Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы



жүктеу 1.4 Mb.
бет1/7
Дата25.04.2016
өлшемі1.4 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7
Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысы


      2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 15-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:


      1. Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне (бұдан әрі – ұйымдардың қызметкерлері) еңбекақы төлеу жүйесі уақыт бойынша және (немесе) кесімді еңбекақы төлеу жүйесі болып табылады деп белгіленсін.
      Уақыт бойынша еңбекақы төлеу жүйесі:
      1) азаматтық қызметшілердің (білікті жұмысшыларды қоспағанда), мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдарын функционалдық блоктар бойынша сыныптауға сәйкес әзірленетін азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімі негізінде.
      Азаматтық қызметшілердің (білікті жұмысшыларды қоспағанда), мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдарын функционалдық блоктар бойынша сыныптау қызмет саласына, біліміне, біліктілік деңгейіне, орындалатын жұмыстың күрделілігіне және жауапкершілік деңгейіне байланысты басқарушы, негізгі, әкімшілік және қосалқы персоналдардан қалыптасады;
      2) азаматтық қызметшілердің, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің (жұмысшыларды қоспағанда) функционалдық блоктар бойынша лауазымдық айлықақыларын (бұдан әрі – ЛА) есептеуге арналған базалық лауазымдық айлықақыға (бұдан әрі – БЛА) қолданылатын коэффициенттер;
      3) жұмысшылар ЛА (тарифтік мөлшерлемелерін) есептеуге арналған БЛА-ға қолданылатын коэффициенттер;
      4) ұйымдар қызметкерлеріне еңбек жағдайлары үшін қосымша ақылар және үстемеақылар, сауықтыруға арналған жәрдемақылар мен өтемақылар;
      5) Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігі қызметкерлерінің шетел валютасындағы ЛА схемалары (тарифтік мөлшерлемелері) негізінде еңбекақы төлеуді қамтиды.
      Кесімді еңбекақы төлеу жүйесі орындалған жұмыстың (көрсетілген қызметтің) немесе дайындалған өнімнің заттай өлшем бірліктерінде көрсетілген әр бірлігі (көлемі) үшін еңбекақы төлеуді көздейді.
      2. Қоса беріліп отырған:
      1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес азаматтық қызметшілердің (білікті жұмысшыларды қоспағанда), мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлері лауазымдарының функционалдық блоктар бойынша сыныптамасы;
      2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес азаматтық қызметшілердің, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлерінің (жұмысшыларды қоспағанда) функционалдық блоктар бойынша ЛА есептеуге арналған коэффициенттер;
      3) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жұмысшылардың ЛА (тарифтік мөлшерлемелерін) есептеуге арналған коэффициенттер;
      4) осы қаулыға 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21 және 22-қосымшаларға сәйкес ұйымдар қызметкерлеріне еңбекақы төлеу шарттары;
      5) осы қаулыға 23-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігі қызметкерлеріне еңбекақы төлеу шарттары (қызмет бабында пайдалану үшін);
      6) осы қаулыға 24 және 25-қосымшаларға сәйкес ұйымдардың қызметкерлеріне үнемдеу есебінен сыйлықақы беру жүзеге асырылатын, материалдық көмек көрсетілетін және ынталандырушы үстемеақы белгіленетін шығыстар түрлерінің тізбесі бекітілсін.
      3. Мыналар:
      1) ұйымдардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу қоры ЛА (тарифтік мөлшерлемеден), еңбек жағдайлары үшін қосымша ақылар мен үстемеақылардан, азаматтық қызметшілердің жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына қосылатын бір ЛА (тарифтік мөлшерлеме) мөлшеріндегі сауықтыру жәрдемақысынан, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде көзделген өтемақылардан айқындалады;
      Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігі қызметкерлеріне еңбекақы төлеу қоры шетел валютасындағы ЛА (тарифтік мөлшерлеме) негізге алына отырып айқындалады;
      2) ұйымдар қызметкерлерінің ЛА (тарифтік мөлшерлемесі) атқаратын лауазымдарының функционалдық блоктарға жатқызылуына және мамандығы бойынша жұмыс өтіліне, тағайындалған біліктілік разрядтарына (жұмысшылар үшін) қарай ЛА (тарифтік мөлшерлемесі) есептеу үшін бекітілген тиісті коэффициенттерді Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген БЛА мөлшеріне көбейту жолымен айқындалады;
      педагог қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін ЛА (тарифтік мөлшерлемелер) бір аптаға белгіленген оқу жүктемесіне қарай айқындалады;
      заңнамаға сәйкес ерекше мәртебе берілген мемлекеттiк жоғары оқу орындарының мамандары мен қызметшілеріне ЛА (тарифтік мөлшерлемелер) ЛА белгіленген мөлшеріне жоғарылататын коэффициенттерді қолдану арқылы айқындалады;
      3) өтемақылардың мөлшері Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес айқындалады деп белгіленсін.
      4. Мыналар:
      1) ұйымдардың қызметкерлеріне еңбек жағдайы үшін осы қаулыда белгіленген шекте қосымша ақылар мен үстемеақылардың нақты мөлшері заңнамаға сәйкес салалық келісімде, ұжымдық шартта және (немесе) жұмыс берушінің актісінде айқындалады;
      2) білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария жүйесі ұйымдарының қызметкерлеріне белгіленген еңбек жағдайы үшін қосымша ақылар мен үстемеақылар басқа қызмет салаларында тиісті лауазымдарда істейтін және мамандығы бойынша жұмыстарды орындайтын ұйымдардың қызметкерлеріне қолданылады;
      3) ұйымдар қызметкерлерінің ЛА (тарифтік мөлшерлемесін) айқындау мақсатында орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдар (келісім бойынша) мамандығы бойынша жұмыс өтілін (қызмет саласының ерекшеліктерін ескере отырып) есептеудің тәртібі мен шарттарын айқындайды;
      4) медициналық қызметкерлерге еңбекақы төлеудің шарттары көрсетілетін медициналық көмектің көлеміне, сапасына қарай денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орталық мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен белгіленеді;
      5) жан басына шаққанда нормативтік қаржыландырылатын орта білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің шарттары көрсетілетін білім беру қызметтерінің сапасы мен олардың қызмет нәтижелеріне қарай білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен белгіленеді;
      6) мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне, оның ішінде 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қабылданған қызметкерлерге 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданыстағы еңбекақы төлеу жүйесіне сәйкес олардың жалақысы мен сауықтыруға арналған жәрдемақысы 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылған еңбекақы төлеу жүйесі бойынша жалақысынан және сауықтыруға арналған жәрдемақысынан төмен болған жағдайларда жалақысындағы, сауықтыруға арналған жәрдемақысындағы айырма төленеді;
      7) мемлекеттік мекемелер мен қазыналық кәсіпорындардың қызмет салаларының барлығына ортақ мамандарының жекелеген лауазымдарының біліктілік сипаттамаларын еңбек жөніндегі уәкілетті орган бекітеді;
      8) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес азаматтық қызметшілер (білікті жұмысшыларды қоспағанда), мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлері лауазымдарының функционалдық блоктар бойынша сыныптамасы негізінде еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган азаматтық қызметшілердің, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдарын азаматтық қызметшілер лауазымдары тізілімінің функционалдық блоктарына және білікті жұмысшыларға жатқызу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды бекітеді.
      Тиісті қызмет салаларындағы уәкілетті органдар еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу бойынша тиісті қызмет салалары бойынша азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекітеді деп белгіленсін.
      5. Мемлекеттік басқару органдарына:
      1) ұйымдардың басшыларына олардың жұмыс нәтижелері бойынша сыйлықақы беру, лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу, сондай-ақ қаржыландыру жоспары бойынша тиісті мемлекеттік мекемені ұстауға көзделген қаражатты үнемдеу есебінен немесе мемлекеттік басқару органы қазыналық кәсіпорын үшін бекіткен даму жоспары бойынша қаражатты үнемдеу есебінен мемлекеттік басқару органы белгілеген тәртіппен материалдық көмек көрсету;
      2) қызметкерлерге кесімді еңбекақы төлеу кезінде кесімді бағалауларды бекіту құқығы берілсін.
      6. Ұйымдардың басшыларына:
      1) мемлекеттік басқару органымен келісу бойынша азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімінде көрсетілген лауазымдардың атауларына қызмет ерекшелігін сипаттайтын арнаулы қосымша атауларды қолдануға, сондай-ақ функционалдық міндеттеріне қарай өзге де лауазымдар атауларын теңестіру;
      2) кредиторлық берешек болмаған кезде қаржыландыру жоспары бойынша тиісті мемлекеттік мекемені ұстауға көзделген қаражатты үнемдеу есебінен немесе кредиторлық берешегі болмаған кезде мемлекеттік басқару органы қазыналық кәсіпорын үшін бекіткен даму жоспары бойынша қаражатты үнемдеу есебінен салалық келісімде, ұжымдық шартта және (немесе) жұмыс берушінің актісінде айқындалған тәртіппен ұйымдардың қызметкерлердің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақыларын белгілеу, сыйлықақы беру және материалдық көмек көрсету құқығы берілсін.
      7. Осы қаулыға 26-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      8. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы  


Үкіметінің       
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1193 қаулысымен бекітілген
1-қосымша       

Азаматтық қызметшілердің (білікті жұмысшыларды қоспағанда),
  мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар
   қызметкерлері лауазымдарының функционалдық блоктар
                  бойынша сыныптамасы

Буын

Саты

Лауазымдардың атаулары

А блогы (басқарушы персонал)

А1

1

Республикалық маңызы бар ММ және МҚК басшылары

1-1

Республикалық маңызы бар ММ және МҚК басшыларының орынбасарлары

2

Облыстық маңызы бар (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) ММ және МҚК басшылары

2-1

Облыстық маңызы бар (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) ММ және МҚК басшыларының орынбасарлары

3

Аудандық маңызы бар (облыстық маңызы бар қаланың) ММ және МҚК басшылары

3-1

Аудандық маңызы бар (облыстық маңызы бар қаланың) ММ және МҚК басшыларының орынбасарлары

4

Ауылдық маңызы бар ММ және МҚК басшылары

А2

1

Республикалық маңызы бар ММ және МҚК құрылымдық бөлімшелерінің басшылары

1-1

Республикалық маңызы бар ММ және МҚК құрылымдық бөлімшелері басшыларының орынбасарлары

2

Облыстық маңызы бар (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) ММ және МҚК құрылымдық бөлімшелерінің басшылары

2-1

Облыстық маңызы бар (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) ММ және МҚК құрылымдық бөлімшелері басшыларының орынбасарлары

3

Аудандық маңызы бар (облыстық маңызы бар қаланың) ММ және МҚК құрылымдық бөлімшелерінің басшылары

3-1

Аудандық маңызы бар (облыстық маңызы бар қаланың) ММ және МҚК құрылымдық бөлімшелері басшыларының орынбасарлары

4

Ауылдық маңызы бар ММ және МҚК құрылымдық бөлімшелерінің басшылары

А3

1

Республикалық маңызы бар ММ және МҚК құрылымдық бөлімшелерінің бөлімшелер басшылары

1-1

Республикалық маңызы бар ММ және МҚК құрылымдық бөлімшелерінің бөлімшелері басшыларының орынбасарлары

2

Облыстық маңызы бар (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) ММ және МҚК құрылымдық бөлімшелерінің бөлімшелер басшылары

2-1

Облыстық маңызы бар (астананың, республикалық маңызы бар қаланың) ММ және МҚК құрылымдық бөлімшелерінің бөлімшелері басшыларының орынбасарлары

3

Аудандық маңызы бар (облыстық маңызы бар қаланың) ММ және МҚК құрылымдық бөлімшелерінің бөлімшелер басшылары

3-1

Аудандық маңызы бар (облыстық маңызы бар қаланың) ММ және МҚК құрылымдық бөлімшелерінің бөлімшелері басшыларының орынбасарлары

4

Ауылдық маңызы бар ММ және МҚК құрылымдық бөлімшелерінің бөлімшелер басшылары

В блогы (негізгі персонал)

В1

1

Бас ғылыми қызметкер, профессор

2

Жетекші ғылыми қызметкер, доцент
Бас сарапшы

3

Аға ғылыми қызметкер
Жетекші сарапшы
Ғылыми-практикалық орталықтың аға әдіскері

4

Ғылыми қызметкер
Аға сарапшы
Ғылыми-практикалық орталықтың әдіскері
Жоғары оқу орнының, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымының оқытушысы

5

Кіші ғылыми қызметкер
Жоғары оқу орнының, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымының әдіскері
Ассистент
Сарапшы
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымының шебері

«Денсаулық сақтау» және «Білім беру» салаларында

В2

1

Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты негізгі персонал мамандары (дәрігер, мұғалім)

2

Біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты негізгі персонал мамандары (дәрігер, мұғалім)

3

Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты негізгі персонал мамандары (дәрігер, мұғалім)

4

Біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ негізгі персонал мамандары (дәрігер, мұғалім)

В3

1

Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты негізгі персонал мамандары (тәрбиеші, әлеуметтік педагог, орта медициналық персонал мамандары және басқалар)

2

Біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты негізгі персонал мамандары (тәрбиеші, әлеуметтік педагог, орта медициналық персонал мамандары және басқалар)

3

Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты негізгі персонал мамандары (тәрбиеші, әлеуметтік педагог, орта медициналық персонал мамандары және басқалар)

4

Біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ негізгі персонал мамандары (тәрбиеші, әлеуметтік педагог, орта медициналық персонал мамандары және басқалар)

В4

1

Бiлiктiлiгi орташа деңгейдегі жоғары санатты негізгі персонал мамандары

2

Бiлiктiлiгi орташа деңгейдегі бірінші санатты негізгі персонал мамандары

3

Бiлiктiлiгi орташа деңгейдегі екінші санатты негізгі персонал мамандары

4

Бiлiктiлiгi орташа деңгейдегі санаты жоқ негізгі персонал мамандары

өзге де салаларда

В2

1

Біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты негізгі персонал мамандары

2

Біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты негізгі персонал мамандары

3

Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты негізгі персонал мамандары

4

Біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ негізгі персонал мамандары

В3

1

Бiлiктiлiгi орташа деңгейдегі жоғары санатты негізгі персонал мамандары

2

Бiлiктiлiгi орташа деңгейдегі бірінші санатты негізгі персонал мамандары

3

Бiлiктiлiгi орташа деңгейдегі екінші санатты негізгі персонал мамандары

4

Бiлiктiлiгi орташа деңгейдегі санаты жоқ негізгі персонал мамандары

С блогы (әкімшілік персонал)

С1



ММ және МҚК шаруашылық бөлімшелерінің меңгерушілері және оларға теңестірілген өзге де жеке лауазымдар

С2



Әкімшілік функцияларды орындайтын бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегі мамандар

С3



1) Әкімшілік функцияларды орындайтын бiлiктiлiгi орташа деңгейдегі мамандар;

2) ММ және МҚК шаруашылық қызмет көрсетумен айналысатын құрылымдық бөлімшенің басшысы



D блогы (қосалқы персонал)

D



Техникалық орындаушылар

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
      ММ – мемлекеттік мекеме
      МҚК – мемлекеттік қазыналық кәсіпорын

Қазақстан Республикасы  


Үкіметінің       
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1193 қаулысымен бекітілген
2-қосымша       

Азаматтық қызметшілердің, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен
   ұсталатын ұйымдар қызметкерлерінің, қазыналық кәсіпорындар
    қызметкерлерінің (жұмысшыларды қоспағанда) функционалдық
 блоктар бойынша лауазымдық айлықақыларын есептеуге арналған
                         коэффициенттер

А блогы - басқарушы персонал

Буын

Саты

Жылдарға есептегенде, мамандық бойынша жұмыс өтілі

0-3

3-6

6-9

9-12

12-16

16-20

20-25

25 жылдан жоғары

А1

1

5,84

6,00

6,17

6,34

6,52

6,70

6,89

7,08

1-1

5,55

5,71

5,87

6,03

6,20

6,37

6,55

6,73

2

5,21

5,36

5,51

5,66

5,82

5,98

6,15

6,32

2-1

4,95

5,09

5,23

5,38

5,53

5,68

5,84

6,00

3

4,66

4,79

4,92

5,06

5,20

5,35

5,50

5,65

3-1

4,43

4,55

4,68

4,81

4,94

5,08

5,22

5,37

4

4,21

4,33

4,45

4,57

4,70

4,83

4,97

5,11

А2

1

5,31

5,46

5,61

5,77

5,93

6,10

6,27

6,45

1-1

5,04

5,18

5,33

5,48

5,63

5,79

5,95

6,12

2

4,74

4,87

5,01

5,15

5,29

5,44

5,59

5,75

2-1

4,50

4,63

4,76

4,89

5,03

5,17

5,31

5,46

3

4,24

4,36

4,48

4,61

4,74

4,87

5,01

5,15

3-1

4,03

4,14

4,26

4,38

4,50

4,63

4,76

4,89

4

3,83

3,94

4,05

4,16

4,28

4,40

4,52

4,65

А3

1

4,83

4,97

5,11

5,25

5,40

5,55

5,71

5,87

1-1

4,59

4,72

4,85

4,99

5,13

5,27

5,42

5,57

2

4,31

4,43

4,55

4,68

4,81

4,94

5,08

5,22

2-1

4,09

4,20

4,32

4,44

4,56

4,69

4,82

4,95

3

3,85

3,96

4,07

4,18

4,30

4,42

4,54

4,67

3-1

3,66

3,76

3,87

3,98

4,09

4,20

4,32

4,44

4

3,47

3,57

3,67

3,77

3,88

3,99

4,10

4,21

В блогы – негізгі персонал

Буын

Саты

Жылдарға есептегенде, мамандық бойынша жұмыс өтілі

0-1

1-2

2-3

3-5

5-7

7-10

10-13

13-16

16-20

20-25

25 жылдан жоғары

В1

1

5,09

5,19

5,29

5,39

5,49

5,59

5,70

5,81

5,92

6,03

6,14

2

4,63

4,72

4,81

4,90

4,99

5,08

5,18

5,28

5,38

5,48

5,58

3

4,21

4,29

4,37

4,45

4,53

4,62

4,71

4,80

4,89

4,98

5,07

4

3,83

3,90

3,97

4,05

4,13

4,21

4,29

4,37

4,45

4,53

4,62

5

3,48

3,55

3,62

3,69

3,76

3,83

3,90

3,97

4,05

4,13

4,21

«Білім беру» саласында

В2

1

4,06

4,12

4,18

4,24

4,30

4,36

4,42

4,49

4,56

4,63

4,70

2

3,66

3,72

3,78

3,84

3,90

3,96

4,02

4,09

4,16

4,23

4,30

3

3,49

3,55

3,61

3,67

3,73

3,79

3,85

3,92

3,99

4,06

4,13

4

3,08

3,14

3,20

3,26

3,32

3,38

3,44

3,51

3,58

3,65

3,72

В3

1

3,75

3,80

3,85

3,90

3,96

4,02

4,08

4,14

4,20

4,26

4,32

2

3,35

3,40

3,45

3,50

3,56

3,62

3,68

3,74

3,80

3,86

3,92

3

3,18

3,23

3,28

3,33

3,39

3,45

3,51

3,57

3,63

3,69

3,75

4

2,77

2,82

2,87

2,92

2,98

3,04

3,10

3,16

3,22

3,28

3,34

В4

1

3,40

3,44

3,49

3,54

3,59

3,64

3,69

3,74

3,79

3,84

3,89

2

2,92

2,96

3,01

3,06

3,11

3,16

3,21

3,26

3,31

3,36

3,41

3

2,75

2,79

2,84

2,89

2,94

2,99

3,04

3,09

3,14

3,19

3,24

4

2,34

2,38

2,43

2,48

2,53

2,58

2,63

2,68

2,73

2,78

2,83

«Денсаулық сақтау» саласында

В2

1

4,57

4,63

4,69

4,75

4,81

4,87

4,93

5,00

5,07

5,14

5,21

2

3,98

4,04

4,10

4,16

4,22

4,28

4,34

4,41

4,48

4,55

4,62

3

3,73

3,79

3,85

3,91

3,97

4,03

4,09

4,16

4,23

4,30

4,37

4

3,08

3,14

3,20

3,26

3,32

3,38

3,44

3,51

3,58

3,65

3,72

В3

1

4,26

4,31

4,36

4,41

4,47

4,53

4,59

4,65

4,71

4,77

4,83

2

3,67

3,72

3,77

3,82

3,88

3,94

4,00

4,06

4,12

4,18

4,24

3

3,42

3,47

3,52

3,57

3,63

3,69

3,75

3,81

3,87

3,93

3,99

4

2,77

2,82

2,87

2,92

2,98

3,04

3,10

3,16

3,22

3,28

3,34

В4

1

3,30

3,34

3,38

3,42

3,47

3,52

3,57

3,62

3,67

3,72

3,77

2

2,94

2,98

3,02

3,06

3,11

3,16

3,21

3,26

3,31

3,36

3,41

3

2,71

2,75

2,79

2,83

2,88

2,93

2,98

3,03

3,08

3,13

3,18

4

2,26

2,30

2,34

2,38

2,43

2,48

2,53

2,58

2,63

2,68

2,73

Өзге де салалар

В2

1

3,72

3,78

3,84

3,90

3,96

4,02

4,08

4,15

4,22

4,29

4,36

2

3,41

3,47

3,53

3,59

3,65

3,71

3,77

3,84

3,91

3,98

4,05

3

3,33

3,39

3,45

3,51

3,57

3,63

3,69

3,76

3,83

3,90

3,97

4

3,08

3,14

3,20

3,26

3,32

3,38

3,44

3,51

3,58

3,65

3,72

В3

1

3,24

3,29

3,34

3,39

3,44

3,49

3,54

3,59

3,65

3,71

3,77

2

2,91

2,96

3,01

3,06

3,11

3,16

3,21

3,26

3,32

3,38

3,44

3

2,83

2,88

2,93

2,98

3,03

3,08

3,13

3,18

3,24

3,30

3,36

4

2,58

2,63

2,68

2,73

2,78

2,83

2,88

2,93

2,99

3,05

3,11

С блогы – әкімшілік персонал

С1



3,39

3,47

3,55

3,63

3,71

3,80

3,89

3,98

4,07

4,16

4,26

С2



3,08

3,15

3,22

3,29

3,37

3,45

3,53

3,61

3,69

3,77

3,86

С3



2,05

2,10

2,15

2,20

2,25

2,30

2,35

2,40

2,46

2,52

2,58

D блогы – қосалқы персонал

D



1,64

1,68

1,72

1,76

1,80

1,84

1,88

1,92

1,96

2,01

2,06

      Ескертпе:
      1. Кәсіби авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдары құтқарушыларының лауазымдық айлықақыларын (тарифтік мөлшерлемелерін) есептеуге арналған коэффициент мамандығы бойынша «бір жылға дейін» жұмыс өтілі болған кезде тиісті лауазым санатына сәйкес келетін коэффициент деңгейінде белгіленеді.
      2. «Білім беру», «Денсаулық сақтау» салаларындағы негізгі персоналдың лауазымдық айлықақыларын (тарифтік мөлшерлемелерін) есептеуге арналған коэффициенттер қызметтің басқа салаларында тиісті лауазымдарды атқаратын және мамандығы бойынша жұмыстарды орындайтын ұйымдар қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларын (тарифтік мөлшерлемелерін) есептеу кезінде қолданылады.

Қазақстан Республикасы  


Үкіметінің       
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1193 қаулысымен бекітілген
3-қосымша       

             Жұмысшылардың лауазымдық айлықақыларын


 (тарифтік мөлшерлемелерін) есептеуге арналған коэффициенттер

Біліктілік разряды

Коэффициент

8

2,58

7

2,41

6

2,25

5

2,10

4

1,96

3

1,83

2

1,71

1

1,60

      Ескертпе:
      Орындалатын жұмыстарды белгілі бір күрделілікке жатқызу және жұмысшыларға біліктілік разрядтарын беру Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына, жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларына сәйкес жүргізіледі.
      Азаматтық қызметшілердің құрамына білікті жұмысшылар кіреді.

Қазақстан Республикасы  


Үкіметінің       
2015 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1193 қаулысымен бекітілген
4-қосымша       

  Білім беру саласындағы азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік


: uploads -> %D0%9D%D0%BE%D1%80%D0%BC%D0%B0%D1%82%D0%B8%D0%B2%D0%BD%D1%8B%D0%B5%20%D0%B4%D0%BE%D0%BA%D1%83%D0%BC%D0%B5%D0%BD%D1%82%D1%8B
uploads -> А. С. Макаренконың өмірі мен педагогикалық қызметі
uploads -> Ян Амос Коменскийдің педагогикалық қызметі мен теориясы. (1592-1670жж)
uploads -> Приложение к части а1
uploads -> Рабочий проект
uploads -> Кирилл Куренда: двухлетний вундеркинд Не иначе как вундеркиндом можно назвать Кирилла Куренда из крымского села Владиславовки. В свои два с половиной года он уже знает все буквы алфавита умеет считать и освоил азы компьютерной грамотности
%D0%9D%D0%BE%D1%80%D0%BC%D0%B0%D1%82%D0%B8%D0%B2%D0%BD%D1%8B%D0%B5%20%D0%B4%D0%BE%D0%BA%D1%83%D0%BC%D0%B5%D0%BD%D1%82%D1%8B -> Воспитания в системе непрерывного образования республики казахстан
%D0%9D%D0%BE%D1%80%D0%BC%D0%B0%D1%82%D0%B8%D0%B2%D0%BD%D1%8B%D0%B5%20%D0%B4%D0%BE%D0%BA%D1%83%D0%BC%D0%B5%D0%BD%D1%82%D1%8B -> Міндетті медициналық қарап тексеруді өткізу қағидаларын бекіту туралы


  1   2   3   4   5   6   7


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет