Қазақстан орта ғасырлар тарихы пәннің жұмыс бағдарламасының жинағы



жүктеу 3.94 Mb.
бет2/20
Дата31.03.2016
өлшемі3.94 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
: files -> umo
umo -> «Тарихты оқыту әдістемесі» пәнінен оқу-әдістемелік кешені
umo -> Лекциялық материалдың мазмұны
umo -> Лекциялық материалдың мазмұны
umo -> С. В. Самаркин Жыл сайынғы қайта бекіту туралы мәлімет
umo -> Қазақстан жаңа заман тарихты пәнінен оқу-әдістемелік кешені
umo -> Лекциялық материалдың мазмұны
umo -> Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты Тарих және өнер факультеті Қазақстан тарихы кафедрасы
umo -> Лекциялық материалдың мазмұны
umo -> Глоссарий по микробиологии
umo -> Абсцесс ограниченное гнойное воспаление. Агаммаглобулинемия

5.Отан тарихы жаңа деректемелік негізде жазылу керек дегенді қалай түсінесің?


Лекция №3-6 1917 жылы Ресейдегі қазан ревалюциясы және Қазақстанда Кеңестік биліктің орнауы
Негізгі ұғымдар: Революция, фактор, әскери коммунизм, қазан ревалюциясы.
Мақсаты: 1917 жылы Ресейдегі қазан ревалюциясы және Қазақстанда Кеңестік биліктің орнауы және бірінші және екінші бүкіл қазақстандық съездер туралы тарихи мәліметтер беру. Отан тарихына құрметпен қарауға, елжандылыққа тәрбиелеу.

Жоспар:

1. Қазан оқиғасы 25 қазан 1917 Петроградтағы төңкеріс немесе Қазақ комитетері құрылуы және қызметі.

2. Бірінші және екінші бүкіл қазақстандық съездер.

3. Қазақстандағы Кеңес билігінің орнауының ерекшеліктері. «Алаш-Орданың» басшылығы: құрылуы және қызметі.

4.Қазақстан жеріндегі әскери қозғалыстар мен соғысқа кіруі

5. Азамат соғысы жылдарында қоғамның әскери-саяси жіктелуі.

6.Қазақ Кеңес мемлекетінің құрылуы

7. Қазақстандағы “әскери коммунизм саясаты”



Мазмұны:

1. Революцияға деген әртүрлі қоғамның әлеуметтік топтарының көзқарасы.Қазақстанда Кеңес үкіметінің орнауының ерекшеліктері. Өлкедегі әлеуметтік саяси ахуал. Алаш партиясы саяси күрестің факторы.

2.Олардың сьездегі қараған мәселелері. «Алаш» партиясының құрылуы. Оның бағдарламасы. Қазақстандағы XX ғ. Партиялар мен қоғамдық ұйымдар.

3. «Алаш-Орданың» басшылығы: құрылуы және қызметі. Кеңестердің алғашқы қадамдары және оларды қоғамның қабылдауы.

4. Революцияға деген әртүрлі қоғамның әлеуметтік топтарының көзқарасы.Қазақстанда Кеңес үкіметінің орнауының ерекшеліктері. Өлкедегі әлеуметтік саяси ахуал. Алаш партиясы саяси күрестің факторы.

5.Олардың сьездегі қараған мәселелері. «Алаш» партиясының құрылуы. Оның бағдарламасы. Қазақстандағы XX ғ. Партиялар мен қоғамдық ұйымдар.

6. «Алаш-Орданың» басшылығы: құрылуы және қызметі. Кеңестердің алғашқы қадамдары және оларды қоғамның қабылдауы.

7. “Әскери коммунизм”- большевиктердің тұңғыш рет “тауарсыз утопияны” жүзеге асыру әрекеті. Национализациялау, еңбек міндеткерлігі, азық-түлік салғырты. “Таптық” террордың күшеюі. Қазақстандағы кедейлер комитетінің қызметі жөніндегі мәселе. Экономикалық дағдарыс- “әскери коммунизм” саясатына қарсы жауап.



Бекіту сұрақтары:

1. Революцияға деген әртүрлі қоғамның әлеуметтік топтарының көзқарасы қандай болды?

2.Қазақстанда Кеңес үкіметінің орнауының ерекшеліктерінатап беріңіз?

3.Алаш партиясы саяси күрестің факторы қандай болды?

4. Алаш» партиясының сьездегі қараған мәселелерін атапберіңіз?

5. «Алаш» партиясының бағдарламасы қандай болды?

6. Кеңестердің алғашқы қадамдары және оларды қоғам қалай қабылдады?
Қазақстан XX ғ. 20-30 жж. саяси-экономикалық жағдай /4 сағат/

Лекция №7 Қазақстандағы ұжымдастыру және оның зардаптары (1932-1933 жж.)
Негізгі ұғымдар: Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру, аграрлық реформа, мемлекеттік кооперативтік сауда жүйесі, кооперация, индустрияландыру, әміршіл-әкімшілбасқару жүйесі,"халық жауы", контрреволюция.
Мақсаты: Ауыл шаруашылығын ұжымдастырудағы кеңестік солақай саясаты және оныңзардаптары туралы тарихихи ақиқатыменқалыпт. 1932-1933 жылдардағы аштықтың халқымызға әкелген қасыреті туралы шындықты деректер негізінде ашып көрсету.
Көрнекілігі:Кеңестік дәуірдегі Қазақстанның саяси картасы.Қазақстандағы ұжымдастыру кезеңі тарихи деректі филмнен үзінді.
Жоспар:

1.20-шы жылдардағы республика ауыл шаруашылығындағы жағдай.

2.Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру жане оның зардаптары. 1932-1933

жылдардағы аштық.



Бекіту сұрақтары:

1.Ауыл шаруашылық өндірісінің құлдырауының себептері неде?

2.1924 жылы сәуірде РКФСР үкіметі Қазақ АКСР- інің көшпелі және отырықшылыққа көшкен халықтары туралы қандай жарлық шығарды?

3. Қазақстанды жайлаған 1931-1932 жж аштықтың болуына не себеп болды

4. Қазақстаннан тыс ауа көшкен жүз мыңдаған қазақтардың тағдыры қалай болды?

Лекция №8-10 Қазақстан XXғ. 20-ж. I-жартысындағы жаңа экономикалық

саясат (ЖЭС).
Негізгі ұғымдар: Кіші қазан, оппозиция, социалистік индустриализацияның принциптері, жаңа экономикалық саясат. “Кулактар”

Мақсаты: Қазақстан XXғ. 20-ж. I-жартысындағы жаңа экономикалық жағдай және

өлкедегі кеңестік мемлекеттік құрылысы туралы тарихи ақиқатын таныту.


Жоспар:

1. ЖЭС-қа дейнгі әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдай.

2. ЖЭС жылдарында Қазақстан экономикасы.

3. Өлкедегі кеңестік мемлекеттік құрылысы.

4. Ф.И. Голощекин және “Кіші қазан” революциясы

5. Қазақстандағы социалистік индустриализацияның принциптері және оның ерекшеліктері.

6. Елдің индустриалдық дамуның алғашқы қадамдары және дамуы.

7.Қазақстандағы мәдениет құрылысы және мәдениет жетістіктері (1920-1940 жж).



Мазмұны:

1. Ауыл шаруашылық өндірісінің құлдырауы. 1921-1922 жж. Аштық. Апат аймағы. Қоғамдағы әлеуметтік қарсылықтың өсуі және саяси дағдарыс. Шаруалардың қарсыласу қозғалыстары. Өлкедегі кеңестерге қарсы көтерілістер.

2. ЖЭС-қа өтудің әлеуметтік-экономикалық және саяси алғышарттары. Социалистік, капитализмге дейінгі және стихиялық тауар-нарықтық бағыттардың күресі: “Кімді кім деңеді?” мәселесі. Экономикада көп укладты құрылымының қалыптасуы.

3. Территориялық-әкімшілік бөлініс. ҚАКСР-нің құрамына қазақ жерлерінің бірігуі. Демографиялық ахуал:1926 ж. санақ.

4.Көшпелі және жартылай көшпелілерді отырықшыландыру туралы Сталиндік саясат. Ф.Голощекин «Кіші Қазан идеясы». Қазақстанның дәстүрлі құрылымының түпкілікті жойылуы және оның қасіреті, зардаптары. Қазақ ауылын күштеп кеңестендіру: Ф.И. Голощекин және оның саяси портреті. Оппозиция.

5. ЖЭС идеясын ауытқушылықтың басталуы. “Кулактардың” бас көтеруі: 1927-1928 жылдардағы азық-түлік дағдарысы. Ауыл шаруашылық өнімдерін күшпен дайындауға көшу. Салық тәртібінің күшеюі. Шаруаларға қарсы бағытталған жаппай қуғын-сүргіннің қанат жаюы.

6. Индустрияландыру: сипаты, қарқыны, ауқымы және географиясы. Бірінші бесжылдық және оның сәтсіздікке ұшырауы. Ұжымдастыру –шаруалар қасіреті. Индустрияландыру және жинақтау қорлар мәселесі. Қазақстанның дәстүрлі құрылымының түпкілікті жойылуы және оның қасіреті, зардаптары.

1932-1933 жылдардағы аштық. Тұрғындардың жаппай көшіп кетуі. Шаруалардың қарсыласу қозғалысы: ауқымы және географиясы. Қазақстандағы қоғамдық-саяси ахуал: идеялық және саяси қарсыластардың көзін жою. Идеологиялық саяси террордың одан әрі қанат жаюы.

7.Қазақстандағы мәдениет құрылысы және мәдениет жетістіктері (1920-1940 жж). Республикада ғылымды өркендетуде 1932 жылы СССР Ғылым академиясының қазақстандық базасының ашылуы маңызды қадам болды. Ол 1938 жылы СССР Ғылым академиясының филиалына айналды. Мәдени даму рухани өмірдің бүкіл саласын қамтыды. 1936 жылы майда Москвада қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігі өтті.

Совет ғылымының көрнекті өкілдері — академиктер: А.Д. Архангельский, И.П.Бардин, С.И.Вавилов, И.М.Губкин, А.П.Карпинский, В.Л. Комаров, В.А. Обручевт.б. респуб-лика халық шаруашылығының маңызды проблемаларын шешуге, жоғары мамандығы бар ғылыми ұлт кадрларын даярлауға тікелей араласты.

Қазақ Советі әдебиеті мен өнері гүлденіп өсті. С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров, М.Әуезов, С.Мұканов, Ғ.Мүсірепов, Ғ.Мұстафин т.б. көрнекті сөз шеберлері осіп шықты. Қазақ поэзиясының алыбы Ж.Жабаевтың жалынды жырлары бүкіл әлемге тарады. Қазақ сахнасының шеберлері К.Байсеитова, Ә.Қашаубаев, Ж.Шанин, Қ. Жандарбеков, Қ.Байсейітов, Қ.Қуанышбаев, С.Қожамқұлов, Е.Өмірзақов т.б. өнері лайықты бағасын алды. Қазақ халқы орыс және дүние жүзі мәдениеті мен ғылымының үздік жетістіктерімен

танысты. Қазақтың әдеби тілі жетіле түсті, халық бүқа-расының тілегіне сәйкес орыс графикасына көшірілген альфавиті қайта құрыдды. Біздің көп ұлтты еліміздің, оның ішінде Қазақстанның экономикасында, саяси және мәдени өмірінде, әлеуметтік құрылысында түбірлі өзгерістер болды.


Бекіту сұрақтары:

1.Ауыл шаруашылық өндірісінің құлдырауының себептері неде?



      1. жж аштықтың болуына не себеп болды?

3.Өлкедегі кеңестерге қарсы көтерілістерболған аймақтарды картадан көрсет?

4. ЖЭС-қа өтудің әлеуметтік-экономикалық және саяси алғышарттарын атаңыз?. 5.Экономикада көп укладты құрылымының қалыптасуы немен аяқталды?

6.Шаруаларға қарсы бағытталған жаппай қуғын-сүргіннің қанат жаюы немен бітті?

7. Индустрияландыру неүшін қажет болды?




Лекция №11-15 Қазақстан 1941-1945 ж. ІІ дүниежүзілік соғыс жылдарында
Негізгі ұғымдар: Қазақ кеңестік әдебиеті, әскери лагерь, партизан, интернационал, тыл, майдан,
Мақсаты: Қазақстан 1941-1945 ж. ІІ дүниежүзілік соғыс жылдарында Қазақстан әскери лагерь бөлімі, мәдениеті мен ғылымы туралы жаңа тарихи танымдық білімдерін қалыптастыру.

Жоспар:

1. Соғыстың басталуы: Қазақстан әскери лагерь бөлімі

2. Ленинград пен Москва түбіндегі шайқастардағы қазақстандықтардың ерлігі.

3. Сталинград түбіндегі шайқаста қазақстандықтардың ерлікпен қаза табуы.

4. Курск түбінде неміс-фашист әскерлерінің тасталқан болу және оған

қазақстандықтардың қатысуы.

5. Жау қолындағы аймақатрдағы партизандық қозғалыстар.

6.Империалистік Жапонияның талқындалуы.

7.Қазақстан экономикасы соғыс жылдарында.

8. Соғыс жылдарындағы Қазақстан мәдениеті мен ғылымы.


Мазмұны:


1. Фашистік Германияның КСРО-ға шабуылы. Соғыстың басталуы, оның сипаты. Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысына қатысуы. Қазақстан-біртұтас ұрыс лагерінің құрамдас бөлігі. Өлкенің экономикасын соғысқа бейімдеп қайта құру.

2. Қазақстан-майданның ең ірі арсеналы. Қазақстандықтар майданда. Қазақстандықтардың Мәскеу және Ленинград үшін шайқастардағы қаһармандық ерлігі. Алғашқы батыр-қазақстандықтар. 28 Панфиловшылар. Б. Момышұлы (1990 ж. Кеңестер Одағының батыры). Алғашқы Кеңестер Одағының Батыры. Шығыс әйелдері: Ә.Молдағұлова, М.Мәметова.

3. Қазақстандықтар Кеңестер Одағының Ұлы Отан соғысы барысындағы түбегейлі бетбұрыс кезеңінде (1942-1943 жж. қараша). Қазкақстандықтардың неміс әскерлерін Сталинград түбінде талқауындағы көзсіз ерліктері.

4. Неміс-фашист әскерлерінің Курск доғасында талқандалуы және оған қазақстандықтардың қатысуы.

5. Қазақстандықтардың жау қолында қалған аудандардағы партизан қозғалысына қатысуы. Қазақстандық-партизандардың Украина, Белоруссия және РСФСР-дің солтүстік-батыс облыстары территориясын азат етудегі үлесі.

6. Империалистік Жапонияны талқандау және оған қазақстандық жауынгерлердің қатысуы.

7.Қазақстан экономикасы соғыс жылдарында.

8.Интеллигенцияның патриоттық, интернационалдық сезімдерді көтерудегі және КСРО халықтарының бірлігін нығайтудағы рөлі. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстандағы халыққа білім беру ісі. Республиканың жоғары және орта арнаулы оқу орындары. Жаңадан құрылған және көшіріліп әкелінген жоғары оқу орындары мен ғылыми мекемелерінің қызметі. Концерттік бригадалар майданда. Қазақ кеңестік әдебиетінің, өнерінің және мерзімді баспасөзінің майданға қызметі.


Бекіту сұрақтары:

1. Фашистік Германияның КСРО-ға шабуылы қалай өрбіді?

2. Б. Момышұлы, Ә.Молдағұлова, М.Мәметова сияқты батырлармен қатар тағы басқа қандай қазақ батырларын білесіздер?

3. Неміс-фашист әскерлерінің Курск доғасында талқандалуы және оған қазақстандықтардың қатысуытуралы не білесің?

4. Украйна жерінде болған белгілі партизан қазақ жауынгері кім еді?

5.Қазақстандық-партизандардың Украина, Белоруссия және РСФСР-дің солтүстік-батыс облыстары территориясын азат етудегі үлесі қандай болды?

6. Империалистік Жапонияны талқандау және оған қазақстандық жауынгерлердің қатысуы қалай болды ?

7. Соғысқа қазақстаннан қандай көмек жіберіп отырды?


Лекция №16-20 Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда (1946-1965 ж.ж.)
Негізгі ұғымдар: Ғылыми-техникалық прогресс, реформа, этнодемографиялық құрлым.

Мақсаты: Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда Қазақстанда өнеркәсіп өндірісінің жаңа саларының қалыптасуы.«Тың және тыңайған» жерлерді игеру тарихын таныту. Еңбек сүйгіштікке тәрбилеу.

Жоспар:

1. Бейбіт тұрмысқа өтуі.

2.Қазақстанда өнеркәсіп өндірісінің жаңа саларының қалыптасуы.

3.Ауыл шаруашылығы.

4.«Тың және тыңайған» жерлерді игеру.


Мазмұны:


1. Халықаралық жағдайдың капиталистік елдермен қатынастың

күрделі сипаты. Соған байланысты ішкі дамуда әскери өнеркәсіптік базаны жедел дамыту бағытын көздеу. Қазақстанда қайта ақтау процесінің басталуы. Республика экономикасын бейбіт өмірге бейімдеп қайта құру.

2. Өнеркәсіп және оның салалары: республикада біртұтас транспорт жүйесін құру.

3. Үкіметтің колхоздарды ірілендіру, шаруалардың жеке белсенділігін басу шаралары. Ғылыми-техникалық прогресс және 1965 ж. Шаруашылық реформа. Ауыл-шаруашылығының жағдайы.

4. Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру, оның әлеуметтік – экономикалық салдары. Тыңды игерудің Қазақстан тұрғындардың этнодемографиялық құрлымына әсері.

Бекіту сұрақтары:

1. Республика экономикасын бейбіт өмірге бейімдеп қайта құру қашан басталды?

2. Өнеркәсіп және оның салалары: республикада біртұтас транспорт жүйесін құру қалай әсер етті?

3. Ауыл-шаруашылығының жағдайы қандай көріністе болды?

4. Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру, оның әлеуметтік – экономикалық салдары және тыңды игерудің Қазақстан тұрғындардың этнодемографиялық құрлымына әсері қалай тиді?
Лекция №21-22 КСРО-ның дағдарыс және құлдырау кезеніндегі Қазақстан (1985-1991ж.ж)
Негізгі ұғымдар: Экология, Биресми қоғамдық қозғалыстар, Экологиялық қозғалыстарды саясаттандыру.
Мақсаты: КСРО-ның дағдарыс және құлдырау кезеніндегі Қазақстандағы саяси-эклогиялық жағдайлар туралы тарихи мәліметтер беру.Табиғатты қорғай білуге тәрбиелеу.

Жоспар:

1.Қазақстандағы (1985-1991ж.ж.) саяси жағдайлар

2. 1985-1991 ж.ж. Қазақстан экономикасы жүйесінің дағдарысы.

Мазмұны:


1. КПСС-тің Сәуір пленумы (1985 ж) Жаңа курстың жариялануы. Қазақстандағы 1986 ж. желтоқсан оқиғалары. 1987-1989 жж. саяси жағдайлар Экологиялық қозғалыстарды саясаттандыру. Биресми қоғамдық қозғалыстар. Бір партиялық жүйеден көппартиялық жүйеге көшу. Қазақстанның саяси партиялары. КСРО ыдырауы және ТМД-ның құрылуы.

2. Қазақстандағы реформалар. 1986-1989 ж.ж. экономикалық рефлрмалар 1990-1991 ж.ж. Қазақстанның экономикалық реформалар


Бекіту сұрақтары:

1.КСРО ыдырауының саяси себептері болды ма?

2.ТМД-ның құрылуы қандай мақсаттарда жүзеге асты?

3.1985-1991 ж.ж. Қазақстанның экономикалық жүйесінің дағдарысының себебі неде болды?


Лекция №23-26 XX ғ. соңы мен XXI ғ. басындығы Қазақстан (1995-2000 жж.)
Негізгі ұғымдар: Кеңестік ғылым, инфляция, валюта. Республиканың тәуелсіздігін жариялау. “Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы” заң. Ресейдің территориалдық талаптары.
Мақсаты: . Қазақстандағы XX ғ. соңы-XXI ғ.басындағы саяси жағдайлар туралы деректер негізінде тарихи сана біліктіліктерін қалыптастыру.

Жоспар:

1.Қазақстандағы XX ғ. соңы-XXI ғ.басындағы саяси жағдай.

2.XX ғ. 90 жылдарының екінші жартысындағы Қазақстан экономикасы.

3.1995-2000 жылдары Қазақстан үкіметінің әлеуметтік саясаты.

4.1995-2000 ж.ж. мәдениет, ғылым білім және денсаулық.

5.Қазақстан Республикасының қазіргі кезеңіндегі басты сыртқы саясаты (XX ғ. аяғы- XXIғ. басы.)



Мазмұны:

1. Республиканың тәуелсіздігін жариялау. “Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы” заң. Республика президентін сайлау. Мемлекеттік басқару жүйесіндегі өзгерістер. Қазақстан Республикасының Конституциясын дайындап қабылдау. Жаңа мемлекеттік рәміздерді Жоғары Кеңестің бекітуі. Ресейдің территориалдық талаптары.

2. Экономикадағы капиталистік өзгерістер. Мемлекеттік меншікті мемлекеттен тыс бөлу және жекешелендіру. Бағаны ырықтандыру. Материалдық өндірістің күйреуі. Ұлттық валютаны енгізу. Үкіметтің экономиканы тұрақтандыу шаралары.

3. Өтпелі кезеңдегі әлеуметтік мәселелер. Инфляцияның салдарлары. Жұмыссыздық пен қылмыстың көбеюі. Халықтың тіршілік деңгейінің төмендеуінің салдары.

4. Деңсаулық сақтау және халық ағарту салаларындағы жағдай.

5. Сыртқы саясаттар қалыптастыру. Тәуелсіз Қазақстанның халықаралық байланыстары. Қазақстанның БҰҰ-на және басқа халықаралық ұйымдарымен байланысы. Қазақстанның халықаралық саяси және экономикалық қатынастар жүйесіндегі байланыстарының кеңеюі.



Бекіту сұрақтары:

1. Республиканың тәуелсіздігін жариялау және “Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы” Заң, Республика президентін сайлау, қашан өтті?

2. Үкіметтің экономиканы тұрақтандыру шаралары қалай жүзеге асты ?

3. Халықтың тіршілік деңгейінің төмендеуінің әлеуметтік салдары неде?

4. Деңсаулық сақтау және халық ағарту салаларындағы жағдай қандай болды?

5. Қазақстанның БҰҰ-на және басқа халықаралық ұйымдарымен байланысы қандай пайда әкелді?



Лекция №27-30 Қазақстанның басқа елдермен саяси және экономикалық байланыстардың дамуы (2001-2010ж.ж)
Негізгі ұғымдар: Біріккен Ұлттар Ұйымы, стратегия, инвестиция, халықаралық экономикалық және қаржылық ұйымдар
Мақсаты: Қазақстанның басқа елдермен саяси және экономикалық байланыстардың дамуы Ресеймен экономикалық байланыстары мен халықаралық қатынастар туралы тарихи біліктіліктерін дамыту.Отаншылдық рухқа тірбиелеу..

Жоспар:

1.Орталық Азия елдерімен Қазақстанның қарым-қатынастары.

2.Ресеймен экономикалық байланыстары.

3.Қазақстан әлемдік қауымдастықтын тең құқылы мүшесі.

4.Қазақстан экономикасына шетелдік инвестицияның тартылуы.
Мазмұны:

1. Қазақстанның Орта Азия елдерімен өзара жаңа сападағы қатынастардың қалыптаса бастауы. Саяси, әскери, экономикалық, мәдени байланыстары.

2. Ресей және ТМД-ның басқа да елдерімен өзара сенімді және тең қатынас қалыптастыруға бағытталған шаралар. Ресеймен арадағы экономикалық байланыстарды одан әрі нығайта түсуге түсуге бағытталған құжаттарға қол қойылуы.

3. Қазақстан-әлемдік қауымдастықтың тең құқылы мүшесі.Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымына қабылдануы. әлемдік қауымдастықтың Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін мойындауы. әлем елдерімен дипломатиялық қатынастың қалыптасуы. Ішкі және сыртқы саясатта ұзақ мерзімді приоритеттер мен стратегиялық мақсаттарды айқындау.

4. Қазақстанның халықаралық экономикалық және қаржылық ұйымдар жұмысына араласа бастауы. Қазақстан экономикасына шетелдік инвестицияның тартылуы.
Бекіту сұрақтары:

1. Қазақстанның Орта Азия елдерімен өзара саяси, әскери, экономикалық, мәдени байланыстары қандай?

2.. Ресеймен арадағы экономикалық байланыстарды одан әрі нығайта түсуге бағытталған қандай құжаттарға қол қойылды?

3. Ішкі және сыртқы саясатта ұзақ мерзімді қандай приоритеттер мен стратегиялық мақсаттарды көздейді?

4. Қазақстанның халықаралық экономикалық және қаржылық ұйымдар жұмысына араласа бастауы мен Қазақстан экономикасына шетелдік инвестицияның тартылуының себептері неде?
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты

Тарих және өнер факультеті

Қазақстан қазіргі заман тарихы

пәннің лекция сабақтарының әдістеиелігі

050114 «тарих» мамандағы студенттеріне арналған

(бакалавриат)

Қостанай 2009




Лекция сабақтарының жоспарымен мазмұны

Қазақстан қазіргі замандағы тарихы
Лекция №1 Кіріспе дәріс. Қазақстан қазіргі замандағы тарихы пәні
Негізгі ұғымдар: Тарихи сана, далалық ауызша тарих, мәңгүрттік, шежіре, жазбаша деректер.
Мақсаты: Қазақстан қазіргі заман тарихы курсының пәндік мақсты мен міндеттерінің мазмұнын ашу.

Жоспар:

1.Пәнге кіріспе. Қазақстан қазіргі заман тарихы пәні, оның басқа да қоғамдық ғылымдардың ортасындағы орны. Қазақстан қазіргі заман тарихынның кезеңдері.

2.Қазақстан қазіргі заман тарихы пәнінің мақсатымен міндеттері.Пәнінің басқа да қоғамдық пәндермен ара қатынасы және байланысы.

Лекция


1.Пәнге кіріспе. Қазақстан қазіргі заман тарихы пәні, оның басқа да қоғамдық ғылымдардың ортасындағы орны. Қазақстан Республикасьшың тәуелсіздік алуына байланысты тарих ғылымында қалыптасқан бұрынғы ұғымдар мен тұжырымдардың бір катарыжаңаша қарауды талап етеді. Себебі кеңестік дәуірде ұлт аймактарға деген көз қарас орталықтың өктемдігіне байланысты қалыптасты. Сондықтанда қоғам өмірінің қай саласында болсада Одақтас Республикалардың мүддесі ескерілмей келді. Бұл жағдайлардың қордалана келіп отандық тарихымызда ақтаңдақ беттердің пайда болуына әкеліп соқтырды.

Қазақстанның қазіргі заман тарихы курсында да тарихи объективтіліктен ауытқып, кеңес дәуірінің идиологиялык бағытына сәйкестендіріліп жазылған проблемалар аз емес.

Бағдарламада бірінші дүниежүзілік соғыстан бастап қазіргі кезең аралығында еліміз жүріп өткен тарихи кезеңдерге талдау жасалады. Курстың тарих намасына оның ішінде алаш қайраткерлерінің еңбектеріне, Республиканың даму переспективасына байланысты өткізілген әр кездегі пікір-сайыстарға баса көңіл бөлінеді. Дерек көздерін молайту мақсатымен мұрағат, мерзімді баспа сөз беттеріндегі материалдарға, тақырыптық құжаттық жинақтардағы фактілерге көңіл аударылды.

Бірінші дүниежүзілік соғыстың ауыртпалығы, жер мәселесінің шиеленісуі, азаматтық қарсы тұру жылдарындағы әртүрлі саяси күштердід ара салмағына талдау жасалады.



2.Қазақстан қазіргі заман тарихы пәнінің мақсатымен міндеттері. Бұл курста сонымен катар бұрынғы оқулықтарда айтылмаған немесе бұрмаланған мәселелерді камтуғада талпыныс жасалды. Атап айтқанда қазақ өлкесін басқару жөніндегі Революциялық комитеттің құрылуы мен қызметі, Қазақстанның біртұтас атырабын қалыптастыру, ҚАССР-нің тұңғыш Конституциясының жасалуы және оның негізгі кағидалары.

Индустриаландыру бағытын қарастырған кезде жетістіктермен қатар жіберген кемшіліктерге де тоқталынады. Атап айтқанда өнеркәсіпті дамытудың шикізаттық бағыты, жұмысшы табының арасындағы казақ өкілдерінің үлес салмағы мен кәсіби деңгейіне жан жақты талдау жасалынды. Курсты оқыту барысында Ұлы Отан соғысы көзіндегі белгісіз фактілермен бұрмалангаи мәселелерге көңіл аударылады.

Неміс-фашист басқыншыларына азат етілген аудандарға Қазақстаннын бергсн көмегі туралыда мәліметтер айтылады. Тағыда ір көңіл аударылған мәселе - Ұлы Отан соғысынан кейінгі саяси қуғын-сүргіннің екінші кезеңнен басталуы және оның кұрбандары. Токырау көзіндегі өнеркәсіп пен ауылшаруашылығынын жағдайы, артта қалу себептері, Ұлт аралық қатынастағы көленке мәселелер мен онын себептері қарстырылады.

Тәуелсіз Қазақстан Республикасынын құрылуы шет мемлекетіермен дипломатикалық қарым қатынасы, сыртқы эконмикалық саясаты, шаруашылык-әкімшілік реформалардың іске асырылуы мен оның қортындыларына көңіл аударылды.

Егемендік кезеңінде еліміздін саяси өмірінде болып жатқан өзгерістер туралыда айтылады. Мәселен саяси партиялар мен коғамдық қозғалыстардың өмірге келуі, олардың бағдарламалык принциптері, ұлт аралық татулықты сақтау т.б. мәселелер қамтылады.

Бекіту сұрақтары:

1. Қазақстан қазіргі заман тарихы курсының пәндік мақсты қандай?

2. Қазақстан қазіргі заман тарихы қандай кезеңдер аралығын қамтиды?

3.Қазақстан қазіргі заман тарихы пәнінің басқа қандай қоғамдық пәндермен ара қатынасы және байланысы бар?


Лекция №-2 Қазіргі замандағы Қазақстанның тарихнамасы және деректемелері.
Негізгі ұғымдар: Пролетариат, тап, тарихты идеологияландыру, мифтерге негізделген тарих,тарихи «ақтаңдақ»,тарихи ақиқат.
Мақсаты: XX-XXI ғ. басындағы Қазақстан тарихының тарихнамасы мен деректері туралы мәліметтер беру. Кеңестік және шетелдік тарихнаманың (ХХ-ХХІғ. басы) қазақ тарихына қатысты кеңестік дәуірдегі саясатттандырылған кеңестік тарихтың «ақтаңдақтарын» ашып көрсету.
Жоспар:

1.Қазақстан тарихы тарихнамасының зерделену проблемалары.( ХХ ғ.)

2.Кеңестік және шетелдік тарихнама (ХХ-ХХІ ғ. басы)

Лекция


1.Кеңестік тарихтың жол-жөнекей жазылуы,коммунизм мен капитализмнің өзара арпалыстары. Тарихты идеологияландыруы. Ұлт проблемаларын ұпай жинауға пайдаланғандығы.Отандық тарих оның ішінде қазақ халқының тарихы саясат құрбандығына шалынуы.Мифтерге негізделген жалған,жалтақ тарихтың ірге тасының қалануы.Отан тарихын саясатқа бейімдеп «өңдеу»,өзгерту тәсілдері.Қазақ сахарысында пролетариат қозғалысының статусын әсірлеу мифі.Ұлттық мүддені пролетариаттық-таптық мүддеге бағындыру, ұлттық өзін-өзі билеу құқын шектеп ұлттық мемлекет құруда пролетариат диктатурасын табындыру.Бір орталық мемлекеттен қуыршақ ұлттық республикаларды өрбітіп жерін,байлығын алып,оны алу үшін жалындыру.

2.Тарихи әдебиеттегі приоритеттің бірі- Қазан төңкерісінің заңдылығы туралы миф. Қазақ кеңестік мемлекеттік статусты әсірелеу мифі туралы академик М.Қ.Қозыбаев Ақтаңдақтар ақиқаты. А., 1992 жылғы баспадан шыққан еңбегінде кеңестік дәуірдің тарихи ақтаңдақтары туралы ақиқатын ашты. Қазақстан тарихының концепциясы негізгі пайымдары,одақ көлемінде империялық бағытта жазылды. Бүгінде Отан тарихына тағлым ету,оның бетін жайлаған мифтерден асып өту тарихшылар әулетінің қарызы мен парызы.

Қазақстандағы азамат соғысы туралы Покровский С.Н. Разгром интервентов и внутренней контрреволюции в Казахстане (1919-1920 гг.) А-А.,1967., П.Елагин А.С. Социалистическое строительство в Казахстане в годы гражданской войны (1918-1920 г. А-., 1966 жылғы.еңбектері жазылды бұл зерттеулер кеңес үкіметінің ролін дәріптей көрсетті.

Тарихнама мәселесі Отан тарихының өте нәзік жауапты саласы.Отан тарихының сүбелі бөлігі-мәдениет тарихы. Отан тарихы жаңа деректемелік негізде жазылу керек .

М.Қ.Қойгелдиев Тұтас Түркістан идеясы және Мұстафа Шоқайұлы. А.,1992 жылғы еңбеігінде Мұстафа Шоқайұлының қайраткерлік тұлғасын танытты. К.Н.Нұрпеисов. Становление Советов в Казахстане.А.,1995 жылы баспадан шыққан зерттеуінде қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы туралы тәуелсіз елдің тарихы тұрғысынан қарастырған.Қазақ зиялялары алаш арыстары хақында автор. Алаш һәм алашорда атты табанды зерттеу еңбегін жазып кетті.Т.Омарбековтың . Зобалаң атты Санат, баспасынан А.,1994 жылы жарық көрген еңбегінде кеңес үкіметінің солақай саясатының қазақ халқына тартқызған қасіреті мұрағат деректері негізінде берілген еңбнек.Сүлейменов Б.С., Басин В.Я. Восстание 1916 года в Казахстане (причины, характер, движущие силы). А-А., 1977 жылы шыққан еңбекте 1916 жылғы көтерілістің салдарын,тарихи сипатын,көтерілістің қозғаушы күштері туралы және көтерілістің тарихи маңызы туралы жазды.1916 жылғы көтеріліс мәселесі бұған дейін Х.Т.Турсуновтың Восстание 1916 г. в Средней Азии в Казахстане. атты А., І950 жылғы зерттеуінде де қарастырылған болатын.Асылбеков М.Х., Нурмухамедов С.Б., Пан Н.Г. Рост индустриальных кадров рабочего класса в Казахстане атты А-А., 1976 жылы жарық көрген еңбекте кеңестік дәуірдегі Қазақстандағы өндірісте жұмыс жасайтын жұмысшы мамандар олардың кәсіби деңгейлерін көтерудегі оқу орындарының ашылуы мен кадр дайындау мәселерін қарастырды. Қазақстандағы индустрализациның бастамасы туралы Г.Ф.Дахшлейгердің Турксиб-первенец социалистической индустриализации атты А-А.,1953 жылы жарық көрген еңбегінде көрініс тапты.

Бекіту сұрақтары:

1. Тарихты идеологияландыруыды қалай түсінесің?

2.Отан тарихын саясатқа бейімдеп «өңдеу»,өзгерту тәсілдері қалай жасалған?

3.Қазақ сахарысында пролетариат қозғалысының статусын әсірлеу мифі туралы академик Манаш Қабашұлының қандай еңбегінде айтылған?

4.Бір орталық мемлекеттен қуыршақ ұлттық республикаларды өрбітіп жерін,байлығын алып,оны алу үшін жалындыру саясаты қалай жүзеге асқан?



1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет