Қазақстан қауымының жалпы адамзаттық қауымдастыққа кіруі



Дата15.12.2019
өлшемі17.9 Kb.
Қазақстан қауымының жалпы адамзаттық қауымдастыққа кіруі.

«Қоғам түсінігі кең тараған түсінік. Қоғам туралы әртүрлі түсінікте қалыптасқан. Кең мағынасында қоғам деп адамдардың бірлестігі мен олардың бірлесіп өмір сүрген өмірін айтамыз. Бірақ бұл түсінік толығымен мәнін аша алмайды. Өиткені қоғам тек адамға ғана емес, жануарға да, өсімдікке тән нәрсе.Қоғамсыз адам жоқ, адамсыз қоғам жоқ. Адамның міндеті тек қана бала сүйіп, ұрпақ жалғастыру ғана емес, оған жақсы тәрбие беру, үйренген нәрсесін көрсетіп, қоғамды одан ары дамытуға үлес қосу.

Қоғам –бұл ортақ қажеттіліктермен, мүдделерімен және мақсаттарымен біріккен адамдардың саналы ұйымдастырылған мәдени өмірі мен қызметінің формасы. Қоғамның бір сәтте қалыптасуы мүмкін емес. Осы уақытқа дейін қоғам туралы дәл анықтама жоқ.

Теологиялық анықтама бойынша адамды құдай жаратты. Бұл нұсқаны дін қуушылар жақтады.

Лев Николаевич Гумилев жаһандық дүниежүзілік тарих адам қоғамының құрылуынан басталмайды деп есептеді.

Барлық пікір бойынша адам мен қоғам тығыз байланысты. Адамның дамуында тілдің рөлі ерекше. Қоғам дамуы үшін міндетті түрде заттардың аты, адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасы арқылы алға ілгерілейді.

Қоғамның дамуында еңбектің де орны ерекше. Еңбек арқылы адам дамиды, адам арқылы қоғам дамиды. Қоғамды тарих, әлеуметтану, экономика, әлеуметтік психология ғылымдары зерттейді.

«Социология» - қоғам ( лат. societas) және ілім (грек. Iocos ) деген екі ұғымнан құралған. Социология қоғамның қалыптасуын, өмір сүруі мен дамуын айтамыз.

Адамға тән қасиет – болашақты болжау, армандау. Адамның үнемі алға қойған мақсаты болуы керек. Адам сол мақсатқа жету үшін үнемі еңбектенеді. Еңбектің нәтижесінде үнемі жаңарып отырады, алға жылжиды.

Қоғам мынадай салаларға бөлінеді: материалдық-экономикалық, әлеуметтік, саяси, рухани. Бұл салалар қоғамда өзіне тән рөлдерді атқарады. Қоғамдық өмірдің материалдық – экономикалық саласы адамдардың өз өміріндегі қажеттіліктерін қамтамассыз ету үшін жасалатын қажеттілік. Қажеттіліктердің шексіз өсуі адамзат қоғамы дамуының заңы болып табылады. Қоғамдық өмірдің әлеуметтік саласы өздерінің әлеуметтік жағдайларына қарай әлеуметтік топтар, таптар, ұлттардың, қалалықтар мен ауыл тұрғындарының өзара әрекеттестігінің жүйесі ретінде қалыптасады. Қоғамдық өмірдің саяси саласы да таптар, ұлттар да басқа да әлеуметтік топтардың арасындағы қатынастар мен байланысты, бірақ олар мемлекеттік билікті жеңіп алу тұрғысынан қарастырылады. Саяси саланың мемлекеттен салыстырмалы түрде тәуелсіздікке ие болған бөлігі азаматтық қоғам деп аталады. Азаматтық қоғамның құрамына отбасы, діни ғибадатқана , саяси партиялар т. б. кіреді. Азаматтық қоғамның ерекшеліктері мен құндылықтары Батыс Еуропада 18 ғасырда қалыптаса бастады. Мемлекет пен азаматтық қоғам салыстырмалы түрде дербес болғанымен, олар өзара әрекеттеседі, бірін-бірі толықтырылады. Қоғамның өмірінің рухани саласына адамдар арасындағы қоғамның рухани адамгершілікті бейнелейтін қатынастар жүйесі жатады. Оның құрылымдық элементтеріне мораль, дін, саяси сана, ғылым, өнер болып табылады.

1991 жылы желтоқсанда Қазақстан өзінің тәуелсіздігін алды.. Қазақстан бүгінде нарықтық қатынастарға негізделген экономикалы демократиялық, дамушы мемлекет ретінде әлемге танымал болып отыр. Қандай мемлекет болсын тәуелсіздік алғаннан кейін басқа мемлекеттерге өзін таныту үшін күреседі. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін 2000 жылға дейін 138 мемлекет таныды. Оның ішінде 120 елмен дипломатиялық қатынас орнатты. Қазақстан 64 халықаралық ұйымдардың мүшелігіне өтті. Дүниежүзі елдерінің 32-сінде Қазақстан республикасының елшіліктері ашылды. Жаңа Қазақстанның бас қаласы –Астана халықаралық байланыстардың орталығына айналуда. Жиырма жыл ішінде екі жүзден астам мемлекетаралық және үкіметаралық шарттар мен келісімдер жасады. ҚР 1992-жылы БҰҰ мүше болды.

2000 жылы 10 қазанда Астана қаласында Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан мемлекттерінің қатысуымен құрылған Еуразиялық экономикалық қауымдастыққа 2006 жылы 25қаңтарда Өзбекстанда қосылды. Қазақстан Түркиямен тең құқықты келісім шартқа отырды. Барлық қиындықтарға қарамастан Қазақстан әлемдік қауымдастықтың тең құқылы мүшесі ретінде қалыптасты.

Жалпыадамзаттық өркениеттің идеалы болу үшін ұлттың рухани бірлігін жасау арқылы қол жеткізуге болады.

«Зиялы –ұлттық мүдделерді мейлінше бедерлі бейнелейтін әлеуметтік топ», - деп жазды Президент Н. Назарбаев. Бұдан шығатын қорытынды біз үнемі ұлт өкілдері туралы сөз болғанда бірінші орында зиялы қауымды елестетуіміз қажет. Әрине қазақ халқының барлығы маргиналдық топқа жатпайды. Ұлт өкілдерінің арасында жалпыадамзаттық өркениетке де қосыла алатын, өзінің ұлттық болмысынан да ажырамаған адамдар да бар. Зиялының арасынан шыққан, ана тілінде білім алып, ауылдан шықса да, өркениеттен тыс қалмаған; оқуды өзге тілде бітіріп, қалада өмір сүрсе де, ұлттық болмысынан ажырамаған, екі тілді бірдей білетін; екі кеңістікте бірдей әрекет ете алатын зиялы өкілдері бар. Олар үнемі ұлттық болмысқа, жалпыадамзаттық өркениетті қатар алып жүруші, ұлтты келбеттейтін, өкілдері бола алады. Ұлттық психологияның толық белгілерін де осындай топтардан іздеу керек.



Қазақтың ұлттық бірегейлігі Қазақстан Республикасының унитарлы мемлекеті шеңберінде жүзеге асырылады. Қоғам ұлттық мүддені ескерушілер мен ескермеушілерден, дәстүрді сақтаушылар мен сақтамаушылардан т. б. тұрады. Ұлттың арасында ұлтты келбеттейтіндер мен келбеттей алмайтын топтар да бар. Кейде өзінің ұлттық тілінен, мәдениетінен ажырап қалатын адамдар да болады. Өзінің әлеуметтік ортасынан ажырап қалған адамдарды маргиналдық топ деп атаймыз. Қазақ арасында тілі орысша шыққан адамдар маргиналдық топты құрайды. Қалада туып, білім алғандықтан бұл топтың арасында білгір, іскер азаматтар да көп кездеседі.

Тілі қазақша шыққан адамдардың арасында да маргиналдық топтар да кездеседі. Себебі ондай адамдар жалпыадамзаттық қауымда қабылданған құндылықтардан аулақ қалады. Олардың арасында бір ғана қазақ тілін меңгерген адамдар да болады, көпшілігі ауылдардан шыққан азаматтар құрайды. Қазақ халқының арасында өзара былай бөлінуіне себеп КСРО кезіндегі орыстандыру саясатының болуы еді. Қазіргі кезде мұндай топтарды азайту үшін біртіндеп күрес жүргізілуде.

Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет