Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі



жүктеу 81.05 Kb.
Дата02.05.2016
өлшемі81.05 Kb.
: attachments -> cont
cont -> Сұрақ: Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша стандартты және кешенді сақтандыру шарттарының негізгі айырмашылықтары неде? Жауап
cont -> Қазақстан Республикасының Заңы Лицензиялау туралы
cont -> Тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті саќтандыру бойынша қызметтерді тұтынушыға қысқаша жадынама
cont -> Осы жағдайда егер сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы "Standard & Poors", "A. M
cont -> «бекітемін» Қазақстан Республикасы
cont -> Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Төрайымы
cont -> Автоазаматша: cақтандыру шартын ұҚыптап оқЫҢыздар
cont -> Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартқа қатысқан жағдайда үлескерге сақтандыру туралы нені білуі керек 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап, «Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы»
cont -> Күші жойылды-ҚҚА №129 22. 08. 08ж.(т. 730) ҚРӘМ №4427 17. 10. 2006ж тіркелді
cont -> ҚРӘМ №5316 29. 09. 2008ж тіркелді Қазақстан республикасының Қаржы нарығЫН




Қазақстан Республикасы

Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік)
2009 жылғы «___»_______

______

Қазақстан Республикасы

Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен

қадағалау агенттігі

2009 жылғы «___»__________

______



Мөлшерден асып кеткен кезде қаржылық ұйымдар қатысатын

экономикалық шоғырлануға келісім жүзеге асырылатын

қаржылық ұйым активтерінің құны және меншікті

капиталының шамасы мөлшерлерін бекіту туралы

бірлескен бұйрық және қаулы

«Бәсекелестік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 50-бабының 3-тармағын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН және ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Мөлшерден асып кеткен кезде қаржылық ұйымдар қатысатын экономикалық шоғырлануға келісім жүзеге асырылатын қаржылық ұйым активтері құнының және меншікті капиталы шамасының ұсынылған мөлшерлері бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) «Мөлшерден асып кеткен кезде қаржылық ұйымдар қатысатын экономикалық шоғырлануды жүзеге асыруға алдын ала келісім қажет болатын қаржылық ұйым активтерінің құны не өз капиталының шамасы мөлшерлерін бекіту туралы» 2009 жылғы 28 ақпандағы № 72-ОД бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігіне экономикалық шоғырлануға келісім беру, қаржылық ұйым қатысатын қаржы нарығынан бөлек өзге тауар нарықтарына экономикалық шоғырлануға тыйым салу, сондай-ақ «Бәсекелестік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 56-бабының 6-тармағына сәйкес қабылданған монополияға қарсы органның экономикалық шоғырлануға берген келісімі туралы шешімін қайта қарау нәтижелері туралы, қаржылық ұйым қатысатын экономикалық шоғырлануға тыйым салу туралы ақпаратты тиісті шешім қабылданған сәттен бастап 7 жұмыс күні ішінде ұсынады.

4. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігіне (Монополияға қарсы агенттік) банк холдингі; банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, жинақтаушы зейнетақы қорының дауыс беруші акцияларының жиырма бес немесе одан да көп пайызын тікелей немесе жанама иеленетін ірі қатысушы мәртебесін иеленуге келісімді беру / бас тарту / күшін жою / қайтарып алу, сондай-ақ банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының, жинақтаушы зейнетақы қорының жарғылық капиталына дауыс беруші акцияларының (қатысу үлестерінің) жиырма бес және одан да көп пайызы мөлшерінде қомақты қатысуына рұқсатты беру / бас тарту / қайтарып алу туралы ақпаратты тиісті шешім қабылданғаннан кейін 7 жұмыс күні ішінде ұсынады.



5. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігі (Монополияға қарсы агенттік) Тауар нарықтарының мониторингі және талдау департаменті (Н.А. Пичкарев) осы бұйрық пен қаулыны Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) құрылымдық және аумақтық бөлімшелеріне, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» ЗТБ және қаржы ұйымдарына мәлімет үшін жеткізсін.

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Қаржылық қызмет көрсетуді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті (Л.Е. Үсенбекова) осы бұйрық пен қаулыны Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің құрылымдық бөлімшелеріне мәлімет үшін жеткізсін.



6. Осы бұйрық пен қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) жауапты хатшысы Н.А. Әбді мен Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Төрайымының орынбасары М.Б. Байсыновқа жүктелсін.

7. Осы бұйрық және қаулы қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасы

Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) Төрағасы



_____________________'>_____________________

М. Есенбаев

Қазақстан Республикасы

Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен

қадағалау агенттігінің

Төрайымы

___________________

Е. Бахмутова

 


Қазақстан Республикасы

Бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік)

2009 жылғы « »

№ __________ бұйрығымен

Бекітілді






Қазақстан Республикасы

Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен

қадағалау агенттігі Басқармасының

2009 жылғы « »

№_____________ қаулысымен

Бекітілді






Мөлшерден асып кеткен кезде қаржылық ұйымдар қатысатын

экономикалық шоғырлануға келісім жүзеге асырылатын

қаржылық ұйым активтері құнының және меншікті

капиталы шамасының мөлшерлері






Қаржылық ұйымдар

Активтер құнының мөлшері

Меншікті капиталдың шамасы

1

Банк қызметтерінің нарығы:







1.1.

екінші деңгейдегі банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым (бұдан әрі – банк)

банктердің активтері жиынтық құнының 2 және одан да көп пайызы

банктердің меншікті капиталы жиынтық шамасының 2 және одан да көп пайызы

2

Сақтандыру қызметтерінің нарығы







2.1.

сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы

сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының активтері жиынтық құнының 3 және одан да көп пайызы

сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының меншікті капиталы жиынтық шамасының

3 және одан да көп пайызы



2.2.

сақтандыру брокері

сақтандыру брокерінің активтері жиынтық құнының 15 және одан да көп пайызы

сақтандыру брокерінің меншікті капиталы жиынтық шамасының

15 және одан да көп пайызы



3

Бағалы қағаздар нарығы:







3.1.

брокер және/немесе дилер

брокер және/немесе дилердің активтері жиынтық құнының 5 және одан да көп пайызы



брокер және/немесе дилердің меншікті капиталы жиынтық шамасының

5 және одан да көп пайызы




3.2.

тіркеуші

тіркеушінің активтері жиынтық құнының 10 және одан да көп пайызы

тіркеушінің меншікті капиталы жиынтық шамасының

10 және одан да көп пайызы





3.3.

инвестициялық портфельді басқарушы

инвестициялық портфельді басқарушының активтері жиынтық құнының 5 және одан да көп пайызы



инвестициялық портфельді басқарушының меншікті капиталы жиынтық шамасының

5 және одан да көп пайызы




3.4.

зейнетақы активтерін басқарушы

зейнетақы активтерін басқарушының активтері жиынтық құнының 15 және одан да көп пайызы


зейнетақы активтерін басқарушының меншікті капиталы жиынтық шамасының

15 және одан да көп пайызы




3.5.

Трансфер-агент

Трансфер-агенттердің активтері жиынтық құнының 70 және одан да көп пайызы


Трансфер-агенттердің меншікті капиталы жиынтық шамасының

70 және одан да көп пайызы




4

Жинақтаушы зейнетақы қорлары қызметтерінің нарығы








4.1.

жинақтаушы зейнетақы қоры

жинақтаушы зейнетақы қорларының активтері жиынтық құнының 20 және одан да көп пайызы


жинақтаушы зейнетақы қорларының меншікті капиталы жиынтық шамасының

20 және одан да көп пайызы








©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет