Қазақ тілінің лексикографиясы «Лексикография»



Дата23.04.2020
өлшемі20.72 Kb.

  1. Қазақ тілінің лексикографиясы

«Лексикография» ұғымының мәні мен мазмұны. Лексикографияның теориясында қарастырылатын алғашқы мәселе, бірінші аспект – «лексикография» ұғымына анықтама беру болып табылады. Ғалымдардың лексикография терминіне берген анықтамалары әртүрлі. Испан лексикографы Х.Касарес оны «сөздік жасау өнеріне» балаған болатын.  Лексикографияға үлкен лингвистикалық сөздікте:  «сөздік түзудің теориясы және практикасымен айналысатын ғылым саласы» түрінде түсінік беріледі. Қазақ тіл білімінде аталмыш терминге берілген негізгі анықтамалардың бірінде (Ғ.Қалиев) ол екі мағынада: 1) сөздік жасаудың теориясы мен практикасын зерттейтін тіл білімінің саласы; 2) белгілі бір тілдегі я ғылым саласындағы сөздіктердің жиынтығы – ретінде көрінеді [3]. О.С.Ахманованың лингвистикалық терминдер сөздігінде: 1) сөздік түзу туралы ғылым; 2) тілдегі лексикаға сипаттама жасау ретінде сөздік түзу ісі; 3) тілдегі немесе білім саласындағы сөздіктер жиынтығы  - деген анықтама беріледі. Кеңестік дәуірдегі екі тілді (аударма) лексикография теориясының негізін қалаған ғалым В.П.Берковтың пікірі бойынша, лексикография: 1) сөздік түзу ұстанымдарын зерттеумен айналысатын ғылым саласы, сөздік жасаудың теориясы; 2) сөздік түзу ісі; 3) тілдегі сөздіктердің жиынтығы; 4) елдегі сөздіктердің жиынтығы

Қазақ тілінің лексикографиясы қандай-қандай типтерге бөлінеді, қаншалықты дәрежеде деп білесіз.


Лексикография — әртүрлі сөздіктерді жасау жұмыстарының тәжірибелерін ғылыми тұрғыдан қорытындылаудың негізінде және лексикологиялық зерттеулер мен олардың жетістіктерін таяныш етудің негізінде жасалады.
Сөздіктерді жасау жұмысында лексикография теориясының маңызы айрықша. Себебі сөздіктердің сапасы лексикография теориясының дәрежесі неғұрлым жоғары болса, сөздіктер де соғұрлым сапалы болмақ. Лексикографиялық жұмыстарды жүргізіп, әртүрлі сөздіктерді жасау лексикологияны және лексикографияның теориясы мен практикасын жете білуді қажет етеді. Сөздіктердің сапасын арттыру сөздік жасау жұмысына қатысты көптеген теориялық және практикалық мәселелер жайында зерттеу жұмыстарын жүргізуді қажет етеді. Олардың ішінде айрықша назар аударатын мәселелер мыналар: – сөздің лексикалық мағыналарының типтері; – мағына мен қолданыс; – сөз мағыналарының сөздікте берілу тәртібі; – полисемия құбылысы мен омонимия құбылысының айырмашылығы; – фразеологиялық сөз тіркестерінің сөздікте берілу принциптері; – сөздікке кіретін туынды сөздердің түрлері және олардың аумағы мен шегі; – сөздерге берілетін анықтама (түсіндірме) мен стилистикалық мінездеме және т.б.
Лексикографиялық жұмыста грамматика мен стилистиканың атқаратын қызметі зор. Сөздіктерде сөздерге әртүрлі сипаттама (мінездеме) беріледі. Осыған орай, лексикографилық теорияның тіл білімінің әртүрлі салаларының, мысалы, лексикологияның (оның ішінде семасиология мен фразеология), грамматиканың және стилистиканың сөздерге мінездеме беру тұрғысынан қатыстылығы келіп тұрады. Мысалы, сөздің мағыналық жағы түсіндірме сөздікте де, аударма сөздікте де маңызды мәселе болып саналады. Оларда сөз, ең алдымен, мағыналық жақтан талданып, анықталады. Осыдан сөздің мағынасын, мағыналық түрлерін, қарастыратын семасиологияның лексикография теориясымен тікелей байланысы келіп туады. Сөздікті құрастыруда сөздерге грамматикалық мінездеме беру де қажет болады. Сөздердің грамматикалық тұрғыдан қандай лексико–грамматикалық топқа, яғни сөз табына, қатыстығы сөздікте тиісті белгілер арқылы көрсетіледі. Сөздік құрамының белгілі бір стилге тән, соған телінген сөздер де болады. Осыдан сөздіктерде ондай сөздердің қай стилге тән екендігін аңғартатындай берлгілер берудің қажеттілігі келіп туады. Мұның өзі тілдің лексикасының стилистикалық жақтан дифференсациялануын зерттеп, лексикадағы стильдік топтар мен тармақтарды айқындаудың нәтижесінде ғана іске асады. Осы мағынада стилистика да лексикографиялық теорияда көмекші қызмет атқарады.
Сөздіктердің түрлері: Сөздіктердің тіл–тілде бірнеше түрі бар. Олардың әрқайсысы әртүрлі мәдени қажеттілікті өтеу үшін жасалады. Лингвистикалық сөздіктер жасалу мақсатына қарай бірнеше түрге бөлінеді. Олар:
1. Сөздіктердің ішінде тілдің лексикасының шығуын, дамуын және оның бірнеше дәуірін сипаттайтын түрі бар. Мұндай сөздік тарихи сөздіктер деп аталады. Керісінше, сөздіктердің кейбір түрі қазіргі тілде жаппай және жиі қолданылатын сөздерді қамтып, оларға талдау жасап, сипаттама беруді мақсат етеді. Мұндай сөздіктер тілідің заманауи сөздіктері деп аталады.
2. Сөздіктердің белгілі бір түрі тілдегі күллі сөздерді түгел қамтып сипаттауды мақсат етеді. Мұндай сөздік толық сөздіктер деп аталады. Сөздіктердің енді бір түрі тілдің сөздік құрамындағы барлық сөздерді емес, оның белгілі бір дәуірдегі сөздерді немесе лексиканың белгілі бір саласын қамтитын сөздік түрінде жасалады. Мұнадай сөздік кіші сөздік немесе толық емес сөздік деп аталады. Сөздіктің бұл түрлеріне аранаулы сөздіктерді де жатқызуға болады. Олар: терминологиялық сөздік, синонимдер сөздігі, фразеологиялық сөздік және т.б. жатқызуға болады.
3. Сөздердің сөздікте ана тілінде түсіндірілуі немесе басқа тілге аударылып түсіндірілуіне қарай сөздіктер екі түрге бөлінеді: алғашқысы – бір тілдік түсіндірме сөздіктер, екіншісі – екі тілідік немесе көп тілдік аударма сөздіктер.
4. Сөздіктер оларда берілген сөздердің әліппи тәртібімен көрсетілуіне немесе сөздермен белгіленетін ұғымдардың топтарының рет–ретімен көрсетілуіне қарай екі түрге бөлінеді: 1) Дыбыстық немесе алфавиттік сөздіктер; 2) Идеологиялық сөздіктер немесе ұғымдар сөздігі. Сонымен, сөздіктерді шартты түрде төрт топқа бөліп қарауға болады.
І. Сөздердің шығу тегі мен олардың семантикалық дамуы туралы мағлұмат беретін сөздіктер. Оларға: 1. Этимологиялық сөздік. 2. Тарихи сөздік]].
ІІ. Қазіргі тілдердегі сөздердің мағыналарын түсіндіріп, олардың қолданылуы жайлы мағлұмат беретін сөздіктер. Олар: 1. Түсіндірме сөздік. 2. Аударма сөздік. 3. Терминологиялық сөздік]]. 4. Диалектологиялық сөздік. 5. Фразеологиялық сөздік. 6. Синонимдер сөздігі.
ІІІ. Сөздердің дыбыстық құрылысы мен олардың жазылуы туралы мәлімет беретін сөздіктер. Олардың қатарына: 1. Фонетикалық сөздік. 2. Орфографиялық сөздік.
ІV. Заттар мен құбылыстардың ұғымдарын айқындап, түсіндіретін сөздіктер. Олардың қатарына: 1. Энциклопедиялық сөздік. 2. Иллюстративтік сөздік

Лексикография [гр. lexikos сөзге қатысты (сөздік) + grapho жазамын] терминіне лингвистикалық сөздікте: тіл біліміндегі сөздіктерді түзудің теориясы және практикасымен айналысатын ғылым саласы ретінде анықтама берілген (Гак В.Г.).

Лексикографияға еуропалық тіл білімінде, сондай-ақ Кеңестер Одағы тіл білімінде берілген анықтама:



  1. ғылымның сөздік түзу принциптерін зерттеумен айналысатын саласы, сөздік жасаудың теориясы;

  2. сөздік түзу ісі;

  3. тілдегі сөздіктердің жиынтығы;

  4. елдегі сөздіктердің жиынтығы .



  1. Бейімбет Майлин «Түйебай» әңгімесі. Тақырыбы мен идеясы. Әңгіменің реалистік сипаты мен көркемдік ерекшеліктері

«Бейімбет Майлин әңгімелерінде терең шыншылдық бар, адам бейнесі, қарым қатынасы әрдайым нанымды болып шығады. Және бұл шығармалардың түр үлгісінде дөңгелек келген тұтастык айқын аңғарылады» деп Мұхтар Әуезов Бейімбеттің жазушылығына баға берген екен. Ол қоғам шындығын әдебиетке енгізе алды. Жазушының "Түйебай" әңгімесі туралы сөз қозғамақпыз. Автор бұл шығармада І жақтан сөйлейді. Ол өзінің жайлауы туралы әңгіме өрбіте бастайды. Қоржынтомар деп аталатын жайлаудың сырт-сипатын суреттеп, оның табиғатымен оқырманын қызықтырады. Қоржынтомардың суаты балалар үшін үлкен ермек, бойшаңдары ортасына дейін жүзіп барады. Суаттың қамыс арасына, шөптерді үйіп-төгіп, шағала жұмыртқа салады. Барлық бала атаулы сол шағаланың тіршілігін қараумен болады. Оның екі-үш жас үлкен ағасы бар, дегенмен, бойлары шамалас. Суға түскенде ағаына ілесіп, қамысқа дейін жүзіп барады екен. Кейде жарылған жұмыртқаны көреді, кейде тарғыл түсті сопақ жұмыртқаға кезігеді. Соларды қызықтап, бақылайды екен. Ел жайлауға екі-үш күн бұрын көшіп келген, балалар ауылды аралап, кімнің қай жерді тұрақ еткенін көріп қайтқан. Ауылдың күнбатыс бетінде суы тайыз Қарақоға дейтін көлшік бар. Көлшіктің ортасында томар бар. Сол томардың арасына шүрейгей үйректер ұя салады екен. Олардың жұмыртқасын таңдап жүріп, алып кетеді екен. Ол ауылдан 2-3 шақырым жерде. Жиі баруға, жол алыс. Таңда кеткен адам кешке қайтады. Ауылдағы балалар сабақта. Бәрі оқуда. Олар шоқша сақалды молдадан тәлім алады. Оның қаталдығын әлі көре қоймаған. Ол – үйдің кенжесі, әжесінің еркесі. Молдаға алып келгенде, әжесі: «Бұл үйдің кенжесі еді, қорқақтау, тым ұра бермессіз» деген екен. Үйде азын-аулақ дастарқан жайылғанда, молданы қонаққа шақырады. Осының арқасында таяқтан аман қалыпты. Барлық баланың үйі осы молданы үйге шақырады екен де, тек бір-ақ үй шақырмайды. Ол – Түйебайдың үйі. Оның әкесі көрші ауылда Есмағамбет деген байдың малын бағады, шешесі екі баламен осы жайлауға келген, сол Есмағамбеттің сиырын сауады. Шешесі Түйебайды осы молдаға берген еді, ол тентектеу болатын, шешесінің тілін алмайды. Молдаға берерде: «Еті – сіздікі, сүйегі – менікі» деген екен. Түйебай сабаққа өте зерек, алайда, молданың қылығы оған мүлдем ұнамайтын. Себебі, оны «ақымақ» деп ұрысатын. Уақыт өте келе құлағын бұрайды. Ол қанша таяқ жесе де, мойымайтын, жыласа да, сес көрсетпейтін. Бір күні автор әжесімен бірге бір ауылға барып келген, сәл кешігіп сабаққа бара жатты. Кенет соңынан Түйебай келе жатқан. Ол: «Бұзау жоғалып кетіп, оны іздеп келе жатырғанмын, кешігіп келе жатырмын» деген. Молда кешіккенді қамшымен ұратын. Автор аса қорықпайды. Себебі, әжесі молдадан сұрап алған. «Молда сені ұрады ғой» дегенге, Түйебай жақ ашпады. Балалар шулап өлең оқып отыр. Молда қауырсынмен бірнәрсе жазып отырыпты. Ол Түйебайға көзін сүзе қарап, кітабын сандықтың үстіне қоя салып: «Неге кешіктің?» деп сұрағанға, тізесінен отыра кетті. Үндемеген сайын, молданың ашуы көтеріліп, «Неге үндемейсің, доңыз? Жат!» деп, сандық жақты көрсетіп еді, Түйебай жата қоймады. Молданың қолындағы қамшыдан қорықты ма, әлде молданың қаһары басып бара ма, белгісіз. Молда Түйебайдың арқасын «Неге тіл алмайсың?» деп, қамшымен тіліп жіберді. Ол «Молдеке!» деп өкіріп жылап жіберді. Бәрі Түйебайдың жылаған даусымен жарыса сабақ айтып отырды. Ал автор үндемеді. Молда оның үндемегеніне де қатты ашуланып ұрысқан. Ол ұрысқанына бола жылап жіберді. Бірақ, молда оған қол көтермеді. Бұл екеуін молда тек күн батарда жіберген. Түйебай өксігін баса алмай келе жатыр екен. «Ертең сабаққа келесің бе?» дегенге, Түйебай «Келмеймін, көрмеймін молданы» деп жауап берді. 10-15 күн сабаққа келмеді. Әкесі келіп, «оқымасаң, қой бағасың» дейді, содан соң жалданып мал бақты. Жаз шыға ауыл көшетін болды. Көшпен келе жатып, Қарақоғаның жанынан бір отар қой көрінді. Жүгіріп барып, қараса, Түйебай бір отар қойды бағып жүр екен. Жаяу, жалаңаяқ, ерні кезерген. Ол авторға қызыға қарап, «Сен бақыттысың ғой!» деген жанармен қарап тұрды...  Бұл әңгімеде әлеуметтік жағдайға балалықтың бал дәуренін еркін кешкен ауыл балаларының сол жылы молдаға баруынан басталады. Ескіше оқуының мағынасыздығын танытқысы келген автор молданың портретін беруде жағымсыз көңіл-күй қалыптастырса, іс-әрекеті арқылы әділетсіз қоғамның бет бейнесін ашық көрсетеді. Қоғамдық жағдайдың көрінісі осы әңгімеде көрінеді.

Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет