Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 4 қарашадағы №8-1/568 бұйрығымен бекітілген



жүктеу 347.49 Kb.
Дата17.04.2016
өлшемі347.49 Kb.
: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сабақтың тақырыбы: Спорттық ойын волейбол ойынға қосылған допты жоғарыдан немесе төменнен қабылдау
2014 -> Эй бир боорум! Менден бир нече насыйкат сурадың. Сен бир жоокер болгонуң үчүн, аскердик мисалдар менен айтылган сегиз чакан аңгеме аркылуу бир нече акыйкатты напсим менен бирге уккун
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Қоғамтану» Мамандығы: : 0301000
2014 -> Ұлт тарихы толқынындағЫ Ұлы тұЛҒалар
2014 -> Конкурс ережесі «Астана Опера»
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев


Қазақстан Республикасы

Ауыл шаруашылығы министрінің

2014 жылғы 4 қарашадағы

8-1/568 бұйрығымен бекітілген



2015-2017 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы

қаржыландыру шеңберінде ғылыми зерттеулер жүргізуге арналған

конкурстық құжаттама



  1. Жалпы ережелер

1. 2015-2017 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде ғылыми зерттеулер жүргізуге арналған Қазақстан Республикасы «Ғылым туралы» Заңы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы № 575 қаулысымен бекітілген Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық, гранттық, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру қағидасына сәйкес бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімді дайындау үшін осы конкурстық құжаттама әзірленді.

2. Конкурсты ұйымдастырушы Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі - салалық уәкілетті орган) болып табылады.

3. Салалық уәкілетті органның Жұмыс органы АӨК-ні ғылыми және кадрлық қамтамасыз ету департаменті (бұдан әрі – жұмыс органы) өкілетті болып табылады.



  1. Конкурстың мәні болып табылатын ғылыми зерттеулердің тақырыптарының атауы




Ғылымды дамытудың басымдықтары

Бағдарламалық-нысаналы

қаржыландырудың басым бағыттары


1. Табиғи ресурстарды

ұтымды пайдалану, шикізат пен өнімді қайта өңдеу



1.1 Табиғи эко жүйелерді сақтау және қалпына келтіру, оның ішінде жануарлар мен өсімдіктер әлемінің, қоршаған орта объектілерінің алуан түрлілігін сақтау;

1.2 Су, жер, биологиялық ресурстарды және транзиттік әлеуетті тұрақты басқару;

1.3 Топырақтың құнарлылығын сақтау және ұдайы молықтыру;

1.4 Өсімдік және жануар тектес өнімді сақтау және қайта өңдеу

2. Өмір туралы ғылымдар

2.1 Егіншіліктің қарқынды жүйесін дамыту;

2.2 Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттары мен будандарының төзімділігін арттыру;

2.3 Фитосанитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

2.4 Ауыл шаруашылығы жануарларының генетикасы, селекциясы, оларды өсіру және төлінен молайту;

2.5 Мал шаруашылығының қарқынды технологиялары;

2.6 Ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету



  1. Конкурсқа қатысуға арналған өтінімді рәсімдеуге қойылатын талаптар және әлеуетті орындаушылардың конкурсқа қатысуға арналған өтінімдері бар конверттерді беруі


Конкурсқа қатысуға арналған өтінім


  1. Әлеуетті орындаушы ұсынылған конкурсқа қатысуға арналған өтінімде:

  1. Осы конкурстық құжаттамаға 1-қосымшаға сәйкес әлеуетті орындаушы толтырған және қол қойған өтінім;

  2. Осы конкурстық құжаттаманың 4-бөліміне сәйкес әлеуетті орындаушының біліктілік талаптарына сәйкестігін растау үшін ұсынатын құжаттар тізбесі қамтылуы тиіс.

  1. Конкурсқа қатысуға арналған өтінім мемлекеттік тілде, орыс және ағылшын тіліндегі екі дана аудармасын қоса ұсынылуға тиіс, бұл ретте әр данасы қағазда және электрондық тасымалдағышта ұсынылады.

Әлеуетті орындаушы ағылшын тіліне аударылуының дұрыстығы үшін толық жауаптылықта болады.

6. Коммерциялық құпия болып табылатын, жариялану арқылы өтінім иесінің авторлық және/немесе өзге де құқықтарына нұқсан келтіруі мүмкін ақпарат өтінімде қамтылмауы тиіс.

7. Әлеуетті орындаушы ұсынған, конкурсқа қатысуға арналған өтінім салалық уәкілетті органға, тігілген және парақтары нөмірленген түрде беріледі және соңғы беті оның қолымен және мөрімен расталады.

8. Әлеуетті орындаушы конкурсқа арналған өтінімді конвертпен, оның беткі жағында әлеуетті орындаушының (конкурска арналған өтінімді ашпай, егер ол «кешіккен» болып жарияланса қайтарылуы мақсатында) толық атауы және пошталық мекен-жайы көрсетілуі, салалық уәкілетті органның толық атауы және пошталық мекен-жайы, мынадай мазмұндағы «2015-2017 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАЛЫҚ-НЫСАНАЛЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ БОЙЫНША ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕР ЖҮРГІЗУГЕ АРНАЛҒАН КОНКУРС» деген мәтін жазылуы тиіс.



Конкурсқа қатысуға арналған өтінімді ұсыну тәртібі
9. Конкурсқа қатысуға арналған өтінім тапсырысты поштплық байланысты қолданып мына мекен-жай бойынша: Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі, Астана қаласы, Кенесары көшесі 36, конкурс жарияланған сәттен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде ұсынылады.

10. Ұсынылған конкурстық өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін келіп түскен барлық конкурстық өтінімдер ашылмайды және конкурсқа қатысуға арналған өтінімі бар конвертте көрсетілген деректемелер бойынша әлеуетті орындаушыларға немесе әлеуетті орындаушылардың уәкілетті өкілдерінің алғаны туралы қолдарын қойдырып қайтарылады.

11. Конкурсқа қатысуға арналған өтінім қабылдау жорналында иемденген нөмірімен, көрсетілген күні және қабылданған уақытына сәйкес әлеуетті орындаушы ұсынған конкурсқа қатысуға арналған өтінім тіркеледі.
Жұмыс органының конкурсқа қатысуға арналған өтінім конверттерін ашуы
12. Өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін жұмыс органы 5 (бес) жұмыс күні ішінде конкурсқа арналған өтінім конверттерін ашады, бар құжаттардың тізімдемесін жүзеге асырады және конверттердің ашылуына хаттама толтырады.


Конкурсқа қатысуға арналған өтінімді қарау тәртібі
13. Салалық уәкілетті орган конверттерді ашу жөніндегі хаттама қосмшасымен өтінімдерді тиісті ұлттық ғылыми кеңестің қарауы үшін Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама ұлттық орталығына жолдайды.

14. Салалық уәкілетті орган ұлттық ғылыми кеңестердің шешімдерімен бірге ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаны жүзеге асыруға арналған өтінімдерді Жоғарғы ғылыми-техникалық комиссияға жолдайды.

15. Жоғарғы ғылыми-техникалық комиссия мақұлдаған ғылыми, ғылыми-техникалық өтінімдер,белгіленген тәртіппен Республикалық бюджеттік комиссияның қарауына жатады.

16. Нысаналы ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаны жүзеге асыруға арналған конкурстың жеңімпаздары ұлттық ғылыми кеңестердің шешімі негізінде анықталады және салалық уәкілетті орган бекітеді.

17. Конкурстың нәтижесі бойынша салалық уәкілетті орган ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарлама жөніндегі негізгі ұйымды анықтап, ол ұйымға бағдарламаға қолдау көрсетуді және орындаушы ұйымдардың бағдарлама шеңберіндегі қызметтерін үйлестіруді жүктейд.

Негізгі ұйым өзі үйлестіретін ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарламаны іске асыру жөніндегі жауапкершілікті көтереді.



4. Әлеуетті орындаушыларға қойылатын біліктілік талаптары
18. Ғылыми және/немесе ғылыми-техникалық қызметтері аккредиттелген субъектілер, сондай-ақ автономды білім ұйымдары және олардың үйымдары, оның ішінде қоса орындаушы ретінде конкурсқа қатыса алады.

19. Нысаналы ғылыми-техникалық бағдарлама (бұдан әрі - НҒТБ) ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкциялық жұмыстар жүргізу бірнеше бағыттардан құралуы мүмкін, аграрлық өнеркәсіп кешені саласындағы стратегиялық маңызды мемлекеттік міндеттерді шешуге бағытталған және саланың басым даму бағыты мән-мағынасына сәйкес ғылыми, ғылыми-техникалық өтінімдер салалық уәкілетті органның тиісті құрылымдық бөлімшесінің ұсынысы қамтылуы тиіс.

НҒТБ-ны ғылыми басшысымен бірге ғылыми зерттеулер жүргізуде тәжірибесі бар орындаушылар ұжымы іске асырады.

20. Әлеуетті орындаушылар ғылыми зерттеулердің нәтижелі болуына, зерттеушілер өздеріне жүктелген міндетке және мақсатқа сәйкес түпкілікті нәтижеге жетуге қабілетті екендігіне кепілдік беруі тиіс.

21. Әлеуетті орындаушы ұйымдарда тиісті зертханалық және өндірістік ғимараттар, коммуникациялар (негізгі параметрлері көрсетілген); мамандандырылған зертханалар, НҒТБ жүзеге асыру үшін қазіргі заманға лайық құрал-жабдықтар болуы тиіс;

«Табиғи экожүйелерді сақтау және қалпына келтіру, оның ішінде жануарлар мен өсімдіктер әлемінің, қоршаған ортадағы объектілерін алуан түрлілігін сақтау және қалпына келтіру» басым бағыты бойынша (зерттеулердің бағыттарына байланысты) мыналар болуы тиіс:

- жерге құқық белгілейтін құжаттармен расталған селекциялық тұқым шаруашылығы стационарлары, оның ішінде көп жылдық, көшеттіктер, бақшалар, дендропарк, арбаретум;

- орташа және ұзақ мерзімге сақтауды ұйымдастыруға арналған қазіргі заманға лайық құрал-жабдықтар (камералар, төмен температуралы тоңазытқыштар, криотанктар және т.б.);

- орман түрлерін, селекциялық тұқым шаруашылығына арналған объектілерді тиімді пайдалану және сақтау туралы шарттар;

- балық шаруашылығы су қоймасы және биоресурстары (балық, шабақ, уылдырық және т.б);

«Су, жер, биологиялық ресурстарды және транзиттік әлеуетті тұрақты басқару» басым бағыты бойынша (зерттеулердің бағыттарына байланысты) мыналар болуы тиіс:

- жерге құқық белгілейтін құжаттармен расталған тамшылатып суаруға, жаңбырлатып суаруға, топырақ астын суландыруға арналған жүйелермен жабдықталған ауыл шаруашылығы тәжірибелік-өндірістік телімдер, су үнемдейтін технологиялар полигоны;

- экологиялық-мелиоративтік процестерді зерделеуге арналған лизиметриялық павильон; қазіргі заманға лайық құрал-жабдықтармен жарақтандырылған, сертификатталған, куәлігі бар химиялық зертхана, әзірленетін құралдардың тәжірибелік үлгілерін дайындауға арналған эксперименттік-механикалық шеберхана.

«Топырақтың құнарлылығын сақтау және ұдайы молықтыру» деген басым бағыт бойынша мыналар болуы тиіс:

- жерге құқық белгілейтін құжаттармен расталған ауыл шаруашылығы мақсаттарына пайдалануға арналған жерлер: стационарлық далалық тәжірибелер, жерге құқық белгілейтін құжаттармен расталған, ғылыми мақсаттардағы селекциялық және тұқым шаруашылығының егістіктері;

«Өсімдік және жануардан алынатын өнімді сақтау және қайта өңдеу» басым бағыты бойынша мыналар болуы тиіс:



  • тамақ өнеркәсібіне арналған микроорганизмдердің ген қоры;

«Егіншіліктің қарқынды жүйесін дамыту» басым бағыты бойынша (зерттеулердің бағыттарына байланысты) мыналар болуы тиіс:

- селекциялық тұқым шаруашылығына арналып мамандандырылған стационарлар, оның ішінде жерге құқық белгілейтін құжаттармен расталған көпжылдық, көшеттіктер, бақшалар;

- тамшылатып суаруға, жаңбырлатып суаруға, топырақ астын суландыруға арналған жүйелермен жабдықталған ауыл шаруашылығы тәжірибелік-өндірістік телімдер, су үнемдейтін технологиялар полигоны;

- мамандандырылған ауыл шаруашылығы техникасы (топырақ өңдейтін құралдар, дән сепкіш, комбайн);

- экологиялық-мелиоративтік процестерді зерделеуге арналған лизиметрия павильоны, сертификатталған, куәлігі бар химиялық зертхана;

«Ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттары мен будандарының төзімділігін арттыру» басым бағыты бойынша мыналар болуы тиіс:

- селекциялық тұқым шаруашылығына арналып мамандандырылған стационарлар, оның ішінде жерге құқық белгілейтін құжаттармен расталған көпжылдық, көшеттіктер, бақшалар;

-ауыл шаруашылығы дақылдарының жұмыстық коллекциялары, селекциялық процестерге арналған өсімдіктердің ген қоры;

- ауыл шаруашылығы дақылдарының резистент нысандарын таңдап алуға арналған көпжылдық далалық, жасанды-инфекциялық аймақ;

- мамандандырылған шағын ауыл шаруашылығы техникасы (дән сепкіш, топрыақ өңдейтін құрал, комбайн, өзге де машиналар);

- қоймалық және жинамалы жайлар, жылыжай кешені;

- ауыл шаруашылығы дақылдарының бірегей тұқымдары, селекциялық және будандық материал тұқымдары;

«Фитосанитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету» басым бағыты бойынша мыналар болуы тиіс:

- биоресурстар, оның ішінде биоагенттер (энтомофагтар), биопрепараттар, вирустар, микроорганизмдер, бактериялар, өсімдік ауруларының қоздырғыштары;

«Ауыл шаруашылығы жануарларының генетикасы, селекциясы, оларды өсіру және төлінен молайту» басым бағыты бойынша (зерттеулердің бағыттарына байланысты) мыналар болуы тиіс:

- асыл тұқымды мал өсіретін базалық шаруашылығы, мал шаруашылығына арналған ғимараттары, мал шаруашылығы базалары, растаушы құжаттары қоса берілген (шаруа қожалықтарымен және базалық шаруашылықтармен бірлесе қызмет атқару туралы хаттар, келісімдер);

- зерттеу жүргізілетін агроқұрылымдарды жайылымның, шабындықтың, тиісті жемшөп базасының болуы;

- жануарлардың селекциялық процестеріне арналған ген типтерінің болуы;

- асыл тұқымдық мал шаруашылығының, оның ішінде ауыл шаруашылығы жануарларының төлінен молайту үшін аналықтың оңтайлы саны;

- селекциялық – асыл тұқымды жұмысты мақсатты жүргізуді қамтамасыз ететін тұқымдық мал басының болуы;

«Мал шаруашылығының қарқынды технологиясы» басым бағыты бойынша (зерттеулердің бағыттарына байланысты) мыналар болуы тиіс:

- асыл тұқымды мал өсіретін базалық шаруашылығы, мал шаруашылығына арналған ғимараттары, мал шаруашылығы базалары, растаушы құжаттары қоса берілген (шаруа қожалықтарымен және базалық шаруашылықтармен бірлесе қызмет атқару туралы хаттар, келісімдер)

- жайылымның, шабындықтың, зерттеу жүргізілетін тиісті жемшөп базасының болуы;

- зерттеулер жүргізу үшін базалық агроқұрылымдарда тиісті жемшөп базасының болуы;

- биоресурстар (эмбриондар, ауыл шаруашылығы жануарларының спермодоздары, балықтар, шабақтар, уылдырық және т.б.);

«Ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету» басым бағыты бойынша мыналар болуы тиіс:

- патогендік II, III, IV топтардағы микроорганизмдермен диагностикалық жұмыстарын жүргізуге арналған рұқсат;

- зертхана жайларының санитариялық талаптарға сәйкестігін растайтын қорытынды;

- прекурсор айналымына қатысты, ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндіру және сату қызметіне арналған лицензиялар;

- қоршаған орта эмиссиясына арналған рұқсат;

- жаңа вакциналарды сынақтан өткізуге арналған тәжірибелік мақсаттағы жануарлар;

- ветеринариялық мақсаттағы препараттарды өндіру және сату қызметіне арналған мемлекеттік лицензиялар;

- референттік зертханалар мен орталықтармен биоқауіпсіздік мәселелері жөніндегі шарттардың болуы;

- дала жағдайларында сынақтар жүргізу үшін жылжымалы зертханалардың болуы немесе оларды бірлесе пайдалану мүмкіндігі;

22. Ғылыми басшы:

- ең кемінде 5 жыл осыған ұқсас ғылыми зерттеулерде тәжірибесі болуы;

- ең кемінде 10 (он) жарияланған ғылыми жұмыстары болуы, оның ішінде конкурстың алдындағы бес жыл ішінде шетелдерде импакт-факторы нөлдік емес жұрналдарда жарияланған және/немесе алынған ең кемінде 3 (үш) халықаралық патенттердің тізбесі болуы, бұл ретте осы талаптар Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академиктеріне қойылмайды;

– ең кемінде 2 (екі) іске асырылған ғылыми және ғылыми-техникалық бағдарлама/жобаларға және бағдарламаларға басшылық жасауы міндетті.

23. Бағдарламаны іске асыру шеңберіндегі күтілетін нәтижелер сұратылған қаржыландыру көлеміне сәйкес негізделіп талап етілуге тиіс.

24. Мақұлданған бағдарламаларды іске асыру Қазақстан Республикасында жүзеге асырылуы тиіс.

25. Бағдарламаның аннотациясы мен ол жөніндегі есепті жариялау құқығы (баспа және/немесе электронды нұсқада) өтінім иесінің және/немесе автордың келісімін сұрамастан Мемлекеттік ғылыми-техникалық ұлттық сараптама орталығына беріледі.

26. Бағдарлама шеңберінде алынған ғылыми зерттеулердің нәтижелері заңнамада белгіленген тәртіппен «Ғылыми-техникалық ұлттық ақпарат орталығы» акционерлік қоғамында міндетті түрде мемлекеттік есепке алуға жатады.

27. Құралдар және/немесе бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу шығындары бағдарлама іске асырылатын бүкіл мерзім үшін өтінім берілген бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру сомасының жиырма пайызынан аспауы тиіс.

28. Бағдарламаның іске асырылуы барысында және/немесе ол аяқталғаннан кейін зерттеулердің нәтижелерін, монографияларды және басқа да ғылыми жұмыстарды жариялағанда, авторлар қаржыландыру көзіне сілтеме жасауы тиіс.

29. Ғылыми басшы іске асырылудағы бір бағдарламадан артық бағдарламаға басшылық жасамауы тиіс, бұл ретте өзге бағдарламаларға ол кісінің орындаушы ретінде қатысуына рұқсат етілмейді.

30. Әлеуетті орындаушы басшылары зерттеулер жүргізуге, оның ішінде ғылыми басшы ретінде қатысуына рұқсат етіледі.

31. Бағдарламаларды әлеуетті орындаушылардың басшылары ғылыми зерттеулерді орындаушының орындауындағы үйлестіру және/немесе әдістемелік қамтамасыз ету мақсатында бағдарламалық-қаржыландырудан қаржы ұстауға рұқсат етілмейді.

Егер мекеме негізгі ұйым болып табылса, базалық қаржыландыру субъектісі болса, онда бағдарламалық-нысаналы қаржыландырудан ұсталатын қаржы бағдарламаны жалпы қаржыландыру көлемінен 1  асыруға болмайды.

32. Бағдарлама бойынша ғылыми зерттеулерді іске асыру шеңберінде зерттеулердің бүкіл мерзімінде ең кемінде 5 (бес) ғылыми жарияланым шетелдерде импакт-факторы нөлдік емес журналдарда жариялануы немесе жариялану үшін жолдануы тиіс және/немесе халықаралық патент дайындалуы/алынуы тиіс.

33. Бағдарлама бойынша ғылыми зерттеулердің нәтижелері, стратегиялық маңызды мемлекеттік міндеттерді атқару мақсатында, ғылыми және/немесе ғылыми-техникалық қызметті орындау барысында алынған жаңаша шешімдер түрінде ұсынылуы және кез келген ақпарат тасымалдағышта (жаңа технологиялар, эксперименттік және тәжірибелік үлгілер, жаңа тақырыптық және басқа да карталар, айрықша қорғалатын аумақ телімдері, жаңа технологиялар немесе технологиялық схемалар, жаңа материалдар, препараттар, биопрепараттар, вакциналар, ақпараттық жүйелер, құралдар, ұсынымдар, нормативтік-техникалық құжаттама, конструкторлық құжаттама, зияткерлік меншіктің қорғау құжаттары, селекциялық жетістіктер, стандарттар және т.б.).


5. Қорытынды ережелер
34. Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру конкурсының нәтижелері кезеңдік баспа басылымдарында және салалық уәкілетті органның www.minagri.gov.kz  интернет-ресурстарында жариялануға жатады.

35. Келіп түскен барлық өтінімдердің сұрыпталған тізімі, Ұлттық ғылыми кеңес шешімдері негіздемелерімен қоса, агроөнеркәсіп кешені саласындағы уәкілетті органның www.minagri.gov.kz  және Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама орталығының www.ncste.kz. интернет-ресурстарында жарияланады.

2015-2017 жылдарға арналған

бағдарламалық-нысаналы

қаржыландыру шеңберінде

ғылыми зерттеулер жүргізуге

арналған конкурстық құжаттамаға 1-қосымша

2015-2017 жылдарға арналған ғылыми зерттеулерді бағдарламалық-нысаналы

қаржыландыру конкурсына қатысуға өтінімнің нысанына қойылатын

талаптар


  1. Конкурсқа қатысуға арналған өтінім:

  1. ілеспе хат (1-қосымша);

  2. саланың дамуының басымдығына оның мән-мағанасы сәйкес ғылыми, ғылыми-техникалық өтінімдер салалық уәкілетті органның ұсынысы (2-қосымша);

  3. ұсынылатын материалдардың шынайлығы және ғылыми этика нормалары мен қағидаттарының сақталуы туралы өтініш (3-қосымша);

  4. нысаналы ғылыми-техникалық бағдарламаның ғылыми жетекшісі жайлы деректер (4-қосымша)

  5. бағдарламаны орындаушы әріптестері жасаған жұмыс тәжірбиелері және ғылыми жетістіктері, біліктіліктері туралы деректер (5-қосымша);

  6. бағдарламаның қысқаша сипаттамасы (6-қосымша);

  7. бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға арналған конкурсқа қатысуға өтінім (7-қосымша);

2. Өтінімнің, ілеспе хаттың және қысқаша сипаттаманың мәтіні мынадай параметрлерді (97 және одан жоғары нұсқадағы «WORD for WINDOWS» мәтіндік редакторын қолданумен) ескере отырып, нақты тұжырымдалған және бірыңғай қаріппен басылуға тиіс:

сол жақ шет сызығы - 2,5 см, оң жақ шет сызығы - 1,5 см, колонтитулдар - 2,5 см;

қаріп – «TimesNewRoman» №12 өлшемдегі (қосымшаларда кiшi өлшемдегі, бiрақ № 10-нан кiшi емес қарiп қолданылуы мүмкiн);

жоларалық интервал - бiр жолдық;
      абзацтық азат жол (бiрiншi жолдың азат жолы) - 1,25 см;

тақырып пен мәтіннің, мәтін мен қойылған қолдың арасындағы интервал - бiр жолдық, жол аралық интервал;

өтінімнің және оған қосымшалардың беттері нөмірленген болуы тиіс;

өтінімнің көлемі А4 форматындағы 30-50 (отыз-елу) парақтан аспауы тиіс;

өтінімнің электрондық нұсқасы және бағдарламаның қысқаша сипаттамасы MicrosoftWord (кеңейтілген *.DOC немесе *.DOCX) форматында мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде жасалады, бұл ретте өтінімнің атауы бағдарлама тақырыбының алғашқы бес әрпін қолдана отырып, көрсетіледі.



3. Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға өтінімнің, ілеспе хаттың және бағдарламаның қысқаша сипаттамасының электрондық нұсқасының мазмұны оның қағаздағы нұсқасымен бірдей болуы тиіс. Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға өтінімнің мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі мәтінінің мазмұны бірдей болуы тиіс.

4. Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруға өтінімнің, ілеспе хаттың және бағдарламаның қысқаша сипаттамасының электрондық нұсқаларының жалпы көлемі бес мегабайттан аспауы тиіс.

Барлық құжаттарды екі данада ұсыну қажет. Электрондық тасымалдағыштар конверттерге салынып, ол қағаз тігілетін папканың ішкі жағына бекітіледі.

Конкурсқа қатысуға арналғын өтінімге

1-қосымша
ІЛЕСПЕ ХАТ
1. Конкурстың атауы.

2. Ғылымды дамыту басымдығының атауы.

3. Өтінім беріліп отырған бағдарламалық-нысаналы қаржыландырудың басым бағытының атауы.

4. Бағдарлама тақырыбының атауы.

5. Ғылыми зерттеу саласының атауы (мысалы: егіншілік, селекция, генетика және т.б.).

6. Зерттеу түрі (іргелі, қолданбалы зерттеулер, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар).

7. Сұратылып отырған қаржыландыру сомасы (Бағдарлама іске асырылатын бүкіл мерзімге және жылдар бойынша, мың теңгемен).

8. Бағдарламаны іске асырудың басталатын және аяқталатын болжамды күндері.

9. Бағдарламаның іске асырылатын орны.

10. Өтініш берушінің жеке деректері:

Жеке тұлғалар үшін – жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, үйінің мекенжайы, ЖСН, байланыс деректері.

Заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғаның толық атауы, заңды мекенжайы, БСН, байланыс деректері.

11. Кешенді НҒТБ іске асырылатын ҒЗҰ тізбесі (байланыс деректері).

12.* Жануарлардың қатысуы қамтылатын клиникалық алдын ала зерттеулердің, клиникалық зерттеулер өтінімде болуы (болмауы) туралы деректер.


Өтініш берушінің атынан

құжатқа қол қоюға өкілеттігі бар

адамның лауазымы қолы / тегі /

(мөр)

Бағдарламаның ғылыми басшысы қолы / тегі /



__________________________

* 12-тармақ ветеринария саласындағы зерттеулерге байланысты ғылыми бағыттар үшін ресімделеді.

Конкурсқа қатысуға арналғын өтінімге

2-қосымша




Ұсыныс


  1. Мекеменің атауы.

  2. Ғылымды дамыту басымдығының атауы.

  3. Бағдарламалық-нысаналы қаржыландырудың басым бағытының атауы.

  4. Бағдарламаның ғылыми басшысының аты-жөні.

  5. Бағдарлама тақырыбының атауы.

  6. Агроөнеркәсіп саласында стратегиялық және бағдарламылық құжаттар саланың басым дамуына сәйкес бағдарламалардың тиімділігі.

Салалық уәкілетті органның

салалық құрылымдық бөлімшесінің

басшысы қолы / тегі



Ескертпе – ілеспе хатқа салалық уәкілетті органның жетекшілік ететін вице-министрі қол қояды.

Конкурсқа қатысуға арналғын өтінімге

3-қосымша
ғылыми этика қағидаттарының және нормаларының сақталуына және ұсынылған деректердің нәтижелігі туралы өтініш





Өтініш беруші ұйымның атауы





Бағдарламаның ғылыми басшысының аты-жөні
1. Бағдарлама бойынша берілген ақпараттың бұрмалауға және бірегейлігіне, сондай-ақ ғылыми этика қағидаттарының сақталуына, атап айтқанда, ғылыми деректердің жалғандығына зерттеу деректерінің бұрмалануына әкеп соқтыратың, шынайлығына, плагиатқа және жалған қос авторлыққа жол берілмеуіне кепілдік береміз.

2. Ғылыми зерттеулердің нәтижелі болуына – қойылған мақсат міндеттерге пен сәйкес түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуді қамтамасыз етуге кепілдік береміз.

3. Бағдарламаға сараптама жасау үшін талап етілген құжаттардың толық жиынтығының болмауы бағдарламаны конкурсқа қатыстырудан бас тартуға негіз болуы мүмкін екеніне қарсылығымыз жоқ.

4. Ұйымдық сипаттағы мәселелер бойынша бізге жедел хабарласу және Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің (АӨК-ні ғылыми және кадрлық қамтамасыз ету департаменті) өзара іс-қимыл жасау үшін біздің уәкілетті екенімізді хабарлаймыз:







Өтініш иесі өкілінің тегі, аты, әкесінің аты, ЖСН, телефон және e-mail
Бағдарламаның қаралуы туралы барлық деректерді уәкілетті тұлғаға хабарлауыңызды сұраймыз.

Өтініш берушінің атынан

құжатқа қол қоюға өкілеттігі бар

адамның лауазымы қолы / тегі /

(мөр)
Бағдарламаның ғылыми басшысы қолы / тегі /

Конкурсқа қатысуға арналғын өтінімге

4-қосымша

Нысаналы ғылыми-техникалық бағдарламаның ғылыми басшысы туралы

мәліметтер
1.  Ғылымды дамыту басымдығының және бағдарламалық-нысаналы қаржыландырудың басым бағытының атауы.

2. Нысаналы ғылыми-техникалық бағдарламаның (НҒТБ) атауы.

2.1. Ғылыми басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса).

2.2. Туған күні (санмен көрсетіледі – күні, айы, жылы).

2.3. Азаматтығы.

2.4. Ғылыми дәрежесі, берілген жылы.

2.5. Өтінім берілген сәттегі негізгі жұмыс орны – лауазымы, ұйымның толық атауы (ұйымның қысқаша атауы).

2.6. Ғылыми мүдделерінің саласы –түйінді сөздер (15 сөзден артық емес түйінді сөздер келтірімді)

2.7. Ғылыми мектеп туралы мәліметтер (ғылыми басшы басқаратын ғалымдар ұжымының негізгі ғылыми жетістіктері көрсетіледі).

2.8. Осыған ұқсас ғылыми зерттеулер жүргізу тәжірибесі туралы мәліметтер (конкурстың алдындағы бес жылда басшы қатысқан ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалардың атауы және олардың орындалған мерзімдері көрсетіледі).

2.9. Басшының жарияланған негізгі ғылыми жұмыстарының (10-ға дейін) (монографиялар, ғылыми жарияланымдар, заңмен қорғалатын зияткерлік қызметтің нәтижелері және т.б.), оның ішінде конкурстың алдындағы бес жыл ішінде шетелдерде импакт-факторы нөлдік емес журналдарда жарияланған және/немесе алынған халықаралық патенттердің тізбесі, бұл ретте осы талаптар Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академиктеріне қойылмайды.

2.10. Ғылыми және ғылыми-техникалық жобаларға және бағдарламаларға басшылық жасау: ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалардың атауы және кейінгі 5 жылдағы орындалу мерзімдері көрсетіледі.

2.11. Пошталық мекенжайы

2.12. Байланыс телефоны

2.13. Электрондық мекенжайы (E-mail)

2.14. Қосымша ақпарат (түйіндеме, бағыттың басшысының пікірі бойынша бағдарламаны қаржыландырудың орындылығы туралы шешім қабылдау үшін пайдалы басқа да қосымша ақпарат).


Конкурстың шарттарымен таныстым және келісемін. Өзімнің НҒТБ-ға басшылық жасағанымды растаймын.

Бағдарламаның ғылыми басшысы қолы / тегі /


Конкурсқа қатысуға арналғын өтінімге

5-қосымша

Ұжымды құрайтын бағдарлама орындаушыларының (зерттеу тобының) біліктілігі, жұмыс тәжірибесі және ғылыми жетістіктері туралы

мәліметтер
1.  Ғылымды дамыту басымдығының және бағдарламалық-нысаналы қаржыландырудың басым бағытының атауы

2. Нысаналы ғылыми-техникалық бағдарламаның (НҒТБ) атауы

2.1. Бағдарлама орындаушылары ұжымының (зерттеу тобының) біліктілігі және жұмыс тәжірибесі, мыналар көрсетіледі:

1) ғылыми дәрежелері мен атақтары;

2) халықаралық қоса, ғылыми және ғылыми-техникалық бағдарламалар, оның ішінде конкурстың алдындағы бес жылдағы бағдарламаның мәні саласында (іске асыруға басшылық жасау және/немесе қатысу);

3) ҒЗТКЖ орындаудың нәтижелеріне арналған конструкторлық/технологиялық құжаттама әзірлеу тәжірибесі;

4) бағдарламаны табысты іске асырлу үшін қатысушылар санының негізділігі және қатысушылар құрамының теңгерімділігі.

2.2. Бағдарлама орындаушылары ұжымының (зерттеу тобының) ғылыми жетістіктері, мыналар көрсетіледі:

1) жарияланған ғылыми жұмыстардың (монографиялар, ғылыми мақалалар, ғылыми конференцияларда жарияланған баяндамалар және т.б.), оның ішінде бағдарламаның мәні саласында;

2) зияткерлік қызмет нәтижелері (өнертапқыштыққа, пайдалы модельге,өнеркәсіптік үлгіге, ЭЕМ арналған бағдарламаға патент (куәлік) алу үшін берілген өтінімдер саны, алынған патенттер, куәліктер саны);

3) орындалған ҒЗТКЖ нәтижелерінің өндіріске енгізілгендерінің саны.
Бағдарлама орындаушыларының ұжымы (зерттеу тобы) конкурс шарттарымен танысты және олармен келіседі.

Бағдарламаның ғылыми басшысы қолы / тегі /


Конкурсқа қатысуға арналғын өтінімге

6-қосымша

Зерттеулердің қысқаша сипаттамасы


      1. Реферат

Бөлімде, бағдарламаның мақсатын, міндетін, қолданылатын әдіснемені, күтілетін нәтижелерді сипаттай отырып, бағадарламаның қысқаша мазмұны көрсетіледі (1200 сөзден артық емес).

      1. Түйінді сөздер

Бөлімде бағдарламамен байланысты 10-ға (онға) дейін түйінді сөздер көрсетіледі.

Мысалы: 1. Ауыл шаруашылығы дақылдары; 2. Селекция; 3. Тұқым шаруашылығы; 4. Ауыспалы егіс; 5. ХХХ.



      1. Зерттеу саласы

Бұл бөлімде зерттеудің негізгі саласы және осы саладағы ең кемінде үш бағыт айқындалады.

Мысалы: Зерттеудің негізгі саласы: өсімдік шаруашылығы. Бағыты: селекция, агротехнология, агрохимия, өсімдік қорғау.

Конкурсқа қатысуға арналғын өтінімге

7-қосымша



Бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру конкурсына қатысуға

өтінім


  1. Жалпы ақпарат




  1. Нысаналы ғылыми-техникалық бағдарламаның атауы;

  2. Нысаналы ғылыми-техникалық бағдарламаны әзірлеуші;

  3. Нысаналы бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері;

  4. Аса маңызды нысаналы индикаторлар мен көрсеткіштер;

  5. Нысаналы ғылыми-техникалық бағдарламаны іске асырудың мерзімдері мен кезеңдері;

  6. Бағдарламаның міндеттерін орындауға бағытталған және бағдарламаны құрайтын жобалардың тізбесі;

  7. Бағдарлама жүзеге асырылатын бүкіл мерзімге арналған қаржыландыру көлемі, жылдар бойынша, мың теңге;

  8. Нысаналы ғылыми-техникалық бағдарламаны іске асырудан күтілетін түпкілікті нәтижелер және әлеуметтік-экономикалық тиімділік көрсеткіштері.




  1. Нысаналы бағдарлама бағытталған проблемалардың сипаттамасы, шешілетін проблеманың және нысаналы бағдарлама мақсаттарының әлеуметтік-экономикалық дамыту міндеттеріне сәйкестігінің негіздемесі

[2000 сөзден артық емес]
Бөлімде проблеманың қойылуы, оның шығу себептерінің талдауы, оның ұлттық әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарымен байланысының негіздемесі қамтылуы тиіс.


  1. Проблеманы бағдарламалық-нысаналы әдіспен шешу орындылығының негіздемесі

[500 сөзден артық емес]
Осы бөлімде проблеманы бағдарламалық-нысаналы әдіспен шешу орындылығының негіздемесі, бұл шешімнің әртүрлі нұсқаларының талдауы, бағдарламалық-нысаналы әдісті қолданбай қаралып отырған салада қалыптасқан проблемалық ахуалдың дамуын болжау және проблеманы бағдарламалық-нысаналы әдіспен шешуге байланысты негізгі қатерлердің сипаттамасы қамтылуы тиіс.


  1. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері, нысаналы бағдарламаны іске асыру барысын бағалауға мүмкіндік беретін нысаналы индикаторлар мен көрсеткіштер, жылдар бойынша

[3000 сөзден артық емес]
Бөлімде нысаналы бағдарлама мақсаттары мен міндеттері, нысаналы индикаторлармен және көрсеткіштер қоса қамтылып көрсетілуі тиіс.

Нысаналы бағдарламаның мақсаттары мен міндеттеріне қойылатын талаптар:



  1. қолжетімділігі (әлеуетті қолжетімді болуы тиіс);

  2. өлшемділігі (жетістікті тексеру мүмкіндігінің болуы);

  3. уақытша кестеге байланыстырылуы (нысаналы бағдарламаны іске асыруға қол жеткізу мерзімдері мен кезеңдерінің белгіленуі тиіс);

4) нысаналы бағдарламаның мақсаттарына жету үшін міндеттердің қажеттілігі және жеткіліктілігі.

Нысаналы индикаторлар мен көрсеткіштер нысаналы бағдарламаның мақсаттарына жетуді, негізгі міндеттер мен түйінді іс-шаралар орындауды объективтік бағалаудың құралы болып табылады және оны іске асыру жылдары бойынша жоспарланған, саны айқындалған және өлшемді болуы тиіс.

Нысаналы индикаторлар мен көрсеткіштердің мағынасын есептеу әдісі арқылы айқындалатын болған жағдайда, бастапқы ақпарат жинау және нысаналы индикаторлар мен көрсеткіштер есебі әдістемесінің жобасы нысаналы бағдарламаға қоса беріледі.

Бөлімде нысаналы бағдарламаның тұжырымдалған мақсаттарына жету үшін жүктелген міндеттерді (жобаларды) атқару қажеттілігінің негіздемесі және нысаналы индикаторлар мен көрсеткіштерді іске асырудың негізгі кезеңдері мен мәнінің жылдар бойынша сипаттамасы қамтылады.


5. Бағдарламаны іске асыру және басқару тобы

[4000 сөзден артық емес]
Бөлімде мынадай ақпарат қамтылған:

1) зерттеу тобы құрамының, олардың бағдарламадағы жұмыс ұстанымының, біліктілігі мен бағыттарының сипаттамасы;



  1. бағдарлама басшысының түйіндемесі мен ғылыми дайындамасы (тегі, аты, әкесінің аты, ғылыми атағы/дәрежесі, өтінім берілген зерттеудің бұрын жүргізілген ғылыми зерттеулермен қалай байланысқанын сипаттайтын қысқаша түйіндеме, бағдарлама басшысының бағдарлама тақырыбына қатысты негізгі жарияланымдары туралы мәліметтері, алынған патенттері туралы мәліметтері);

  2. бағдарлама басшысының кейінгі 5 (бес) жыл ішінде ғылыми басшы болған бағдарламалары/жобалары туралы деректері (ғылыми зерттеулердің тақырыптары, зерттеулердің жүргізілген уақыты мен орны, қаржыландыру көзі, бағдарламалардың аяқталу деңгейі);

  3. бағдарламаның ғылыми басшысы бағдарламаны іске асыру сәтіне қатысатын ағымдағы бағдарламалары туралы деректер (ғылыми зерттеулердің тақырыптары, ғылыми басшының нақты бағдарламадағы жұмыс жүктемесінің пайызы);

  4. зерттеу тобындағы әрбір мүшенің тегі, аты, әкесінің аты, бағдарламадағы ұстанымы;

  5. зерттеу тобының бағдарлама тақырыбына қатысты негізгі жарияланымдары (онға дейін), патенттері, авторлық куәліктері;

  6. жұмыстардың және бағдарламадағы жұмыспен қамту мерзімдерінің сипаттамасы;

  7. зерттеу тобының (негізгі персонал) жоспарланған штатының кемінде 70 пайызын бағдарламаның ғылыми басшысы көрсетеді, штаттың басқа 30 пайызы (қосалқы персонал) қаржыландыру алынғаннан кейін бағдарламаға тартылу мүмкін.

  1. Бағдарламаның кезеңдерін, қойылған міндеттерді, олардың маңыздылығының негіздемесін, желілік кестені қамтитын үлгілік күнтізбелік жұмыс жоспары (қойылған міндеттер* уақыты (айлар бойынша).



Үлгілік күнтізбелік жұмыс жоспарының мысалы


р/с №

Міндеттердің бағдарлама мақсаттарын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың атауы

Ұзақтығы (айлар бойынша)

Жұмыстарды орындаудың басталуы (күн/ай/жыл)

Бағдарлама іске асырылатын жылдары

1-жыл

2-жыл

3-жыл











































 

 

 

 

 

 

 

Үш жылдық бағдарламаға арналған желілік кестенің мысалы



1. Жаппай нысаналы бағдарламаны, міндет шеңберіндегі әрбір міндет пен іс-шараны қаржыландырудың сұратылып отырған көлемі

[5000 сөзден артық емес]
Бөлімде нысаналы бағдарламаны іске асыру үшін қажетті қаражаттың жалпы мөлшері, міндет шеңберіндегі әрбір міндет пен іс-шараны іске асыру үшін қажетті қаржыландыру көлемдері қамтылуы тиіс, қажет болғанкезде нысаналы бағдарламаны іске асыруға байланысты ғылыми, ғылыми-техникалық бағдарлама бойынша негізгі ұйымның көрсететін қызметтеріне арналған шығыстар жеке көрсетіледі.

Ағылшын тілінде ресімделген өтінімдерде шығыстардың баптары АҚШ долларымен, доллардың теңгеге шаққандағы бағамы (өтінім берілген күндегі ҚР Ұлттық банкінің деректері бойынша) қамтылып көрсетілуі тиіс. Бағдарламаның бюджетін жұмыс жоспарына сәйкес бағдарламаның ғылыми басшысы бөледі және осы бағдарламаға байланысты емес өзге шығыстардың баптарына жұмсалмауы тиіс. Шығыстардың барлық баптарының жалпы сомасы қаржыландыру үшін сұратылып отырған соманы білдіреді және «Жалпы ақпарат» деген 1-тармақтағы қаржыландыру сомасына баламалы болуы тиіс.

Бөлімде, сондай-ақ өзге де көздерден қаржыландыру мүмкіндігі (республикалық бюджет қаражатынан басқа) қамтылуы тиіс. Сондай-ақ, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыруды негіздеу мақсатында нысаналы бағдарламаның іс-шараларын орындау, нысаналы бағдарламаның нысаналы индикаторлары мен көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін қаржыландырудың қажеттілігі мен жеткіліктілігін бағалауға мүмкіндік беретін құжаттар мен есептер де беріледі.

Бюджет баптарында мынадай шығыстар қамтылуы мүмкін:



  1. еңбекақы - барлық салықтар мен шегерулерді ескере отырып, ғылыми зерттеулерді жүргізуге қатысатын ғылыми қызметкерлердің еңбегі үшін сыйақы;

  2. ғылыми іссапарлар – зерттеулер жүргізуге байланысты іссапарлардың шығыстарын өтеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 22 қыркүйектегі № 1428 қаулысымен бекітілген Мемлекеттiк бюджеттiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелер қызметкерлерiнiң, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттарының Қазақстан Республикасының шегiндегi қызметтiк iссапарлары туралы ережеде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік қызметшілерге республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен қызметтік шетелдік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу туралы» 2008 жылғы 6 ақпандағы N108 қаулысында белгіленген іссапар шығыстарын өтеу нормаларынан аспауы тиіс;

  3. бөгде ұйымдар көрсететін қызметтер – ұжымдық қолданыстағы ұлттық зертханалар көрсететін қызметтер, зерттеулерді орындау үшін, оның ішінде конференцияға қатысу үшін қажет ұйымдық жарналар, өзге де ұйымдардың көрсететін қызметтері;

  4. материалдар сатып алу – зерттеулер жүргізуге жұмсалатын материалдар;

  5. құралдар мен бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу шығыстары бағдарламаны іске асырудың бүкіл мерзіміне өтінім берілген бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру сомасының 20 (жиырма) пайызынан аспауы тиіс.

  6. ғылыми-ұйымдық қолдау – іске асырылатын бағдарлама бойынша ғылыми зерттеулердің нәтижелерін жариялауды дайындауға және жариялауға жұмсалатын шығыстар; жоспар бойынша талдамалық зерттеулер; іске асырылатын бағдарлама бойынша алынған нәтижелерді патенттеу;

  7. өтінім беруші жеке тұлға болған жағдайда ғимараттарды жалға алу;

  8. құралдарды жалға алу;

  9. зерттеулерді іске асыру үшін қолданылатын құралдар мен техниканы ұстауға жұмсалатын шығыстар.


Шығыстар сметасының мысалы

Шығыстар баптарының атауы

20__ жылға арналған шығыстар, мың теңге

20__ жылға арналған шығыстар, мың теңге

20__ жылға арналған шығыстар, мың теңге

Бағдарламаны іске асырудың бүкіл мерзіміне арналған шығыстары, мың теңге

Еңбекақы













Ғылыми іссапарлар













Бөгде ұйымдар көрсететін қызметтер













Материалдарды сатып алу













Құралдар мен бағдарламалық қамтамасыз етуді сатып алу













Ғылыми-ұйымдық қолдау













Ғимараттарды жалға алу













Құралдарды жалға алу













Құралдар мен техниканы ұстауға жұмсалатын шығыстар













Барлығы













Ұлттық ғылыми кеңестің шешімі негізінде бюджет бойынша бөлуге арналған өзгерістер енгізілуі мүмкін.
Зерттеу ортасы

  • өтінім иесінде қолда бар, зерттеулер жүргізу үшін қажетті материалдық- техникалық базасының сипаттамасы;

Өтінім иесінде қолда бар, қажетті материалдық-техникалық базасы сипаттамасының мысалы


  • р/с №

    Құрал түрі

    Моделі және шығарылған жылы



    Қолда бар бірліктер саны

    Жай-күйі (жаңа, жақсы,
    нашар)

    Меншікті,
    жалға алынғаны
    (кімнен)






















































    отандық және шетелдік зерттеу инфрақұрылымдарын (зертханаларды) қолдану, түсіндірмелерімен;

  • түйінді отандық және халықаралық қарым-қатынастар, бағдарламаға шетелдік ғалымдардың қатысуы;

  • жас ғалымдардың, PhD-докторанттарының бағдарламаға қатысуы;

  • ұтқырлық негіздемесі:

а) жоспарланған іссапарлар мен тағылымдамалардың бағдарламаның іске асырылуы барысына және табысты болуына әсер етуін бағалау;

б) басқа ғылыми ұйымда немесе басқа елде бағдарлама бойынша ғылыми зерттеулерді орындайтын орындаушылардың жұмыс кестесінің әсер етуін бағалау.


2.Нысаналы бағдарламаның күтілетін

тиімділігі мен нәтижесін алдын ала бағалау



[1500 сөзден артық емес]
Бөлімде нысаналы бағдарламаны іске асыру кезінде пайда болатын әлеуметтік, экономикалық және экологиялық зардаптардың сипаттамасы, экономикалық дамуға нысаналы бағдарламаның үлесін жалпы бағалау, сондай-ақ нысаналы бағдарламаның ғылыми-техникалық, әлеуметтік-экономикалық және экологиялық тиімділігі және бюджет қаражатының ұтымды жұмсалуын бағалау қамтылуы тиіс.


  1. Нысаналы бағдарламаның іс-шаралары,

іске асырылу мерзімдері және кезеңдері

[2500 сөзден артық емес]
Бұл бөлім мынадай мәліметтерді қамтуы тиіс:

  1. іс-шараның атауы;

  2. әрбір іс-шараның іске асырылу мерзімдері (басталуы және аяқталуы);

  3. іс-шарадан күтілетін нәтижелер;

  4. іс-шараны орындау құны;

  5. іс-шара мен күтілетін нәтижелердің нысаналы индикаторлармен және көрсеткіштермен өзара байланысы.

4. Нысаналы бағдарламаны іске асыру тетігі



[1000 сөзден артық емес]
Бөлімде нысаналы бағдарламаны басқару тетігінің сипаттамасы, жауапкершілік салаларын бөлісу және нысаналы бағдарламаның тапсырыс берушісі мен орындаушысы арасындағы өзара іс-қимыл тетігі қамтылуы тиіс.







©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет