Қазақстан республикасы атынан 2015 жылдың 3 сәуірі Ақтау қаласы



жүктеу 121.59 Kb.
Дата25.04.2016
өлшемі121.59 Kb.
:


№ 1-99/8-15

Ү К І М


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АТЫНАН

2015 жылдың 3 сәуірі Ақтау қаласы


Маңғыстау облысы Ақтау қалалық сотының судьясы Г.Әділсұлтанидың төрағалық етуімен, хатшылықта Г.Инешова, мемлекеттік айыптаушы Қ.Нұғметулланың, қорғаушы Т.Ш.Елеусимовтың қатысуларымен сот ғимаратындағы басты ашық сот мәжілісінде сотталушы

Атбаев Нуржан Багитович, 10.06.1973 жылы Атырау облысы, Атырау қаласында туылған, ұлты қазақ, Қазақстан Республикасының азаматы, білімі орта, ажырасқан, ГМ-172/1 мекемесінде жазасын өтеуші,

сотқа Қазақстан Республикасы ҚК-нің 428 бабы 1 бөлігімен берілген қылмыстық ісін қарап
А Н Ы Қ Т А Ғ А Н Ы:
Сотталушы Н.Атбаев, 21.11.2012 жылғы Атырау облысы Атырау қалалық сотының үкімімен ҚР ҚК-нің 259 бабы 1-1 бөлігімен кінәлі деп танылып, жазасын 2013 жылдың қаңтар айының 14 жұлдызынан Атырау облысы Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты УГ-157/1 мекемесінен Маңғыстау облысы Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты Ақтау қаласында орналасқан ГМ-172/1 мекемесінде жаза мерзімін түзеу колонияның қатаң түрдегі режимде өтеу барысында, өзіне тиісті нәтиже шығармай, түзелу жолына түспей, төмендегідей жағдайларда жазалардың орындалу тәртібіне қарсы қылмысты жасаған:

07.10.2012 жылы УГ-157/1 мекемесінің КжРБ бастығының орынбасары Н.Даулетханов, ТИБКК Б.Куркенбаев, аға корпусшысы Б.Хисаналиев қамауда отырған Н.Атбаев УГ-157/1 мекемесінің №19 камерасының жарын тескені үшін баянаттар жазылып актілер түзілген, УГ-157/1 мекеме қызметкерлерімен айтылған ескертулеріне құлақ аспағаны үшін УГ-157/1 мекемесінің бастығымен Н.Атбаевқа «сөгіс» жарияланған.

14.01.2013 жылы ГМ-172/1 түзеу мекемесінің режим бөлімінің бастығы М.Раманкулов, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 29.03.2012 жылығы №182 бұйрығының 2-тарауының 8-тармағына сай, жазасын өтеп жүрген Н. Атбаевқа мекеменің ішкі тәртібін, құқығымен міндеттерін, және ҚР ҚК-нің 358, 359, 360, 361 баптарымен ҚР ҚАК-нің 9, 102 баптарын толығымен оқу арқылы түсіндіріп, таныстырған. Жаза мерзімін өтеуші Н.Атбаев танысып шыққаны үшін қол қоюдан бас тартқан. Осыған орай 14.09.2011 жылы аталған мекеменің қызметкерлері М.Сатжанов, Д.Турғынбаевпен М.Сатжановтар акт жасақтаған.

08.06.2013 жылы сағат 09.00 шамасында ГМ-172/1 түзеу мекемесінің қызметкерлері Т.Айтжанов, Р.Сарбалаев, Т.Кенесбаев мекеменің №12 жасақ жатақханасын тексеру барысында жазасын өтеп жүрген Н.Атбаев мекеме әкімшілігінің рұқсатынсыз жасақтың босаңсу бөлмесіне төсек көрпесімен заңсыз орналасып жатып алған. Мекеме қызметкерлерімен оған жасалған ескертулеріне құлақ аспай өзінің дөрекі мінезін көрсетіп, осы іс әрекетіне жазбаша түрде түсініктеме беруден бас тартқан. Жазасын өтеп жүрген Н.Атбаевтың жасаған заңсыз іс әрекетіне ГМ-172/1 түзеу мекеме қызметкерлері Т.Айтжанов, Р.Сарбалаев, Т.Кеңесбаев баянат жазып акт жасақтаған. Мекеме дәрігері М.Федотова жазасын өтеуші Н.Атбаевқа айыптық оқшаулау орнында ұсталуға болады деп анықтама берген. 09.06.2013 жылы жазасын өтеп жүрген Н.Атбаевқа осы жасаған заңсыз іс әрекеті үшін ГМ-172/1 түзеу мекемесі бастығы С.Жомартовтың қаулысымен 5 тәулікке айыптылық оқшаулау орнына орналастырылған.

09.04.2014 жылы сағат 09.00 шамасында ГМ-172/1 түзеу мекемесінің қызметкерлері Т.Айтжанов, А.Суйетов, Т.Кенесбаев мекеменің №12 жасақ жатақханасын тексеру барысында жазасын өтеп жүрген Н.Атбаев мекеме әкімшілігінің рұқсатынсыз жасақтың босаңсу бөлмесіне төсек көрпесімен заңсыз орналасып жатып алған. Мекеме қызметкерлерімен оған жасалған ескертулерінен оң нәтиже шығармаған, осы іс әрекетіне жазбаша түрде түсініктеме беруден бас тартқан. Жазасын өтеп жүрген Н.Атбаевтың жасаған заңсыз іс әрекетіне ГМ-172/1 түзеу мекеме қызметкерлері Т.Айтжанов, А.Суетов, Т.Кеңесбаев баянат жазып акт жасақтаған. Мекеме дәрігері М.Стеценко жазасын өтеуші Н.Атбаевқа айыптық оқшаулау орнында ұсталуға болады деп анықтама берген. 14.04.2014 жылы жазасын өтеп жүрген Н.Атбаевқа осы жасаған заңсыз іс әрекеті үшін ГМ-172/1 түзеу мекемесі бастығы С.Жомартовтың қаулысымен «сөгіс» жарияланған.

02.06.2014 жылы сағат 22.45 шамасында ГМ-172/1 түзеу мекемесінің қызметкерлері Д.Тұрғынбаев, Н.Досаханов, М.Сатжанов мекеменің жасақ жатақханасын тексеру барысында, жазасын өтеп жүрген Н.Атбаев өзіне белгіленген №7 жасақтан мекеме әкімшілігінің рұқсатынсыз төсек орнын жинап алып №6 жасаққа барып орналасып алған. Сонымен қатар Н.Атбаев өзінің дөрекі мінезін көрсетіп қызметкерлерді жасаққа кіруге кедергілік жасаған. Мекеме қызметкерлерімен оған жасалған ескертулерінен оң нәтиже шығармаған, осы іс әрекетіне жазбаша түрде түсініктеме беруден бас тартқан. Жазасын өтеп жүрген Н.Атбаевтың жасаған заңсыз іс әрекетіне ГМ-172/1 түзеу мекеме қызметкерлері Д.Тұрғынбаев, Н.Досаханов, М.Сатжанов, Т.Кенесбаев баянат жазып акт жасақтаған. Мекеме дәрігері Ж.Бектенов жазасын өтеуші Н.Атбаевқа дені сау деп анықтама берген. 04.06.2014 жылы жазасын өтеп жүрген Н.Атбаевқа осы жасаған заңсыз іс әрекеті үшін ГМ-172/1 түзеу мекемесі бастығы С.Жомартовтың қаулысымен 1-айға камералық үлгідегі үй жайға орналастырылған.

27.08.2014 жылы сағат 11.25 шамасында ГМ-172/1 түзеу мекемесінің қызметкерлері А.Дуйсенкалиев, Ж.Сеилханов, Ж.Махашов мекеменің сотталғандарды қатаң жағдайда ұстау жасақ жатақханасын тексеру барысында, жазасын өтеп жүрген Н.Атбаев белгіленген ішкі күн тәртіп ережелерін бұзып, яғни әкімшілік қызметкерлерінің рұқсатынсыз өз жататын орнында ұйықтап жатқан. Мекеме қызметкерлерімен оған жасалған ескертулерге құлақ аспай өзіне дұрыс шешім қабылдамаған, осы іс әрекетіне жазбаша түрде түсініктеме беруден бас тартқан. Жазасын өтеп жүрген Н.Атбаевтың жасаған заңсыз іс әрекетіне ГМ-172/1 түзеу мекеме қызметкерлері А.Дуйсенкалиев, Ж.Сеилханов, Ж.Махашов баянат жазып акт жасақтаған. Мекеме дәрігері Б.Боранбаев жазасын өтеуші Н.Атбаевқа дені сау деп анықтама берген. 28.06.2014 жылы жазасын өтеп жүрген Н.Атбаевқа осы жасаған заңсыз іс әрекеті үшін ГМ-172/1 түзеу мекемесі бастығы С.Жомартовтың қаулысымен «сөгіс» жараияланған.

23.10.2014 жылы сағат 11.15 шамасында ГМ-172/1 түзеу мекемесінің қызметкерлері Н.Алпысбаев, Е.Абдукадиров, Д.Кумашев мекеменің сотталғандарды қатаң жағдайда ұстау жасақ жатақханасын тексеру барысында, жазасын өтеп жүрген Н.Атбаев белгіленген киім үлгісін бұзып, яғни кеуде белгісі болмаған сонымен қатар бет сақалын алып, қырынбаған. Мекеме қызметкерлерімен оған жасалған ескертулерге құлақ аспай өзіне дұрыс шешім қабылдамаған, осы іс әрекетіне жазбаша түрде түсініктеме беруден бас тартқан. Жазасын өтеп жүрген Н.Атбаевтың жасаған заңсыз іс әрекетіне ГМ-172/1 түзеу мекеме қызметкерлері Н.Алпысбаев, Е.Абдукадиров, Д.Кумашев баянат жазып акт жасақтаған. Мекеме дәрігері Д.Бектенов жазасын өтеуші Н.Атбаевқа айыптық оқшаулау орны, камералық үлгідегі үй жайында ұстауға болады деп анықтама берген. 28.06.2014 жылы жазасын өтеп жүрген Н.Атбаевқа осы жасаған заңсыз іс әрекеті үшін ГМ-172/1 түзеу мекемесі бастығы С.Жомартовтың қаулысымен 5 тәулікке айыптылық оқшаулау орнына орналастырылған.

10.09.2014 жылы сағат 10.15 шамасында ГМ-172/1 түзеу мекемесінің қызметкерлері Д.Спанов, Ж.Сеилханов, Н.Алпысбаев мекеменің сотталғандарды қатаң жағдайда ұстау жасақ жатақханасында ҚР ҚАК-нің 102 бабына сәйкес мекеме бастығының белгіленген кестесіне сай, 2014 жылдың қыркүйек айында ҚҮҰ жасағының сотталғандарын 2 сағаттық ақы төленбейтін жұмысқа жазасын өтеп жүрген Н.Атбаевты жұмысқа тарту кезінде, ол жұмыс жасаудан үзілді-кесілді бас тартқан. Осы іс әрекетіне жазбаша түрде түсініктеме беруден бас тартқан. Жазасын өтеп жүрген Н.Атбаевтың жасаған заңсыз іс әрекетіне ГМ-172/1 түзеу мекеме қызметкерлері Д.Спанов, Ж.Сеилханов, Н.Алпысбаев баянат жазып акт жасақтаған. Мекеме дәрігері Г.Даулетбаева жазасын өтеуші Н.Атбаевқа еңбекке жарамды деп анықтама берген. 13.09.2014 жылы жазасын өтеп жүрген Н.Атбаевқа осы жасаған заңсыз іс әрекеті үшін ГМ-172/1 түзеу мекемесі бастығы С.Жомартовтың қаулысымен 3 тәулікке айыптылық оқшаулау орнына орналастырылған.

13.09.2014 жылы ГМ-172/1 түзеу мекемесі бастығы С.Жомартовтың қаулысымен жаза мерзімін өтеп жүрген Атбаев Нуржан Багитович жаза өтеудің белгіленген тәртібін қасақана бұзушы деп танылған.

20.11.2014 жылы сағат 10:20 шамасында ГМ-172/1 түзеу мекемесінде жазасын өтеп жүрген Н.Атбаев өзінің заңсыз іс әрекеттерін одан әрі жалғастырып, 2014 жылдың қараша айында қатаң жағдайда ұсталып, жаза мерзімін өтеп отырған сотталғандарың 2 сағаттық ақы төленбейтін мекеме бастығымен бекітілген жұмысқа тарту кестесі бойынша яғни, «Қазақстан Республикасының Қылмыстық атқару кодексінің 102 бабында бас бостандығынан айыруға сотталғандарды еңбегіне ақы төленбейтін жұмыстарға тарту. 1). сотталғандар тек түзеу мекемелерін және оларға жапсарлас аумақтарды көркейту жөніндегі, сондай-ақ мәдени-тұрмыстық жағдайларды жақсарту жөніндегі жұмыстарға ғана еңбегіне ақы төленбей тартылады. Аталған жұмыстардан бас тарту осы Кодекстің 111-бабында көзделген шараларын қолдануға әкеп соғады. Сотталғандар бұл жұмыстарға әдетте жұмыс уақытынан тыс кезде кезектілік тәртібімен тартылады және оның ұзақтығы аптасына екі сағаттан аспауға тиіс. Сотталғандардың қалауы бойынша жұмыстың ұзақтығы артылуы мүмкін» яғни, (қазіргі қолданыстағы 2014 жылғы 5 шілдедегі №234-V ҚРЗ-на сай, ҚР ҚАК-нің 121 бабы 1-бөлігінде сотталғандар кезектілік тәртібімен жұмыстан бос уақытта ұзақтығы аптасына екі сағаттан аспайтын жұмыстарға тартылады. ҚАК-тің 104 бабының 2-бөлігі 5-тармақшасында «мекемені абаттандыру және тұру жағдайларын жақсарту бойынша жұмыстарды орындауға міндетті) деп көрсетілген мекеме әкімшілігінің қызметкерлері Н.Алпысбаев, Д.Спанов және Ж.Махашовтардың тарапынан жасалған заңды талаптарына әдейі бағынбай және осы жасаған өзінің заңсыз іс әрекеті үшін түсініктеме жазып беруден бас тартқан. ГМ-172/1 түзеу мекемесінің дәрігері Г.Даулетбаева, жазасын өтеп жүрген Н.Атбаевты тексеріп қарап, дені сау, еңбекке жарамды деп анықтама берген. ГМ-172/1 түзеу мекемесінің қызметкерлері Н.Алпысбаев, Д.Спанов және Ж.Махашов жазасын өтеп жүрген Н.Атбаевтың осы жасаған заңсыз іс әрекетіне баянат жазып акт жасақтап, жинақталған құжаттарды Маңғыстау облыстық ішкі істер департаментіне процессуалдық шешім қабылдау үшін жолдаған.

Сонымен, Н.Атбаев бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жүріп қылмыстық-атқару мекемесі әкімшілігінің заңды талаптарына қаскөйлікпен бағынбаған.

Басты сот талқылауында сотталушы Н.Атбаев тағылған айыпты толық мойындап, өзінің әрекетіне қатты өкінетіндігін айтты.

Басты сот талқылауында куә Д.Спанов өзінің мекемеде тәрбие жүмысы бойынша жасақ бастығы екендігін, ҚАК-нің 102 бабына сай, сотталғандар бастықтың бекіткен кестесі бойынша 2 сағаттық ақысыз жұмыс жасаулары қажет екендігін, кесте бойынша Н.Атбаевқа бірнеше рет 2 сағаттық жұмыс жасау ұсынылғандығын, алайда, Н.Атбаев себепсіз бас тартқандығын, сонымен қатар бірнеше рет түскі мезгілде төсекте ұйықтап жатқандығын, ішкі тәртіпке бағынбайтындығын, осыған байланысты бірнеше рет акт толтырылғандығын, мінезі жағынан тұйық екендігін, мінезі бірқалыпты өзімен-өзі жүретіндігін көрсетті.

Басты сот талқылауында куәлар Ж.Маханов, А.Дуйсенкалиев, Н.Алпысбаев, Ж.Сейлханов, Д.Тургунбаев осы тектес жауап берді.

Басты сот талқылауында куә Г.Даулетбаева, өзінің ГМ-172/1 мекемесінің емдеу алдын-алу жұмыстары бойынша бастығының орынбасары екендігін, Н.Атбаевты 1 рет толық тексеруден өткізгендігін, денсаулығы жұмысқа жарамды болғандықтан, оған 2 сағаттық жұмыс ұсынылғандығын, алайда ол себепсіз бас тартқандығын, сонымен қатар бір рет тісі ауырып тұрғандығын айтып сылтауратқандығын, қарау жүргізбекші болғанында ол бас тартқандығын, себебін түсіндірмегендігін, жазасын өтеу мерзімінде ешқандай жазбаша немесе ауызша денсаулығына байланысты шағым түсірмегендігін айтты.

Бұл қылмыстық істі Қазақстан Республикасының ҚПК-нің 340 бабы 1 бөлігіне сай, тек сотталушыға қатысты және ол сотқа берілген айып көлемінде қарады.

Сот, сот талқылауында тараптармен ұсынылған және өзінің бастамасымен жиналған дәлелдемелерді жан-жақты және объективті зерттеп, талдап, әрбір дәлелдемені бір-бірімен салыстырып, дәлелдемелер жинау, алу кездерін тексеріп, әрбірінің қатыстылығы, жол берушілігі, дұрыстығы, ал барлық жинақталған дәлелдемелерді олардың жиынтығында қылмыстық істі дұрыс шешу үшін жеткілікті тұрғысынан бағалап, сотталушы Н.Атбаевтың бас бостандығынан айыру орнында жазасын өтеп жүріп, қылмыстық-атқару мекемесі әкімшілігінің заңды талаптарына қаскөйлікпен бағынбауы, әкімшіліктің заңды талаптарын орындамауы сот тергеуінде зерттелген дәлелдемелерінің жиынтығымен дәлелденеді.

Сотталушы Н.Атбаев 21.11.2012 жылы Атырау облысы Атырау қалалық сотының үкімімен ҚР ҚК-нің 259 бабы 1-1бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 4 жыл 8 ай мерзім бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған, ҚК-нің 13 бабы 2 бөлігі «б» тармағына сай Н.Атбаевтың қылмыстық іс әрекетінде қауіпті қылмыстың қайталануы танылған.

14 қаңтар 2013 жылы Атырау облысы Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты УГ-157/1 мекемесінен Маңғыстау облысы Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты Ақтау қаласында орналасқан ГМ-172/1 мекемесіне жаза мерзімін өтеу үшін жоспарлы айдауылмен келген.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 29.03.2012ж. №182 бұйрығы 2 тарауы 8 тармағына сай, жазасын өтеп жүрген Н. Атбаевқа мекеменің ішкі тәртібін, құқығымен міндеттерін толығымен оқу арқылы түсіндіріліп, таныстырылған.

Н.Атбаев танысып шыққаны үшін қол қоюдан бас тартқан. Осыған байланысты тиісті акт жасақталған.

Қазақстан Республикасы ІІМ-нің 29.03.2012ж. №182 бұйрығы негізінде Түзеу мекемелерінің ішкі тәртіп қағидасына сай, сотталғандар жатын орындарын перделеуге және ауыстыруға, сондай-ақ өндірістік, коммуналдық-тұрмыстық және басқа да қызметтік және қосалқы үй-жайларда жатын орындарын жабдықтауға рұқсат етілмейді.

ҚР ҚАК-нің 104 бабы 3 бөлігі 17 тармақшасына сәйкес, жатын орындарын өзгертуге, сондай-ақ өндірістік объектілерде, коммуналдық-тұрмыстық және басқа да қызметтік және қосалқы үй-жайларда жатын орындар жабдықтауға құқығы жоқ.

08.06.2013ж., 09.04.2014ж., 27.08.2014ж. түзеу мекемесінің қызметкерлері мекеменің жатақханасын тексеру барысында жазасын өтеп жүрген Н.Атбаев мекеме әкімшілігінің рұқсатынсыз жасақтың босаңсу бөлмесіне төсек көрпесімен заңсыз орналасып жатқандығы анықталған.

Сонымен қатар, 23.10.2014ж. Н.Атбаев белгіленген киім үлгісін бұзған.

ҚАК-тің 102 бабында белгіленген тәртіпте көріктендіру және мәдени тұрмыстық жағдайларды жақсарту жөніндегі жұмыстарды ақысыз орындайды.

Сонымен қатар, 104 бабы 2 бөлігі 5 тармағына сай, мекемені абаттандыру және тұру жағдайларын жақсарту бойынша жұмыстарды орындауға міндетті.

Алайда, 10.09.2014ж., 20.11.2014ж. 2 сағаттық ақы төленбейтін жұмысқа жазасын өтеп жүрген Н.Атбаевқа жұмыс жасау ұсынығанда, ол жұмыс жасаудан үзілді-кесілді бас тартқан.

Басты сот талқылауында сотталушы Н.Атбаевтың өзінің жазасын өтеу барысында мекеме қызметкерлерінің заңды тапсырамаларын орындауды бас тартқандығын жоққа шығармай «денсаулығымның болмауына байланысты ұсынылған жұмысты жасағаным жоқ» деген түсініктемесі куә ретінде жауап берген Ж.Маханов, Д.Тургумбаев, А.Дуйсенкалиев, Н.Алпысбаев, Ж.Сеилханов, Д.Спановтың жауаптарымен және Г.Даулетбаеваның «Н.Атбаевтың тісім ауырып тұр деп, дәрігерге қаралудан бас тартты, денсаулығына байланысты жазбаша немесе ауызша арызданған жоқ» - деген жауабымен жоққа шығарылып отыр.

Басты сот талқылауында және алдын-ала тергеу барысында куәлардың жауаптары бірқалыпты, тиянақты, біркелкі және толық деп қорытындылауға негіз жеткілікті.

Сот осы дәлелдемелерді қорытып бағалай отырып, сотталушының кінәсі толықтай дәлелденген деп табады. Оның қылмыстық әрекеттері ҚР ҚК-нің 428 бабы 1 бөлігімен дәрежеленеді, себебі ол бас бостандығынан айыру орнында жазасын өтеп жүріп, қылмыстық-атқару мекемесі әкімшілігінің заңды талаптарына қаскөйлікпен бағынбау деген қылмыс жасаған.

Бұл дәрежелеу басты сот талқылауында куәлердің жауаптарымен және басқа іс құжаттарымен өз дәлелін тауып, олар сот отырысында зерттелген дәлелдемелер жиынтығымен қуатталды.

Іс материалдары бойынша сотталушы Н.Атбаев 21.11.2012ж. №2 Атырау қалалық сотының үкімімен ҚР ҚК-нің 259 бабы 1-1бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 4 жыл 8 ай мерзім бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, оның әрекетінде қылмыстың қауіпті қайталануы танылған.

Қазақстан Республикасы ҚК-нің 60 бабы 1, 4 бөліктеріне сай, егер сотталған адам үкім шығарылғаннан кейін, бірақ жазаны толық өтегенге дейін жаңадан қылмыс жасаса, сот соңғы үкім бойынша сот тағайындаған жазаға соттың алдыңғы үкімі бойынша жазаның өтелмеген бөлігін толық немесе ішінара қосады және үкімдердің жиынтығы бойынша түпкілікті жаза қайта жасалған қылмыс үшін тағайындалған жазадан да, соттың оның алдындағы үкімі бойынша тағайындалған жазаның өтелмеген бөлігінен де артық болуы тиіс.

Сонымен қатар, сотталған Н.Атбаев бұрын 22.08.2008ж. Атырау қалалық сотының үкімімен ауыр қылмыстар санатына жататын қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айыруға сотталған. Соттылығы жойылмаған. 21.11.2012ж. №2 Атырау қалалық сотының айыптау үкімімен қайта ауыр қылмыстар санатына жататын қылмыс жасағаны үшін сотталып, жазасын түзеу колониясының қатаң режимінде өтеуде. Сондықтан соңғы үкім бойынша сотталған Н.Атбаевтың қылмыстық әрекетінде Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексінің 14 бабы 1 бөлігіне сай қылмыстың қайталануы орын алған. Осы үкім бойынша қылмыстың қайталануы жоқ.

ҚР ҚК-нің 52 бабына сай жаза тағайындау кезінде қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесі, сотталушының жеке басы, сонымен бірге оның қылмыс жасағанға дейінгі және одан кейінгі мінез-құлқы, жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар, сондай-ақ тағайындалған жазаны сотталған адамның түзелуіне ықпалы ескеріледі.

ҚР ҚК-нің 53 бабына сай, сот, сотталушының қылмыстық жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін мән-жайға, оның кінәсін толық мойындап, істеген әрекетіне өкінуін, мән-жайлар деп есептейді. ҚР ҚК-нің 54 бабына сай, қылмыстық жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар жоқ деп табады.

Жоғарыда көрсетілгендердің негізінде және Қазақстан Республикасы Қылмыстық процестік Кодексінің 387-390, 393, 395-398, 401, 402 баптарын басшылыққа ала отырып, сот
Ү К І М Е Т Т І:
Атбаев Нуржан Багитовичті Қазақстан Республикасы ҚК-нің 428 бабы 1 бөлігімен кінәлі деп танып, оған 2 /екі/ жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 60 бабы 1, 4 бөліктеріне сай, тағайындалған жазаға, №2 Атырау қалалық сотының 21 қараша 2012 жылғы айыптау үкімімен тағайындалған жазаның өтелмеген бөлігінен ішінара қосып, түпкілікті өтеуіне 2 /екі/ жыл 2 /екі/ ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын

Жаза түзеу колониясының қатаң режимінде өтеу белгіленсін.

Жазаны өтеу мерзімі 03 сәуір 2015 жылдан бастап есептелсін.

Н.Атбаевқа қолданылған бұлтартпау шарасы «ешқайда кетпеу, өзін дұрыс ұстау туралы қолхат» үкім заңды күшіне енген соң бұзылсын.

Үкімге жарияланған күннен бастап он бес тәулік ішінде Маңғыстау облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық алқасына Ақтау қалалық соты арқылы апелляциялық шағым беруге және апелляциялық наразылық келтіруге құқылы.


Төрағалық етуші: Г.Әділсұлтани
Көшірме дұрыс:

Төрағалық етуші: Г.Әділсұлтани


Анықтама:

Үкім заңды күшіне енді __________ 2015 жылы.



Төрағалық етуші: Г.Әділсұлтани





©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет