Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының



жүктеу 76.68 Kb.
Дата25.04.2016
өлшемі76.68 Kb.
: site -> supcourt.nsf -> 36b782079737d452c6256d89002456d9 -> dee5bd8dd1bba8c74625728a001c7caf -> $FILE
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Мүліктік емес өзіндік құқықтарды және іскерлік беделді қорғау туралы азаматтық істер бойынша сот практикасына шолу
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан Республикасының заңдары Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіні ратификациялау туралы
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Автокөлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарынан туындайтын даулар бойынша сот тәжірибесіне шолу
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Мен мәдениетiне де үлкен залал келтiредi
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Конституции рк – 10 лет
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Ювенальная юстиция
36b782079737d452c6256d89002456d9 -> Қазақстан республикасының 3АҢЫ Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге байланысты рақымшылық жасау туралы
$FILE -> Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының
$FILE -> Жeкe айыптау қылмыстық iстeрiн қарау жөніндегі сот практикасын
$FILE -> Сот үкімі заң талаптары сақтала отырып жиналған және тікелей сот отырысында толық, жан-жақты және объективті тексеріліп, талданған, тиісті баға берілген дәлелдемелерге негізделуі тиіс
Қазақстан Республикасы

Бас Прокурорының

2005 жылғы 18 қазандағы № 56
Қазақстан Республикасы

Ұлттық қауіпсіздік

комитеті төрағасының

2005 жылғы 22 қазандағы № 187


Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрінің міндетін

атқарушының

2005 жылғы 6 қазандағы № 590


Қазақстан Республикасының

Экономикалық қылмысқа және

сыбайлас жемқорлыққа қарсы

күрес агенттігі (қаржы

полициясы) төрағасының

2005 жылғы 7 қазандағы № 214

бірлескен бұйрығымен

бекітілген



Бұлтартпау шарасы ретінде үйде қамап ұстауды

қолдану туралы нұсқаулық
1. Жалпы ережелер
1. Осы Нұсқаулық алдын ала тергеу және анықтау органдары бұлтартпау шарасы ретінде пайдаланатын үйде қамап ұстауды қолданудың рәсімін нақтылайды.

2. Осы Нұсқаулықта қолданылатын негізгі ұғымдар:

Үйде қамап ұстау - қылмыстық іс жүргізу заңнамасында көзделген негіздер болған жағдайда прокурордың санкциясымен немесе соттың шешімімен күдікті мен айыпталушыға, оларды табиғи құқықтарын барынша қанағаттандыруға мүмкіндік беретін оқшаулау жағдайында қалдыра отырып, қолданылатын бұлтарт-пау шарасы.

Тұрғын үй - күдікті, айыпталушы ұдайы немесе уақытша өзі, отбасымен немесе басқа да адамдармен бірге тұратын пәтер, үй немесе бөлме, жүзу жағдайында - каюта, сондай-ақ өзен немесе теңіз кемесі, сондай-ақ қылмыстық процесті жүргізетін орган таңдап алған өзге арнайы орын немесе үй-жай.

Арнайы орын немесе үй-жай - бұл аурухана, клиника, пансионат, саяжай, өзге де орындар мен үй-жайлар.
2. Бұлтартпау шарасы ретінде үйде қамап ұстауды қолдану
3. Үйде қамап ұстау күдіктінің, айыпталушының тиісті мінез-құлқын, сотта істі объективті тергеуге және талқылауға кедергі келтірудің алдын алуды, қылмыстық процесті жүргізуші органнан және соттан жасырынбауды, қылмыстық іс-әрекеттің алдын алуды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің (ҚІЖК) 139, 142, 149, 322-баптарында көзделген іс жүргізу негіздері болған жағдайда ғана қолданылады.

4. Осы бұлтартпау шарасын таңдау кезінде қылмысы үшін шын жүректен өкінуі, соттылығының болмауы, жағымды мінездемесі, егде жасы немесе кәмелеттік жасқа толмауы, денсаулық жағдайы, отбасы жағдайы, жас балаларының болуы және т.б. ескеріледі.

5. Қылмыстық процесті жүргізуші орган Қазақстан Республикасының ҚІЖК-нің 143-бабының 2-бөлігіне сәйкес бұлтартпау шарасын таңдау туралы қаулы шығарады.

Қаулыда оның жасалған орны мен уақыты; қаулыны шығарған адамның тегі және лауазымы; адам күдікті немесе айыпталушы болатын қылмыстың мән-жайлары; осы адамның тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, айы, жылы; және туған жері; азаматтығы; күдіктінің, айыпталушының жеке басын куәландыратын құжаты; қылмыстық істің қозғалған күні және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің бабы; ұсталған және айып тағылған күні; тағылған айыптың көлемі; бұлтартпау шарасы ретінде үйде қамап ұстауды таңдауға негіз болған мән-жайлар; тұтқындалған адамның бостандығына нақты шектеулер, белгіленген шектеулердің сақталуын қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі міндет жүктелген органның немесе лауазымды адамның деректері, оның негізінде қаулы шығарылған ҚІЖК-нің бабы көрсетілуі тиіс. Қаулыға оны толтырған адам, күдікті, айыпталушы олардың қорғаушылары тегін және ордердің нөмірін көрсете отырып, қол қояды.

ҚІЖК-нің 149-бабының 1-бөлігіне сәйкес үйде қамап ұстау тек прокурордың санкциясы немесе соттың шешімі бойынша ҚІЖК-нің 150-бабында көзделген тәртіппен қолданылады. Бұл ретте адамды толық оқшаулау қажеттілігі болмаса немесе жасын, денсаулық жағдайын, отбасы жағдайын және басқа да жағдайларды ескере отырып, бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алуды таңдауға мүмкіндік беретін жағдайлардың бар-жоғы тексеріледі.

Үйде қамап ұстауды қолдану туралы қаулы қылмыстық іс өндірісінде тұрған органның үйде қамап ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы есепке алу журналына тіркеледі.

6. Үйде қамап ұстауды қолданудың арнайы жағдайлары: тиісті субъектінің Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде белгіленген жасқа жеткен ақыл-есі дұрыс жеке адам болуы; оның тұрғын үйінің бар болуы; субъектіге құқықтық шектеулер белгілеу; қамауға алынған адамның тұратын жерін күзету және оның мінез-құлқын қадағалау мүмкіндігі; қадағалауды жүзеге асыратын құзыретті орган немесе лауазымды адамның бар-жоғы; таңдап алынған бұлтарт-пау шарасының мәні мен қамауға алынған адамның тиісті мінез-құлқын бақылау қажеттігі туралы органның немесе лауазымды адамның хабарламасы; қылмыстық процесті жүргізуші органның субъектінің мүлкін (оның ішінде жануарларды) қамқорлыққа алу және қарау жөнінде шаралар қабылдау қажеттігі; үйде қамап ұстауға тартылған адамға процессуалдық мәжбүрлеудің өзге де шараларын қолдану мүмкіндігі (айдап жеткізу, лауазымынан уақытша шеттету, мүлікті пайдалануға тыйым салу және т.б.).

Қажет болған жағдайда үйде қамап ұстау орнын қылмыстық істі жүргізуші орган айқындайды. Бұл аурухана, клиника, пансионат, саяжай, өзге де орындар мен жалға алынған үй-жайлар болуы мүмкін.

7. Қылмыстық іс бойынша өндіріс уақытына туысқандары мен өзге де адамдар күдіктіге, айыпталушыға тұрғын үй беруіне болады. Туысқандары мен өзге де адамдар күдіктіге, айыпталушыға тұрғын үй берген жағдайда қылмыстық процесті жүргізуші органға олардың, сондай-ақ олармен бірге тұратын кәмелетке толғандардың жазбаша түрдегі келісімі қажет.

8. Күдіктінің, айыпталушының үйде қамауда болу кезеңінде оның тұрғылықты тұрмайтын жері бойынша тұрғын үйді жалға алу шарты жасалған жағдайда шартта жалға беруші мен жалға алушының құқықтары мен міндеттері; тұрғын үйді пайдаланудың мерзімдері мен ережелері; коммуналдық қызмет көрсетулерді төлеу тәртібі; жалға алушының тұрғын үйді ұстау жауапкершілігі; шартты мерзімінен бұрын бұзу мәселелері қарастырылады. Жалға алушы тұрғын үйді жалға алудың негізгі мақсаты туралы жалға берушіні міндетті түрде ескертеді, бұл ретте қайта жалға беруге болмайды.

9. Үйде қамауда ұстауды қолданудың процессуалдық тәртібі бұлтартпау шарасын қолдану туралы шешім қабылдаудан; қаулы шығарудан және оны күдіктіге, айыпталушы мен қорғаушыға хабарлаудан; шешімді орындаудан тұрады. Қаулыда қамауға алынған адамға арналған шектеулермен қатар ҚІЖК-нің 235-237-баптарында көзделген тергеу әрекеттерін өткізудің, тұрғылықты жері бойынша күзет пен оның мінез-құлқын қадағалау орнатылуы мүмкін екендігі туралы күдіктінің, айыпталушының ескертілетінін көрсету қажет.

10. Үйде қамап ұсталатын күдікті, айыпталушы қылмыстық процесті жүргізуші органның рұқсатынсыз белгілі бір адамдармен (олардың тізбесін қылмыстық қудалау органы белгілейді) қарым-қатынас жасай алмайды, хат-хабар ала алмайды және жібере алмайды, кез-келген байланыс құралдарын пайдалана отырып сөйлесе алмайды, сондай-ақ тұрғын үйден қылмыстық қудалау органы белгілеген уақытта шыға алмайды.

Қылмыстық процесті жүргізуші органның қалауы бойынша кездесулер қадағалауды жүзеге асыратын адамның қатысуымен немесе қатысуынсыз жүзеге асырылуы мүмкін.

11. Үйде қамап ұстауды қолданар алдында күдіктіде, айыпталушыда пайдалануға тыйым салынуы мүмкін байланыс құралдарының бар-жоғын анықтау керек. Хат-хабар алуға, жіберуге және байланыс құралдарын пайдалана отырып, сөйлесуге тыйым салынған жағдайда бұлтартпау шарасын қолдану туралы қаулыда хат-хабар мен байланыс құралдарының түрлері, тыйым салу мерзімі анық көрсетілуі керек.

12. Күдіктіге, айыпталушыға белгіленген шектеулердің түрлерін олардың мақсатқа сай екендігін ескере отырып, қылмыстық процесті жүргізуші орган және сот белгілейді.

13. Қылмыстық іс бойынша өндірістің заңдылығын қадағалауды жүзеге асыратын прокурор санкциялаған дәлелді қаулы бойынша қылмыстық процесті жүргізетін орган мынадай қажеттіліктер:

1) жұмыс орнына немесе оқуға; азық-түлік өнімдері мен бірінші кезекте қажет заттар сатып алу үшін дүкендерге (базарларға); емханаға және дәріханаға бару;

2) жақын туыстарының өміріне қауіп төндіретін қатты ауруына немесе қайтыс болуына байланысты олардың тұратын жеріне қысқа мерзімге бару;

3) өзінің және туғандарының, туыстарының денсаулық жағдайларына байланысты хат-хабар жіберу және алу;

4) стационарлық сөйлесу пункттерінде жеке басына, туған-туысқандарының денсаулығына байланысты халықаралық сөйлесулер кезінде ҚІЖК-нің 149-бабы 2-тармағында көзделген қамап ұсталатын адамға белгілі бір адамдармен қарым-қатынас жасауға, хат-хабар алуға және жөнелтуге, кез келген байланыс құралдарын пайдалана отырып сөйлесуге тыйым салу бөлігіндегі шектеулерді, сондай-ақ тұрғын үйден шығуға шектеуді толықтай немесе жартылай алып тастауы мүмкін.

Белгіленген шектеулердің сақталуын бақылауды жүзеге асыратын органның немесе лауазымды адамның өз бастамасы бойынша күдіктінің, айыпталушының құқығына қысым жасайтын қосымша шектеулер белгілеуге құқығы жоқ.

14. Таңдалған бұлтартпау шарасы қолданылатын кезеңде күдікті, айыпталушы белгіленген шектеулерді екі және одан көп рет бұзған жағдайда ол қатаңдау шараға өзгертілуі мүмкін. Бұл ретте үйде қамауда ұсталған адам белгіленген шектеулерді жүйелі түрде бұзғаны тиісті құжаттармен: тексерген адамның баянаты; куәгерлердің көрсетуімен расталған кез келген мәліметтермен расталуы тиіс.

Қылмыстық істі жүргізуші орган ҚІЖК-нің 154-бабына сәйкес бұлтартпау шарасын өзгерту туралы қаулы шығарады, онда күдіктінің, айыпталушының белгіленген шектеулерді орындамағаны туралы көрсетіледі және бұлтартпау шарасын қатаңдау шараға өзгерту үшін материалдар прокурорға жіберіледі.

15. Үйде қамап ұстауды қолдану туралы қаулысымен бірге қылмыстық процесті жүргізуші органның ілеспе хаты ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік және қаржы полициясы органдарының кіріс құжаттары журналына тіркеледі және орындау үшін бастықтың бұрыштамасымен тиісті бөлімшелер мен қызмет басшыларына беріледі.

16. Шектеулер мен қадағалау ережелерін жүзеге асырудың шарттары мен тәртібі туралы мәселелер туындаған жағдайда ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік және қаржы полициясы органдарының бастығы (бастықтың орынбасары) тергеу-шіге, прокурорға, сотқа тиісті сұрау салады. Бұл ретте қадағалауды жүзеге асыру тоқтатылмайды.

17. Кәмелетке толмаған адамға қатысты бұлтартпау шарасын қолдану туралы қаулы кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекцияға мәлімет үшін жіберіледі.

18. Шектеулер мен қадағалау, сондай-ақ күзет ережелері белгіленгеннен кейін тиісті қызмет бастығы (бастықтың орынбасары) бұл туралы анықтау органының бастығына баянатпен мәлімдейді.

19. Ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік және қаржы полициясы органының бастығы бұлтартпау шарасын таңдаған органға қаулыны орындау үшін қабылдағаны туралы хабарлайды.

20. Анықтау органы жұмысын, оқуын немесе емделуін жалғастырумен байланысты шектеу жүктелген адамдар туралы ұйымдардың, оқу орындарының және тиісті емдеу мекемелерінің әкімшіліктеріне хабарлама жібереді.

21. Осы Нұсқаулықтың 19, 20 — тармақтарында көрсетілген құжаттар аталған адамдарды есепке қойғаннан кейін үш күн мерзім ішінде адресатқа жіберіледі.



22. Айыпталушыны қадағалауды жүзеге асыратын анықтау органының лауазымды адамдары қамаудағы адамның мінез-құлқын және белгіленген шектеу-лердің орындалуын бақылау мақсатында оның тұрғын үйіне тәуліктің кез келген мезгілінде келуге құқылы. Бұл ретте қадағалауды тиісті түрде жүзеге асырмағаны үшін олар Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген тәртіптік және өзге де жауапкершілікке тартылады.



©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет