Қазақстан биоресурстары пәнінен обсөЖ сабақтарының әдістемелік нұсқауы Мамандық: 050113 “Биология ” 3-курстарға арналған Құрастырған аға оқытушы: Шотаева. М. Т. Жетісай – 2007ж Пәннің мақсаты



бет7/8
Дата25.04.2016
өлшемі1.51 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

Г. 12


Д. 8

Қазакстанда өндірістік балықтардың неше түрі бар

А. 150


Б. 480

В. 150


Г. 12

Д. 8


Су және құрлықта жасайтын тасбақа

А. Каспий тасбақасы

Б. Батпақ тасбақасы

В. Шөл тасбақасы

Г. Құрбақалар

Д. Тритон



Құрлықта жасайтын тасбақа

А. Каспий тасбақасы

Б. Батпақ тасбақасы

В. Шөл тасбақасы

Г. Құрбақалар

Д. Тритон



Қазақстанда көп кездесетін қосмекенділер

А. Каспий тасбақасы

Б. Батпақ тасбақасы

В. Шөл тасбақасы

Г. Құрбақалар

Д. Тритон


ОБСӨЖ № 39

ОБСӨЖ тақырыбы: Қызыл кітапқа енген сүтқоректілер.

ОБСӨЖ жоспары:

1.Азия жалпақ құлақты жарқанаты.

2.Бобринский жарқанаты.

3.Кеңқұлақты жарқанат.



ОБСӨЖ мақсаты: Сүтқоретілер мен таныстыру.

ОБСӨЖ мәтіні; Көптісті жертесер – Республикамызда таралу аймағының шетінде сирек кездесетін, тіршілігі толық зерттелмеген түр. Қаптесерге ұқсас кішкентай сүтқоректі Қазақстанда ешуақытта кездескен емес. Оның сүйектерінің қалдығы Үстірттің солтүстігіндегі тік жарлар мен Арал теңізінің солтүстік-батыс жағалауында жыртқыш құстардың саңғырықтарынан ғана табылған. Бұл көптісті жертесердің Қызыл кітап бетінен алатын орнын анықтау үшін оны іздеуді әрі қарай жалғастырып, тіршілігін зерттеу керек.

Жұпар – саны ұдайы азайып бара жатқан ұлпа терілі сирек кездесетін сүтқоректі. Қазақстанда тек Жайық өзенінің алқабында ғана мекендейді. Аздап Еділ өзені атырауында кездесіп қалады. Соңғы кезде Қостанай облысының территориясына Россиядан ене бастады. Саны қасақылық пен ол мекендейтін су қоймаларының жағдайына байланысты өзгеріп отырады. Қазіргі бар қорықшаларда жұпарларды қорғауды күшейту және Үй-Тобыл қорықшасын ұйымдастыру, жер суару жұмыстарын реттеу, суды ластанудан сақтау керек.

Иконников жарқанаты – Республикамызда тіршілігі белгісіз жарқанаттардың бір түрі. Қазақстанда тек Алтайда ғана бірнеше рет кездескен. Саны мен тіршілігі әлі зерттелмеген. Қорғау шаралары дайындалмаған. Тіршілігін зерттеп, оның Қызыл кітаптан алатын орнын анықтау қажет.

Азия жалпақ құлақты жарқанаты – тіршілігі зерттелмеген жарқанаттардың бірі. Қазақстанда бар-жоғы екі рет Іле Алатауының (Алматы облысы) шығыс бөктерінде ғана ұсталған. Саны және оған тигізетін әсерлер жайында деректер жоқ. Бұл түрдің таралуы мен тіршілігін зерттеп, оның Қызыл кітаптан алатын орнын анықтау және қорғау шараларын ұйымдастыру керек.

Бобринский жарқанаты – Сирек кездесетін жарқанат. Қазақстанда солтүстік Арал өңірі мен Торғайдан бастап Бетпақдала мен Қарағандының оңтүстігіндегі шөлді аудандарды мекендейді. Санының төмен болу себептері анықталмаған.

Ақбауыр жарқанат – Қазақстанда екі жерден үстірт пен Шымкент маңындағы Қаратаудан ғана ұсталған. Республикамызда бұл жарқанаттың саны мен тіршілігі белгісіз.

Кеңқұлақты жарқанат – Қазақстанда таралу аймағы Жамбыл және Оңтүстік қазақстанның облыс территорияларында 3 рет ұшырасқан. Саны мен тіршілігі зерттелмеген.

Қызыл қасқыр – Қазақстан территориясында жойылып кеткен. Себебі, аты аңызға айналған бұл жыртқыш 40 жылдан бері мекендеген жерлерден (Тянь –Шань, Алтай таулары) кездескен жоқ.Қазақстандағы хайуанаттар бағында қолдан өсіруді қолға алып жатыр.

Орта Азия өзен құндызы – бұл Іле Алатауының шығысының кейбір жерлерінде, Жоңғар Алатауы мен Іле өзенінің алқабында ғана сақталып қалған. Шарын өзенінің төменгі ағысы мен Жоңғар Алатауындағы Өсек өзенінің бассейіндегі су қоймаларында қорықшаларда ұйымдастыру қажет болып-ақ отыр.

Шағыл мысығы – аздаған мысықтар тек Үстірт пен Қызыл құмда ғана мекендеген. Санының азаю себебі – қадлың қарлы қатал қысты жылдары азық қорының азаюы оған қоса адамның тікелей қызметтері әсер етеді.

Қарақал – Үстіртте тараған, ертеде Қызыл құмда мекендеген. Санының аздылығы соншалықты түрі жойылып кеткен. Себептері басқа да мысықтарға әсер ететін факторлар. Қазіргі таңда арнайы зоологиялық қорықшаларда сақталуда.

Бессаусақты ергежейлі қосаяқ – сирек кездеседі. Солтүстік Балқаш өңіріндегі шөл аймақтарда мекендеген. Тіршілігі зерттелмеген, саны әзірге белгісіз.

Глоссарий:


Роборовский атжалманы, Гептнер ергежейлі қосаяғы, Көк суыр, Үнді жайрасы, Қаратау арқары, Қызылқұм арқары.

ОБСӨЖ № 40

ОБСӨЖ тақырыбы:Қазақстанның терісі бағалы және аңшылыққа жарайтын аңдар. Жабайы мысықтар.

ОБСӨЖ жоспары:

1.Мәлін


2.Қамыс мысығы.

ОБСӨЖ мақсаты: Жабайы мысықтармен таныстыру.

ОБСӨЖ мәтіні: Дүние жүзінде жабайы мысықтардың 35 түрі тараған, соның Қазақстанда 8 түрі кездеседі.

Жабайы мысықтардың барлық түрі – терісі бағалы аңдар. Әсіресе сілеусін, жорлбарыс, қабылан және барыс.Мысықтарда жыртқыштарға жатады.



Сілеусін – бұл ірі жыртқыш, мысықтың бір түрі. Денесінің ұзындығы 80 –105 см, құйрығы 20-31 см, биіктігі 60-65 см салмағы 8-19 кг дейін жетеді. Түсі ақшылдау,құлағында шашақталған қара қылшығы бар. Құйрығы келтеленген ,ұшы қара қоңыр келеді.Денесі қысқалау болғанмен аяғы мықты, едәуір ұзын, табаны жалпақ.Сілеусіннің көру, есту және сезу мүшелері айрықша жақсы жетілген. Олар нашар жүгіреді, оның есесіне ағаштарға және биік тастарға тамаша өрмелейді және жақсы жүзеді.Сілеусін өте шапшаң және айлакер аң.Сілеусін Сібір, Кавказ, Орта Азия тауларында және Қазақстанда таралған.Біздің өлкемізде сілеусіннің екі түрі бар; кәдімгі және орта азия сілеусіні.Кәдімгі сілеусін Қазақстнның солтүстік және орталық бөлігінде, Оңтүстік және Аалтайда кең тараған.Ал орта азия сілеусіні негізінде Орта Азияның, Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік –шығыс жағындағы таулы аймақтарда таралған. Сілеусін қыс айларында қараңғы түскен мезгілде қорек іздеуге шығады, ол күндіз тастардың немесе бұталардың арасында демалып жатады. Жаз айларында басқа мысықтар сияқты кейде күндіз де аң аулайды. Сілеусін көбінесе ақ қоян, таутеке, елік, бұланға, құстардан; қырғауыл, құр, шіл, кекілік, кездері болады. Олар үңгір мен жартастың астында, ағаштың қуысында балалайды.Ол май ішінде 2-3 күшікке дейін табады. Балалары 10 –12 күннен кейін көзін ашады, енесінің сүтін екі –үш айдай емеді,балалары енесімен бірге жүріп аң аулауға шығады. Тіршілік ету ұзақтығы 13-14 жыл.

Мәлін – түріне қарағанда үй мысығына ұқсас, тек қана аздап үлкендеу келеді.Денесінің ұзындығы 47-64 см, құйрығы 24-36см салмағы 2-6кг болады. Біздің Республикамызда торғай,Қызылорда, Алматы, Шымкент, Жамбыл облыстарында кедеседі.Бұл облыстарда ол шөлейт аймақтарда көбірек болады.Ол өзен жағасында қамыс –тоғай арасында ,тау бөктеріндегі ормандак суға жақын жерді мекендейді.Ол суда жақұсы жүзеді.Мәлін қараңғы түскен кезде жорытады.Бірақ жаз айларында күндіз де кездеседі.Жыл бойына олар індерін пайдаланады.Індері кең болады,кей уақытта борсықтың індерін кеңейтіп алады және бұтаның, ағаштардың қуыстарын да мекендейді.Мәліннің негізгі қорегі –кеміргіштер мен құстар.Сонымен қатар мәлін бауырмен жорғалаушыларды және қоңыздарды жейді.Ол январь-февраль айларында мауығып,екі айдан кейін 2-5 бала табады.Августтың ортасында жас мысықтар жеке тіршілік ете бастайды.Мәлінің саны кейде тез азайып кетеді.Оның себебі індеттен қырылып қалатын уақыттары болады. Ол жылына екі рет – жазғытқры наурыз айында , ал күзде кыркүйектен бастап түлейді. Бұл мысық әсірсе андатр , қырғауыл , үйректерді жеп , аңшылық шаруашылығына зиян келтіреді. Сондықтан да маусым айында аулап отыру қажет .

Мәлін терісі үшін ауланатын аң. Республика бойынша жылына мәліннің 350-400 дей терісі дайындалады.



Қамыс мысығы. Үй мысығына қарағанда қамыс мысығы үлкен болады. Дене пішіні 57-90, құйрығы 21-31 см/ дей. Жүнінің түсі бірыңғай келеді.. құйрығында білезіктелген үш қара дағы болады. Сілеусін сияқты қамыс мысығының да құлағының ұшында шашақталған қылшығы болады.

Қамыс мысығы Каспий теңізінің батысында солтүстік батыс жағасында Закавказьенің шығысында , Орта Азияда , Қазақстанда таралған . Бұл мысық негізінде Еділ атырауында , Каспии теңізінің жағасында , Амудария және Сырдария өзендерінің жағалауларында тіршілік етеді. Қазақстанда қазіргі кезде қамыс мысығы Сырдария өзенінің бойында және бізге көршілес жатқан Еділ өзенінің жағасында , ал кейде Шу өзенінің бойында кездеседі. Қамыс мысығы өзендердің , көлдердің бойында , теңіз жағасындағы қамыстың , тоғайдың арасында жүреді. Көбінесе ол борсықтың , түлкінің ескі індеріне немесе құрғақ қамысы бар жерлерге ұя салады. Ол сәуір мамыр айларында 5-6 бала табады. Бұл мысық әр түрлі құстармен қоректенеді, әсіресе суда жүзетін құстар мен қырғауылды ұстап жейді.Сонымен қатар қоян мен ұсақ кеміргіштерді де аулайды.

Қамыс мысығы Қазақстанда сирек кездесетіндіктен оның шаруашылықтық маңызы онша емес . Аң терісін дайындау мекемелеріне оның терісі өте сирек түседі. Өңделген терісі әйелдердің ішігін жасауға жұмсалады.

Реферат тақырыптары:


1.Қазақстанның терісі қымбат және кәсіптік аңшылыққа жарайтын аңдары.

2.Қазақстанның кәсіптік – аңшылық құстар түрлері.

3.Қазақстанның қорықтары.

4.Қорықтарға енген өсімдіктер мен жануарлар.

5.Кеуел (дәрілік өсімдік).

ОБСӨЖ № 41

ОБСӨЖ тақырыбы: Терісі бағалы аңдар. Қояндар.

ОБСӨЖ жоспары:

1.Қоян түрлері.

2.Ор қоян.

3.Ақ қоян.



ОБСӨЖ мақсаты: Қояндармен таныстыру.

ОБСӨЖ мәтіні: Қазақстанның кең – байтақ жерінде ақ, ор және құм қояндары таралған . Қояндар еті мен терісіне бола ауланатын аң. Тіркелген аңшылық шаруашылықтарында қояндар әсіресе ор қояндар өсіруге өте тиімді және өсімтал келеді. Мұндай қаяндар қорын молайтуға бағытталған биотехникалық (үстеме , жем беру, олардың жыртқыш жауларына қарсы жем беру) шараларды жүзеге асырып отырса , қысқа уақыттың ішінде қояндардың санын көбейтіп кәсіптік жолмен ауланатын аңдардың біріне айналдыруға болады.

Қояндарды өсірудің жолы – оларды мекендеуге қолайлы жерлерге жерсіндіріп , көптеп тарату болып саналады. Біріншіден , қояндарды сирек кездесетін жерлерге жерсіндіру. Екіншіден оларды жаңа жерге үлкен топ қылып жіберген дұрыс . Міне осындай шаралар ұқыптылықпен , шаруақорлықпен жүзеге асырылса күнде табиғатымыздың бағалы жануарлар байлығын қорғап , молайта беруге қолайлы мүмкіндік туады.



Ор қоян – қояндардың ішіндегі ең ірісі . Денесінің ұзындығы 53-59 сантиметрдей , салмағы 4-7 килограмдай болады. Ақ қоянға қарағанда ор қонның құлағы ұзындау және жиегі қара келеді. Құйрығының үстіңгі жағындағы қара жолақ жазы –қысы сақталады.

Ор қоян Қазақстанның батыс және солтүстік бөлігінде кең таралған .Әсіресе бұл қоян Орал , Ақтөбе , Жезқазған Қарағанды , Повладар Торғай, Көкшетау және Солтүстік Қазақстан облыстарында Ор қоянының саны аз .

Ор қояны көбінесе ашық , далалы жерлерде сирек шоқ тоғайдың арасында , өзеннің жайылмасында , шоқ- шоқ бұтаның арасында , жыра бойында , көлдің жағасында мекендейді. Құмды жерлерде сексеуіл жыңғыл сияқты бұталы ағаштардың арасында жүре береді. Маусымға байланысты ол мекенін өзгертіп отырады. Жайық өзенінің жайылмасында көктемде және жазда шоқ терек шетінде , бұталардың арасында , қамысты жерде жиі болады. Оның себебі бұл қоныстарда жасыл, құнарлы шөп көпке дейін сақталады. Сонымен қатар жейтін азығына және ауа райына байланысмты ор қоян қоныс аударады .

Ор қоян ымырт жабылған кезде және түнгі мезгілде тіршілік етеді. Күндіз әр түрлі ағаштардың немесе бқталардың арасында тығылып жатып , қараңғы түсісімен жайылада Оларды күндіз сирек кездестіруге болады. Ор қоян тез қозғалатын және жылдам жүретін аң. Ол сағатына 55- 70 километрге дейін жылдамдықпен жүгіре алады. Өсіп - өну кезінде ін қазады. Қысы қатты , қар қалың және жел болған жылдары індерінде тұрақтайды. Ол жер бетінен 1-2 метр тереңдікке дейін кетеді.

Ор қоян өсімдіктердің 40- қа жуық түрімен қоректенеді Сапалы шөпті, әсіресе астық тұқымдас өсімдіктерді жейді және жас ағаштардың бұталарын , қабықтарын кеміреді. Бұл қоян күніне 600-650 грамм шөп жейді. Қоректенуі де маусымға және ауа райына тікелей байланысты.

Ор қоян жылына екі- үш рет балалайды. Әр қоян жыл сайын орта есеппен 10-12 көжек туады. Ор қояндар 12 жылға дейін тіршілік етеді. Олар жылына екі рет көктемде және күзде түлейді.

Бұл қоян еті мен терісіне бола ауланады.

Ақ қоян Қояндардың ішіндегі мөлшері жағынан орташасы. Салмағы 2,5-5,5 килограмдай болады. Басқа қояндарға қарағанда ақ қоянның біраз өзгешіліктері бар. Мысалы жаз айларында жүні сұрғылт қоңыр болып , ал салқын түсе бастағанда тек құлағының ұшында ғана қара дақ қалып, басқа жері аппақ болып өзгереді. Ал құлағы ор қояндікіне қарағанда қысқалау . Қазақстанның көптеген жерінде ақ қоян ор немесе құм қояндарымен бірге жүреді. Сондықтан жоғарыда айтылған өзгешіліктері арқылы ғана оларды бір-бірінен ажыратуға болады.

Ақ қоян негізінде Қазақстанның солтүстік және солтүстік шығыс бөлігінде таралған Ол Қостанай , Солтүстік Қазақстан , Көкшетау орманды дала аудандарында және Семей Қарағанды , Шығыс Қазақстан облыстарының таулы аудандарында көп кездеседі. Бұл қоян өсімдіктің 40-қа жуық түрімен қоректенеді.Ол жаздыгүні көбінесе түрлі шөптермен саңырауқұлақтармен және жидектермен қоректенеді. , ал қыстыгүні көбінесе жас ағаштардың бұтағын, қабығын азық етеді.Қоян қорегін түнде аулайды. Тек жазда түн қысқа уақыттарда ғана суаттардың маңында оның жайылып жүргенін күндіз көруге болады.Ақ қоян да басқа қояндар сияқты жылына 2-3 рет көжектейді. Әр туғанда 3-тен 10 –ға дейін орта есеппен тіршілік етеді. Олар жылына екі рет көктемде және күзде тулейді.

Ақ қоян да дәмді еті мен терісіне бола қыста ауланады.

Құм қояны- қояндар ішіндегі ең кішісі. Салмағы 1,5-2,5 килограмдай ғана болады. Ол республикамыздың территориясында шөл аймақтарда және Тянь- Шань тауының етегінде таралған . Өзінің аты көрсетіп тұрғандай , қоянның бұл түрі оңтүстік бөлігіндегі шөл аймақтардағы құмда көп кездеседі. Ол әсіресе Қызылқұмда , Қарақұмда және Мойынқұмда жиі қоныстанады. Оның қоры Іле өзенінің атырауы мен Балқаш көлінің төңірегінде көп Шөл аймақтағы құмды жерлерге қарағанда сулы аудандардағы өзендердің бойындағы құм қояндарының көбірек кездесетіндігі анықталып отыр. Мәселен Мойынқұмда бір шаршы километр жерге 2 қояннан , ал Шу өзенінің жағасында осындай жерге 13 аңнан келеді

Құм қояндарының мекендері- төбе –төбе құ сексеуіл , жыңғыл сияқты ағаштардың арасы , көлдердің жағасындағы , қамысты сортаң жерлер . Әсіресе олар әр түрлі бұталы ағаштар өскен су жағасында көбірек мекендейді. Өйткені мұндай өңірлерде қоян жейтін жыңғыл , шеңгел сияқты бұталармен қатар жусанның түр – түрі сораң алабота қаулап өседі. Құм қояны жатағынан жер бетіне көбіне түгі мезгілде шығады.

Бұл отырықшы тіршілік ететін аңның бірі . Сонымен бірге жыл бойына және маусымға байланысты ол жақын жерлерге қонысын ауыстырып отырады. Жаз айларында су қояны су бойына жақын , қамыс өскен жыңғылды бұталар арасын мекен етеді Өйткені ол кезде су маңы салқындау болады да , аң шілденің қайнаған ыстық күндерінде одан жақсы сая табады. Ал аязды қыс айларында сексеуіл өскен құмға қоныс аударады .

Құм қояны өсімтал келеді . Ол да басқа қоян түрлері сияқты жылына екі – үш рет көжектеп , әр туғанда 1- ден 9- ға дейін , көбінесе 4-6 көжек табады. Сөйтіп әрбір ұрғашы қоян орта есеппен 12-15 көжек береді .

Сөйтіп Қазақстанның кең – байтақ даласында қоянның үш түрі тараған Олар ор қоян , ақ, және құм қояндары. Бұлардың біріншісі батыс , екіншісі-солтүстік ал үшіншісі – оңтүстік облыстардың жерінде көбірек кездеседі,

ОБСӨЖ № 42

ОБСӨЖ тақырыбы: Терісі бағалы аңдар. Кемірушілер.

ОБСӨЖ жоспары:

1.Ондатр.

2.Ақ тиін немесе тиін.

ОБСӨЖ мақсаты: Терісі бағалы аңдармен таныстыру.

ОБСӨЖ мәтіні: Кеміргіштер немесе кемірушілер – жер жүзінде өте кең таралған аңдар . Мұнда кеміргіштердің 2 мыңдай түрі бар.

Кеміргіштер жан-жақты маңызы бар аңдар. Олардың көптеген түрі ауыл шаруашылығының , әсіресе егіншілік пен орман шаруашылығының зиянкестері. Ал Біраз түрі жұқпалы ауру да таратады. Сондықтан да кеміргіштердің зиянды түрлерінің санын тежеудің тиімдісі – оларды маусым сайын терісі үшін кәсіптік жолмен аулап отыру қажет.

Кеміргіштердің арасында терісі бағалылары да бар . Оларға ондатр , ақтиін , суыр , зорман, сарышұнақ , саз камшаты сияқты кеміргіштер жатады. Сонымен қатар кеміргіштердің көптеген түрі – терісі бағалы жыртқыш аңдардың жемі.

Қазіргі кезде біздің өлкемізде кездесетін кеміргіштердің 35-40 тай түрі әр түрлі маусымда терісіне бола ауланатын аңдардың қатарына жатады.



Ондатр – Бұл аңның отаны- Солтүстік Америка . Игерілмей жатқан Қазақстан суларында ондатрды жерсіндіру 1935 жылы Сырдария және Іле өзенінің бойына 571 ондатрты жіберу арқылы болған . Өмір сүруіне қолайлы ортаға жерсіндірілген аң 37 жыл ішінде республикамыздың барлық өзендері мен көлдерін жайлап алған . Сөйтіп ондатр шаруашылығының өз алдына жеке бір саласы болып бөлініп шыққан .

Ересек ондатрдың денесінің тұрқы 28-35 сантиметр . Ол тіршілігінің көбін суда өткізеді Сондықтан оның тдене құрылысы суда жүзуге бейім тұлғасы білек тәрізденіп келген тұмсығы қоян жырық сияқты. Күрек тістерімен су астында жүріп –ақ керекті қорегін алады. Артқы аяғы үлкен болады. Саусақтарының арасы жарғақ тері арқылы бір-бірімен қабысып тұрады. Ондатрдың құйрығы ұзын келеді де , суда жүзгенде машинаның рулі сияқты қызмет атқарады. Құйрығының түбі дөңгелектеу және қалың жүнді , ал ұшына қарай қысыңқы , сүйір жүнсіз келеді де , мүйізденген қабықпен қапталған.

Ондатрдың жүні тығыз , үлпілдек келеді. Басы мен жота жүндерінің түсі қоңыр , ал бүйір және бауыр жүндері көбіне ақшылдау , күлгін түсті сұр болады.

Ондатр су ішінде өзін балық сияқты еркін сезінеді. . Қалыпты жағдайда ол суда із қалдырмай жүзеді де , қауіпті бір нәрсе сезсе , дереу тоқтай қалып тыңдайды.Бұл аңғ су астымен 100-150 метр қашықтыққа дейін жүзеді. Сондай –ақ су астында 2-4 минут шыдай алады.

Ондатрдың тағы бір ерекшелігі- оның өсімталдығы. Ауа райына байланысты, көктемде өзен-суы мұздан арыла бастағанда топ- тобымен қыстап шыққан ондатрлар жатағын тастап , жаңа мекенге қоныстанады.Ондатрдың еркегі мен ұрғашысы жұптасып тіршілік етеді.

Ондатрдың негізі қорегі – қамыс , құрақ және қоға , Аңға мұндай қамыс құрақты мекендер жақсы қорғаныс та болады . Олар ит тұмсығы өтпейтін қоғалардың арасында жасырынып , жыртқыш аңдар мен құстардан қорғанады.

Ондатр үйшіктерін жүзіп жүрген судағы қопаның суға батқан қамыстың ішіне , түрлі өсімдіктердің түбірлерінің үстіне , судың түбінен бастап 1,5 метр тереңдігіне дейін салады.Үйшік су бетінен 1-1,5 метр көтеріңкі тұрады . Ондатрдың үйшігінің ішінде суға қарай ашылатын жолдары әдетте екеуден кем емес және қуыстары болады.

Ондатр жылына бір рет түлейді . Оның түлеуі көктемге және күзге созылады.

Республика суларына жіберілген ондатрлардың жылдан –жылға көбеюіне байланысты отанымызға қымбат бағалы “жұмсақ алтынды ” көп беретін едге айналып отыр.

Қазір Қазақстанда ондатрды көп беретін жер – Балқаш көлі мен Іле өзенінің көлге құяр сағасы . Республикамызда дайындалатын ондатр терісінің 70-75 пайызын осы шаруашылық береді.



Ақ тиін немесе тиін -орман , тоғайда өсетін терісі бағалы кішкене бағалы кішкене таң, Денесінің ұзындығы 27 сантиметрдей және түсі ақшыл сұр келеді. Құйрығы өте салбыраңқы сұр немесе қызыл сұр .

Бұл аң Семей және Повладар облыстарынң жерінде , Ертіс өзенінің жағалауында қарағайлы ормандарды мекендейді. Олар тез өсіп көбейіп келеді. Қазір бұл аң қарағайлы ормандары бар Қостанай , Көкшетау , Қарағанды облыстарында кең тараған . Сонымен бірге Талдықорған және Алматы облыстарының жыршалы ормандарында да жерсіндірілген .

Ақ тиін кейде шыршалы ормандардан тыс, теңіз деңгейінен 1200 метр биіктікте орналасқан жапырақты ормандарда , кейде , 2600 метр биіктіктегі аршалы бұталардың арасында кездеседі. Оның тіршілік етуіне қолайлы мекен 1600-2000 метр биіктікте өсетін жемісі бар шыршалы орман.

Қазіргі таңда ақ тиін Қазақстанның барлық қарағайлы ормандарынан кездестіруге болады. Мекендейтін жеріне қарай , өсімталдығына және азығына байланысты ақ тиіннің саны өзгеріп отырады.

Ақ тиіндер қарағайдың қалың бұталарының арасында секіріп жүреді. Олар өмірін күндіз ағаш басында өткізсе , ал түнде , әсіресе борандарда және суықтарда өзінің “Гайно ” аталатын жатағында ұйықтайды. Оны қарағайдың жас бұтақтарынан және шыршадан жасайды. Осындай ұясын жерден көбіне 4-12 . кейде 25 метрдей биік ағаштың басына салады. Кейде бұл аң кәдімгі тоқылдақтың ағаштардағы тесіп жасаған ұясына да мекендейді. Олар жейтін аз болған жылдың қысында жатағынан көбіне 400-800 метрге , кейбіреулері 1,5-3 килоиетрге дейін кетіп қорек іздеуге шығады.

Ақ тиіннің негізгі қорегі – қарағайдың дәні , шыршаның жаңғағы, орманда саңырауқұлақтар және жеміс- жидектер. Сонымен қатар ақ тиін құрт –құмырсқа , қоңыз , шегіртке насекомдарды жеп қоректенетіндігі байқалды.

Ақ тиіндер өте өсімтал аң Олар жылына екі рет туады . Бірінші жолы 3-6 ға екінші жолы 2-8 ге деін өсім береді. Бір ұрғашы қа тиін көбею маусымында 7-11 ге дейін бала табады . Бұл аң жыл сайын екі рет –көктемде және күзде түлейді Негізі жаулары ителгі , тұйғын және түлкі.

Ақ тиіннің азайып көбеюі қорегінің мол болуына байланысты . Азық қоры аз болған жағдайда тиіндердің саны да азаяды. Сондай- ақ . азық қөоры аз болған жағдайда ақ тиіндер жаппай бір жерден екінші жерге қоныс ауыстарып отырады.








Коллоквиум сұрақтары:

1.Терісі бағалы саршұнақ.

2.Қызыл кітапқа енген жануарлар.

3.Кіші гірім қорықтар.



ОБСӨЖ № 43

ОБСӨЖ тақырыбы: Терісі бағалы аңдар. Саршұнақтар.

Жоспары:

1.Зорман және балпақ.

2.Қызылұрт саршұнақ.

3.Кіші саршұнақ.



ОБСӨЖ мақсаты: Терісі бағалы аңдар мен таныстыру.

ОБСӨЖ мәтіні: Саршұнақтардың 10 түрі кездесетін болса, соның 6 түрі Қазақстанда кең таралған. Оларға кішкентай, қызылқұрт, қызғылт жирен, ұзын құйрық, саршұнақтар және зорман жатады. Бұлардың басым көпшілігі ауыл шаруашылығына көп зиян келтіретін кемірушілер. Сондықтан оларды жыл сайын аулап, санын азайтып отырудың маңызы зор. Сондай-ақ саршұнақтар көктемде терісіне бола ауланатын аңдар болып саналады. Қазіргі кезде олар ауланатын негізгі хайуанаттар қатарына жатады. Мәселен, соңғы жылдары республика жылына 750-850 мың сомға жабайы аңдардың терісі дайындалатын болса, соның 35-45 проценті саршұнақтардың терісі.

Зорман немесе балпақ – саршұнақтардың ішіндегі терісі ең бағалысы. Сондай-ақ бұл ең ірі саршұнақ. Республикамыздың солтүстік, батыс және орталық аудандарында (Орал, Ақтөбе, Жезқазған облыстарында) дене тұрқы 30-38 сантиметрге, ұзақ ұйқыға кетер алдындағы салмағы 1,5-3 килограмға жетеді. Ал оңтүстік-шығыс аудандарда (Жамбыл, Алматы облыстарында) дене тұрқы 30 см-ден, салмағы 1 кг-нан аспайды. Арқа жоны қара қылшық аралас қоңырлау, бауыр жағы сарғылт болып келеді. Бұл кеміргішті Алматы облысында сартышқан деп те атайды.

Зорман негізінен Гурьев, Орал облысының батыс шекарасынан бастап Іле өзеніне дейінгі аралықта жатқан шөл және шөлейт жерлерді мекендейді. Ол әсіресе Ақтөбе (Ырғыз, Қарабұтақ аудандарында), Жезқазған (Жезді, Ұлытау аудандарында), Алматы (Жамбыл, Қаскелең аудандарында) облыстарында өте көп таралған.

Зорманның негізгі мекендейтін жерлері – саздылау топырақты шөлді қоныстар, азықтық өсімдік өскен құмдар. Сонымен қатар ол мал фермаларының маңайын, жол мен арық жиектерін мекендей береді.

Мәселен, батыс аудандарда зорман көбінесе құм дөңестер мен олардың ара-арасындағы ойпаң жерлерді, топырағы берік, қатқылдау, жусанды-шөлейтті жерлерді мекен етеді. Ал оңтүстікте бұлардың қалап қоныстанатын жерлері өзен, көл жағалары, тау аңғарлары, сайсалалар, суармалы жерлер және огород, бақшалар. Астықты аудандарда егіс төңірегін, кейде тіпті егістіктің өзін және көп жылдық шөп өскен жерлерді мекендейді. Сондай-ақ орталық аудандарда зорман топырағы берік, қатқылдау көкпекті шөлейттер мен өзен, көл жағаларын да қоныстанады.

Зормандардың тіршілігінің көбі інде өтеді. Мұнда олар балалрынтуады, оларды баулып өсіреді және жазғы-қысқы ұйқысында сонда өткізеді. Жауын-шашын кезінде және жауларынан қорғану үшін де зормандар осы індерге тығылады. Індер уақытша және тұрақты болып екі түрге бөліінеді. Тұрақты індер биіктеу төбешіктер беткейінде орналасады, ішкі құрылысы күрделі келеді. Ондағы ұя камерасы жер бетінен 1,5-3 метрге дейін тереңге кетеді. Уақытша қазған індерінің құрылысы қарапайым, ұя қуысы тайыз болады. Бір аңның қоректенетін жерінде бірнеше уақытша індері болады. Оларды жайылып жүрген кезде қауіпті бір нәрсені сезгенде тығылуға пайдаланады. Зорман інінің аузы көлбеу немесе тік болып жер бетіне шығады. Бұл кеміргіш аузы тік келетін індерді жиі мекендейді. Онда тұрақты тұрып, тіршілік етеді.

Зорман ішінен жер бетіне көбінесе таңертеңгі және кешкі мезгілдерде шығып жайылады. Мұндай бейімделу шөлде, құрғақшылық жерде тіршілік ету жағдайын жеңілдетеді. Бұл кеміргіш өте епті, икемді және сақ келеді. Жайылып жүргенде тосыннан қауіпті жағдай сезіле қалса, шиқылдап бір-біріне “хабар” береді.

Зорман – жазда да, қыста да ұйқыға жататын аңдардың бірі. Батыс және орталық аудандарда балпақ қысқы ұйқыдан марттың екінші жартысында оянса, оңтүстік-шығыста февральдің аяғы мен марттың бас кезінде оянады. Зорманда басқа саршұнақтар сияқты жылына бір-ақ рет ұйығады. Олар жылына орта есеппен 7-9 бала табады.

Зорманның басқа саршұнақтар түрінен бір ерекшелігі – ол жер бетінде небары 3-4 айға ғана болады да, қалған 8-9 айын ұйқымен өткізеді. Бұл жан-жануарлар арасында өте сирек кездесетін құбылыс. Зорман ұйықтап жатқанда оның денесіндегі физиологиялық процесс тоқтамайды. Ол өзінің бойына жинаған майымен қоректенеді. Келесі жылы көктемде оянған кезде олар арып, салмағы едәуір кеміп, әлжуаз күйде тұрады. Оянғанда олардың салмағы батыс және орталық аудандарда 600-700 грамм болса, оңтүстік-шығыста 300-500 грамм ғана болады.

Зорман – кәсіптік тұрғыдан ауланатын терісі бағалы аң. Ол аңшылық шаруашылықтарында маңызды орын алады.

Кіші саршұнақ – саршұнақтардың ішіндегі ең кішкенесі, денесінің тұрқы 17-24, құйрығы 3-4 см. Қысқы ұйқыға кетер алдында салмағы әдетте 300-400 грамнан аспайды. Жотасының жүні сұр, аздаған сары күрең теңбілдері болады. Бауыры ақшыл сары болып келеді.

Қазақстанда бұл кеміргіштердің мекені көп территорияны алып жатыр. Ол Гурьев, Орал, Ақтөбе және Град облысының барлық аудандарында, Целиноград облысының оңтүстігінде, Қарағанды, Жезқазған облыстарының солтүстік және батыс, сонымен қатар Қызылорда облысының солтүстік аудандарында таралған. Әсіресе алғашқы төрт облыстың территориясында кішкентай саршұнақ мекендейтін жерде көбіне бір гектарда 5-тен 35-ке, ал кейде 100-ге дейін саршұнақ кездеседі. Тек Орал облысында ғана бұл саршұнақтың қоры 200 миллиондай.

Ол көбіне сары, сортаңдау топырақты жусанды далаларда өсімдігі сирек жерлерде мекендейді. Сонымен қатар елді мекендердің төңірегіндегі жайылымдық жерлерде, жол бойында және егіс маңында көп кездеседі. Ал кейбір аудандарда күздік бидай және көп жылдық шөп егістіктерінде тұрақты тіршілік етеді. Тың және тыңайған жерлерді игерген аудандарда жыртылмай қалған жерлерді мекендейді. Бұл жерлерде тіпті егістікте де көптеп кездесе беретіні байқалып отыр.

Кіші саршұнақтар шөбі аласа өскен жерлерден ін қазады. Саршұнақтың басқа түрлеріне қарағанда інін көп жылдар бойы пайдаланады. Оны әр жыл сайын тереңдетіп жер бетіне 1-1,5 текше метр топырақ шығарады. Міне, осыдан барып далада төмпешіктер пайда болады, оларды саршұнақ төбешіктері деп атайды. Саршұнақтар мекендеген жерлерді анықтау оңай. Ескі төбешіктердің диаметрі 2-3 метрге, ал биіктігі 50 мантиметрге дейін барады. Егістік жерлерде мұндай төбешіктер болмайды. Төбешіктер саршұнақтың тіршілік етуі үшін үлкен роль атқарады. Көктемнің алғашқы мезгілінде қар еріген уақытта, жауын-шашын болған кезде саршұнақтар осы төбешіктерді мекендеп аман қалады.

Саршұнақтың басқа түрлеріне қарағанда кішкентай саршұнақ інді өте көп қазады. Олардың ескі мекендерінде бір саршұнаққа 10-ден 30-ға дейін ін келеді. Бір гектарда 500-700 інге дейін және 50-80 төбешік кездеседі.

Саршұнақтың уақытша және тұрақты індері болады. Уақытша індер қарапайым келеді. Бұлардың тереңдігі 50-80 см, ұзындығы 80-100 см. Бұл індерін күндіз қоректенуге шыққанда немесе қауіп-қатер төнген кезде пайдаланады.

Саршұнақтар қысқы ұйқыдан көктемде қар кетісімен оянып, тіршілік ете бастайды. Оңтүстік аудандарда март айында оянса, апрельдің бас кезінде оянады.

Бұлардың ұйқыдан ояну кезеңі ауа райына байланысты болады. Егер ауа райы желсіз, күндізгі температура плюс 6-8 градус болса, онда саршұнақтар 10-15 күнде қысқы ұйқыданжаппай оянып, жер бетіне шығады. Ал ауа райы өте салқын (жауын-шашынды, көк тайғақ) болса, көбісі інінде қырылып қалады. Міне, осылайша саршұнақтардың ұйқыдан оянуы 30 күнге дейін созылады. Ұйқыдан оянған кезде еркектері 170-250 грамм, ал ұрғашылары 140-200 грамм салмақ тартады.

Ұрғашылары іннен сыртқа шыққан соң, бірнеше күннен кейін-ақ шағылыса бастайды. Шағылысу кезеңі аяқталысымен бұлар ескі індерін тазалап, кеңейтіп немесе жаңа ін қазуға кіріседі. Балаларын 22-26 күндей көтереді. Балалары қызылшақа, соқыр болып туады. Көздерін 20 күн дегенде ашып, 25 күн шамасында жер бетіне әр іннен 4-5-тен шыға бастайды. Олар алғашқы кезде індерінен алыс кетпей, өсімдіктердің нәзік жасыл жапырақтарымен қоректенеді. Бұл кезде әрбір баласының салмағы 40 г шамасындай болады. Ал салмағы 60-80 грамға жеткен кезде жан-жаққа тарап, өздері ін қазып немесе ескі уақытша індерде тіршілік ете бастайды. Май айының аяғында, июньнің бас кезінде саршұнақтарының еркектерінің салмағы 400-500 грамға, ұрғашыларының салмағы 300-350 грамға дейін жетіп, аз уақыттан кейін қысқы ұйқыға кетеді.

Қызылұрт саршұнақ – кішкентай саршұнақтан сәл ғана ірілеу келеді. Дене тұрқы 23-30, құйрығы 4-8 см. Жотасының түсі сарғылт-қызыл, ара-арасында білінер-білінбес қоңыр дақтары болады. Бауыры ақшыл сары. Бұлардың бір айырмашылығы ұртында жирен дақтары бар.

Қазақстанда қызылұрт саршұнақ негізінен тың және тыңайған жерлерді игерген аудандарда көп таралған. Ол Қостанай облысының солтүстік-шығыс бөлігінде, Солтүстік Қазақстан, Целиноград, Көкшетау, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының барлық аудандарында және Жамбыл, Алматы, Талдықорған облыстарының солтүстігінде кездеседі. Әсіресе Қазақстанның шығысындағы аудандарында бір гектар жерде 10-нан 20-ға дейін саршұнақтан келеді.

Қызылұрт саршұнақтың қорегі өсімдіктердің жапырақ –сабақтары, дәндері және насекомдар. Бұл кеміргіштер шамамен 40 түрлі өсімдікті қорек етеді. Мұның ішінде қара құмықты, көдені, ебелекті, бедені, май таспаны, жусанды, жауқазынды, баданалы қоңырбасты т.б. өсімдіктерді құнығып жейді. Кейде шыбын-шіркейді, әсіресе қоңыздарды, жұлдыз құрттарын, көктемде тіпті өздерінің жаңа туған балаларын да жеп қояды. Қызылұрт саршұнақтың тіршілік жағдайы көбінесе кішкентай саршұнаққа ұқсайды. Бұлар да қысқы ұйқыдан көктемнің басында оянады және ол мекендейтін жерінің жағдайына байланысты болады. Мысалы, солтүстік-шығыста олар март айының аяғында, ал оңтүстікте осы айдың бас кезінде ұйқыдан жаппай оянып, тіршілік қамына кірісіп, жан-жаққа тарайды.

Көктемде қар тез еріп, топырақ тез жылынса, саршұнақтар да жаппай жер бетіне шығып, шағылысады.



Қызғылт жирен саршұнақ – бұл дене тұрқы 25-34, құйрығының ұзындығы 5-9 мантиметрдей біршама ірі келген кеміргіш. Сондықтан оны кейде үлкен саршұнақ деп те атайды. Ұйқыға кетер алдында еркектерінің салмағы 900-1500 грамға дейін барады. Жотасы жылтыр сары немесе сұрғылт қоңыр. Оның екі ұртын қызыл жирен қоңыр дақтар, көзінің айналасын дөңгелене біткен қоңыр сақина тәрізді жолақ қоршап жатады. Саршұнақтың бұл түрін осы белгілеріне қарап оңай ажыратуға болады.

Қазақстанда қызғылт жирен саршұнақ Орал, Гурьев, Ақтөбе, Торғай облыстарының кейбір аудандарында тараған. Оның шығыстағы таралу шекарасы Есіл өзеніне дейін барады.Әсіресе бұл саршұнақтың көп тараған жері – Ақтөбе облысының Мартөк, Ленин, Қобда, Новоресей, Алға аудандары. Мұнда саршұнақ мекендеген жерлердің әр гектарына есептегенде 12-18 қызғылт жирен саршұнақтан келеді. Кей жерлерді кішкентай саршұнақпен бірге мекендесе, кей жерлерде қызылұрт саршұнақ бар жерлерде кездеседі. Бірақ бұлардың мекені басқаша болып келеді. Қызғылт жирен саршұнақ көбінесе далалық аймақтарда қоныстанады.


Бақылау сұрақтары:


1.Зорман немесе балпақ.

2.Терісі бағалы аңдар.

3.Қызыл кітапқа енген жануарлар.

4.Кіші гірім қорықшалар.



ОБСӨЖ № 44

ОБСӨЖ тақырыбы:Терісінен басқа өнімдер алынатын жабайы хайуанаттар.

Жоспары:

1.Халық медицинасында өнімінің маңызы бар жабайы жануарлар.

2. Шипалық қасиеті бар өнім беретін жабайы жануарлардың бірі – аю.

3. Өнімі ғылыми медицинада пайдаланатын жануарлар.



ОБСӨЖ мақсаты:Терісінен басқа өнімдер алынатын жабайы хайуанаттар мен таныстыру.

ОБСӨЖ мәтіні: Қазақстан табиғи ресурстарға мол бай өлкелерге жатады. Сол табиғат байлығының бір түрі хайуанаттар дүниесі. Республикада түрліше шикізат беретін жануарлардың бірнеше түрі тіршілік етеді. Бұлардың біразы түрлі дертке шипа, шикізат беретін биологиялық қасиеттрі бар аса пайдалы хайуанаттар. Олардың көбінде витаминдер, гармондар, ферменттер сияқты биологиялық активті заттар болады. Олардың ішінде таза шипалы өнім беретіндері де кездеседі. Шығыс медицинасында осындай жабайы жануарлардың 40 түрі анықталып отыр.

Халық медицинасында өнімінің маңызы бар жабайы жануарлар - өнім беретін тұяқты аң немесе киік. Олар шөл мен шөлейтті аймақтарда кездеседі. Халық медицинасында бұл жануарлардың әсіресе мүйізі құнды. Сонымен бірге халық оның етінің де кейбір қасиеттері барын білген. Қазақ киікті киелі, қасиетті аң дейді. Халық киік мүйізінен женьшень немесе пантокрим тәрізді дәрі алуға болады. Бұндай дәрі өкпе қабыну, жүрек ауруы, паралич, сияқты ауруларды емдейді. Киіктің тұяғын күйдіріп, одан алынған күлді денедегі жараға, теміреткіге жақса жазылып кетеді. Ал киіктің қаны шөлі қанбайтын сусамыр ауруына шалдыққандарға пайдалы. Шығыс медицинасында киіктің мүйізінен дәрі жасап: жүйке, тамыр ауруларына қолданған. Дене қызуын бәсеңдету үшін дәрігерлер ақбөкен мүйізінің қайнатпасын сырқат адамдарға ішкізген. Қазір ақбөкеннің саны Совет одағында 1 миллиондай болса, соның 700 мыңдайы біздің республикамызда. Бізде жыл сайын орта есеппен 250-300 мыңдай киік еті, мүйізі, терісі үшін ауланады, ал ақбөкенді мүйізі үшін аулайды.

Шипалық қасиеті бар өнім беретін жабайы жануарлардың бірі – аю. Әртүрлі ауруларға шипа болатын зат аю өті. Ол әсіресе оңтүстік-шығыс Азияда халық медицинасында жоғары бағаланады. Шығыс елдерінде, көбінесе Қытай, Индия, Жапонияда аю өті ішек-қарын, бауыр ауруларын, сары ауруды, жұқпалы іш ауруларды, қатерлі іріңдер мен жараларды емдеуге қолданылады. Шығыс Сібірдің халықтары аю өтін шипалық қасиетін жақсы біліп, қолданып отырған. Сол сияқты қазақ халқы ертеден біліп, өтті туберкулез іш ауруларын емдеуге пайдаланған. Ал Тува мен Камчатка жерлерінде тұратын аю өтін ревмотизм және бауыр ауруларын емдеуге қолданған. Аю өті кебе бастағанда қарая түседі, жабысқақ, қою, ащы зат, әсіресе күз-қыс айларында алынған аю өтінің шипалық қасиеті өте күшті. Сондай-ақ жабайы шошқа, тритон, жылан, балық сияқты жабайы жануарлардың өтін көбінесе өтін ревмотизм және туберкулез ауруларына қолданады. Ал медицинада ревмотизм мен туберкулез және іріңдеп шыққан жараларға ем ретінде борсық майын кеңінен қолданады. Суырдың майын тері және асқазан ауруларына ем үшін пайдаланады. Медицинада жабайы жануарлардың бірі – кәмшат және шикізат беретін жануарлардың бірі піл. Шығыс Азияда пілдің жұқалап кесілген терісі әдемі қоаптарға салынып дәріханаларда сатылады. Осы қымбат дәріні кексе жастағы адамдарға сергіткіш және жасартқыш ретінде пайдаланады. Әр түрлі жануарлардың сүйектерін шығыс медицинасында жиі қолданады. мұнда жолбарыстың сүйегі, сүйек немесе жілік майы жыныс мүшесінің қызметін арттыру үшін, маймылдың және өгіздің сүйегі ревмотизмге, тасбақаның сүйегі қан азға пайдаланса, ал кәдімгі тауықтардың сүйегі сүт айдайтын дәрі-дәрмек ретінде пайдаланады. Шығыс медицинасында балалардың организмі әлсіреген кезде құрбақа етінен жасалған дәрі береді. Дәрінің құрамында жұмыртқаның уызы және кептірілген банан кіреді. Сондай-ақ құрбақа бездерінің шипалық қасиеті бар, мәселен жасыл құрбақаның құлақ астындағы безінен 16-24 миллиграмм құрғақ улы зат алуға болады. Одан тыныс алуды жақсартып, қан айналысын күшейтетін дәрілер жасайды. Шығыс медицинасында крокадилдер туысына жататын кесіртке, балық, сүлік жануарларды ды қолданады, сондай-ақ насекомдарды да қолданады. мысалы, қанатсыз тараканның ұрғашысы мен личинкасынан әйелдердің етеккірі келуіне және сүйек сынғанда оның тез бітуіне қолданылады. Дәуіт жұмыртқасының қабығы бүйрек ауруларын емдеуге болады. Көк шегірткелер ішектің жұмысын реттейді. Ал тұт көбелегі тұмауды емдейді. Жібек көбелектің жұлдыз құртты науқасы ауыр адамдардың тамаққа тәбетін көтереді, ұйқысын келтереді.

Өнімі ғылыми медицинада пайдаланатын жануарлардың бірі бұғы мен марал. Бұлардың ең бағалы заты жас мүйізі. Мамандар маралдың мүйізінің ішінде қан тамырлары көбейген және пайдалы заттары толыққан кезде кесіп алады. Одан соң мүйізді өңдеп кептіріп, дәрі жасап шығарады. Бұл дәрінің аты панты немесе пантокрин деп аталады.

Пантокрин – жүрек, қан тамыр жүйесіне, бұлшық еттерге, ішекке, тыныс жолына пайдалы әсер етеді. Сондықтан дәрігерлер көбінесе жүйке және қан қысымы ауруларды емдейді. Пантокрин әлсіреген жүйке тамырына күш береді. Дененің жансыз тартқан талшықтарын тірілтіп, қалыпты жұмысқа қосады. Маралдың және бұғының құйрығы және ұрығы, сіңірі әртүрлі ауруларға ем. Біздің территориямызда улы жыландардың 11 түрі тіршілік етеді. Шығыс медицинасында жыланның уынан басқа оның бауыры, көзі, терісі, майы, сүйегінен дәрі жасауға болады. Жыланның уына басқа дәрілерді қосып ол орталық нерв жүйесінің ауруына пайдалы. Улы жыландар: көзілдірікті жылан (кобра), гюрза, эфа, боз жылан немесе қалқан тұмсық, сұр жылан, дала сұр жыландар.

Ерте заманнан бастап дәрігерлер жылан шаққан адамның аурудан жазылғаннан кейін басқа сырқаттарға төзімді келеді. Жылан уының құрамында биологиялық ерекше заттар бар, олар көптеген ауруларға таптырмайды. Мысалы, гюрза және боз жыланның уынан қанның ұйығыштығы азайған кезде қан тоқтатуға көмектеседі. Жылан уынан дайындалатын дәріні лебетокс деп атайды. Бұл дәріні дәрігерлер әсіресе адамның ауру тісін жұлғанда қолданады. ал кобраның уынан алынатын дәрі-дәрмектер қатерлі ісік ауруларды емдейді. Бұл дәріні кобротоксин деп атайды. Сондай-ақ жыланның уы хирургияғада қажет. Сұр жыландардың уы шонданай нерв ауруларына, бұлшықеттің қабынуына көмектеседі. Бұл препараттар көбінесе май ретінде шығарылады.

ОБСӨЖ № 45

ОБСӨЖ тақырыбы; Наурызым мемлекеттік қорығы.

ОБСӨЖ жоспары:

1.Қорықтар туралы түсінік.

2.Наурызым мемлекеттік қорығы.

3.Өсімдіктері мен жануарлары.



ОБСӨЖ мақсаты: Наурызым мемлекеттік қорығы мен таныстыру.

ОБСӨЖ мәтіні: Елімізде өсімдіктер мен жануарларды қорғайтын тұтас табиғи аймақтар қорықтар деп аталады.

1.Алтаты қорығы (Іле Алатауы)

2.Ақсу – Жабағалы мемлекеттік қорығы (Талас Алатауы)

3.Барсакелмес мемлекеттік қорығы (Арал теңізінің солтүстік батыс бөлігі)

4.Қорғалжын мемлекеттік қорығы (Ақмола облысының су – батпақты аймағы)

5.Наурызым мемлекеттік қорығы (Қостанай далалы аймағы)

6.Марқакөл мемлекеттік қорығы (Оңтүстік Алтай)

7.Үстірт қорығы (Маңғыстау)

8.Батыс Алтай қорығы (Шығыс Қазақстан)

9.Алакөл қорығы (Алматы облысы ,Талдықорған)

бұлардан басқа өсімдіктер мен жануарларды қорғау мақсатында 57 қорықша, 7 ұлттық саябақ (Алтынемел, Баянауыл, Көкшетау, Іле Алатауы, Қарақаралы, Катонқарағай, Шарын) ұйымдастырылған.

Наурызым мемлекеттік қорығы - Қостанай облысынад Наурызым жәнеСемиозер ауданының территориясында 1934 жылы ұйымдастырылған.Қорықтың жалпы көлемі 320 мың гектар.Дегенмен, Наурызым қорығының байлығы тек орман ғана емес,онда жабайы аңдар мен құстар, ал өзен- көлдерінде балықтар да мол.Жер бедері мен ауа райы.Наурызым қорығы Қостанай облысының Торғай ойпаттында орналасқан.Қысы-суық,ызғарлы;жазы-ыстық;Январьдыңорташыа температурасы –18-19градус .Жауын –шашынның жылдық мөлшері 200-205мм шамасында.Территория негізінен қызыл-қоңыр топырақты келеді,онда кіші-гірім өзендер мен көлдер орналасқан.Аралы өзен аңғарларымен бөлінген төбелер кездеседі,абсалюттік биіктігі 120-140м.

Ормандары мен өсімдіктері.Орман көлемі 1762 гектары түгел орманды алқап аталғанымен,оның тек 4396 гектарын орман алып жатыр.Онда қарағай – 934га, қайың – 805 га, көктерек – 1034 га, жерлерді алып жатыр.Мұнда құарағай,аққайың,көкттерк,қызыл тобылғы,тал, мойыл,папоротник өседі.Орманмен қанаттас бетегелі-жусанды, бозды шексіз дала жатады.Мұнда суыр, зорман, күзен, дуадақ, безгелдек,аққоян,қосаяқ, сибирь елігі, аққұр, сияқты бағалы өте сирек кездесетін аңдар мен құстар кездеседі.Қарағай –биіктігі 20-40 метрге дейін жететін мәңгі жасыл ағаш.Ауа ылғалдылығына аса зәру емес.Құрғақ континентті климатқа,ауа райына төзімді.Негізгі тамырлары тереңге бойлап,жанама тамыры 15метрге дейін жетеді,соның арқасында ылғалды тереңнен де жан жағынан да пайдаланады.Қарағай қуаңшылыққа,суыққа төзімді,жарықта жақсы өседі.350-500 жыл өмір сүреді.Діңі сапалы.Қарағай орманы көбінесе құрғақ құмды жерде өсетін қалың тоғай.Қайың –биіктігі 20метрге жететін ағаш,кейде өскен жерінің жағдайына қарай бұта болып келеді.Ол көбінесе шілік және ылғалды болып келеді.Топырақты көп талғамайды,ылғалды жерде,күн сәулесін сүйеді,суыққа шыдамды.Қайың 150 жылдай өмір сүреді.Сүрегі өте пайдалы.Жапырағы мен бүрінен дәрі дайындалады.Көктерек-биіктігі 35-метр, диаметрі1метрге жетеді.Тамыры өте жақсы өрбиді.Тез өседі.15-20 жылдық діңінің биіктігі 10-15метрге жетеді80-100жасқа жектенде шіріп,құлай бастайды.Сүегі жеңіл,жұмсақ,сондықтан да көктеректің сүйегі қағаз өнеркәсібінде және жасанды жібек алу үшін қолданады.



Каталог: CDO -> OBSOJ
OBSOJ -> Білім және ғылым министрлігі
OBSOJ -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
OBSOJ -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
OBSOJ -> 1 обсөж тақырып: Әдеби тілдің жалпыхалықтық тілмен арақатынасы
OBSOJ -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
OBSOJ -> ²àçàºñòàí Ðåñïóáëèêàñû Áiëiì æ¸íå ¹ûëûì ìèíèñòðëiãi “Ñûðäàðèÿ” óíèâåðñèòåòi
OBSOJ -> Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау
OBSOJ -> «Мәдениеттану» пәнінен СӨЖ сабақтарының
OBSOJ -> Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет