Қазақстан халқы Ассамблеясы” кафедрасының аға оқытушы ф.ғ. к. Есқараева Айгүл Дүйсенғалиқызы “абай жолы” эпопеясындағЫ Әйелдер бейнесі



жүктеу 80.74 Kb.
Дата01.04.2016
өлшемі80.74 Kb.
: sites -> default -> files -> publications
publications -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
publications -> О. Сүлейменов және қазақ кино өнері
publications -> Абай мен Пушкин шығармалары
publications -> Темірбек жүргеновтің Өмірі мен қызметі (Қазақстан мұрағат құжаттары негізінде) Оразбақов Айтжан Жұмабайұлы
publications -> «Мәңгілік ел – ұлттық идеясының қазақ әдебиетінде көркемдік көрініс табу дәстүрі мен инновациялық жаңашылдық мәселелері» атты Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары
publications -> Қазақ стиль типологиясының Қалыптасуы қорқыт ата атындағы Қму доценті А. Е. Айтбаева
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы
publications -> Абай танымындағы сопылық
publications -> Қазақ әдебиетінің халықаралық байланыстары
publications -> Әож 821. 512. 122 Е. Ысмайылов және мұҚановтану ғылымы
Қорқыт ата атындағы Қызылорада мемлекеттік университеті

Қазақстан халқы Ассамблеясы” кафедрасының



аға оқытушы ф.ғ.к.

Есқараева Айгүл Дүйсенғалиқызы
АБАЙ ЖОЛЫ” ЭПОПЕЯСЫНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР БЕЙНЕСІ

Сіз әлі “Абайды” оқыған жоқпысыз? Онда сіз мүлде ештеңе оқымағаныңыз. Бұл – таңғажайып, бұл керемет! Далаға жан бітіп, дүние алғаш жаралғандағы мөлдір табиғатымен, бар тіршілік – тынысымен, тәуелсіз тұлғалы жандарымен сіздің көкірегіңізге кек орнайды. Олардың бойындағы қызулық пен құмарлық қандай; дәл Шекспир суреттеген бейнелердің өзі! Сіз сол дәуірді көзіңізбен көргендей айна –қатесіз танисыз. Ешбір ғылыми еңбек мұндай дәл жеткізіп бере алмайды. Қандай тұнық поэзия. Проза формасымен басылған осынау қалың – қалың екі томның өн бойында бір жол қара сөз болсашы! Альфред Курелла

Абайды, “Абай” қылған кім ағайын? Біз Абай Құнанбаевты М.Әуезовтың шығармасы арқылы “Абай жолы” романын оқып, түсініп, бүкіл елге таныттық. Әрине ол - М.Әуезов. “Абай жолы” сияқты мазмұны аса бай, көркемдік құрылысы өте күрделі кесек туындыны жазылу тарихы тұрғысына түгелдей талдап шығу үшін бір емес, бірнеше мақала, зерттеу еңбек жазылуы қажет. 1956 жылы Мұхтар Әуезов “Абай жолы” романының екінші кітабы шықты. Жазушының жиырма жыл бойы жазып келген еңбегі әрқайсысы екі кітаптан екі роман болып аяқталады.

Мұндай бір желіге құрылған төрт томды кесек шығарманың тууы қазақ әдебиетінде бұрын соңды болмаған саңлақты тамаша табыс екенінде, бәріміз болып қуанарлық, мақтаныш етіп сүйсінерлік зор уақиға екенінде енді ешкімнің күдік-күмәні жоқ болу керек.

Алаш қайраткерлері ішінде коммунистік террордан тірі қалған жалғыз қазақ Мұхтар Әуезов еді. Ол ұлы толқынның рухани аманатын көркем әдебиетте толық қалдырған бірден-бір қаламгер. Бұл идея ең алдымен оның басты шығармасы “Абай жолы” романында жүзеге асты.

Қазақ әдебиетінің тарихындағы дала тағдырын мұхит тектес тереңдікпен толғаған “Абай жолы” роман-эпопеясының авторы Мұхтар Әуезовтің көпке дейін, дәлірек айтқанда, қырықтың үстіне шыққанша, ұлы ақынның өмірі, туған-өскен ортасы туралы шығарма жазу жоспары болмағанын ескерткені бар. Абай өлеңдерін бастыру, ғұмырбаянын жасау, зерттеу еңбектер жариялауды романға барар жол деп санамаған екен. Сондықтан үлкен шығарма идеясы әбден піскен кезде, қажетті уақытты өткізіп алғанына бармақты шайнаған. Абай заманының сан-салалы сырлаын, дәуірдің қат-қабат тартыстарын, дәлді оқиғалар, аңыз-әңгімелерді даланың жезтаңдай, ескі көз, құйма құлақ адамдары кейде саф таза күйінде, кейде мың құбылтып жеткізген. Абайдың мінезіне қанықтырған қасындағы жары - Әйгерім, ұлы – Тұрағұл, інісі – Шәкәрім, шәкірттері – Көкбай, Қатпа, Баймағамбеттер. Көп нәрсенің түбіне, түкпірлі табанына үңілу керек болған. Ел аузы Қамқа мен Қодар нәпсі үшін қылмысқа барған деседі. Абай үш әйел алған кісі: Ділда, Әйгерім, Еркежан.

Романда қаламгердің бұрынғы шығармаларындағы әуен-сарындар жалғасып, тереңдеп, байып, жаңа сападағы көркем ойлар, кемел бейнелер туған, қазақ тілінің адам психологиясын, әлеуметтік қайшылықтарды ашып берудегі орасан зор байлығы көрініп, жанрдың ең жоғары талаптарына жауап беретін мол мүмкіндіктері ашылған М.Әуезов тұрмысы моральдық институттарының өмірлік материалдары негізінде қатал реализм, сұлулық, әсемдік талаптарына дөп келетін тарихи роман тудыруы арқылы қазақ әдебиетінің деңгейін биік әлемдік дәрежеге көтеріп жаңа эстетикалық игіліктер дарытып, қаламгерлік ерлік жасады.

Төрт томды эпопеялық көлемді роман қазақ қоғамының жарты ғасырлық әлеуметтік, тұрмыстық, отбасылық ғұмырын мейлінше дәл, айқын, адал бейнелейді. Оқиғалар жыл маусымдарының төрт мезгіліне бірдей, тәуліктің әртүрлі сәттерінде, күн демей, түн демей, толассыз өтіп жатады. Аталар буыны Құнанбайлар өмірінің соңғы кезеңі, орта буын Абайлар өмірі түгелдей дерлік, жаңа буын Әзімбайлар өмірінің тал түсі, жас төл Рахымдар өмірінің басы – бір-бірімен жалғас үзілмейтін тіршілік көшінің керуені іспеттес, бірін-бірі жосыған дария толқындары секілді сабақтас, жалғас қалпында көрініс табады. Бұл бір мәңгілік толас таппас жақсылық пен жамандық, махаббат пен ғадауат, әділет пен зұлымдық шайқасы ретінде бейнеленеді.

М.Әуезов творчестосының, әсіресе “Абай жолының” үздік көркемдік сапаны иеленуінің басты бір сыры адам жанының шындығын шынайы суреттеудегі жазушының творчестволық еркіндігінің айрықша мәнді, мағыналы, жасампаздық сипатында.

М.Әуезовтің тұңғыш жарық көрген тырнақ алды туындысы “Адамдық негізі - әйел” (1917) деген публицистикасында автор әйел азаттығы туралы келелі мәселені кең қозғайды. Тақырыпты талдау мәнерінен түрлі жайды топшылау, толғау машығынан оның өз ортасынан озғын білімі мен мәдениеті саз береді. Әуезовтің пайымдауынша әйелдің бас бостандығы, азаматтық құқы тек бір әйелдің жеке қара басы үшін ғана емес, сол әйел негіз болып отырған бүкіл адам қауымының тағдыр - тіршілігі үшін қажет.

Әуезов алған тақырыбының ішкі астарына, түпкі тамыр тереңіне сүңгіп барып, тарихи салыстырулар жасайды. “Отан от басынан басталады” дегендей, әйелді қоғамдық ортаның ұйытқысы ретінде танытады. Ерлер жағы өздерімен өздері, салт ат, сабау қамшымен бет-бетінде жүргенде төңірегін уыздай ұйытып, “балаларын баулап, асырап, үйлік, ұйымның басын құраған-әйел”. Осы әйелге теңдік бермей күйкі халде, күң қылып ұстау тек бір адам ғана емес, барлық қоғамға жасалған қиянат екенін түйіп айтады. Өйткені адам қоғамындағы адамгершілік - ана тәрбиесінің нәтижесі. Ал “өмірде әділет, мархабат, махаббат деген нәрсенің атын естімеген ананың” адамды адамдыққа тәрбиелеудегі үлесі қандай болмақ? Демек, адам бойындағы жаман қылық, жат мінездің барлығы бас бостандығы жоқ, сондықтан екі үйдің ортасындағы пыш-пыш өсек ғайбаттан әрі асып ешқайда бара алмай қалған көр бала, бұйығы, рухани мүгедек әйелдің сорлылығына байланысты екенін дәлелдей келе, “Әйел басындағы тұман айықпай, халыққа адамшылықтың бақытты күні күліп қарамайды. Ал, қазақ мешел болып қалам демесең, тағылымыңды, бесігіңді түзе! Оны түзейін десең әйелдің халін түзе!” – деп, өзінен бұрынғы ілгері ағартушы – демократтар тұрғысынан озат идея, ойшыл тұжырым ұсынады.

Осының бәрі тектен тек ұсынылып отырған жоқ. Әдебиет – сөз өнері. Ал өнер өмірден туады. Әуезовке біткен өнердің қайнар көзі де оның өзі таныған өмір десек, Әуезов творчествосындағы ең бір іргелі тақырыптың басы, ірі идеяның бастауы – оның өнер жолының басындағы осынау очерк – эссе.

Әйел, әйелге байланысты әсемдік әлемі - әдебиеттің мәңгілік тақырыбы. Өйткен ғасырдағы орыс әдебиетінде әлемге әйгілі “Тургенев әйелдері” бар десек, қазіргі қазақ әдебиетінде “Әуезов әйелдері” деп аңыздауға болатын жан тебірентер сырбаз, сұлу образдар галереясы жасалды. Дәл осының беташары да, Әуезовтің әлгі толғанысы – “Адамдық негізі - әйел”. Бәрі содан басталған.

Қазақтың сөз өнеріндегі, жоғарыда айтқанымыздай “Әуезов әйелдері” деп атауға болатын айрықша әсем образды галереясы ұлы эпопеяның жан тебірентер ғажайып жаңа бейнелерімен толықты.

Төрт кітап та үлкенді кішілі, ірілі ұсақты жүзге тарта әйел кейіпкерлері бар. Романның бұларға арналған беттері оқырманның көзі мен көңілін қатар жаулап, жан жүрегін қоса баулайды. Бұлар жүрген жерлер кейде шетсіз-шексіз мұхит бойын түгел жайлаған шарапатты жылы ағыс (Гольфстрим) секілді. Кейде қиырсыз кең байтақ құрлықтың ойы-қырын тегіс сәулелендіре шүлен шұғыласына бөлеген күн нұры тәрізді. Кейде көк жиекті керіп, әкеткен кербез теңіздің көз жеткісіз көк айдынына сән берген әппақ ақ шағалалар сияқты...

Әйел – ана ма, жар – жұбай ма, бұла – бойжеткен бе... Әйтеуір қияпаты бөлек қазақ қызының мінез-құлқын, іс-әрекетін, сыр-сезімін, қимыл-қылығын дәл, терең, нәзік суреттеуге келгенде шіркін шебер, алдына жан салмайды. Сонда әр бейненің тастан қашалғандай бедер табатыны сондай, әрқайсысы-бір адам ғана емес, бір топ адамның жиынтық бейнесі боп оқырманның көз алдында тұрады да, есінде қалады. Сонда әр кейіпкер – тип, әркімнің қашанғы таныс - бейтанысы боп шығады. Сонда бар ожданы тап-таза иманнан құйылғандай мейірім-шафқатқа толы Зере - әжелердің үлгісі; салқын қанды, сарабдал, сабырлы, ақыл-иесі Ұлжан-аналардың үлгісі; “сылдырлаған шолпысы әлдеқандай былдырлаған тілмен” бас сыры мен назын Абайға ғана құпия баян ететін “Ақ еті атқан таңдай әппақ” ару Тоғжан – алыстан арайлайтын қол жетпес арман секілді махаббат таңының үлгісі; әні сәніне, сәні әніне астасқан асыл, аяулы Әйгерім- жас жігіттің нақ сүйер сұлу жарының үлгісі...

Мұхтар Омарханұлы Әуезов өз творчествосында суреткерлік шеберліктің адам баласы шыға алатын ең биік шыңына дейін барды. Бұл жолда М.Әуезовке тән бірнеше суреткерлік дара қасиет туып қалыптасады.

“Абай жолы” секілді әлем әдебиетінің асыл қорына қосылған эпопеядан жалпы өнерге тән белгі қасиеттердің бәрін де табуға болады. Сәулет өнері ме, сурет өнері мен, немесе мүсін өнері дейсіз бе, не болмаса әуез, театр өнері дейсіз бе – солардың бәрінің де элементтері, көркемдеуіш, бейнелеуіш тәсілдері осы шығармада түгел жүр десе болады. Оның үстіне “Абай жолы” - өз аясында өнер мен ғылымды бірдей ұштастырған, асқан жарастықпен тұтастырған айрықша көркемдік үлгі. Бұл ретте “Абай жолы” әдеби тектер мен түрлер, өнер мен ғылым белгілерін тұтас қамтыған күрделі әдеби шығарма ретінде тануға тура келеді. Жазушы өз шығармасын аталған тектер мен түрлердің өнер мен ғылым салаларының құрамасы жиынтығы етпейді. Оларды эпопеялық бір тұтас бір ғана құбылыстың сегіз қырлы бір қырлы күрделі сапалы қасиетіне айналдырады. М.Әуезов эпосының жанрлық поэтикалық тұтастығы мен даралығы да осында. М.Әуезовтің эпопеясын оқу мен ұғу, оқушының қоғамдық ғылымдар мен көркемөнердің барша саласын, барша түрін танып білуге бастайды.

Күнделікті тәжірибеге сүйенген жағдайда, әр көрнекті қазақ қаламгері туралы сөз сөйлеу бүкіл қазақ әдебиеті көлемінде толғанумен пара-пар екендігіне көз жеткізуге болады. Осы тұрғыдан келгенде М.Әуезов жайлы сөз әсіресе бөлек айрықша...

М.Әуезовтің көркемдік әлемінің сан түрлі күрделі жаратылысын бір ұлт әдебиеті көлемінде немесе бір ел әдебиеті арнасында толық танып, біржола сарқып игеру өте қиын, тіпті мүмкін емес. Әлемдік әдебиет аясында алып қарағанда ғана М, Әуезовтің көркемдік әлемі, шығармашылық (поэтикалық) өнері, зергерлік өрнегі жайлы біршама толық қорытынды жасауға мүмкіндік туады. Осы ретте М.Әуезов жайлы сөз бастау белгілі дәрежеде бүкіл әлем әдебиеті деңгейінде ойлануға мәжбүр етер еді.

М.Әуезовтің көркемдік әлемі туралы шағын еңбегімізде біз жазушының тұтас творчествосы емес, жекелеген шығармалары туралы онда да сол жекелеген шығармалардың басты деген бірер ғана мәселелері хақында әңгіме бастадық. Бұл әңгіменің де жалғаса тереңдей беретін неше алуан бағыттары, ендіктері мен бойлықтары бар. Әсіресе жазушының адам жанының шындығын (жан диалектикасын) ашудағы таңғажайып сәулетті суреткерлік өнері әр түрлі аяда, көп сатылы деңгейде, әр тұрғыда арнайы зерттеуді қажет етеді. М.Әуезовтің творчестволық мұрасын өз алдына дербес немесе қазақ әдебиеті аясында, болмаса тұтас совет әдебиетімен сабақтас қарастыру, одан әрі әлемдік әдебиет дәстүрлерімен бірлікте байымдау...-бәрі де көркем әдебиетті М.Әуезовтің суреткерлік өнерін құрметтейтін және туған тіліне, туған әдебиетіне қызмет еткісі келетін, көзінде – нұры, көкірегінде сәулесі бар жас қауымның, өсер өркеннің алдағы күндердің міндеті.

Қорыта келе, ұлы жазушының бас шығармасында бейнеленген негізгі тартыс - әділет пен зорлық, тұтастық пен алауыздық, білім мен надандық, махаббат пен ғадауат майданында түптің түбінде жарқын өмірдің, нұр сәуленің, береке - бірліктің жеңетінін мадақтаған, өзі құлай сүйіп, сол жолға барлық қайрат жігерін, өз талантын, сапалы ғұмырын арнаған – қазақ халқының өрісті келешегі мәңгілік деген асқақ арманды, үміттің оты маздап жанып тұр.



Пайдалынылған әдебиеттер тізімі:


  1. Әуезова Л.М. “М.О.Әуезов творчествосында қазақстан тарихының проблемалары” // Мектеп баспасы, Алматы, 1977 ж.

  2. Нұрғали Р. “М.Әуезов тағылымы” // “Егеменді Қазақстан” 2007 ж 6 қараша

  3. “Абай” энциклопедиясы “Атамұра” баспасы, Алматы, 1995ж



Қызылорда инженерлік-экономикалық институты.

Тіркеу формасы

1. Есқараева Айгүл Дүйсенғалиқызы.

2. Жиенбаева Қарашаш.

3. “Экономикалық және Гуманитарлық пәндер” кафедрасының меңгерушісі филология ғылымдарының кандидаты, доцент

4. ГиМУ 06-1 оқу тобының 3 курс студенті.

5. Қызылорда инженерлік-экономикалық институты.

6. Ғ.Мұратбаев көшесі № 23

7. 8-7242-24-60-47 /112

8. “Абай жолы” эпопеясындағы әйелдер бейнесі.

9. Жаратылыстану және гуманитарлық









©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет