Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының гарнизондық ЖӘне қарауылдық Қызметтер жарғысы



бет1/13
Дата17.04.2016
өлшемі2.31 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Қазақстан Республикасы

Президентінің

2007 жылғы 5 шілдедегі

№ 364 Жарлығымен

БЕКІТІЛГЕН

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да
әскерлері мен әскери құралымдарының
ГАРНИЗОНДЫҚ ЖӘНЕ ҚАРАУЫЛДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР ЖАРҒЫСЫ

(2013.15.04. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

гарнизондық және қарауылдық қызметтер жарғысы

Осы Жарғы гарнизондық және қарауылдық қызметтерді ұйымдастыру және өткеру, әскерлердің қатысуымен гарнизондық іс-шаралар өткізу тәртібін айқындайды.

Жарғының күші Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшілеріне, сондай-ақ әскери жиындар өткізілген кезеңде оларға шақырылған әскери міндеттілерге, әскери киім нысанын киюге құқығы бар әскери қызметтен босатылған азаматтарға оны киген кезде қолданылады.

1-тарау. Гарнизондық қызметті ұйымдастыру

Жалпы ережелер

1. Елді мекенде немесе шекаралары белгіленген ауданда орналасқан Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери бөлімдері, мекемелері (бұдан әрі - әскери бөлімдер) гарнизонды құрайды.

ҚР Президентінің 2013.15.04. № 541 Жарлығымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. Гарнизонның шекаралары Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының бұйрығымен айқындалады. Анағұрлым үлкен гарнизонның құрамына оған жақын жатқан елді мекендерде орналасқан барлық әскери бөлімдер енгізіледі. Осы шекараларға жақын жатқан басқа да елді мекендер енгізілуі мүмкін.

Гарнизон шекаралары гарнизонның барлық жеке құрамына дейін жеткізілуі тиіс.

3. Гарнизондық қызмет жеке құрам арасында жоғары әскери тәртіпті ұстау, әскерлердің күнделікті өмірі мен даярлығына қажетті жағдайлар жасау, сондай-ақ әскерлердің қатысуымен гарнизондық іс-шараларды өткізу үшін арналған.

4. Гарнизон шектерінде гарнизондық қызметке басшылық жасауды гарнизон бастығы жүзеге асырады. Ақмола және Алматы гарнизондарын қоспағанда, өңірлік қолбасшылықтың жауапты аймағында орналасқан гарнизондардың бастықтары өңірлік қолбасшылық әскерлерінің қолбасшысына бағынады.

5. Әскерлер оқу-жаттығу орталықтарында және лагерьлерде орналасқан кезде әскерлердің күнделікті тіршілігін ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының ішкі жарғысына (бұдан әрі - Ішкі қызмет жарғысы) сәйкес жүзеге асырылады.

6. Гарнизондық қызметті өткеруге гарнизон құрамына кіретін әскери бөлімдер тартылады.

Әскери бөлімдердің гарнизонда гарнизондық қызметті өткеру кезектілігін гарнизон бастығы белгілейді.

Жауынгерлік кезекшілікті және жауынгерлік қызметті өткеретін бөлімшелер гарнизондық қызметті өткеруге тартылмайды.

ҚР Президентінің 2013.15.04. № 541 Жарлығымен 7-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

7. Әрбір гарнизонда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының бұйрығымен, әдетте, Қорғаныс министрлігі әскери бөлімдерінің командирлері қатарынан гарнизон бастығы тағайындалады, қажет болған кезде: гарнизонның штаб бастығы, гарнизон бастығының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, гарнизон бастығының тыл жөніндегі орынбасары, гарнизон әкімшілігінің басқа да адамдары тағайындалуы және олардың міндеттері айқындалуы мүмкін (1-қосымша).

Басқа да әскерлер мен әскери құралымдар әскери бөлімдерінің командирлері атқарып отырған лауазымы бойынша Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери бөлімдері командирлерінен жоғары болған гарнизондарда гарнизондардың бастықтары басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың тиісті басшыларымен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының бұйрығымен тағайындалады.

ҚР Президентінің 2013.15.04. № 541 Жарлығымен 8-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

8. Гарнизон бастығы лауазымға кіріскені туралы бұйрықта жариялайды, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына, өңірлік қолбасшылық әскерлерінің қолбасшысына және өзінің тікелей бастығына баяндайды, сондай-ақ ол туралы жергілікті мемлекеттік басқару органдарына жазбаша түрде хабарлайды.

9. Әскери қалашықта Қарулы Күштердің әр түрлі түрлері мен әскер тектерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың құрамына кіретін бірнеше әскери бөлімдер орналасқан кезде гарнизон бастығының бұйрығымен әскери қалашықтың жетекшісі тағайындалады.

10. Гарнизондардағы құқық тәртібін қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әскери полиция органдары жүзеге асырады.



Гарнизон бастығы

ҚР Президентінің 2013.15.04. № 541 Жарлығымен 11-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

11. Гарнизон бастығы: гарнизонда әскери тәртіпті ұстауға; гарнизондық және қарауылдық қызметтерді ұйымдастыруға және өткеруге; азаматтық қорғаныстың басқару органдарымен және бөлімдерімен өзара іс-қимылға; гарнизонның аумақтық қорғаныс міндеттерін және жұмылдыру іс-шараларын орындауға қатысатын гарнизонның күштері мен құралдарының іс-қимылына; әскерлердің күнделікті өмірі мен даярлығы үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етуге; өртке қарсы қорғаныстың жай-күйіне; әскерлерді тартумен гарнизондық іс-шараларды өткізуге жауап береді.

Ол Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының тәртіптік жарғысына сәйкес тәртіптік құқықтарға ие болады.

Гарнизондық және қарауылдық қызметтер мәселелері бойынша гарнизон бастығы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына, өңірлік қолбасшылық әскерлерінің қолбасшысына бағынады және осы мәселелер бойынша гарнизонның әскери қызметшілері үшін тікелей бастық болып табылады. Ақмола және Алматы гарнизондарының бастықтары Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына бағынады.

Гарнизон бастығы:

гарнизон әкімшілігінің қызметіне басшылық жасауға;

ай сайын әскери тәртіптің, гарнизондық және қарауылдық қызметтердің жай-күйін талдауға, гарнизон әскери бөлімдерінің командирлерімен, олардың орынбасарларымен жұмысты қорытындылауға және тиісті бұйрықтар шығаруға;

қылмыстар мен оқиғалардың алдын алу, қырағылық пен мемлекеттік құпиялардың сақталуын арттыру жөніндегі шараларды айқындауға;

гарнизон аумағында орналасқан мемлекеттік жергілікті басқару органдарымен, басқа да әскерлермен және әскери құралымдармен байланысты ұстауға, олармен гарнизондық қызметті, азаматтық, аумақтық қорғанысты ұйымдастыруға, бірлескен іс-шараларды өткізуге байланысты барлық қажетті мәселелерді, сондай-ақ әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің тұрғын үй жағдайларын жақсарту, басқа да қажеттіліктері мен сұраныстарын қанағаттандыру мәселелерін шешуге;

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына гарнизондық қарауылдар кестесін (2-қосымша), сондай-ақ төтенше жағдай жарияланған кезде гарнизонның аумақтық қорғаныс бөлімдерімен (бөлімшелерімен), басқа да әскерлерімен және әскери құралымдарымен өзара іс-қимыл жасау, гарнизонды өртке қарсы қорғау жоспарларын бекітуге ұсынуға, гарнизонның шекаралары туралы ұсыныстар енгізуге;

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының нұсқауы бойынша жұмылдыру жарияланған және әскерлер жауынгерлік әзірліктің жоғары деңгейіне келтірілген кезде гарнизонның іс-шаралар жоспарын әзірлеуге, оның орындалуын қамтамасыз етуге;

әскерлердің, гарнизондық объектілер мен әскери қалашықтардың күзетін, қорғанысы мен жаппай қырып-жою қаруынан және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың (бұдан әрі - төтенше жағдайлар) салдарларынан қорғауды, сондай-ақ гарнизонда өртке қарсы қорғануды ұйымдастыруға және олардың жай-күйін бақылауға;

төтенше жағдайлар салдарларын жою үшін, осы жағдайларда зардап шеккен халыққа көмек көрсету үшін бөлімшелер (әскери бөлімдер) тағайындауға;

гарнизондық қарауылдардың күзетінде тұрған объектілерге кіру тәртібін белгілеуге;

кемінде аптасына бір рет гарнизондық нарядқа тағайындалған әскери қызметшілердің даярлығын; гарнизондық қарауылдардың таралымын өткізуді және олардың қызмет өткеруін, постылар мен карауылдық үй-жайлардың жай-күйін, гарнизон кезекші бөлімшесінің әзірлігін жеке өзі тексеруге;

кемінде айына бір рет жауынгерлік патрондар қорларын есепке алу кітабына жазба жасай отырып, карауылдардағы оқ-дәрілер қорларының болуын және оның жай-күйін тексеруге;

гарнизонның әскери бөлімдері үшін оқу материалдық-техникалық базалардың объектілерін пайдалану тәртібін, ашық су тоғандарында шомылу орнын, уақыты мен тәртібін белгілеуге, сондай-ақ олардағы қауіпсіздік талаптарының орындалуын бақылауға;

жалпыгарнизондық бос уақытты мәдени өткізу және спорттық іс-шаралар жоспарларын қарастыруға және бекітуге;

азаматтарды қабылдау уақытын, орны мен тәртібін айқындауға және гарнизонның жеке құрамына жеткізуге;

әскерлерді пәтерлерге орналастыру жөніндегі жұмысқа, сондай-ақ гарнизон тұрғын үй комиссиясының қызметіне басшылық жасауға, заңнамаға сәйкес гарнизондағы тұрғын үй бөлуді қарастыруға және бекітуге;

қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану жөніндегі іс-шаралардың орындалуына бақылауды жүзеге асыруға, жалпыгарнизондық пайдаланудағы үйлерді, әскери қалашықтардың аумақтары мен ғимараттарды әскери бөлімдердің ұстауын тексеруге;

полигондарға кеткен немесе гарнизон құрамынан шыққан әскери бөлімдердің әскери қалашықтары мен объектілері қалдырылған кезде олардың күзетін ұйымдастыруға және бақылауға;

әскери қызметшілердің гарнизонда қысқы немесе жазғы киім нысанына көшуге уақыт белгілеуге;

гарнизондағы жылу беру кезеңінің басталғанын және аяқталғанын хабарлауға;

әскерлердің қатысуымен гарнизондық іс-шараларды өткізуге, қажет болған жағдайларда құрметті қарауылдар тағайындауға, әскери молаларды, зираттар мен әскери ескерткіштерді тиісті тәртіппен ұстау туралы қамқорлық көрсетуге;

аттестаттарға сәйкес оларды жабдықталыммен қамтамасыз ете отырып, гарнизонда уақытша болатын әскери бөлімдерді, бөлімшелер (командалар) мен жеке әскери қызметшілерді, сондай-ақ әскери жүктері бар көліктерге ілесіп жүретін қарауылдарды орналастыруға;

гарнизонда қызмет өткермейтін сырқаттанған әскери қызметшілерге медициналық қызмет көрсету жөнінде шаралар қабылдауға;

стационарлық емделуді қажет ететін сотталғандардың күзетін ұйымдастыруға;

гарнизонның әскери бөлімдерінде қызмет өткермейтін әскери қызметшілердің теріс қылықтарына қызметтік тексеруді тағайындауға, ал олар қылмыс жасаған жағдайда гарнизон әскери полициясының бастығына және әскери прокурорына жедел хабарлауға; гарнизонда әскери полиция органдары болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен алдын ала тергеу ісін жүргізуге басшылық жасауға;

гарнизонда қызмет өткермейтін әскери қызметшілер сотталған кезде, әскери полиция органдары болмаған кезде оларды жазаны өтеу орнына жіберуді ұйымдастыруға міндетті.

ҚР Президентінің 2013.15.04. № 541 Жарлығымен 12-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

12. Гарнизон бастығы гарнизон орналасқан жерге келген: Қазақстан Республикасының Президентін, Қорғаныс министрі мен оның орынбасарларын, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың бірінші басшыларын, гарнизон орналасқан аумақтағы өңірлік қолбасшылық әскерлерінің қолбасшысын қарсы алады, баяндайды және оларға ілесіп жүреді.

Ақмола және Алматы гарнизондарының бастықтары көрсетілген адамдарды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының ерекше нұсқауы бойынша қарсы алады.

Гарнизонға Қарулы Күштер Бас штабы бастығының орынбасарлары, орталық әскери басқару органдары департаменттерінің (бас басқармаларының) бастықтары, әскер түрлерінің бас қолбасшылары, әскерлер тектерінің қолбасшылары келген жағдайда оларды қарсы алады және өзін таныстырады.

Өңірлік қолбасшылық әскерлерінің қолбасшысы өзінің жауапкершілік аймағындағы аумаққа келген: Қазақстан Республикасының Президентін, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрін, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығын қарсы алады және баяндайды.

ҚР Президентінің 2013.15.04. № 541 Жарлығымен 13-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

13. Гарнизон бастығы гарнизоннан уақытша (демалысқа, ұзақ іссапарға) кеткен кезде өз міндеттерін атқаруды гарнизон бастығы орынбасарларының біреуіне тапсырады, ол туралы гарнизон бойынша бұйрықта жариялайды және Қарулы Күштер Бас штабының бастығына, өңірлік қолбасшылық әскерлерінің қолбасшысына және өзінің тікелей бастығына баяндайды.

Көрсетілген жағдайларда Ақмола және Алматы гарнизондарында гарнизон бастығының міндеттерін уақытша атқару Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы тағайындаған адамға жүктеледі.

14. Гарнизонның іссапарға келген әскери бөлімдерін, жекелеген бөлімшелерін (командаларын) есепке алу, олардың қызмет орындарына уақтылы кетуін бақылау гарнизон әкімшілігіне жүктеледі.

Басқа гарнизонның шегіне әскери бөлімдерді (бөлімшелерді, командаларды) жіберетін командирлер (бастықтар) осы гарнизонның бастығына олардың келетіні туралы хабарлауға міндетті.

Әскери бөлімдер (бөлімшелер, командалар) көрсетілген пунктке келгеннен кейін әскери бөлімнің (бөлімшенің) командирі (команданың бастығы) ол туралы гарнизон бастығына келген күні баяндауға және гарнизон бастығына бағынатын штабта оны есепке қоюға міндетті.



Аудандық пайдалану бөлімінің бастығы

15. Аудандық пайдалану бөлімінің бастығы казармалық-тұрғын үй және жер қорларын пайдалануды, есебін жүргізуді, уақтылы жөндеу жүргізуді ұйымдастыруға, сондай-ақ аудандық пайдалану бөліміне тіркелген әскери бөлімдерді пәтерлік жабдықталыммен қамтамасыз етуге жауап береді.

Ол Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскерлерді пәтерлерге орналастыру жөніндегі уәкілетті органына бағынады. Казармалық қорды пайдалану, тұрғын үйлерді бөлу, әскерлерді жайғастыру мәселелері бойынша ол аудандық-пайдалану бөлімі қызмет көрсететін гарнизондар бастықтарының нұсқауларын орындайды.

Аудандық пайдалану бөлімінің бастығы:

жұмылдыру жариялау және әскерлерді жауынгерлік әзірліктің жоғары деңгейіне келтіру жағдайына гарнизондарда пәтер-пайдалану қызметі жөніндегі іс-шаралар жоспарларын әзірлеуге;

қызмет көрсетілетін гарнизондардың бастықтарына және гарнизондар тұрғын үй комиссияларының төрағаларына гарнизондардың казармалық-тұрғын үй қорын пайдалану жөнінде ұсыныстар мен есептерді, мемлекеттік жергілікті басқару органдарына жетіспейтін қорды бөлуге өтінімдер ұсынуға;

гарнизондар бастықтарына гарнизондарда әскери бөлімдерге тұрғын үйлерді бөлу жоспарларын бекітуге ұсынуға;

әскери бөлімдердің үйлер мен ғимараттарды, инженерлік желілерді, жиһаз бен казармалық мүкәммалды дұрыс пайдалануын тексеруге;

әскери қалашықтардың аумақтарын көркейту, көгалдандыру мен жинау жөніндегі жоспарларды әзірлеуге және гарнизондар бастықтарына бекітуге ұсынуға және оларды әскери бөлімдердің орындауын бақылауға;

қызметтік-тұрғын үй қорын қысқа даярлауды, қазандықтар үшін отынның әр түрлерін (белгіленген қорлардан аз емес) уақтылы әкелуді ұйымдастыруға және бақылауға;

әскери қалашықтардың аумағынан қатты-тұрмыстық қалдықтарды шығару жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруға;

жылына кемінде екі рет барлық тұрғын және тұрмайтын үйлерді, инженерлік-техникалық, коммуналдық ғимараттарды, инженерлік желілерді тексеруді ұйымдастыруға, олардың негізінде ағымдағы және күрделі жөндеу жөнінде іс-шаралар жоспарын жасауға;

бекітілген жоспарларға сәйкес жұмыстарды ұйымдастыруға және қызметтік казармалық-тұрғын үй қорына, коммуналдық объектілер мен инженерлік желілерге жөндеу жүргізуге бақылауды жүзеге асыруға;

әскери бөлімдерді пәтерлік жабдықталымның барлық түрлерімен қамтамасыз етуге және оның дұрыс пайдаланылуын бақылауға;

әскери бөлімдерді электр энергиясымен, сумен, жылумен және газбен жабдықтауды қамтамасыз етуді ұйымдастыруға және олардың дұрыс тұтынылуын бақылауға;

үйлерді, ғимараттар мен инженерлік желілерді пайдалану мәселелері жөнінде басшылық жасауды жүзеге асыруға;

гарнизондарда объектілердің аумақтық қорғанысы, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі жоспарлар әзірлеуге және іс-шаралар өткізуге қатысуға;

әскери бөлімдердің пәтер-пайдалану қызметі бойынша материалдық құралдарға мұқтаждықтарын тексеруге, жиынтық өтінімдерді жасауға және оларды уәкілетті органға ұсынуға;

гарнизоннан тысқары жаңа қызмет орнына кететін әскери қызметшілердің қызметтік тұрғын алаңын тапсыруына бақылауды жүзеге асыруға;

гарнизонның әскери бөлімдеріне бекітіліп берілген жер телімдерінің, әскери қалашықтардың, үйлердің, ғимараттардың, коммуналдық объектілердің, тұрғын үй алаңының, инженерлік желілердің, сондай-ақ пәтер-пайдалану жабдықталымының барлық түрлерінің есебін жүргізуге міндетті.



Темір жол (теңіз, өзен) учаскесінің және станциясының

(портының), әуежайдың әскери коменданты

16. Темір жол (теңіз, өзен) учаскесінің және станциясының (портының), әуежайдың әскери коменданты өз учаскесі және станциясы (порты), әуежайы аумағы шектерінде әскери тасымалдауларды ұйымдастыру және әскери қызметшілер арасындағы жоғары әскери тәртіпті ұстау жөніндегі міндеттерді орындайды. Осы міндеттерді орындау кезінде темір жол (теңіз, өзен) учаскесінің және станциясының (портының), әуежайдың әскери коменданты гарнизон бастығына бағынады. Әскери коменданттың әскери тасымалдауларды орындау, әскери және жарғылық тәртіпті сақтау мәселелері жөніндегі барлық талаптары темір жол (теңіз, өзен) учаскесі бойынша жүріп бара жатқан сол сияқты темір жол станцияларында (порттарында), әуежайларда болатын барлық әскери қызметшілердің нақты орындауына жатады. Оған әскери жүктері бар көліктерге ілесіп жүретін қарауылдар бағынады.

Тікелей бастықтардан басқа, әскери комендантқа әскери қызметшілердің ешқайсысы да оның қызметтік іс-қимылына қатысты қандай да бір өкім беруге құқығы жоқ.

Темір жол (теңіз, өзен) учаскесінің және станциясының (портының), әуежайдың әскери коменданты:

темір жол (теңіз, өзен) учаскесі және станциясы (порты), әуежай аумағында болатын әскери қызметшілердің әскери тәртіпті сақтауын және белгіленген киім нысанын кию ережелерін сақтауын бақылауға;

учаскеге және станцияға (портқа), әуежайға келген жолаушылар поездарын (кемелерді, әуе кемелерін), әскери эшелондар мен қарауылдар ілесіп жүретін әскери жүктері бар көліктерді қарсы алуға немесе осы мақсаттар үшін өзінің көмекшілерін жіберуге;

әскери тәртіптің жай-күйін, өрт қауіпсіздігі ережелерінің орындалуын, әскери қызметшілердің материалдық-тұрмыстық қамтамасыз етілуін және әскери эшелондар мен көліктердегі материалдық бөлшектердің және жүктердің бекітілуін тексеруге;

елеулі немесе ауыр теріс қылыққа жол берген немесе қылмыс жасаған әскери қызметшілерді ұстауға шаралар қабылдауға, ал қажет болған кезде поездардан, теңіз (өзен) және әуе кемелерінен түсіріп алуға;

әскери залдарда және әскери кассалар жанында тәртіп орнатуға және оны ұстауға, әскери қызметшілер мен олардың отбасыларының жол жүру билеттерін алу кезектілігін айқындауға;

жүктерді алу және оларды жүру жолында күзету үшін бара жатқан және өз әскери бөліміне қайтып келе жатқан қарауылдарды кідіріссіз жөнелтуге;

оның қарамағына бөлінген патрульдерге нұсқаулар беруге және олардың қызметті дұрыс өткеруін қадағалауға;

жеке немесе командалар құрамында жол жүріп келе жатқан, ауысу пункттерінде болатын әскери қызметшілерге мәдени-тұрмыстық қызмет көрсетуді және олардың демалуын ұйымдастыруға;

әскери жүктері бар көліктерге ілесіп жүретін қарауылдардың, сондай-ақ темір жол (теңіз, өзен) учаскесінің және станциясының (портының), әуежайдың аумағында орналасқан гарнизондық қарауылдардың қызмет өткеруін тексеруге;

жол жүргенде сырқаттанған немесе зардап шеккен әскери қызметшілерге медициналық көмек көрсету жөнінде шаралар қабылдауға;

барлық оқиғалар, әскери қызметшілердің әскери тәртіпті бұзушылықтары туралы және қабылданған шаралар туралы гарнизон бастығына баяндауға;

қылмыстар мен оқиғалар туралы әскери полиция бастығын және гарнизон прокурорын хабардар етуге міндетті.



2-тарау. Әскерлердің парадтарға және қоғамдық іс-шараларға қатысуы

Жалпы ережелер

17. Гарнизонның әскерлер парадтары ерекше нұсқау бойынша мемлекеттік мерекелерді, сондай-ақ мемлекеттік және әскери маңызды оқиғаларды атап өту үшін өткізіледі.

18. Парадқа қатысатын әскерлердің құрамы, бөлімдердің (бөлімшелердің) жүріп өту бағдарлары, парадтың уақыты мен орны, киім нысаны, оларды сапқа тұрғызу және жүріп өту тәртібі әрбір жеке жағдайда гарнизон бастығының бұйрығымен айқындалады. Бұйрықпен, егер ол көзделген болса, артиллериялық салютті (отшашуды) өткізу тәртібі айқындалады.

Парадқа қатысатын әскерлерге басшылық жасау үшін парадтың қолбасшысы тағайындалады.

19. Парадқа қатысатын әскери қызметшілердің, бөлімшелер мен әскери бөлімдердің іс-қимылдары Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың саптық жарғысында (бұдан әрі - Саптық жарғы) мазмұндалған командалар мен ережелер бойынша орындалады.

20. Парад үшін сапқа тұрғызу орнына жақындаған кезде әскерлермен бірге жүретін оркестрлер ойнауын тоқтатады. Әскери бөлімдер сапқа тұрғызу схемасына сәйкес орындарына тұрады. Әскери бөлімдердің командирлері мен олардың орынбасарлары өз әскери бөлімдерінің оң жақ қапталдарына бір қатарға тұрады, орынбасарлардан екі адым солға қарай әскери бөлімнің Жауынгерлік Туы бар ту ұстаушы топ тұрады.

Ордендермен наградталған әскери бөлімдердің жауынгерлік тулары ордендермен және орден ленталарымен болуы тиіс.

Әскери бөлімдердің оркестрлері гарнизон әскери дирижерының командасымен парадты қабылдаушыға қарама-қарсы және әскерлердің бастапқы орнына біршама жақын құрама оркестрге, фанфаршылар - құрама оркестрдің алдына сапқа тұрғызылады. Барабаншылар бас жақтағы бөлімшеден кейін бір немесе бірнеше қатарға тұрады.

21. Автоматтармен қаруланған әскери бөлімдер (бөлімшелер) парад үшін сапқа тұрғызылады, бұл ретте автоматтар «кеудеге», ал карабиндер -»аяққа» күйінде болады.

Әскери бөлімдердің командирлері өз бөлімдерінің келгені және сапқа тұрғызылғаны туралы парадқа қатысатын әскери бөлімдер командирлерінің үлкеніне баяндайды.

22. Әскери бөлімдерді сапқа тұрғызу орнын, олардың қапталдарын, сап тереңдігі мен әскерлердің салтанатты шерумен жүріп өту сызығын белгілеу үшін сызықтық білдірушілер тағайындалады.

Әскерлерді сапқа тұрғызу орнына сызықтық білдірушілерді сапқа тұрғызу әскерлер келетін уақытқа дейін аяқталуы тиіс. Әскери бөлімдер сапқа тұру орындарына тұрғаннан кейін сызықтық білдірушілер бастапқы орнына тұрады.

23. Парадты қабылдаушы келгенге дейін парад үшін сапқа тұрғызылған орында тек әскерлер сапқа тұрғызылған бөлімдердің маңдайшебі және парад қолбасшысы алдынан өтетін әскери бөлімдер сәлемдеседі.

Әскерлердің парад қолбасшысы мен парадты қабылдаушыны

қарсы алуы

24. Парад қолбасшысын қарсы алу үшін парадқа қатысатын командирлердің үлкені: «ТҮЗЕЛ», «ТІК ТҰР», «Назар оң-ҒА (сол-ҒА, орта-ҒА)», ал егер карабиндермен қаруланған әскери бөлімдер бар болса - «ТҮЗЕЛ», «ТІК ТҰР», «Оңнан (солдан, маңдайшептен) қарсы алу үшін, қарауыл-ҒА» командаларын береді және әскерлердің сапқа тұрғызылғаны туралы баяндайды.

Парад қолбасшысы баяндауды қабылдап: «ЕРКІН ТҰР» командасын береді. Әскери бөлімдердің (бөлімшелердің) командирлері: «ЕРКІН ТҰР» командасын қайталайды, ал карабиндермен қаруланған бөлімшелердің командирлері: «Аяқ-ҚА» және одан кейін «ЕРКІН ТҰР» командаларын береді. Парад қолбасшысын қарсы алған кезде құрама оркестр ойнамайды.

25. Парадты қабылдаушыны қарсы алу үшін парад қолбасшысы: «Парад, ТҮЗЕЛ», «ТІК ТҰР», «Назар оң-ҒА (сол-ҒА, орта-ҒА)», ал егер карабиндермен қаруланған әскери бөлімдер бар болса -»Парад, ТҮЗЕЛ», «ТІК ТҰР», «Оңнан (солдан, маңдайшептен) қарсы алу үшін, қарауыл-ҒА» командаларын береді.

Взвод командирінен және одан жоғары барлық командирлер қолын бас киіміне апарады. Құрама оркестр «Қарсы алу маршын» орындайды.

26. Парад қолбасшысы қолын бас киіміне апара отырып, парадты қабылдаушыға автомобильмен жүріп келеді және баяндайды, мысалы: "Генерал-полковник мырза, Ақмола гарнизонының әскерлері Жеңіс күнін мерекелеуге арналған парадқа сапқа тұрғызылды. Парад қолбасшысы генерал-майор Жоламанов".

Парад қолбасшысы баяндау үшін тоқтаған кезде құрама оркестр ойнауын тоқтатады. Баяндау аяқталғаннан кейін парад қолбасшысы қолын бас киімінен түсірмей, саптың маңдайшебі алдынан (саптың сыртқы жағынан) және одан біршама кейін парадты қабылдаушыға ілесіп жүреді.

27. Парадты қабылдаушы баяндауды қабылдап, сап маңдайшебінің алдыңғы жағынан әскерлерді көлікпен айналып өтеді, олармен сәлемдеседі және құттықтайды. Құрама оркестр парадты қабылдаушы сәлемдесу және құттықтау үшін тоқтаған уақытта ойнауын тоқтата отырып, «Қарсы алу маршын» орындайды.

Сәлемдесу мен құттықтауға әскерлер Ішкі қызмет жарғысына сәйкес жауап береді, бұл ретте «ура» созылыңқы айтылады.

28. Парадты қабылдаушы әскерлерді көлікпен айналып өткеннен кейін парадты қабылдау орнына келген кезде әскерлер қайтадан (созылыңқы, дауыс сарынымен) «уралайды». Құрама оркестр салтанатты сипаттағы шығарманы орындайды.

Парадты қабылдаушының нұсқауы бойынша парад қолбасшысы: «ЕРКІН ТҰР» командасын береді. Әскери бөлімдердің (бөлімшелердің) командирлері: «ЕРКІН ТҰР» командасын қайталайды, ал карабиндермен қаруланған бөлімшелердің командирлері: «Аяқ-ҚА» және одан кейін «ЕРКІН ТҰР» командасын береді.

Құрама оркестрдің фанфаршылары (корнетшілері мен кернейшілері) «Барлығың тыңдаңдар» белгісін орындайды.

29. «Барлығың тыңдаңдар» белгі беруі орындалғаннан кейін парадты қабылдаушы сөз сөйлейді (бұйрық оқиды). Сөз сөйлеу аяқталғаннан (бұйрық оқылғаннан) кейін әскерлер үш мәрте «уралайды», құрама оркестр Мемлекеттік Әнұранды орындайды, онымен бір уақытта, егер ол көзделген болса, артиллериялық салют (от шашу) жасалады. Взвод командирінен бастап және одан жоғары барлық командирлер қолын бас киіміне апарады, ал әскерлер командасыз саптық қалыпты қабылдайды және Мемлекеттік Әнұранды орындайды.

Мемлекеттік Әнұран орындалғаннан кейін фанфаршылар (корнетшілер мен кернейшілер) «Тоқтат» белгісін орындайды, взвод командирінен және одан жоғары барлық командирлер қолын бас киімінен түсіреді, әскерлер «еркін тұр» күйін қабылдайды.



Каталог: files -> zakon -> ustavi
ustavi -> Бекітілген қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының ішкі қызмет жарғысы
ustavi -> Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының
zakon -> Кодексi Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; "Егемен Қазақстан"
zakon -> Ақпаратқа қол жеткізу туралы
zakon -> Өрт қaуiпciздiгi қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы №1682 Қаулысы «Өрт қayiпciздiгi туралы»
zakon -> Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы №1400 Қаулысы
zakon -> «Мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыру мақсатында субсидиялау қағидаларын бекіту туралы»
zakon -> Закон рсо-алания от 15. 06. 2001 г. №17-рз «о конституционном Суде Республики Северная Осетия-Алания»
ustavi -> Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының тәртіптік жарғысы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет