Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және сертификат беру қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 маусымдағы №674 Қаулысы «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі



жүктеу 179.25 Kb.
Дата17.04.2016
өлшемі179.25 Kb.
: images -> stories -> contents
contents -> Электрондық АҚпараттық ресурстар мен
contents -> Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясын метеорологиялық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы №1768 Қаулысы «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі
contents -> Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң "Қазақстан Республикасының аумағында ұшуды іздестіру-құтқарумен қамтамасыз етуді ұйымдастыру жөніндегі қағидаларды бекіту туралы"
contents -> Қазақстан Республикасының азаматтық әуе кемелерінің ұшуға жарамдылығының нормаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 шілдедегі №859 Қаулысы «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі
contents -> Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысатын авиация персоналының кәсіптік даярлығының үлгілік бағдарламасын бекіту туралы
contents -> Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тікелей қатысатын авиация персоналын кәсіптік даярлау қағидасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 мамырдағы №512 Қаулысы «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі
contents -> Азаматтық авиацияның авиация персоналын даярлау және қайта даярлау бағдарламаларын, сондай-ақ халықаралық ұшуларды орындаған кезде авиация персоналының радиотелефон
contents -> Авиациялық қауіпсіздік қызметі мамандарын, азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның авиациялық қауіпсіздік және ұшу қауіпсіздігі мәселелері бойынша лауазымды адамдарын даярлау және қайта даярлау бағдарламасы Жалпы ережелер
contents -> Азаматтық авиация саласындағы салалық біліктілік шеңбері Жалпы ережелер
Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және сертификат беру қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 маусымдағы № 674 Қаулысы

      «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 шілдедегі Заңының 13-бабының 15) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және сертификат беру қағидасы бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрі                               К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы 


Үкіметінің       
2011 жылғы 20 маусымдағы
№ 674 қаулысымен   
бекітілген       

Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау
және сертификат беру қағидасы

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 № 1311 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).



1. Жалпы ережелер

      1. Осы Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және сертификат беру қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» 2010 жылғы 15 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау және сертификат беру тәртібін белгілейді.


      2. Осы Қағидада мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
      1) азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану, азаматтық және эксперименттік авиация қызметі саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
      2) азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығы – азаматтық авиацияның авиация персоналын даярлауды, қайта даярлауды және кәсіптік деңгейін ұстауды жүзеге асыратын заңды тұлға;
      3) авиациялық оқу орталығының жарғысы (құрылтай шарты) (бұдан әрі – Жарғы) – оның негізінде авиациялық оқу орталығы Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес өз қызметін жүзеге асыратын құжат;
      4) кәсіптік даярлау – бастапқы даярлау, қайта даярлау, кәсіптік деңгейін ұстау;
      5) кәсіптік деңгейді ұстау – мақсаты белгіленген үлгідегі құжаттарды бере отырып, ғылыми-техникалық, әлеуметтік-экономикалық дамуға және азаматтардың жеке қажеттіліктеріне негізделген кәсіптік білімдерді, машық пен дағдыларды жаңғырту, кеңейту және тереңдету болып табылатын авиация персоналын оқыту процесі;
      6) қайта даярлау – жаңа (қосымша) кәсіптік білім, машық пен дағды (соның ішінде біліктілік бағаларын) алуға және белгіленген үлгідегі құжаттарды бере отырып, авиация техникасын зерделеуге бағытталған азаматтық авиация персоналын оқыту процесі;
      7) өтінім – сертификатты алу үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға өтініш берушінің жазбаша өтініші;
      8) өтініш беруші – азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығының сертификатын алу үшін азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органға жүгінген заңды тұлға;
      9) сертификаттау талаптары – «Авиациялық оқу орталықтарына қойылатын сертификаттау талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 сәуірдегі № 441 қаулысымен бекітілген авиация персоналын ұйымдастыру, ұстау, даярлау деңгейі мен сапасын белгілеу мақсатында авиациялық оқу орталықтарына қойылатын талаптар;
      10) теориялық даярлық – білім алушы өту кезінде арнайы теориялық білім алатын, сондай-ақ оларды оқыту бағдарламаларына сәйкес деңгейде ұстайтын және жетілдіретін кәсіптік даярлау процесінің кезеңі;
      11) тренажерда даярлау – білім алушы өту кезінде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган бекіткен еліктету құрылғыларының көмегімен практикалық машық пен дағдыларын игеретін, ұстайтын және жетілдіретін авиация персоналының кәсіптік даярлау процесінің кезеңі;
      12) үлгі бағдарламалар – азаматтық авиацияның авиация оқу орталығы үшiн бағыттарының, мамандықтары мен қызметінің ерекшеліктерін ашып көрсететін оқу бағдарламаларын дербес белгілеу мүмкiндiгін сақтай отырып, кәсiптік даярлыққа бірыңғай тәсілді қамтамасыз ететiн бағдарламалар;
      13) ұшуға даярлық – білім алушы өту кезінде ұшуды орындаудың практикалық машығы мен дағдыларын игеретін және жетілдіретін ұшу құрамының кәсіптік даярлау процесінің кезеңі.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      3-тармақ 01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 N 1311 қаулысымен.
      3. Авиациялық оқу орталығын сертификаттау үшін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген тәртіппен және мөлшерде алым алынады. Авиациялық оқу орталығын сертификаттау көрсетілген алым мемлекеттік бюджетке төленгеннен кейін жүзеге асырылады.
      4. Сертификаттаудың жалпы мерзімі екі айдан аспайды.

2. Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығын сертификаттау
және сертификат беру тәртібі

      5. Өтініш беруші осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес өтінімді уәкілетті органға жолдайды. Өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:


      1) құрылтай құжаттарының көшірмелері;
      2) персоналды даярлау және рәсімдер жөніндегі нұсқаулықтың көшірмесі;
      3) сапа жөніндегі нұсқаудың көшірмесі;
      4) ұшу қауіпсіздігі жүйесін басқару жөніндегі нұсқаудың көшірмесі (қажет болған кезде);
      5) авиациялық оқу орталығының ұйымдық құрылымы мен штаттық кестесі;
      6) кәсіптік даярлау және бар біліктіліктері туралы ақпаратты қоса алғанда, авиациялық оқу орталығының персоналы туралы деректер;
      7) оқу процесін қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын негізгі құралдар тізбесі мен олар туралы қысқаша мәліметтер;
      8) пайдаланылатын бағдарламалық құралдар тізбесі мен олар туралы қысқаша мәліметтер;
      9) авиациялық оқу орталығының оқу процесін қамтамасыз етуге қатысты басқа оқу мекемелерімен, кәсіпорындармен және бөгде ұйымдармен жасасқан шарттарының көшірмелері (бар болса);
      10) авиациялық оқу орталығын аяқтау туралы куәліктердің және сертификаттардың үлгілері;
      11) қаржылық-экономикалық жағдайы туралы ақпарат;
      РҚАО-ның ескертпесі!
      12) тармақша 01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Үкіметінің 04.12.2013 N 1311 қаулысымен.
      12) авиациялық оқу орталығын сертификаттау туралы алымның төленгенін растайтын құжат.
      Құжаттардың барлық көшірмелері мөрмен және өтініш берушінің немесе оның уәкілетті тұлғасының қолымен куәландырылады.
      6. Уәкілетті орган ұсынылған құжаттарды жиырма бір жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды, соның ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде тексереді.
      7. Ұсынылған құжаттардың толық еместігінің немесе олардың Қазақстан Республикасының заңнамасына, осы Қағиданың талаптарына сәйкес болмау фактісі анықталған жағдайда, өтінім қарау мерзімінің ішінде өтініш берушіге қайтару себебін көрсете отырып, қайтарылуға жатады.
      8. Құжаттаманың осы Қағиданың талаптарына сәйкес болған кезде уәкілетті орган сертификаттық зерттеу жүргізу үшін екі жұмыс күні ішінде комиссия (бұдан әрі – комиссия) құрады.
      Комиссия құрамына құзыретіне кәсіптік даярлық, куәліктерді (сертификаттарды) және біліктілік рұқсатын беру, сондай-ақ тиісті сертификаттар мен рұқсаттар алуға арналған оқу ұйымдарының өтінімдерін қарау мәселелері жататын азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның қызметкерлері енгізіледі.
      9. Сертификаттық зерттеу жүргізу басталғанға дейін кемінде 5 жұмыс күні қалғанда уәкілетті орган басталу күні, сертификаттау рәсіміне енгізілуі мүмкін өзгерістер мен толықтырулар, сондай-ақ оларға сәйкес сертификаттық зерттеу жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің және халықаралық ұйымдар құжаттарының тізбесі туралы ақпаратты қамтитын еркін нысандағы ресми хабарламаны авиациялық оқу орталығына жолдайды.
      10. Авиациялық оқу орталығының сертификаттық зерттеуі осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес және сертификаттық зерттеу жүргізу жөніндегі мемлекеттік авиациялық инспекторлар үшін уәкілетті орган әзірлеген нұсқамалық материалды пайдалана отырып, бес жұмыс күні ішінде жүргізіледі.
      11. Авиациялық оқу орталығын сертификаттық зерттеу кезінде ұйымдық құрылымның, оқытылатын персоналдың, әдістемелердің, бағдарламалардың, процестердің, техникалық базаның және ресурстардың жиынтығы ретіндегі авиациялық оқу орталығының сапа жүйесі тексеріледі.
      12. Сертификаттық зерттеу аяқталғаннан кейін уәкілетті орган он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес сертификаттық зерттеу актісін (бұдан әрі – акт) жасайды, ол туралы өтінім берушіге хабарлайды.
      13. Акт авиациялық оқу орталығының сертификаттау талаптарына сәйкестігі немесе сәйкес болмауы туралы тұжырымдарды, ұсынымдарды және қорытындыны көрсете отырып, екі данада жасалады.
      14. Актіге комиссияның барлық мүшелері қол қояды және оның бір данасы өтініш берушіге жіберіледі.
      Сертификаттық зерттеу процесі кезінде айқындалған сертификаттау талаптарына сәйкес болмаған жағдайда, өтініш беруші актіні алған сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға түзету іс-қимылдарының жоспарын бекіту үшін ұсынады.
      15. Уәкілетті органның сертификаттық зерттеуді жүргізген комиссиясы өтініш берушіден түзету іс-қимылдарының бекітілген жоспары бойынша сәйкессіздікті жою туралы хабарламаны алғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде бақылау сертификаттық зерттеуді жүргізеді және сәйкессіздікті жою туралы еркін нысандағы актіні жасайды.
      16. Уәкілетті орган бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде авиациялық оқу орталығының сертификатын (бұдан әрі – сертификат) ресімдейді және береді.
      17. Сертификатты беруден бас тарту кезінде өтініш берушіге бас тартудың себебін көрсете отырып, дәлелді жауап беріледі.
      18. Сертификаттың қолдану саласына өзгерістер немесе толықтырулар енгізу қажет болған жағдайда, авиациялық оқу орталығы мәлімделген өзгерістер немесе толықтырулар жататын құжаттарды қоса бере отырып, уәкілетті органға өтінім береді. Бұл ретте сертификаттауды жүргізу тәртібі өзгермейді.
      19. Авиациялық оқу орталығының атауы, ұйымдық-құқықтық нысаны өзгерген кезде немесе қолданыстағы сертификаттың қолданылу саласын өзгертпейтін өзге де жағдайларда өтінім беруші уәкілетті органға қажетті құжаттармен еркін нысанда өтініш береді. Бұл ретте сертификаттау жүргізу талап етілмейді, ал жаңа сертификат он жұмыс күні ішінде беріледі.
      20. Сертификаттың қолданылу саласының мерзімін ұзарту үшін авиациялық оқу орталығы сертификатты қолдану саласының мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік 30 күн бұрын уәкілетті органға өтінім береді. Бұл жағдайда уәкілетті орган сертификаттық зерттеу жүргізеді, оның нәтижесі бойынша осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес сертификаттың қолдану саласын ұзарту мүмкіндігі туралы сертификаттық зерттеу туралы акті жасалады.
      Сертификаттың қолданылу саласын ұзарту мүмкіндігі туралы сертификаттық зерттеу туралы актісі негізінде уәкілетті орган екі жұмыс күнінен аспайтын мерзімде Сертификаттың қосымшасын ресімдеуді және оны беруді жүргізеді.
      21. Мемлекеттік авиация инспекторы осы Қағида талаптарының орындалмағанын анықтаған кезде азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығына бұзушылықтарды жою туралы инспекторлық ұйғарым беріледі.
      Инспекторлық ұйғарымды белгіленген мерзімде орындамау сертификаттың қолданысын тоқтата тұру үшін негіз болып табылады.
      22. Авиациялық оқу орталығының сертификаттау талаптарын сақтамауы анықталған жағдайда немесе авиациялық оқу орталығының жазбаша өтініші бойынша уәкілетті орган сертификаттың қолданылуын тоқтата тұрады және авиациялық оқу орталығына сертификаттың қолданысын тоқтата тұру мерзімін көрсете отырып, сертификаттың қолданысын тоқтата тұру туралы дереу хабарлама жолдайды.
      23. Тоқтатыла тұрған сертификат қолданысы авиациялық оқу орталығы тоқтата тұру себебін жойған растаушы құжаттарды ұсынған және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес уәкілетті орган қажетті тексеруді жүргізгеннен кейін қалпына келтіріледі.
      24. Егер сертификатты тоқтата тұрудың анықталған себептерін авиациялық оқу орталығы белгіленген мерзімде жоймаған жағдайда, уәкілетті орган күнтізбелік он күн ішінде сертификатты кері қайтарып алады.
      25. Кері қайтарып алынған сертификат уәкілетті органға сертификат кері қайтарылып алынған сәттен бастап күнтізбелік екі күн ішінде қайтаруға тиіс.
      26. Азаматтық авиацияның авиациялық оқу орталығының сертификатын басқа тұлғаға беруге болмайды.
      27. Екі жылдан астам мерзім тағайындалатын сертификаттың қолданылу саласын қоспағанда, Авиациялық оқу орталығының сертификаты мерзімсіз болып табылады және осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша беріледі.

Азаматтық авиацияның    


авиациялық оқу орталығын  
сертификаттау және сертификат
беру қағидасына      
1-қосымша         

ЕЛТАҢБА


Уәкілетті органның атауы
Уәкілетті органның мекенжайы

Авиациялық оқу орталығының
№ ________
сертификаты

      20__ ж. «___» _________ берілген.

      Осы сертификат
_____________________________________________________________________
_________________ (АОО атауы, ұйым, құрылымдық бөлімі) ______________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
авиациялық оқу орталығының Қазақстан Республикасының белгіленген
талаптарына, осы сертификатқа қосымшада көрсетілген қолданылу
саласына қатысты ХААҰ стандарттарына және ұсынылған тәжірибесіне
сәйкес келетінін куәландырады.
      Сертификат авиациялық оқу орталығын 20__ ж. «___» _____________
_____________________________________________________________________
_____________________ (уәкілетті органның атауы) ____________________

      № ____________ сертификаттық зерттеу актісі негізінде берілген.


      Инспекциялық бақылауды
_____________________________________________________________________
_____________________ (уәкілетті органның атауы) ____________________
жүзеге асырады.

      20__ ж. «___» ____________

      __________________________
      Уәкілетті органның басшысы
               (қолы)                                         /Т.А.Ә/
                                           М.О.

Азаматтық авиацияның    


авиациялық оқу орталығын  
сертификаттау және сертификат
беру қағидасына      
2-қосымша         

Авиациялық оқу орталығына
сертификаттау жүргізуге өтінім

      1. ____________________________________________________________


______________ (АОО, ұйымның, құрылымдық бөлімшесінің атауы) ________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
                  (ұйым басшысының лауазымы, Т.А.Ә)
кәсіптік даярлықтың мынадай түрлері мен бағыттары бойынша авиациялық
оқу орталығының сертификаттауын жүргізуді сұрайды:

Р/с


Кәсіптік даярлау түрлері

Бағыттары
(мамандық, мамандану, курстың атауы)

1.

Авиациялық персоналды бастапқы даярлау



2.

Авиациялық персоналды қайта даярлау



3.

Авиациялық персоналдың кәсіптік деңгейін ұстау



      2. Ұйым туралы деректер:
      1) Меншік нысаны ______________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      2) Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік ___________________________
_____________________________________________________________________
                    (нөмірі, кім және қашан берген)
      3) Заңды (пошталық) мекенжайы және басқа деректемелері ________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      4) Телефон/факс, эл. пошта ____________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      3. Қоса берілетін құжаттар: ___________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

      20__ ж. «___» ____________________

      __________________________________
      Азаматтық авиация ұйымының басшысы
                    (қолы)                                   /Т.А.Ә./
                                                М.О.

Азаматтық авиацияның    


авиациялық оқу орталығын  
сертификаттау және сертификат
беру қағидасына      
3-қосымша         

Авиациялық оқу орталығын сертификаттық зерттеу
бағдарламасы

      АОО атауы, ұйым, құрылымдық бөлімше: __________________________


_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      Өткізілу күні, негіздеме: _____________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      Тексерушілердің Т.А.Ә., лауазымы, жұмыс орны: _________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Р/с


Бағдарлама бойынша ұстанымдардың нөмірлері және тексерілетін элементтер

Сәйкестікті бағалау
(+ -)

Сәйкессіздік ұстанымының нөмірі

1

2

3

4

1

Жарғының түпнұсқасы (құрылтай шарты)





2

Кәсіпорын мөрімен куәландырылған заңды тұлғаны тіркеу туралы куәліктің түпнұсқасы





3

АОО қызметін регламенттейтін құжаттардың Қазақстан Республикасының және Халықаралық азаматтық авиация ұйымының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестігі.
1) Даярлау және рәсімдер жөніндегі нұсқау;
2) Сапа жөніндегі нұсқау;
3) Ұшу қауіпсіздігі жүйесін басқару жөніндегі нұсқау (қажет болғанда), немесе егер АОО ҰҚБЖ кәсіпорынның ҰҚБЖ-де ашып көрсетілсе, кәсіпорын мөрімен куәландырған көшірмесі;
4) Оқу орталығы құрылымының Жарғыда (Ережеде) белгіленген міндеттерге, функцияларға және қызмет нысанасына сәйкестігі;
5) Электрондық түрлерін қоса алғанда, кітапхана қорының оқу-әдістемелік әдебиетінің сәйкестігі.
6) Оқу жоспары пәндерінің тізбесімен қосымша түлектерге берілетін құжаттардың үлгілері.





4

Персонал.
1) АОО персоналының лауазымдық нұсқаулықтары;
2) Штаттық кестеге сәйкес жинақталу;
3) Персоналдың іс жүзіндегі міндеттерінің және функцияларының атқарып отырған лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігі;
4) Персоналдың кәсіптік деңгейін ұстау жүйесі мен мерзімдерінің белгіленген талаптарға сәйкестігі.





5

Оқу-әдістемелік жұмыс.
1) Түрлері мен бағыттары бойынша бекітілген кәсіптік даярлау бағдарламалары
2) Пәндер бойынша әдістемелік материалдар (анықтамалық, әдістемелік құралдар, таратылатын материал, оқу фильмдері);
3) Білім алушыларды қабылдау, оларды аудару, қайта тағайындау, босату туралы бұйрықтар;
4) Оқу жоспарының пәндері бойынша бақылау сұрақтары, емтихан билеттері (тестілері);
5) Дәрістер және практикалық сабақтар мазмұнының өзектілігі және жаңалығы, олардың оқу жоспары мен жұмыс бағдарламаларына, ХААҰ ұсынымдары мен талаптарына сәйкестігі;
6) Оқу-әдістемелік кеңес отырыстарының хаттамалары (егер ондай бар болса);





6

Мамандарды даярлау сапасы
Мамандарды даярлау сапасын бақылаудың енгізілген жүйесінің болуы;
1) Сапаны бақылау жүйесінде жауапты маманның болуы;
2) Белгіленген аудит рәсімінің болуы;
3) Кері байланыс жүйесі;
4) Түзету шараларының жүйесі.





7

Ұшу қауіпсіздігін басқару (қажеттілігіне қарай).
Персоналды даярлау және рәсімдер бойынша нұсқауға сәйкес ұшу қауіпсіздігін басқарудың енгізілген жүйесінің болуы.





8

Материалдық-техникалық база.
1) Оқу және қосалқы үй-жайларының (меншік немесе жалға алынған) болуы.
2) Оқу сыныптарын жарақтаудың мамандарды даярлау міндеттеріне сәйкестігі.
3) Жалданатын үй-жайларға, құрылыстарға, тренажерлік және ұшу техникасына келісімшарттардың болуы.
4) Техникалық оқу құралдарының болуы.
5) Қазіргі заманғы электрондық оқу және бақылау құралдарының болуы.
6) Қауіпсіздік техникасы қағидаларын сақтау.
7) Өрт қауіпсіздігі қағидаларын, санитариялық-эпидемиологиялық және қоршаған ортаны қорғау нормаларын тиісті СЭС және ТЖ қызметтерінің қорытындылары негізінде орындау.





9

Қаржылық-экономикалық жағдай.
1) Қаржылық-экономикалық жағдайды бағалау бойынша оң қорытындының болуы.
2) Салықтар мен міндетті аударымдар бойынша берешектің жоқтығы туралы анықтаманың болуы.





      Ескертпе:
      (*) осы оқу орны үшін міндетті емес;
      (-1) авиациялық оқу орталығының сертификатын беруге кедергі келтіретін сәйкессіздіктер;
      (-2) келісілген мерзімде жою немесе шектеулер енгізу шартымен авиациялық оқу орталығының сертификатын беруге кедергі келтірмейтін сәйкессіздіктер;
      Қосымша: Сәйкессіздіктер тізбесі ____ парақта.
      Тексерушілер: (Т.А.Ә., қолы): _________________________________
      _______________________________________________________________
      «Таныстым»
      _______________________________________________________________
      Азаматтық авиация ұйымының басшысы
                  (қолы)                                     /Т.А.Ә./
                                                М.О.

Авиациялық оқу орталығының


20 жылғы «  »         
№    сертификатына  
қосымша        

Авиациялық оқу орталығы cертификатының
қолданылу саласы

_____________________________________________________________________


             (АОО ұйымның, құрылымдық бөлімшесінің атауы)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
                      (заңды және нақты мекенжайы)
_____________________________________________________________________

Р/с


Кәсіптік даярлық түрлері

Бағыттары
(мамандық, мамандану, курстың атауы)

Шектеу (кезең)

1.

Авиациялық персоналды бастапқы даярлау





2.

Авиациялық персоналды қайта даярлау





3.

Авиациялық персоналдың кәсіптік деңгейін ұстау





      __________________________
      Уәкілетті органның басшысы
               (қолы)                                        /Т.А.Ә./
                                            М.О.

Азаматтық авиацияның    


авиациялық оқу орталығын  
сертификаттау және сертификат
беру қағидасына      
4-қосымша         

Сертификаттық зерттеу актісі

_____________________________________________________________________


                      (уәкілетті органның атауы)

20__ жылғы «___» ____________ № _________ бұйрығына сәйкес

құрамындағы комиссия:

Комиссия төрағасы: __________________________________________________


                                    (Т.А.Ә, лауазымы)
Комиссия мүшелері: __________________________________________________
                                    (Т.А.Ә, лауазымы)
                   __________________________________________________
                                    (Т.А.Ә, лауазымы)
_____________________________________ сертификаттық зерттеу жүргізді.
           (ұйымның атауы)

                         Қорытынды мәтіні:


_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Комиссия төрағасы: _________________________     ____________________


                            (Т.А.Ә)                     (қолы)
Комиссия мүшелері: _________________________     ____________________
                            (Т.А.Ә)                     (қолы)
                   _________________________     ____________________
                            (Т.А.Ә)                     (қолы)
Актімен таныстым:
Ұйым басшысы:      _________________________     ____________________
                            (Т.А.Ә)                     (қолы)

Азаматтық авиацияның    


авиациялық оқу орталығын  
сертификаттау және сертификат
беру қағидасына      
5-қосымша         

Авиациялық оқу орталығы сертификатының қолданылу саласын
ұзарту мүмкіндігі туралы сертификаттық зерттеу
актісі

_____________________________________________________________________


                     (уәкілетті органның атауы)

20__ жылғы «___» ________________ № ________ бұйрығына сәйкес

мемлекеттік авиация инспекторы:
_____________________________________________________________________
                        (Т.А.Ә., лауазымы)
_____________________________________________________________________
                           (ұйым атауы)

сертификаттық зерттеу жүргізді.

                         Қорытынды мәтіні:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Мемлекеттік авиация инспекторы:


_____________________________________    ____________________________
              (Т.А.Ә.)                             (қолы)

Актімен таныстым:



Ұйым басшысы: _______________________    ____________________________
                     (Т.А.Ә)                       (қолы)

© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" ШЖҚ РМК



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет