Азаматтық істерді сырттай іс жүргізу тәртібімен қараудың сот тәжірибесіне шолу



жүктеу 251.2 Kb.
Дата24.04.2016
өлшемі251.2 Kb.
: site -> supcourt.nsf -> 36b782079737d452c6256d89002456d9 -> 23c2b4ddf7b7a31e4625732a0020222a -> $FILE
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Құрметтi «Заңгер» журналы! Менiң қолыма кездейсоқ «Қазақстан юстициясына – 80 жыл»
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Мүліктік емес өзіндік құқықтарды және іскерлік беделді қорғау туралы азаматтық істер бойынша сот практикасына шолу
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан Республикасының заңдары Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіні ратификациялау туралы
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Автокөлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарынан туындайтын даулар бойынша сот тәжірибесіне шолу
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Мен мәдениетiне де үлкен залал келтiредi
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Конституции рк – 10 лет
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Ювенальная юстиция
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан республикасының 3АҢЫ Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге байланысты рақымшылық жасау туралы
$FILE -> Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі алқасында
Азаматтық істерді сырттай іс жүргізу

тәртібімен қараудың сот тәжірибесіне

ШОЛУ
1999 жылғы 1 маусымнан бастап Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі (бұдан әрі - АІЖК) күшіне енгізілді. Ондағы новеллалардың бірі сырттай іс жүргізу және сырттай шешім шығару институтын құру.

Азаматтық істер бойынша сырттай іс жүргізу 206-271-баптарды қамтитын АІЖК 24-тарауымен реттеледі. Бұдан басқа, сырттай іс жүргізу және сырттай шешім шығару кезінде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 11 шілдедгі № 5 "Сот шешімі туралы" және 2003 жылғы 20 наурыздағы № 2 "Соттардың азаматтық іс жүргізу заңнамасының кейбір нормаларын қолдануы туралы" қаулыларының нормаларын басшылыққа алу керек.

Талап арыз іс жүргізуі бойынша азаматтық істерді қарау сотқа талапкердің де жауапкердің де қатысуын қарастырады. Алайда, тараптар әрдайым сот отырысына тікелей қатыса бермейді. Заң шығарушы осындай жағдайларда азаматтық істерді сырттай қарауға жол береді.

Сырттай іс жүргізу тараптардың өз әрекеттері үшін жауапкершілігін арттыруға, жауапкердің өзінің іс жүргізу құқықтарын асыра пайдаланып, істі сөзбұйдаға салмауына ықпал етеді.

АІЖК 260-бабына сәйкес, істерді сырттай іс жүргізу тәртібінде қарау үшін мынадай бес негіз болуы қажет:

1. Жауапкердің сот отырысына келмеуі.

2. Жауапкердің сот отырысының уақыты мен орны туралы хабардар болуы. Бұл ретте, соттың жауапкерге тиісінше хабарланғанын растайтын құжаттардың іс материалдарына тіркелгені туралы нанымды мәліметтері болуы керек.

3. Өзінің сот отырысына келе алмауының орынды себептері туралы жауапкердің хабарламауы.

4. Жауапкердің істі өзінің қатысуынсыз қарауы туралы өтінішінің болмауы.

5. Істі сырттай іс жүргізу тәртібімен қарауға жауапкердің қарсылығының болмауы.

Бұл ретте, іс жүргізу заңымен мынадай шектеулер белгіленген: сырттай іс жүргізу бірінші сатыдағы сотта іс жүргізуге жатады; сырттай іс жүргізу тәртібімен талап арызға негізделген азаматтық істер ғана қаралуы мүмкін; ерекше талап арыз, ерекше іс жүргізу бойынша істерді сырттай іс жүргізу тәртібімен қарауға жол берілмейді.

Егер талапкер жауапкердің қатысуынсыз істі сырттай іс жүргізу тәртібімен қарауға келіспесе, сот талқылауды кейінге қалдырып, жауапкерге жаңа сот отырысының уақыты мен орны туралы хабарлама жібереді. Жауапкер тағы да келмей қалған жағдайда сот істі сырттай іс жүргізу тәртібімен қарауға құқылы (АІЖК 260-бабы 3-бөлігі). Осындай мән-жайлар кезінде талапкердің пікірін сот анықтамайды.

Егер жауапкер сот отырысына келсе, бірақ сот отырысынан ол аяқталғанға дейін өз еркімен кетіп қалса, онда сот істі талқылауды жалғастыра береді, ал осындай отырыста шығарылған шешім сырттай шығарылған деп есептелмейді. Іске бірнеше жауапкер қатысты болып, сот отырысына барлық жауапкерлер келмей қалған жағдайда ғана іс сырттай іс жүргізу тәртібімен қаралуы мүмкін. (АІЖК 260-бабы 2-бөлігі).

Сот істі сырттай іс жүргізу тәртібімен қарау туралы ұйғарым шығарады, (АІЖК 260-бабы 4-бөлігі), ол шағымдауға және наразылық келтіруге жатпайды.

Азаматтық істерді сырттай іс жүргізу тәртібімен қарағанда жауапкердің қатыспауы себепті толық көлемде жарыспалылық жүзеге аспайды. Істі сырттай іс жүргізу тәртібімен талқылаған кезде талапкердің өкілеттіктері шектеулі, атап айтқанда, оның талап арыздың нысанасы мен негіздемесін өзгертуге құқылы емес.

АІЖК 262-бабы сырттай шығарылған шешімнің мазмұнын реттейді. Сырттай шығарылған шешімдердің деректемелері талап арыз іс жүргізуі бойынша шығарылған шешімдердің құрылымы мен мазмұнына ұқсас, алайда жекелеген ерекшеліктері ескерілуі тиіс:

1. Шешімнің кіріспе бөлігінде "Сырттай шешім" деп көрсетіледі.

2. Сипаттама бөлігінде сырттай шығарылған шешімнің негіздемесі баяндалады.

3. Сырттай шешімнің қорытынды бөлігінде жауапкердің шешімнің күшін жою туралы өтініш беруінің мерзімі мен тәртібі көрсетілуі тиіс (АІЖК 262-бабының 3-бөлігі). Сырттай шешімнің көшірмесі табысталғаны туралы хабар ала отырып, оны шығарғаннан кейінгі үш күннен кешіктірілмей жіберіледі. Осындай мерзім ішінде және осындай тәртіпте сырттай шешім көшірмесі сот отырысында болмаған талапкерге жіберіледі (АІЖК 263-бабы).

4. Сырттай шешім іс талқыланғаннан кейін дереу шығарылуы және түпкілікті нысанда жасалуы тиіс.

Сырттай шешім АІЖК 235-бабының ережелеріне сәйкес заңды күшіне енеді.

АІЖК 264 - бабының 1-бөлігіне сәйкес, жауапкер немесе өкілеттігі болса оның өкілі сырттай шешімді бұзу туралы сотқа арыз беруге құқылы.

Сот отырысының уақыты мен орны туралы тиісінше хабардар болған іске қатысушы тұлғалардың келмеуі арызды қарауға кедергі болып табылмайды.

Егер сырттай шешім бұзылып, істі қарау қайта жалғастырылғаннан кейін істің қаралатын орны мен уақыты туралы тиісінше хабарланған жауапкер сот отырысына келмесе және істі қарауды кейінге қалдыру жөнінде өтініш бермесе, онда істі сырттай іс жүргізу тәртібімен қарауға жол берілмейді. Мұндай сот отырысының шешімі сырттай шығарылған болып есептелмейді және тек апелляциялық немесе қадағалау тәртібімен шағымдалады.


Отырыстың уақыты мен орны туралы тиісті түрде хабарланған, келмеуінің белгілі себебі туралы хабарламаған және өзі болмаған кезде істі қарауды сұрамаған жауапкердің сот отырысына келмеуі іс бойынша сырттай іс жүргізу үшін негіз болып табылады.

Іске қатысушыларға және олардың өкілдеріне сотқа шақыру қағаздарын, хабарламаларды тапсыру тәртібі азаматтық іс жүргізу заңымен жан-жақты және мұқият реттелген (АІЖК 131, 132-баптар). Солай бола тұра, судьялардың АІЖК 260-бабы 1-бөлігінің талаптарын орындамауы сот тәжірибесінде кеңінен орын алған.

Мәселен, "Бірлік" КСК берешек сомасын өндіріп алу туралы Ю.В.П-ға талап арызы бойынша Ақтөбе қаласы сот ғимаратында 2006 жылғы 18 қазандағы және 2006 жылғы 31 қазандағы іс бойынша сот отырысының өтетін уақыты мен орны туралы жауапкерге сот курьерінің жазбасына сәйкес қолхатпен табыс етіп хабарлаған. Алайда, онда оның алғаны туралы қандай-да болмасын деректер болмағандықтан жауапкердің іс бойынша тиісті түрде хабардар еткендігінің дәлелі жоқ. Іс сырттай іс жүргізу тәртібінде 2006 жылғы 10 қазанда қаралған.

Дегенмен, кейін белгілі болғандай, жауапкер 2006 жылғы 2 қыркүйекте қайтыс болған, сол сот шешімін АІЖК 404-бабы негізінде жаңадан анықталған мән-жайлар бойынша қайта қарауға әкелді. Нәтижесінде істі қайта қарау соттың 2006 жылғы 8 желтоқсандағы ұйғарымымен АІЖК 247-бабы 5-тармағына сәйкес, жауапкердің қайтыс болуына байланысты тоқтатылды. Бұл ретте, соттың жоғарыда аталған ұйғарымының көшірмесі тараптарға жіберілгенін, соның ішінде жауапкерге (қайтыс болғанға) жіберілгенін атап өткен жөн.

2006 жылғы 13 маусымда Алға аудандық сотының іс жүргізуінде қабылданған М-ның некені бұзу туралы К-ға талап арызы бойынша азаматтық іс бойынша істі әзірлеу үшін жауапкер талапкер арқылы беріп жіберген шақыртумен шақырылған. Алайда, әзірлеуге де, алғашқы екі сот отырысына да жауапкер келмеген.

Бұдан басқа, жауапкерге хабарлаумен почта арқылы жіберілген талап арыз бен шақырту қағазының көшірмесі аталған мекен-жай бойынша оның жоқтығына байланысты қайтып келді. Талапкердің айтуы бойынша жауапкер үйінен мамыр айының соңында кетіп қалып, осы кезге дейін қайтып оралмаған.

Бірақ, істің қаралу орны мен уақыты туралы жауапкерге тиісті түрде хабарланғаны туралы осы объективті деректер болған кезде сот сырттай шешім шығарған. Соттың заңның анық және түсінікті талаптарын бұрмалауы АІЖК 263-бабын бұза отырып, жауапкерге сырттай шешімнің көшірмесі жіберілмегенін білдіреді.

Алакөл аудандық сотының 2006 жылғы 10 наурыздағы сырттай шешімімен А-ның некені бұзу туралы Т-ға талап арызы қанағаттандырылған. Іс материалдарында жауапкердің мекен-жайына оны сотқа шақыру туралы жеделхат, сондай-ақ жауапкердің іссапарға кеткені туралы жеткізу қызметінің хабарламасы болған. Тиісінше хабарлау жауапкерге жетпегеніне қарамастан сот істі сырттай іс жүргізу тәртібінде қараған.

Қазыбек би аудандық сотының сырттай шешімімен Б-ның Ж-ны пәтерден шығару туралы талап арызы қанағаттандырылған. Алайда, бұл шешіммен келісуге болмайды, өйткені соттың Ж-ға шақыртуы жауапкерге белгісіз жағдайдағы тұлғаға табыс етілген не есікте қыстырылып қалдырылған. Сотта осындай мәліметтер болғанымен, істі сырттай іс жүргізу тәртібінде қараған. Мәселен, "Т." ЖШС-нің ақша сомасын өндіріп алу туралы "АД" ЖШС-не талап арызы бойынша азаматтық іс бойынша істі әзірлеу кезеңінде жауапкердің талап арыз бойынша көрсетілген мекен-жайда, сондай-ақ әділет органдары арқылы белгілі болған жаңа мекен-жай бойынша орналаспағаны белгілі болды.

Айтылған мән-жайларға қарамастан, 2006 жылғы 22 тамызда сот іс бойынша сырттай шешім шығарды, алайда шешімнің көшірмесі жауапкердің осы мекен-жайда болмағандығынан табыс етілмей, сотқа қайтарылды.

Алакөл аудандық сотының іс жүргізуіндегі Г-ның некені бұзу туралы Ж-ға талап арызы бойынша азаматтық іс те заңды осылайша бұзудың мысалы бола алады. Сотқа жауапкерді шақырту туралы сот шақыртуында "баласы" деп қол қойылған белгісі бар түбіршек ұсынылды. Сот осы негізге ғана сүйене отырып, істі сырттай іс жүргізу тәртібінде қарау туралы ұйғарым шығарып, кейін талап арызды қанағаттандыру туралы шешім шығарды.

Айыртау аудандық соты Б-ның залалды өтеу туралы М-ға талап арызы бойынша жауапкерге сот отырысының болатын уақыты мен орны туралы тиісінше хабарламаған. Істе жауапкерге шақырту қағазын табыс еткені туралы белгісі жоқ қолхат бар. Демек, соттың жауапкерге сот отырысы туралы тиісінше хабарланды деп қорытынды шығаруы орынсыз.

Қызылорда қалалық сотындағы "Б К" АҚ-ның ақша сомасын өндіріп алу туралы К-ға талап арызы бойынша азаматтық іс бойынша сот курьерінің қолымен жасалған және қанағаттандырылған жауапкердің тұрғылықты жері бойынша тұрмайтыны туралы акт негізінде сот отырысы өткізіліп, сырттай шешім шығарылды.

Целиноград аудандық сотының 2006 жылғы 11 мамырдағы ұйғарымымен Б-ның некені бұзу туралы Г-ға талап арызы бойынша істі сырттай тәртіпте қарауға шешім етілді. Дәл сол күні талап арызды қанағаттандыру туралы сырттай шешім шығарылды. Сонымен бірге, іс материалдары талапкерге де жауапкерге де істің тыңдалатын күні мен уақыты туралы сот шақыртуы тіпті жіберілмегенін растайды.

Шу аудандық сотының сырттай шешімімен Л-ның үйді сатып алу-сату мәмілесін жарамды деп тану туралы А-ға талап арызы қанағаттандырылды. Сырттай іс жүргізу тәртібіндегі істі қарау туралы ұйғарымда сот өз қорытындысын жауапкердің аталған мекен-жай бойынша тұрмайтынымен, оның басқа республикаға тұрақты қоныс аударғанын және оның тұрғылықты жерінің белгісіз екендігімен дәлелдейді. Сонымен бірге, талап арызды жауапкердің нақты мекен-жайы көрсетілген: Қырғыз Республикасы, Қ. ауылы, Б. көшесі, 7. Алайда, жауапкерге талап арыздың көшірмесін жібермеген, істің сот отырысында қаралатын күні туралы хабарламаған. Сот аталған іс жүргізу әрекеттерін басқа мемлекеттің құзыретті сотына тапсыра отырып, жекелеген сот тапсырмасын орындауы керек болатын.

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2006 жылғы 4 тамыздағы сырттай шешімімен "АК" ЖШС-нің ақша сомасын өндіріп алу туралы "КБЛ" ЖШС-не талап арызы қанағаттандырылды. Алайда, почта тапсырысы арқылы хабарламамен жіберілген шақырту қағазы жауапкердің шақырту қағазындағы мекен-жайда болмауына байланысты жеткізілмеді.

А. Ақтау қалалық сотына Б-мен некесін бұзу туралы талап арызбен жүгінді. Арыздан белгілі болғандай, жауапкер сотталып кеткен және жазасын бас бостандығынан айыру орнында өтеп жүр (Ақтау қаласында орналасқан түзеу мекемесінде). Сот жауапкерге талап арыздың көшірмесін және 2006 жылғы 21 қаңтарда сотқа келуі туралы шақырту жіберді. Жауапкерден 2006 жылғы 19 қыркүйекте талап арызбен келіспейтіні туралы хабарлама келді. Өз кезегінде А-дан ауырып қалуына байланысты істі өзінің қатысуынсыз қарай беру туралы өтініш келіп түскен. Бұдан әрі сот 2006 жылғы 21 қыркүйектегі сот отырысының хаттамасында жазылғандай мынадай әрекеттер жасаған: "Талапкер Ақтау қаласында тұратын жауапкер Б-ның сот отырысына себепсіз келмей қалғанын айтты. Сот кеңесу бөлмесіне кетті". Анықталған мән-жайларға қарамастан, сот заңды және негізді деп санауға жатпайтын сырттай шешім шығарды.

Егер талапкер істі жауапкер болмағандықтан сырттай іс жүргізу тәртібімен қарауға келісім бермесе, сот істі талқылауды кейінге қалдырады және жауапкерге жаңа сот отырысының өтетін орны мен уақыты туралы хабарлама жібереді. Тиісті түрде хабарланған жауапкер тағы да келмей қалса, сот істі сырттай іс жүргізу тәртібімен қарайды.

Заңның осы талаптары АІЖК 260-бабының 1 және 3-бөліктеріне негізделген.

Мәселен, А-ның пәтерді сатып алу-сату мәмілесін жарамды деп тану туралы Л-ға талап арызы бойынша айыртау аудандық соты сырттай шешім мәтінінде "сот істі сырттай іс жүргізу тәртібінде қарауға болады деп есептейді" деп көрсетілген. Алайда, бұл жағдайда сотта осындай құқық болмаған, өйткені талапкер істі сырттай іс жүргізу тәртібінде қарауға келісім бермеген кезде сот істі қарауды кейінге қалдыруы және жауапкерге осы істің қаралатын күні мен уақыты туралы қайтадан хабарлауы керек болатын.

Сот отырысының хаттамасынан көрініп отырғандай, сот істі сырттай іс жүргізу тәртібінде қарауға талапкердің келісімін анықтамаған және ол туралы ұйғарым шығармаған.

Сот отырысы туралы тиісті түрде хабардар болған жауапкер сотқа тағы да келмей қалған кезде сот істі сырттай іс жүргізу тәртібінде қарауға құқылы. Осындай мән-жайларда іс бойынша сырттай іс жүргізуге талапкердің келісімі талап етілмейді.

Алакөл аудандық сотының 2006 жылғы 20 қыркүйектегі сырттай шешімімен Т-ның некені бұзу туралы А-ға талап арызы қанағаттандырылды. Алайда, талапкердің 2006 жылғы 29 тамыздағы арзында көрінгендей, ол істі өзінің қатысуынсыз қарауды талап етіп тұрып алған. Сонымен бірге, істі сырттай іс жүргізу тәртібінде қарауға жазбаша да ауызша да келісім бермеген.

Сот тәжірибесі істі сырттай іс жүргізу тәртібінде қараған кезде талапкерлер негізінен осындай нысандағы ерік іс жүргізу заңдарымен міндетті еместігіне қарамастан сотқа істі сырттай іс жүргізу тәртібінде қарау туралы жазбаша келісім береді.

Қостанай облыстық соты істі сырттай іс жүргізу тәртібінде қарауға талапкердің жазбаша келісімін алып қойған дұрыс деп есептейді. Осы қорытындының негіздемесіне мынадай себеп келтіреді: АІЖК 49-бабына сәйкес талап қоюдың негіздемесі мен нысанасын өзгерту, талап қою талабының мөлшерін ұлғайту немесе азайту, талаптан бас тарту жазбаша өтініш беру жолымен жүргізіледі және оларға бірінші сатыдағы сот шешім қабылдағанға дейін жол беріледі. Алайда, талап қоюшы істің нысанасын немесе талаптың негіздемесін өзгерткен жағдайда сот істі соттың сол отырысында сырттай іс жүргізу тәртібімен қарауға құқылы емес (АІЖК 260-бабы 5-бөлігі). Демек, облыстық соттың пікірі бойынша талапкерге сырттай іс жүргізудің тәртібі мен ерекшеліктерін түсіндіре отырып, оның келісімі туралы жазбаша растау алу керек.

Осы ұсыныс назарға аларлықтай, өйткені сот тәжірибесінде заңдарды біркелкі қолдануды қамтамасыз етеді және АІЖК 49-бабының және 260-бабы 5-бөлігі нормаларының мазмұнына өзара үндестіреді.
Істі қарауға тиісінше дайындалмау, талап арыз материалдарын үстірт зерделеу, сот актілерінің заңсыз шығарылуына әкеледі.

Мәселен, Астана қаласы Сарыарқа ауданының прокуроры ақша өндіріп алу туралы Б-ға талап арызбен сотқа жүгінді. Сотқа дейінгі әзірлеу барысында сот жауапкерге сот отырысының өткізілетін орны мен уақыты туралы сот шақыртуын әзірлеп, оны дұрыс емес мекен-жайға жіберді. Алайда, талап арызға қоса берілген құжаттарда (айыптау қорытындысы, қылмыстық істі тоқтату туралы қаулы) жауапкердің дұрыс мекен-жайы көрсетілген. Нәтижесінде ол аталған күні сотқа келмей қалды. Өз кезегінде Алматы аудандық соты істі сырттай тәртіпте қарап, 2006 жылғы 15 қыркүйекте талап арызды қанағаттандыру туралы сырттай шешім шығарды. Дәл сол күні белгілі болғандай, 2006 жылғы 8 маусымда осы сот Б-дан сол нысана мен негіздеме бойынша, бірақ ҚР экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі агенттіктің талап арызы бойынша сол соманы өндіріп алу туралы шешім шығарды. Осыған байланысты, сот өзінің сырттай шешімін шығарып, бұдан әрі талапкердің келмеуіне байланысты арызды қараусыз қалдырды.

Шу аудандық сотының 2006 жылғы 12 желтоқсандағы сырттай шешімімен талапкерлер А. мен З. арасындағы үйді сатып алу-сату туралы мәміле жарамды деп танылды. Талап арызда үйді сатушы З-ның 1998 жылғы 7 қыркүйекте қайтыс болғаны тікелей көрсетілген. Осы факт арызға қоса берілген құжаттармен расталып отыр. Осылайша, сот АІЖК 153-бабы 1-бөлігінің 1-тармақшасы негізінде талап арызды қабылдаудан бас тартуы керек болатын.
Жауапкердің тұрғылықты жерінің белгісіз болуы істі сырттай іс жүргізу тәртібінде қарауды және сырттай шешім шығаруды білдірмейді.

АІЖК 135-бабының 1-бөлігіне сәйкес, жауапкердің іс жүзінде болған жері белгісіз болған жағдайда тұрғын үй-пайдалану ұйымының, жергілікті өзін-өзі басқару органының, немесе жауапкердің соңғы белгілі тұрғылықты жері бойынша тиісті атқарушы органның немесе оның соңғы белгілі жұмыс орны бойынша әкімшіліктің шақыру қағазын немесе өзге де хабарлауды, шақыруды алғанын куәландыратын жазбамен олар сотқа келіп түскеннен кейін сот істі қарауға кіріседі.

Алайда, соттар жауапкердің тұрғылықты жері белгісіз болған жағдайда сырттай сот ісін жүргізу рәсімдерін істі қараудан аражігін әрдайым дұрыс ажырата бермейді.

Мәселен, Т. Қаратал аудандық сотына өзінің және жауапкер Б-ның мекен-жайын көрсете отырып некені бұзу туралы талап арызбен жүгінді. Кейін талапкер сотқа жауапкердің белгісіз жаққа кетіп қалғанына сілтеме жасай отырып, істі сырттай іс жүргізу тәртібінде қарау туралы өтініш берді. Істе арыздан басқа деректер болмаған. Сот АІЖК белгіленген шараларды қабылдамай, талап арызды қанағаттандыру туралы сырттай шешім шығарған.

"С" АБК-нің қарызды өтеу туралы "А" ЖШС-не талап арызы бойынша іс сырттай іс жүргізу тәртібінде қаралған болатын. Іске екі рет сот талқылауы тағайындалды, жауапкердің мекен-жайына жіберілген шақыртулар аталған мекен-жай бойынша ондай адресаттың болмауына байланысты почтамен екі рет қайтып келді. Осы факт сот приставы жасаған актімен де расталып отыр. Дегенмен, істі сырттай іс жүргізу тәртібінде қарау туралы ұйғарымда сот жауапкерге сот отырысы өтетін орын мен уақыты туралы тиісті түрде хабарланғаны, сотқа келмеу себебінің белгісіз екендігі, жауапкер өзінің болмаған кезінде істі қарау туралы сұрамағаны туралы көрсетіпті. Алайда, ұйғарымда көрсетілген мән-жайлар істегі мәліметтерге қайшы келеді.

Адресаттың (жауапкердің) көрсетілген мекен-жай бойынша болмауынан сот отырысының өтетін орны мен уақыты туралы жауапкерге тиісті түрде хабарланбағаны туралы объективті деректер болған кезде, сот істі сырттай іс жүргізу тәртібінде қарауға құқылы емес.

Бұдан басқа, АІЖК 135-бабы 2-бөлігіне сәйкес, мемлекет мүдделеріне орай, сондай-ақ алименттерді өндіріп алу, асыраушысының жарақат алуымен немесе денсаулықтың өзгедей зақымдануымен немесе қайтыс болуымен келтірілген зиянды өтеу туралы талап қою бойынша жауапкердің болған жері белгісіз болған жағдайда сот жауапкерді ішкі істер органдары немесе қаржы полициясы арқылы іздестіру жариялауға міндетті. Соттың жауапкерді іздестіруді жариялауы істі қарауға кедергі болмайды. Iздестiру шаралары барысында жауапкердiң жүрген жерi анықталған кезде оған сотқа шақыру туралы соттың шақыру қағазы табыс етiледi.
Жауапкер сот отырысына келмеуінің себептері белгілі болған кезде іс сырттай іс жүргізу тәртібінде қарала алмайды.

Мәселен, Қазыбек би аудандық соты 2006 жылғы 15 тамызда "П" ЖШС-нің материалдық залалды өтеу туралы О-ға талап арызы бойынша іс бойынша сырттай шешім шығарды. Алайда, 2006 жылғы 14 тамызда сотқа науқастануына байланысты істі тыңдауды кейінге қалдыру туралы жауапкер О.-дан арыз келіп түсті. Арызға медициналық картаның көшірмесі қоса тіркелген. Бірақ сот осы арызды назарға алмай, істі сырттай іс жүргізу тәртібімен қарады.


Сотқа қатысушы тұлғалар мен өкілдердің сот отырысына келмеу салдарларын сот рет-ретімен анықтайды.

АІЖК 181 және 187-баптарына сәйкес, сот процеске қатысушылардың келуін тексеріп, бас тартуға қатысты мәселелерін реттеп, құқықтары мен міндеттерін түсіндіріп және өтініштерін шешіп болғаннан кейін ғана істі жауапкердің қатысуынсыз қараудың мүмкіндігі және оның салдарларын қарастырады.

АІЖК осы ережелерін ескере отырып, соттың "Т" АҚ-ның ақша өндіріп алу туралы "ЗКК" ЖШС-не келтірген талап арызы бойынша азаматтық істі сот отырысы ашылғаннан кейін сырттай іс жүргізу тәртібімен қарау мүмкіндігі жөніндегі талапкердің келісімін анықтау туралы әрекетін дұрыс және іс жүргізу заңына сәйкес деп тануға болмайды.
Сот істі сырттай іс жүргізу тәртібінде қарау туралы ұйғарым шығарады.

АІЖК 251-бабында бірінші сатыдағы соттың істі мәні бойынша шешпейтін актісі ұйғарым түрінде шығарылатыны қарастырылған. Ұйғарым осы Кодекстің 217-бабында көзделген тәртіппен дербес іс жүргізу құжаты түрінде шығарылады. Күрделі емес мәселелерді шешкен кезде сот отырыс залынан шықпай-ақ ұйғарым шығара алады. Мұндай ұйғарым сот отырысының хаттамасына енгізіледі деп белгіленген.

АІЖК 260-бабының 4-бөлігіне сәйкес, АІЖК осы бабының 1-бөлігінде көрсетілген негіздемелер болған кезде сот істі сырттай іс жүргізу тәртібімен қарау туралы ұйғарым шығарады.

Заң шығарушы сонымен жоғарыда аталған ұйғарымды екі нұсқада шығару мүмкіндігін белгілейді: сот шешім қабылдау үшін кеңесу бөлмесіне кеткендегі дербес іс жүргізу құжаты түрінде және сот сот отырысынан кетпеген кезде сот отырысының хаттамасына енгізілетін ұйғарым түрінде.

Тиісінше, республика судьялары практикалық қызметінде істі сырттай іс жүргізу тәртібінде қарау туралы ұйғарымды дербес іс жүргізу құжаты түрінде не хаттамалық шешім түрінде шығарды.

Бұл ретте Қостанай, Алматы, Қарағанды, Ақтөбе, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Атырау, Қызылорда және Батыс Қазақстан облыстық соттарының, сондай-ақ Астана және Алматы қалалық соттарының судьялары АІЖК 206-бабының 4-бөлігінің нормалары соттан ұйғарым түріндегі дербес іс жүргізу құжатын шығаруды талап етеді деп есептейді. Осы сот актісінің болмауы, хаттамалық ұйғарым болғанның өзінде де олардың іс жүргізу заңдарын бұзуы ретінде бағаланады. Қостанай облыстық соты атап айтқанда, мынадай дәлелдемелер келтіреді. Істі сырттай іс жүргізу тәртібінде қарау туралы ұйғарымда талап арыздың жауапкерге тиісінше хабарланғаны туралы, істі сырттай іс жүргізу тәртібінде қарауға талапкердің келісуі туралы мәліметтер көрсетілуі керек. Дәлелдеуге жататын мән-жайлардың барлығы және әрқайсысы туралы шындықты даусыз дәлелдейтін іске қатысты жол берілген және расталған дәлелдемелер жиналса, дәлелдемелердің жинағы болған кезде істі сырттай іс жүргізу тәртібінде қарау туралы шешім қабылдауға болады. Сондықтан, сот осы жағдайда, АІЖК 251-бабының 1, 2-бөліктерінде және 217-бабында көзделген талаптарды басшылыққа алуы керек.

Өз кезегінде Ақмола, Маңғыстау облыстық соттарының судьялары (АІЖК 260-бабының 4-бөлігінің нормаларымен осыған жол берілгендіктен, осы мәселе бойынша ұйғарым шығару нысанын сот өзі таңдайды деп есептейді.Хаттамалық ұйғарым болған кезде, істе дербес іс жүргізу құжаты түріндегі сот ұйғарымының болмауы іс жүргізу заңдарын бұзу деп тануға болмайды.

Іс жүргізу заңның қаралып отырған нормаларын әртүрлі түсіндірілуіне байланысты, екі тарап та қорытуларында сот тәжірибесінен тиісті мысалдар келтіреді. Оларда өздері дұрыс деп таныған сол және өзге практиканы ұстанатын жергілікті соттарға арналған ұсыныстар бар.

Қорытудан көрінгендей, кейбір соттар істі сырттай іс жүргізу тәртібінде қарау туралы шешімді тіпті шығармайтынын, бірақ, сырттай шешім қаулы ететінін атап өткен жөн.

Осындай мысалдар Е-нің Г-ға талап арызы бойынша Маңғыстау облыстық сотында, агротехникалық университеттің М-ға талап арызы бойынша Батыс Қазақстан облыстық сотында, Д-ның К-ге, С -ның П-ға және бірқатар талап арыз бойынша азаматтық істер бойынша Ақмола облыстық сотында орын алған.

АІЖК 260-бабы 4-бөлігінің нормаларын түсіндіру туралы түрлі көзқарастарды ескере отырып, АІЖК 251-бабы 3-бөлігінің ережесіне жүгіну қажет. Онда күрделі емес мәселелерді шешкен кезде сот отырыс залынан шықпай-ақ ұйғарым шығара алады. Мұндай ұйғарым сот отырысының хаттамасына енгізіледі деп көрсетілген. АІЖК 252-бабының 2-бөлігінде сот отырысының залында шығарылатын ұйғарымда осы баптың 4(-6) тармақшаларында аталған (ұйғарым шығарылған мәселе; соттың өз қорытындыларын шығару себептері және сот басшылыққа алып сілтеме жасаған заңдар;) болуы керек деп көзделген. Яғни, сот кеңесу бөлмесінде шешілуге тиіс дербес іс жүргізу құжатын жасай отырып шешілетін ұқсас сұрақтарға орнынан жауап беруге міндетті. Осыған соттың сот отырысының өтетін орны мен уақыты туралы тиісті түрде хабарланған жауапкер туралы, оның сотқа келмеуінің себебі туралы хабарламағаны және істі өзі болмағанда қарай беруін сұрамағаны, сондай-ақ жауапкер болмағанда істі сырттай іс жүргізу тәртібінді қарауға талапкердің келісімі туралы құжаттарды зерделеуін білдіреді. Осы ережелерді дер кезінде, мұқият және нақты орындау сот отырысы залында хаттамаға енгізілетін сырттай іс жүргізу туралы сот ұйғарым шығарғанда қиындықтар мен күрделіліктер туғызбайды. Осындай тәртіп сот ісін жүргізуді оңайлатуға, судьяның еңбегін ұтымды пайдалануға әкелер еді. Осыған байланысты, біркелкі практика мақсатында соттарға хаттамалық нысандағы іс бойынша сырттай іс жүргізу туралы ұйғарым шығару ұсынылады.
Сырттай іс жүргізу тәртібімен талап арыз істері ғана қаралуы мүмкін.

Мәселен Шу аудандық сотына өндіріп алушы Р-дан өзін бағып-қағу үшін борышкерлік қаражатты өндіріп алу туралы борышкер Е-ден сот бұйрығын шығару туралы арыз келіп түсті. Арызданушының талабы даулы және АІЖК 140-бабымен көзделмеген. Сот арызданушыға сотқа талап арыз беру тәртібін түсіндіре отырып, сот бұйрығын орындау туралы қабылдаудан бас тартып, қайтаруы керек еді. Алайда, сот осы кемшіліктерді жоймаған. Бұдан басқа, сот бұйрығын шығару туралы берілген арыз негізінде талап арызды ішінара қанағаттандыру туралы 2006 жылғы 3 наурызда сырттай шешім шығарған.

Осыған байланысты, бұйрықты іс жүргізу тәртібінде қаралуға тиіс, оларға сырттай іс жүргізу тәртібінде істерді қорытуға ұсынылғандардың 44,35 % құрайтын үй-жайды күтіп ұстауға арналған коммуналдық қызмет көрсетулер мен шығыстарды өндіріп алу туралы Солтүстік Қазақстан облыстық сотының қорытындысы практикалық қызығушылық туғызады. Осы ұсыныс сондай-ақ жалпы алғанда талап арыз тәртібінде қаралатын аталған санаттарына қатысты.

Осы жерде ерекше талап арыз іс жүргізуіндегі және ерекше істер жүргізудегі істі сырттай іс жүргізу тәртібінде қарауға жатпайтынын атап өткен жөн.


Бірінші сатыдағы соттың істі сырттай іс жүргізу тәртібімен қарау туралы ұйғаруына жеке шағым және наразылық келтірілмейді.

АІЖК 344-бабының 1, 2 және 3-тармақтарына сәйкес, АІЖК нормаларымен көзделген жағдайларда, сондай-ақ сот ұйғарымы істің әрі қарай ілгерілеу мүмкіндігіне бөгет болатын жағдайларда бірінші сатыдағы соттың ұйғарымына шағым келтірілуі, наразылық беруі мүмкін. Бұдан соттың істі сырттай іс жүргізу тәртібімен қарау туралы ұйғаруына жеке шағым және наразылық келтірілмейтіндігі туындайды.

Сонымен қатар, Жезқазған қалалық сотының М-ның У-ға некені бұзу туралы талабын сырттай іс жүргізу тәртібімен қарау туралы 2006 жылғы 13 наурыздағы ұйғарымында тараптар соттың осы ұйғаруына жеке шағым келтіруге құқылы екендігі көрсетілген. Осыған ұқсас кемшіліктер бірқатар істер бойынша Алматы облысының аудандық соттарында, Астана қаласының сотында және басқа да өңірлерде анықталған.
Сот жауапкерге талап арыздың және оған қоса тіркелген құжаттардың көшірмелерін табыс етеді және талап арызға жауап ұсынуды және өзінің жауабына негіз болатын дәлелдер келтіруді ұсынады, алайда осы талапты бұзуға жол беріледі.

АІЖК 260-бабының 5-бөлігінде талап қоюшы істің нысанасын немесе талаптың негіздемесін өзгерткен жағдайда сотқа істі соттың сол отырысында сырттай іс жүргізу тәртібімен қарауға мүмкіндік бермейді.

Жеке кәсіпкер С-ның Н-ға қарызды өндіріп алу туралы талабы бойынша Солтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот талаптың ұлғаюы және жауапкерден ақшаны заңсыз пайдаланғаны үшін қайта қаржыландыру ставкасы мөлшерінде айыпақы өндіру туралы талап қоюшының қосымша арызын қабылдаған.

Алайда, іс материалдарында соттың жауапкерге талап арызға қосымшаның жіберілгенін растайтын дәлел жоқ. Бұдан талаптың нысаны және негіздемесі өзгергені туралы арызды жауапкер алмағанын білдіреді. Соттың осындай әрекеті жауапкердің заңды құқығы мен мүддесін бұзады, өйткені оны шын мәнінде талап қоюшының қосымша талабына жауап беру және дәлелдер ұсыну мүмкіндігінен айырды.


Іс бойынша бірнеше жауапкерлер болған кезде сот отырысына барлық жауапкерлер келмеген жағдайда істі сырттай іс жүргізу тәртібімен қарауға болады.

АІЖК 260-бабының талаптарына қарамастан Таран аудандық соты И-дың Ж-ға және К-ге алимент мөлшерін азайту туралы талабы бойынша азаматтық істі сот отырысына жауапкердің біреуі келмеген кезде істі сырттай іс жүргізу тәртібімен қараған.

Құрманғазы аудандық соты А-ның жауапкерлер Ж-ға, К-ге және Н-ға материалдық залалды өндіру туралы істі қараған кезде осыған ұқсас кемшіліктерге жол берген.
Егер жауапкер сот отырысына келіп, бұл ретте талапты мойындаса немесе мойындамаса, ал келесі сот отырысына белгісіз себептермен келмеген жағдайда сот сырттай шешім шығаруға құқығы жоқ.

"Соттардың азаматтық іс жүргізу заңнамасының кейбір нормаларын қолдануы туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 20 наурыздағы N2 нормативтік қаулысының 17-тармағына сәйкес, егер жауапкер сот отырысына келіп, бірақ ол аяқталғанға дейін сот отырысы залынан өз бетімен шығып кетсе, онда сот істі қарауды жалғастыра алады, ал мұндай жағдайда шығарылған шешім сырттай шығарылған шешім деп есептелмейді.

Талдықорған қалалық сотының 2006 жылғы 9 тамыздағы сырттай шешімімен Б-ның Н-ға үйден шығару туралы талабы қанағаттандырылған. Бірақ іс материалдары бойынша жауапкер сот отырысына қатысып, талапты мойындамай, даудың мәні бойынша түсінік берген. Үзілістен кейін ол сот отырысына келмеген. Осындай жағдайда сот дұрыс шешім қабылдамаған.

"Г" КҚК Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотқа "М" ЖШС-не қарыз ақшаны өндіру туралы талаппен жүгінген. Тараптар дауды шешуге 2006 жылғы 1 тамыздағы сот отырысына қатысқан. Кейіннен қосымша дәлелдер табыс ету үшін істі кейінге қалдыруға байланысты жауапкерден талапты мойындау және істі оның қатысуынсыз қарау туралы өтініш келіп түскен. Аталған мән-жайларға, заңға қарамастан сот сырттай шешім шығарған.

Екі жағдайда да сырттай шешім шығарудың қажеті жоқ еді, өйткені жауапкерлер сот отырыстарында қатысып, талаптар бойынша түсінік берген.
Сырттай іс жүргізу істері бойынша қысқаша (қысқартылған) шешім шығаруға жол берілмейді. Сот кiрiспе, баяндау, дәлелдеу және қорытынды бөлiктерiнен тұратын толық негiзделген шешiм шығаруға мiндеттi.

"Сот шешiмi туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 11 шілдедегі N 5 нормативтік қаулысымен істі сырттай іс жүргізу тәртібімен қараған кезде қысқаша (қысқартылған) шешім шығаруға жол берілмейді. Сот кiрiспе, баяндау, дәлелдеу және қарар бөлiктерiнен тұратын толық негiзделген шешiм шығарады.

Мұнымен қоса, Солтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот іс жүргізу заңын бұзып, "С З" ЖШС-нің "П" ШҚ-на қарыз ақша және айыпақы өндіру туралы талабы бойынша 2006 жылғы 30 қаңтарда қысқаша шешім шығарған.
Сырттай іс жүргізу нәтижелері бойынша сот шешімнің кіріспе бөлімінде "сырттай шешім" деп атауын көрсетеді.

АІЖК 261-бабына сәйкес сот сырттай іс жүргізу тәртібімен істі қарау кезінде сырттай шешім деп аталатын шешім шығарады. Сырттай шешім АІЖК 235-бабының ережелеріне сәйкес күшіне енеді.

Алайда, жекелеген соттар заңның осы ережесін сақтамайды.

Байыпшы аудандық соты сырттай іс жүргізу тәртібімен П-ның Ж-ға неке бұзу талабы бойынша және басқа да бірқатар азаматтық істі қараған кезде шешімдерде олардың "сырттай шешім" болып табылатыны көрсетілмейді. Істің сырттай іс жүргізу тәртібімен қаралатынына сілтеме шешімнің мазмұнынан белгілі болады.


Сырттай шешімді жазған кезде осы сот актісіне тән ерекшеліктерді сақтау қажет.

Сырттай шешімнің құрылымы мен мазмұны АІЖК 262-бабының 1-бөлігіне сәйкес осы кодекстің 221-бабының ережелерімен айқындалады.

Алайда, бұл ретте, сырттай дәлелді шешім шығаруды кейінге қалдыруға жол берілмейді (АІЖК 262-бабының 2-бөлігі); сырттай шешімнің қарар бөлігінде апелляциялық шағым келтіру және наразылық беру құқығын түсіндірумен қатар жауапкердің осы шешімнің күшін жою туралы өтініш беру мерзімі мен тәртібін көрсету жөніндегі соттың міндеті көзделген (АІЖК 262-бабының 3-бөлігі). Бұдан басқа, "Соттардың азаматтық іс жүргізу заңнамасының кейбір нормаларын қолдануы туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 20 наурыздағы нормативтік қаулысына сәйкес, сырттай шығарылған шешімге апелляциялық шағым берудің мерзімін есептеудің бір ерекшелігі, осындай шешімнің көшірмесін алған күннен бастап бес күн өткеннен кейін, егер жауапкер сырттай шығарылған шешімді бұзу жөнінде арыз бермеген жағдайда ғана сырттай шығарылған шешімге апелляциялық шағым беріледі. Егер жауапкер осы мерзімнің ішінде сырттай шығарылған шешімді бұзу туралы арыз берсе, бірақ ол арызды бірінші сатыдағы сот қанағаттандырудан бас тарту туралы ұйғарым шығарған күннен бастап он бес күннің ішінде апелляциялық шағым берілуі мүмкін.

Мұнымен қоса, соттар бірқатар жағдайларда жоғарыда көрсетілген іс жүргізу заңының талаптарын орындамайды.

Сонымен, Алакөл аудандық сотының 2006 жылғы 21 маусымдағы сырттай шешіміне сәйкес "Қ" АҚ-ның Р-ға ақшалай соманы өндіру туралы талабы қанағаттандырылған. Шешімнің қарар бөлігінде жауапкердің сырттай шешімнің күшін жою туралы өтініш беруге құқылы екендігі көрсетілген, алайда оны беру мерзімі көрсетілмеген.

Талдықорған қалалық сотының 2006 жылғы 2 маусымдағы сырттай шешімімен "Ж." ОМКК-ның Л-ға 3 013 теңгені өндіру туралы талабы қанағаттандырылған. Сот актісінде жауапкер сырттай шешімді алған кезден бастап бес күннің ішінде оның күшін жою туралы өтінішпен сотқа жүгінуге құқылы екендігі тіпті көрсетілмеген.

К-нің "Ц-Л" ЖШС-не сома өндіру туралы талабы бойынша сот сырттай шешімнің күшін жоюдан бас тарту туралы сот ұйғаруына жеке шағымды қабылдаған. Одан әрі іс апелляциялық тәртіппен қайта қарауға жіберілген. Астана қаласының соты істі бірінші сатыдағы сотқа қайтарған, өйткені сырттай шешімнің күшін жоюдан бас тарту туралы ұйғару шығарған кезде аталған сот ұйғаруы шығарылған кезден бастап 15 күн ішінде сырттай шешімге апелляциялық тәртіппен шағым келтірілуі мүмкін екендігі көрсетілмеген.

Сырттай шешімнің көшірмесі жауапкерге оны шығарған күннен бастап үш күннен кешіктірмей табыс еткені туралы хабарламамен жіберіледі.

Сот актісін жіберудің осы мерзімі мен тәртібі АІЖК 263-бабының 1-бөлігімен белгіленген.

Алайда, заңның осы талаптарын бұзу жағдайлары орын алып отыр.

Мәселен, Г-нің ақша сомасын өндіріп алу туралы Б-ға талап арызы бойынша Ақтау қалалық соты 2006 жылғы 28 наурызда сырттай шешім шығарды, ал шешімнің көшірмесін табыс ету туралы хабарлай отырып, 2006 жылғы 19 сәуірде ғана, яғни, белгіленген мерзімді бұза отырып жіберген.

Еңбекшілдер аудандық соты Р.-ның Н.-ға талап арызы бойынша 2006 жылғы 24 шілдедегі сырттай шешімі тараптарға жауапкерге табыс ету туралы хабарламай жіберген.
Жауапкер шешім көшірмесін алған сәттен бастап бес күн ішінде осы шешімнің күшін жою туралы сырттай шешім шығарған сотқа жүгінуге құқылы.

Осы ереже АІЖК 264-бабының 1-бөлігімен көзделген.

АІЖК 265-бабы 1-бөлігінің 3) тармақшасына сәйкес, сырттай шешімнің күшін жою туралы арызда: 1. жауапкердің сот отырысына келмеу себебін растайтын мән-жайлар туралы мәліметтер және осы мән-жайларды растайтын дәлелдемелер; 2. шешімнің мазмұнына әсер ете алатын дәлелдемелер болуы керек.

Бірақ соттар жоғарыда аталған талаптарды әрдайым орындай бермейді.

Мәселен, В-ның еңбек ақысын өндіріп алу туралы Н-ға талап арызы бойынша Тимирязев аудандық соты 2006 жылға 4 шілдеде талап арызды қанағаттандыру туралы сырттай шешім шығарды. Жауапкер 2006 жылғы 11 шілдеде сот отырысында белгілі себептер бойынша бола алмаған мән-жайларға сілтеме жасай отырып, сырттай шешімнің күшін жою туралы арыз берді. Алайда, сот отырысына келмеуінің себептері туралы, сондай-ақ шешімнің мазмұнына әсер ете алатын дәлелдемелерін ұсынбаған.

Осындай мән-жайларда сотта жауапкердің арызын қанағаттандыру үшін негіздеме жоқ, алайда, сот осы арызды қанағаттандырған.

Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты 2006 жылғы 9 тамызда "О- Г" ЖШС-нің "Т" ЖШС-не талап арызы бойынша сырттай шешім шығарды. 2006 жылғы 16 тамызда жауапкер сот отырысына белгілі себептермен (іссапарда болған) келе алмай қалғанына байланысты сот шешімінің күшін жою туралы арыз берді. Жауапкердің сотқа келмеу себебін танып сот оның сырттай шешімнің күшін жою туралы арызын қанағаттандырды. Бірақ ұйғарымда сот шешімнің мазмұнына әсер ететін дәлелдемелер келтірмеген. Ал АІЖК 269-бабында сырттай шешімнің күшін жою үшін жоғарыда келтірілген негіздемелердің болуының қажеттігі көзделген.

Сондықтан соттың көзделген негіздемелердің біреуі болмаған кезде сырттай шешімнің күшін жою туралы қорытындысын дұрыс деп тануға болмайды.

Ақтау қалалық сотының 2006 жылғы 10 мамырдағы ұйғарымымен осы соттың К-нің "П." ЖШС-нан жалақысын өндіру туралы берген талабы бойынша шығарған сырттай шешімі бұзылды. Сот актісі жауапкер шешімнің мазмұнына әсер ететін дәлелдемелер "келтіруі мүмкін" деген уәжге негізделген. Бұдан басқа, осы ұйғарымда сот жауапкердің дәлелді себептерсіз сот отырысына келмегенін көрсеткен. Мұндай жағдайда соттың бұл ұйғарымын заңды және негізді деп санауға болмайды.

Жекелеген істер бойынша соттар сырттай шешім шығарудан бас тартуының негіздерін көрсетпейді. Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2006 жылғы 21 маусымдағы ұйғарымымен жеке кәсіпкердің акционерлік қоғамнан қарызын өндіру туралы талабы бойынша шығарылған сырттай шешімді бұзудан бас тартылған. Сот актісінде сырттай шешімді бұзудан неге бас тартылғаны көрсетілмей, формальді түрде шығарылған.



Батыс Қазақстан облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының "Т" ЖШС-нің қарызын өндіру туралы "О" АҚ-на келтірген талабы бойынша шығарылған сырттай шешімді бұзу жөніндегі ұйғарымы арызды мәні бойынша дұрыс қараудың үлгісі болып табылады. Ұйғарымда сот сырттай шешімді бұза отырып, жауапкердің қарызды өтегені туралы төлем қағаз ұсынғанын және акционерлік қоғамның бірінші басшысының еңбек демалысында болғанын көрсеткен. Сот, жауапкердің арызында сот отырысына келмеуінің дәлелді себептері және шешімнің мазмұнына әсер ететін дәлелдер көрсетілгені туралы негізді тұжырым жасаған.
Сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін өндіріп алушыға табыс етілетін немесе оның жазбаша өтініші бойынша сот қаулыларын орындауға міндетті органның атқаруы үшін сотқа жіберілетін атқару парағы жазылады.
АІЖК 236-бабы 2-бөлігінің осы талаптары сырттай шешімді орындауға да жүреді. Алайда, соттар заңның осы нормасына енгізілген өзгерістерді ескермей, қалыптасқан практика бойынша Сот әкімшілеріне өндіріп алушының жазбаша өтінішінсіз өз бетінше атқару парақтарын жіберуді жалғастыруда.

Мысалы, Г-ның ақша өндіріп алу туралы С -ға келтірген талап арызы бойынша Ақтөбе қалалық сотының 2006 жылғы 27 қазандағы шешімін орындау туралы атқару парағы талапкердің жазбаша өтінішінсіз жазылып, сот шешімінің көшірмесімен бірге Сот әкімшісіне жіберілген.



©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет