Азамат Тілеуберді



жүктеу 2.09 Mb.
бет4/7
Дата02.04.2016
өлшемі2.09 Mb.
1   2   3   4   5   6   7
: fulltext -> transactions
transactions -> А. Ф. Зейнулина филология ғылымдарының кандидаты, профессор
transactions -> Е. Жұматаева жоғары мектепте әдебиетті білімденудің инновациялық технологияларымен оқыту
transactions -> МӘШҺҮр-жүсіп шығармалары тілінің морфологиялық ерекшеліктері
transactions -> М. Н. Баратова Мәшһүр Жүсіп өлеңдерінің жанрлық сипаты Оқу-әдістемелік құрал Павлодар, 2007
transactions -> Қазақ – шығыс және орыс (еуропа) Әдебиеті байланысы
transactions -> Қазақ фольклорын зерттеу мәселелері: ХХ ғасырдың бірінші жартысы
transactions -> Табиғи орта жағдайын бақылау «Мониторинг принциптері және типтері»
transactions -> МӘШҺҮртану ғылыми-практикалық орталығЫ
transactions -> Р. М. Муталиева қазіргі қазақ әдебиеті
transactions -> Т. Сапаров Қазақ шығысының Өзен – КӨл атаулары
2.2 Сал-серілік дәстүр арқылы этномәдени тәрбие берудің сыныптан тыс өтілетін жұмыстардың маңызы
«Біржантану» арнаулы курстың мазмұны

Сал-серілік дәстүр арқылы этномәдени тәрбие беруге ұйытқы, бағдар берерлік орын – мектеп.

Білім беру жүйесінің ажырамас бөлігі – оқушылармен жүйелі түрде сыныпта (білім мазмұны мемлекеттік стандарт шегінде) және сыныптан тыс тәртібінде жұмыс жүргізу. Мұндай жұмыстар деп оқушылардың бойындағы табиғи эстетикалық, өнерге тиісті бейімін тереңдетуге, олардың қажеттілігі мен қабілеттеріне қарай іскерлік пен дағдысын дамытуға, ішкі құлқы мен қозғаушы күштерін, қызығушылық, этномәдени тәрбиеге құмарлық сезімдерін оятуға, демалысын дұрыс ұйымдастыруға мүмкіндіктер туғызатын арнайы өткізілетін іс-әрекеттерді атайды. Оқушылардың өз қиялымен, олардың белгілі бір білім, ғылым түріне бейімділігін ескере отырып ұйымдастырылады. Осы мақсатта алуан түрлі сабақтар, үйірмелер, клубтар, студиялар құрылуда. Олардың ішінде оқушыларды этномәдени тәрбиеге баулуда, арнаулы курстар, факультативтік сабақтар, ізденіс үйірмелерінің, ғылыми жобалардың орны ерекше.

Жас ұрпақты этномәдени тәліммен баулуда қазақ халық педагогикасын пайдалану, сал-серілік дәстүрден біліктілігін тереңдету – оқушыларды жаңа деңгейге көтерудің тиімді жолы. Бүгінгі таңда жалпы оқыту іс-әрекетіне жаңа философиялық дүниетаным орнығып, әр оқушының бейімін болашақ ұстанымына қарай өркендету іс-әрекеті жақсы жолға қойылуда. Сөйтіп, білім мазмұнын сыныптан тыс өткізілетін жұмыстар арқылы тұтастық қағидаға жүгініп, оны тереңдете түсу мүмкіндігін пайдалану көзделіп отыр. Мұндай жұмыстарды өткізуге арнаулы, гимназия, лицей, жекеменшік мектептерінде 1000 сағат мөлшерінде уақыт бөлінген. Осы 1000 сағаттың 100-ге жуығы арнаулы курсқа пайдалану мүмкіндігі тууда.

«Біржантану» арнаулы курсының басымдық мақсаты – оқушылардың бойында қайсыбір пәніне қалыптасқан қызығушылықтарын тереңдете түсу. Сал-серілік дәстүр арқылы этномәдени тәрбие берудің тұжырымдамасында және үлгісінде ұсынылған ғылыми негізді нысанаға алу. Атап айтсақ, бірінші негізге, Біржан сал тұлғасынан, оның шығармашылығынан оқушылардың дүниетанымдық, жақсы мен жаманды, ізгілік пен зұлымдықты ажырататын, табиғатқа, болмысқа (онтологиялық) қатысты көзқарасының оянуына жағдай туғызылады. Екінші негізге, Біржан сал шығармашылығынан әр оқушының эстетикалық танымы, тіл шеберлігіне ынтасы, әртүрлі жағдайларда өзінің шешімін нұсқалы айтуына танымдық қисыны дамытылады. Үшінші негізге, Біржан сал өлеңдеріндегі қоғамға қатысты сол уақыт пен кеңістіктің құндылығының бүгінгіге де жарайтынын түсінеді. Осыған байланысты ғылымның немесе білімнің белгілі бір саласындағы болмысқа, таным теориясына, аксиологияға саналы, парасатты қажеттілік пайда болып, өзінің тарапынан сұраныс туады. Өзінің мазмұны жағынан арнаулы курс оқушылардың мүдделері бойынша клубтар, студиялар және т.б. секілді қызмет түрлерін дамытады. Оқушылардың басымы арнаулы курстағы өзінің сабақтарын одан әрі өздігінен білім алу, кәсіпке ие болу, өздерінің өнерге қатысты қабілеттерін өркендету үмітімен, жоспарларымен байланыстырып жатады.

Мұндай арнаулы курстарда сал-серілік дәстүр арқылы этномәдени тәрбиеге баулудың негізгі тірегі сұлулық, талғампаздық дәстүрін оқушы болмысына ендіру іс-әрекетін ұйымдастырған жөн. Бұл мәселені шешу үшін біріншіден, педагогикалық талаптарды ескере отырып, тұжырымды бағдарламалар, оқулықтар, оқу құралдары, әдістемелік нұсқаулар, хрестоматиялық материалдар жасау қажет. Мұның өзі оқушылардың ұлттық сана-сезімін, эстетикалық тұшымын дамытуға жәрдемдеседі. Екіншіден, оқу материалына зәру болып жүрген мектеп ұстаздарына бұл мәселені дұрыс жүзеге асыруға көмегі зор. Үшіншіден, сал-серілік дәстүр арқылы оқушылардың этномәдени тәрбиелілігін дамытудың белгілі бір саласынан жасалған мұндай дидактикалық кешен халықтық мәдени дәстүрді, тарихи кезеңдерді, әдет-ғұрыптарды тез меңгеруге мұрындық болады.

Енді осы мәселелерді тәжірибеге қалай енгізудің жұмыс барысында қалай шешімін табуға болатынын қарастырып өтелік. Біздің нысанамыз сал-серілік дәстүр арқылы этномәдени тәрбиенің бір бөлігі – эстетикалық тәлім. Сал-серілік - тек серілік құру мәселесіне қатысты ғана емес, ол жай қарапайым отбасы тірлігінен мемлекет маңындағы басқарушыларға дейін, бір сөзбен айтқанда, барлық жалпы жұртқа эстетикалық күш-қуат беретін нысан.

Этикалық, эстетикалық тәлімге тәрбиелеу, оның ғылыми мазмұнын саралап, білімдік деңгейін пайымдау бүгінгі күнге дейін қазақ мектептерінде әдебиет пәні арқылы жүзеге асып отыр. Бұрынғы Одақ кезінде мектептерде арнаулы курстар жүргізілмеген, қазір жаңа типті мектептерде одан арнаулы мүмкіндіктер жасалып, мемлекет қамқорлығымен қаржы бөлінген. Жалпы әдістемелік көмекке негіз боларлық еңбегімізде: 1-2 бөлімде ғылыми тұжырымдар толық ұсынылғандықтан, тағы да оған оралудың қажеті жоқ. Мектеп бағдарламаларында сал-серілік дәстүрден этномәдени тәрбие беру іс-әрекеті қарастырылмай, тек Біржан мен Ақанды ақын мәртебесінде қабылдату басым болып келді.

Бұл көкейкесті мәселені тәжірибеге енгізу тек арнаулы курс арқылы жүзеге асады. Қай мектепте болмасын бейімі ыңғайлы оқушының бұл мәселеден ғылыми жоба жазуына да мүмкіндік туады. Бүгінде сыныптың ыңғайына, білім деңгейіне, қабылдау қабілетіне орай әр ұстаздың шығармашылық іскерлігіне сай бағдарламаларды өздерінің құрастырып алуына болады. Бірақ, оларға ғылыми негізде бағыт сілтейтін жалпы бір орталықтан бағдарлама үлгісін құрастырып беруде әр ұстаздың ойына ой қосары даусыз.

Бұл бағдарлама кейінгі жылдары өзгерістерге байланысты жоғары жақтан міндеттелмейді. Олай дейтініміз, арнаулы курстардың түрлері мен жоспарын әр мектеп өзінше таңдайды, яки арнаулы курс бағдарламасын әр мектеп өзінің мүмкіндігіне орай ғалымдардың көмегімен құруға жол берілді.

Осы мақсатта сыныптан тыс уақытта өткізілетін факультатив пен арнайы курс өткізуге байланысты бағдарлама жасалды.

Арнаулы курстар өткізу үшін оның негізгі бағыттары айқындалды:

1. Оқушының тұлғалық дамуына эстетикалық тәрбиені бағдарлауы;

2. Оқушылармен өзін-өзі тани аларлық тәрбиені бағдарлауы;

3. Мектеп ортасымен оқушының тұлғалық қарым-қатынасын ұйымдастыруы;

Оқушылардың өмірлік іс-әрекеттерінің ішінен эстетикалық талғамын дамытарлық құндылықтар (зейін қойып тыңдау, ұлттық ділі, әндердің тақырыптары) түзілді.

Біздің зерттеуімізде сабақтан тыс уақытта өтілетін өнер арқылы білімдендіру мен тәрбиелеудің талаптары көрсетілді.

Сонымен қатар, жоғарыда аталған бағдарламаларды жүзеге асыруға байланысты біз «Өзіңнің өнеріңді өзің тани біл» атты практикум даярладық.





Бағдарламаның құжаты (паспорты)

Бағдарламаның атауы

«Біржантану» арнаулы курсының бағдарламасы

әзірлеу үшін негіз

Қазақстан Республикасында


Білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы

әзірлеуші

Ізденуші Азамат Тілеуберді

Мақсаты

Тәрбие кеңістігінде өнер иелерінің ұлттық сипатына қалдырған өнегелі мәдени мұрасын болашақ ұрпақ санасына жеткізіп, олардың ізгілікті ұстанымына эстетикалық қуат беру.


1   2   3   4   5   6   7


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет