Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі семей қаласының ШӘКӘрім атындағы мемлекеттік униврситеті



жүктеу 1.28 Mb.
бет2/8
Дата28.04.2016
өлшемі1.28 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8
: ebook -> umkd
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалық институты
umkd -> 5 в 020500 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»
umkd -> «Баспа қызметіндегі компьютерлік технологиялар»
umkd -> Гуманитарлық-заң, аграрлық факультетінің мамандықтарына арналған
umkd -> 5B050400 «Журналистика» мамандығына арналған
umkd -> Әдебиет (араб тілінде «адаб» үлгілі сөз) тыңдарман, оқырманның ақылына, сезіміне, көңіліне бірдей әсер беретін дарынды сөз зергерлерінің жан қоштауынан туған көрнек өнері
umkd -> 5В020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті пәнінің
umkd -> «Өлкетану тарихы және мәдениеті»
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы семей мемлекеттік
umkd -> 5 в 011700 : -«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған

Гипстердің қасиеттері және қолданылуы

Төменгі температурада күйдірілген гипс байланыстырушыларының қасиеттері ұқсас. Басты айырмашылығы - олардың су талапкерлігінде. Нормалды қою гипс қамырын алу үшін /3-модификациялы гипс өз массасынан 50 - 70% су қажет етеді, ал сс -модификациялы гипсі - 30 - 45%. Жарты гидраттың екі гидратқа көшкендегі гидратация процесі үшін осы судың небәрі 18,6 пайызы қажет. Химиялық процеске қатыспаған судың артығы кептіру мезгілінде ажырайды. Сондықтан, қатайған гипстің кеуектігі 30-50 % болады. а - модификациялы гипсінің кеуектігі аздау болады, сондықтан, оның мықтылығы /3 - модификациясынан жоғарылау.

Жылумен оңдеу аркылы алынған жарты гидратты кальций сульфаты үшін стандарт /МОСТ 125 - 79/ бойынша 12 маркаға бөлінеді /МПа/ Г -2, Г - 3, Г -5, Г - 6, Г - 7, Г - 10, Г - 13, Г - 16, Г -19, Г - 2, Г - 25. Сонымен қатар, игендегі ең аз мықтылығының мәні -1,2-ден 8 МПа-ге дейін.

Тор көзінің мөлшері 0,2 мм електегі қалдығы арқылы /пайызбен/ анықталатын диірменде тарту ұнтақтылығы бойынша гипс байланыстырушылары үш топқа бөлінеді:

1. Ірілеу тартылған - електегі қалдығы 23 %; 2.0рташа тартылған - електегі қалдыгы 14%; 3. Майда тартылған - електегі қалдығы2%.

Гипс байланыстырушылары жеделдете ұстасады және тез қатаяды. Қатаю жылдамдығы бойынша олар үш класқа болінеді: тез қатаюшы /А/, нормалды қатаюшы /Б/, баяу қатаюшы /В/. Әр класқа сай ұстасу мезгілдерінің басы - 2,6 жэне 20 мин. ерте болмау керек, соңы - 15 және 30 мин. /класс В үшін нормасы жоқ/ кеш болмау керек. Гипстің ұстасу мезгілдері шикізаттың сапасына, оны ондіру жағдайына, сақталуының ұзақтығына, құйған судың молшеріне, су мен гипсті араластырар кезіндегі температураға, араластыру жағдайына, қоспаның қосылуына және т.б. факторларға байланысты.

Гипстің ұстасу мезгілін едэуір тездету үшін қалыпты қоюлыққа керекті судан аз сумен араластырады немесе гипс қамырының температурасын 40-45 °С-ка дейін котеру арқылы да тездетуге болады. Ал, бұл температурадан жоғарырақ жылытса, қатаю жылдамдығы баяулайды. Гипс массасының температурасы 90-100 °С-қа дейін котерілгенде, ұстасу және қатаю процестері тіпті тоқталады. Себебі, бұл жэне бұдан жоғарғы температурада жарты сулы гипстің судағы ерігіштігі екі гидраттық гипс ерігіштігінен көп томен болып кетеді. Осы жағдайға байланысты жарты гидраттың екі гидратқа кошуі тоқтайды, демек, осыған байланысты қатаюы да тоқтайды.

Егер гипсті толтырушылармен /құммен, шлакпен, ағаш ұнтағымен, керамзитпен, перлитпен және т.б./ араластырса, онда оның ұстасуы баяулайды. Гипстің тез қатаюы одан әртүрлі бұйымдар жасарда оте тиімді қасиет. Бірақ, кейбір жағдайларда гипстің тез ұстасуы онша қолайлы болмай, қайта ондірісте кедергі болып шығады. Сондықтан, гипс қамырының ұстасуын тездету немесе баяулату үшін оны сумен араластырар кезде кейбір қоспалар қосады, демек, қосындылар қолдана отырып гипстің ұстасуын керекті мезгілге реттейді. В.Б. Ратинов бұл қоспаларды эсер ету механизмдеріне байланысты 5 класқа бөлуді ұсынған. I класс - күшті және әлсіз электролиттер /Ма2S04,КСІ

т.б./ және кейбір электролиттерге жатпайтындар. Бұлар жарты және екі гидраттың суда ерітімділігін өзгертеді, гипстер түйіршіктерін қиын еритін жұқа қабықпен қаптамайды.

Егер HСІ,КСІ,Nа2S04 және т.б. қоспалары жарты гидраттың суда еруін тездететін болса, онда гипстің қатаюы жылдамдайды. Ал, егер аммиак, этил спирті жэне сол сияқтылар оның суда еруін нашарлатса, онда қатаю мерзімі қайта баяулайды. Гипстің қатаю жылдамдығы бұл қоспалардың концентрациясына да байланысты. Сондықтан, оларды тэжірибе жүзінде тексерген жөн.

II класс - екі сулы гипстің кристалдану процесіне ұйытқы болатын кристалданған дайын СаS04 -2Н20;СаНР04 -2Н20 және сол сияқты заттар. Бұлар гипстің қатаюын тездетеді.

Бұл екі кластағы қоспалардың «тиімділік табалдырығы» болады, демек, гипстің ұстасуын максимум жылдамдататын немесе максимум баяулататын концентрациясы бар. Әдетте, мұндай әсер бұларды гипс араластыруға қажет суға 2-3 пайызға дейін қосқанда қамтамасыз етіледі.

III класс - жарты және екі сулы гипс түйіршіктері өз беттеріне тартып алатын және кристалдар туындыларының пайда болу жылдамдығын азайтатын сыртқы беті активті заттар /сульфитноспирттік барда, кератинді, әктілі желім және сол сияқты баяулатушылар/.

Бұл қоспалар құрылыста гипс қамырын жұмсартушы және оның ұстасуын баяулатушы заттар тобы деп аталады. Себебі, жарты гидратты түйіршіктерінің сыртына сорбцияланып, керекті жылжымалы гипс қамырын алу үшін қажет су мөлшерін азайтады, гипс қамырының жылжымалылығын асырады.

IV класс - жарты гидрат түйіршіктерінің бетіне қиын еритін бірікпеден қорғаушы пленка кұрайтын заттар /фосфаттар, сілті металдарының бораттары, натрий фосфаты, бура, бор қышқылы/ сондықтан да, бұлар гипс қамырының ұстасуын баяулататын заттар болып табылады.

V класс - турлі кластарға жататын заттардан тұратын күрделі қоспалар. Бұл сияқты күрделі қоспаларды қолдана отырып, гипс қамырының жылжымалылығын, ұстасу мезгілін, қатаюын, гипстің мықтылығын керекті бағытта өзгертуге болады. Бірақ, мұндай нэтижелерге тэжірибе жүзінде зерттеп барып алынған күрделі қоспалар арқылы жетуге болады.

Басқа минералдық байланыстырушылармен салыстырғанда жарты сулы гипстің ерекшелігі - оның қатайғанда көлемін I пайызға шекті ұлғаюында. Бұл ұлғаю, элі ұстасу процесі алаңсыз бітпеген массада болатындықтан, қалыпты тығыздап, жақсылап толтыруына эсер етеді. Гипстің осы қасиеті оны түрлі көркем бұйымдар құю үшін кең қолдануға мүмкіндік береді.

Гипстің ең бір үлкен кемшілігі - оның жүк астында едэуір жайыла деформациялануы мен суға төзімсіздігінде. Суға төзімділігін біраз арттыру үшін бұйымдар жасар алдында түйірленген және майдаланған домна қоқысын, гидрофобты қоспаларды қосу керек.



Жогаргы температурада куйдірілген гипс байланыстырушыларына ангидрит цементі жэне эстрих - гипс жатады.

Ангидрит цементі табиғи гипс тасын 600-700°С температурасында күйдіру арқылы алады:


СаSӨ4-2Н2O 600"700"с >СаSO4+2Н20

Алынған өнім - «өлтіре күйдірілген» сусыз ангидрид/СаS04/ суда ерімейтін зат. Оның суда еритін және ұстасатын, қатаятын қасиеттерін қоздыру үшін оған түрлі катализаторлар /3-^4% эк, 10+15% домна қоқсы, натрий сульфаттары мен бисульфаттарының {Nа2S04,МаНS04) қоспасына 0,5 - 1,0 пайыз темір немесе мыс купорасы қосылған араласпа жэне т.б./ қосып диірменде ұнтақтайды. Алынған өнім ангидрит цементі деп аталады. Оның ұстасу мезгілінің басы 30 мин. ерте, ал соңы - 24 сағ. кем болмайды. Ұнтақтылығы № 008 елегіндегі қалдығы бойынша 15 %-дан кем болу керек.

Қалыпты қою қамырдан жасалған үлгінің созғандағы мықтылық шегі/ МПа/:

1 тэуліктен кейін -2 - 2,5; 7 Тэуліктен кейін - 3 - 3,5; 28 тэуліктен кейін - 3,5 - 4,5; Қысқандағы мықтылық шегі /МПа/:7 тәуліктен кейін - 20-25; 28 тэуліктен кейін - 25-35;



Өте жогары температурада күйдірілген гипс /эстрих - гипс/. Бұл гипсті екі сулы гипс тасын 800-1000°С температурада күйдіріп, ұнтақтап алады. Ол сусыз ангидрит пен ІСаS04І әктен /3-5 % СаО/

тұрады. Жоғарғы температурада СаS04 ыдырап, одан 3 - 5 % СаО

пайда болады. Бұл СаО катализатор ролін атқарады. Сондықтан, эстрих - гипс суда ериді, гидратацияланады. Үстасу мезгілінің басы 2 сағаттан ерте болмайды, ал соңы - 16-36 сағаттан соң бітеді. Нормалдық қою гипс қамырын алу үшін 28-32 % су жұмсалады. Қысқандағы мықтылық шегі 28 тәулік шағында 5-20 МПа.

Биік күйдірілген гипстің ерекшелігі - оның суга және аязға төзімділігінің жоғарылығында. Сондықтан да оны кейде гидравликалық гипс деп те атайды. Суға төзімділігінің басымдылығын оның тыгыздығының жоғары екеніне жэне суды аз қажет ететіндігіне сүйене түсіндіруге болады. Оның үстіне бұл гипс үйкеліске төзімді, сондықтан да оны жіксіз еден төсеуге немесе линолеум астын тегістетуге жиі қолданады, қабырға қалауға және жасанды мрамор дайындау үшін де қолданады.



Төмен температурада куйдірілген гипстік байланыстырушы заттарды құрғақ гипс сылағын, бөлме қоршайтын плиталар мен панельдер, архитектуралық бөлшектер, дыбыс өшіретін бұйымдар және т.б. материалдар жасауға қолданады.

Дәріс4 Тақырыбы: Ауалық кұрылыс әгі . Әк туралы түсінік

Дәріс жоспары:

  1. Ауалық кұрылыс әгі . Әк туралы түсінік

  2. Кесек және майдаланған әкті өндіру тәсілдері

  3. Гидраттық әктің қатаюы.

  4. Әктердің қолданылуы

Ауалық құрылыс әгі деп 8%-ға дейін саз және құм қоспасы бар карбонатты тау жынысын балқу температурасына жеткізбей күйдіріп алатын өнімді айтады. Бұл тау жынысын көмір қышқыл газы /СО2/ түгел бөлінгенге дейін күйдіреді. Сондағы алынатын өнім негізінде СаО және Мg0 тұрады. Неғұрлым осы оксидтердің мөлшері көп болса, соғұрлым әктің сапасы жоғары. Магний оксидінің мөлшеріне байланысты әк былай бөлінеді: Мg0 5% көп болмаса - кальцилі; Мg0 5-20% -магнезиалды; Мg0 20-40 % - доломитті әк болып аталады.

Өртегеннен кейінгі алынатын өнім - бірден қолдануға жарамсыз, жартылай дайындалған өнім. Оны қорытылмаған /сөндірілмеген/ әк тасы дейді. Одан дайын байланыстырушы алу үщін әк тасын алдын ала химиялық жолмен ұнтақтайды, яғни әкті сумен сөндіреді/ қорытылған эк - гидрат ұлпасы алынады/ немесе механикалық жолмен диірменге тартып ұнтақтайды /ұнтақталған сөндірілмеген әк алынады/.

Әктің түрлері. Әкті құрылыс эгі жэне технологиялық әк деп екі топқа бөледі. Бірінші тобы құрылыста байланыстырушы зат ретінде түрлі ерітінділер дайындау үшін және үй - жайды әктеу үшін пайдаланылады. Екіншісі - технологиялық процестерде, мысалы, силикат кірпіштері мен бетондарды алу үшін жэне темір қорытуда қолданылады.

Түйіршік құрамы бойынша өндірілетін әктер кесек тасты, ұсақталған, ұнтақталған және ұлпа түсті әктер болып бөлінеді. Кесек әк тасын, карбонат жынысын шахтылы пеште күйдіру арқылы алады. Мөлшері 0-3 мм ұсақталған фракциялы кесек экті уатқышпен майдалап алады. ¥нтақ әкті, кесек экті немесе ұсақталған әкті диірменге тартып алады немесе бұл эктерді домна қоқыстары мен күлдерін және кұмды қоса қабаттап диірменге тартады. Үлпа тэріздісін кесек тас экті сумен сөндіру жолымен алады, оны гидратты әк деп те атайды. Суды көптеу қосып, әк қамырын алады, суды одан да көптеу құйып - әк сүтін алады. Ал, техникалық талап бойынша эк негізгі оксидтер мөлшеріне сай кальцийлі, магнезиалды жэне доломитті эктер болып бөлінеді. Кальцийлі әк 40-60 % СаО жэне 8% дейін Мg0 құралады. Оны аздаған доломиті бар известняк пен борды күйдіру арқылы алады. Магнезиалды әк 50-85 % СаО жэне 20 % дейін МgО құралды. Ал, доломитті экте 50-65% СаО жэне 40% дейін Мg0 болады. Магнезиалдық және доломиттік әктерді долмитті эк тастары мен доломитті қайнатулы пеш қабатында күйдіріп алады. Қатаю шарты бойынша құрылыс әгі екі топқа бөлінеді. Біріншісі -тек қана құрғақ ауада қатаятын ауалық әк, екіншісі - гидравликалық әк - ауада да, ылғалды ортада да қатаяды.


Кесек және майдаланған әкті өндіру тәсілдері

Әк өндіру тәсілі мынадай процестерден тұрады: тау жынысын шығару /алу/, оны ұсақтау, сортқа айыру, сумен араластыру; тау жынысын, отынды мөлшерлеу жэне оларды күйдіру пешіне жеткізу; тау жынысын күйдіру /әк кесегін алу/, экті ұнтақтау (ұнтақталған әкті өндіру).

Схемада /2.4. сур./ көрсетілгендей, шикі материалды күйдіруге дайындау тэсіліне байланысты эк өндіру құргақ жэне сулы тәсілі болып екіге бөлінеді. Құрғақтай өндіру тәсілінде барлық процестер шикі материалды табиғи ылғалдылығында қолдана отырып орындалады, ал сулы тәсілінде шикі тау жынысы ұсақталынады және белгілі мөлшерде су қосып үдемелі түрде араластырылады да, су суспензиясы - шлам алынады.



Құрғақ тәсіл өндірісі Бұл тәсілде өндіріс процестерінің схемасын және оған сай жабдықтарды /құрал - саймандарды/ таңдап алу тау жынысының химиялық құрамына, ылғалдылығына, мықтылығына жэне т.б. қасиеттеріне байланысты. Әкті осы өндіріс тэсілі бойынша құрылыс ылғалдылығы 25 пайыз ізбес тасынан, доломиттен өндіреді.

Мықты жэне орташа мықты, фракция мөлшері 180 - 120, 120 - 80, 80- 40 мм ізбес тас кесектерін күйдіру үшін шахты пешін қолданады. Өндіру технологиялық схемасы 2.5. суретте бейнеленген. 40-20 мм фракциясын - пешке жалғас жерде шикіні қыздыратын сайманмен жабдықталған қысқа айналмалы пеште; 20-5 мм фракциясын ұзын айналмалы пеште; 25-12 жэне 12-3 мм фракцияларын пештің қайнамалы қабатында; ылғалдылығы 25 %, фракция ірілігі 40-20 мм жұмсақ ізбес тасын жэне мөлшері 40-20 мм жэне 20-5 мм бор фракцияларын ұзын айналмалы пеште күйдіреді.





Сулы тәсіл өндірісі. Осы тәсілмен әндіргенде табиғи ылғалдылығы 25 % көп борға су қосып, қоюлығы қаймақ тәрізді шлам болғанша майдалайды /езеді/. Бұл борлы шламды жалпақ бассейінде гомегенизацияланғаннан соң ұзын айналмалы пешке күйдіруге жібереді. Сулы тәсіл ондірісінің кемістігі - сонша көп судың буланып шығуы қажеттігіне байланысты отын шығынының коптігі. Сондықтан, бұл тэсіл шикі материалдың табиғи ылғалдылығы жоғары болғандықтан құрғақтай әндіру тэсілін қолдануға болмайтын жағдайда ғана қолданылады.

өндірілмеген үнтақталган әктің қатаюы. жоғарыда атап өткендей, ұнтақталған әк оны шамалы сумен араластырғанда гидратты қатаю қабілетін көрсетеді. Осының салдарынан сөнбеген эктен жасалған ерітінділер және бетондар біртіндеп қатты денеге айналады. Бұл процестің химиялық мэнін былайша түсіндіруге болады:

СаО + Н20 = Са(ОН)2; Мg0+Н20 = Мg(ОН)2

Демек гидратты қатаюдың мәнісі оксидтердің сумен әрекеттескенінен гидраттық құрамдардың пайда болуында жэне олардың кристалдануында.

Әктің қатаю процесін, А.А. Байков көрсеткендей, шартты түрде мына төмендегіше бірнеше этапқа бөлуге болады:

1. СаО суда еруі. Бұл процес өте тез өтеді. Кальций гидроксидімен Са(ОН)2 қаныққан ерітіндіні құралады;

2. Кальций оксидінің/ СаО/ гидратациясы. Кейінгі кезде зерттегендегі мэліметке қарағанда гидратация аралық қосылу продуктасын бере жүреді, мысалы: СаО + 2Н20<^СаО-2Н20;



СаО ■ 2Н20 <-> Са(ОН)2 + Н20 + 65,5қЦж',

З.Коагуляциялық структураның құралуы, оның ерімелдігі көп болмағандықтан ол өте қаныққан ерітіндіні береді де біртіндеп коллоид түрінде/гель/бөлініп шығады. Са(ОН)2 түйіршіктері бірте -бірте өзара бірігіп коагуляциялық структура құрайды.

4. Кристалдық өсімталдың /өскіннің/ кұрылуы. Са(ОН)2 коллоид күйінде термодинамикалық тұрақсыз болғандықтан кристализацияланады. Алдымен аздаған мөлшерде кристалдық туынды өсімдіктер пайда болады да, біртіндеп саны өсе береді. Осыдан кейін жеке кристалдардың өсу процесі басталады. Бұл процес ұлғайған кристалдардың бір-бірімен байланысып қосылса, ұлғаюына жалғасады.

Осындай типті қатаю схемасын гидротациялық қатаю схемасы деп атайды.

5. Құрғақтану. Әктік құрылыс ерітінділерінің құрғау мезгілінде кристалдану және карбонизациялану процестері жалғасып жүре береді.

Осындай гидратациялық қатаю мезгілінде пайда болған жылуды дер кезінде аластаудың жэне сумен мөлшерлік қатынастарын дұрыс тағайындаудың ерекше маңызы бар. Тәжірибе бойынша, гидратациялық қатаю үшін судың мөлшерін сөнбеген эктің салмағынан 100-150 пайыз алу қажет.

Қатаю кезіндегі айтылған процестерді мына схема бойынша елестетуге болады:
Қаныққан Са(ОН)2 Кальций оксидінің Аса каныкқан

ерітіндісі пайда алдын - ала ерімей - ақ ерітіндіден Са(ОН)2

болғанға дейін СаО ____ Са(ОН)2 ____ коллоидасының/геля/

еруі коллоидасын/гелясын/ кристалдану процесі

құруы/аса қанықкан

ерітінді
Гидраттық әктің қатаюы.

Әктің бұл түрі сумен араластырылғанда жұмсақ қамыр береді. Бірақ, жылу пайда болмайды. Себебі бұл әк элдеқашан сөндірілген, демек гидратация процесі өтіп кеткен. Сондықтан гидраттық әк негізінде құрылыс ерітінділері өте баяу қатаяды. Кэдімгі температурада ерітінділердің қатаюы қатар жүретін екі процестен тұрады: 1. Бос араласқан судың буланып жоғалуы және қаныққан Са(ОН)2 ерітіндісінен оның біртіндеп кристализациялануы; 2. Ауадағы көміртегі қышқылының /С02/ эсерімен кальций тотығы гидратының Са(ОН)2 біртіндеп кристалдануы. Жоғарыда айтылғандай бұл процестің жүруін мына формуламен көрсетуге болады:

Са(ОН)2 + С02 +пН20 = СаСО2 + (п + \)Н20

Формулада көрсетілгенге сай карбонизация процесі алғашқы кезде ғана тез жүреді, бірақ ылғал шартты түрде болу керек. Пайда болған карбонаттың майда кристалдары бір - бірімен жалғасып, кальций гидроксидімен Са(ОН)2 жэне құмның Sі02 түйіршіктерімен байланыса ұлғаяды. Осы процестердің арқасында қатты фазаның көлемі ұлғайып, қатайып келе жатқан құрылыс ерітіндісін тығыздап мықтылыгын асырады. СаСОз пайда болуымен қатар



СаСО2 пСа(ОН)2тН20 типті қосынды түзілуі мүмкін. Бірақ, уақыт

өткен сайын судың булануы жэне ерітіндінің карбонизациялануы жоғарыда айтылған себептерге байланысты уақыт өте баяулай береді.



¥нтақталган карбонатты әктің қатаюы. Әктің бұл түрінің қатаюын қамтамасыз ету үшін оның төмендеу экзотермиялығын еске ала отырып, сумен эктің оптимапдық қатынасын анықтап алған жөн. Айта кететін нәрсе, осы эктің кұрамындағы СаС03 көптеген кристалдар центрін құрып қатаю процесін қолдайды.

Әктердің тасылуы және сақталуы. Сөндірілген кесек әкті тұтынушыларға контейнермен жібереді. Сөндірілмеген ұнтақталған әк крафтцеллюлозадан жасалған битумдалған қағаз қапшықтармен арнаулы вагондарға салып жіберіледі. Тартылған экті өндіргеннен соң қоймада 5-10 күндей, қапшықталған әкті 15 күндей сақтауға болады. Одан артық уақыт сақталған сөндірілмеген эктің сапасы кальций тотығының /СаО/ гидратациялануы және карбонизациялануы арқылы төмендеп кетуі мүмкін. Әк қамырын кузовы арнаулы жабдықталған автосамосвалмен, ал әк сүтін - автоцистернамен тасиды.
Әктердің қолданылуы.

Сөндірілмеген тартылған /ұнтақталған/ эктің қолданылуы: автоклавтық тығыз жэне кеуекті қуыс денелі силикаттық бұйымдар мен конструкциялар өндіру үшін; үй -жайдың жер үстіндегі бөлігін қалауға жэне сылауға қажет құрылыс ерітіндісін дайындау үшін; жергілікті эктілі - шлақтар, әктілі - күлдер, гипсті -эктілі жэне т.б. байланыстырушылар дайындау үшін: төменгі температура кезінде қатаюын тездету мақсатымен ерітіндіге қосу үшін; үй - жайдың ішін жэне сыртын ақтауға, эктік бояу құрамын дайындау үшін жэне т.б. мақсаттарға пайдаланады. Гидраттық әкті автоклавтық тығыз және кеуекті, денесі қуыс силикаттық бұйымдарын өндіруге, құрылыс ерітінділеріне, бояу құрамын дайындауға, жергілікті арзан байланыстырушылар жасауға жэне т.б. мақсаттар үшін қолданады. Жалпы әктің қолдану салалары кесте 2.4. келтірілгендей, өте кең.






оның өзіндік кұнын азаиту ұшін, болашақта әк өндірісінің дамуы арнаулы биік механикаланған үлкен заводтар салумен, істеп тұрған кәсіпорындарын модернизациялаумен байланысты болмақ. Майда және тиімділігі төмен пештермен жабдықталған кәсіпорындары біртіндеп жабылмақ. Егер олардың орнына әк жэне әктілі - шлактық, эктілі - гипстік байланыстырушыларын шығарумен қатар дайын силикаттық бұйымдарын жасайтын өнеркәсіп орындары тұрғызылса эктен жасайтын заттар мен бұйымдардың тиімділігі тіпті көтеріңкі болады.
Дәріс 5 Тақырыбы: Магнезиалдық байланыстырушы заттар
Дәріс жоспары:

  1. Магнезиалдық байланыстырушы заттар

  2. Каустикалық магнезит ушін еріткіштер

  3. Каустикалық доломит. М&ОСаСОъ- каустикалық магнезит

сияқты байланыстырушы зат

4. Магнезиалдық байланыстырушы заттардың қасиеттврі және қолданылуы.


Магнезиалдық байланыстырушылар ұлпа түрінде, магний оксидінен тұратын, ауалық байланыстырушы тобына жататын заттар. Оларды табиғи магнезит пен доломитті күйдіру өнімін диірменде тарту арқылы алады. Бұл байланыстырушылар каустикалық магнезит жэне каустикалық доломит болып екіге бөлінеді. Бұлардың ерекшелігі сумен емес, кейбір тұздардың су ерітінділерімен араластырылады.

Магнезиалды байланыстьірушыларды өндіру технологиясы үш негізгі операциядан тұрады: тастарды ұсақтаудан /түйіршіктер мөлшері 40 - 80 мм немесе 80 - 120 мм - шақты пеші үшін; 0 - 40 мм - айналмалы пеш үшін/, оларды күйдіруден жэне күйдіру өнімін ұнтақтаудан.

Магнезитті және доломитті ұсақтау үшін жақтылы немесе балғалы ұсақтағыштар қолданылады. Күйдіру процесін шахты/1=700- 800°С/ немесе айналмалы пештерде/ 1=900- 1000°С/ жүргізеді.

Каустикалық магнезит. Каустикалық магнезит табиғи магнезитті МgС03 балқытуға жеткізбей 700 - 800° С температурада күйдіріп, сонан соң диірменге тартып алады. Өртенген кезде магнезит декарбонизацияланып магний оксидін, яғни каустикалық магнезит береді. Процес эндотермиялық реакция бойынша жүреді:

МgСОэ + Мg0 + С02 - 0 кДж

МgС03, 600 - 650 С температурада жіктеле бастайды. Бірақ, заводта күйдіру процесі 800 - 900° С - тан жоғары шамада өтпеуі керек, себебі, температура жоғары болған сайын, күйдірген өнімнің тығыздығы аса береді де, байланыстырушы қасиеті нашарлап кетеді. Күйдіру процесі көрсетілген температура шегінен жоғары болған жағдайда тығыздығы жоғары, ірі кристаллдан құрылған Мg0 алынады. Ол сумен эрекеттеспейді деуге болады. Осы қалпында периклаз деп аталады. Мұның үстіне 800° С жоғары температурада Са03 диссоциаланады да СаО пайда болуы мүмкін. Мүндай жағдайда магний карбонатын күйдіргенде сақ болу керек. Себебі магнезиалдық байланыструшылардың нормалды қатаюы үшін оларды хлорлық магний ерітіндісімен араластырады. Сонда СаО хлорлы магний эрекеттесіп, СаС12 қүрайды. Ал, СаС12 қүрылыс бүйымдарының су тартқыштығын жоғарылатады да мэңгілігін нашарлатады. Міне, осыған байланысты магний карбонатын күйдіргенде, егер шикінің қүрамында СаС03 болса, СаО пайда болатындай температураға жеткізбеу керек.

Мg0 жэне оған ілеспе қоспанын мөлшеріне байланысты қаустикалық магнезит үш класқа бөлінеді: 1,11, III,. Осыған сәйкес Мg0 мөлшері 87; 83 жэне 75 пайыздан кем болмау керек.

I класс магнезит химиялық өнеркэсібінің қажетіне жэне магний металын алу үшін жүмсалады, ал II, III класты магнезиттерді қүрылыста байланыстырушы ретінде пайдаланады. ГОСТ бойынша магний оксидінің Мg0 пайыздық мөлшеріне сай каустикалық магнезит төрт маркаға болінеді ПМК - 88; ПМК - 87; ПМК - 83; ПМК-75.

А.М. Кузнецов каустикалық магнезитті магнийді қорытқанда пайда болатын электрондық шлактан алу тәсілін үсынған. Электронды шлакта Мg0 басқа 5 пайызга дейін металдық магнийі, біраз СаО, SiO2 және СаСІ, КСІ, NаСІ, МgС12 болады.

Каустикалық магнезит алу үшін бүл шлакты күйдірер алдында екі ай бойы ашық алаңца жатқызады. Осы екі ай ішінде ондағы бар түздардың копшілігі жуылып кетеді, ал металдық магний тотықтанады. Бүл шлакты 900°С температурада күйдіріп, сонан соң диірменге тартып үнтақтайды. Бірақ электрондық шлактан алынған каустикалық магнезиттің активтігі біраз төмендеу.

Каустикалық магнезиттің үнтақтылығы №02 /қалдық - 5 пайыздан кем емес/ және № 0008 /қалдық - 25 пайыздан коп емес/ електердегі қалдықтар бойынша қабылдайды. Магнезиттің мүндай үнтақтылық дэрежесін доңгелек, сеператоры бар, диірменде тарту арқылы қамтамасыз етеді.

Дайын каустикалық магнезитті ауалық дымқылдан сақтау үшін металдан жасаған бочкаларға салып сақтайды.
Каустикалық магнезит ушін еріткіштер

Каустикалық магнезитті сумен еріткен жағдайда оте жай қатаяды, мықтылығы төмен болып шығады. Сондықтан оны хлорлы магнийдің /МgС12 • 6Н20/ немесе күкірт қышқылды магнийдің /МgS04 ■ 7Н20/ судағы ерітіндісіне ерітеді. Бүлардың Бом бойынша концентрациясын оздеріне сэйкес 12 - 30°С жэне 15 - 20° С шамада жасап алады.

Каустикалық магнезитте оның салмағынан 85 пайыз шамада болатын активті магний тотығына және қатты алты сулы хлорлы магнийге есептегенде ерушімен еріткіштің қатынасы былай болу керек: Мg0 - 62-67 % және МgС12 • 6Н20 - 38-33 %, сондай-ақ Мg804 ■ 7Н20 еріткіштің қолданғанда: Мg0 - 80-84 % және Мg804 • 7Н20 - 16-20 % сусыз МgS04 есептегенде.

Айта кету керек, еріткіш ретінде хлорлы магнийді қолданғанда жасаған қүрылыс бүйымдар су тартқыш келеді. Сондықтан ерітінді немесе бетон араласпаларын дайындаған кезде 50 пайыз хлорлы магний ерітіндісінің орнына темір купорасын/ ҒеS04/ алады. Темір купорасы үстасу жылдамдығын асыра түседі, бүйымдардың суға тозімділігін жэне олардың беттерінде түздан болатын ала-жолақ таңбаларды азайтуға себеп болады.



Каустикалық магнезиттің қатаюы. Каустикалық магнезиттің үстасуы жэне қатаюы магний оксидінің/ Мg0/ гидратациялануына байланысты. Каустикалық магнезитті сумен араластырғанда мына төмендегі химиялық әрекеттесу реакциясы жүреді: Мg0+Н20 = Мg(ОН)2

Бірақ Мg0 суда өте нашар еритіндігіне байланысты бүл әрекеттесу тіпті бдяу жүреді. Мүның үстіне магний оксидінің түйіршіктері оның тотығының тығыз гидратымен [Мg(ОН)2] қапталады да әлі химиялық эрекеттеспеген ортасына су диффузиясын қиындатады. Міне, осы себептермен, каустикалық магнезиттің қатаюы бэсең жүреді, мықтылығы томен болып қалады. Ал, егер оны хлорлы немесе күкірт қышқылды магнийдің судағы ерітіндісімен араластырса Мg0 ерімталдығы асады да, жоғарыдағы келтірілген химиялық процес едәуір тездетіледі. Академик А.А. Байков көрсеткендей, мүндай жагдайда алдымен Мg0 ериді. Магний тотығының /Мg0/ қаныққан ерітіндісі қүралған кезден бастап су онымен тікелей қосылып химиялық эрекеттеседі. Осы химиялық реакция нэтижесінде пайда болатын Мg(ОН)2 коллоид түрінде болініп каустикалық магнезиттердің түйіршіктерін желімдейді. Ерітінді жеделдете үстасады жэне тез қатаяды.

В.В. Шелягиннің, И.Г. Выродовтың, Л.Г. Бергтің зерттеулерінде айтылған түз ерітінділері Мg0 ерімталдығымен және Мg(ОН)2

коллоид түрінде жылдам бөлініп шығуын, оның бүдан былай кристалдану процесін тездетумен қатар каустикалық магнезитпен мына химиялық тендеу бойынша эрекеттесетінін көрсетеді:



ЗМg0 + МіСІг -6Н20 = Ш%0 ■ МіСі2 ■ 6Н20

Әрине осы сияқты М%S0А -1Н20 су ерітіндісін қолданған жағдайда мынадай реакция жүруі мүмкін:



ЗМg0 + МgS0А ■ 1Н20 = ЪМ$0 ■ Мё$04 ■ 1Н20

Пайда болған оксихлорлы магний және оксикүкіртқышқылды магний гидроксидімен бірге ерітіндінің және бетонның қатаюын тездетіп, мықтылығын жоғарылатады.

Каустикалық магнезит суға төзімсіз. Суға төзімділігін көтеру жэне мықтылығын асыру үшін В.Г. Шакиева оған активті минералдық заттар қосуды үсынған. Оның үсынысы бойынша, каустикалық магнезитпен минералдық заттардың/ шлак, пемза, туф, трепел жэне т.б./ ара қатынасы: 0,5 - 1,0/ салмағы бойынша/. Міне, бүл жағдайда магний тотығының гидраты Мg(ОН)2 және активті минералдық қоспалар / SіО2/, біртіндеп суға төзімді магний гидросиликатын қүрайды деген үғымды айтқан.

Каустикалық доломит. МgОСаСО3- каустикалық магнезит




1   2   3   4   5   6   7   8


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет