Қазақстан Республикасы Астана қ. Мұңайтпасов көш. 5 тел: 8 (7172) 70-95-48 (31 116, 31-118) Баспасөз хабарламасы «Ғылым-Индустрия-Инновация. Өнеркәсіптің ғылымды қажет ететін міндеттерінің шешімдері. Энергия тиімділігін арттыру»



жүктеу 40.04 Kb.
Дата28.04.2016
өлшемі40.04 Kb.
: upload -> iblock -> f76
iblock -> Вторая жизнь А320
iblock -> Методическая разработка что нужно знать о насилии над женщиной: мифы и факты с древних времен до наших дней ноябрь 2015 г
iblock -> Прогноз на матч Израиль Уэльс (28 марта 2015 года, 20: 00)
iblock -> Арсенал и Эвертон. Арсенал
f76 -> Самостоятельная работа Лекции Семинары Лабораторные работы 1
Л.Н.Гумилев атындағы

Eуразия ұлттық университетінің

баспасөз-қызметі

Қазақстан Республикасы

Астана қ. Мұңайтпасов көш. 5
тел: 8 (7172) 70-95-48 (31 116, 31-118)

Баспасөз хабарламасы
«Ғылым-Индустрия-Инновация. Өнеркәсіптің ғылымды қажет ететін міндеттерінің шешімдері. Энергия тиімділігін арттыру» атты республикалық ғылыми-техникалық кеңес
Қазақстан Республикасы, Астана қ. Л.Н.Гумилев атындағы Eуразия ұлттық университеті.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің негізінде Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Альберт Раудың және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұловтың қатысуымен «Ғылым-Индустрия-Инновация. Өнеркәсіптің ғылымды қажет ететін міндеттерінің шешімдері. Энергия тиімділігін арттыру» атты республикалық ғылыми-техникалық кеңес өтеді.

Бұл кеңес тікелей Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Инновациялық паркінің бастамасымен өтіп отыр. ҚР ИЖТМ-нің қатысумен мұндай кеңес жоғары білім мекемесінің базасында алғаш рет өтіп отырғанын айта кету керек. Бұл факті бірлесіп еңбек етудің уақыты туғанын көрсетеді. Сүйтіп, іс орнынан қозғалды.

Өнеркәсіпте энергия тиімділігін арттыру саласында инновациялық шешімдерді талқылау өзекті мәселе болып есептеледі, ол бізде Қазақстанда «EXPO-2017: Болашақтың энергиясы» әлемдік көрмесін өткізуде де басты орын алады.

Естеріңізде болса, энергиямен жабдықтау және энергия тиімділігін арттыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың құқылық, экономикалық және ұйымдастырушылық қызметінің негіздерін анықтайтын Қазақстан Республикасының «Энергиямен жабдықтау және энергия тиімділігін арттыру туралы» Заңы жақында ғана – бір жыл бұрын қабылданған болатын. Бұл әрине, құптарлық жағдай.

Қазақстандық кәсіпорындар энергия менеджменті бойынша халықаралық стандарт талаптарына сай энергия менеджменті жүйесін осы Заңға сейкес жасауға, енгізуге және ұйымдастыруға, сондай-ақ энергетикалық зерттеулер жүргізуге, энергия тиімділігін арттыруға міндетті.

Қазіргі уақытта жаңартылған энергия көздері еліміздің энергетикалық балансында 1 пайыздан де аз, соған қарамастан жаңа энергия көздерінің жеткілікті ресурстары бар, атап айтқанда су, жел, биомасса энергиясы және т.б.

Бүгінгі күннің міндеті – Инновациялық парктің маңайында түпкі зияткерлік өнімді және тәжірибелік әзірлемелерді алуға бағытталған кең инфрақұрылымдар жүйесін құру.

Сонымен қатар, оларды Инновациялық парктің басшысы Владимир Кимнің басқаруымен әлемнің жетекші Инновациялық парктерінің деңгейіне жеткізу үшін ұмтылыс жасалуда.

Инновациялық парктің ұжымында сондай-ақ су-отын эмульсиясын дайындау жүйесі жөнінен тәжірибелік-өнеркәсіптік сынаулар жүргізілді және диспергиренттік және сенімділік дәрежесі, сондай-ақ ВТЭ жағудың жоғары дәрежесі бойынша өте жоғары сапалы эмульсия алу жөнінде жақсы нәтижелерге жетті. Су-отын эмульсиясын дайындаудың және жағудың жүйесін енгізуге мүдделі бірқатар өнеркәсіп нысандарына зерттеулер жүргізілді.

Сондай-ақ Инновациялық паркте Қазақстанда балама энергетиканы дамытудың қолайлы бағдарламасы жасалуда.

«Қазатомпром» ҰАК және Астана қаласындағы Оқушылар сарайының тапсырысы бойынша ҰАК-мен бірігіп жасаған идеясын ашатын – ғылыми-танымдық орталығын құру жөніндегі жобасы – зияткерлік өнім жасалды. Қазіргі уақытта шет елдердің таңдаулы өндіріс орындары осы орталыққа жабдықтар дайындауда.

Өткен мерзімде ТМД-ның сондай-ақ алыс шет елдердің жетекші университеттермен, ғылыми және инжиниринг орталықтарымен халықаралық байланыстар орнатылды.

Қазіргі уақытта ЕҰУ-нің Инновациялық паркі әріптестерімен бірлесе отырып, осы технологияны енгізуге мүдделі алғашқы нысандардың жоба алдындағы зерттеулерін жүргізуде.

Инновациялық парктің жұмыстар тізбегінде оның қызметін өнеркәсіпте орын алып отырған проблемаларды шешуге бағыттау ерекше маңызды болып отыр.

Кеңесте сөз болатын алты баяндамалардың тақырыптары белгілі, олар:

«ЕҰУ-дің Инновациялық паркінің тұсаукесері. Су-отын эмульсиясын дайындау жүйесін енгізу жөнінде ұсыныс. Серіктестермен өзара іс-қимыл».

«Газ үлгісіндегі отынды жағудың қазіргі заманғы жоғары тиімді, энергия-экологиялық технологиясы».

«Ескірген үстіңгі жұмыс қабатын (роторлар, біліктер және т.б.) газоплазмалық, плазмалық, лазерлік қалпына келтіру технологиясы».

«Тау-кен металлургия өнеркәсібіндегі энергия үнемдейтін озық технологиялар».

«Жылумен жабдықтау және өнеркәсіпте ТП АБЖ құрудағы инновациялық көзқарастар».

«Жылумен жабдықтау жүйесін бақылаудың жедел дистанциондық кешені.

«Ластанған металлурия бұйымдарының үстіңгі бетін тазартатын бос қуыстық-доғалық жабдықтарын жасау және оны өңдеу технологиясы».

Бұл балама энергетика, энергия үнемдеу, көлік-газ, мәшина жасау, металлургия, тау-кен өнеркәсібі және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы салаларындағы алға қойған міндеттерді шешудің бір бөлігі ғана. Бүгінгі күнге дейін Инновациялық парк барлығы 50-ден астам шешімдерді ұсынуға дайын.

Жергілікті жерлердегі келіссөздерде «Таза су» кешенді технологиясы және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын басқару және бақылау жүйесі жөніндегі әзірлемелер талқыланатын болады.

Төменде аккредитация жасау үшін сілтеме көрсетіліп отыр.


http://www.enu.kz/ru/press-center/accreditaciya/

Өткізу күні: 2013 жыл 18 ақпан сағат 10.00

Өткізу орны: Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ЕҰУ-нің Бас корпусы, Тұңғыш Президент аудиториясы 208

Ұйымдастырушылар: Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия

ұлттық университеті, Қазақстан Республикасы

Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі

ЕҰУ баспасөз қызметі: 8 (7172) 70-95-48

Әсел Сарсенбинова, координатор-журналист


+7-701-742-88-24

Ляйля Рахманова, журналист +7 – 702- 363-60-05



Еркежан Садуақасова, баспасөз-қызметінің жетекшісі

+7-701-366-35-99



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет