еріктен жеке басының куәлігі №749498, Қазақстан Республикасының ІІМ берген, жиырма мың теңге (20000) алдым.

1999 жылғы 1 шілдеде жасалған келісімшартқа сәйкес 1999 жылғы 1 тамыздан 31 тамызға дейін алынған акшаның пайызын төлеп тұруға міндеттенемін. Пайыз көлемі келісімшартта көрсетілген.

Азамат Найманбаев Еріктің міндетін орындауына басқа талабым жоқ.

1999 жылғы 13 шілде Қолхат берушінің қолы.

Бұйрық

Бұйрық мекемедегі, ұйымдағы ведомстводағы кадрларға байланысты мәселелерді - олардың іріктеу және орналастыру, азаматтардың жұмысқа қабылдау және бомату, басқа жұмысқа ауыстыру мәселелерін шешуге бағытталған ресми құжаттардың бірі. Бұйрықтың азаматтардың өтініші, арызы, мінездемесі, жеке іс парағы сияқты құжаттарға қатысы бар, өйткені бұлардың барлығы еңбек кітапшасында тіркеледі, ал еңбек кітапшасы азаматтардың еңбек ету, демалу, білім алу, зейнетақымен қамтамасыз ету құкықтары туралы мәліметтер жинақтайды.

Үлгі: Бұйрық

"Арай" шағын кәсіпорны

Жұмысқа қабылдау туралы

Гүлсім Бақытжанқызы "Арай" ЖШС- на штаттық кестеге сәйкес жалақы көлемінде үйлестіруші қызметіне қабылдансын.

Төраға

(қолы)
Негізгі сөздік


өмірбаян - автобиография
ұлт- национальность
білім - образование     
жоғары білім - высшее образование
орта білім - среднее образование
ата-ана - родители
мұғалім  - учитель
үйленгенмін - женат
отбасы  - семья
жұбай  -супруг (супруга)
үйленбегенмін - не женат
ажырасқанмын - разведен
әскери қызметке міндеттімін - обязан к воинской службе
әскери қызмет - воинская служба
қосымша мәліметтер - дополнительные сведения
мекен-жай  - адрес
қызмет - должностъ
қызметкер - служащий
маман - специалист
мамандық  - специальность
бөлім - отдел
беттеу  - верстка
бірлестік - объединение
әкімшілік - администрация
тіркелім - прописка
тұрғылықты жер  - место жительства
оқу орны - учебное заведение
арнайы орта - средне-специальный
акционерлік - акционерный
коммерциялық - коммерческий
ұйымдастыру ісінің техникасы - организационная техника
дүниеге келу, туу  - родиться
түсу - поступать
бару  - лосещать, пойти, ходить
ауысу - перейти
міндетті - обязан

3-сабақ
Ауыз қуысының тазалығы

Тіс және ауыз гигиенасы. Адамның тісі оның негізгі мәшинесі. Өйткені қандай тамақ болсын тіспен шайнап жейді. Тісі жоқ адамның сөзі дұрыс болмайды. Тіс адамның бет әлпетінің сұлулығын қамтамасыз етеді. Тісі түсіп қалу, тісті ауыз қуысының гигиенасын сақтамағандықтан болады. Сондықтан да тіс пен ауыз қуысын ерекше күтімге алған жөн. Тіс және ауыз қуысы күтіміне мына төмендегілер жатады: 

1. Белгілі бір дағды бойынша тіс ысқышты пайдаланып, тісті үнемі тазартып отырған жөн. Тіс щеткасының пайдалануға қолайлы болғаны дұрыс. Синтетикалық материалдардан жасалған щеткаларды 3-4 айда ауыстырып отырыңдар; 
2. Қызыл иікті де қолмен ысқылап, ерінбей массажды үнемі жасап отырған дұрыс; 
3. Тісті төменнен жоғары немесе керісінше тіс тазалаған жөн. Тіс тазалау мерзімі 3-4 минуттан аспауы керек. 

4. Тіс тәулігіне екі рет тазартылуы тиіс (таңертең және ұйықтар алдында). Ауыздан жағымсыз иістер шығып тұруы мүмкін. Оны кетіру үшін марганцовканың оның әлсіз ерітіндісімен шайған жақсы нәтиже береді; 


5. Тіс щеткаларын сабындап таза сумен мұқият түрде жуып, спиртпен дезинфекциялаған жаман болмайды. 

Тіс пасталары және ұнтақтары құрамына гигиеналық, сондай-ақ арнайы, қосымша бөлек биологиялық – физиологиялық белсенді заттар енгізіледі (тұздар – фермениттер – биологиялық катализаторлар, микроэлементтер – Mn, Cu, Fe, Co, Zi, Ti және фтор, кальций – хлорофилл – жасыл пигмент, өсімдік жапырақтарынан өндіріледі). Олар тіс тканьдеріне, қызыл иекке, кілегейлі қабыққа және ауыз қуысына жағымды терапиялық әсер етуге есептелген ем - домдық – профилактикалық көптеген тіс пасталары шығарылады. 


6. Тісті тазартқаннан кейін ауызды эликсирмен шайыңдар. Міне тіс күтімі осындай деңгейде жүру керек. 

4-сабақ
Ғылыми пікір, ұсыныс, тұжырым жазу үлгілері

Мақалалар - бұл арнайы шағын көлемді басылымдар (10-20 басылым парағы), мұнда әр автордың нақты бір сұрақтарды талқылау барысындағы көзқарастары және шектелген зерттеу жұмыстарының нәтижелері мазмұндалады. Мақалалар педагогика мен психологияға арналған ғылыми журналдарда басылады, жарыққа шығады.

Журнал бетіне жарияланатын мақалалар – бұл ғылымның қозғалысын, көкейтесті мәселелерін қадағалайтын ақпарат жүйесі, сондықтан күнделікті зерттеу, оқу үрдісінде ақпарат арқылы ғылымның қазіргі кездегі жағдайының қандай дәрежеде екенін білуге мүмкіндік береді.

Студент зерттеушілерге арналған ақпарат қайнар көзінің бірі - әртүрлі ғылыми жинақтар болып келеді. Ғылыми жинақтар көбінесе ғылыми журналдарға ұқсас, бірақ олар ғылыми журналдар сияқты басылымға жиі шықпайды.

Басқадай ақпарат қайнар көзі, диссертация, қолжазба, есептер сияқты сақтаулы болады.

Пікір (рецензия) – бұл берілген шығармаға сын ретіндегі ой-пікір. Пікірді жазғанда келесі кезеңдерді қадағалау қажет: алынған тақырыптың өзектілігі; автор сол тақырыпты аша алды ма; жазған еңбегі жұмыс барысына сәйкес келе ме (әдістемелік нұсқау емес, ол мәселенің ізденісі; оқу құрал болса диссертация формада болмасын т.с.); терминологиялық аппаратты қолдана алды ма; қойылған мәселеде жаңашылдығы байқала ма; дәлелдеу тезистерінің деңгейі; материал мазмұнының түсініктілігі мен сауаттылығы.

Ал келесі кезеңдермен келіспеушілік болса, сол кезеңдерді жазып көрсету және дәлелдеу. Жұмыстағы жаңашылдық жаңа болмаса, онда нақты жұмыстарға сүйену.

Пікір қорытындысының мазмұны жұмыстың түріне байланысты болады: баспаға ұсыну; диссертацияға пікір; кандидаттық зерттеу жұмысы.

Пікір жазу - ғылыми ізденістің бір түрі, талдауды салыстыруы, тұжырымы және де жұмыстың жаңашылдығын көрсете білуі мен маңыздылығы.

«Жасөспірім оқушының музыкалық ойлауының даму жолдары» атты мақалаға байланысты кішкене пікір сұрақтарын шешейік: автор «музыкалық ойлауы» категориясын қалай шешті (белгілі ғалымдардың көзқарастарына сүйену, салыстыру), өзінің пікірін ұсына ма, баланың жас ерекшелігін ескерді ме және автор «музыкалық ойлауы» туралы қандай әдістер тапты, ұсынды?

Үлгі ретінде орысшадан аударып, талдау: студенттер өздері аударуы керек, бұл да ізденіс жұмысының алғашқы беті.

5-сабақ
Ауыз қуысының тазалығы

Қазақ ежелден «Ауру ауыздан кіреді» деп бекер айтпаған. Яғни, ауыз қуысы таза болса, ағза да сау болады. Тазалық бар жерде, ауру-сырқауға жол жоқ. Ауыздың күтімі бүгінгі таңда өте өзекті мәселе. Бір жағынан қарасақ, қазіргі заманға тіс щеткасы, тіс сықпасы, тістазалағыш т.б. гигиеналық құралдар жеткілікті сияқты, бірақ сонда да болса ауыз күтімі, тісті тазалау жеткіліксіз. Сондықтан ауыздағы мыңдаған, миллиондаған микробтар әртүрлі аурулар туғызады.

Мысалы, тісжегі (кариес), қанжел (парадантоз), қанқұрт (парадонтит), тіс ұлпасының қабынуы (пульнит) т.б. ауызды дұрыс тазаламаса, тісті дұрыс күтпесе, тіс айналасында тіс шөгінділері беріштеніп жиналады. Тіс шөгінділерінің өзі тіс тастары және тіс қақтары болып екіге бөлінеді. Олар қызыл иекке, кіреукеге (эмальға) зиянды әсер етеді. Ауыз қуысы асқазан-ішек жолдарының бас жағы болғандықтан, ішкі ағзалардың күйі ауыз гигиенасына тікелей байланысты. Ол аз болғандай тіс тастарындағы микробтар жүрек ауруларының пайда болуына ықпал ететінін ғалымдар дәлелдеп отыр. Ғалымдар, дәрігерлер арасында аурулардың «одантогенді ошақтары» деген термин қалыптасқан. Бұл термин ағзадағы әртүрлі аурулардың рөлін меңзейді. Стоматологиялық аурулардан сақтану үшін тазалықты күнделікті сақтаған жөн. Өйткені, тазалық – имандылықтың жартысы. Құран Кәрімде, хадистерде тіс тазалығын, ауыз күтімін жиі-жиі қайталап еске салады.

Ауыз қуысын дұрыс күту дегеніміз — тісті тазлағанда кем дегенде 7-8 минут бойы тісті жан-жақты тазалау. Ал біз болсақ, көбінесе тіс тазалауға 2-3 минут қана бөліп жатамыз. Ауызды әр астан соң міндетті түрде шаю керек.Тамақтанар алдында және соңында қол жусақ, сол сияқты ауызды да тамақтанып болған соң шаю керек. Ауызды шаюға арналған әртүрлі элексирлерді айтпағанның өзінде, кәдімгі жылы сумен шаю — тазалықтың кепілі. Ауыздың тазалығы адамның көңіл күйіне, психологиясына әсер ететінін бәріміз білеміз. Аурудың алдын алу әрі жағымсыз иіс кетірудің амалы — жылына тым болмаса бір-екі рет дәрігер-стоматологқа көріну.

Тісті емдеудің нәтижесінде оның анатомиялық пішінін қалпына қайта келтіру (реставрация), физиологиялық, эстетикалық талғамнан шығу көп қаржы-қаражатты керек етеді. Дәрігер — стоматолог емдеу барысында үлкен эмоция-психологиялық күйзелісті басынан өтізеді.

Тісті емдеу, тіс пен тіс қатарының кетігін кетіру ортопедиялық стоматологияға тиесілі болса, тіс пен тіс қатарының, бет-жақ сүйектердің ауытқуын (аномологиясын) емдеуге ортодонияның қатысы бар. Экология дейміз бе, тамақтану ерекшелігі дейміз бе, тұқым қуалау дейміз бе, әйтеуір т.б. себептердің салдарынан ХХI ғасырдың басында балалар мен жасөспірімдер арасында аномалия жиі кездесіп, кең тарау үстінде.



6-сабақ
Мәтін және стиль. Ғылыми, публицистикалық силдер

Мәтін және стиль

Мәтін деп әдетте айтылатын ой-пікірдің, белгілі шығармашылық жұмыстың, шығарманың не солардан үзіндінің қағазға түскен жазбаша түрін атайды. Мәтін өзара байланысты бірнеше сөйлемнен тұрады да, жалғасты ойлар жиналып келіп автордың белгілі бір пікірін, көзқарасын білдіреді. Демек, мәтін - жазба тілдің көрінісі. Жазба тіл көркем шығарма да болуы мүмкін, ғылыми әдебиет те болуы мүмкін. Ғылыми әдебиет әр түрлі ғылым саласына мысалы, биология, экономика, медицина, химия, математика, тіл білімі, тарих, әдебиет, физика, астрономия, техника т.б. байланысты.

Тілдің көркемдегіш, бейнелегіш, мәнерлі, әсерлі мән беретін құралдарын зерттейтін тіл білімінің саласын стилистика дейді. Ол гректің stуlоз жазу құралы деген мағынаны білдіретін сөзінен қалыптасқан. Стиль көркемдеп сөйлеудің, ойды айтылу мақсатына қарай мәнерлі, әсерлі жеткізудің тілдік амал-тәсілдерінің жиынтығы, тілдік бірліктердің (дыбыстардың, грамматикалық тұлғалардың, сөздердің, сөз тіркесі мен сөйлемдердің) қалыптасқан жүйесі деген ұғымды білдіреді.

Қазіргі кезде әдеби тілдің мынадай стильдік тармақтары бар:

1) ресми іс қағаздар стилі;

2) публицистикалық стиль;

3) ғылыми стиль;

4) көркем әдебиет стилі.

Ғылыми әдебиеттерде стиль деген термин кейде жеке жазушының сөз саптау шеберлігі, сөз қолдану ерекшелігі, немесе тілдің жазбаша және ауызша түрі, не ой білдіру мақсатына лайық тілдің көркемдегіш құралдарын сұрыптап қолданылу ерекшеліктері деген сияқты түрлі ұғымдарды білдіріп те жұмсала береді.

Ғылыми стильге ғылыми шығармалар жатады. Ғылыми әдебиеттің лексикалық құрамының, әсіресе терминдік жағынан айырмашылықтарымен бірге онда грамматикалық тұлғалардың, сөз тіркестері мен сөйлем түрлерінің қолданылуында өзіндік ерекшеліктер байқалып отырады. Онда сөздер өздерінің негізгі, тура мағынасында қолданылып, ауыс мағынада, образды мәнде жұмсалуы кездеспейді. Басты міндет белгілі бір тұжырымды, ойды, пікірді ғылыми дәлелді, нақтылы, түсінікті жеткізу болатындықтан, сол мақсатқа сай тілдік құралдар таңдалып қолданылады. Баяндау мәнері, дәлелдеудің мәні, соған лайық сөз саптау ерекшеліктері әр ғылым саласындағы әдебиеттерге көбіне ортақ болып отырады.

Публицистикалық стильге газет-журналдардың, ақпарат құралдарының тілі жатады. Публицистика деп саналатын қоғамдық-саяси әдебиет, газет-журналдар қазіргі кезде қоғамдағы саяси-әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешуге ат салысатын күнделікті айбынды құрал болып саналады да , оның беттерінде еліміздің ішкі-сыртқы саясатына, қоғамдық құрылысына, экономикалық жағдайы мен дамуына ғылыми-техникалық прогрестің артуына, мәдениетінің өркендеуі мен басқа да әлеуметтік істеріне байланысты өзекті мәселелер көтеріліп, талданады.
Жатығу жұмысы:
1-жаттығу. 1 .Ғылыми мәтінді түсініп оқыңдар.

2.Түсінгендеріңді айтып беріңдер.


Дұрыс сөйлей, дұрыс жаза білудің шарттары

Сөйлей білу - ойлай білу. Олай болса, дұрыс ойлау, дұрыс жазуға мүмкіндік тудыру керек. Меніңше әрбір адам дұрыс ойлап, дұрыс сөйлеп, әсіресе дұрыс жазуға да мүмкіндік іздеуі керек, өйткені бұл күнде көп адам дұрыс ойлауын ойласа да, дұрыс сөйлей, әсіресе дұрыс жаза білмейді. Қазақтың «Сөйлей, сөйлей шешен боласың» деген мақалы дұрыс: ойлауың дұрыс болғанмен, сөйлеп үйренбейінше, пікіріңді айта алмайсың. Сол сияқты, ойланғаныңды жазып үйренбесең, тағы болмайды. Сөйлеуді адам ұжым ішінде жүріп, біреуге еліктеп, біреуден үлгі алып, халықтың бай тілін пайдалана жүріп үйренгенін өзі сезбей қалатын болса, жазуды олай үйрене алмайды. Мен бұл жерде жазу дегеннің өзін екіге бөлем: 1) қалай болса солай естіген-естігеніше, айтқанын-айтқанынша жазу бар да, 2) мәдени үлгілі жолмен жазу, әдеби тілдің нормасын, ережесін, жобасын сақтай жазу бар. Нормаға бағынбай, бетімен жазылған сөздерді біз тізгінсіз, үлгісіз жазу дейміз. Ал бас-аяғы жинақты, түсінуге ұғымды, жеңіл, белгілі өлшеммен, белгілі ережемен жазылған сөзді, қысқасы, белгілі бір нормаға сай жазылған сөздерді әдеби тілдің қалыбымен жазылған я айтылған дейміз.

Сөйлемді әрі түсінікті, әрі тұжырымды құрайтын тіл ғана әдеби тіл саналуы керек. Әдеби тіл грамматикаға сүйенеді, соның үлгісі бойынша жазады; қазақ тілінде: 1) өлеңді я төл сөзді сөйлемнен басқа жерде бастауыш сөйлем аяғында келмейді, 2) баяндауыш қара сөзде ылғи сөйлем аяғында келеді, 3) анықтауыштар мен пысықтауыштардың ішінен сөйлем аяғында тұра алмайды, 4) толықтауыштардың ішінен сөйлем аяғында тек шығыс пен жатыс жалғаулы сөз келеді, бірақ бұл да диалогте кездеседі.

Соның үшін де біздің ақын, жазушыларымыз, аудармашыларымыз, газет-журнал қызметкерлері, редактор жолдастар алдымен қазақ тілінің синтаксисін жақсы білулері керек. Сонда ғана әдеби тілдің нормасынан ауа жайылып, өз білгенімен жаза беруден, сөйтіп, тілді бүлдіруден қорғаған боламыз. Тілді бұзу жалғыз жеке сөздерге ғана байланысты емес, сөйлемге, сөйлеу құрылысына да байланысты екенін ұмытпау керек.

Көркем сөз несімен көркем? Алдымен, сөзді орнымен қолданып, сөйлемді ықшамды құрғандықтан, екіншіден, сөзді кестелі, бейнелі етіп құрғандықтан, көркем. «Өнер алды - қызыл тіл» (мақал) деген бекер айтылып қалған жоқ. «Сөз сүйектен өтеді, таяқ еттен өтеді», «Ердің құны екі ауыз сөзбен шешіледі», «Сөз тапқанға қолқа жоқ» ... дегендер де бар. Мұның бәрі, әрине, тәжірибенің арқасында мың-мың тексеріліп барып айтылған нақыл сөздер.

(С. Аманжолов.)



7-сабақ
Ауыз уылуы

Ауыз уылуы (стоматит) — ауыздың кілегей қабығының қабынуы. Оның бірнеше түрі болады. Олар: ауыз кілегей қабығының жай ғана қызаруы; екіншісі — жас балаларда кездесетін — ауыз кілегей қабығының күлбіреуі; үшіншісі — ауыз ойылуы. Ауыздың кілегей қабығы қатты қабынғанда адамның қызыл иегі қатты ісініп, қанай береді, ұрттың кілегей қабығы қабынғанда тістің батқан ізі көрініп тұрады, сілекей ағады, кейде мүңкіген сасық иіс шығады.

Уылудың екінші түрін ауыздың кілегей қабығына стрептококк немесе стафилококк микробы еніп қоздырады. Мұнда кілегей қабықша мен қызыл иектің әр жері күлдіреп ағарады. Адам тағам шайнаудан қалады, көңілі делсалданып, ашуланшақ келеді, аузынан сілекей ағады, дене қызуы 37,2—37,5 дейін көтеріледі. Ал аузы ойылған, уылған адамның тістерінің түбі ісініп, сұрғылттанады, қызыл иектері жара болады, жақ астындағы бездер шошиды, тамақ ішуі қиындайды.



Емі: Дәрігерге көрініп, күніне 5-6 рет риванол немесе марганец қышқылды ерітіндісімен шайып отыру. Бұлар болмаған күнде сода (көмір қышқылды натрий), бура (бор қышқылды натрий) және фурациллин ерітінділерімен де шаюға болады. Ауызды шайғаннан кейін оның кілегей қабығына метилен көгінің 3 % ерітіндісін жағу қажет.

Науқас адамның ішетін асы сұйық не қоймалжың, әрі жылы күйінде, витаминге мол болғаны дұрыс. Кейде пенициллин, стрептомицин сияқты антибиотикті ұзақ ішкенде де ауыз уылуы мүмкін. Бұл жағдайда осы дәрілерді ішуді тоқтатса, аурудың өзінен-өзі қайтуы ғажап емес.


Халықтық емі: Ошағанның (тікенді өсімдік) гүлін күйдіріп, күлін уылған жерге басады.



8-сабақ
Медицина ғылымына байланысты терминдер. Олардың қазақша баламалары

1. Сплав зубной – тіс салуға арналған қорытпа

2. Служба здравоохранения – денсаулық сақтау қызметі

3. Слепок с зубов – тістің көшірме үлгісі

4. Гипертрофический гингивит - гипертрофиялық гингивит (қызылиектің қабынуы)

5. Язвенный гингивит – ойық жаралы гингивит

6. Хронический гингивит – созылмалы

7. Коренные зубы – азу тістер

8. Уродливые зубы – Сиықсыз тістер

9. Зуб интактный – бүлінбеген тіс

10. Зуб литой – құйылма тіс

11. Глубокий кариес зуба – терең тісжегі

12. Острый кариес зуба – жіті тісжегі

13. Прогрессирующий кариес зуба – үдемелі тісжегі

14. Искусственная коронка зуба – жасанды тіс қаптамасы

15. Дистальный прикус- шетке ығысқан тістеме

16. Перекрестный прикус – шетке ығысқан тістем

17. Губная железа – ерін безі

18. Небная железа – таңдай безі

19. Околоушная железа – шықшыт безі

20. Щечная железа – ұрт безі

21. Слюнная железа – сілекей безі




9-сабақ
Ауыз уылуы

Ауыздың ойылуы (стоматиттер). Ауыздың шырышты қабығының аурулары көбіне организм әлсіреген, ауырғыш, иммунитеті төмен балаларда және бала күтімінің гигиеналық тәртіптер сақталмаған кезде жиі кездеседі.

Себептері: Әртүрлі микробтар (стафилококктар, стрептококктар) мен вирустар. Бұл микроорганизмдер ағзаға таза емес ыдыстармен, ойыншықтармен, әртүрлі күтім бұйымдарымен түседі.

Айқындалуы: Ауыздың шырышты қабығының зақымдану дәрежесіне байланысты: Катаральды, Герпесті,Жаралы деп бөлінеді.

Катаральды стоматит-ауыздың, қызыл иектің шырышты қабықтары қан кернеп, ісінеді, баланың аузынан сілекей шұбырады, кейде дене қызуы көтеріледі, бала тамақты нашар ішеді. Стоматиттің бұл түрі емшек жасындағы балаларда жиі кездеседі. Герпесті стоматит немесе ұшық шығудан ауыздың ойылуы, қоздырғышы-вирустар, бұл ауру 6 ай - 3 жас аралығындағы балаларда жиі кездеседі. Баланың аузынан сілекей шұбырып, шырышты қабығын қан кернеп, ісініп, онда әртүрлі көлемді, айналасында

алқызыл жиегі бар ақшыл-сары күлдіріктер /афты/ пайда болады. Мұндай күлдіріктер баланың ұртына, тіліне, қызыл иекте, кейде таңдайына шығады. Афтылардың саны 6-7-ден 20-25-ке дейін болуы мүмкін. Афтылардың бірнешеуі қосылып, кейде үлкен күлдіріктер пайда болады. Баланың денесінің қызуы 37-400С-қа дейін көтеріледі, бала мазасызданып, тәбеті төмендейді, тамақты аз ішкеннен салмағы төмендейді, терісі бозарып, кейде аузының айналасына да күлдіріктер шығуы, қызыл иегінен қан көрінуі мүмкін. Жаралы /язвенный/ стоматит-жасы үлкен, кариесті тістері бар балаларда кездеседі. Қан кернеген, ісінген шырышты қабықтар, жаралар пайда болады, аузынан жағымсыз иіс шығады.

 Емі және күтімі:

 Стоматитпен ауырған баланы сау балалардан оңашалау керек.

Балаларға бөлек ыдыс, ойыншықтар бөлу.

Баланың тамағы құнарлы, барлық керекті заттар мен витаминдері мол болуы керек. Тамақ жылы, жұмсақ болуы керек. Өте ыстық, ащы, қышқыл тамақтарды беруге болмайды. Тамақ ішкізердің алдында ауыруын басу үшін шырышты қабығына 2-5%-ті анестезен ерітіндісін жағуға болады.

Ауызды әлсіз марганцовка, фурациллин, сутегі асқын тотығы ерітінділерімен, 1-2%-ті трипсин, панкреатин ерітінділерімен шайып, 0,25%-ті оксалин, 5%-ті метилурацил, интерферон майларымен майлау керек.

Баланың қорғаныш күштерін күшейту үшін оған метилурацил, пентоксил беріледі.

Симптоматикалық ем –қызуға қарсы, теріге шыққан күлдіріктерді емдеу т.б.



Аударма жұмыстары
1.Слизистая оболочка губ бледно-розового цвета, влажная – еріндерінің сілеймелі қабығы ашық қызғылт түсті, дымқыл

2. У больного эпителиома дна полости рта – науқастың ауыз қуысының астыңғы тұсында эпителиома өскен

3. Отмечается ассиметрия за счет отечности мягких тканей – жұмсақ тіндерінің ісінгендігінен бет ассиметриясы байқалады

4. Отмечается резкая положительная реакция на перкуссию в области второго моляра нижней челюсти слева – төменгі жақсүйектің сол жағындағы екінші үлкен азудың тұсынан перкуссия жасағанда науқастың қатты ауырсынатыны байқалады



5. Отмечается сглаженность и болезненность переходной складки слизистой – сілеймейлі қабықтың шекаралық қатпары жадағайланғаны және ауырсындыратыны байқалады

10-сабақ
Тіс жегі

Тіс жегі (Caries dentis) – бұл тістер жарып шыққаннан кейін пайда болып және оның деминерализациясы сонымен қатар қатты тіннің жұмсару әсерінен болатын, соның салдарынан тістің қатты ұлпасының пішіні өзгеріп және қуыстардың пайда болуы жүретін патологиялык процесс
Тіс жегі пайда болуының теориясы

1)Тіс жегі химико-паразитті теориясы Миллера (1884г.) негіз бойынша бұл терия, тісжегі бұзылысы екі кезеңнен өтеді: а) тістін қатты тіндерінің деминерализация. Ауыз қуысында сүт қышқылы пайда болуынан, көмірсу қалдығынан тағам калдықтарын ыдырауынан пайда болып, эмаль және дентин неоргоникалық заттарына әсер береді б) дентиннің органикалық затының бұзылысы микроорганизнің пролеолитикалық ферменттермен жүреді. 
Бұл микроорганизм және қышқыл әсеріне негізденді. Миллер сомен қатар қолайлы факторды да қозғады. Ол сілекей көлемі мен сапасын рөлін карсетті, тамақтану факторын, ауыз су, тұқым қуалаушылық факторын әсерін, эмальдың қалыптасу жағдайын ескерді.

Микроорганизмдер
Тіс жегі қозырғыштарының қасиеті: 

  • Жабысқыштың жоғары болуы және органикалық қышқылдың болінуі 

  • Клетка ішілік және сыртылық полисахарит синтезі 

  • Әр уақытта қанттың жабысқыштығын жоғары болуы 

2) Тісжегі Физико-химиялық теориясы Д.А. Энтина (1928). Энтин бұл теориясында тісжегіде сілекей мен тістің физико-химиялық әсерін зерттеді. Ол тіс тіні жартылай өткізгіш мембрана деп есептеп, ол арқылы осмотикалык ток пайда болып, осы токтын екі ортаның осматикалық токтын әр түрлі болуынан, тіспен қарама қайшылық тудырады: қан іштен және сілекей сырттан. Осматикалык токтың қалыпты жағдайында орталықты бағытты болып, және эмальмен дентин қалыпты қоректенуін қалыптастырып, сомен қатар эмалдың қолайсыз жағдайларға қарсы тұруын жаксартады. Өз кезінде орталыққа бағытты заттардың қозғалысы, яғни тіс беткейінен тіс ұлпасына қарай, патологиялық есептеліп және басқа аурулармен жүйке және эндокриндик жүйелер, тұқымқуалаушылық, минеролдың алмасу бұзылыстары, тамақтану жағдайы, тұрмыс жағдайы, еңбек жағдайы, ұлпа-тіс-сілекей физиолгиялық қарым-қатынасын бұзылысына әкеледі. Орталықты қалыптастыру дұрыс болмауы осматикалық ток жетіспеушіліктен эмальдын қорегі азайып және жаман агенттердің әсерін (микроорганизмдер) тісжегіге әкеледі 
Сілекейдің қорғаныстық функциясы

3) тісжегі биологиялық теориясы И.Г. Лукомского (1948). Бұл теорияның авторы эндогенди фактор деп Д,В дәрумендер жетіспеушілігі, және кальци түз, фосфор, фтор тағамда қарым-қатынасы бұзылысы, шок немесе ултрокүлгін сәуле жетіспеушілігі минеральды және ақуыз алмасуның бұзылысы деп есептеді. Осының салдарынан одонтобластардын ауруына әкеліп, алдымен алсіретіп (астеничные), одан кейін толық емес болып қалады ("дебильными"). Одонтоблостың көлемі мен санының азайюының әсерінен эмаль және дентин алмасуының бұзылуына әкеледі. Біріншіден дискальцинация әкеліп, одан кейін органикалық заттардын құрамы өзгеруіне әкеледі. Теория экспериментальды дәлелі жоқ, сол ұшын толық емес деп санауға болады. Бұл торияның қарама қайшылық жағы: дәлелі жоқ, не тіс орталығы одонтобластың трофикалық дегені,теория қантпен тісжегі өсуін тусіндірмейді, тісжегі локализациясы бұзылысы және профилактикалық әсері фтордың; тісжегі кезінде одонтобластардың толық еместігі дәлелденбеген. Кәдімгі сау адамдардың өзінде тісте дегенерациясын одонтобластарды кездеструге болады, олар вакуолизации және атрофии түрде болады.
Трофоневротикалык теория Е.Е. Платонова. Бұл теора авторы тісжегі қарастырғанда трофоневротикалық процесс ретінде, оның ойы бойынша өсуі, қатты тіндердің қоректенуі кезінде болады деп есептеді. 
Негіз патогенетикалык факторды Е.Е. Платонов жүйкелік регуляции бұзылысынан тіс үлпасының трофикасы бұзылуна акеледі деп есптеді. Бірақта қазірде белгілі, тіс ұлпасын алыптастағаннан кейн 17 жылға шейін қалыпты функцясын сақтай алады. Ұлпаны алып тастау қабынған тісжегінің бірден-бір емі болып саналады,одан кейін структуралы және фунциональды өзгерісімен эмаль әрі қарай өз қызметін қалыптастырып атқара алады . 

 
11-сабақ


Тіс жегі

Тісжегі тек эмаль, цемент, дентин қабаттарын үгітіп қана қоймай, оның асқынуы; пульпит, периодонтит ауруларын туғызады. Инфекция тіс түбіндегі тесік арқылы жақ сүйегінің астын кеулеп, іріңдеп, тамыр мен ет арасына жайылып, басқа ағзаларға да зардабын тигізеді. Қан тамырлары арқылы өкпе, жүрек және миға әсер етіп, әр түрлі аурулардың туындауына себеп болады. Жүкті әйелдердің аузындағы тіс тұқылы, периодонтитті тістер инфекция ошағы болып табылатындықтан құрсақта жатқан нәресте ағзасын жарыққа шықпай жатқанда-ақ улайды. Тісжегінің пайда болуы тамақ пен судың құрамындағы фтордың, белоктың, көмірсудың, макро және микроэлементтердің мөлшеріне байланысты. Сонымен қатар ауыз қуысы біздің ағзадағы жүзден аса микроорганизмер мекендейтін ең жас мүше. Мұндағы тұрақты 370 С температура, нейтральды-қышқылдыр реакция микроорганизмдердің дамуына қолайлы жағдай жасаса, тіс арасындағы тамақ қалдықтары сол микроорганизмдер үшін қоректік орта болып табылады. Әсіресе, стрептококтар сахароза, фруктоза, глюкозаларды пайдалану арқылы пировиноградты және сүт қышқылдарын түзеді де, ол қышқылдар эмаль, цемент, дентинді үгітіп, кариозды қуыстың пайда болуына әкеледі. Тісжегінің алдын алу үшін жылына екі рет тіс дәрігерінің қабылдауында болып, қажет жағдайда фтор таблеткаларын пайдалану қажет.

XX ғасырда тісжегісінің өршуі қант өндірісімен, оны пайдаланудың өсуімен байланысты екені анықталды. Бүкіл дүние жүзі денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша, әрбір адам, біздің елде, жылына 47 килограмм тәтті жейтін көрінеді. Бұл тәттіні мүлде пайдаланбау керек деген сөз емес, олай жасау ағзадағы зат алмасу процесінің бұзылуына әкелер еді. Сондықтан балаға «Марс», «Сникерс» т.б. шоколадтарын көп алып бергеннен, витаминді жеміс-жидектердің тиімді екенін түсіндіріп, салауатты өмір салтын сәби санасына орнықтырған жөн.

Алма, сәбіз секілді қатты жемістерді шайнау кезінде тіс бетіндегі тіс қақтары механикалық жолмен тазаланса, екіншіден, сілекейдің көп бөлінуі тіс арасынан тамақ қалдықтарын жуып қана қоймай, микробтарды жойып, олардың дамуын тежейді. Сондай-ақ, тіс эмалін сілекей құрамындағы минералды заттармен қоректендіріп, эмальдің беріктігін нығайтады. Сондықтан таңертеңгі, түскі, кешкі тамақтануда алма, сәбіз тәрізді жемістермен аяқтауды әдетке айналдырған дұрыс.

Тісжегісі ауруының алдын алудағы ең оңай әрі арзан тәсіл – тіс тазалығын сақтау. Тіс тазалығын сақтау үшін тіс щеткасы мен тіс пасстасы арқылы күніне екі рет тазалауды әдетке айналдыру керек. Адам психологиясында салауатты өмір салтының мәдениеті бала кезеңнен қалыптасады. Сондықтан балаға «менің денсаулығыма менен басқа ешкім жауапты емес» деген қағиданы қалыптастыру арқылы салауатты өмір сүру мәдениетін де бойына дарыта білу қажет. Міне, тек сонда ғана сәбиіңізді жетелеп, тісжегісімен оның асқынуларыын емдеу үшін кезек күтіп, алтын уақытыңызды кетіріп, стоматологиялық емханада жүрмейтін боласыз.

Адамға табиғат сыйлаған сыйдың ең қымбаты – денсаулық. Олай болса, «тіс – денсаулық айнасы» дегендей, өз өмірімізге деген жауапкершілік сезімді қалыптастырып, оны бағалай білсек, аурудың алдын алудың ең тиімді жолы осы дер едім.



Шылаудың сөйлемдегі қызметі

Көмекші сөздердің келесі бір түрі шылау сөздер бұлардан өзгешелеу. Лексикалық мағынасынан айырылған жеке грамматикалық тұлға.



Шылау сөздер- мағыналары жағынан да, сыртқы тұлғалары жағынан да өздерінің бастапқы шыққан төркіндерінен біржола қол үзген, лексика-грамматикалық жағынан жеке сөз табы болып қалыптаскан сөздер.

Шылау сөздердің ерекшеліктері

1.Лексикалық мағынасынан айрылған.


  1. Морфологиялық жағынан түрлене алмайды.

  2. Сөйлем мүшесі болу қабілеті жоқ.

  3. Алғашқы шығу төркінінен біржола қол үзген.
    5.Сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді байланыстырады.

  1. Өздері тіркескен сөздерге түрлі қосымша мағына реңктер үстейді.

  2. Тұлға жағынан тиянақталған сөздер.

Тіліміздегі шылаулардың атқаратын қызметтері де бірдей емес. Бір тобы сөз бен сөз арасындағы граммитикалық байланысты жүзеге асырады. Енді біреулері сөз тіркестері мен сөйлемдердің арасын жалғастырса, жеке сөздер мен сөз тіркестерін анықтау, толықтау үшін қосымше реңк беретін шылаулар да болады. Осындай қызметтеріне қарай шылаулар үшке бөлінеді: жалғаулықтар, септеуліктер, демеуліктер.

12-сабақ
Парадонтоз ауруы

Пародонтоз – бұл пародонттың барлық ұлпаларының дистрофияға ұшырап, созылмалы түрде қан кернеуі. Тістердің түптері жалаңаштанып, температура ауытқығанда ауырсынады.

Тіс-қызыл ет қалталары норма бойынша 2-3 мм-ден аспауы тиіс. Бұл шара міндетті саналады, өйткені соның нәтижелерінің негізінде пародонтитті емдеу әдістері құрылады. Егер пародонтит жаңа ғана дамып келе жатқан болса (тіс-қызыл ет қалталарының тереңдігі 5 мм шамасында болса), пародонтолог тек тістегі тастарды алумен шектеледі. Егер тіс-қызыл ет қалталарының тереңдігі 7 мм-ден асып кетсе, жалаң тіс түбірін өңдеу амалы орындалады. Бұл түбірдің бұдырлы бетіне бактериялар жиналмауы үшін керек.

Бұл операция барысында тіс аралықтарынан барлық қабынған ұлпалар алынып, тіс беттері тегістеліп, жылтыратылып, шырышты-сүйек беті кесіндісі модельденеді. Кейде сүйек-икемді материалдары мен мембрана орнату қажет болуы мүмкін. Орташа және ауыр дәрежелі генерализделген пародонтитті емдеудің тиімді жолы –кесінділік операция болып саналады.



Үстеу сөздер қолданылған әр түрлі сөйлемдер

Қимыл, іс-әрекеттің жай күйін, мекенін, мезгілін, мөлшерін, мақсатын т.б. белгілерін білдіретін сөз табын үстеу деп атаймыз. Мысалы: /. Ертең ауылға қонақтар келетін болыпты. 2. Жол жөнекей көлік те кездеспейді. 3. Марат жорта білмегенсіді,- осы сөйлемдердегі ертең- қимылдың мезгілін, жол-жөнекей - мекенін, жорта - мақсатын білдіріп тұр.



Үстеудің лексика-грамматикалық белгілері

  1. Үстеу қимылдың түрлі белгілерін анықтайды.

  2. Үстеу сөздер түрленбейді (ішінара болмаса).

  3. Сөйлемде пысықтауыш болады.

Қазақ тілінде мынадай сөйлем құрылымдары да кездеседі. Мысалы: /. Самат жақсы кітап сатып алды. 2, Самат сабақты жақсы оқиды. Осы сөйлемдерде жақсы сөзі жалғаусыз, жұрнақсыз түбір қалпында жұмсалған. Бірінші сөйлемде жақсы зат есімнің (кітаптың) сынын (сын есім қандай? деген сұраққа жауап береді. анықтап, аныктауыш болса, екінші сөйлемде қимылдың сын-бейнесін білдіріп, қалай? деген сұрақ қою арқылы үстеу екенін анықтауға болады. Осындай сөйлемдердің құрылымдарындағы бір сөз екі сөз табына қатысты бола береді, тек оны нені, қай сөз табын анықтайтынына қарап таба аламыз. Егер зат есім анықтаса-сын есім, қимылдың белгілерін көрсетсе, үстеу болатынын білген дұрыс.

Үстеудің морфологиялық құрылысына қарай түрлері

Қазақ тіліндегі үстеулерді құрылысы мен құрамы жағынан негізгі үстеулер, туынды үстеулер деп бөледі.



Негізгі үстеулер - қазіргі қазақ тілі грамматикасында морфемалық бөлшектерге бөлінбейтін сөздер. Оларға: кеш, ең, өте, тым, ерекше, орасан, аса, дәл, нағыз, ерте, әрі, бері, енді, төмен, ілгеі, үнемі, жорта, әзер, дереу, шапшан т.б. сөздерді жатқызуға болады.

Негізгі үстеулердің ерекшеліктері

1. Негізгі үстеулерге -рақ, -рек, -лау, -леу жұрнақтары жалғанады, сондай-ақ аса, өте, тіпті, ен сияқты үстеулер тіркесімен күшейткіш шырайлар
жасалады: аса қымбат, ең биік, өте қызық т.б.

2. Негізгі үстеулердің кейбіреулері қосарланып, тіркесіп те қолданылады:


жай босқа, тектен-тек, бостан-босқа, құр бекер, құрдан-құр, бекерден-
бекер т.б.

З.Негізгі үстеулерге қосымша жалғану арқылы да, қосарлану, тіркесу жолдарымен туынды үстеулер жасалады: әдейілеп, енді-енді, бұрын-соңғы т.б.



Туынды үстеулер деп өзге сөз таптарына қосымшалар қосылу тәсілімен, сөздердің бірігу, қосарлану, тіркесу жолдарымен, сондай-ақ сөз тіркестерінің белгілі бір қалыпқа түсіп тұрақтануы арқылы жасалған үстеулерді айтамыз. Мысалы: артта, әріде, әдейілеп, беріде т.б.

Үстеудің жасалу жолдары

/. Үстеу жасайтын қосымшалар:


  1. -ша, -ше балаша, адамша, ауызша, көзінше т.б

  2. -лай, -лей, дай, -дей, -тай, -тей: шикілей, жастай, күздей,
    қыстай, жібектей т.б.

  3. -дайын, -дейін, тайын, -тейін: тотыдайын, сұңқардайын,
    берідейін, түлкідейін т.б.

  4. —ша, (-лық), -ше,(-лік), -ша(-ма): соншалық, мұңшалык,
    осыншалық, мұнша, соншама т.б.

  5. -лап, -леп, -дап, -деп, -тап, -теп: темірлеп, жаяулап, ондап,
    құрсаулап т.б.

  6. — шы(-лап), -ші(-леп): бәленшелеп, өлімшілеп, Асаншалап т.б.

  7. -сын, -сін, -ын, -ін: кешкісін, ертеңгісін, жасырын, астыртын,
    үстіртін т.б.

  8. -майынша, -мейінше: бармайынша, келмейінше, айтпайынша,
    қоймайынша т.б.

  9. -қары, -кері: ішкері, сыртқары, тысқары, ұшкары т.б.


2. Жалгаулардың түбірімен бірігіп тұсауына жасалған туынды үстеулерге, текке, алга, артқа, бекерге т.б.

  1. Жатыс септік жалгауының көнеленуінен туған үстеулер: артта,
    алда, қапыда, қапелімде, лезде, абайсызда, күнде, түнде
    т.б.

  2. Шығыс септік жалғауының көнеленуінен туған үстеулер:
    шалқасынан, жүресінен, етпетінен, төпгеден, кеңінен, тереңнен, әуелден,
    тосыннан т.б.

  3. Көмектес септік жалғауының көнеленуінен туған үстеулер:
    жайымен, ретімен, жөнімен, түйдегімен, шынымен т.б.


3. Күрделі туынды үстеулер

1) Сөздердің бірігуінен, кірігуінен жасалған үустеулер:таңертең, жаздыгүні, бірталай, бүгін, түнеугүні т.б.



  1. Сөздердің қосарлануынан жасалған үстеулер: әрең-әрең, енді-енді,
    күнде-күнде, күні-түні, жылдан-жыла т.б.

  2. Сөздердің тіркесуінен жасалған үстеулер: күн ара, күні кеше, ала жаздай, таңға салым т.б.



13-сабақ
Парадонтоз ауруы
1-тапсырма: Мәтінді қазақшаға аудару


  1   2


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет