«Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайтадан куәліктер немесе анықтамалар беру» туралы мемлекеттік қызмет түрін алу тәртібі



жүктеу 40.77 Kb.
Дата24.04.2016
өлшемі40.77 Kb.
: files -> chinovnik
chinovnik -> Жоба шешім қаулы 2015 жылғы №49 / 2015 жылғы №
chinovnik -> Хабарландыру! Қарқаралы ауданы бойынша төмендегі кестеде көрсетілген мемлекеттік мекемелерде «Сенім телефоны» жұмыс жасайды. Жұмыс істеу уақыты 00 ден – 18. 30 ға дейін
chinovnik -> Перечень региональных средств массовой информации (печатных и электронных) по карагандинской области
chinovnik -> Осакаров ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету ережесі
chinovnik -> Бақты ауылдық округінің әкімі Б. Жабдиковтың 2015 жылы атқарған жұмыстары және алда тұрған міндеттері туралы есебі
chinovnik -> Саран қаласы әкімдігінің
chinovnik -> «Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, тұрғын-үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2015 жылда атқарған жұмысының есебі
chinovnik -> Көкпекті ауылдық округ әкімінің 2013 жылғы есебі

«Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайтадан куәліктер немесе анықтамалар беру» туралы мемлекеттік қызмет түрін алу тәртібі

«Азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайтадан куәліктер немесе анықтамалар беру» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1559 қаулысымен бекітілген.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру:

1)Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;

2)«электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) www.е.gov.kz арқылы жүзеге асырылады.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:

1) құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап: орталыққа – Жеке тұлғалар туралы мемлекеттік деректер қорының Орталық серверінде Қазақстан Республикасы бойынша акт жазбаларының электрондық нұсқалары болған кезде – күнтізбелік 15 (он бес) күн (қабылдау күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді), басқа мемлекеттік органдарға сұрау салу қажет болған кезде қарау мерзімі көрсетілетін қызметті алушыны 2 (екі) жұмыс күні ішінде хабардар ете отырып, күнтізбелік 15 (он бес күннен) күннен аспайтын уақытқа ұзартылады.

2) порталда – өтінішті алғандығын растау бөлігінде бір жұмыс күні ішінде хабарлама алу.

3) көрсетілетін қызметті алушының орталыққа құжаттар топтамасын тапсыруы үшін рұқсат берілетін ең ұзақ күту уақыты – 15 (он бес) минут;

4) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.

5) Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

6) Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі:1) орталықта – жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде қайтадан куәлікті қағаз жеткізгіште немесе азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтамаларды ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында беру не қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап.2) порталда: қайтадан куәлік алғанда – электронды өтініштің қабылданғаны туралы хабарлама;электрондық нысанда ЭЦҚ қойылған азаматтық хал актілерін тіркеу туралы анықтамалар алу.

Мемлекеттік қызмет ақылы және ақысыз түрде көрсетіледі.

Ақылы қызмет түрі: мемлекеттік баж мынадай мөлшерлерде алынады:


1) азаматтық хал актілерін тіркеу туралы куәлікті қайтадан бергені үшін – 1 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК); 2015 жылға айлықтық есептік көрсеткіш 1982 теңгені құрайды.

2) Қазақстан Республикасының азаматтарына азаматтық хал актілері туралы куәлікті бергені үшін – 0,3 АЕК;

3) азаматтық хал актілері туралы куәлікті ТМД елдерінен сұратып алдырған үшін – 0,5 АЕК;

4) азаматтық хал актілері туралы куәлікті ТМД елдерінен басқа шет мемлекеттерден сұратып алдырған үшін – 1 АЕК.

Азаматтық хал актілерін тіркеу кезінде мынадай растайтын құжаттарды көрсеткен кезде баждан босатылады:

Ақысыз қызмет түрі:

1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен соларға теңестірілген, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған адамдар, 1941 жылғы 22 маусым мен 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегi және мiнсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағының ордендерiмен және медальдерiмен наградталған адамдар, мүгедектер, бала жасынан мүгедектің ата-аналарының бірі (қамқоршылары), мемлекеттік органдар – тууы туралы куәлікті қайтадан тіркеу және беру үшін;

2) жеке тұлғалар – азаматтық хал актiлерiн тiркеу кезiнде жiберiлген қателерге байланысты туу, қайтыс болу, әке болуды анықтау, бала асырап алу туралы акт жазбаларын өзгерткен, толықтырған, қалпына келтірген және түзектен кезде оларға куәлік бергені үшін;

3) жеке тұлғалар оларға туысқандарының қайтыс болғаны туралы куәлікті қайтадан бергені үшін;

4) жеке тұлғалар – бала асырап алуға және әке болуын анықтауға байланысты туу туралы куәлікті қайтадан бергені үшін азаматтық хал актілерін тіркеу кезінде.

Орталықта мемлекеттік баж мөлшері мен төленген күнін растайтын төлем құжатын беретін банк мекемелері арқылы төленеді.
Мемлекеттік қызметті көрсетуге электрондық сұрау салуды портал арқылы берген кезде төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүргізіледі.

Тұтынушы мемлекеттік қызметті алу үшін толық көрсетілетін құжаттар:

1) өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат (тұлғаны сәйкестендіру үшін);


3) бюджетке мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат немесе ЭҮТШ арқылы төлемді қоспағанда, салық жеңілдіктерін беруге негіз болатын құжат;
4) қызмет алушының өкілі жүгінген жағдайда нотариатта куәландырылған сенімхат;
5) қайтыс болған адаммен туыстығын растайтын құжаттар. Және де толық ақпарат алу үшін Достық көшесі 21 үйде орналасқан Халыққа қызмет көрсету орталығына немесе 5-36-57 телефондары арқылы алуға болатынын хабарлаймыз.

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Қарағанды облысы бойынша

филиалының Приозерск қаласындағы

бөлімінің инспекторы

Крыкбаева Самал Куанышевна



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет