Азамат Тілеуберді



жүктеу 2.09 Mb.
бет5/7
Дата02.04.2016
өлшемі2.09 Mb.
1   2   3   4   5   6   7
: fulltext -> transactions
transactions -> А. Ф. Зейнулина филология ғылымдарының кандидаты, профессор
transactions -> Е. Жұматаева жоғары мектепте әдебиетті білімденудің инновациялық технологияларымен оқыту
transactions -> МӘШҺҮр-жүсіп шығармалары тілінің морфологиялық ерекшеліктері
transactions -> М. Н. Баратова Мәшһүр Жүсіп өлеңдерінің жанрлық сипаты Оқу-әдістемелік құрал Павлодар, 2007
transactions -> Қазақ – шығыс және орыс (еуропа) Әдебиеті байланысы
transactions -> Қазақ фольклорын зерттеу мәселелері: ХХ ғасырдың бірінші жартысы
transactions -> Табиғи орта жағдайын бақылау «Мониторинг принциптері және типтері»
transactions -> МӘШҺҮртану ғылыми-практикалық орталығЫ
transactions -> Р. М. Муталиева қазіргі қазақ әдебиеті
transactions -> Т. Сапаров Қазақ шығысының Өзен – КӨл атаулары


Міндеттері:

- Қазақстандық биік мәдениетке, адамның мәдени-эстетикалық күш- қуатын құрмет тұтуға ынталандыру және оны одан әрі дамыту;

- Мәдени арналардың (сал-серілік) дәстүрлер, халықтық тәжірибе және оның даму қағидалары негізінде білім берудің мазмұны мен құрылымына үстеме толықтырулар енгізу;

- Білім беру үрдісіндегі ұлттық өнерге баулудың жүйесін түзу, оның құрылымын ұсыну;

- Тұлғаларға өнер жайлы білім мен тәрбие беру үрдісінде оқу-әдістемелік және ғылыми қамтамасыз етуді іске асыру.

Қажетті қаржыландыру көздері Бағдарлама Павлодар облысының «Шаңырақ» мәдени орталығында сыннан өтті. Қаржы көзі «Шаңырақ» есебінен бөлінді. Басқа мекемелерде қаржыландыру қосымша есеппен қамтамасыз етілді;

Күтілетін нәтижелер. Бағдарламаны іске асырудың нәтижесінде:

Жеке тұлғаларда өздерінің болмысынан өнерге деген сараптамалық дүниетаным тұрғысында эстетикалық тұшым іздейді. Халықтық мәдени мұраларға ой жүгіртіп, оның жанрлық әртектілігін пайымдап, әсіресе сал-серілік дәстүрдің ізгілікті жан қалайтын құдіретті күшін сұрыптап алуға, жасұрпақты өнер иелеріне соны да қайталанбас құбылыс деп тануларына мүмкіндік туады.

Жас ұрпақ Біржан Қожағұлтегі Тұрлыбайұлының басынан кешірген зұлымдықтың, кесапаттың, тауқыметтің орта туғызған күйзеліс екенін бағдарламаны дәріс, семинар, үйірме, клуб секілді жұмыстың түрлері арқылы айғақты түсінеді. Ондай өрескел, қатыгез, жауыздық іс-әрекеттің өнер кеңістігінде болмауына көзқарас пайда болды. Өнер бізді билеп тұрған Құдіретті күштің туғызған ең сүйікті құбылысы екенін меңгеріп шығады. Біржан Тұрлыбайұлының өлең-жырлары арқылы әр тұлғада мейірімділік, сүйіспеншілік, рақымшылдық секілді қасиеттер дамытылуына мүмкіндік туады.

Кіріспе

«Біржантану» арнаулы курсының бағдарламасы Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 19 наурыздағы «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін» атты Қазақстан халқына Жолдауына №735 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарына негізделеді. Аталған бағдарлама негізгі өнерге еңбек сіңірген біртуар тұлғалар мен ғұламалардың қоғам туғызған кесапатты арнасынан трагедиялы өмір кешкендерінен мағлұмат беріліп, олардың жанайқайының екі шекті домбырасының безеу қаққан зарлы сазы мен жәбір көрген ызалы жүректің әнмен шер болып сыртқа таралуының мәні айқындалады. Қазақ тағдырлары іспетті қабылданып келді. Міне, өнер иелерінің шығармашылығына педагогика іліміндегі парадигма. Бағдарламада «білім», «тәрбие», «философия», «адам», «әлемді бейнелейтін құбылыс», «ғылыми педагогика» секілді ұғымдарға қазақша түсініктеме беріп, оны бағдарламаны іске асыру үрдісінде толықтай тәжірибеде қолдану басымдық орында болып келеді.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының әлемдік қоғамдастық нарықтық экономика мемелекеті ретінде танылып отырған сәтінде жергілікті ұлт өкілдері өзінің өнер жайлы мәліметтерінің шектеулі екенін танытып отыр. Оның басты себебі бүгінгі таңға дейін мектеп бағдарламасы мен жоғары оқу иелерінің шығармашылық нысандарының шегін ажырату, оның тәрбие мен білім игеру үрдісіндегі құзіретті қуатының мөлшерін есептей аларлық, сипаттай аларлық материалдардың жоқтың қасы болуында. Сал-серілер жайлы жалпы мағлұмнаманың беріле бермеуі. Сал-серілік құрған қазақ халқының бұлбұлдары мен дүлдүлдерінің өнер өнімдерінің тәрбиеге берер өнегелі тұстарын нақтылап ұсына алмаушылық жас ұрпақтардың тәлімінің тамырынан бүгінгі күнге дейінгі өнер кеңістігін ақиқат шеңберінде көз алдарына елестете алмауы. Адам бойындағы ұшқырлық, ұтқырлық, жетесінің тереңдігі өнерден (өзі өнерге жоқ болса да) күш жия алу педагогикасын меңгеруге ынталы болуы- бүгінгі заман талабы.

«Біржантану» курсының бағдарламасының тетігі – Біржан салдың шығармашылығын дамыту үдерісіндегі амал-тәсілдердің педагогикалық негізі екендігі. Біржан сал өнерінің даму амал-тәсілдері:



  1. араласу;

  2. жаңа ән болса үйрену;

  3. орындаушылық шеберлігін ұстарту;

Біржан салдың әндерінің басымы тағдыр тәлкегінен туғанымен, эстетикалық сезім тәрбиелеуге құрал боларлық түрлері де аз емес. Біржан салдың ел аралап жүріп, Ақтентек деген байдың үйіне келіп, оның Ажар деген қызына шығарған өлеңі сұлулар келбетін айшықтау деңгейінде қабылданады. Біржан салдың Ажарға «жолаяғым» деп тарту тартқан өлеңі:

«Қызы едің Ақтентектің Ажар атың,

Ешкімнен кейін емес салтанатың.

Кез келіп ұшырастық сәті түсіп,

Аман бол жолыққанша перизатым...», - деп жай басталып, қайырмасында құйқылжытып, еркелетіп, дауысын неше саққа жүгіртіп, ойнақшытып орындаған. Сол секілді жарыққа шыққан «Аққұм», «Айтбай», «Ләйлім шырақ», «Асыл-Ақық», «Теміртас», «Ғашық жар», «Керкекіл», «Ақсеркеш», «мәті-Дәурен», «Алтын балдақ», «Тел қоңыр» және т.б. Аталған Біржан Қожағұлтегінің өлеңдерінің бәрі дерлік нотаға түсірілген.

Білім беру ісі – ұстаздың тарапынан мәдени тәжірибелі шығармашылығын оқушыға меңгерту үдерісі. Бұл орайда сал-серілердің қоғамға қатысты ой-тұжырымдары белгіленеді. Сөйтіп, болашақ ұрпаққа эстетикалық талғамын дамыту амалын ұдайы реттеп отыруда мол мүмкіндігі бар. Атап айтқанда мектеп оқушыларының әржақты тәрбиесін бір доминанттық мәреде жинақтаушы этникалық өнер кеңістігінің құндылықтарын саралауда, ал кейде олардың өнерден тұлғалық ерекшеліктерін айқындап беретін көрсеткіштерін байқауға оқушылардың өздерін қатыстыру арқылы, эстетикалық ортаның тәрбиелік әлеуетін мақсаттылықпен пайдалану адамгершілік тәрбиесінің мазмұнын айқындайды.

Сыныптан тыс уақыта эстетикалық тәрбиеден білім беру - өте кешенді мәселе. Бүгінгі таңда педагогиканы тәуелсіз Қазақстан мәртебесіне лайықтап қайта құруға сәйкес эстетикалық тәрбиенің мазмұнына байланысты күрделі өзгерістер болуда. Кешегі тоталитарлық жүйеде қалыптасып қалған бірсарынды, бір бағытта ұйымдастырылатын тәрбие, «тәрбиелік іс-шараларының» орнына өнерге қызығатын тұлғалық – бағыттылық мақсатқа бағдарланған, жоғары сынып оқушыларын эстетикалық талғамын дамыта алу іскерлігіне ынталандыруын, олардың дербестік бағыттылық негізінде бейімделінуі мен тәрбиені тұтас меңгеруін жаңа түрдегі мектептен тыс уақытта әр оқушының өз таңдауына мүмкіндік туғызу; тұлғаның өзін-өзі дамыта алуына барлық мәдени-эстетикалық құндылықтар және ақпараттар жүйесін пайдалану, оқушылардың өзара еркін қарым-қатынаста болуы, бір-бірімен өнер алмасуы, пікір алысуымен жаңа тәрбиенің мазмұны айқындалады.

Біржан тек салдық өнермен шектелмегені аян. Қазақ халқында ән-күй өнерінің маңызды адамның ойлау-пайымдау қабілетіне оңтайлы әсер ететіндей сипатта дамыған Біржан Қожағұлтегінің салдық өнермен ғана тұйықталмай, ақындық шеберлігінің ерекше екені де белгілі. Айтыс өнерінің педагогикалық ұтысы – екі адамның сөз өнерімен құндылықтарды тілге тиек ету тәсілдерінің көркемдік қуаты мен оның өмірде алатын маңыздылығы, мәнділігі.

Көпшілік қауымға Біржан салдың Сарамен айтысы таныс. Орта жүзде Құнанбайға дат айта білген өткір, поэтикасы мірдің оғындай Шөжемен Біржанның айтысы халық арасына аса кеңінен таралмаған. Шөженің астамшылықпен сөз түзуінің өзі Біржан салды «шикі өкпе бала» деп кемсітуі. Басқа ұлт өкілдерінде бұндай өнер иелеріне тән тәртіп жоқтың қасы. Мұны педагогикада біздер ұлттың нақыш этикасы дейміз. Асқақ та астамшылықтағы Шөже ақын Біржанды былай кемсітеді:

«...Ей, Біржан, маған берші біраз бұдан...

Сасық күзен сияқты шақылдама...

Бұдан кемсітуге Біржан сал былай жауап береді:

Жақынын алыс болар көрмеген соң,

Тойдың сәні келмейді күлмеген соң.

Аталы сөзге арсыз таласады,

Шөжеке, шырқап едім білмеген соң...» - деп үлкенді сыйлай білетінін танытады.

Осы орайда «Біржантану» арнаулы курсында тұлғаларға өнер иелерінің шығармашылығындағы эстетикалық тәлім-тәрбие беру мүмкіндігіне қатысты қолданылатын ұғымдар бар. Мәселен, «адам» деген атақтың анықтамасын білу бағдарламаның ұстанымын айқындай түспек: «Адам дегеніміз – ішкі даму жүйесінің саңылау сезімінің ұясы». Бұл құрылым әр тектес бөліктерден тұрып, оған өзіне тән ерекше даму заңдылығы қосылып, арнаулы тетіктермен жүзеге асады». Іс-әрекет заңдылықтары сол уақытта түсінікті болады, егер біздер бұл құрылымды тұтас алсақ. Аталған анықтаманы бірнеше «адам» жайлы айтылған түсініктемені құрастырудан туған. Сол секілді «білім» туралы: «Білім – адамның рухани сипаты, одан моральдық және рухани құндылықтар қорланып, оның мәдени ортада мәртебесі биіктеп, тәрбие үрдісінде, өзін-өзі тәрбиелеуде басқаға ықпал жасауда адамның қалыптасу процесінде қаланады». Сөйтіп, білім өзінің ортасынан (бұрынғы және бүгінгі) құндылықтарды белгілі бір мәселеге қатысты заңдылықтар мен қағидаларға негіздеу дәрежесінде адам баласының ұмытпастай меңгеруі және оны дамыта алуы.

Мектеп және мектептен тыс уақыттарда білімді өнер иелерінің шығармашылығын талдау сипатында да меңгеріледі. Қабылдаушы тұлға шығармашылықты бұл үдерісте философиялық тұрғыда емес, педагогикалық интерпретациядан өткізу арқылы меңгереді. Оның өзі қабылдаушы тұлғалардың жас ерекшеліктерінің мүмкіндіктеріне сәйкес өрісте құрылып, оны сезімдік-эмоциональді толқыныстың шарты мен құралы сапасында қолданып, қарым-қатынас құндылығын анықтап, табиғат, адам, қоғам және олардың өзара байланысы жайлы білімнің әртектес түрлерін (эстетикалық) меншіктеп, өзін-өзі және қоршаған әлемді түсінеді.

Арнаулы курс әмбебап білім жиынына үлес қосады. Нәтижесінде жалпылық және жан-жақтылықты ұғымдарды меңгеруге жол ашады. Аталған қабілеттіліктерге қол жеткен соң, қабылдаушы білімнің өзін мәдени-эстетикалық өрлеудің жалпы жолы іспетті меңгереді. Оқушы немесе басқа тұлғалар білім мазмұнын мәдени-эстетикалық ұстанымда сатылы рет тәртібімен жоғарыға, яғни қарапайымнан күрделіге, жекеден түрлі бейнелер арқылы және текке дейін, бөліктен бөлік арқылы тұтастыққа қарай өзін бағдарлап, ұдайы өзін дұрыстық жаққа түзулеп отыру іскерлігіне жетіледі.

Мәдени-эстетикалық білім мен тәрбиені дарыту тек сол өнер кеңістігіндегі құбылыстардың оңтайлы ықпалын ескеру арқылы жүзеге асады. Бірінші, жанрлардың сапалық көрсеткіштер мен фактілерін ұсынып, оның рухани құнды тұстарын екшеп, мәнділігін шығаруға жаттықтыру ескеріледі. Ұстаз, оқытушы қабылдаушының болашақ мәдениетті адам ретінде көз алдына елестетпей, алдымен адами қасиеттерін саралау дәрежесінде сипаттауы көзделеді. Қорытынды іс-әрекет: Оқушы немесе басқа тұлғалар - ізгілікті адам санатын құрып, жаны өнер биігінен қуат алатын деңгейге жетіліп, қуат-күшін эстетикалық талғамға бағыттай алатын аяулы қоғам өкілі, елінің мақтаны. Арнаулы курс бағдарламасын меңгерген адам күйгелектік, аяншақтық, ыстық қандылық, салқындық, қызбалық, құмартпалық, ұйытқымалы, сарыуайымшылық секілді адам баласына зиянды мінез-құлықтардың ізгілікті, ұстамды, табанды, сенімді, жалынды, өмірсүйгіштік, шыдамды, бейілді, бағамды, сүйкімді және т.б. гауһар мінез-құлықтарға ауысуына қозғаушы күш болады. Жалпы өнер иелерінің шығармаларын дұрыс қабылдауға үйренген, дағдыланған адамның жанының қуаты мен денесінің қуатын, рухының қуатын ажырата алар деңгейге ұмтылады. Нәтижесінде Ж.Аймауытовтың соқыр сезім мен саңылау сезім жайлы екі түрлі қуат көздерінің мәністерін жете түсінеді. Анықтап айтсақ, «соқыр сезім» ұғымы да адамның ішкі қуат сапасының көрінісі. Білім жия алмаған, өнер кеңістігіне бойлай алмаған адам өзінің шектеулі іс-әрекетін көрсетеді. Ж.Аймауытовша соқыр сезім иелерінің сыртқы нышандық белгілері: көзін қысу (басқа адамдар арасында), ыммен түсінісу (басқа ортада), бірін-бірі шымшылау, таңсыққойлық, қорқыныш, еліктеу, бәсекелесу, құмарлық, паңдық, тентектілік, меншіктеу және т.б. Қандай да болмасын қосымша өткізілетін өнер иелері туралы арнаулы курс тәрбиеленушіге жағымды әсерді туғызып, қайталау құлшынысын оятады. Өз бойындағы жаман әдеттерді қуып, жақсы әдетті табуға құнт етеді. Оның шарасы – табандылық, қажырлылық. Эстетикалық тәлімнің нәтижесі де осы болмақ. Арнаулы курс бағдарламасында сал-серілік дәстүрдің таралу құралы домбыра екені баршаға аян. Ән, күй, терме, айтыс әуендері домбыраның ішегін қағып, пернені басу арқылы әуендер құралып тыңдаушысына әсер етеді. Ондай әуен ғарыш арқылы алынған сазды әлемге жеткізеді. Домбыра сал-серілердің сүйеніші, әруақты жан дүниесінің құбылысын сазды әуезбен жеткізуші. Бұл жөнінде ғалым Жасарал Еңсепов былай дейді: «Домбыра бетін тұтас алып қарайтын болсақ: екі құлаққа екі ішектің екі ұшы байланады, бір түймеге ішектің дәл ортасынан алып оған түймелеп байлайды. Есептеп қарайтын болсақ, екі құлаққа бір түймені қосқанда үш сан шығады, ал оған екі ішекті қоссақ бес сан болады, енді оған кертілген ішектің үстіне орналасқан ішек тұратын тегеурінді қоссақ. Одан жеті сан шығады. Осы «жеті» саннан құралған құрылымдар бірігіп келіп қасиетті үн шығарады».


«Біржантану» арнаулы курсының дүниетанымдық бағыттары
Курстың мақсаты: Тәуелсіз Қазақстан Республикасының мәртебесіне ие болған кезден бастап бүгінгі күнге дейін этникалық болмысқа мән беру, қазақ халқының рухани құндылықтарына көңіл аударып, оны болашақ ұрпақтың танысуына жағдай туғызу мәселелерін өз мәнінде дұрыс шешу.
№1 кесте. «Біржантану» арнаулы курсының бағдарламасы




Тақырыптары

Дәріс

Семинар

Тәжірибелік

сабақ


Барлығы

1.

«Жанбота» әнінің мұраты, оның адам тәрбиесіне ықпалы

2




2

4

2.

«Біржан мен Сара» айтысының әлеуметтік мәні

2

2

2

6

3.

«Аққұм» өлеңінің шығу тарихы, оның эстетикалық тұрғыдағы орны

2




2

4

4.

«Ақтентек» әнінің шығу тегі

2




2

4

5.

«Айтбай» әнінің дәстүрге қатыстылығы




2

2

4

6.

«Ләйлім шырақ» әнінің ерекшелігі, оның қазақ өміріндегі дәстүрді қамту қарымы

2




2

4

7.

Біржанның Абай ауылына бару сапарының маңызы




2




2

8.

«Асыл-Ақық», «Теміртас» өлеңдерінің шығу тарихы, замана қатыгездігі




2




2

9.

Біржан салдың нотаға түскен өлеңдерінің тәрбиелік мәні




2

2

4




Дәріс –10 с.

Семинар –10 с.

Тәжірибешілік -14 с.

Барлығы: 34 с.



10

10

14

34

«Біржантану» арнаулы курсы бағдарламасының сағат ауқымындағы сипаты:
1- дәріс.

«Жанбота» әнінің мұраты оның адам тәрбиесіне ықпалы. Жанботаның Біржан салды ауылына шақыруы. Азнабайдың Жанботамен тайталасы, бақталасы. Біржан салға Жанботаның сыйлық беру көлемінен көбейтуге уәде беріп, қолқа салуы. Поштабай Жанбота үйіне келіп, Біржан салға Азнабайдың тапсырмасын айтуы. Әншінің оған қозғалмауы. Поштабайдың айтқанын Біржанның естімей, тағы бір әнді бастап кетуі. Біржанның олжа іздемеуі. Аңдаусызды Біржанды Поштабайдың қамшысымен бір-екі тартып қалуы. Отырғандардың Біржанның домбырасын тартып алғысы келген Поштабайдың қолын босатып жіберуі. «Әлі де көрсетемін» деген Поштабайдың ызбарлы пішіні.

Аталған ситуация, көрініс «Жанбота» әнінің тууына себеп-салдарлық қызмет атқаруы.

1- тәжірибелік сабақ.

«Жанбота» әнінің эстетикалық сезімге әсері. Адам бойындағы құбылыстың өнер кеңістігіндегі көрінісі. Адамгершілік пен ізгілікті жан сипатындағы тұлғаларға өнердің ықпалы. «Жанбота» әнін тыңдау.


2- дәріс.

«Біржан мен Сара» айтысының әлеуметтік мәні. Біржан мен Сараның айтысы. Айтыстың өзегі – Жексенқұлға Сараны атастыруы.

Біржанның Сараны тұқыртуы. Сараның өз басындағы қайғылы кезеңді мойындауы. Х.Жұмалиев пен М.Төлебаевтардың «Біржан-Сара» операсында екі асылды тек көрсетуі. Біржан мен Сараның айтысы бір адам шығарған деуіне екеуінің әндерінің бір сарынды болуы. Біржанның Ешкіөлмеске келу сапары. Ақынның Жетісу өңіріне өлеңдерін таратып кетуі. Бұрын да Балуан Шолақ, Ақан сері, Құлтума, Естай, Мәди, Жаяу Мұса және басқа арқаның әншілерінің әндерінің Оңтүстік аймаққа кеңінен айтылып жүруі.
1- семинар.

Оқушылар «Біржан – Сара» айтысын талдап, осыған орай өздерінің түйген ой-тұжырымдарын ортаға салып, ең негізгісін ұсынады. Аталған айтыстың оқушылар тәрбиесіне ықпалы.


2-тәжірибелік сабақ.

2 оқушының айтысуы. Өнер деңгейінде біреуін Біржан сал, екіншісін Сара болуы эстетикалық талғамға рухани нәр.


3-дәріс.

«Аққұм» өлеңінің шығу тарихы, оның эстетикалық тұрғыдағы алатын орны. Біржан салдың Іңкәр атты қызға арнап шығарғаны жайлы мәліметтің маңызы. Біржан салдың көптеген өлеңдерінің атаулары алғашқы сөзден басталып кету дәстүрі. Аталған дәстүрдің ықпалынан «Аққұм» деген атауға ие болуы.


3- тәжірибелік сабақ.

Біржан салдың жас, албырт кезіндегі шыққан өлеңі екенін өлеңінің әуезі арқылы аңғару. Әннің айтылу сазы, көлемі. Тұңғиық терең ойды әнмен өрнектей алу шеберлігі.


4-дәріс.

«Ақтентек» әнінің шығу тегі. Ажар деген қызға арналған әннің әкесінің атымен шығу тарихы. «Жолаяғым» деп арналған бұл өлеңнің этнопедагогикадан алатын орны. Көңілді күйдің, мажорлы кейіптің куәсі іспетті ән әуезінің құдіреті.


4-тәжірибелік сабақ.

Әннің дыбыс әшекейі. Еркін шығар дауысқа әннің бейімділігі. Әннің өзіндік құрылысы, формасы, даму кезеңдері. Әннің қазақ қызына тән сыпайылық, жіңішке де сәнді сезім, құрбылық қалжың.


2-семинар.

«Айтбай» әнінің дәстүрге қатыстылығы. Айтбайдың қыз бала екендігі. Атаудың этнопедагогикамен байланыстылығы. Қазақ халқында қыздардан кейін ұл тумаса, ырымдап, ұлдың атын қоюы. Бұл өлеңнің экзотикалық анықтап айтсақ, кешкі құрым ат үстінде желіп келе жатып жайма шуақ көңілмен ән айту сипаты. «Айтбай» әннің кесекті шығарма екендігі.


5-тәжірибелік сабақ.

Әннің шалқыған кең тыныстылығы. Өлшеулі тар жерге сыймайтындығы. Куплеттік әннен асып кететін тұстары. «Айтбай» өлеңіне ән шығару үдерісіндегі оқиғалар.


5-дәріс.

«Ләйлім-шырақ» әнінің ерекшелігі, оның қазақ өміріндегі дәстүрді қамту қарымы. Біржан салдың Көлбай, Жанбай дегендердің ауылына келуі. Олардың Біржанмен жас жағынан шамаластығы. Көлбай, Жанбай Біржанды танымағандықтан немесе мән бермегендіктен келе жатқанына зер салмай үйлеріне кіріп кетеді. Оған қыр көрсеткісі келген әншінің бір қораштау үйге атын тіреуі. Әншіні таныған үй иесінің Біржанға бәйек болуы, ауыл адамдарының әнді естіп, тамашалауы. Көлбай мен Жанбайдың ән тыңдауға келмеуі. Қарындасы Ләйлімді де, әйелдерін де жібермеуі.


6-тәжірибелік сабақ.

Әннің жанрлық ерекшелігі. Шідерін алмағанына көзі жетіп тұрса да Біржан салдың Ләйлімге қолқа салуы. Өлеңдегі ұлттық нақыш. Әннің шығуына қатысты Көлбай, Жанбайдың өзгеруі. Жүрген жерде абыройымызды жаяр деген (қазаққа тән намысшылдық) оймен Біржан салды қонақ етіп, сый көрсетуі. Әндегі еркелі дыбыстардың «оюлап» әкелмей, сыпайы леп танытуы. Бейбіт кейіпке көшіп, «аяғы» қайырлы кездесу. Болғанын әннің әуенінен тани алуы. Әндегі жоғары регистрлі қажырдың басымдығы.


3-семинар.

Біржан салдың Абай ауылына бару сапарының маңызы.


4 – семинар.

«Асыл-Ақық», «Теміртас» өлеңдерінің шығу тарихы, замана қатыгездігі. Біржан салдың мүшкіл халі. Қолын арқанмен байлауы. Ауру деген лақап таңылса да, салдың дауысының күмістей таза болуы. Біржан салдың өлеңмен мұңын шағуы. Бұрынғы жақсы күндерін еске алуы. Қасына жолатпай қойған балаларына Асыл, Ақық, Теміртасқа қарап айтқан зар әні. Ақынның балаларына жалынуы.


7-тәжірибелік сабақ.

Балаларының әкесін ауру, жынды деген көпшілік қауымға қарсы шыға алмауы, жанына жолай алмауы. Біржан салдың қайғылы халі, ішкі зарын бүкіл Атығай, Қарауыл ішіндегі достарын есіне түсіріп өлімнің жақындап қалғанын сезгендей ішкі улы шерін әнімен айтуы. Теміртасқа қарап, соңғы демінің жақындап қалған кезі болса да, домбырасын тартып, қолы байлаулы, көзімен ғана ым жасауы. Баласына бақытты өмір тілеуі (ұлттық нақыш). Үш жыл байлаулы жатқан Біржанның арқан кескен жерінің гангрена болуы, қазақ ішіндегі сол уақыт пен кеңістіктегі өнер дүлдүлінің құнын білмеуі, елдің рухани нәрден аластауы, сұр өмірдің сұрқай тіршілігі. Нар тұлғалы, нағыз салдың өмірмен қоштасуы.


5-семинар.

Біржан – қазақтың халықтық музыка алыбы. Біржан салдың нотаға түскен өлеңдерінің тәжірибелік мәні. Біржан салдың Омбыда болуы. Шорманның Мұстафасы отырған жеріне кіріп келуі. Мұсаның Біржан әнінің асқақ екенін мойындауы. Балқожа тілмаштың сыйы. Композитор Зиновий Компанеец өзінің «Қазақ рапсодиясы» атты халық оркестріне арнап жазған шығармасында Біржанның «Жамбас сипар» әнін негізге алуы. Е.Брусиловскийдің операларында Біржан әндерін нотаға түсіріп, кеңінен пайдалануы. Біржан әндерінің капеллелық (сүйемелдеу жүреді деген мәнде) хорларда, оркестрлік нөмірлерде көптеп енуі. Біржан салдың өлеңдеріне өлмес ескерткіш жасаған қазақтың талантты композиторлары Мұқан Төлебаевтың рөлі. М.Төлебаевтың «Біржан-Сара» операсының маңызы. Либреттосын жазған академик Қажым Жұмалиевтың қазақ халқының басқа түскен қаралы күндерін бір Біржан салдың болмысымен шебер сипаттай алуы.

Қорыта келгенде, «Біржантану» арнаулы курсы оқушылардың сал-серілік өнер арқылы эстетикалық тұшым алуына мүмкіндік береді. Мұнымен бірге сол кездегі қазақ халқының сән-салтанатты өмірінен рухани құндылықтар жиюына, мәдениетінің артуына жағдай жасалады.
2.3 Жоғары сынып оқушыларына сал-серілік дәстүр арқылы этномәдени тәрбие берудіңтәжірибедегі қолданымы
Сал-серілік дәстүр арқылы этномәдени тәрбие беруде сыныптан тыс өткізілетін жұмыстар оқушылардың мемлекеттік стандарт шегіндегі біліктілігін арттыруға көмегін тигізетіні бірнеше рет айтылып өтті. Бұл бағытта оқушылардың инсценировкаға қатысуы сол нысанның түпнұсқасымен танылуына, оның мәні мен мағынасын пайымдауына бірден-бір жол болып есептеледі. Біздер даяр инсценировка жоқ болғандықтан, «Ақан сері өнерінің қоғамда алатын орны» атты сахнаға лайықты қойылымның мәтіні сұрыпталды.

М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясындағы Біржанның Абай еліне келіп, жастармен салдық құру сәті көркем сөз құдіретімен суреттеледі. Бұл көрініс оқушылардың эпопея үзіндісін қайта естеріне алуына және ондағы қазақ халық педагогикасындағы салдық дәстүрдің этномәдени болмысын, табиғатын нұсқалы тұрғыда түйсінуіне, көз алдарына елестетуіне мүмкіндік береді (қараңыз қосымша Б). Сал-серілік дәстүр өнердің екі түрлі екенін оқушылар аталған қойылым мен эпопея мәтінмен ажыратуға жол ашылады. Эпопея мәтініндегі салдық құруды оқушылардың аңғаруы үшін іздендіретін төмендегідей эвристикалық (поиск) сұрақтар құрылды:



1   2   3   4   5   6   7


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет