Азаматтық қорғаныстың ұзақ сақталатын арнайы мүлкін сақтау жөніндегі әдістемелік басшылығы Жалпы ережелер



жүктеу 382.26 Kb.
Дата24.04.2016
өлшемі382.26 Kb.
: laws -> underlaws act
underlaws act -> Методические рекомендации по расследованию аварий на опасных производственных объектах нефтегазовой отрасли Ι. Общие положения
laws -> Теңізде мұнай газ өндіру кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
laws -> Геологиялық барлау жұмыстары кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары
laws -> Магний өндірісі кезіндегі өнеркәсіп қауіпсіздігінің талабы Требования промышленной безопасности при производстве магния Астана 2009
underlaws act -> Информация по техническим устройствам, допущенным к применению Комитетом по государственному контролю за чс и промышленной безопасностью мчс рк на территории Республики Казахстан с 2008 по 2010 г г
underlaws act -> В условиях форсированной инновационной индустриализации страны вопросы внедрения самых современных установок (систем) пожарной автоматики имеют приоритетное значение в системе обеспечения пожарной безопасности объекта
underlaws act -> Қоймаларға арналған үлгілік кестелер мен көрсеткіштер
underlaws act -> Өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік, Азаматтық қорғаныс саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері мен тексеру парақтарын бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы»
underlaws act -> Жедел өрт сөндіру жоспары әзірленетін ұйымдардың (объектілердің) өндірістік сипаттама тізімдері
underlaws act -> Химиялық қауіпті объектідегі және көліктегі авария кезінде химиялық жағдайды болжау және бағалау әдістемесі Астана 2010 Кіріспе «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 28 тамыздағы №1298 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу


Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайлар министрінің

2010 жылғы «22 » желтоқсандағы

№447 бұйрығымен бекітілген




Азаматтық қорғаныстың ұзақ сақталатын арнайы мүлкін сақтау жөніндегі әдістемелік басшылығы

1. Жалпы ережелер
1. Осы Азаматтық қорғаныстың ұзақ сақталатын арнайы мүлкін сақтау жөніндегі әдістемелік басшылығы Азаматтық қорғаныстың арнайы мүлкін сақтау, жинақтау, ұзақ сақтауға қабылдау ережесін, ауыстыру, жаңарту, беру, тәртібін айқындайды (бүдан әрі-басшылық).

2. Азаматтық қорғаныстың арнайы мүлігіне жеке қорғау құралдары, радиациялық, химиялық барлау және дозиметриялық бақылау құрылғылары, арнайы өңдеу қондырғылары, Азаматтық қорғаныстың қорғау құрылыстарының ауа сүзгішін желдету және регенерация құралдары, жеке медициналық қорғау құралдары, байланыс және хабардар ету құралдары және мемлекеттік меншік болып табылатын, сондай-ақ тиісті органдардың бюджеттік қаражаттарының есебінен құрылған және сатып алынған басқа да материалдық-техникалық құралдары, Азаматтық қорғаныс мүддесіне пайдалану үшін ұйымдардың құралдары жатады.




2. Негізгі міндеттер
3. Арнайы мүлікті ұзақ сақтаудың негізгі міндеті болып сақтау мерзімінің барлық кезеңінде оны санды және сапалы сақтауды қамтамасыз ету, сондай-ақ белгіленген мерзімде мақсаты бойынша жылдам беруге тұрақты әзірлікті қамтамасыз ету табылады.

3. Қойманың орналасуы, аумақтардың жабдықталуы
4. Қойманың орналасу орны қазіргі заманғы зақымдау құралдарынан қорғау, өрт қауіпсіздігін және ерекшелік қызметі арнайы мүліктің (цементті, химиялық және басқа да кәсіпорындардың) сапалы жай-күйіне теріс әсер етуі мүмкін кәсіпорыннан қауіпсіз қашықтықты қамтамасыз ету талаптарын ескере отырып таңдалуы қажет. Жер учаскелері тасқын сулар және басқа да сулар баспауы тиіс.

5. Қоймалар кіреберіс жолдарға, электр энергиясы мен сумен жабдықтау көздерінен тікелей жақын жерде орналасады.

6. Қойма аумағы сенімді қоршалуы, объектінің жарықты бүркемелеуін ескере отырып, түнгі уақытта жарық болуы қажет. Қойма тәулік бойы күзетіледі және күзеттік дабыл берумен жабдықталады.

7. Қойманың сақтау орындары қолданыстағы нормаларға сәйкес найзағайдан қорғау жүйесімен жабдықталады. Өртке қарсы суқоймаларының саны мен сыйымдылығы сондай - ақ мемлекеттік өрт бақылау органдарымен бірлесіп қолданыстағы нормаларға сәйкес айқындалады.

Су қоймаларынан су жинау орындары өрт сөндіру автомобильдері мен мотопомпалар үшін ыңғайлы кіреберіс жолдарын қамтамасыз етіледі. Қоймаға су жинау орнының, өрт сөндіру су қоймаларының, кіреберістердің сызбасының, ғимараттардың, құрылыстардың өртке қарсы беріктілігінің және т.б толық сипаттамасымен бірге «Өрт сөндірудің жедел карточкасы» жазылады.

Жедел карточка екі данада жасалады, біреуі қойма бастығында, екіншісі – мемлекеттік өртке қарсы қызметінің ең жақын бөлімшесінде болады.

8. Қоймаға кіреберіс жолдар жарамды жай-күйінде ұсталуы және жылдың кез келген уақытында көліктің жүруін қамтамасыз етуі тиіс.

Қойманың барлық аумағы тиісті тақтайшалармен және осы басшылыққа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсеткіштермен жабдықталуы қажет.

9. Қойма аумағында кіру және шығу қақпаларымен жүктерді тасымалдау үшін айналма жолмен, сондай - ақ сақтау орындарына көліктердің еркін өту мүмкіндігін қамтамасыз ететін кіреберіс жолдарымен жабдықталуы қажет.

10. Қойманы телефондау жүйесі сыртқы және ішкі байланысты, сенімді бекеттік және өрт сөндіру белгісін беруді сенімді қамтамасыз етуі қажет.

11. Қойма аумағында қоқысты жинау үшін сақтау орындарынан қауіпсіз қашықтықта арнайы орындар бөлінеді, ал жұмыс біткен кезде қоқыс пен қалдықтар шығарылады.
4. Қоймалық үй-жайлар
12. Қойма аумағында арнайы мүлік қорларын сақтау үшін сақтау орындары орналастырылады. Өзінің құрылысы, жоспарлануы, техникалық жай-күйі және жарақталуы бойынша олар сақтауда тұрған бұйымдардың толық сақталуын, кез келген уақытта және белгіленген мерзімде қорларды беруді қамтамасыз етуі қажет.

13. Сақтау орындары арнайы мүліктің қорларын жедел тиеу үшін жүк тиеу - жүк түсіру жұмыстарын механикаландыру құралдарымен жабдықталады;

14. Қоймалық орындар кірпіштен және ағаштан, темір бетоннан немесе құрама темір құрылымнан жасалуы мүмкін. Ағаштан жасалған сақтау орындары отқа төзімді құраммен, ал олардың жанасу орындары зарарсыздандырғыш топырақпен өңделуі.

15. Барлық сақтау орындары нөмірленуі қажет. Әр қайсысына 50х50 см көлемде ақ шаршыда тіке қабырғаларға түсірілген реттік нөмір беріледі, сандардың биіктігі 30 см, қызыл кайманың биіктігі 2,5 см, кенереден 0,5 м қашықтықта.

16. Сақтау орындарының есіктері (қақпалар) сондай-ақ реттік нөмірмен нөмірленеді. Нөмір есікке ақ шеңберде 25 см диаметрмен жазылады, көмкерілген қызыл жолақпен сандардың биіктігі 15 см, ені 1,5 см, сандардың биіктігі 15 см.

17. Барлық сандар қара түспен жазылады. Ашық алаңдардың нөмірлі белгісі қалыңдығы 0,8 -1 мм қаңылтырдан жасалады, жазулары үлгімен жазылады. Белгі жерден 2м биіктіктегі темір бетонды бағанаға бекітіледі және алаңға кіру кезінде оң жақтан орнатылады.

18. Қоймада жылу берілетін және жылу берілмейтін сақтау орындары болуы мүмкін. Жылу берілетін қоймалар бумен және сумен орталық жылу берумен жабдықталуы қажет және сақтаудың жақсы жағдайын, ыңғайлы орналастыруды, бақылауды, жарамды күйде ұстау бойынша жұмыстарды жүргізуді және арнайы мүлік қорларын қабылдауды және беруді жылдамдатуды қамтамасыз етуі қажет.

19. Жылу берілетін сақтау орындарында пештерді (сақтау орны бастығының ережесі бойынша) пайдалануда жауапты адам тағайындалады, өрт қауіпсіздігінің талаптарына сәйкес пешті пайдалану бойынша нұсқаулық әзірленеді.

20.Сақтау орындары:

арнайы мүлікті тасып жеткізу, ашу және орау үшін учаскемен;

жылу берілетін сақтау орындары үшін - жылдың салқын мезгілінде сақтауға түсетін, мүліктің біртіндеп жылыну мақсатында тамбурмен;

техникалық қызмет көрсетуді жүргізу үшін учаскемен;

осы басшылыққа 2-ші қосымшаға сәйкес нысан бойынша консервациялау және қайта консервациялау жұмыстары үшін учаскемен;

сақтау орны бастығының жұмыс орнымен;

мүкәммалды, жабдықтарды, арнайы және сыртқы киімді сақтау үшін қоймамен жабдықталуы қажет.

21. Сақтау орны бастығының жұмыс орны:

картотека үшін арнайы үстелмен;

қызметтік құжаттама мен анықтамалық әдебиетті сақтау үшін металды шкафпен (жәшік);

байланыс құралдарымен;

компьютер техникасымен;

бұйымдарды ашу және орау үшін саймандармен қамтамасыз етілуі қажет.

22. Әр сақтау орындарында температураны және ауаның ылғалдылығына (термометрлер, гигрометрлер немесе психрометрлер) қатысты өлшеу үшін құрылғылар орнатылуы қажет.

Құрылғылар еденнен 1,5 м және есікке, желдетпелік тесіктен және сақтау орнының ортасында орналасқан жердің ішкі қабырғаларындағы жылыту құрылғыларынан 2 м – ден жақын емес деңгейде орнатылады.

23. Сақтау орындарының бастығында келесі құжаттама:

осы нұсқаулыққа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сақтау орнының паспорты;

осы нұсқаулыққа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сақтау орнындағы температура және ауаның ылғалдылығын тіркеу журналы;

осы нұсқаулыққа 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сақтау орнын тексеретін лауазымды тұлғаларды жазатын кітап;

осы нұсқаулыққа 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жеке ұзақ және ағымдағы үлес үшін әзірленген жыл сайынғы арнайы мүліктің бұйымдарын есепке алу кітабы;

бұйымдарды зертханалық бақылау үшін мерзімдер кестесі мен қаралатын, іріктелетін саны;

арнайы мүлік қорын орналастыру жоспары;

арнайы мүлік бұйымдарын қабылдау, беру, сақтау, ұстау және пайдалану жөніндегі басшылық етуші құжаттар, анықтамалық әдебиеттер болуы қажет;

24. Техникалық құжаттама қалқанында:

Сақтау орны бастығының функционалдық міндеттері;

хабардар ету дабылдары бойынша іс-қимылдар туралы нұсқаулық;

күштер мен құралдар есебінен өрт болған жағдайдағы іс-қимыл туралы нұсқаулық;

сақтау орнында жұмыс істеген кезде қауіпсіздік ережелері мен шараларды сақтау жөніндегі нұсқаулық;

әрбір сақтау орнынан арнайы мүлік қорларын эвакуациялау сызбасы;

өрт сөндіру есебінің тізімі;

жабдықтар мен бұйымдардың тізімдемесі орналасады. Үлгілік тізім осы басшылыққа 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілген.

25. Сақтау орындарының қақпалары (есіктері) тек қана сырттан ғана жабылуы қажет, сыртқа қарай ашылуы немесе жылжымалы болуы және конструкциясы мен габариті бойынша механикаландыру құралдарын пайдалануға мүмкіндік береді. Қақпа саны арнайы мүлік қорын барынша артуды және өрт қауіпсіздігі талаптарын қамтамасыз етуі тиіс.

Сыртқы қақпалардан басқа сақтау орындарында ішкі торкөзді қақпалары немесе сыртқы қақпалардың төменгі жағында люктары болуы қажет.

26. Сақтау орындары едендерінің беті үгінділердің, құмның, шаңның пайда болуына мықты болуы қажет, сақталатын бұйымдардың және орнатылатын немесе қозғалатын механикаландыру құралдарының жүгінің ауырлығына төзуі қажет.

27. Сақтау орындарының сыртқы қақпаларының табалдырықтары үстіңгі сулардың тамшылауынан сақтау үшін құрсау деңгейінің жоғары болуы қажет және кеміргіштердің кіруінен қорғайтын жеңіл түсірілетін күнқағар болуы қажет.

28. Сақтау орындарының терезелерінде желдеткіш және қорғау металдық торлар болуы қажет, перделенген және жартылай жарық беретін әйнекпен әйнектелген немесе ішкі жағынан ашық бояумен боялған болуы қажет.

29. Сақтау орындарының жарығы табиғи немесе жасанды (электрлі) болуы мүмкін. Электрлі жарық кезінде электр сымы өртке қатысты қауіпсіз болуы қажет. Авария болған жағдайда авариялық жарық беру болу қажет.

30. Арнайы мүлік қорларын орналастыру үшін сақтау орындары осы басшылыққа 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оралған және оралмаған бұйымдарды жақсы сақтауды сындарлы қамтамасыз ететін сөрелермен, шкафтармен, табандықтармен, тіреулермен жабдықталады.

31. Сөрелік жабдықтау сақтау орындарының ішкі көлемін неғұрлым тиімдірек пайдалану, шынайы жарықпен және сақталып тұрған бұйымдарды қадағалау және қажетті операцияларды орындау үшін аса ыңғайлықпен қамтамасыз ету есебімен орнатылуы қажет.

32. Сөрелер мен табандықтар қабырғалардан 0,6м ден кем емес қашықтықта орналасады. Сөрелер арасындағы өткел сақталып тұрған бұйымдарға байланысты 0,8-1,5м. болуы қажет.

33. Сақтау орнының орта жағында ережедегідей білік сызығының бойымен 1,5-2м енімен басты өткел қалдырылады. Есіктер (қақпалар) ұзын қабырғаларда орналасқан жағдайда сақтау орнына екеуінің арасына көлденең есіктердің толық енімен өткел қалдыру қажет.

34. Желдің жылдамдығы 5м/с болған кездегі сақтау орындарын желдету сақтау орнындағы ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 60%-дан жоғары болса құрғақ ауа-райыда (егер сыртқы ауаның ылғалдылығы сақтау орнындағы ылғалдылықтан төмен болса) жасалады. Сақтау орындарын желдету үшін қақпаларды, (есіктер) желдеткіштерді, желдетпе құбырларын, люктарды ашады.

Желдету кезінде ауаның жылдам ауысуын, бірақ үй-жайдағы температураның шамалы төмендеуімен қамтамасыз ету қажет.

35. Жылу берілетін сақтау орындарындағы ауа температурасы +15 до +20С шамасында болуы қажет, ауа ылғалдылығы 70%-дан жоғары болмауы қажет. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 90%-ға дейін қысқа мерзімге жоғарылауына болады.

Арнайы мүліктің қорларын сақтаудың оңтайлы шарттары болып:

ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 40-55% шамасында;

жауын-шашынның, желдің және ылғалдың конденсациялануы;

тікелей күн радиациясының болмауы;

ауадағы тоттануға ұшырағыш агенттердің болмауы;

биологиялық факторлардың ықпалының болмауы табылады.

36. Сақтау орындарындағы температураны және ауаның салыстырмалы ылғалдылығын өлшеу жергілікті уақыт бойынша күн сайын 9 және 15 сағаттарда жүргізіледі.

37.Сақтау орындарында:

темекі шегуге және ашық отты пайдалануға;

тұрмыстық электр жылытқыштарын пайдалануға;

уақытша электр сымдарын орнатуға;

сақтау орнына жарық беру үшін май шамдалдың, керосинді шамдарды және басқа да ашық жалынды құралдарды;

есепте немесе керек-жарақ тізімінде тұрмаған мүлікті сақтау (уақытша болса да);

бұйымдарды белгіленген нормадан тыс сақтауды арту;

жыл мезгілінен тәуелсіз сақтау орындарының есіктерін қажеттіліксіз ашық қалдыру, күшті жел, найзағай, тұман, жаңбыр және қар жауған кезде бөлмелерді желдетіп алу;

қойма аумағына тұлғаларды және көлікті жіберу, сондай-ақ қоймадан бұйымдарды рұқсатсыз шығару;

сақтау орнының жанында: темекі шегуге, от жағуға, құрғақ шөпті жағуға және пішенді кептіруге және сақтауға, егістік егу, жанар-жағар май құятын пункттерді құруға және жанар-жағар майды сақтауға болмайды.

38. Қойма аумағына кіруді, сондай-ақ шығуды бақылау үшін қойманың бақылау-өткізу пункті, ереже бойынша жеке бөлмеде ұйымдастырылады.

Бақылау - өткізу пунктінде:

рұқсатнамаларды сақтау үшін ұяшықтарымен шкаф;

бекітілетін жәшіктерімен үстел;

орындықтар (табуреткалар);

телефон байланыстар мен белгі беру құралдары;

жазу құралдары;

сағаттар;

термометр;

медициналық дәрілік қобдиша;

сыртқы киім ілгіш;

мүліктер тізімдемесі;

күзету жөніндегі нұсқаулық;

қабылдау және кезекшілікті тапсыру кітабы;

машиналардың кіру және шығуын тіркейтін журнал;

рұқсатнамалардың, тасып әкелінген және шығарылатын құжаттардың үлгілері болуы қажет.

Бақылау-өткізу пункті авариялық жарықпен және өрт сөндірудің алғашқы құралдарымен қамтамасыз етілуі тиіс.

39. Қойма және сақтау орны аумағына бөгде адамдардың (соның ішінде қоймалық жұмысты тексеруге келгендер) жіберілуі қойма бағынатын орган бастығының жазбаша рұқсаты бойынша ғана жүргізіледі. Шұғыл жағдайларда (авария, жедел жөндеу және т.б) келген адамдарды кіргізу қойма бағынатын орган бастығының ауызша рұқсатымен, тіркеу кітабына белгілей отырып меңгеруші рұқсат береді.

5.Арнайы мүлік қорларын сақтаудың жалпы ережелері
40. Арнайы мүлік қорлары жабдықталған сақтау орындарында, зауыттық бумада, қатарларда қақпақтары жоғары қарап салынған, құлыптармен, өткел бетке қарай жасырынған жәшіктерде орналасады.

41. Штабель биіктігі еден үстінен 0,25м-ден кем емес астарда орналасуы тиіс. Бұйымдар орналасқан төменгі қатарларды желдету тегіс лагтерде емес, діңгектерде орналасады.

42. Әр сақтау орындарында штабельдер ретімен нөмірленеді. Әр штабельде (сөреде) көрінетін жерде, ортасында, еденнен 1,5 м биіктікте осы басшылыққа 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша белгіленген нысанда толтырылған сөремен бекітілуі қажет.

Штабельдердің биіктігі:

сүзетін, оқшаулайтын бастұмылдырықтары мен қорғайтын балалардың камералары 7-8 жәшіктен көп емес;

регенерациялайтын патрондар үшін-7 жәшікке дейін, жәшіктердің жоғарғы қатарлары жабудан кемінде 1м-ден ары тұруы қажет;

теріні сақтау құралдары үшін 6-7 жәшікке дейін;

химиялық барлау құралдары үшін 6 жәшікке дейін;

дозиметриялық құралдар, газ сигнализаторы мен оларға жөндеу жиынтығы және байланыс құралдары үшін оралған жәшіктерде сақтау кезінде ыдысқа түсетін салмақтың рұқсат етілген есебімен;

Штабельдердің ені 2 жәшік.

43. Сақтау орнындағы арнайы мүліктің қорлары:

Номенклатура бойынша (әр номенклатура жеке штабельде сақталуы қажет);

Партиялар бойынша (сол номенклатураның әр партиясы басқа партиядан бөлек болуы тиіс).

44. Бірге сақтауға рұқсат етіледі:

жылу берілетін сақтау орнында –ЖБР қорғау арнайы машиналарының радио байланыс құралдары, радиациялық барлау және дозиметриялық бақылау құралдары;

химиялық барлау құралдары, арнайы өңдеу құралдары, ДДД заттары мен ерітінділері, толтырудың қосалқы жиынтығы, индикаторлық құралдар, құрғақ элементтер және қоректену құрылғыларының батареялары.

Арнайы мүлікті сақтау шарттары 10-қосымшада, ал бірге сақтауға рұқсат осы басшылыққа 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілген.

6. Жеке қорғау құралдарын сақтау ерекшеліктері
45. Сүзетін бастұмылдырықтарын, қорғау балалардың камераларын құрғақ, жылытылмайтын сақтау орындарында сақтау қажет, сақтау орнының терезелері қараңғыланған болуы қажет. Бастұмылдырықтарды, балаларды қорғау камераларын сақтауда жәшіктерге қар, жаңбырдың түсуіне жол бермеу керек.

46. Сүзетін бастұмылдырықтарын, балаларды қорғау камераларын қарау кезінде:

бүркемелеудің болуы мен анықтығы, пломбалардың, ілмектердің тұтастығы, жәшіктердің ілмектері, зақымданған ыдыстардың болмауы;

ыдыстың жағдайы (барлық жәшіктерді сырттан тексеру);

бастұмылдырықтардың, балаларды қорғау камераларының кешенділігі мен саны (іріктей отырып бақылаумен).

Зақымдалған жәшіктер табылған кезде олардағы барлық бастұмылдырықтарды, балаларды қорғау камераларын ашып, тексеру жүргізу қажет.

47. Іріктей отырып бақылау ашылған жәшіктердегі барлық бастұмылдырықтарының, балаларды қорғау камераларының болуы мен жиынтығын сыртқы тексерумен жүзеге асыру керек.

48. Бастұмылдырықтардың сіңдіріп-сүзетін қораптарын қарау кезінде бояудың сапасын, қыртысталудың жоқтығын, әсіресе мойнақтары мен түбінің, қалпақшалардың оралуының толықтығы мен тығынның дұрыс орнатылуын, шихталарды төгу және қайта төгуді тексеру керек.

49. Бастұмылдырықтардың беткі бөліктерін қарау кезінде резеңкенің жағдайын (сызаттың, үзіктердің болмауы) клапандардың болуы мен жағдайы, бұранда біріктірулерде қыртыстың және металды бөлшектердегі тот басудың болмауы, клапанды қораптың, көзілдірік құрсамаларының тығыздығы, мембранды қондырғылардың жағдайын қарау керек.

50. Бастұмылдырықтарға арналған сумкаларды қарау кезінде матаның бүтіндігін, сөгілудің және шіру белгілерінің жоқтығын, фурнитураның (белдіктердің, баулардың, жіптердің тесіктері және т.б) болуы мен жарамдығын қарау керек.

51. Балаларды қорғау камераларын қарау кезінде:

резеңке матаның қабығының тесіктерінің, резеңке қабаттың жыртылуының болмауы; тігістің және терезелерге жабыстырылған контур бойынша резеңке матаның желімделген бауының қабатталуын болдырмау; иықты кесте баудың үзілуінің, оның бекітілген тұтқадан ажырауын, каркас бөлшектерінің деформациялануы, қымтайтын құлыптардың тақтайшаларының сынуларын, тесілулер мен басқа да диффузионды- жинақтау материалдарының зақымдалуын, торлардың тұтастығының және диффузионды-жинақтау элементінде зақымдалулардың, жарылулар мен басқа да диффузионды-жинақтау элементтерінің байқау терезелері мен рамкаларында зақымдалуларды болдырмауды тексеру.

52. Бастұмылдырықтарды, балаларды қорғау камераларын сақтау және сапасына бақылау жасау келесі мерзімде жүргізіледі:

бастұмылдырықтармен, балаларды қорғау камераларымен қатарларды қарау төсеудегі ақауларды жою аптасына бір реттен жиі емес;

53. Оқшаулау бастұмылдырықтарын жылытылмайтын сақтау орындарында сақтау қажет. Үзілді-кесілді металды бөліктерді, тораптарды және бөлектейтін бастұмылдырықтарды және оларға регенеративті патрондарды біріктіруді майлармен және майлаумен майлауға болмайды.

54. Бөлектейтін бастұмылдырықтарды тексеру кезінде:

беттік бөліктегі және тыныс алатын қаптағы тесіктердің, жарылулардың, сызаттардың болмауын, көзілдіріктердің әйнектерінің жағдайын;

үлкен қысымды клапанды және фланцаларға ниппелдің біріктіру төзімділігін, жақтаулардың көшектерін және ниппельдің шеңберлі дөңесінде кетіктердің төзімділігі, үлкен қысымды клапанның (ауытқулар мен майысулардың болмауы) металды серіппесі мен тұтқасының жағдайының дұрыстығын;

каркастың тұтастығы (сынықтардың, майысулардың болмауы) жапсырманы, бауларды, қадаларды, бекіткіштерді тартатын баулары мен құлыптың болуы мен беріктілігі;

сумканың бүтіндігі (сынулардың, тесіктердің, сөгілулердің болмауы) карабиндердің, доғабастардың, белдіктердің құлыптарының саны мен дұрыстығы, сондай ақ оларды бекіту тұтастығы, сумка қалтасындағы құрал-саймандар мен жинақтылықтың тізімі бойынша қор жинау бөліктерінің болуы;

металды бөліктерде және бастұмылдырықтардың тораптарында тотығуы болмауын қарау қажет.

55. Регенеративті патрондарды қарау кезінде патрондағы пломбалардың бар болуы мен дұрыстығы, бүркемелеудің бар болуы мен сапасы, термоиндикаторлық бояудың ашық-қызғылт жолағының бар болуы, терең мыжылудың, тесіктердің, тесіп өткен жарылулардың, сынықтар мен бояудың өшуінің, патронның корпусы мен қақпағанда тот басудың болмауын, бітеуіштің тығыз жабылуын қарау тиіс.

56. Іске қосқыш брикеттерді және қосымша оттек беретін брикеттерді қарау кезінде брикетпен стакандарды шығаруға кедергі жасайтын қаптардың мыжылуының, сынықтардың және бояулардың өшірілуінің, қаптардың тот басуын, резеңкелі төсемде соқпалардың және тесіп шығатын жарылулардың, қаптарда қатты үрілген резеңкелі төсемдердің және тесіп өткен тесіктердің болмауын қарау тиіс.

57. Регенеративті патрондар, іске қосқыш брикеттер және оттекті қосымша беретін брикеттер от қауіпті мүліктердің разрядына жатады және жарамды қақпағымен және жақсы, табиғи және жасанды желдеткішімен өртенбейтін, құрғақ, жылу берілмейтін сақтау орындарында бұйымдардың басқа түрлерінен бөлек сақтау қажет; көрсетілген бұйымдарды жылу берілетін сақтау орындарында сақтауға рұқсат етілмейді. Сақтау орындарында жазғы уақыттағы температура +35С-дан, ал салыстырмалы ылғалдылығы 80-90%-дан жоғары болмауы қажет.

58. Регенеративті патрондармен және іске қосқыш брикеттермен қатарларды тексеру күн сайын жүргізіледі. Регенеративті патрондар мен іске қосқыш брикеттерде азық-түлікті сумен, бояумен, ескі-құсқы нәрселермен, қағазбен, маймен, киіммен, резеңкемен және басқа да материалдармен араласуына жол бермеу керек, өйткені бұл өздігінен жануға алып келеді.

59. Регенеративті патрондар мен іске қосқыш брикеттер тікелей күн сәулесінен сақтау қажет және жеке штабельдерді мақтау қажет (штабельдер арасындағы үзінді 1м-ден кем емес). Регенеративті патрондар және іске қосқыш брикеттермен жәшіктерді тастауға немесе төңкеруге, оларды қақпағын жерге қаратып немесе қисайтып қоюға рұқсат етілмейді.

60. Сақтау орындарында регенеративті патрондар мен іске қосқыш брикеттерді және қосымша оттек беретін брикеттерді сақтау және жою кезінде қауіпсіздік шаралары жөнінде нұсқаулық әзірленуі және бекітілуі тиіс.

7. Теріні сақтау құралдарының ерекшеліктері
61. Теріні қорғау жеке құралдарын зауыттық орамда, құрғақ, жылу берілетін сақтау орнында сақтау керек. Сақтау орындарының терезелері қараңғыланған болуы қажет. Теріні қорғау жеке құралдарының қаралуы мен кептірілуі күннің тікелей сәулесінің бұйымдарға әсер етуі болмайтын жерлерде жүргізіледі.

62. Теріні қорғау жеке құралдарын қабылдаған кезде барлық жәшіктерді сыртқы тексерумен-ыдыстың жағдайын, іріктеп бақылаумен-бұйымның жиынтығы мен сапасын тексеру тиіс. Іріктеп бақылау сапаны, ашылған жәшіктердегі барлық бұйымдардың бар болуы мен жиынтығын тексерумен бұйымдарды сыртқы қараумен жүзеге асырылады.

63. Теріні қорғау жеке құралдарын қарау кезінде:

бұйымдар санының, жиынтығы мен ұзындығын буып-түйетін парақтарға сәйкес болуы; бүркемелеудің болуын;

үзіктердің, мата үлдірінің желінуінің, майысқан жерлерде жарылулардың, маймен, желіммен және басқа да заттармен ластануын, материалдың қатаюы болмауын; бұйымдардың тігістеріндегі желімделген баулардың болуы және оның үстінде бүрмелердің, қыртыстардың болмауы;

ауытқулардың, көтерілулердің және желімделген бауы бар тігістің иілген жерінде (қабырға бойымен) желімделген баудың 180 градусқа түсуінің болмауы;

металды бөліктерде тот басудың болмауы; ілетін құралдардың жарамдығы болмауын қарау қажет.

Теріні қорғау құралдарын сақтауды және сапасын бақылау аптасына бір реттен кем емес жүргізілуі қажет.


8. Химиялық және радиациялық барлау, дозиметриялық бақылау құралдарын сақтаудың ерекшеліктері

64. Жылу берілетін сақтау орындары болмаған кезде радиациалық барлау мен дозиметриялық бақылау құралдарын уақытша жылу берілетін сақтау орындарында сақтауға рұқсат етіледі, бірақ олар құрғатқышпен (силикагелмен) полимеpлі қабықтан жасалған герметикалық қаптарда болуы қажет.

65. Құралдар сақтауға қойылудан бұрын консервацияланады.

66. Консервациялау әдістері

67. Сақтау орындарында консервациялы ораудағы химиялық және радиациялық барлау, дозиметриялық бақылау құралдары штабельдерде сөрелерде және ораулы жәшіктерде сақталуы қажет.

68. Химиялық және радиациялық барлау, дозиметриялық бақылау құралдарын қабылдау кезінде: ыдыстың жағдайын-барлық жәшіктерді және орауларды сыртқы қараумен, бұйымдардың сапасын-іріктеп бақылаумен қарау керек. Іріктеп бақылау бұйымдар жиынтығын және олардың сапасын қараумен жүзеге асырылады ( сыртқы түр бойынша).

69. Химиялық барлау құралдарын қарау кезінде металды корпустар мен тиектердің зақымдалмағанына, әйнектен жасалған іріктеп жиналған бұйымдардың жағдайына, индикаторлы құбырлардың жылдық мерзімі, бүркемелеу сапасына көп назар аудару керек.

70. Индикаторлы құбырларды қарау кезінде:

құбырлар мен ампулалардың механикалық зақымдалудың, жарылудың, шұңқырлардың, ұрылулардың, тесіктердің болмауын;

кассеталарда түрлі эталондар мен жазбалардың жазылуының сапасын; құбырларды және ампулаларда ерітінділерді толтырғыштың жағдайы мен бояуын қарау керек.

71. Радиациялық барлаудың және дозиметриялық бақылаудың құралдарын қарау кезінде орайтын жәшіктің, қабығының, құлыптардың дұрыстығына, әйнектердің бүтіндігіне, өлшеу құралдарының көрсеткішінің ережесіне, басқару тұтқалары мен тумблерлерінің бар болуы мен жарамдығына, нығыздалған элементтердің жағдайына, құжаттаманың бар болуына және оның дұрыс толтырылуына ерекше назар аударылуы қажет.

72. Химиялық және радиациялық барлаудың, дозиметриялық бақылаудың құралдарын сақтауды және сапасын бақылау және оларға техникалық қызмет көрсету келесі мерзімде орындалады:

құралдары бар сөрелерді штабельдерді тексеру – аптасына бір реттен жиі емес;

консервациялы ораулардың және құрғатқыштың партия құралдарының 5% (бірақ екі жәшіктен аз емес) ылғалдану деңгейінің сапасын іріктеп бақылау (индикаторлық қағаздың бояуы бойынша)– алты айда бір рет;

сыртқы тексеруді, жұмысқа қабілеттілікті қосқанда, тыстарын аша отырып құрылғылардың сапасын және ашық тыстардың бақылау қаптарын таразыға тарту арқылы құрғатқышты ылғалдау деңгейін бақылау және партияның (бірақ екі жәшіктен аз емес) 5% бұйымдарының индикаторлық құбырларының сапасын іріктеп бақылау – жылына 1 рет;

барлық құралдардың зертханалық сынақтары мен техникалық қызмет көрсетуі - градуирлеуін және жұмысқа қабілеттілігін тексеру – техникалық құжаттамада көрсетілген мерзімдерде;

жинақтау бұйымдарын (индикаторлы құбырларын, фильтрлерді және т.б) ауыстыру (жаңарту) – зертханалық сынақтардың нәтижелерін ескере отырып сақталуының кепілдік мерзімінің бітуі бойынша.

Тамақ көздерімен жарақталған дозиметриялық құралдарды сақтауға тиым салынады.

73. Қорғаудың РХБҚ арнайы машиналары ұйым бойынша бұйрық негізінде сақтауға қойылады. Сақтауға машина дайындығының сапасы сақтау орнының бастығымен тексеріледі. Сақтауға жататын машиналардың саны белгілеу, жаңарту актілерін жасау комиссиясымен тексеріледі.

74. Арнайы машиналарды және оларға тіркемелерді ұзақ сақтауға орналастыру кезінде аспалар мен дөңгелектер түсіріледі.

Әр машинаның кабинасында сол жақ есіктің әйнегінде осы басшылыққа 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша карточка бекітіледі.

75. Сәулеленуді иондайтын көздер (СИК), жиынтығында құралдарға қосып салынғандардан басқа бақылау гамма-арнаулы өнімі бар жылжымалы химиялық шеберхана көлігінің (ЖХШК) арнайы машиналарымен контейнерлер бақылаудың арнаулы өнімдерінсіз сақталады. Алып қойылған бақылау гамма-арнаулы өнімдерді жеке үй-жайларда арнайы қорғасын мөр басылған контейнерлерде сақтау керек, оларды сақтау орындары радиоактивті қауіптілік белгілерімен қоршалуы қажет.

76. Радиоактивті көздермен жұмыс жасау радиоактивті заттармен жұмыс істеудің санитарлық ережелерінің талаптарына, радиоактивті заттарды тасымалдау кезіндегі радиациялық қауіпсіздігі мен ережелер қауіпсіздігі нормасының талаптарына сәйкес жүргізілуі тиіс.

77. Сақтау орнында радиоактивті көздермен авариялардың салдарын жою бойынша радиациялық қауіпсіздік және нұсқаулықпен қамтамасыз ету жөнінде нұсқаулық әзірленуі қажет. Сақтау орны күзеттік дабыл берумен жабдықталады. Барлық радиоактивті көздердің есебі осы басшылыққа 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жалпы есептен бөлек, кіріс-шығыс журналында жүзеге асырылады. Арнайы мүліктің бұйымдарына қоса салынған радиоактивті көздер мен бақылау арнаулы өнімдері есепке алу карточкалары мен кітаптарында құралдарымен есептеледі.

78. Қойманың әр бір қызметкерінде сәулеленуді иондайтын көздермен жұмыс жасау кезінде өзімен бірге дозиметрі болу керек. Дозиметр көрсеткіштерін жұмыс біткен соң сақтау орнының бастығы алады және осы басшылыққа 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сәулеге түсіру мөлшері есебінің карточкасына жазылады.

79. Бақылау гамма - арнаулы өнімдерін контейнерлерден тек қана тегістелген борттары үшін алуға рұқсат етіледі, қолдарында пинцеттері бар қызметкерлер резеңкелі қолғап киюлері қажет. Активті метал түсірілген арнаулы өнімнің ішкі бөлігіне қол тигізуге рұқсат етілмейді.

80. Құралдарға арналған құрғақ элементтер мен батарейкаларды зауыттық орауда немесе онсыз тік қалыпта сақтау керек. Оралмаған түрде элементтерді сөрелердің қатарларына бір қатармен орналастыру керек. Сақтау мерзімі біткен немесе сыртқы түрі мен нысанының өзгеруі, электролиттен өтіп кеткен және оқшауланған шайырдың жарылуынан қабықшада сулы дақтар мен тоттың пайда болуы сияқты ақаулар табылған элементтер сақтаудан алынып тасталынады.

81. Радиациялық және химиялық барлаудың арнайы машиналарының байланыс құралдарын сақтау оларды сақтау ережелеріне сәйкес ұйымдастырылады.

82. Ұзақ сақтауға тек қана бірінші және екінші санатты, толығымен жабдықталған және кезектегі күрделі жөндеуге дейін белгіленген нормадан 50%-тен кем емес ресурс қоры бар байланыс құралдары (РХ барлау машиналарының радиостанциялары) жатады.

83. Ұзақ сақтауға жататын байланыс құралдары қойма бағынатын орган (ұйым) басшысының бұйрығымен ресімделеді. Бұйрықта құралдардың аты, олардың саны мен зауыттық нөмірлері, кепілдікке беру алдындағы техникалық қызмет көрсетудің көлемі, консервациялау әдістері, жұмыстың орындалу мерзімдері, қамтамасыз ету күштері мен құралдары, жауапты тұлғалар, сақтау орындары және бақылау тәртібі көрсетіледі.

84. Жылу берілетін сақтау орындарында жөнделген радио құралдары мен қосалқы мүлік, байланыс техникасының керек-жарақтары (ҚБКЖ) сақталу керек.

85. Жылу берілмейтін сақтау орындарында радио құралдары қондырылған машиналар, электр энергиясының қоректену көздер, қышқыл және сілтілі (құрғақ және құрғақ қуаттанған) аккумуляторлар сақталады.

86. Байланыс құралдары жинақ түрінде есепке алынады және сақталады. Жеке сақтауға тек қана сақтаудың басқа талаптарын қажет ететін жиынтықтың бөлігін сақтауға рұқсат етіледі(аккумуляторлар және т.б.).

87. Байланыс құралдарын штабельдерге қалау көлденең қатарлар арасында ауа айналымын қамтамасыз етуі тиіс. Байланыс құралдарын қалау кезінде қауіпсіздік ережелері мен шаралары, өрт қауіпсіздігінің ережелері сақталу керек.

Электролит құйылған аккумуляторлар жеке сақталады.

88. Герметизациялау әдісімен консервациялаған және жылу берілетін сақтау орындарында сақтауда тұрған байланыс құралдарын жоспарлы қайта консервациялау төрт жылда бір рет, жылу берілмейтін сақтау орындарындағылар үш жылда бір рет жүргізіледі.

89. Респираторларды пакеттерді ашпай тексеру кезінде соққылардың, тесіктердің, биологиялық зақымдалулардың жоқтығын, дәнекерлеуші жігінің жағдайын тексеру тиіс. Пакетті ашу кезінде дем тарту клапанның болуын, таспаның және жаңа қысқыштың бекітілу мықтылығын, фильтрлейтін материалдың, сыртқы қабықтың зақымдалуын тексеру тиіс.

90. Респираторлармен штабельдерді тексеруді салудағы ақауларды жоюмен аптасына 1 рет өткізу керек.

91. ДП-2, ДПГ-3 қосымша патрондарды тексеру кезінде ашылған жәшіктердегі патрондардың санын, оларға патронның салмағы көрсетілген бүркемелеудің болуын, ішкі және сыртқы қылталардағы салынған резеңкелі шығыршықтардың болуын, қалпақшаның және тығынның оралу тығыздығын, қораптардың ісінулерінің, шихтылердің төгілуінің, биологиялық зақымдалудың жоқтығын тексеру тиіс.

92. ДДД заттары мен рецептуралары тез тұтанатын заттар мен сұйықтықтар болып табылады. Сақтау үдерісінде өрт қауіпсіздігін қатаң сақтау керек.

93. Дихлорэтан улы техникалық сұйықтыққа жатады. Оны сақтау және жұмыс жасау улы сұйықтықтармен жұмыс істеу жөніндегі нұсқаулықпен сәйкес болуы қажет.

94. Газсыздандыратын заттар мен ДТ-6, ДТ-2, ДТС-ГК рецептуралары темір және ағаш даңғыраларда сілтілі бастырма астында, ал РД, бөшкедегі РД-2, ДХЭ, МЭА аммиакты суларды ашық алаңдарда темір бөшкелерде сақтауға рұқсат етіледі

95. Дихлорэтанмен (ДХЭ) алаңдар бөгде адамдарды өткізбейтін және құлыптанатын қақпалармен қоршалуы тиіс. Дихлорэтан бар ыдысқа трафаретпен сол жақтан төмен оң жаққа сары жолақ, сол жақ төменгі бұрышта «Улы. Өмірге қауіпті» жазуы, ал ортасында- сүйектер айқастырылған бас сүйек түсіріледі. Оң жақ жоғарғы бұрышта «Өрт қауіпті» жазуы жазылады. Ыдыстың төгетін тесіктері бітеледі. ДХЭ-ні сақтау орындарын тексеру күн сайын жүргізіледі.

96. Ыдысты ашуды, сынақтарды іріктеу, өздігінен тұтанатынға жататын сұйық заттардың ыдыстарын ауыстырғанда сақтау орындарынан кем дегенде 25м қашықтықта орналасқан арнайы жабдықталған алаңдарда (өрт сөндіру құралдарымен опырылып құлаған және жабдықталған) жүргізілуі тиіс.



9. Арнайы өңдеу құралдарын сақтау ерекшеліктері.
97. Машиналардан алынып тасталған арнайы өңдеудің резеңкелі- техникалық бұйымдары ашылған түрде сөрелерде немесе партия бойынша төсемдерде сақталсын. Жеңді гидравликалық сынақ кезінде 10 минутқа дейін қысымда ұстау керек. Сынақ уақытында бұйымдарда тесіктер, ісінулер мен тамшы түріндегі сұйықтың пайда болуы көрінбеуі керек.

98. Арнайы өңдеудің жиынтығын жылу берілмейтін үй-жайларда немесе ашық алаңдардағы бастырма астында сақтауға рұқсат етіледі.



10. Арнайы мүлікті қабылдау және босату.
99. Сақтауға түскен арнайы мүлікті қабылдау үшін ұйым басшысы болып тұрақты жұмыс істейтін қабылдау комиссиясы тағайындалады.

100. Бұйымдарды қабылдау өндірістік-техникалық мақсаттағы өнімдерді қабылдау тәртібімен және өнімді жеткізу шарттарымен жүргізіледі.

101. Жеткізіп берушіден арнайы мүлікті қабылдау кезінде қабылдаушы орында ораудың, ыдыстың, пломбалардың бүтіндігін және ілеспе құжаттарда көрсетілген салмақтың және орындар санының сәйкес келуін тексеруі қажет.

102. Зақымдалған ыдыс, орау, орындардың жетпеуі немесе салмақтың сәйкес келмеуі табылған жағдайда қабылдап алушы жүкті шығармай тұрып жеткізушіден тауарды тасымалдау жүккұжатында белгіні немесе актіні жасауды талап етуге міндетті.

103. Сақтауға түскен арнайы мүліктерді комиссия түскен сәттен бастап 5 тәуліктен кешіктірмей қабылдап алуы тиіс.

104. Қабылдау комиссиясы бұйымдарды қолданыстағы мемлекеттік стандарттарға немесе техникалық шарттарға тура сәйкес саны, сапасы, жиынтығы бойынша сондай-ақ, жеткізілген өнімнің (техникалық паспорттардың, арнайы мүліктің формуляры, химиялық талдаудың қорытындысының, сапа туралы сертификат, шот-фактура, ерекшеліктерінің және т.б) сапасы мен жиынтығын куәландыратын ілеспе құжаттар бойынша қабылдайды. Көрсетілген ілеспе құжаттардың немесе олардың кейбіреулерінің жоқтығы өнеркәсіптен түсетін өнімдерді қабылдауды тоқтатпайды; жетіспейтін құжаттар жеткізуші ұйымнан сұралады.

105. Қабылдау акті әрбір есеп немесе фактура бойынша жеке екі данада жасалады; актінің бір данасы арнайы мүлікті сақтауға қоюға ресімдеу үшін ұйымға ұсынылады.

106. Егер мүлік бір жеткізушіден бірнеше есептермен немесе фактуралармен бір уақытта қабылданса, жалпы қабылдау актісін жасауға рұқсат етіледі.

107. МЕМа (техникалық жағдайға) талаптарына түскен өнімнің, ыдыстың, ораудың жиынтық немесе бүркемелеу санында, сапасында, немесе сапаны куәландыратын бүркемелеуде және ілеспе құжаттарында көрсетілген ерекшеліктерінде сәйкессіздік табылса арнайы мүлікті қабылдау тоқтатылады. Алушы бұйымдарды қабылдауды және екі жақты актіні жасауды жалғастыруға қатысу үшін жіберушінің өкілін немесе өндірушіні шақыруға міндетті.

108. Сақтау орнының бастығы қабылдау актісі негізінде сақтауға сандық есеп карточкасы бойынша арнайы мүліктің түскен құралдарын кіріске енгізеді және оларды аты, көлемі, сұрыпы, маркасы, партиясы бойынша салынады.

109. Карточка бойынша бұйымдарды кіріске енгізу мен есептен шығару қоймаға ұйым қызметімен берілген тауар құжаттамасы(жүкқұжаттамасы) негізінде операция жасалған күні жасалады.

110. Бақылау нәтижелері негізінде физикалық сынақ және химиялық талдау жүргізу үшін үлгі және сынама ретінде берілген ұзақ сақтаудағы бұйымдар сақтауға қойылады немесе есептен шығарылуға әзірленеді. Есептен шығарылған бұйымдар тең мөлшерде сақтауға толысады.

111. Сынаққа немесе талдау жүргізуге берілген сондай-ақ хаттық бұйрықтарға сәйкес жүкқұжаттамасы бойынша жіберілген (берілген, есептен шығарылған) арнайы мүліктің саны есеп карточкасында көрсетілуі тиіс.

112. Арнайы мүлікті беру туралы тиісті органнан белгіленген тәртіпте нұсқаулар алған кезде сақтау орнының бастығы мүлікті беруге әзірлейді.

113. Арнайы мүлікті беру белгіленген үлгіде алушыларға сенімхатты көрсету кезінде жүкқұжаттамасы бойынша жүргізіледі. Мүлік берілуге кезектілік тәртіп бойынша барынша қысқа мерзім ішінде дайындалады. Жүк құжаттамасының екі данасында «шынында босатылды» бағаны толтырылады.

114. Ұйымның өкілі, арнайы мүлікті алуға жауапты жүк құжаттамасының екі данасына да қол қойылады,біреуін өзіне алады, екіншісі жоғары тұрған ұйымға жіберіледі.



11. Арнайы мүлікті жаңарту және ауыстыру
115. Сақталудағы арнайы мүліктің жоғары сапасын ұстап тұру мақсатында оны уақытылы жаңартып және ауыстырып тұру қажет.

Арнайы мүліктің санаттар – олардың техникалық (сапалы) жағдайына байланысты белгіленген есептік мінездемелер. Құралдардың радиациялық және химиялық қорғалуын санатталуы олардың санаттарын белгілеу және құжаттамалық рәсімдеу немесе осы басшылыққа 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бір санаттан екінші санатқа өту мақсатында өткізіледі.

Қорда тұрған мүліктер шекті сақтау мерзімінің бітуі бойынша, сондай-ақ мемлекеттік стандарттармен немесе техникалық шарттардың нормативтік көрсеткіштерінен ауытқығаны көрінген кезде жаңартылуға жатады.

ГП-5, ГП-7, ПДФ-Д(Ш) және ПДФ-2Д(Ш) үлгідегі сүзгіш бастұмылдырықтар(азаматтық, балалардың), КЗД-4 (КЗД-6) үлгідегі балаларды қорғау камерелары ДПГ-3 үлгідегі қосымша патрондар үшін жеке қорғау құралдарын сақтаудың шекті мерзімі осы нұсқаулыққа 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 25 жылды құрайды.

Сақтаудың кепілдік мерзімінің бітуі бойынша зертханалық сынақтарды өткізу мерзімдері: бірінші рет - сақтаудың кепілдік мерзімінің бітуіне дейін алты ай ішінде; екінші рет - сақтау кепілдік мерзімі біткен соң бес жылдан соң және бұдан әрі осы басшылыққа 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша зауыттық партиядан іріктеп алынған бес бастұмылдырықтан, қосымша патрондардан және 2 балалардың сақтау камералары үш жылда бір рет.

116. Ауыстыруға тікелей мақсаты бойынша пайдалану үшін жарамсыз және моральдық ескірген ретінде жабдықтан алынған мүлік жатады.

117. Жаңарту мен ауыстыруға жататын мүліктің есебі қоймада есептік карточкаларда жүргізіледі. Есеп деректерінің негізінде қойма қорек көздері мен басқа да мүліктерді жаңартуға өтінім жасайды.

Жаңартудың уақытылы және толық орындалуына тиісті деңгейлердегі қойма меңгерушілері мен Азаматтық қорғаныс бастықтары жауапты.



12. Арнайы мүліктің есебі
118. Ұзақ сақтауда тұрған арнайы мүлік жөніндегі есеп және есептілік, оның қайта бағалануы арнайы нұсқаулықтармен белгіленген нысан және мерзімі бойынша кіріспелерінде қойма бар кәсіпорындармен, (ұйымдармен) Азаматтық қорғаныс бастығы жүзеге асырады.

119. Қоймада арнайы мүліктің барын есептеу карточка бойынша жүргізіледі. Мүліктің кірісі, кепілдікке беру, босату, ауыстыру, жаңарту немесе есептен шығару туралы карточкалардағы операция кіріс-шығыс құжаттардың негізінде осыларды іске асыру күні жүзеге асырылады.

120. Бухгалтерлік және қоймалық есепті салыстырып тексеру жылына екі рет -1 шілдеде және 1 қаңтарда жасалады. Салыстырып тексеру актісінде айырмашылық белгіленеді және оларды жою шаралары қабылданады.

13. Арнайы мүлікті сақтау, жаңарту, ауыстыру,

және есеп бойынша лауазымды тұлғалардың міндеттері
121. Кәсіпорынның (ұйымдардың) басшылары, Азаматтық қорғаныс бастықтары:

мүлікке қажеттілікті және қамтамасыздықты, оның сапалық жағдайы мен жиынтығын тұрақты білу; жинақтау жоспарын уақытылы және толық орындау шараларын қабылдау;

қолданыстағы нұсқаулықтарға және директивалық құжаттарға сәйкес қоймалардағы арнайы мүлікті орналастыруды және сақтауды ұйымдастыру;

арнайы мүлікті беру тәртібі (кесте) мен мерзімін белгілеу;

арнайы мүлікті күзетуді ұйымдастыру;

жылына бір рет арнайы мүліктің барлық түрінің барлығын, жиынтығы мен техникалық жағдайын, тиісті актілерде сақтау шарттарының және есебін көрсетумен тексеруді ұйымдастыру және пайда болған жетіспеушіліктерді жою шараларын қабылдауды ұйымдастыру;

қойма үй-жайларын жөндеуге, жабдықтар мен керек-жарақтарды сатып алуға, жаңарту, ауыстыру бойынша іс-шараларға, сондай ақ зертханалық сынақтарға, арнайы мүлікті тексерумен жөндеуге және қойма қызметкерлерін ұстауға қаржы қаражаттарын жоспарлау;

арнайы мүліктің жеткіліксіздігі, ұрлануы және бүлінуі табылған барлық жағдайда дереу кінәлі адамдарды, мүліктің бүліну немесе ұрлау себептерін белгілеу үшін әкімшілік тергеуді белгілеу және оны дереу толтыруға шаралар қабылдауға міндеттері ұсынылады.

Теріс пайдалану салдары болып табылатын жетіспеушіліктер мен шығындарды белгілеу кезінде тиісті материалдар жетіспеушіліктер мен шығындар белгіленгеннен кейін бес күн ішінде тергеу органдарына беруге жатады;

лауазымды тұлғалардың құқықтары мен міндеттерін және ұзақ сақтаудағы арнайы мүліктердің қоймаларын анықтау;

- тиеу- түсіру жұмыстарын механикаландыру жүйесін тұрақты жетілдіру.

122. Азаматтық қорғаныс қызметтерінің (бөлімдерінің) бастықтары:

ұзақ сақтауға арнайы мүлікті жинақтау жөніндегі ұсыныстарды әзірлеуге;

барлық қоймаларға арнайы мүлікті жаңарту мен ауыстыру жиынтық жоспарын құру, сондай-ақ осы жоспарлар бойынша өтінімдерді ұсыну;

жылына бір рет арнайы мүліктің барлық түрлерінің жиынтығының саны мен сапасының жағдайына, сақтау және тиісті актілерде нәтижелерді көрсетумен оның есеп шарттарына іріктеп тексеру жүргізіп тұру керек, табылған кемшіліктерді жоюға шаралар қабылдау;

қоймаларда арнайы мүліктің мақсаты мен беру кезектілігіне сәйкес орналастыру тәртібін анықтау міндеттері ұсынылады;

АҚ бастығының нұсқауы бойынша кепілдік мерзімге сәйкес арнайы мүлікті жаңарту;

зертханалық сынақтар, құралдарды градуирлеу және консервациялау үшін арнайы мүлікті іріктеуді жоспарлау және жүргізу;

қоймалардан арнайы мүлікті беру тәртібі (кесте) мен мерзімін жоспарлау;

өздерінің міндеттемелерін орындауға қойма қызметкерлерінің әзірлігін жоспарлау және жүргізу;

техникалық қызмет көрсету және арнайы мүлікті қайта консервациялау бойынша жұмыстарды ұйымдастыруда, сондай-ақ мүліктің сақталуын қамтамасыз ететін басқа да жұмыстарды жасауға қойма (сақтау орындары) меңгерушілеріне көмек көрсету;

ұзақ сақтаудағы арнайы мүлікті сақтау және ұстау үздік тәжірибесін жүйелі енгізуге міндетті ұсынылады.

123. Ұзақ сақтаудағы арнайы мүлік қоймасының меңгерушісі кәсіпорын (ұйым) басшысына, Азаматтық қорғаныс бастығына бағынады. Арнайы мүлікті сақтау, ұстау, қор жинау, жаңарту, жөндеу және қоймалық есеп мәселелері бойынша тәжірибелік қызметте ол осы нұсқаулықтың талаптарына сәйкес қызметтердің (бөлімдердің) тиісті бастықтарының нұсқауларын орындайды.

124. Қойма меңгерушісі:

осы нұсқаулықты және басқа да басшылық ететін құжаттарды, ұзақ сақтаудағы арнайы мүліктің барлық түрлерін сақтаудың тәртібін, шарттары мен кепілдік мерзімдерін жақсы білуіге;

осы нұсқаулықтың белгіленген тәртібі мен шарттарына сәйкес арнайы мүлікті уақытында қабылдау, сақтау, есептеу және босатумен қамтамасыз ету, карточка бойынша ұзақ сақтаудағы мүлікке қоймалық есеп жүргізуге; сақталып тұрған арнайы мүлік жинағын, оның жеке түрлерін, сондай-ақ жинаққа кіретін жеке бұйымдарды бірге сақтау тәртібі мен шарттарын білуге;

сақталудағы арнайы мүліктің жиынтығын, оның жеке түрлерінің бірге сақталу тәртібі мен шарттарын, сондай-ақ оның құрамына кіретін жеке заттарды білуге;

арнайы мүліктің әр түрін сақтауға қабылдаудың техникалық талаптарын білуге;

арнайы мүлікке техникалық қызмет көрсетуді, оның сапасын іріктеп немесе жалпы бақылауды ұйымдастыру;

қоймалық үй-жайлардың, жабдықтардың, керек-жарақтар мен өртке қарсы құралдардың жарамдығын қадағалау, қоймалық шаруашылықта табылған бұзушылықтарды дереу жоюға;

сақтау орындарының (қамбашы) меңгерушілерінің қызметтік жұмысын басқаруға;

бір айда бір рет ұзақ сақтаудағы арнайы мүлікке тексеру жүргізуге;

- қойманың сақтау орындарына тек қана кәсіпорынның (ұйымның) басшысының, Азаматтық қорғаныс бастығының рұқсатымен тексерушілерді және басқа да адамдарды жіберуге;

қоймада арнайы мүлікті (жинақ, партия бойынша және т.б.) орналастыру жоспарының және бекітілген кестеге сәйкес беру сызбасының болуына;

қойманың жұмысын жоспарлауға;

қойманың барлық қызметкерлерінің өздерінің лауазымдық міндеттерін, қойма жұмысы жөніндегі нұсқаулық пен нұсқауды орындауын қамтамасыз етуді және бөгде адамдардан сақтауда тұрған арнайы мүліктің номенклатурасы мен санын қатаң құпияда сақтауды;

қойманың, жолдардың, мүліктердің жай-күйі, өртке қарсы жағдайы мен кемшіліктерді жою бойынша қабылданған шаралар туралы ұйым(кәсіпорын) басшысына күн сайын баяндауға міндетті ұсынылады.

125. Сақтау орнының меңгерушісі (қамбашы) қойма меңгерушісіне бағынады, материалдық - жауапты тұлға болып табылады және:

сақтауда тұрған мүліктің бары мен сапалы жағдайына, сақтау орындарындағы және оған іргелес аумақтардағы өрт қауіпсіздігі шараларын сақтауға, сондай-ақ өрт және басқа да керек-жарақтардың жағдайына, сақтау орнындағы қауіпсіздік техникасының ережелерін орындауға жауапты.

Сақтау орнының меңгерушісі (қамбашы):

Осы нұсқаулықтың талаптарын нақты білу және орындауға;

сақтаудың рұқсат етілген мерзімдерін білуге және сақталып тұрған арнайы мүліктің жиынтығын, жиынтыққа кіретін жеке заттарды бірге сақтау тәртібін білуге;

қойма меңгерушісінің нұсқауы бойынша тиісті есеп құжаттарын міндетті ресімдеумен арнайы мүлікті қабылдауға және беруге;

ұзақ сақтаудағы арнайы мүліктің қоймалық есебін жүргізуге;

сақтау орнында арнайы мүлікті сақтау үшін үнемі жақсы жағдайдың (температура және ауа ылғалдығы) сақталуын қадағалауға;

қолда бар жабдықтардың, құрал-саймандардың және өртке қарсы керек-жарақтардың бары мен жарамдығын қадағалауға;

арнайы мүліктің штабельдерін апта сайын тексеруді жүргізуге және сақтау орнында тиісінше тәртіп пен тазалықты ұстауға;

арнайы мүлікті орналастыру қоймалық жоспарынан үзіндінің және оны беру сызбасының болуына;

сақтауда тұрған арнайы мүліктің номенклатурасы мен санын жария қылмауға міндетті ұсынылады.

14. Қоймада жұмыс жасау кезіндегі қауіпсіздік техникасының

негізгі ережелері
126. Сақталып жатқан арнайы мүліктің номенклатура есебінен, сақтау шарттарымен ұйымның басшыларымен бекітілетін қауіпсіздік шаралары жөніндегі нұсқаулық әзірленеді. Нұсқаулықтың бірінші данасы қауіпсіздік шаралары жөніндегі нұсқама журналына салынады, ал екіншісі – құжаттама тақтасына (сақтау орнының көрінетін жеріне, жұмыс алаңына және т.б) ілінеді.

Қауіпсіздік және еңбек қорғау шаралары жөніндегі көрнекті үгіт (плакаттар, ескертетін жазулар және т.б) пайдаланылады.

127. Сақтау орнының бастығы әзірленген нұсқама бойынша қол хат алу арқылы қауіпсіздік шараларын сақтау жөнінде тұрақты жұмысшылардың (ұйым бойынша бұйрық беріледі) тұрақты нұсқамасын ұйымдастырады және өткізеді. Қосалқы жұмысшыларды жұмысқа жіберу олардың қауіпсіздік шаралары жөніндегі нұсқаулық білуіне сынақ тапсырғаннан кейін ғана жүргізіледі.

128. Жәшіктік ыдыстағы жүкті тиеу-түсіру жұмыстары міндетті түрде қолғаптармен және арнайы киімдерде жасалады. Қолмен жәшіктерді ауыстыру бір жұмысшыға рұқсат етілген жүктің салмағының нормасы шегінде жасалады. Жәшіктерді қалау штабельдерде жеке жәшіктердің қиғаштығынсыз және шығып тұрған бұрыштарынсыз жасалады; штабельдер мықты болуы тиіс.

Жәшіктерді өткелдерде жинап қоюға, жұқа тақтадан жасалған жәшіктерге қоюға;

басқыштар астында тұруға, көлікте жүктердің қозғалысын қадағалаусыз қалдыруға;

регенеративті патрондармен іске қосқыш брикеттерді бір орауда тиеуге тиым салынады.

129. Регенеративті патрондарды, іске қосқыш брикеттерді және оттекті қосымша беру брикеттерін жою бойынша барлық жұмыстар регенеративті заттардың теріге тиюіне жол бермейтін, қорғайтын костюмдерде, резеңкелі қолғаптарда және қорғайтын көзілдіріктерде жасалады.

Регенеративті патрондарды, іске қосқыш брикеттердің қабын және оттекті қосымша беретін брикеттерді сырлау немесе бояу бойынша жұмыстарды жүргізу кезінде бояудың патронның ішіне кіруін болдырмау керек, өйткені бұл жануға алып келуі мүмкін.

130. Механикаландыру құралдарымен жұмыстарды орындау кезінде әзірленетін нұсқаулыққа кіретін қауіпсіздік шаралары бойынша ерекшелік талаптары көзделеді.

131. «Медведкой» арбасымен жұмыс кезінде оның жүктік платформасының, дөңгелектері мен бекітпе бөлшектерінің жағдайы, саптағы сақтандыратын тұтқалардың жарамдығы тексеріледі.

132. Штабельдерді қалаушылармен жасалған жұмыстан бұрын жүкті көтеру және түсіру механизмінің жарамдығын тексеру қажет. Ерекше назарды тежегіштің жүкті ұстап тұру сенімділігіне аудару керек. Жүкті өздігінен түсіру кезінде көтеру механизмінің тұтқамен соғылудан сақтау керек.

133. Рольгангты монтаждау кезінде тіректерді берік және тегіс орнату қажет, жүк өзінің салмағының немесе үлкен емес күштің әсерінен орын ауыстыра алатындай, жүктің салмағы мен тасымалдау арақашықтығын ескере отырып, жолдардың еңісін анықтау; рольгангтағы жүк біркелкі орналасуы қажет.

134. Транспортерлерді монтаждау (орнату) кезінде еңістің бұрышы рұқсат етілгеннің шегінен жоғары емес орнатылады.

135. Барлық жағдайда жүктермен (әсіресе ауырларымен) жұмыс істеу үшін барынша деңгейде тиісті механизмдерді пайдалану қажет. Механикаландыру құралдарын пайдаланатын адамдар қолданып жатқан механизмдердің құрылымын, оларды пайдалану ережелерін жақсы білуі қажет және жұмыс алдында олардың жарамдығын тексеру тиіс.

136. Қауіпсіздік техникасының үлгілік ережелері әр сақтау орны үшін оның жұмысының, сақталған құралдардың, үй-жайлардың құрылымы және жабдықталуының көлемі мен сипатын ескере отырып, сондай-ақ тиеу-түсіру жұмыстарын механикаландыру құралдарының барлығы нақтылануы және бөлінуі қажет.



15. Биологиялық зақымдалулардан арнайы мүлікті қорғау
137. Кеміргіштердің, жәндіктердің, сондай-ақ микроорганизмдердің (зең саңырауқұлақтары және бактериялар) кейбір түрлері биологиялық зақымдаушылар болып табылады.

138. Биологиялық зақымдаулардан арнайы мүлікті қорғау үшін жүйелі түрде келесі алдын алу іс-шараларын жүргізу қажет:

биологиялық зиянкестермен зақымдалған бұйымдарды сақтауға қойдырмау мақсатында сақтауға түскен бұйымдарды мұқият тексеру;

тесіктердегі бітеуіштердің, қақпақтардың, жапсырмалардың және басқа да қорғау құралдарын орнату, кейбір биологиялық зиянкестер арқылы сақталып тұрған бұйымдарға кіруі мүмкін;

сөрелердің тіреулеріне қорғау күн қағарларды орнату(төменгі кесіндіден еденге дейін ара қашықтық 30см-ден кем болмауы тиіс);

сақтау орны арқылы өтетін желдеткіш тесіктерін және су құбырлары мен және құбырлардың жанындағы тесіктерді 3мм ден көп емес өлшемде сым торларымен және ұялармен жабу;

жылыту жүйесінің едендеріндегі, қабырғаларындағы,қақпаларындағы және құдықтарындағы барлық саңылауларды цементпен немесе сындырылған әйнекпен, сазбен бекіту, есіктердің және қақпалардың жиектерін қаңылтырмен қаптау, есіктердің ойылған тесіктерінде 35-40см биіктікте қаңылтырдан жасалған табалдырықтарды орнату;

сақтау орнын тұрақты жинап тұру, бос ыдыстарды және қоқыстарды уақытылы жою;

сақтау орнын тұрақты желдетіп тұру;

биологиялық зиянкестердің тарататын ошақтар болып табылатын подвалдарды және қол жете бермейтін жерлерді мерзімдік тазалап тұру; сақтау орындарында биологиялық зиянкестерді өзінің иісімен үркітетін иісі аңқыған заттарды орналастыру;

ұсталған құрғақ материалды ағаштан жасалған бұйымдарды (ыдыстың, ораудың және т.б) дайындау және дайын бұйымдарды бояу үшін пайдалану;

сақтау орнын сырт жағынан биологиялық зиянкестерді үркітетін химиялық заттармен өлшеу арқылы өңдеу;

шырпыларды, кепкен ағаштарды, түскен жапырақтардың қоқысын жүйелі жинау;

исі аңқыған заттар сақтау орнының еденінде ағаштың қара майымен немесе ағаштың қара май шайырымен ыдыстарды орналастыру, бұйымдарға нафталинді құю, сақтау орнының сөрелерінде және қабырғаларына нафталинмен қаптарды ілу жолымен қолданылады.



16. Кеміргіштерден қорғау
139. Кеміргіштер брезенттерді, теріні, қағазды, ағашты, резеңкеден жасалған бұйымдарды және полиэтиленді материалдарды, сымдардың оқшаулауларын зақымдайды.

140. Кеміргіштердің пайда болу белгілері ағаш қабырғаларда, едендерде, жәшіктерде тесіктердің, бұйымдарда сипатты зақымданулар, көңдер, іздердің пайда болуы болып табылады.

141. Кеміргіштерден сақтау орындарын қорғау келесі тәсілдер арқылы жүзеге асырылуы мүмкін:

сақтау орындарына, ыдыстарға және бұйымдарға кеміргіштердің кіруін болғызбайтын алдын алу шараларын жүргізу;

механикалық, химиялық немесе бактериялық тәсілдерін пайдаланумен кеміргіштерді үркіту немесе жою бойынша жұмыстарды жүргізу.

142. Жоғарыда көрсетілген тәсілдерді пайдаланумен кеміргіштерден қорғау кешенді әдістерді мақсатқа сай жүргізу:

кеміргіштерден қорғау механикалық тәсілдеріне сақтау орындарының сыртқы қабырғаларындағы аулаушы шұңқырларды орнату, кеміргіштер мекендейтін жерлерге тұзақ, қақпан, тор орнату;

кеміргіштермен күресудің химиялық тәсілдері у сіңдірілген алдамшы жемдерді пайдаланудан тұрады. Едәуір көп таралған у химикаттары болып кеміргіштермен күресте пайдаланылатын: күшәнқышқылды натрий, тышқан уы, көмірқышқылды барий, фторлы натрий, сөндірілмеген әк, фосфорлы қамыр болып табылады.

143. Улы заттарды пайдалану кезінде қауіпсіздіктің келесі талаптарын сақтау қажет:

Қорғау құралдарынсыз жұмыс істеуге рұқсат етілмейді, ерітінділерді әйнек ыдыста дайындау қажет, жұмыстан кейін ыдысты бейтараптандыру керек;

іс-шаралар біткен кезде улау орындарын мұқият тазалау, алдамшы жемдерді жинау және жою керек.

144. Кеміргіштерден химиялық және бактериялық тәсілдермен қорғану бойынша жұмыстарды жүргізу үшін шарт негізінде санитарлық-эпидемиялық қызметтің мамандары тартылады.



18. Зиянкес жәндіктерден қорғау
145. Зиянкес жәндіктер аң терісінен, тоқымадан, теріден, ағаштан және басқа материалдардан жасалған бұйымдарды зақымдайды.

146. Зиянкес жәндіктерге аң терісі немесе тон қара күйесі, көйлек қара күйесі, қайраушы қоңыз, ұзын мұртты қоңыз, қабық құрты қоңызы, термиттер және басқалар жатады.

147. Ораулы ыдыста және машиналардың арнайы жабдығында кішкентай болса да тесіктер мен саңылаулардың болуы зиянкес жәндіктердің кіруіне және бұйым ішінде ұя салуына алып келеді.

148. Зиянкес жәндіктерді жою үшін арнайы гидропульттерден дезинфекциялайтын ерітінділерді оларға шашу немесе газды ағында аэрозол генераторын тозаңдату жолымен үй-жайларды дезинфекциялау тәсілі қолданылады.

149. Дезинфекциялайтын ерітінді ретінде керосинді ерітінді немесе темекі тұнбасы қолданылуы мүмкін.

150. Керосинді ерітінді келесі тәсіл бойынша дайындалады: 80г жасыл сабын 6.6 л қайнаған суда ерітіледі, ерітінді көпірікке айналдырылады, содан кейін оған 8л керосин қосылады; мұндай жолмен алынған ерітіндіге 150л жылы су құйылады.

151. Сақтау орнында дезинфекция жүргізу кезінде арнайы мүлікке дезинфекциялайтын ерітіндінің тиіп кетуінен қорғау шаралары қолданылады.

152. Бұйымның ағаш бөліктерінің зақымдалуы табылған кезде зақымдалған жерлерден бояуды өшіру, ол жерлерді бірнеше рет зарарсыздандырғышпен сіңдіру, сылау және бұйымды толық немесе ішінара бояу қажет.



18.Микробиологиялық зақымдалулардан қорғау
153. Микроорганизмдер әсіресе зең бактериялар мен саңырауқұлақтар тоқыма және полимерлі материалдардан жасалған бұйымдарды, лакталған боялған жабуларды, оптикалық құралдарды, сүректен жасалған бұйымдарды зақымдайды, сондай-ақ әр түрлі материалдардың тотығу үдерісін жылдамдатады.

154. Микроорганизмдердің дамуының сыртқы белгілері болып зеңдердің пайда болуы немесе бұйымның беткі жағында әр түрлі түсті шырыштың пайда болуы болып табылады.

155. Арнайы мүліктің биозақымдалуын болдырмау мақсатында табылған зең немесе шырышты керек емес нәрсемен формалиннің 5% суланған ерітіндісімен уақытында жойып отыру қажет, бұйымды кептіре отырып және микроорганизмдердің (арттырылған ылғалдылық, температура) дамуына ықпал ететін жағдайларды болдырмау бойынша шараларды қолдану;

156. Оптикалық құралдардың бетін этилді спиртпен мерзімді сүртіп тұру керек. Сақтау орнының, ыдыстың және ораудың ағаш конструкциясы мен бөлшектерін дезинфекциялайтын құралдармен (зарарсыздандырғыш) кептіру және сіңдіру қажет.




19. Жеке қорғану құралдарының бастұмылдырықтарын беру
157.Соғыс және бейбіт уақытындағы жеке қорғану құралдарын ұйымдастыру мен беру тәртібі орталық, жергілікті атқарушы органдармен және ұйымдармен әзірленген жоспарлармен белгіленеді.

158. Жоспарлар Азаматтық қорғаныстың тиісті бастықтарымен бекітіледі.



Жоспарларда беру, мерзім пункттері, объект бойынша жеке құралдарды тарату саны мен кезектілігі белгіленеді, қоймалардан алуға және беру пункттеріне жеткізуге, беруді ұйымдастыруға, бастұмылдырықтарды келтіруге және тексеруге, жеке қорғану құралдарын тасу үшін көлікпен қамтамасыз ету және тиеу-түсіру бұйрықтарын беруге жауапты тұлғалар айқындалады.
_______________________





©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет