Қазақстан орта ғасырлар тарихы пәннің жұмыс бағдарламасының жинағы



жүктеу 3.94 Mb.
бет10/20
Дата31.03.2016
өлшемі3.94 Mb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20
: files -> umo
umo -> «Тарихты оқыту әдістемесі» пәнінен оқу-әдістемелік кешені
umo -> Лекциялық материалдың мазмұны
umo -> Лекциялық материалдың мазмұны
umo -> С. В. Самаркин Жыл сайынғы қайта бекіту туралы мәлімет
umo -> Қазақстан жаңа заман тарихты пәнінен оқу-әдістемелік кешені
umo -> Лекциялық материалдың мазмұны
umo -> Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты Тарих және өнер факультеті Қазақстан тарихы кафедрасы
umo -> Лекциялық материалдың мазмұны
umo -> Глоссарий по микробиологии
umo -> Абсцесс ограниченное гнойное воспаление. Агаммаглобулинемия

2.XX ғ. 90 жылдарының екінші жартысындағы Қазақстан экономикасы. 1970-1990 жылдардағы Қазақстандағы әлеуметтік, экономиялық жағдай. Невада-Семей қозгалысы

Әскери объектілер, ірі өнеркәсіп пен энергетикалық комп-лекстердің салынуы, қоршаған ортаға үлкен шығын әкелді.

Айырықша экологиялық жағдай Арал теңізі бойындағы аудандарды қамтыды. Арал теңізіндегі Сырдария мен Амудария суларын мақталы алқаптарға пайдаланды. Осының салдарынан теңіз суы 15 метрге төмендеп, колемі 54%-ке азайды. Жағалауы оңтүстік пен шығысқа қарай 60-120 км кейін шегінді. Теңіз түбі 25 мың кв. километрге тартылды.

Мұның бәрі аймақтағы экологиялық және санитарлық-эпидемиялық жағдайын біршама нашарлатты. Бірден жұқпалы аурулар көбейді, әсіресе іш сүзегі, сары ауру, туберкулез бен онкологиялық аурулардың саны көбейді.

1970-1990 жылдары Арал жағалауында жалпы өлім саны екі есе көбейді. Туылған 1000 баланың 40-60-ы өлімге ұшырады. Ал, аналар өлімі жалпы одақтық көрсеткіштен 46 есе артық болды. Семей ядролық полигоны жерінде үнемі экологиялық қауіп бұлты сейілмеді.

Қоғамды саяси езгерістер шарпды.

Л.Брежнев басқарған мемлекеттік партия 60-шы жыл-дардың 2-ші жартысында КПСС-тің ХХ-съезі салған жоддан тайып кетгі. Бұрынғы сталиндік өкіметгің саяси құрылымын және мемлекет бюрократиялық басқаруды сақтап қалуға барлық мүмкіндіктерді жасады. Репрессиялық құрбандыққа ұшырау тоқтатылмады.

1978 жылы Қазақ ССР-ның жаңа конституциясы қабылданды. Оның жобасы кең көлемде талқыланғанмен формальдық тұрғыдан жүргізілді.

Ұсыныстар мен ескертулер республиканың правосын кеңейтуге, қоғамды демократияландыру, адамның қүқығын сақтау туралы жағдай бүркемеленіп келді және республиканың негізгі заңында айтьшмады.

Конституция бабьшда Қазақстан ұлтгық республика ретіңде көрсетілмеген. КПСС-тің басқару ролі занды түрде бекітілді. Бұл басқа да партиялар құруға мүмкіндік бермеді.

Нақты өкімет қоғамның барлық жолында партиялық аппараттық басқаруға көшті. Кәсіподақ ұйымдары әкімшілік және партиялық органдардың көрсетілген жұмыстарын атқарды. Халық совет депутатгары өкіметті басқарудан қалды.

Қазақстандағы ауылдар мен қалалар арасындағы әбден асқынған әлеуметтік ауытқушылық көптеген адамның, отбасының тағдырын таптап, шексіз қүлдырауға, жалаң идеологияның сойылын соғып, оның қара қүлы болуға мәжбүр еткені бәрімізге мөлім. 1989 жылдың 28 наурызында Қазақ КСР Министрлер кеңесі Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Атырау, Жамбыл, Жезқазған, Қостанай, Семей, Талдықорған, Орал және Шымкент облыстарының шал-ғайдағы аудандарының әлеуметтік дамуын жеделдету жөнін-дегі шаралар туралы қаулы қабылдады. Бұл республикадағы мүлгіп жатқан ауылдардағы өлі тыныштықты бұзған каулы болып табылды.

Бұл құжатта Қазақстандағы 205 ауылдық ауданның 71-інің әлеуметтік даму дәрежесі өте төмен, ал онын, 30-ының мүлдем мешеу қалғандығы ашық айтылды. "... Осы 30 ауданда 1 млн. аса адам түрады. Ал, олардың 900 мыңы қазақтар. Ондағы әйелдің әдетте 6-8-ден баласы бар, балалардың шетінеуі ең жоғары деңгейде" — деді. Н.Ә.Назар-баев осы мәселеге арналған мәжілісте. 1990 жылдан бастап осы аудандардың "ұмыт қалған" ауылдардың әлеуметтік дамуын жеделдету мақсатында 200 миллион, кейін 274 миллион сом қаржы бөлінді. Еліміз тәуелсіздік алып, еңсесі көтерілгенде түп бесігіміз — ауылдардағы тыныштықты жойып, аддыңғы қатарлы дамыған өркениетті елге айналу — басты мақсат болды.

1989 жылы ақпаңда "Невада - Семей" деп аталатын ядролық сынақтарға қарсы қозғалыс дүниеге келді. Қазақстандық ядролық қарусыз дүние үшін күресушілер өздерінің невадалық әріптестеріне достық ниеттерін білдірді. Қозғалыстың негізгі мақсаты Семей полигоны, әлемдегі басқа да ядролық қаруға қарсы күресушілер әлемнің түрлі елдеріңдегі азаматгык қарсылық көрсету марштарына қатысты. Бұл қозғалыстың құрамына "Әлем дәрігерлері ядролық соғысқа қарсы", "Парламентшілер ғаламдық шараларды қолдайды", "Гринпис" ұйымдары, Жапония, АҚЩ, Германия, Франция және басқа да елдердің күрескерлері енетін. Халықаралық ядролық қаруға қарсы альянсқа айналуына мүмкіндік берді. Қозғалыс бөлімшелері Қазақстанның барлық қалалары мен аудандарында, сондай-ақ Ресей, Қырғызстан, АҚШ пен Түркияда ашылды.

"Невада-Семей" қозғалысының жетекшісі О.Сүлейменов халықаралык қозғалысы өте аз мерзім ішінде Семей полигонындағы ядролық сынақтар санын қысқартуға көмектесті.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев өзінің 1991 жылғы 29 тамыздағы Жарлығымен 459 ядролық сынақ өткізген Семей полигонын жапты. Бұл акция біздің еліміздің атом каруын таратпау саясатының басы болды.



3.1995-2000 жылдары Қазақстан үкіметінің әлеуметтік саясаты. Қазақстандағы экономикалык, әлеуметтік, саяси удың құқықтык базасы 1995 жылы жаңа Конституция қабылданды.

Реформаларды жалғастыру және тереңдету үшін Қазақстан Республикасы Президентінің басшылығымен және тікелей қатысуымен әзірленген елдің жаңа Конституциясын қабылда у жөніндегі республикалық референдумның маңызы аса зор. Жаңа Конституцияны қабылдауды біддірген 1995 жылғы амыздағы референдумның оң қорытындылары (сайлаушылардың 89 пайызы жақтап дауыс берген) тандаған жолдың дұрыстығын тағы да дәлелдеп берді. Ірезиденттің Қазақстан Республикасының егемендігін жариялауымен бірге аумақтық тұтастықты сақтау мен едцің Іқ қауіпсіздігін қамтамасыз етудің неғұрлым өткір Іелері де шешімін тапты.

Конституцияның кабыддануы Презвдештік басқару анының ауқымында Мемлекет басшысының мәртебесі , "ахуалды" меңгеруіне, сөйтіп Қазақстан жағдайында рмлекеттік билік органдарының үйлесімді қызмет етуін гыз етуге, коғамды ойдағыдай және түпкілікті реформа мүмкіндік береді. Сонымен қатар, қуатты әлеуметгік Іс жүріп жатқан кезде көп ұлтгы әрі көп дінді қоғамда латгық татулықтың, қоғамдық түрақтылықтың және аралық келісімнің кепілі Президент сынды түлғаның : өмірлік мәнді мәселеге айналады. Ол сонымен қатар меттің өзін тағайындап отырған халықтың алдындағы жауапкершілігін көтерудің де ұтымды құралы болды.

Тәуелсіздік алған Қазақстан Республикасы алдывда ядролық саясатгың өзіңдік қырсырын, ядролык, қаруды жоюдың түрлі мәселелері бойынша ұстанымдарын анықтау секілді өте маңызды міндеттер тұрды. Ядролық қарудан бас тарту саясатын ұстанған Қазақстан 1991 жылғы 29 желтоқсандага Алматы декларациясына қол қоюшы ретінде Ресей, Украина және Беларусьпен бірігіп, бұрынғы КСРО ядролық арсеналының қызметіне, ядролық қауіпсіздіктің қажетгі дәрежесін жоғалтпау үшін бақылау жасау қажеттігін айтты. Қазақстан сондай-ақ КСРО-ның стратегиялық шабуыл каруын қысқарту саласындағы халықаралық міндеттемелеріне сенімділігін қуаттады. Биліктің тұрақтылығы реформаларды жүргізудің жоспарлылығын, кезеңцерін, биліктің әр тармағындағы саясат сабақтастығын қамтамасыз етті. Соның нәтижесінде қоғамда саяси тұрақтылық сақталды.

1995 жылғы Конституциямыз экономикалық реформаларға тың серпін беріп, Үкімет қызметі үшін нарықтық қатынастар талаптарына сай келген және сай келетін заңна-малық негіздің және заіщамалық ерістің жасалуын қамтамасыз етті. Мәселен, Конституция мемлекеттік те, жекелік те меншіктің бірдей қорғалуына кепідцік береді. Біздің еліміз үшін жерді жеке меншікке жатқызу мүмкіндігін конститу-циялық тұрғыдан бекемдеудің маңызы ерекше болды соның ішінде макроэкономикалық түрақтьшықты, инфляцияны толық тежеуді, тиімді қаржы-кредит жүйесінің қалыптасып, меншік қатынастарының түрақтанғанын, жекелендірудің кезең-кезеңімен ойдағыдай жүгізілгенін атаған жөн. Әсіресе, инвесторлардың сеніміне ие болғанымыз президенттің керегендігін көрсетті.

Қазақстан бүгінгі күні ұлттық экономикаға шетел капи-талын тарту жөнінен үздік көрсеткіштердің біріне ие. Әнеркәсіп өндірісі түрақты есе бастады. Ауыл шаруашылыш жанданып келеді. Әлеуметтік реформа табанды да жоспарлы жүргізіліп келеді.

Бүгінгі күні біздің Конституциямыз бен зандарымыз адам иіілігіне жұмыс істеумен қатар, оның шығармашылық, жасампаздық қуатына серпін беріп, кәсіпкерлік бастамашылығын ынталандырады деп айтуымызға толық негіз бар.

Жаңа Конституциямызда азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандығы айқын тұжырымдалып, оларға нақтылы кепілдік берілді. Негізгі занда адамның қадір-қасиеті, оның құқықтары мен бостандығы туралы қағида-лардың баянды етілуі әрбір азаматгы қорғауға деген ұмтылыстан туындап отыр.

Басқаша айтсақ, Конституциямызда осы заманғы нарықтық экономиканың адамның өз еңбегінің нәтижесіндегі нақты үлесіне (нәтижесіне) қарай оның сан түрлі мүддесін қамтамасыз ету мүмкіндіктерін алға тартатын принциптеріне сәйкес азаматтардың конституциялық құқықтарының, бостандығы мен міндеттерінің мәнісі мен мазмүны пайымдалып отыр. Бұл ретте мемлекет тегін әлеуметтік қамтудың ең қажетті төменгі деңгейіне кепілдік береді.

Қазақстанда қазіргі қолданып жүрген Негізгі Заңның қабылдануына орай азаматтардың өз мүмкіндіктерін іске асыруы үшін сапалық жаңа құқықтық кеңістік қалыптасып, коғамды одан әрі демократияландыру үшін кең өріс ашыдды. Экономикалық бостандық, идеологиялық және саяси саналуандық, баршаның заң адцыңцағы тендігі — Қазақстан-ның құқықтық дамуының негізгі басымдықтары, осылар. Сонымен қатар, Конституция демократиялық институтгары асыра пайдалануға жол берілмейтінін ескертеді, сөйтіп конституциялық құрылысы күштеп езгертуге, республиканың тұтастығын бұзуға, мемлекетгің қауіпсіздігіне нүқсан келті-руге, әлеуметтік, нөсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық алауыздықты қоздыруға тыйым салады. Негізгі Заңның қоғамда конституциялық зандылықты, тұрақтылық пен құқық тәртібін қамтамасыз етуге бағытталған қорғаушылық уәзипасы, міне, осыдан айқын көрініс береді.

Біздің Конституциямыз, бір қарағанға "Қатал" болып корінгенімен, демократиялық институттар құруға кедергі келтірмегені былай түрсын, қайта оларды қолдап, көтермелеп отырады. Негізгі Заңға 1998 жылы енгізілген түзетулер де, міне, осыған бағытталды. Мүны, тегінде, биліктің қолда-нылып жүрген институтгарын демократияландыруға — Парламенттің өкілеттігін кеңейтуге, жекелеген санаттағы бас-шылардың, соның ішінде аймақтағы басшылардың сайлан-балылығына байланысты, сондай-ақ саяси партиялар мен қозғалыстардың қызметіне, азаматтардың қоғамдық бірлес-тіктерінің ел өміріне белсене қатысуына байланысты да айтуға болады.

Бұған мысал ретінде Конституциямызға сәйкес құрьшған екі палаталы Парламентті айтуға болады.

1998 жылдың күзінде Парламент қабылдаған Конституцияға енгізілген өзгертулер мен толықтырулар жоғары өкілді органның мемлекеттік билік жүйесіндегі маңызын, ролі мен орнын айқындап берді. Жүйеге келтірген конституциялық низамдар еліміздің заңнамалық органы қызметінің тегеурінін, оның депутаттарының кәсіпқойлығын артгыруға бағытталды.

Парламенттің заңнамалық қүзыретінің аясын айқын белгілеу заңнамалық биліктің неғүрлым тиімді жұмыс істеуіне қажетті алғышарттар жасап, заң шығару жұмысының пәрменділігі мен сапасын артгырады, оны қатаң конституциялық негізге қояды. Ал, мұның езі, өз көзінде, еліміздегі консти-туциялық зандылық тәртібін нығайтады.

Өркениетті қоғамда Парламенттің қолындағы ықпал ету мен бақылау жасаудың ең қуатты құралдары ұтымды зандар Қабылдау, мемлекеттік бюджетті бекіту, Үкімет қызметінің бағдарламасан мақұлдау немесе кабыдцамай тастау, Үкіметгің осы бағдарлама бойынша Парламентке есептілігі, Премьер-министрді тағайындауға келісім беру, сенімсіздік біддіру, Парламент палаталарында үкімет мүшелерінің есептерін тывдау жөне Президентке оларды қызметтерінен босату женінде үсыныс жасау болып табылады. Сейтіп, барлық бақылау жасау өкілеттері біздің Конституциямыз бойынша Қазакстан Парламентінің қолына беріліп отыр.

Мұның үстіне, Ұлттық Банктің төрағасын, Бас прокурорды, ҰҚК-нің терағасы, Жоғарғы Соттың төрағасы мен судьяларын, Орталық сайлау комиссиясының төрағасы мен мүшелерін, сондай-ақ Конституциялық кеңестік құрамының копшілік бөлігін тағайындау сияқты негізгі кадр мәселелері де Парламенттің немесе оның палаталарының тоқтамды, шешуші сөзінсіз жүзеге аспайды. Осылайша, Қазақстан Парламентінің конституциялық өкілеттігі қазіргі жағдайда барынша ауқымды болып отыр.

Бұрынғы кодцанылып келгеніне қарағанда, 1995 жылғы Конституция жаңа институттар мен низамдар енгізді. Бұл арада әңгіме Парламенттің екі палаталы құрылымын, Конституциялык, кеңес тағайындау, қолданылып жүрген құқық көздерінщ арасалмағын айқындау, соттардың біртұтас жүйесін құру, биліктің сот тармағының тәуелсіздігін қамтамасыз ететіндей деңгейге оларды жасақтаудың жаңа тәртібі жайында болып отыр.

Бізде құқықтык мемлекет қалыптастыру процесі енді ғана күш алып келеді, сондықтан да біз үшін құқықтық жүйесінің, соның ішінде сот жүйесінің тиімділігін арттыру маңызды мәселе болып табылады. Оның үстіне бұл процесстер бір-бірімен өзара байланысты әрі өзара тығыз қарым-қатынаста болып отыр.

Ұтымды экономика, жетік құқықтық база болмайынша, әділ де адал соттың болуы да мүмкін емес. Өз көзінде, нарықтық кұқықтық жүйені қалыптастыру, Конституция мен зандарды мемлекеттік аппаратқа, барлық азамматтар мен заңды түлғаларға мүліксіз орындату арқылы ғана экономиканы өркендетуге болады.

Заңды қастерлемейінше, құқық пен сот жүйесін үлықтамайынша, Қазақстанда тиімді экономиканың болуы мүмкін емес.

Мемлекет құру ісі — үздіксіз процесс, ол мемлекет қанша омір сүрсе, сонша уақыт жүргізіле бермек. Әлбетте өмірдің езі оған өзгерістер енгізуді, соның ішінде конституциялық өзгерістер енгізуді талап етуі ықтимал. Бірақ бір мәселенің басы ашық, Қазақстан Республикасының Конституциясы озі өмір сүрген жылдардың ішінде өзінің өміршеңцігі мен тиімділігін дәлелдеді, оның басты қағидалары бүгін де кокейкесті қалпында қалып отыр. "Қазақстан 2030" страте-гиясында атап көрсетілген: "Аса ауыр жағдайларда жинақ-талған мемлекеттік құру, саяси және экономикалық рефор-малар жүргізу тәжірибесі, әлем және оның дамуы туралы білім-білігіміз", қазақстандықтардың төзімділігі мен түсінушілігі бізге қосымша күш-қуат пен сенімділік үстейді".

Еліміздің негізгі Заңы біз үшін адцагы уақытта да озіміздің билік максатымыз — мемлекетгердің олемдік қоғамдастығына енген, азаматтарының дәулетгі лайықты омір сүруіне барлық жағдай жасалған тәуелсіз экономикалық еркенді мемелекет құру жолындағы ілгері басуымызды реттейтін негізін калаушы басты құжат болып қала береді.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастыгы тарихыңдағы аса жарқын кұжаттардың бірі "Қарапайым адамдарға қарай қарапайым он кадам" бағдарламасы мен Еуразия одағының моделі болып табылады, оларда Президент Н.Ә.Назарбаевтың жан азабы мен ақиқаты - өз елінің қарапайым адамдары және тарих пен тағдыр тәлкегіне орай бір сәтте шекараның екі жағында кала берген бұрынғы КСРО азаматтары жөніндегі камқорлығы шоғырланып, көрініс тапқан. Және де ақиқат пен әділетгікке жүгіне отырып, Н.Ә.Назарбаевтың адамдарға көмек беру жөне олардың өмірін жеңілдету тұрғысындағы жарқын идеясы мен шынайы үмтылысын осынау оң існиет арналған жандардың жылы ұшырай қабыл алғанын есте сақтаған жөн. Бағдарламаның ТМД-да кабылдануы, Қазақстан Президентіне жолданған жүздеген, тіпті мыңдаған алғыс хаттар осының куәсі болып табылады.

Сонымен Ата Заңьшыздың қабылдануы, экономикаға басшылық жасаудың жүйесін қалыптастыру, әлеуметтік және ұлттық саясаттың негізгі бағдарын белгілеп беру, тұрақтылықтың сақталып отыруы Қазақстан мемлекетгілігін қалыптастырудың сын сағатынан сүрінбей өттік деп қорытынды жасауымызға мүмкіндік береді.



4.1995-2000 ж.ж. мәдениет, ғылым білім және денсаулық. Халықтардың қарым-қатынасындағы басты да мәнді қырлардың бірі-гуманитарлық, соның ішінде мәдени ықпалдастық. Көптеген парасат иесі ғалымдардың

эконномикалық проблемалар қанша күрделі, қаншама білгір болса да, мәдениет мәселелері, рухани игілік жайлары басым тұрады дейтін санаспасқа болмайды: шынында да, адамдардың санасы мен имандылығындағы ақау-нағыз қасірет.

Ықылым заманнан-ақ мәдени ынтымақтастық, рухани астасу тарихының қандай тар кезеңдерінде болсын халықтарды тұтастырып, ел мен елді табыстыратын берік дәнекер болған.

Құрлық бойымен дүние жүзіндегі ең ұзақ ортақ шекаралардың бірі және іргелес жатқан ұлан-ғайыр территория өткен уақыт ішінде біздін халықтарымызға тату көршіліктің мейлінше мол тәжірбиесін тауып, жинақтауына мүмкіндік берді. Кемеңгер ақын әрі ойшыл Абай қалдырған рухани мұраның ғасырлар бойғы берік-байланысты одан әрі дамытуға тигізетін ықпалына баға жетпейді.

Туғанына 160 жыл толуы 1995 жылы атап өтілген қазақтың тамаша ғалымы Шоқан Уалиханов: «Біз орыстармен тарихи, тіпті қандас туыстықпен байланысқанбыз- деп жазды.Ресейлік және европалық талғам биігінде тамаша білім алған Шоқан өз халқының арман-мүддесін қалдықысыз білетін.Қазақ халқының болашағы туралы ой толғай келіп ол: «Халықтың қалыпты өсуі мен дамуы» үшін ең әуелі бостандық пен білім керек,-деді.

1994 жылы бүкіл шығармашылық өмірі қазақ халқының музыка әениетімен тығыз байланысты болған белгілі музыкантэтнограф. Қазақстанның халық артисі Александр Затаевичтің туғанына 125 жыл толуы кеңінен аталып өтті. 20-ші жылдары Орынборда тұрған көзінде А. Затаевич қазақ музыка мәдениетінің байлығымен ерекшелігін барынша сөзінді. Ол ұлттық музыканның фольклордың шығармаларын тұңғыш жинап, бастырып шығарды, 2300-ден аса халық әндері мен күйлері жазып алды.

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Ресей Федерациясының кезекті сапарының барысында мәдениет, ғылым мен білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы сондай-ақ біліктілігі жоғары ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрлар даярлау саласындағы ынтымақтастық туралы,сондай-ақ біліктілігі жоғары ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрлар даярлау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойылды, бұлар осы салалардағы қарым-қатынасты дамытуға жаңаша серпін берді. Мұның мазмұны айрықша: Қазақстан халқының үштен біріндейі-орыстар, сондай-ақ миллионная аса қазақтар ресейлік. Сондықтан екі жақты мәдени және біліми талаптарды қанағаттандыру қажеттігі айдан ашық .

Қазақстан мен ресей халыктарының мәдениет,ғылым және білім беру саласындағы достық байланыстар мен ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және нығайтуға деген ынта-ықыласын білдіре отырып, екі мемлекет халықтарының мәдени араласы мен достық қарым қатынас дәстүрлерін ескере келіп, екі ел үкіметтері олардың арасында мәдениет, ғылым, білім беру, спорт саласындағы, сондай-ақ жастар одақтары мен шығармашылық одақтарын, ассоциялар мен қорларды қоса алғанда қоғамдық ұйымдар арнасы арқылы жүретін ынтымақтастықты алдағы уақытта да дамытуға ықпал етіп отыруға міндеттенді.

Ескерте кетейік: тараптар бір-бірінің аумағында тұратын өз халықтарының ұлттық ерекшелігін, тілін сақтау мен дамытуға, рухани және діни қажеттерін жүзеге асыруға қолайлы жағдай туғызу, ана тілінде білім алуына мүмкіндік жасау арқылы олардың мәдениетінің еркін және тең дамуына кепілдік берді.

Бұрын берілген құжаттардың, біліктілік аттестаттары мендипломдарының баламалалығынын мойындау туралы уағдаластыққа қол жетті және білім беру саласында жүзеге асырылып жаткан реформаларды ескере отырып, жаңа құжаттарды өзара мойындау жөнінде әзірлеу көздеді.

Біліктілігі жоғары ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрлар даярлау мен аттестациялау саласындағы ынтымақтастық туралы келісімде біліктілігі жоғары ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды өзара мақсаткерлікпен даярлау және сынаудан өткізуді ұйымдастыру, ғылыми қызметкерлер мамандықтарының ұлттық тізбесін (номенклатураның) әзірлегенде және өз мемлекеттері аумағында ғылыми дәреже беру жөніндегі кеңестер ұйымдастырғанда консультациялар өткізу, біліктілігі жоғары ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды аттестациялаудың ұлттық мемлекеттік жүйелерінде ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтар алуға көздеушілерге қойылатын негізгі талаптардың салыстырмалылығын қамтамасыз ету, ғылыми ұйымдар мен жоғарғы оку орындарының аспирантурасына және докторантурасына екінші жақтың азаматтарының құқығы шектелмей түсуіне жағдай-жасау, ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтар туралы тиісті ұлттық орган берген мемлекеттік үлгідегі біліктілік құжаттарын бір-бірінің аумағында мойындау көзделген.

Қазақстан мен Ресей тәуелсіздік алғаннан кейін де мәдениет саласында пәрменді ынтымақтастық жасап, кең ауқымды байланыстарын

дамытумен келеді. Ресей мәдениет қайраткерлерінің 1993 жылғы қыркүйек-қазан айларында Қазақстанда өткен гастрольдерінің, көрмелерінен, концерттерінен соң келесі жылдың сәуірінде Ресейде Қазақстанның Мәдениет күндері дүркіреп өтті. Оның ресми ашылуы «Россия, мемлекеттік Орталық концерт залында болды. Қазақстан өнер шеберлерінің консерваторияның үлкен залында, П.И. Чайковский атындағы концерт залында өткен концерттеріне жетекші солистер мен шығармашылық ұжымдар қатысты. Алуан қырлы әрі ауқымды бағдарламаға Ресей мемлекеттік Үлкен театрының спектакльдерінен А.Адамның «Жизель», Қазақстанның жетекші солистері Г. Түктібаевтың, Б.Смағұловтың,Н.Үсенбаеваның және Ғ.Есімовтың, дирижер Б.Жалтибаевтың қатысуымен Дж.Вердидің «Травиатасың кірді.

1994 жылы ұлттық киноматографиялар мен «Мир» мемлекетаралық телекомпаниясының бірлескен шаралары шеңберінде ТМД мемлекеттері киноматогрофтар одақтарының конфедерациясы Мәскеуде «Московский» фестивалін өткізді де, оның біркүні Қазақстанның әртүрлі халықаралық кинофорумдарда көзге түскен жас киноматогрофтарға арналды.

«Достардың музыка фестивалі көзінде композиторлар үйінде орындалған шығармалары елеулі ынта туғызды.

Белгілі қазақ жазушысы Ә.Нұрпейсовтың басқаруымен Қазақстан мен Ресейдің мен орталықтары Қостанайда тұңғыш екі жақты кездесу ұйымдастырып, оның барысында жазушылар біздің халықтарымыздың рухани бірлігін, мәдени байланыстарды кеңейте түсу қажеттігі, шығармашылык проблемалары жайында сұхбат құрып, ой өрбітті.

Адамдардың әсіресе мәдениет пен рухани байланыс саласында ізгі де дәстүрлі тығыз ынтымақтастықты сақтауға деген құлшынысын ескере отырып, біздің елдеріміздің мәдениеті министрліктері, баска да ведомстволары мен шығармашылық одақтары бұдан гөрі пәрменді әрі байыпты ынтымақ орнатып, пайда болған проблемаларды бірлесе шешіп, рухани ортақ өрісімізді одан әрі кеңейте беру үшін күш-жігерді топтастыра алған болар еді.

Дағдылы байланыстардың үзілуі қазақстандық студенттерді, ғылыми және ғылыми-педагогикалық кадрларды оқыту мен даярлау аясында елеулі алаңдаушылык туғызып отыр.Бұрынғы жылдары тек ресейлік жоғарғы оку орындарында ғана орталықтандырылған түрде барлық мамандықтар бойынша 1,5-2 мың кадр даярланатын. Ресей жоғары оқу орындары Қазақстан үшін өресі биік мамандар даярлаудың тірек базасы болып келгені және солай болып та отырғаи жасырын емес.

Қазақстан жағының көзқарасы алдағы кезде де Ресей жоғары мектебінің артықшылығын сақтаудың маңыздылығынан туады. Өзінің Ресей Федерациясына ресми сапары көзінде (1999 жылы) Президент Н.Ә.Назарбаевтың М.В.Ломаносов атындағы ММУ-ге барып, Ресейдің бас оқу ордасындағы оқытушы-профессорлар құрамымен және студенттерімен кездесуі тегін емес болатын.

Көп жылдар қалыптасқан достық қатынастарды ескере келгенде ММУ-мен Қазақстанның тиісті орындары арасында Қазақстандық студенттерді осы университет қабырғасында жеңілдік шарттармен даярлауды одан әрі жалғастыра түсуге және Қазақстанның бірсыпыра оқу-ғылыми базасын ММу-дың пайдалануына беруге келісім жасалды.

1995 жыл Қазақстан мен Ресейдің мәдени қарым-қатынасындағы ерекше жыл болды. Осы жылы қазақтың ақыны және ойшылы Абайдың туғанына 150-жыл толып, ол ЮНЕСКО-ның қамқорлығымен көптеген елдерде аталып өтті. Сәуір айында М.Рудомино атындағы шетел әдебиетінің бүкіл ресейлік мемлекеттік кітапханасында «Абай және әлемдік мәдениетң дейтін тақырыппен әдеби көрме ұйымдастырылып, оған дүние жүзінің 22 тілінде шыққан 200-ге жуык аса сирек әрі бірегесі басылымдар қойылды. Әлемдегә ең ірі кітапханалардың біреуінің шаңырағы астында Абай туралы жүрек жарды сөздер айтылып, оның өлеңдері оқылды, әндері шырқалды.

1995 жылы 13-сәуірде Одақтар үйінің Бағаналы залында салтанатты кеш өтіп, Қазақстан өнер шеберлерінің үлкен концерті болды.Жазушылар-КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ә.К.Нұрпейсов, әлемдік әдебиет институтының директоры Ф.Ф. Кузнцов және басқалар Абай туралы тебірене сөз сөйледі. Санкт-Петербургте, Орынбор, Қорған, Астрахан облыстарында және Ресейдің Қазақстанмен іргелес басқа да облыстарында Қазақстаннан келген меймандардың қатысуымен мерекелік концерттер, конференциялар, кездесулер өткізіліп, солардың бәрінде Абай мұрасы тағы-тағы ой таразысына салынды.

Ұлы Абайдың атына лайықты кең құлашты мерекелік шаралар Алматыда және ақынның туған өлкесі-Семей облысында болып өтті. Салтанатты мәжілісте баяндама жасаған Президент Н.Ә.Назарбаев былай деді: «Абайдың әуелден-ақ әкеннің баласы болмай, адамның баласы болуды армандағаны белгілі. Бұл жолғы тойдың төріне сол көксеген мұратына жетіп, барша әлемге аты қадірлі сөзі өтімді, пікірі қымбат адамзат ардағы, адамзат ақыны, адамзат ақылшаны болып көтеріліп отыр. Ақ пейіліміз бен адал шешіміміздің асыл көрінісіндей Абайымыздың әлемдік татулық пен ынтымаққа өз үлесін қосатын рухани мәмлегерлілігіне кіріскеніне ерекше тәнті болып отырғанымызды да жасыра алмаймыз...Абай жылын өткізген жақсы. Абай жырын жаттаған дұрыс. Ал оның терең ойы мен өжет пікірі тек айта жүрер әңгіме болмай, күнбе-күнгі тірлігімізге бір кірпіш боп қаланып жатқан нақты іске айналса, тіптея құба-құл. Ол үйреткен тағылым мен ол көксеген мұраттарды шын қастерлей білгендігіміздің, әділет пен абзалдық ұстазы алдындағы перзенттік қарызымызды терең түсініп, өтей алғандығымыздың бірден бір белгісі де осы...

Ресей ғылым академиясының Әлем әдебиеті институты мен Қазақстанның Ресейдегі елшілігі ұйымдастырып 1995 жылы 15 қарашада Мәскеуде өткен «Абай мұрасы осы заманғы дүниеде» атты ғылыми конференция елеулі оқиға болды.Конференцияға қатысушыларға Президент Н.Ә.Назарбаевтың кұттықтауы жолданды. Баяндама жасағандар Ресеймен Қазақстанның белгілі ғалымдары: Ресей ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, Ресей ғылым академиясы әлем әдебиеті институтының директоры Ф.Ф. Кузнецов, Қазақстанның халық жазушысы, КСРО мемлекеттік сыйлығынын лауреаты Ә.К.Нүрпейсов, Ресей ғылым академиясының корреспондент- мүшесі профессор Г.И.Ломидзе, жазушы, Президенттің бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының лауреаты Г.К. Бельгер, филолгия ғылымының докторы, профессор З.Г.Османова және басқалар болды.Ақын шығармашылығының әлі де танылып болмаған сырлары мен қырларын одан әрі зерттеп-зерделеу жөнінде бірлескен күш-жігер жұмсау қажеттілігі айтылды. Ғалымдар ұдайы байланыс жасап, халықтарымыздың мәдениетіндегі өзара ықпалдастықтың әр алуан тиянақ тұрғасы бойынша дүркін-дүркін ғылыми және басқа да конференциялар өткізіп тұру қажет дейтін ортақ пікірге тоқталды.

1996 жылғы сәуірде Қазақстан республикасының Ресей Федерациясының мәдениет күндері зор табыспен өтті, ол жыр алыбы, теңдесі жоқ төкпе ақын Жамбыл Жабаевтың 150 жылдық мерейтойы құрметіне арналды.Бұл күндер қазақ халқының бұрынан етене таныс, ерекше айшықты өнерімен қайта табысу сәттері ретінде мәскеуліктердің есінде қалды.Қалыптасқан дәстүр бойынша мерекелердің Казақстан өнер шеберлерінің Одақтар үйінің Бағаналы залында болған концерті бастап берді.

Содан тура 60-жыл бұрын республикамыздың әдебиеті мен өнерінің Мәскеуде өткен тұңғыш он күндігінде сияқты, Бағаналы залдың күмбезі астында қоңыр сазды домбыра үнімен жарасып Жамбыл өлеңдері ән боп өрілді. Ресей мемлекеттік кітпханасында өткен кітап безендіру көрмесі мәскеуліктерді Жамбыл шығармашылығымен таныстырды.

Президент жарлығы негізінде 1996 жылы мамырда Қазастанның жаңа астанасы Ақмолада Л.Н. Гумилев атындағы Евразия университетінің ашылуы аса мәнді оқиға болды, бұл көрнекті орыс ғалымының Евразиялық проблемаларды зерттеуге сіңірген орасан зор еңбегіне деген ел құрметінің белгісі еді.



1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет