Қазақстан биоресурстары пәнінен практикалық сабақтарының әдістемелік нұсқауы



бет1/4
Дата25.04.2016
өлшемі0.68 Mb.
  1   2   3   4
Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрлігі

“Сырдария ” университеті
Химия және биология факультеті

Биология кафедрасы


“Бекітілді”


Факультеттің оқу-әдістемелік кеңесі,

№1----------- хаттама -----------08 ж

____________________________

(төраға, аты жөні)




Қазақстан биоресурстары пәнінен практикалық сабақтарының әдістемелік нұсқауы

Мамандық:“Биология ”050113

3-курстарға арналған
Құрастырған аға оқытушы: Шотаева. М. Т.

Жетісай – 2008ж


Пәнің мақсаты

Студенттерді Қазақстан өсімдіктері және жануарлары ресурстарының алуан


түрлілігімен, пайдалы өсімдіктер және жануарлардың жеке топтарын және түрлерін
зерттеу тарихының кезеңдерімен, сонымен қатар шикізат алу тәсілдерімен және оларды
қолдану жолдарымен таныстыру.

Пәннің міндеттері



  • Пәнді игеру барысында ресми белгілі биоресурстарды және олардан алынған өнімдерді практика жүзінде пайдалануды;




  • Өсімдіктер мен жануарлар ресурстарын тиімді пайдалануды және қорғауды;



  • Шаруашылықта пайдалы өсімдіктердің және жануарлардың алуан түрлілігін, олардың экологиясын,таралуын, ресурстарын зерттеу тәсілдерін;



Практика № 1

Тақырыбы: Қазақстанның дәрілік өсімдіктері.

Жоспары:

1.Балшытыр.

2.Жалбызтікен.

3.Жөтелшай.

4.Түймедақ.

Практикалық (семинар) мақсаты: Қазақстанның дәрілік өсімдіктері мен таныстыру.

Практикалық (семинар) мәтіні; Дәрілік балшытыр – биіктігі 15-30 сантиметр, көп жылдық, шөп тектес өсімдік. Өсім діктің өн бойын қысқа, бірақ қатты түк басқандықтан сабағы қолға кедір бұдырлы болып сезіледі. Жапырақтарының шеттері бүтін, ұштары сүйір, екі жағында қысқа түк басқан. Тамыр жапырақтары жұмыртқа тәрізді, сопақша келген, түп жағы жіңішкеріп сағаққа айналып кеткен. Сабақ жапыақтары отырмалы, түп жағы мен сабақтарын жартылай қоршап тұрады. Сабақтың жоғарғы жағынагүлдер шоғырланған. Өсімдіктің даму кезеңіне байланысты гүлдері әуелі қызыл, ашық қызыл түсті болса, кейінірек біртіндеп көкшіл тартады. Гүл тостағаншасы жасыл түсті, бес қлақшасы бар. Гүл тәжі түтікше сияқтанып тұрады.

Дәрілік балшықтар таулы аймақтарда, орман арасында, бұталардың көлеңкелерінде өседі. Дәрі үшін өсімдіктің жерге түскен бөлігінгүлдеген кезе жинап алады. Құрамында минерал заттар танин,қоймалжың және иілік заттар, аскорбин қышқылы, рутин бар.

Дәрілік балшықтардың қабынуға қарсы әсер ететін, несеп айдайтын, қан тоқтататын, жарақаттардың тез дететін қасиеті бар. Халық медйцинасында бұл өсімдіктің туберкулез ауруынемдеу үшін, өкпе, жоғарғы тыныс жолдары және бронх қабынғанда, қақырыққа қан арала сып түскенде қолданылады, асқазан ішек жолдарының ауруларын және дене сыртындағасқазан ішек жолдарының ауруларын және дене сыртындағы жарақаттарды емдейді. Болгар халық медицинасында дәрілік балшықтар бронх демікпесін емдеу үшін пайдалнылады.

Дәріні дайындау және қолдау тәсілі. Дәрілік балшықтардың 10 грамын 1 ста кан қайнап тұрған суға салып 20 минут тұндырады да, 1 асқасықтан күніне 3 рет ішеді.

Дәрілік балшықтарды,жол желкенді, шалфейді, толғақ шөпті, жусандыбірдей етіп алып араластырып, осы қоспаның 1 ас қасығын бір стакан суға салады да 1 асқасық бал қосып біраз қайнатады. Салқындағаннан кейін сүзіп алып, қайнаған су кұйып стаканды бұрыңғы көлеміне дейін толтырады. Даяр болған дәрәні 1 ас қасықта тамақ алдынан күніне 3 рет ішеді. Бұл тұнба көбінесе өкпе және қуық ауруларын, геморройды емдеу үшін қолданылады.



Дәрілік жалбыз тікен – көп жылдық, шөп тектес өсімдік, тамыры қысқа, бірақ жуан, тік орналасқан. Ұзындығы 50 сантиметрге дейін жетеді, ірі жанама тамырлары бар. Тамырынан өсіп шыққан сабағының киіз сияқты ұйысқан түгі бар, түсі сұрғылт көк, жоғарғы жағындағы бұтақтары қысқа. Ара тісті жапырақтары кезектесе орналасқан. Олардың екі жағын да тегіс түк басқан. Төменгі жапырақтары 3-5 салалы, жүрек тәрізді, жоғарғы жағындағы жапырақтары жұмыртқа тәрізді болып келеді. Жоғарғы жағындағы жапырақтары арасындағы ашық жерлерге гүлдер орналасқан, ақшыл-қызыл түсті, тостағаншасынан ірі, сына тәрізді гүл қоршауының ішінде аталық тіндері бірігіп, жалпы түтік болып, аналық жатынды жауып тұрады. Олар ұрығы 15-тен 25-ке дейін жетеді, бүйрек сықылды кішкене дәнектер. Июнь айынан сентябрь айына дейін гүлдейді.

Бұл өсімдік ылғалды жерлерде, егістіктердің аралықтарына, өзен жағаларына, тау етектеріне, батпақты жерлерге шығады. Күзде немесе ерте көктемде өсімдікті қазып, тамырын тегіс босатып алады, да, ағаш жәшіктің ішіне салып салқын сумен жақсылап жуады. Тамырдың жоғарғы жағындағы сабақ бөлігін және ұсақтау жанама тамырларын қиып тастап, 10-150сантиметрдей етіп бөлшектейді. Пышақпен сыртындағы қабығын тазартып, көлеңкелі жерлерге немесе темір шатырлы үйдің шатырының астындағы жел соғып тұратын орында кептіреді. Егер тамыр әлгі айтылғандай жерде кептірілмей 1-2 күн тұрып калса, сыртының кейбір жерлері сарғыш тартып кетеді, бұл тамырдың дәрілік қасиетінің төмендеуіне әкеліп соқтырады.

Дәрілік жалбыз тікеннің тамырында 35 процентке дейін қоймалжың заттар болады. Бұл қоймалжың заттардың қақырық түсіретін, жалпы қабынуға қарсы әсер ететін, нерв жүйесін тыныштандыратын, жөтелді азайтатын, асқазан мен тоқ ішектің қатты түйнеп ауырғанын бәсеңдетіп, бүйрек пен қуық жолдарының қабынуын басатын және басқа да өте бағалы қасиеттері бар. Сонымен қатар бұл өсімдік іш өткенді, дезентерияны, асқазанға түскен жараны емдеу үшін де қолданылады. Тіс түбінің еттері босап, қабынғанда, тамақ бездері аурғанда ауыз және тамақ шаю үшін қолданылады.

Дәріні дайындау және қолдану тәсілі. Ұнтақталған тамырдың 1 шай қасығын қайнап тұрған бір стакан суға салып, 15 минут тұндырып қояды. Ал оны сүзіп алғаннан кейін тұнбаны әрбір екі сағат сайын 1 ас қасықтан ішеді. Егер осы айтылған әдіспен жасалған 1 стакан тұнбаға 2-3 қасық бал қосып жіберсе, дәрінің емдік қасиеті барынша арта түседі.

Дәрілік жөтел шай – көп жылдық, шөп тектес өсімдік. Көктемде тамырынан сағақтары ұзын бір топ жапырақ және саны бірдей үшке дейін жететін сабақ өсіп шығады. Төрт қырлы, түзу, түк басқан сабақтарының ұзындығы 90см-ге дейін барады. Жапырақтары сопақша келген,жұмыртқаға ұқсайды, шеттері ара тісті, сырттарында қысқа түктері бар. Гүлдері қоңыр қызыл түсті, олар жоғарғы жапырақтардың қуыстарында масақ тәрізденіп шоқтала орналасады. Гүл жапырақтары бесеу, ерін тәрізді, жоғарғы “ерні” екі бөліктен, төменгісі үш бөліктен тұрады. Июнь айынан сентябрь айына дейін гүлдейді. Жөтел шадың күшті иісі бар.

Бұл өсімдік орманды жерлерде, шабындықтарда, төбелерде, орман ішіндегі жолдардың жиектерінде өседі. Дәрілік мақсат үшін өсімдіктің жер бетіндегі бөлігін гүлдеген кезде жинайды. Құрамында илік заттар, стахидрин, бетоницин, холин және басқа да алколоидтер бар.

Дәрілік жөтел шай халық медицинасында жоғары тыныс жолдары қабынғанда, құяң, бауыр, асқазан ауруларына қарсы қолданылады. Бұл өсімдіктен жасалған дәрілер қан қысымын төмендетеді, жүйкені тыныштандырады, денедегі зат алмасу процесін жақсартады. Бұйрек ауруларын және атеросклерозды емдеу үшін қолданылады. Бұдан басқа өсімдіктің қақырық түсіретін қасиеті бар. Кейбір елдерде ревматизмді, қояншықты, бронх демікпесін, бас ауруларын емдецді. өкпеден қан кеткенде де ем үшін қолданылады. Мұндай жағдайда дәрәні былай жасайды: өсімдікті 2 қасығын қайнап тұрған 1 стакан суға салып тұндырады, содан соң тұнбаны сүзіп алып, күшті портвейннің екі қасығына араластырады. Даяр болған дәріні ас қасығымен күніне екі рет ішеді. Басқа жағдайларда 5грамм өсімдікті 1стаканнан күніне 3 рет ішеді. Көп жерлерде өсімдіктің жапырағын шай орнына ішеді.

Дәрілік түймедақ – биіктігі 35 сантиметрге дейін жететін біржылдық, шөп тектес өсімдік. Тамыры тік, жіңішке, ашық қоңыр түсті. Сабағы түзу, бұтақтары көп. Жапырақтары кезектесіп жарыса орналасқан, отырмалы, қауырсын тәрізденіп жіңішке жапырақшаларға тілімделген. Гүл сабағы ұзын, тостағаншасының шеті ақ түсті, ортасындағылары түтік тәрізді, сары түсті. Гүл тәжі 5 жапырақшадан тұрады. Жемісі – қоңыр түсті тұқымдар. Май айынан октябрь айына дейін гүлдейді.

Дәрілік түймедақ шабындықтарда, далалы аймақтарда, егістік араларындағы бос жерлерде өседі.

Дәрі үшін өсімдіктің гүлдерін сабағынан үзіп, жинап алады. Құрамында эфир майлары, гликозидтер, никотин қышқылы, қоймалжың, ащы заттар, каротин және С витамині бар.

Түймедақтың гүлінен жасалған дәрілердің жел шығаратын, қабынуға қарсы әсер ететін, тер шығаратын, ауырған жерлерді тыныштандыратын, денедегі бұлшық еттердің тырысуына қарсы әсер ететін қасиеттері бар. Сонымен қатар түймедақты қан тоқтататынмикробты жоятын, өт айдайтын, етеккірдің келуін реттейтін дәрі ретінде де қолданады.

Халық медицинасында өсімдік гүлдерінің тұнбасынан жасалған дәрілерді асқазанның, тоқ ішектің қабынуын, бауырдың, бүйректің, қуықтың ауруларын емдеу үшін пайдаланады. Дене сыртындағы іріңді жараларды, ванна жасау арқылы подаграны, ревматизм ауруына байланысты буындардың сырқырағанын емдейді. Тамақ бездері мен тістің түбіндегі еттер қабынғанда ауызды және тамақты шаяды.

Түймедақты шаштың қайызғағын кетіру үшін де пайдаланылады. Ол үшін гүлдерінің 4 ас қасығын 1,5 литр суға салып 5 минут қайнатып, сүзіп алады. әуелі шашты жақсылап сабындап жуады да, артынша әлгі тұнбамен шаяды. Содан кейін шаштың әрі қайызғағыкетеді, әрі алтын түстес түске боялады.



Тұнбаны былай жасайды: 1 ас қасық кептірілген гүлдерді 1 стакан ыстық суға салып тұндырады да, салқындағаннан кейін сүзіп алып, әр ішкенде 2 ас қасықтан күніне үш рет ішеді.

Етеккір кешігіп келгенде мынадай қоспа жасаппайдаланса, дәрінің тиімділігі арта түседі: түймедақтың гүлдері мен жалбыз жапырақтарының әрқайсысынан 4 бөліктен, дәрілік шүйгіншөп тамырының 3 бөлігін алып араластырады. Осы қоспаның 1 ас қасығын қайнап тұрған 1 стакан суға салып тұндырады да, даяр болған дәріден жарты стаканнан күніне екі рет ішеді.


Практика № 2

Тақырыбы: Дәрілік өсімдіктерді өсіру жолдары.


Жоспары:

1.Алоэ


2.Шальфей.

3.Женьшень

4.Жалбыз.

Практикалық (семинар) мақсаты: Дәрілік өсімдіктердің өсіру жолдары мен таныстыру.

Практикалық(семинар) мәтіні: Дәрілік қасиеттері бар өсімдіктердің кейбіреулерін үйде егіп өсіруге болады. Біріншіден, бұл табиғатқа жасаған көмегіміз, яғни табиғаттағы, екіншіден, дәрілік өсімдіктер қысы-жазы қол астымызда болып, керек уақытында еш жақтан іздемей-ақ пайдалануға болады. Үй ішінде өсірілетін өсімдіктер қатарына жұпаргүл, жебіршөп, жалбыз, зире, шалфей, мелисса т.б. осы сияқтылар жатады. Үй ішінде өсімдіктерді өсіруге алдын ала жәшік, қыш құмыра, полиэтиленнен істелген ыдыстарды дайындау керек. Осымен қатар құнарлы топырақ, құм, қарашірік, уақталған тастарды әзірлеу тиіс. Бұдан кейін қажетті өсімдік егілген ыдыстарды қоятын орын дайындап алған дұрыс. Қыста терезе алдын, ал жаз айларында балкон, лоджа, террасты пайдалануға болады. өсімдіктерге жарық толық түсетін болуы керек. Жарық жеткіліксіз болса люминесцентті шамды тәулігіне 8-10 сағаттай жағып, қосымша жарық беріледі. өсімдіктерді отырғызар және дән себер алдында ыдыс түбіне әзірленген уақ тастарды, ал оның үстіне бірдей мөлшерде құнарлы топырақты, құмды, қарашірікті салып толтырады. Осыдан кейін оларға себетін өсімдік дәнін бір проценттік марганец қышқылды калий ерітіндісінде ұстап, содан кейін таза сумен жуып ыдыстарға себу керек.

Өсімдікті үйде өсіргенде ең жауапты жұмыстың бірі – ыдыстардағы топырақтан ылғал үзілмеу керек.оларға пайдаланылатын суды біраз тұндырып алып құйған дұрыс. өсімдіктер ыдыстарға отырғызылып болған соң 8-10 аптадан кейін 2 грамм тыңайтқыш ерітіндісімен суарады. Тыңайтқышпен суарғанда ыдыстағы топыраққа сіңдіріп, өсімдікке тигізбеуге тырысу керек.

Дәрілік өсімдіктердің елуден астам түрі өндірістік жолмен өсіріледі. Сондай плантацияларда алоэ, левзия, жалбыз, рауғаш, шалфей, жалбызтікен, итмұрын, женьшень, анис, валерьян, қуаңдәрі, мия, түймедақ , шырғанақ , лаванда, бақажапырақ т.б. әртүрлі дәрілік өсімдіктер өсірілуде. Дәрілік өсімдіктерді өсіргенде олардың әрқайсысының биологиялық ерекшеліктеріне көңіл аударып отырған жөн. Бұл өсімдіктердің біразы тек вегетативтік жолмен, кейбіреулері тұқымынан немесе тамыр түйнектерінен өсіп-өнеді. Сонымен қатар олардың өсіп-өнуі табиғат жағдайының әр түрлі өзгерістерінеорай құбылмалы келеді. Мысалы, алоэ өсімдігі бұтақ кесінділерінен, яғни вегетативті жолмен өсетін, жылылықты жақсы көретін өсімдік. Ал топырақтағы артық ылғал бұл өсімдіктің өсуіне кедергі жасайды. Ал жалбызтікен өсімдігі дәнінен, дымқылы молырақ топырақта өсіп-өнеді.тамыр кесінділері, болмаса бүршіктері арқылы да өсіруге де болады. Жылылығы мол жерде жақсы өнім береді. Осы сияқты валерьянда тұқымнан өседі. Бұл өсімдіктің жаңа өскен көгі 600С дейін салқындыққа шыдайды. Жалпы, валерьян суыққа берік, ылғал сүйгіш өсімдік. Жылбыз өсімдігін вегетативті жолмен тамыр кесінділерінен өсіруге болады. Құнарлы топырақта дымқыл мол болғанда жақсы өсетін, жарық сүйгіш өсімдік. Түймедақта осындай өсімдіктердің қатарына жатады. Ол да жарықты көп керек етеді, бірқалыпты ауа райында жақсы өседі. Дән жылдам көгеріп шығуы үшін себілген топырақ ылғалдылығы жеткілікті болғаны жөн. Топырақ пен ауаның дымқылдылығы бірқалыпты жеткілікті болғанда рауғаш өте жақсы өседі. Бұл өсімдіктің жаңа жиналған дәнінің өнгіштігі өте жоғары. Сондықтан жаңа жиналған дәнді еккен орынды. Қуаң дәріні де дәнінен өсіруге болады. өсу мезгілінде ауа райының бірқалыпты болғаны оның жақсы өсуіне септігін тигізеді. Жақсы өнім алу үшін бұл шөптің дәнін ерте – жазғытұрым еккен дұрыс.

Вегетативті жолмен өсетін өсімдіктердің бірі – лаванда. Оны өсіру үшін кесінділерін алдын ала парникте тамырланғанша ұстап, содан кейін отырғызу керек. Жалпы лаванда жылу мен жарықты жақсы көреді.

Осы сияқты көптеген дәрілік өсімдіктерді шаруашылықтарда арнайы егіп, өсіріп, дәрі-дәрмек жасауға керекті мөлшерде дәрігерлік мекемелерді қамтамасыз етіп отырады. Қазірдің өзінде, тек шалфей өсімдігі 18-20 мың гектер жерде өсіріледі және оның өнімі де жоғары, гектарынан 100-150 центнер жапырақ өнімін береді. Левзия гектарынан 20центнер тамыр, бақажапырақтан 12-15 центнер, жалбызтікеннен 8-10 центнер кепкен жапырақ өнімдері алынады. Мысалы қазірдің өзінде дәрілік жалбыз өсімдігінің алты сорты өндіріске енгізілді.

Женьшень өсімдігі тұқымынан өсіріледі. Тұқымды жерге себер алдында оны сегіз ай бойына өндіріп қою (стратификация) жасау керек. Ол үшін женьшень тұқымын төрт ай бойы ылғалы біркелкі, температурасы 18-200С болатын арнайы ыдыстағы құмда ұстайды. Тұқым мен құм мөлшері 1:4 болу керек. Құм дымқыл болуы үшін күнара жылылығы бөлме температурасындай қайнаған сумен суарады. Үш айдан соң тұқымның 80 процентке жуығы ашылғанда тұқым егілген ыдысты температурасы 1-30С подвалға түсіру керек. Дән бұдан көп ашыла бастаса, температураны 00С дейін төмендетуге болады.

Негізінде женьшень Хабаровскі, Приморскі өлкелері мен Солтүстік-Шығыс Корея жерлеріндегі күн көзі түспейтін қылқан және жалпақ жапырақты тоғайлардың қалың жерлерінде өсіп-өнеді.

Осы сияқты шалфей өсімдігі дәннен өсіріледі. Ол үшін шалфей дәнінін алдын ала әзірленген жерге көктемде қатар аралығын 30 сантиметрден, 3-4 см тереңдікке егеді. Бірінші жылдың өзінде-ақ көп жапырақты өскіндер пайда болады. Ал келесі жылы көктемде толық өсіп-өніу процесі басталады. Қысқа қарай өніп шыққан шалфейді ағаш жапырақтарымен жауып тастау керек. Ал жыл сайын ерте көктемде қураған бұтақтардан тазартып отырған жөн.

Дәрілік жалбызтікенді дәнінен, болмаса тамыр бөлшектерінен өсіруге болады. Дәннен өсіру үшін 2-3 жылдай сақталған дәнді алған жөн. Себебі көп сақталған дәннің қабығы жұқарып, оның ылғал өткізгіштігі жоғары әрі тез өнгіш келеді. Негізінде ерте көктемде еккен дұрыс. Дәнді қатар аралығын 30-50 см-ден, 1,5 см тереңдікке егеді.

Суыққа төзімді, жарық жерде жақсы өсетін календула өсімдігін дәннен көбейтуге болады. Қатар рарлығын 30-45 см-ден, 2-3 см тереңдікке егеді.

Таңқурайды тамырынан, болмаса бұтақ кесінділерінен (қалемшелерінен) өсіруге болады. Ерте көктемде сол кесінділерін кесіп отырғызып, олар күш алып кеткенше күнде суару керек.

Қызғылт семізот күн көзі көп түсетін ашық жерлерде жақсы өседі. Бұл өсімдікті өсіруде оның дән, болмаса сабақ кесінділері пайдаланылады. Алдымен топырақ салынған арнайы жәшіктерге егіп өсіреді. Ол үшін егілетін дән қар астында немесе тоңазытқышқа қойылып (0-50С) 1-2 ай ұсталу керек. Содан кейін дәнді жәшіктегі топырақтың үстіне сеуіп, одан шыққан өскіндерден көшет алынады. Бір жылдан кейін осы өсімдікті негізгі учаскеге отырғызу керек. Бұл дәннен өскен өсімдіктің бір жылдан кейде күзде орнын ауыстыру қажет. Ал вегетативті жолмен өсіру үшін бүршікті тамыр кесіндісін күзде аралығын 25 см-ден, тереңдігін 7-9 см етіп жерге отырғызады.

Левзия – дәнінен өсетін ылғыл сүйгіш өсімдік. Ол үшін дәнді жерге себер алдында 25-30 күн бұрын стратификациялау қажет. Осылай әзірленген дәнді қатар аралығын 30-40 см-ден, 2-3 см тереңдікке егу керек. Бірінші жылы тамыр түбіне жапырақ салып өседі де, келесі жылы гүлдеп, дән береді. Күз айларында өсімдікті қураған сабақтары мен жапырақтарынан тазартып отырады.

Көп жылдық өсімдіктердің бірі – бұрыш жалбыз. Күн көзі көп түсетін, ылғал жеткілікті жерлерде тамыр кесінділерінен өсіп-өнеді. Ол үшін 6-10 см тамыр кесінділерін көктемде қатар аралығын 30 см-ден, 7-8 см тереңдікке отырғызады. Осыдан өсіп-өнген өсімдікті сиретіп, 1 м жерге 10 жалбыздан қалдырады.

Құрғақшылыққа төзімді өсімдіктердің бірі – сасықшөп. Ол дәннен өсіп-өнеді. Сасықшөп дәнінің өнімділігі 4-6 жылға дейін сақталады. Бұл өсімдік дәнін күзгі қатты суық түсерден 7-20 күн бұрын, болмаса ерте көктемде себу керек.

Түймедағы өсімдігі күн көзі түсетін жерге жақсы өседі. Түймедағының дәнін күзде ертерек немесе көктемде 1-1,5 см тереңдікке сепкен дұрыс. Ал қыс түсер алдында қатты аяздан 7-10 күндей бұрын жер бетіне себуге де болады.

Итмұрынды тамыр бөлшектерінен, сабақ кесінділерінен, болмаса дәнінен егіп өсіруге болады. Сабақ кесінділерін дайындау үшін өсімдіктің жас, бір жылдық бұтақтарының жоғарғы жағынан алады.

Үлкен бақажапырақ дәннен өніп-өседі. Бұл өсімдік дәні қыс түсер алдында жер бетіне себіліп, ал ерте көктемде 1 см тереңдікке егіледі.

Құнарлы, дымқыл топырақта жақсы өсетін дәрілік өсімдіктердің бірі – жалбыз. Негізінде тамыр кесінділерінен өсіріледі. Олардың күзде, болмаса көктемде 10-12 см тереңдікке отырғызылады. Жалбызды күн көзі көп түсетін жерге отырғызған дұрыс.




: CDO -> 2007-2008 -> KazBioresurs -> Data
2007-2008 -> Лекция №1 Тақырыбы: Кіріспе. Өсімдіктер физиологиясы пәні және маңызы (1 сағат) Лекция жоспары
Data -> Лекция №1 Тақырыбы: Кіріспе. Қазақстан биоресурстары туралы түсінік. (1 сағат) Лекция жоспары
2007-2008 -> ОҚУ Әдістемелік кешені
2007-2008 -> Жаратылыстану факультеті Биология кафедрасы “Бекітілді”
Data -> Лекция сағат саны 30 Практикалық сабақтар 15 обсөЖ сағат саны 45 Барлық сағат саны 135
2007-2008 -> Кафедра: “Құқық” Факультет: “Экономика және құқық” Мамандық
2007-2008 -> Тестік сауалнама


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет