Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушысының 2017 жылғы «25» қазандағы №545 бұйрығына



бет1/9
Дата22.05.2020
өлшемі1.25 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Түсінік хат

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушысының 2017 жылғы «25 » қазандағы № 545 бұйрығына ;

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына 206-қосымша;Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.

Оқу пәнінің мақсаты -білім алушылардың бойында тарихи сана, қазақстандық патриотизм, өз елінің тарихы мен мәдениетіне құрмет, өз ата-бабаларының жетістіктеріне деген мақтанышсезімін қалыптастыру, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды дарыту, зерттеушілік, ойлау, коммуникативті дағдыларды дамыту.

Оқу пәнінің міндеттері:

1) Қазақстан аумағындағы ежелгі заманнан бастап бүгінгі күнге дейінгіқоғамның әлеуметтік, мәдени, саяси, экономикалық дамуының негізгі кезеңдері мен ерекшеліктері туралы білімін қалыптастыру;

2) Қазақстанның тарихи дамуы барысында қалыптасқанұлттық құндылықтар жүйесі туралы білім беру;

3) Қазақстанның тарихи дамуының негізгі оқиғалары, құбылыстары мен процестердің мәні туралы түсінік қалыптастыру;

4) тарихи оқиғаларды, құбылыстар мен процестерді және тарихи тұлғалардың қызметін Отандық тарих контекстінде сын тұрғысынан талдау және баға беру дағдыларын қалыптастыру мен дамыту;

5) тарихи деректердің негізінде дәлелді пайымдау дағдыларын дамыту;

6) тарихи зерттеу жүргізу дағдыларын қалыптастыру мен дамыту (гипотезаларды ұсыну, зерттеу сұрақтарын құрастыру, деректерді талдау, әртүрлі көзқарастарды салыстыру, нәтижелер мен қорытындыларды шығару, өзінің ұстанымын анықтау);

7) қазіргі кездегі саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени процестерде бағдарлану үшін тарихи білімдерін қолдана білу дағдыларын қалыптастыру;

8) коммуникативті дағдыларды қалыптастыру, өз ойын ауызша және жазбаша түрде анық білдіру, командада жұмыс істей алу, түрлі деректерден алынған ақпараттарды қоса алғанда,жарияланым мен электронды құралдарды қолдану.

«Қазақстан тарихы» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:



  1. 5-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;

  2. 6-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;

  3. 7-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;

  4. 8-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат;

  5. 9-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында 68 сағат.

Оқу пәнінің мақсаты - білім алушылардың бойында тарихи сана, толеранттылық, өз елі және басқа елдердің тарихы мен мәдениетіне құрмет қалыптастыру, ғасырлар бойы қалыптасқан жалпы адамзаттық құндылықтарды дарыту және зерттеушілік, ойлау, коммуникативті дағдыларды дамыту.

Оқу пәнінің міндеттері:


  1. адамзат өркениетінің ежелгі заманнан бастап бүгінгі күнге дейінгі әлеуметтік, мәдени, саяси, экономикалық дамуының негізгі кезеңдері және түрлі халықтардың тарихи даму жолының ерекшеліктері туралы білімін қалыптастыру;

  2. әлемнің тарихи дамуы барысында қалыптасқан жалпы адамзаттық құндылықтар жүйесі туралы білім беру;

  3. негізгі оқиғалар, құбылыстар мен тарихи даму процестерінің мәні туралы түсінік қалыптастыру;

  4. тарихи оқиғаларды, құбылыстар мен процестерді және тарихи тұлғалардың қызметін дүниежүзі тарихы контекстінде сын тұрғысынан талдау және баға беру дағдыларын қалыптастыру мен дамыту;

  5. тарихи деректердің негізінде дәлелді пайымдау дағдыларын дамыту;

  6. тарихи зерттеу жүргізу дағдыларын қалыптастыру мен дамыту (гипотезаларды ұсыну, зерттеу сұрақтарын құрастыру, деректерді талдау, әртүрлі көзқарастарды салыстыру, нәтижелер мен қорытындыларды шығару, өзінің ұстанымын анықтау);

  7. қазіргі кездегі саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени процестерде бағдарлану үшін тарихи білімдерін қолдана білу дағдыларын қалыптастыру;

8) коммуникативті дағдыларды қалыптастыру, соның ішінде, өз ойын ауызша және жазбаша түрде анық білдіру, командада жұмыс істей алу, түрлі деректерден алынған ақпараттарды қоса алғанда, басылымдар мен электронды құралдарды қолдану.

«Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

1) 5-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

2) 6-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

3) 7-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

4) 8-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

5) 9-сынып – аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат.

Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында «Қазақстан тарихы» және «Дүниежүзі тарихы» оқу пәндері мазмұнының жаңа құрылымы (сыныптар бойынша тарихи кезеңдерді бөлу) ұсынылуда:



  1. - сынып – ежелгі заман (шамамен 2 млн жыл бұрын – V ғасыр)

  2. - сынып – ортағасырлар кезеңі (V - XVII ғасырлар);

  3. - сынып – жаңа заман кезеңі (XVIII -XIX ғасырлар);

  4. - сынып – қазіргі заман (XX ғасырдың бірінші жартысы);

9 - сынып – қазіргі заман (XX ғасырдың екінші жартысы – бүгінгі күнге дейін).

«Қазақстан тарихы» пәні бойынша жаңа оқу бағдарламасына сәйкес 5-сыныпта «Қазақстан тарихынан әңгімелер» оқытылмайды. Бұл бастауыш мектептегі «Дүниетану» пәнінің жаңартылған оқу бағдарламасындағы білім алушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, Қазақстан тарихының ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі маңызды тарихи оқиғаларын зерделеуге ерекше назар аударылғанына байланысты. 5-сыныптың жаңа оқу бағдарламасында отандық тарихтың барлық курсы емес, тек қана Қазақстанның ежелгі заман тарихы (дүниежүзі тарихымен қатар) оқытылады. Оған қоса білім беру мазмұнының жаңа құрылымы қазіргі заман тарихын 8 және 9-сыныптарда (8-сынып - XX ғасырдың бірінші жартысы, 9-сынып - XX ғасырдың екінші жартысы- бүгінгі күнге дейін) бөліп оқытуды ұсынады. Қысқа хронологиялық щеңберлерге қарамастан осы кезеңдегі отандық және дүниежүзі тарихы бүгінгі күнгі әлем бейнесінің қалыптасуына елеулі түрде әсер еткен/әсер ететін оқиғаларға толы екендігімен негізделеді. Сол уақытта орын алған оқиғалар, құбылыстар, процестерді зерттеуге көбірек уақыттың берілуі білім алушылардың бойында Қазақстанның және жалпы әлемнің қазіргі заман проблемаларының мәні туралы түсінік қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Жаңартылған білім мамұнына көшу кестесіне сәйкестарих пәндері бойынша жаңа оқу бағдарламаларын енгізу барысында қазіргі және жаңартылған бағдарламаларының мазмұнында хронологиялық кезеңдердің сәйкессіздігі орын алады.


Қазіргі оқу бағдарламалары

Жаңа оқу бағдарламалары

5-сынып – Қазақстан тарихынан әңгімелер

5-сынып – ежелгі заман тарихы

6-сынып – ежелгі заман тарихы

6-сынып–ортағасырлар тарихы

7-сынып – ортағасырлар тарихы

7-сынып – жаңа заман тарихы

8-сынып – жаңа заман тарихы

8-сынып – қазіргі заман тарихы (ХХ ғасырдың бірінші жартысы)

9-сынып – қазіргі заман тарихы

9-сынып – қазіргі заман тарихы

(ХХ ғасыдың екінші жартысы – бүгінгі күнге дейін )




Достарыңызбен бөлісу:

  1   2   3   4   5   6   7   8   9


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет