Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2013 жылы ғылыми-техникалық саясатты іске асыруы туралы есебі



Дата01.05.2016
өлшемі30.73 Kb.








Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің

2013 жылы ғылыми-техникалық саясатты іске асыруы

туралы есебі
«Агроөнеркәсіп кешені саласындағы ғылыми зерттеулер мен шаралар» 212 бюджеттік бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде 2013 жылы келесі нәтижелерге қол жеткізілді:

- ауыл шаруашылығы дақылдарының 42 сорты мен буданы шығарылды және мемлекеттік сорт сынауға берілді, соның ішінде астық дақылдары, дәнді-бұршақ дақылдары; жемдік-дәнді дақылдары, жарма дақылдары, картоп және жеміс-бақша дақылдары, май дақылдары, қант қызылша, жеміс-жидек дақылдары және жүзім, жем-шөп дақылдары.

- генетикалық, биотехникалық, биохимиялық, физиологиялық және басқада әдістерді пйдалана отырып 4 ауыл шаруашылық асыл тұымды малдары шығарылды, оның ішінде: 1 асыл тұқымды Ордабасы қойының ішкі асыл тұқымды типі, 3 ет бағытындағы қазақ ақ бас асыл тұқымды ірі қара малдарының (Макет 6527, Микрон 6191, Адонис 3410) зауыттық линиясышығарылды.

- 90 ұсыныс шығарылды, оның ішінде: егіншілік, өсімдік қорғау және карантин (әр түрлі аймақтарда көктемгі- егіс жұмыстары жүргізілуі бойынша, егі технологиясы және жаңа сортты таңдау және а-ш дақылдарының будандары бойынша) саласында - 55; экономика бойынша - 15; Мал шаруашылығы және ветеринария бойынша - 19; қайта өңдеу бойынша 1.

- мал шаруашылығы үшін 8 емдеу препараттары мен вакциналар атаулары әзірленді;

- ауыл шаруашылығы салалары үшін машина мен жабдықтардың жаңа үлгілеріне 12 техникалық құжаттама әзірленді;

- 8 патент (2 өсімдік шаруашылығы және егіншіліктен, 6 - ветеринария және мал шаруашылығы бойынша); өнертабысқа 81 инновациялық патент (22 өсімдік шаруашылығы, 18- қайта өндеу саласында, 12 - топырақ құнарлығы және су шаруашылығы , 26 -ветеринарии және мал шаруашылығы, ауыл шаруашылығы механикаландыру- 3); селекциялық жетістіктерге 89 патент (58 өсімдік шаруашылығы бойынша,31 мал шаруашылығы бойынша алынды) алынды.

Бюджеттік бағдарламаның қорытынды нәтижесіне толық көлемде қол жеткізілді.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі, әкімдіктер және «ҚазАгроИнновация» АҚ-ның ғалымдарының біріккен жүйелік шараларының нәтижесінде астық дақылдардың отандық селекциялық сорттардың егістік аумақ үлесі 42,2 %-ті құрады.

АӨК саласына ресурс-энергия үнемдеудің экологиялық қауіпсіздік технологияларын енгізу аумағы 12,5 млн. га құрады.

Есепті жылда құжаттарды қорғауға 165 өтінім алынды, 918 ғылыми мақала жарияланды, 91 кітап және ұсыныстар басылып шығарылды.
Алдыңғы қатарлы жетістіктерге және білімге ауыл шауашылық тауар өндірушілердің тікелей қол жеткізілуін қамтамасыз ету, сонымен қатар, ауыл шаруашылық өндірісінде ғылыми әзірлемелерді енгізуді жылдамдату мақсатында, 2009 жылдан бастап «ҚазАгроИнновация» АҚ білім тарату жүйесінің жобасын құрып іске асыруда. Extension жүйесі – өте жақсы әлемдік тәжірибе жағдайының негізінде құрылатын жүйе, бұл ауыл шаруашылығы дамыған көптеген шетелдерде бар.

Extension – бұл жүйе, ауыл шаруашылыққа және оқыту және тәжірибелік іс-шаралар технологиясы арқылы, ноу-хау мақсатты берілуі, өндіріске және табысқа жоғары тиімділікпен қол жеткізу, өмірге сенімділіеті жоғарлатуға көмектесетін АӨК субъектілерін жетілуі әдісін енгізу.

Қазіргі таңда, «ҚазАгроИнновация» АҚ Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстандағы ғылыми-зерттеу институттарының базасында және жеке бизнесте 11 Білім тарату орталығы құрылды және жұмыс атқаруда.

Білім тарату орталықтары АӨК субъектілерінің Қазақстан АӨК-де жоғары тәжірибе тарату және ғылыми әзірмелерді енгізуге бағытталған қызметі, «кері байланыс» өзгеше кеңселері болып табылады.



2013 жылы Білім тарату орталықтарында: «Шортанды», «Қостанай», «Қызылжар», «Қызылорда», «Тассай», «Мақтарал», «Үшқоныр», «Балқаш», «Өскемен», Қазақстандағы Немеіс Аграрлық Орталығы және «Байсерке-Агро» -да өткізілген 105 семинарға 2794 тыңдаушы келесі ауыл шаруашылық қызметі бағыттарында оқытудан өтті: егін және өсімдік шаруашылығы; мал шаруашылығы және ветеринария; құс шаруашылығы; ауыл шаруашылығын механизациялау; қор үнемдеуші технология; сақтау технологиясы; сұрыптау; ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру орындарында бастапқы өңдеу және орау; спорттық ат шаруашылығы; құрғақ мал азықтық; аквакультура және балық шаруашылығы; мақта шаруашылығы; майлы дақылдар; бал ара шаруашылығы; күріш шаруашылығы; суармалы жердегі су үнемдеу технологиясы; бақша және көкөніс шаруашылығы.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Жылдарга “Кургак учук-iv” программасы
2013 -> Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер
2013 -> Создание информационной системы движения ценных бумаг на примере атф банка
2013 -> 1 Геологическая часть
2013 -> Оригинал: Политическая деятельность Урус-хана и его место в истории казахской государственности // Отан тарихы (Отечественная история). 2006, №1, стр. 89-95
2013 -> «Жануарға ветеринариялық паспорт беру» мемлекеттік қызмет стандарты
2013 -> I тарау. Қазақ әдебиеттану ғылымындағы абайтану мәселелері
2013 -> Жалпы білім деңгейіне мемлекеттік талап оқушылардың оқу кезеңін бітіру кезіндегі алатын білімі мен біліктіліктерінің қажетті минимум деңгейін анықтайды
2013 -> Мазмұны кіріспе
2013 -> АҚПараттық хат құрметті әріптестер!


Достарыңызбен бөлісу:


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет