Қазақстан мен Ресей арасындағы трансшекаралық өзендер мәселесі



жүктеу 102.01 Kb.
Дата02.05.2016
өлшемі102.01 Kb.
: sites -> default -> files -> publications
publications -> ТӘуелсіздік жылдарынан кейінгі сыр өҢірі мерзімді басылымдар: бағыт-бағдары мен бет-бейнесі
publications -> Қазақстан халқы Ассамблеясы” кафедрасының аға оқытушы ф.ғ. к. Есқараева Айгүл Дүйсенғалиқызы “абай жолы” эпопеясындағЫ Әйелдер бейнесі
publications -> О. Сүлейменов және қазақ кино өнері
publications -> Абай мен Пушкин шығармалары
publications -> Темірбек жүргеновтің Өмірі мен қызметі (Қазақстан мұрағат құжаттары негізінде) Оразбақов Айтжан Жұмабайұлы
publications -> «Мәңгілік ел – ұлттық идеясының қазақ әдебиетінде көркемдік көрініс табу дәстүрі мен инновациялық жаңашылдық мәселелері» атты Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-теориялық конференция материалдары
publications -> Қазақ стиль типологиясының Қалыптасуы қорқыт ата атындағы Қму доценті А. Е. Айтбаева
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы
publications -> Абай танымындағы сопылық
publications -> Қазақ әдебиетінің халықаралық байланыстары
Әби Ж., Әліпбаев А.Р.
Қазақстан мен Ресей арасындағы трансшекаралық

өзендер мәселесі
Ежелден бері су мәселесі әлемдегі өте өзекті мәселелердің бірі болып келе жатқандығы белгілі. Сол ретте тәуелсіз ел ретінде Қазақ елі де су мәселесін, оның ішінде екі елге қатысты трансшекаралық өзендер мәселесін бүгіннен бастап шешуге ұмтылғаны айқын.

Трансшекаралық өзендерді бірлесіп пайдалану көптеген күрделі мәселелерді шешуде ымыраға келуді көздейді, бұл мемлекеттердің мүдделеріне сәйкес келеді және су ресурстарын ұтымды тұтыну, қорғау мен басқаруда сындарлы диалогты орнатуға септігін тигізеді. Дегенмен екі ел арасында жалпы су ағындары бойынша халықаралық ынтымақтастық саласында көп жылғы тәжірибесіне қарамастан, оларды басқару жүйелері әлі жетілмеген. Бұған екі мемлекеттің аумақтары бойымен ағатын трансшекаралық өзендердің қанағаттанарлықсыз жәй-күйі куә.

Осыған байланысты, көптеген мәселенің негізгі шешімі– су ағындарын басқарудың интеграцияланған тәсілі мойындалады, ол табиғат экожүйесінің экологиялық жәй-күйін, оның бекемділігі мен өзін-өзі тазарту қабілеттілігін негізге алады. Экожүйелердің табиғат заңдарына сәйкес даму құқығын мойындау өркениеттің қауіпсіз дамуының аса маңызды шарты болып табылады. Осыған орай мемлекеттердің ортақ табиғат ресурстарымен біріктірілген бірегей экологиялық саясатын қалыптастыруға тырысу қажет.

Қазіргі кезде Қазақстанда 7 мыңға жуық өзен бар, олардың ұзындығы 10-шақырым метр белгісінен асады. Еіліміз барлығы 39 мыңнан астам тұрақты және уақытша ағар суға ие. Ал елдегі аса ірі өзендер қатарына: Ертіс, Есіл, Тобыл, Орал (Жайық), Сырдария, Іле, Шуды жатқызуға болады. Олардың әрқайсысының созылымдығы 1 000 км белгісінен айтарлықтай асады. Жайық суы Каспий теңізінің қауызына ағады, Сырдария Аралға, ал Ертіс, Есіл мен Тобыл – Солтүстік Мұзды мұхитын қоректендіретін су артерияларына келіп түседі. Ресей аумағында шамамен 2,5 миллион өзен бар. Осы өзендердің көбісін шағын өзендер десе болады, өйткені олардың ұзындығы, әдетте, 100 километрден аспайды [1].



Алайда, үлкен өзендер жөнінде айтатын болсақ, олар шын мәнінде өте үлкен және таңқалдыратын көлемге дейін жетеді. Ресейдегі ең үлкен өзендер - Обь, Енисей, Лена, Амур, Волга және т.б. Қазақстан мен Ресей әлемдегі ең созылыңқы шекараға ғана ие болып қоймай, сондай-ақ, Одақтың құлдырауына байланысты халықаралық байланыс мәртебесін алған көптеген ортақ су ағындарына да ие болып келеді. Осы орайда, жалпы халық саны 4,5 млн. адамнан тұратын екі мемлекеттің 70 қаласы мен елді мекендерін екі елге тиесілі өзендер сумен қамтамасыз етуде. Тек бұл өзендердің жағдайы екі мемлекет тарапынан жан-жақты көңіл бөлуді қажет етеді. Мысалы, бүгінгі күні Жайық өзенін құтқару бойынша төтенше шаралардың қажеттілігіне ғалымдар да көңіл аударуда.

2008 ж. Оралда өткен «Жайық қауызы: экологиясы, мұрасы, трансшекаралық Қазақстан-Ресей ынтымақтастығы» тақырыбымен ғылыми-тәжірибелік конференциясында ауылшаруашылық ғылымдарының докторы, профессор К. Бозымов: «Жайық өзені қауызының экологиялық, шаруашылық, гуманитарлық мәселелерін жоспарлы түрде шешетін арнайы Мемлекетаралық комитетін құру қажеттігін» ұсынса, Дала Институтының директоры, жағрапия ғылымдарының докторы, РҒА корреспондент-мүшесі А. Чибилев Жайық өзені қауызының экологиялық өзгеруіне ерекше назар аудара отырып: «Суағардың қайтарылмайтын шығынын анықтайтын қуатты фактор - бұл өнеркәсіптік тұтыну, ал суды өнеркәсіпке бұрып жіберу - аса қауіпті ластану көзі болып табылады», – деп атап өтті өз сөзінде [2].

Жайық өзенінің жоғарғы ағымы мен оның тармақтарындағы суағарды реттеу, тың және тыңайған жерлерді өңдеу, жайылма және су айыратын ормандарды шауып тастау, қара және түсті металлургия кәсіпорындарының шаруашылық қызметі, су-биологиялық ресурстарының азаюы – осының барлығы өзен қауызын тіршілігі жоқ аумаққа айналдыра отырып, оның қалпына келуіне орасан зор зиянын тигізеді. Жайық өзеніне антропогенді ықпал ету Оренбург және Қарашығанақ газ-өнеркәсіп кешендерінің, сондай-ақ, көмір сутек шикізатын шығару мен қайта өңдеу кәсіпорындарының тарапынан болады. Трансшекаралық өзен суы ауыр металл қосындыларымен, хлорор ганикалық пестицидтерімен ластанған. Оренбург басшысы И. Мещеряков: «ұзындығы бойынша Еуропада үшінші өзен болып табылатын біздің ортақ ұлы өзеніміздің барлық экологиялық, шаруашылық, гуманитарлы мәселелерін шешу бойынша бірегей үйлестіру органын» құру қажеттігін алға тартқан болатын [3].

Ресей ғалымдарының деректері бойынша, Жайық өзені айналасындағы шиеленіскен экологиялық жағдайға қарамастан, ол көбінесе, популяциялауы қарқынды түрде қысқарып келе жатқан бекіре балығын сақтау және ұдайы толықтыру үшін қызмет етіп келген. Мысалы, өткен ғасырдың 70-жылдарының аяғында Жайық өзені әлемдегі бекіре шығарудың 33 пайызын, ал қара уылдырық өндірісінде – 40 пайызын алған болатын [4]. Нақ осы жағдай 1977 ж. Жайық өзені табиғи ресурстарын қорғау, ұтымды пайдалану және ұдайы толықтыру бойынша тұрақты қоғамдық Республикааралық комитетін құрудың себебі болды, бұл оның орта ағысы мен негізгі тармақтарында ірі су қоймаларының құрылысын жүргізбеу мүмкіндігін берді.

2006 ж. 3 қазанында Орал қаласында Шекаралық аумақтар Форумында Оренбург облысының губернаторы А.А. Чернышев, қабылданған шаралардың тиімді болғанын атап өтті – су қоймаларының құрылысы тоқтатылды, ал Жайық жоғары деңгейде өзін-өзі тазарту әлеуетін сақтап қалды [5]. Осыған қарамастан, Жайық өзені суағарының Ресей аумағындағы Оренбург облысында орналасқан Ириклинск су қоймасымен реттелгендігі, В.Ф. Басаргин мен Н.Б. Прохорованың пікірінше, «уылдырық шашу және қыстану миграциялары кезінде судың деңгейі бас шектеуші фактор болып табылатын бекіре балықтарының уылдырық шашуы үшін оңтайлы жағдайды ұстап тұруға» кедергі келтіретін негізгі себептің бірі болып табылады деп есептейді [6]. Бұл су қоймаларын жасаған кезде, балықтың мың жылдар бойы қалыптасқан тіршілік етуі мен көбею шарттарын бұза отырып, өзендерді бөгеттермен қоршалып тастайтынына байланысты, сол кезде олар жаңа гидрологиялық, термикалық, гидрохимиялық және гидробиологиялық параметрлерге бейімделуіне тура келеді. Одан басқа, орнатылатын бөгеттер балықтардың уылдырық шашу орындарына жолын бөгеп, тұқым қалдыру мүмкіндігінен айырады.

Ириклин ГЭС-і – Ресейдегі аса ірі электростанцияның бірі, ол Оренбург облысының Жайық өзенінде құрылған. Кешенді бағыттағы су қоймасы бола тұра, Ириклин су қоймасы сумен қамтамасыз ету, энергетика, Орск пен Новотроицк қалашықтарын су басудан қорғау, суару, судың сапасын реттеу және балық шаруашылығының талаптарын қанағаттандыру мақсаттарында қолданылады. Су қоймасы Орск-Халил өнеркәсіп кешенін, сонымен бірге, Гай, Новотроицк қалалары мен Оренбург қаласына дейін Жайық өзенінің іргелес аймақтарын сумен қамтамасыз етеді [7].

Жайық өзенінің жәй-күйінің қауіп тудыратын көрсеткіштері өзенді құтқару бойынша түбегейлі іс-шараларды қабылдаумен бүтін экожүйені сауықтыруға бағытталған интеграцияланған басқарудың қауыздық тәсілін іске асыру қажеттігін куәландырады. Аталмыш мәселені екі мемлекеттің саясаткерлері, ғалым мен қоғам арасындағы сындарлы ынтымақтасуы арқылы шешуге болады. Бірақ, оның маңыздылығын ұғыну және қалыптасқан дағдарысты жағдайдан шығу бойынша ұсыныстарды талқылау қадамы біраз созылып кетті, ал барлық қабылданып жатқан шаралар үйлестірілмеген және бір жүйеге келтірілмеген.

Шекара маңындағы ынтымақтастық жөніндегі Шағын комиссия отырысында 2001 ж. РФ мен ҚР Табиғат ресурстары министрлігіне «Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының Жайық өзенінің қауызына кіретін шекаралық аумақтарында мемлекетаралық экологиялық мониторингілеу жүйесін жасау мүмкіндігін қарастыру талқыланған еді. Сол ретте мемлекетаралық экологиялық мониторингілеудің ақпараттық-сараптамалық орталығын құруды мақсатқа лайықты деп есептеу» ұсынылған болатын [8].

Бұл мәселе бойынша 2007 жылы Новосибирскіде өткен Ресей мен Қазақстанның шекара маңындағы өңірлері Форумында Оренбург облысының губернаторы А.А. Чернышев «Жайық өзенінің экожүйесін сақтау бойынша ресей-қазақстан комитетін» және мемлекетаралық экологиялық мониторингілеу жүйесін құруды ұсынды. Осы мақсатта екі мемлекеттің үкіметтеріне тиісті ұсыныстарды әзірлеу үшін Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасында Үкіметаралық ынтымақтастық бойынша комиссиясы аясында сарапшылардың жұмыс тобы құрылған болатын.

Өкінішке орай, екі ел арасындағы трансшекаралық өзендерге құйылатын суларды тазалау және судың сапа деңгейінің өлшемдері әлі күнге дейін әзірленбеді және келісілмеді, бұл өзенді ұтымды пайдалану және қорғау бойынша бірлескен жұмысқа айтарлықтай кедергі келтіреді. Мәжіліс комитетінің отырысы трансшекаралық Жайық өзен қауызының экологиялық, әлеуметтік-экономикалық және гуманитарлық мәселелерін зерттеуге арналған болатын (2008 ж.), осы отырысқа Ресей Федерациясының да өкілдері – Оренбург және Челябинск облыстарының губернаторлары, РФ Мемдума депутаттары, РҒА ғалымдары қатысты. Отырыс барысында Жайық өзенінің табиғи ресурстарын кешенді қорғау және ұтымды пайдалану, Қазақстан мен Ресейдің экологиялық және экономикалық мүдделерін есепке ала отырып, оның экожүйесін сауықтыру мәселелері бойынша экономикалық, ұйымдастырушылық және құқықтық шараларын қабылдау сұрақтары талқыланды [9].

Жиналған экологиялық мәселелерді шешуде аймақтық билік органдарына үлкен рөл берілді. Мысалға, Оренбург облысындағы табиғатты қорғау қызметі, шекара маңында орналасу себебінен, халықаралық сипатқа ие. Осы жағдайды ескере отырып, экожүйені сауықтыру мәселелері бойынша іргелес жатқан аумақтармен трансшекаралық ынтымақтастық нығаюда, мұнай-газ кен орындарын игерудің және өнеркәсіптік қайта өңдеудің жағымсыз салдарын ең төменгі деңгейге дейін төмендету бойынша шаралар жасалуда, химиялық және металлургия өндірістерінің зиянды қалдықтарын кәдеге жаратудың озық технологиялары енгізілуде.

Ерекше назар Жайық өзенінің қауызының флорасы мен фаунасын зерттеу, сақтау мен игеруге аударылуда. Экологиялық мәселелер кешенін шешу үшін Оренбургте «Оренбург облысының 2005–2010 жылдарға арналған экологиялық жағдайын сауықтыру» тақырыбында облыстық мақсатты бағдарламасы қабылданған болатын, оны жалпы қаржыландыру көлемі 6069,5 млн рубльді құрады. Бағдарламаны іске асыру аясында облыстық бюджет пен муниципалды құрылулардың қаражаттары есебінен Оренбург пен Орскта жаңа тазарту құрылғылары соғылып, ескілерінің қайта құрылысы мен жөндеуі жасалды, қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны соғылды,шағын өзен арнасын тазарту, бұлақтарды қалпына келтіру, елді мекендерді көгалдандыру жұмыстары жүргізілуде.

Алайда, күш салу үйлесімінсіз, бірлескен суды басқаруда бірегей интеграцияланған тәсілсіз жағдайды түбегейлі өзгертіп, қолайлы әрі тұрақты табиғат ортасы аясында өркениеттің қауіпсіз дамуының аса маңызды сұрақтарын шешуді қамтамасыз ету қиын. Трансшекаралық Жайық өзенін сақтау бойынша сәтті әрі өнімді жұмыс үшін бірегей экожүйені сақтауға бағытталған екі мемлекеттің бірлескен ынтасы қажет.

Жайық өзені ең ірі сол жақ ағар суы трансшекаралық Ілек өзені болып табылады, ол Қазақстанның Ақтөбе облысы және Ресейдің Оренбург облыстары бойымен ағып өтеді. Егер Жайық өзені адамның шаруашылық қызметінің жағымсыз экологиялық салдарын Ресейден Қазақстанға алып келетін болса, онда зиянды заттарды Қазақстан аумағынан Ресейге трансшекаралық тасымалдау Ілек өзенінің көмегімен жүзеге асырылады, оның суы Оренбург облысына үлкен мөлшерде ауыр металлмен ластанған суды апарады.

Аталмыш өзенде бор мен хром тәрізді қауіпті элементтер бар, бұл оны ағысы бойынша төмен орналасқан қала мен ауыл тұрғындарының қолдануы үшін жарамсыз етеді. Бөлек кезеңдерде су құрамында хромның болу деңгейішекті рұқсат етілген тығыздықтан 7 есе асып түседі. Судың бормен ластану көзі – бұл С. Киров атындағы бұрынғы Ақтөбе химзауытынан кейін қараусыз қалған объектілер болып есептеледі. Одан бөлек, өзенге «Ақбұлақ» АҚ тазарту құрылғыларының кешені орналасқан Ақтөбе қаласының 10,0 млн куб. м-қа дейінгі мөлшерде әбден тазартылмаған ағын сулары кезеңді түрде құйылып тұрады [10].

Жайық өзенінің сол жақтағы басқа ағарсуы, трансшекаралық Ор өзені, өз науасын Қазақстанның Ақтөбе облысында қалыптастырып, содан кейін мемлекеттік шекарадан өтеді және Оренбург облысының аумағында Орск қаласының орналасу орнында Жайық өзені келіп құяды. Қауыз тәсілі аясында трансшекаралық өзендерде олардың негізгі ағымын жасайтын тармақтар - шағын өзендер маңызды орын алады. Олардың кейбірі трансшекаралық сипатқа ие, сол себептен, олардың экологиялық жағдайы мен ластану деңгейін қадағалап тұру керек, себебі, бұл көбінесе, өзеннің негізгі су ағымының параметрін анықтайды.

Осындай шағын өзендерге Хобда – Ілек өзендерінің сол жақ тармағы; Сакмара, ластануды ресей аумағынан Жайық өзеніне алып келеді; Шаған – Жайық өзенінің оң жақ тармағына жатады, ол пайдаланылған суды Батыс Қазақстан облысынан жинап, Орал қаласы шектерінде оны Жайық өзеніне құяды. Қиғаш өзені трансшекаралық болып табылады, ол Астрахань облысы ауданында Ресей мен Қазақстанды бөледі.

Шағын өзендердің жәй-күйі мен олардағы судың сапасы, бір жағынан, тұрғындардың шаруашылық қызметінің дамуы үшін орасан мәнге ие болып келеді, ал екінші жағынан – ірі өзендердің экологиялық жағдайы мен өңірдегі қауіпсіздікке әсер етеді. Жоғарыда аталған су қоймаларының әрқайсысы күрделі экологиялық бұзылуларымен сипатталады, оларды жою бүтін өзен қауызының, соның ішінде осы шағын өзендердің де сауығуына алып келеді.

Шағын өзендер мәселесіне әртүрлі қарауға болады. Орал экономикалық ауданының су шаруашылығы кешені құрылымында, мұнда шағын тұрақты ағын суының көп саны байқалады, «су шаруашылығы қызметін басқарудың барлық деңгейінде іс-шаралар кешенін жүзеге асыру қажеттігі туралы идеясы» көзделеді. Осы идея мәнісі бойынша, барлық көптеген шағын және орта тармақтарымен жиынтықта қарастырылатын трансшекаралық өзендерді басқаруда қауыз тәсілімен ұйқасады, ол қауыздың тіршілігін қамтамасыз етеді, өзін-өзі тазарту қабілетін жоғалтқан оның экожүйесін қалпына келтіруге көмектеседі. Нәтижесінде, кез-келген табиғат жүйесіне өте қажетті тұрақтылық және табиғи өзіндік реттеу пайда болады.
Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Реки Казахстана http://ru.wikipedia.org/wiki.

2. Борисова, С. Вернем былую славу Уралу / С. Борисова // Приуралье. – 2008. – 3 ноябрь.

3. Международная конференция по спасению природы Урала в Оренбурге / Агентство Национальных новостей. – 14.06.07.  http://www.annews.ru/news/detail.php?ID=103820.

4. Нижне Волжское бассейновое водное управление Федерального агенства водных ресурсов http://www.nvbvu.ru/info/article/47.

5. Чернышев, А. А. Тезисы выступления на российско-казахстанской встрече по проблемам сохранения экосистемы бассейна реки Урал / А. А.Чернышев. http://www.c-society.ru/main.php?ID=388667.

6. Басаргин, В. Ф. Социально-экологические проблемы Урала: пути решения / В. Ф. Басаргин, Н. Б. Прохорова http://www.invur.ru/index.php?page.

7. Ириклинская ГРЭС – флагман энергетики Южного Урала www.energyland.info/analitic-show-9629.

8. Протокол заседания Подкомиссии по приграничному сотрудничеству Межправительственной комиссии по сотрудничеству между Российской Федерацией и Республикой Казахстан, г. Оренбург, 16–17 октября 2001 г. http://www.oblves.orb.ru/books/ruskaz/protocol1.htm.

9. Комитеты мажилиса проведут выездное заседание по вопросам экологии 29 октября 2008 г http://meta.kz/novosti/kazakhstan/54237-komitety-mazhilisa-provedut-vyezdnoe-zasedanie-po.html.


10. Казахстан: Трансграничная река Илек несет нечистоты в Урал 15.09.2008 Мария Коржева http://www.fergananews.com/articles/5854.





©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет