Қазақстан экономика тарихы пәнінен оқу-әдістемелік кешені



жүктеу 2.06 Mb.
бет1/7
Дата18.04.2016
өлшемі2.06 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7
: files -> umo
umo -> Қазақстан орта ғасырлар тарихы пәннің жұмыс бағдарламасының жинағы
umo -> «Тарихты оқыту әдістемесі» пәнінен оқу-әдістемелік кешені
umo -> Лекциялық материалдың мазмұны
umo -> Лекциялық материалдың мазмұны
umo -> С. В. Самаркин Жыл сайынғы қайта бекіту туралы мәлімет
umo -> Қазақстан жаңа заман тарихты пәнінен оқу-әдістемелік кешені
umo -> Лекциялық материалдың мазмұны
umo -> Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты Тарих және өнер факультеті Қазақстан тарихы кафедрасы
umo -> Лекциялық материалдың мазмұны
umo -> Глоссарий по микробиологии
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты

Тарих және өнер факультеті

Қазақстан экономика тарихы

пәнінен оқу-әдістемелік кешені

050114 «тарих» мамандағы (бакалавриат)

050114 «тарих» мамандағы студенттеріне арналған

пәннің оқу-әдістемелік кешені

(бакалавриат)

Қостанай 2009

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты

Тарих және өнер факультеті

Қазақстан экономика тарихы

пәннің силлабус жинағы

050114 «тарих» мамандағы студенттеріне арналған

(бакалавриат)

Қостанай 2009



Курстың аты: Қазақстан жаңа заман тарихы

Курстың коды: IК 1101

Кредит саны: 3

СИЛЛАБУС
Байланыс ақпараты



1. Оқытушы бойынша мәліметтер

Лектор:

Аты-жөні

Исенов Өтеген Ихсанұлы


Білімі

Гурьев мемлекеттік педагогикалық институты

ЖОО жұмыс стажы

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты 19 жыл

Қызметі: Қазақстан тарихы кафедрасында аға оқытушы,

тари ғылымдарының кандидаты,


Байланыс телефоны: 50-90-58


Кабинеті 208, Кафедра «Қазақстан тарихы»

2. Пән бойынша мәліметтер

Курс атауы: « Қазақстан экономикасының тарихы»
Кредит саны: 3

Оқу формасы: күндізгі, негізгі оқыту бағдарламасы бойынша.

Курс- 4

Семестр-7


Сабақтар бекітілген кесте бойынша өткізіледі.
Кеңес беру сағаттары оқытушының басқаруымен студенттердің өзіндік жұмыстарының кестесі бойынша өткізіледі.
I.ПӘННІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
«Қазақстанның экономикасының тарихын » пәні Қазақстанның қазіргі аумағын мекендеген халықтардың экономикасы мен шаруашылықтарының қалыптасуы мен даму ерекшелігін және заңдылықтарын тас ғасырынан бастап қазіргі уақытқа дейінгісін, Қазақстан Республикасының экономикасын реформалау мәселесін қоса ашуға арналған.

Берілген пәннің өзектілігі осы мамандық студенттеріне негізделшен. Дәріс ( лекция ) курсы өзіне терең мәселелерді қосады. Мысалы, ертедегі шаруашылық және әлеуметтік құрылым, түрік кезеңінің экономикасы. Ерекше бөлімдер-шаруашылықтың өзгеруіне табиғаттың және сыртқы факторлардың әсері (монғол шапқыншылығы, жонғар басқыншылығы, Ресейдің және ортаазиялық хандықтардың отарлық саяаты, қытай факторы), сондай-ақ дәстүрлі қазақ шаруашылығының XV-XVII ғ.ғ. арнайылануы. Одан әрі – капиталисттік қатынастардың элементтерінің пайда болуы және XX ғ. 20-30 ж. Қазақстан шаруашылығын мәжбүрлік құру, XX ғ. II-жартысындағы аймақтың аграрлық – индустриалдық қалыптасуы. Қазақстан Республикасындағы экономикалық реформалардың тарихының мәселелеріне ерекше назар аударылады.

Қазақстан экономикасы тарихын игеруге негіз боларлық пәндер (пререквизит)

Өкінішке орай жоғарғы оқу орнында Қазақстан тарихы бірінші курста оқылатын болғындықтан оқытушы олардың мектепте алған жүйелі біліміне сүйенеді. Тарих факультетінің студенттер үшін пән археология, этнология, алғашқы қауымдық тарихы, ерте дүние тарихы пәндерімен тығыз байланысты. Кейбер материалдар қайталанбас үшін пәнаралық байланыс орнатылып, тақырыптардың логикалық схемасы жасалуы қажет.

Қазақстан экономикасы тарихы пәні:

Қазақстан экономикасы тарихы - әлеуметтік-гуманитарлық пәндер циклындағы дербес пән. Пәнді оқыту барысында қоғамның негізгі даму процестері мен заңдылықтарын ежелгі заманнан күні бүгінгі дейінгі аралықты қамтиды.

Тарихи оқиғаларды оқып зерттеуде тарихи ақиқатын танып, ақтаңдақтардан ажырата білуге студенттердің мән беруіне үйрету. Сонымен қатар студенттердің тарихи ұлттық санасын қалыптастырып және тарихи ұлттық құндылықтарды танып білуге патриоттық сезімдерін қалыптастыру.


Алғы сөз.

Әлемдік білім кеңістігіне терең бойлап тәуелсіз Қазақстан өзін жоғарғы оқу орнын бітіріп шыққан білікті мамандарын биік деңгейден көргісі келетіндігі заңды құбылыс. Қазақстан мамандары дүниежүзілік саяси-экономикалық додада басқа жұртпен тең түсіп, өз үлесін бөгдеге қолынан бермей, білімді де білікті болуы жоғарғы оқу орындарындағы алатын білім сапасына байланысты.

Бұл орайда Қазақстан тарихы пәніне қойылатын талаптар мен міндеттер студент жастарды отансүйгіштік рухта тәрбиеленуге бағытталады. Тәуелсіздігіміздің арқасында оқу жоспарына кірген халқымыздың төл тарихы елеміздің нағыз патриоттарын дайындауда өз үлесін қосуға міндетті.

Қазақстан тарихы институтың барлық мамандықтары бойынша бірінші курста оқытылады. Оның негізгі мақсаты Қазақстан жеріндегі ру - тайпалар мен ұлыс - ұлттардың сонау көне заманнан осы күнге дейінгі тарихына тоқталу.

Осыған байланысты пән өзінін алдына төмендегідей міндеттер қояды:


  1. Халқымыздың тарихына байланысты қалыптасқан ұғымдар (дефениция) мен парадигмаларға түснік беру

  2. Қазақ халқының этногенезі мен экономикакалық тарихы, мемлекетінің пайда болуы және оның өркендеуі, шаруашылығы және материалдық мәдениеті жөнінде білім беру

  3. Қазақ халқының әлем халықтар ортасында орны, олардың дүниежүзілік өркениетке қосқан үлесі және қазақ мемлекетінің келешегі жөніндегі көкейтесті мәселелерді талқылау.

Оқытушының негізгі мұраты- студент жастарға тек қана осы пән бойынша терең білім беріп қана қоймай, олардың азаматтық позициясының қалыптасуына ат салысу. Пәнді игерген маман елеміздің парасаты, іскер, жоғарғы мәдениетті, патриот азаматы болуы керек.

Т ү с і н і к т е м е.

«Қазақстанның экономикалық тарихы» бағдарламасына тарих ғылымы бойынша мол дерек беретін ғылым салаларының теориялық, маңызды мәселелері енгізілді. Қазіргі таңда Қазақстанда экономика тарихының мәселелері дұрыс зерттелмейуі себепті, Отандық тарихтың да олқы беттері мен «ақтаңдақтары» болды .

Пәннің мақсаты –Қазақстанда экономика тарихының пәндердің негізгі салаларын оқыту арқылы тәуелсіз еліміздің экономикалық тарих ғылымының дамуына, оның тарихи оқиғаларының шынтуайттылық негізінде, жан-жақты толық жазылуына үлес қосар зерттеушілер дайындау және материалдық-мәдени ескерткіштердің ғылыми құндылығын анықтайтын, қамқорлыққа алатын азаматтар тәрбиелеу. Сонымен қатар, қоғам дамуын, оның тарихын жалаң зерттемей, қоғам мен қоршаған ортаны экономика тарихы н географиялық жағынан байланыстыра зерттеу. Яғни, әрбір тарихи кезеңде физикалық, географиялық факторлар, ауа райы, рельеф т.б. қоғам дамуындағы шаруашылықты ұйымдастырудың түрлерінің қалыптасуына қалай әсер еткенін дәлелді баяндау және адам қоғамының дамуына экономикалық дамуының тигізетін әсерін ашып көрсету.

Қазақ халқының экономика тарихын оқи отырып студенттер қазақ халқының дәстүрлі шаруашылықтарының, қалыптасуымен даму жолын, шежіре деректерін пайдалана отырып зерттеу әдістері мен тәсілдерін қолдану арқылы айырып білсе, нумизматикадан әр түрлі қоғамдық-экономикалық формация дәуірлеріндегі мемлекеттік бірлестіктердің ақша-тауар айналыстарын, өзара экономикалық байланыстары мен сауда жолдарын, монеталар тарихын, ақша атауларын, олардың жасалу жолдарын білсе, сфрагистика мен геральдикадан тайпалар мен халықтардың өздеріне тән мөрлері мен елтаңбаларының тарихын, даму жолын біліп, оларды танып-білудің әдістерін үйренеді.



«Қазақстанның экономикалық тарихы» Бағдарламада пәндердің аталған салаларының ғылым ретінде қалыптасу деңгейі мен зерттелу дәрежесіне, зерттеу әдістеріне де көңіл бөлінді.

Бағдарламада пәндер бойынша Барлық салалар бойынша негізгі мәселелер Қазақстанға байланысты деректер негізінде жасалды.

Қазақстан экономика тарихы пәндер құрамына кіретін ғылым салаларының Отан тарих үшін берер мағлұматы көп. Әсіресе қазіргі таңда қазақ тарихын қайта зерделеп жатқан тұстағы маңызы зор. Сондықтан да болар XX ғасырдың екінші жартысынан бастап тарих ғылымында бұл салалар Қазақстан экономика тарихы деп атала бастады.

П р е р е к в и з и т т е р і

Қазақстан экономика тарихының демократиялық және өркениеттілік бағытта дамуын айқындайтын шешуші тарихи факторлардың қағидалары мен өркениеттілікті өскелең ұрпақ бойында берік қалыптастыру болып табылады. Жоғары оқу орындарында өтілетін Қазақстан ежелгі тарихы, Қазақстан орта ғасыр тарихы, әлуметтану,т.б.пәндердің жалғасы болып табылатын Қазақстан экономика тарихы тарихи өзгерістерін ой елегінен өткізе отырып, рухани-адамгершілік, мәдени-тарихи құндылықтық болмыстарын байытуда және өзіндік рухани жетілу жолдарын қалыптастыруда оқытылатын басқа пәндер арасында «Қазақстан экономика тарихы» пәнінің алатын орны ерекше.



П о с т р е к в и з и т т е р і

Жоғары оқу орындарындағы жалпы білім беретін пән ретінде «Қазақстан экономика тарихы» курсының XXI ғ. білікті, білімді, мәдениетті адамын қалыптастыруда Қазақстан тарихының жаңа заман тарихын оқып-білу үшін, жас ұрпақ мектеп қабырғасынан қоғамдық және әлеуметтік-гуманитарлық пәндердің негіздерін игеруі қажет. Жоғары оқу орындарында өтілетін Қазақстан тарихы, философия, әлеуметтану, саясаттану, мәдениеттану,құқық негіздері, этнология, білімдері, өнертану, дінтану, т.б. пәндермен байланысында Қазақстан экономика тарихы білімдері әрі қарай нақтылана, толыға түседі. Қазақстан экономика тарихы Тәуелсіз Қазақстан тарихы туралы ғылымдар кешенінің негізі болып табылады.



К у р с м а қ с а т ы.
Ертедегі, ортағасырлардағы, дәстүрлі қазақ қоғамындағы, кеңесттік кезеңдегі Қазақстан экономикасының және тәуелсіздік кезіндегі шаруашылық жүйелер мен әлеуметтік-экономикалық қатынастардың дамуы туралы мәселелері бойынша студенттерге дұрыс түсінік қалыптастыру.
М і н д е т т е р і.
1.Танымдық –

- тарихтың әр кезеңіндегі эконмиканың және әлеуметтік қатынастардың даму заңдылықтары мен арнайылануын мәселелерін ашу,

- тұрақты және уақытша факторлардың әсерін талқылау,

- ауыспалы шаруашылықтардың әртүрлілігін және артықшылығын зерттеу.

2. Эвристикалық-

- ойлаудың өз бетіншелігін талап ететін мәселелерді қою,

- шығармашылық және интеллектуалдық потенциалды ( тест, кроссворд , тарихи – экономикалық карта құру, жасауды ) ынталандыруға бағытталған тапсырмалар беру.

3. Тәрбиелік-

- алғашқы екі міндетті шешу арқылы студенттерді халықтың тарихын есіне салу

- Отан сүйгішттік рухта тәрбиелеу.
Постреквизиттері : Пәндермен: Қазақстан тарихы , экономикалық география, тарихи география,саясаттану, әлеуметтану, қазақ әдебиеті т.б.пәндермен байланысты:
К у р с т ы ң м а қ са т ы :

1. Қазақ халқының қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдерін және шаруашылығы мен тұрмысын әлеуметтік-саяси тарихтың әр кезеңіндегі эконмиканың және әлеуметтік қатынастардың даму заңдылықтары мен арнайылануын мәселелерін ашу,

кұрылым жүйесінің тарихи даму заңдылықтарын оқып игеру.

2.Көшпенділер өркениетіндегі қазақ халқының өзіндік ұлттық ерекшелік өркениетіндегі тарихтың әр кезеңіндегі эконмикалық дәстүрлі шаруашылығы және қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық қатынастардың даму заңдылықтары мәселелерін ашу,

еркшелігімен маңыздылығын ашу және әлемдік өркениет жүйесіндегі орнын көрсету.

3.Тарихтың әр кезеңіндегі эконмиканың және әлеуметтік қатынастардың даму заңдылықтары мен арнайылануын мәселелерін ашуда тарихи жеке тұлғалардың тарихтағы орнын көрсету. Саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың және қоғамымыздағы экономикалық реформалардың әр кезеңіндегі эконмиканың және әлеуметтік қатынастардың даму заңдылықтарының мәселелерінің тарихының экономикалық маңызын ашу

4. Негізгі тарихи мәселелердің шешімін қарастыру: этногенез мемлекеттілік тарихи ұлт-азаттық қозғалыстар және саяси ағымдар, көшпенділер мәселесіндегі Қазақстанның экономикасының тарихының мәселелерін біліктілікпен игеру.

5. Қазіргі жағдайдағы табиғатқа адамның қатынасын және экологиялық тарихтың әр кезеңіндегі эконмиканың және әлеуметтік қатынастардың даму заңдылықтары мен арнайы мәселелерінің ерекшеліктерін тану.

6. Алдымен қойылатын талап: ойлау қабілеті, сараптап ой елегінен өткізіп қабылдау.
Қазақстан экономикалық тарихты пәнінің лекция тақырыптық жоспары.

/ Күндүзгі оқу бөлім /



Тақырыптар


Лекция


1

Пәнге кіріспе.

Қазақстанның экономикалық тарихы пәні


1

2

Қазақстанның экономикалық тарихының мәселелері тарихының деректемесі мен тарихнамасы

1

3

Қазақстан тас ғасырында: экономикалық аспект.


2

4

Қола дәуіріндегі Қазақстан тұрғындарының шаруашылығы мен қоғамдық қатынстары.



2

5

Темір дәуіріндегі Қазақстан тұрғындарының шаруашылығы.

2

6

Қазақстан жеріндегі отырықшы-егіншілік шаруашылығы.


2

7

Ұлы Жібек жолы және Қазақстан аумағындағы ортағасырлық мемлекеттердің экономикасы.


2

8

Қазақ хандығы: 15-17 ғ.ғ. халқы және шаруашылығы.


2

9

XVII-XVIII ғасырдың басындағы қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығының дағдарысқа ұшырауының себептерінің алғышарттары.


1

10

18-19ғ.ғ. 1-жарт: Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы.


4

11

2-жарт: - 20 ғ. басы Қазақстанның шаруашылығындағы өзгерістер.


2

12

ХХ ғ. 20-40ж.ж. экономикалық жаңартулар.


2

13

Қазақ халқының тұрмыстық өнері.


2

14

Тәуелсіздіктің жариялануы және 90-жылдардағы саяси-экономикалық өзгерістер.

2

15

Қазақстан жеріндегі экономиқалық реформалар және оның алғашқы нәтижелері.


2

16

Қазіргі Қазақстанның әлеуметтік құрылымы.


1




Барлығы

30



Лекция сабақтарының тақырыптарымен жоспары
1 лекция Қазақстанның экономикалық тарихы пәні

Пәнге кіріспе.



Негізігі ұғымдар:пәнге кіріспе, экономикалық тарих, экономикалық аспект.

Жоспар:

1) Пәнге кіріспе.Қазақстан экономикалық тарихының қамтитын мәселелері пәні, оның басқа да қоғамдық ғылымдардың ортасындағы орны

2)Қазақстанның экономикалық тарихының мәселелері пәнінің мақсатымен міндеттері

3) Пәнінің басқа да қоғамдық пәндермен ара қатынасы және байланысы.



Мазмұны

Пәнге кіріспе.Қазақстан экономикасының тарихы пәні, оның басқа да қоғамдық

ғылымдардың ортасындағы орны. Қазақстан экономикасының тарихынның кезеңдері: Бірінші кезең - бұдан 1,5 мыңжыл бұрынғы ғұн нәсілдері - түркілер - Ашина руының түркілері - Ордос алабынан ауған жүнді (жуан-жуан) тайпаларының ежелгі ақсүйек әулетінен тараған ұрпақгар. Осы үрдістер тоғысында тұңғыш Түркі қағанаты - Мәңгілік Ел бой көтереді. Бұл үшінші империя Байқалдан Каспийге дейінгі аймақты қамтыды.

Ұлы жібек жолы түркілер мемлекетінің экономикасының дамуына да оң ықпал етті.Халықаралық сауда ролін атқарды.


Бекіту сұрақтары:

1) Қазақстан экономикалық тарихының қамтитын мәселелері қандай?

2)Қазақстанның экономикалық тарихының пәндік мақсаты неді?

3) Пәнінің басқа да қоғамдық пәндермен ара қатынасы және байланысы қалай жүреді?.


2 лекция Қазақстанның экономикалық тарихының мәселелері тарихының деректемесі мен тарихнамасы.

Жоспар:

Негізігі ұғымдар: экономика тарихының деректемесі, экономика тарихының тарихнамасы

1)Қазақстанның экономика тарихының деректемесі.

2)Қазақстанның экономика тарихының тарихнамасы.

Мазмұны

ХІV-ХV ғасырлардағы Орта Азия мен Қазақстанның тарихы ашып көрсетілетін орта ғасырлар авторларының нарративтік тарихи еңбектері негізінен Темір ұрпақтары тобының шығармаларынан тұрады. XV ғасырдың екінші жартысы - XVI ғасырға Моғол жэне Шайбани ұрпақтары қалыптастырған деректемелер негізгі дерек көзі болып табылады.

Темір дәуірі туралы түпнұсқа деректемелерді зерттеушілер екі топқа бөлінеді. Бірінші топқа Темірдің немесе оның билік еткен ұрпақтарының әмірімен жазылған деректемелер жатады.Низам ад - дин Шальидің Шараф ад - дин Әли Иаздидің оны данышпан, әділетті мемлекет қайраткері етіп суреттейтін шығармалары осындай. Шығармалардың екінші тобын бейтарап авторлар - бұларға, мысалы, Рюи Гонзалес де Клавихо және Батыс Европаның басқа да саяхатшылары жатады, сондай - ақ әмір Темір бағындырған елдердің өз еңбектерінде оның басқыншылық саясатын бейнелеген авторлар жазған.

1423 жылы Темірдің немересі Мырза Байсұңқардың тапсырмасы бойынша Хафиз - Абру 4-томдық «Маджма*ат таварих» деген жалпыға бірдей тарих жазуды бастады.



Бекіту сұрақтары:

1)Қазақстанның экономика тарихының қандай деректемелерін білесіз?.

2)Қазақстанның экономика тарихының тарихнамасна қысқаша шолу беріңіз?
3-4 лекция Қазақстан тас ғасырында: экономикалық аспект.

Негізгі ұғымдар: Табиғи орта, ауа райы, мәдениет, өңдеу тәсілі, нуклеус, Маханджарлық, Атбасарлық мәдениеттер, неолиттік төңкеріс, ботай мәдениеті, жануарлардың доместикациясы.

Жоспар:

1.Ерте гоминидтердің полеогеографиялық өмірсүру жағдайы.

2. Палеолиттегі еңбек құралдары мен оларды жасау тәсілдері.

3.Мезолиттегі жер өңдеу мен мал шаруашылығы элементтері. Аңшылық, балық аулау шаруашылықтары.

4. Неолиттік революция – адамзаттың экономикалық ұмтылысы.

5. Тас индустриясының дамуы және энеолит кезеңіндегі мыс құралдардың пайда болуы.

Мазмұны:

Ерте гоминидтердің палеографиялық өмірсүру жағдайы. Қазiргi Қазақстан жерiн ежелгi адамзат баласы бұдан 1 млн-дай жыл бұрын мекен еткен. Оны Қаратау, Маңғыстау өңiрлерiнен табылған тұрақтардан алынған материалдар дәлелдейдi. Қазақстан жерiндегi ерте палеолиттiк (эоплейстоценнен бастап б.з.б. 150 — 130 мыңжылдықтарға дейiн) ескерткiштер Қаратау, Сарыарқа, Мұғалжар, Маңғыстау, Ертiс алабынан табылған. Орта палеолитке (мустье) жататын (б.з.б. 150 — 130 мыңжылдықтардан б.з.б. 35 — 30 мыңжылдықтарға дейiн) ескерткiштер де бұл өңiрлерде көп. Кейiнгi палеолит (б.з.б. 30 — 35 мыңжылдықтардан б.з.б. 12 — 10 мыңжылдықтарға дейiн) дәуiрiнде адамзат жерiмiздiң барша аймақтарына тараған. Республика аумағындағы тас дәуiрi әртүрлi ендiктердегi әлемдiк дамудың (олдувей мәдениетi, ашель мәдениетi, мустье мәдениетi, т.б.) барлық заңдылықтарын сақтаған. Ежелгi тас құралдары Қаратау қыратының оңт.-батысындағы Арыстанды өз. алқабының төм. төрттiк дәуiрiне қатысты ең биiк сөресiн құрайтын, тұтасып қатып қалған конгломераттар қабатынан табылған.

2.Палеолиттегі еңбек құралдары мен оларды жасау тәсілдері.

Қаратау сiлемдерiндегi ашель кезеңiнiң тұрақтары көп.



Бекіту сұрақтары:

1.Ерте гоминидтердің полеогеографиялық өмірсүру жағдайы қандай болды?

2. Палеолиттегі еңбек құралдары мен оларды жасау тәсілдерінайтып беріңіз?

3. Аңшылық құралдарын атап беріңіз?

4.Балық аулау тәсілдері қандай болды?
5-6 лекция Қола дәуіріндегі Қазақстан тұрғындарының шаруашылығы мен қоғамдық қатынстары

Негізгі ұғымдар: Көшпелі, мал шаруашылығы, Нұра, Атасу, Беғазы- Дәндібай, от өткізу әдісі. Түркі тайпаларының тарихи аренаға шығуы.

Жоспар:

1). Қоланы меңгеру. Ерте металлургия.

2). Қола дәуірінің тайпаларының шаруашылығы мен бөліну ариалы:

- мал шаруашылығы

- жер өңдеу

- үй тұрмысы

3). Қоғамдық қатынастар.

Бекіту сұрақтары:



1). Қоланы игеру тәсілі қандай болды?

2). Қола дәуірінің тайпаларының шаруашылығы мен бөліну ариалын атап беріңіз?

3). Қоғамдық қатынастары қалай жүрді?

Мазмұны:

Қоланы меңгеру. Ерте металургия. Қола дәуiрiнде (б.з.б. 2 — 1 мыңжылдықтар) мыс пен қола металлургиясы дамыды (қ. Ежелгi кен қазбалары). Тайпалар мал және егiн ш-тарымен кешендi түрде айналыса бастады. Еңбек өнiмдiлiгi артты. Жеке отбасылар оқшауланды, отбасылық меншiк кеңейдi, рулық қауым iшiнде мүлiк теңсiздiгi өстi. Қола — еңбек құралдары мен қару жасау үшiн қолданылатын негiзгi шикiзат көзiне айналды. Қола дәуiрiнде Сiбiрдiң, Жайық өңiрiнiң, Қазақстан және Орта Азияның ұлан-ғайыр далаларын тегi жағынан және тарихи тағдырларының ортақтығы жағынан туыс тайпалар мекендедi; бұл тайпалар өзiнше бiр үлгiдегi жарқын мәдениет қалдырды. Мұны 1914 ж. Сiбiрдегi Ачинск қ-ның маңынан табылған Андрон деревнясы атымен аталатын Андрон мәдениетiн қалдырған тайпалар ескерткiштерiнен көруге болады. Андрон мәдени-қауымдастығы таралған аймағына және өзiндiк белгiлерiне қарай үш тарихи кезеңге бөлiнедi: ерте кезеңi — б.з.б. 18 — 16 ғ-лардағы Петров мәдениетi; орта кезеңi — б.з.б. 15 — 12 ғ-лардағы Алакөл-Атасу, Федоров-Нұра мәдениеттерi; соңғы кезеңi — б.з.б. 11 — 9(8) ғ-лардағы Алексеев, Замараев, Сарығары, Беғазы-Дәндiбай мәдениеттерi. Ғылымда Андрон мәдени-тарихи қауымдастығы тарихи кезеңдерiне қатысты түрлi пiкiрлер бар. Дегенмен, ғалымдардың көбi бұл кезеңдер бiрiн-бiрi алмастырып отырды деген пiкiрге тоқтаған. Қола дәуiрiндегi әрбiр мәдениет жерлеу құрылыстарымен, қабiрге қойылған заттарымен ерекшеленедi. Бұл кезеңде түрлi металдардың қорытпаларынан еңбек құралдарын (пышақ, орақ, шалғы, балта), қару-жарақ (қанжар, найза, жебе ұштықтары), әшекейлiк бұйымдар (тоға, бiлезiк, моншақ, тарақ) жасау жетiлдiрiлдi.

7-8 лекция Темір дәуіріндегі Қазақстан тұрғындарының шаруашылығы.

Негізгі ұғымдар: Экстенсивті мал шаруашылығы, богарлық жер өңдеу, жоғалған үлгі әдісімен құю.



  1   2   3   4   5   6   7


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет