Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің «Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы»



жүктеу 18.82 Kb.
Дата28.04.2016
өлшемі18.82 Kb.
: docs
docs -> Стандартные требования на бесшовные трубы из среднеуглеродистой стали для котлов и пароперегревателей 1
docs -> Техническая характеристика ао «нак «Казатомпром»
docs -> Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 24 қарашадағы №764 бұйрығы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
docs -> Бұрын белгісіз болған оқиға жөніндегі кез келген мәлімет аталады



Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің

«Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» мемлекеттік мекемесіне

тұрақты жер пайдалануға жер учаскелерін беру туралы

Ерекше қорғауды талап ететін Қазақстанның бірегей табиғи объектілері ретінде Шығыс Қазақстан облысының флорасы мен фаунасының бағалы түрлерін, экологиялық жүйелерін сақтау мақсатында және


«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Жалпы алаңы 30044 гектар жер учаскелері Риддер және Зырян мемлекеттік орман шаруашылығы мекемелерінің мемлекеттік орман қоры жерінің санатынан алынып, әрі олар осы қаулыға қосымшаға сәйкес тұрақты жер пайдалануға Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің «Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы» мемлекеттік мекемесіне (бұдан әрі – мекеме) берілсін.

2. Осы қаулының 1-тармағында көрсетілген жер учаскелері мемлекеттік орман қоры жерлерінен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерінің санатына көшірілсін, ал осы аумақта бар ормандар «мемлекеттік табиғи қорықтар ормандары» қорғаныштық санатына жатқызылсын.

3. Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару агенттігі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен жергілікті жердегі мекеме жерінің шекарасын белгілесін.

4. Шығыс Қазақстан облысының әкімі мекеме жерінің төңірегінде күзет аймағын белгілеп, осы аймақ шегінде осы аумақтың экологиялық жүйесінің жай-күйіне және оны қалпына келтіруге және онда орналасқан мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілеріне теріс әсер ететін кез келген қызметке тыйым салсын.

5. «Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы


10 қарашадағы № 1074 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 42, 457-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тiзбесiнде:

«Шығыс Қазақстан облысы» деген бөлімде:

реттік нөмірі 37-жолдың 3-бағанындағы «56078» деген сандар


«86122» сандармен ауыстырылсын.

6. Осы қаулы 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.



Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі К. Мәсімов





©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет