Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі семей қаласының ШӘКӘрім атындағы мемлекеттік униврситеті



жүктеу 1.28 Mb.
бет5/8
Дата28.04.2016
өлшемі1.28 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8
: ebook -> umkd
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалық институты
umkd -> 5 в 020500 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»
umkd -> «Баспа қызметіндегі компьютерлік технологиялар»
umkd -> Гуманитарлық-заң, аграрлық факультетінің мамандықтарына арналған
umkd -> 5B050400 «Журналистика» мамандығына арналған
umkd -> Әдебиет (араб тілінде «адаб» үлгілі сөз) тыңдарман, оқырманның ақылына, сезіміне, көңіліне бірдей әсер беретін дарынды сөз зергерлерінің жан қоштауынан туған көрнек өнері
umkd -> 5В020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті пәнінің
umkd -> «Өлкетану тарихы және мәдениеті»
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы семей мемлекеттік
umkd -> 5 в 011700 : -«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған

Портландцементінің қатаю теориясы
Жоғарыда айтылған молекулалық және коллоидалық өзгерістер физикалық-химиялық процестердің жүруімен байланысты екеніне ешкімнің күмэні жоқ. Осы процестердің әсерінен цемент, сумен оны араластырганда, алдымен жұмсақ клей түсті қамыр береді де біртіндеп ұстасып жэне қатайып тасқа айналады. Дегенмен, көрсетілген физикалық-химиялық процестердің күрделігінен олардың кейбір жагдайы эліде болса аяғына дейін зерттеліп анықталмағанына байланысты қазіргі кезде ол процестер туралы көптеген түсініктер бар. Атап өткеніміздей, портландцемент жэне басқа минералдық байланыстырушылардың қатаю мэнісі туралы басқалардан гөрі А.А. Байков ұсынған байланыстырушылардың қатаю теориясында кең мэлімет берілген. Бұл теория кейін көптеген ғалымдардың П.П. Будниковтың, Н. А. Тороповтың, П.А. Ребиндердің, В.Н. Юнгтың, В.Ф.Журавлевтың, А.Е. ШеЙкиннің, С.Д. Окороковтың, Ю.М. Буттың, В.Б. Ратиновтың, А.В. Воложенскийдің жэне т.б. еңбектерінде зерттеліп анықталған. Осы теорияға сай минералдық заттардың қатаю процесі үш кезеңге бөлінеді:

Бірінші кезеңде клинкерлік минералдар сырт жағынан бастап еріп, біртіндеп қаныққан ерітінді құралады. Жоғарыда келтірілген минералдардың химиялық реакциясының нәтижесінде бұл қаныққан ерітіндіде кальций гидроксиді Са(ОН)4, эттрингит және кальций гидросиликаттары пайда бола бастайды.

Екінші кезеңде қаныққан ерітіндіде клинкерлік минералдар алдын - ала суда ерімей-ақ, қатты қалпында гидратацияланады, ягни тікелей қатты фазага судың қосылу процесі жүреді. Ал, ерітіндідегі кальций гидросиликаты мен гидроферриті суда онша ери қоймайтындықтан, коллоид қалпында цемент түйіршіктерін қаптай кұралады. Азда болса да еритін Са(ОН)2, және

ЗСаОА12О3 20 көп ұзатпай - ақ алдымен

қаныққан, одан кейін біртіндеп аса қаныққан ерітінді құрайды. Осындай физикалық жэне химиялық процестердің барысында жаңадан кальций гидроксиді мен гидроалюминаты құрыла беретіндіктен аса қаныққан ерітіндіден бұлар коллоид түрінде бөлініп шыгады. Сонымен минералдардың гидратациялық өнімінен тұратын коллоид /гель/ желім тәрізді цементтің түйіршіктерін түгел қаптай цемент қамырының коагуляциялық структурасын құрайды. Цемент қамыры біртіндеп қоюланады, жұмсақтығын төмендетеді, ягни ұстасады. Уақыт өткен сайын структуралық мықтылыгы пайда бола бастайды. Бұл кезеңдегі цемент қамырының структураланған система ретінде ерекшелігі, - оның тиксотропиялығы, демек дірілдеткенде немесе қатты араластырганда ол қайтадан жұмсарып, қою сұйық сияқты ағады, ал механикалық әсерді тоқтатқанда жаңадан коагуляциялық структураға көшіп ұстаса бастайды.



Үшінші кезеңде кейбір жаңадан құралған гидратациялық құрамдар коллоидалық қалпынан біртіндеп кристалдана бастайды. Алғашқы пайда болған кристалдық ұрықтар бірте-бірте өсіп, өзара байланысып кристалдық тор құрады. Ең алдымен 3СаО- А1203 -6Н20 жэне Са(ОН)2 кристалданады. Бұлардың өте жіңішке кристалдары басқа жаңа химиялық құрамдар коллоидасын тесе өтіп өзара шырмалыса дамиды да, цемент тасының мықтылығын жоғарылатады. Кальций гидросиликаттары жэне гидроферриттері аздап баяу кристалданады. Бұл үшінші кезеңде гидротациялық процестер тоқтатылмайды, жаңадан химиялық басқа құрамдардың коллоидтары пайда болып, кристалдану процестері жүре береді. Сонымен, біртіндеп гидратациялық өнімдер цемент тасындағы кеуектерді толтырады. Кристалдары ұлғайып және өзара байланысып цементтің тығыздығын жэне мықтылығын асырады. Егер қатаюшы цемент тасын нормалды температурада, ылғалды жерде сақтаса айтылған процестер үзіліссіз жүре берер еді. Бірақ, ондай жағдай іс жүзінде сирек кездеседі. Сондықтан цемент түйіршіктері түгелдей реакцияға қатысып үлгермейді.

Жоғарыдағы айтылған түсініктер негізінде мынадай қысқаша қорытынды жасауға болады. Біріншіден, қатаю мезгілінде пайда болатын кристалдар цементтік тастың механикалық қасиетін қалыптастырады. Бұл тұрғыда ең алдымен жақсылау еритін минералдар кристалданады - кальций тотығының гидраты - Са(ОН)2 жэне кальций гидроалюминаты 3СаО-А12О3- Бұлардан кейін ұзақ уақыт коллоид қалпында сақталатын, аздау еритін кальций гидросиликаты /2СаО-SiO2- белит/ өте баяу түрде кристалдық структура құрайды. Сондықтан бұл минерал шабан қатаятын минерал болып аталады, ал алит /ЗСаО-SiO2/ жэне үш кальций алюминат 3СаО- А12О3 - тез қатаюшы минералдарға жатады. Екіншіден, П.А. Ребиндердің байланыстырушы заттардың қатаюы туралы берген толықтамасын еске ала отырып А.А.Байковтың теориясы бойынша цементтің жалпы қатаю схемасын былайша көрсетуге болады:



Бірінші кезең - екі кальцийлі гидросиликатпен, кальций тотығының гидратымен және үш кальциилі гидроалюминатпен, ягни гидротация өнімімен қаныққан нағыз ерітіндінің құралуы.

Екінші кезеңі - алдын-ала нағыз ерітінді құрамай-ақ минералдардың бірден гидраттанып, олардың гидраттық жаңа құрамдарының колоидалынуы.

Үшінші кезеңі - өзінің өте қаныққан ерітіндісінен пайда болған коллоидтың /геляның/ кристалдануы.

Бірінші кезең даярлық кезең деп аталады, екінші кезең цемент қамырының ұстасу мезгіліне сай, ал үшінші кезең - қатаю кезеңі.

Бұл қатаю кезеңдері бірінен соң бірі міндетті түрде жүреді деп айту қиындау. Дегенмен, біраз түсінікті болу үшін осындай схемада жүреді деп айтуға болады. Цементтің түйіршіктері бір уақытта бірден суда бүтін еріп кетпейді. Сондықтан, бұл үш кезең бірінің соңынан бірі жүре отырып, түйіршіктің ішінде олар сыртқы қабатқа қарағанда кешігіп жүреді. А.А. Байков цементтің қатаю теориясын жоғарыда айтылғандай, коллоидалық - кристализациялық теория деп атаған. Бұл теория көптеген физикалық және химиялық құбылыстарға түсінік беруге көмектеседі, бетон өндірісінде көптеген технологиялық белестерді игеріп, қалыптап отыруға мүмкіндік туғызады. Мысалы, цемент қамырының ұстасуының басы /Б¥С/ 45 мин. ерте болмауы керек дейміз. Былайша айтқанда, мұны геляның /коллоидтың/ ерітіңдіден бөліне бастау мезгілі деп айтуға болады. Ұстасудың соңы /С¥С/12 сагаттан кеш болмауы керек деген түсінік - геляның жалпылай

бөлініп шығу кезеңі деп түсінуге болады. Геляның /коллоидтың/жалпылай кристалдануы деген түсінік - цементтің қатаю мезгілінің соңы 28 тәуліктік беріктігі, яғни маркалық мықтылығы алынды деп санауға болады. «Су - цемент» жүйесінде неғұрлым еріткіш аз болса, соғұрлым ерітінді гидратталған түйіршіктермен ертерек қанығады да, геляның құралуы жылдамдау болады. Бұл қатаюдың тезірек басталуына себепкер болады. Сондықтан, аз сумен дайындалған қатаңдау бетон араласпасы, көп су қосып дайындаған араласпаға қарағанда, тезірек мықтыланады.

«Су - цемент» жүйесіндегі су химиялық компонент ролімен қатар цемент коллоидасының қалыптасу, оның тығыздалып кристалдану ортасы болып табылады. Гидратацияга кеткен суды «химиялық байланысқан су»- деп атайды. Қалган орталығын «бос - су» - деп атайды. Себебі, бұл су біртіндеп буланып жоғалады. Бос су көп болған сайын қалыптанып келе жатқан цемент тасында кеуектер де көбейе береді, демек мықтылығы төмендей береді. Осы себепті суды дозалағанда ұқыпты болған жөн. Мысалы, цемент толықтау гидратациялануы үшін керекті судың мөлшері портландцементтің салмағынан 24 - 26 пайыз шамасында болуы керек. Бірақ, жұмсақ жылжымалы цемент қамырын алу үшін одан едэуір көп /40 - 60 пайыз/ су қосуға тура келеді. Сонымен, химиялық процеске қатыспайтын артық су мөлшері біртіндеп қатаю мезгілінде буланып жогалады. Осының әсерінен тіпті кейде 25 - 30 пайызға дейін цемент тасының көлемі неше түрлі мөлшердегі судан қалған кеуектерден тұрады. Бұл кеуектер цементтің мықтылығына, химиялық жэне аяздық төзімділігіне дұрыс эсер етпейді.

Химиялық жаңа құрамалардың /қосындылардың/ мөлшері цементтің гидратациялық дэрежесіне I а I тура пропорциалы, санмен есептегенде, ол цементтің сумен әрекеттескен бөлігіне оның жалпы массасының қатынасына тең. Гидратация дэрежесін рентгендік тәсілмен немесе химиялық байланысқан су мөлшері бойынша анықтайды: а соі 0)так

Портландцемент толық гидратацияланғанда, химиялық байланысқан судың мөлшері /0)тах/ цемент массасының 0,25-0,3 бөліктеріндей болады. Мысалы, егер О)тах=0,25; а =4\ү немесе и> = 0,25а. Осындай қарапайым қатынастар арқылы цементтің гидратациялық дэрежесін, яғни оның мықтылық потенциялын пайдалану дэрежесін білуге болады. «Су - цемент» жүйесінде судың оптималдық мөлшері судың - цементтің салмағына немесе кері цемент салмағының суға қатынасы бойынша беріледі. Оны мықтылықтың су - цементтік /С/Ц/ факторы деп атайды. Айтылған мәліметтер бойынша судың цемент салмағына оптималдық қатынасымен дайындалған құрылыс ерітіндісіндегі немесе бетон араласпасындағы цемент желімінің мықтылығы жоғары болатындығы анық, яғни құрылыс ерітіндісінің немесе бетонның салыстырмалы жағдайда мықтылығы, аязға төзімділігі жэне мэңгілігі

зор болатынында күмэн жоқ. Қатаю жылдамдығына цемент ұнтақтылығының эсер етуінің де жөні бар. Өте майда ұнтақталған сайын цемент түйіршіктерінің меншікті ауданы үлкейе береді, демек белгілі бір уақытта пайда болатын геляның /коллоидтың/ мөлшері де көбейеді. Мұндай жағдайда гель қысқа уақыт ішінде жалпылай кристалдық туындылар береді де кристалдық структураның тездете дамуына себепкер болады. Мұндай цемент мықтьшық потенциалын жылдамырақ көрсетеді. Сондықтан, ол маркалық мықтылығына жеткен соң одан эрі мықтылығын қосымша ұлғайтпайды.

Қоймада, әсіресе жан-жағы ашық қоймада, ұзақ сақтағанда, цементтің активтігі төмендейтінін де түсіне алатын фактор. Цемент түйіршіктері ауадағы ылғалмен әрекеттесіп, гидратациялық өніммен қапталады. Алиттің гидролизінен пайда болатын Са(ОН)г ауаның көміртегі қышқылымен әрекеттесіп карбонатқа көшеді. Сөйтіп әрбір түйіршіктер тығыз қабықпен оралады. Мұндай цементті диірменге қайтадан тартып, активтігін қалпына келтіреді. Бірақ гидратталынған жэне карбонатталынған түйіршіктер инертті бойымен қалады да, цементтің жалпы мықтылығы төмендейді.
Портландцементтің қасиеттері.

Цементтің құрылыс материал ретіндегі құндылығы - оның қатайғандағы мықтылығы. Портландцементтің мықтылығы туралы айтқанда қатайған цемент тасының мықтылығын жобалайды. Мықтылық цементтің қолдану мүмкіншілігін бағалайтын көрсеткіштердің бірі.

Стандарттық үлгінің 28 тәулік шагында қысқандағы мықтылық шегі цементтің активтігі деп аталады. Портландцементтің активтігі бойынша оның маркалары тағайындалған. МОСТ 10178 - 85 бойынша маркасының сан мағынасы нормалды құммен сыналатын цемент ерітіндісінен /кұрамы салмағы бойынша 1:3, судың цементке катынасы 0,4/ жасалган, 28 тэулік нормалдық жэне ылғалды ортада қатайған мөлшері 40x40x160 мм үлгі бөрененің жартысын қосқандағы мықтылық шегімен анықталады. МСТ мықтылық шегін МПа немесе кгк/см2 арқылы нормалдайды. М400, 500, 550, 600 цемент үлгілері -бөренелері үшін 28 тэуліктен кейінгі игендегі мықтылық шектері, өздеріне сай мына мағыналардан кем болмауы керек МПа/кгк/см2/:5,4/55; 5,9/60/; 6,1/62/; 6,4/65/; ал, қысқандағы мықтылық шегі өздеріне сәйкес - 39,2/400/; 49,0/500/; 53,9/550/; 58,8/600/;

Портландцементтің мықтылығы уақыт бойынша біркелкі дамымайды. Мықтылығының ең көп өсетін мезгілі алдыңғы бір айдың іші. Одан кейінгі уақытта цементтің мықтылығы өте баяу өседі. Мысалы, үшінші тэулікте мықтылығы цемент маркасының 40-50 %- на жетеді, ал жетінші сөткеде - 60-70 %. Бұдан кейінгі уақытта цемент мықтылығын бүдан да баяу дамытады, сөйтіп 28 тәулікте маркалық мықтылығын береді. Цемент тасы қолайлы жағдайда жылдар бойы қатайып, маркалық мықтылығын 2-3 есе үлкейтетін қасиеті бар. Цементтің теориялық қысқандағы мықтылығының шегі 2400 - 3400 МПа аралығында. Практика жузінде мықтылыгы 280 -320 МПа жүк тиеп, тығыздау арқылы қалыпталған бетондар алынған. Демек, портландцементтің потенциалдық мықтылығын толықтай пайдалану болашақтың проблемасы.


Цементтің ұнтактылығы

/МСТ 10178 - 85/№008 тор көзінің мөлшері - 80 мкм/ електен сынаққа алған цементтің кем дегенде 85 пайызы өтетіндей болуы қажет. Портландцемент түйіршіктерінің орташа мөлшері 40 мкм. 6-12 ай бойы қатайғанда түйіршіктің гидратацияланған қалындығы эдетте 10-15 мкм аспайды. Мұндай дәрежеде ұнтақталған цемент түйіршіктерінің дербес /меншікті/ бетінің ауданы 2500 - 3000 см2/г. Бүл нормалды үнтақталған цемент. Цемент үнтақтылығының оның мықтылығы үшін маңызы туралы жоғарыда айтылған.



Су талапкершілігі - нормалды /қалыпты/ қою цемент қамырын алу үшін керекті су мөлшерімен /пайыз/ бағаланады. Оны Вик аспабындағы пестиктің циликдрдегі қамырға бату тереңдігі бойынша анықтайды. Цементтің су талапкершілігі оның минералдық қүрамына, үнтақтылығына, минералдық қоспаның барлығына байланысты. Қоспасыз цементтің су талапкершілігі 22 - 26 пайыз аралығында болады. Цементтің үстасу жылдамдығы мен көлемінің біркелкі өзгеруі қалыпты цемент қамырын сынау арқылы анықталады. Цементтің бұл қасиеттері туралы жоғарыда айтылған. ¥стасу мезгілінің басы - ең ертесі 45 мин. кейін, ал соңғы - ең кеші 10-12 сағ. кейін болуы керек. ¥стасу мезгілдерін Вика аспабындағы иненің қамырға батырылу тереңдігі арқылы анықталады. Цементтің үстасу мезгілін нормалдау үшін клинкерді үнтақтау кезінде гипс қосады, ал жылдамдату немесе баяулату үшін арнаулы қоспалар пайдаланады. Цемент тасының көлемінің біркелкі өзгермеуі оның қүрамында кальций жэне магний оксидтерінің барлығымен байланысты. Стандарт бойынша көлемінің бірқалыпты өзгеруін нормалды қою цемент қамырынан жасалған, 24 сағ. алдын - ала қатайып, содан соң 3 сағ. қайнатылған үлгі -күлшенің бетінде ортасынан шетіне жететін тамыр түсті жарықтың жоқтығы арқылы байқалады. (Сур.3.6., а,б жэне 3.7, а,б)

Цемент тасының мәңгілігі

Цементтің бүл қасиеті қүрылыс үшін өте маңызды. Себебі бетон және темірбетон конструкциялары пайдалы жүктің астында мықтылығы мен тұрақтылығын көрсетумен қатар өндірістік тұрғын және басқа үйлер мен ғимараттарды пайдаланғанда түрлі бұзарлықтай әсері бар физикалық жэне химиялық факторларға қарсы тұрақтылық, мэңгілік қасиеттері болуы керек. Мысалы, сур. 3.8. көрсетілгендей, үйлер және биналар тұщы жэне минералдалынған сулары, қышқылдары, сілтілері бар ортада жэне түрлі бу мен газдар бөлінетін жерлерде пайдаланғанда, су деңгейінің бірде еріп, бірде мұздап немесе ауыспалы суланып-құрғатылып тұратын жағдайда цементтің мұндай жағдайларда шыдамсыздығынан бетон жэне темірбетон конструкциялары біртіндеп қирайтын жағдай сирек емес. Мұндай опатқа ұшыраған үйлерді, биналарды, қора-қопсыларды қайтадан қалпына келтіру көп қаражат, материалдық жэне техникалық шығындармен байланысты. Сондықтан алдын-ала құрылыстың пайдалану жағдайына байланысты болатын агрессивті факторлардың конструкцияларға тигізетін эсерін білген жөн. Мұндай физикалық және химиялық әсерлермен бұзылуын цементтің коррозиясы деп атайды. Коррозияның негізгі себебі - бірде еріп, бірде мұздаудан, ауыспалы суланып-кебуден жэне түрлі химиялық процестерден. Сондықтан, цементтің аязға, ауаға және химиялық эсерлерге төзімділігі туралы нақтылы мэліметтер келтіріп, оларға түсінік берудің мамандар үшін техникалық-экономикалық маңызы зор.





  1. Дәріс 10 Тақырыбы: Порландцементтің арнаулы түрлері, ерекшеліктері


Дәріс жоспары:

  1. Порландцементтің арнаулы түрлері

  2. Тез қатаюшы портландцемент

  3. Сульфатқа төзімді портландцемент

  4. Ақ және түсті портландцементтер

  5. Үстілей /сыртқы беті/ активті органикалық қоспасы бар портландцементтер

  6. Созымдыланған портландцемент

  7. Пуццоландық портландцемент (ППЦ)

  8. Активті минералдық қоспасы бар портландцемент

  9. Шлактық портландцемент /ШПЦ/

  10. Глиноземдік цемент. Ерекшелігі, өндірілуі, касиеті, қолданылуы.

Құрылыстардың түрлі гидро-геологиялық, климаттық және экологиялық жагдайда салынып, пайдалануына байланысты талаптарга сәйкес портландцементтің көптеген түрлері өндіріледі. Мұңдай арнаулы қасиеттері бар, цементтерді алу үшін ең алдымен шикі заттардың компоненттерін таңдау, жақсылап дайындалган шикі араласпаны оптималдық режимде күйдіру арқылы клинкердің структурасын және минералдық құрамын реттейді, сөйтіп алынатын цементтің құрылыстық-техникалық қасиетін қамтамасыз етеді. Ал, клинкердің диірменде тарту мезгілінде цементтің ұнтақтылығын, фракциялық кұрамдарын реттей отырып жэне тиісті қоспалар енгізу арқьшы оның қатаю жылдамдыгын, мықтылығын, суталапкерлігін және т.б. маңызды қасиеттерін қажетті бағытта өзгертеді. Активті минералдық жэне органикалық заттарды оптимальды мөлшерде клинкермен қоса ұнтақтап, керекті қасиетті арнаулы цементтер түрін шыгарады. Сондықтан, қазіргі цемент өнеркәсібінде шығарьшатын портландцементтің біраз арнаулы түрін, олардың технологиясын, қасиетін және қолдаңуын қарап өткен жөн.



Тез қатаюшы портландцемент /ТҚПЦ/.

ТҚПЦ ерекшелігі - құрамында рационалды мелшерде алынған активті минералдық қоспасы бар, қатаю процесі алғашқы 3 тәулікте өте интенсивті өтеді. ТҚЦ алғашқы мезгілде тез қатайып, мықтылығын ұлғайту эу баста осығаң сәйкес минералдық құрамы бар клинкерді алу, гипстің мөлшерін көбейте қосу, цементтің ұнтақтылыгын 3500 - 4500 см /г дейін жеткізу шараларына негізделген. Әсіресе, көбінесе активтігі жетерліктей жоғары негізгі үш кальцийлі силикат пен үш кальцийлі алюминаттан тұратын клинкерден алынган цемент дұрыстау болады. С28 мөлшері кем дегенде 55 пайыз, С3А - көп дегенде 8-10 пайыз болуы керек.

Тез қатаюшы портландцементтің екі маркасы болады: 400 және 500. Бұл цементер үшін мықтылықтары 3 тәулік және 28 тәулік қатайган мезгілдеріне сай нормаланады. МОСТ бойынша ТҚЦ М400 3 тәулік бойы нормалдық жагдайда қатайғанда қысқандағы мықтылық шегі 24,5 МПа, ал ТҚЦ М500 -27,5 МПа кем болмау керек. Бұдан кейінгі уақытта мықтылығы баяу өседі де, 28 тәулікке таман олардың мықтылық шегі дагдылы маркасы 400 жэне 500, яғни портланцементтікіндей болып шығады.

Өте тез ңатаюшы портландцемент /ӨТҚЦ/. Өндірісте өте тез қатаюшы цемент аздап шығарылады. Бұл цементтің маркасы 600 және 700. Мықтылығы 1 тәуліктік немесе одан ерте шағында нормалданады. Оны құрамында 65 - 68 пайыз С38 және көп дегенде 8 пайыз С3 А бар клинкерді 4000 - 5000 см / г дейін ұнтақтап алады. ТҚЦ және ӨТҚЦ тездете жүргізілетін құрылыста және заводта немесе далада қыс мезгілінде бетон және темірбетон конструкциялары мен бұйымдарын жасауға қолданады. Бұл цементтерді қолданғанда олардың шығынын төмендетуге, конструкцияларды жылумен өңдеу мезгілдерін қысқартуға мүмкіншілік туады. Тез жэне ете тез қатаюшы цементтерді үлкен жэне қалың бұйымдар мен конструкцияларды жасау үшін ұсынуға болмайды. Оның үстіне бұлар сульфоалюминатты коррозияга онша шыдамды емес.

Сульфатқа төзімді портландцемент

Сульфатка төзімді портландцементтің ерекшелігі: сульфатты судың агрессивтік әсеріне төзімділігі жоғары және қатаю кезіндегі экзотермиясы төмен, ал аязға төзімділігі жоғарылау. Сульфатқа төзімді портланцементті/ СТПЦ/ активті минералдық қоспаларды қосып және қоспай да шығарады. Минералдық қоспалар ретінде 10 -20 пайыз гранулданған домна шлагын немесе электротермофосфорлық щлагын немесе 5-10 пайыз шөгінді тау жыныстарын қосады. СТПЦ минералдық кұрамы нормалданған клинкерден алынады. Оны құрамында С3А мөлшері 5 пайыздан көп емес, С38-50 пайыз және С3А - С4АҒ - 22 пайыз болатындай етіп дайындайды. С38 жэне С3А мөлшерлері аздау болатындықтан СТПЦ активтігі едэуір төмендеу болып, қатаю процесі баяу өтеді. Қазіргі шығаратын қоспасыз сульфатқа төзімді портландцементтің маркасы М 400, ал активті минералдық қоспа қосылған СТПЦ маркасы М 400 жэне 500. Сульфатты судың әсері бар, қыста ауыспалы мұздап және еріп, жазда болса - тұщы сумен бірде суланып, бірде кеуіп тұратын жағдайда пайдаланатын үйлерге қоятын талапқа сай сульфатқа төзімді цементті қолдану орынды. Себебі бұл цемент сульфатқа да және аязға да, әрі суғадатөзімді.



Ақ және түсті портландцементтер

Ақ цементтің жай портландцементтен айырмашылығы - онда цементтің түсіне әсер ететін темір тотығы, марганец тотығы, хром тотығы және сол сияқты бояушы тотықтар аз болады. Ақ жэне түсті цементтер құрамында 8іОг - 23,5 - 25,5 пайыз және АІ^Оз - 5,5 - 7 пайыз, темір тотығы өте аз /Ғе^Оз - 0,4 - 0,5/ клинкерден алады.

Ақ цемент алуға арналған клинкердің минералдық құрамы С38 -35-50%; С28 - 35-45%; С3А - 14-17%; С4 АҒ - 0,9-1,4%. Ал, М§0 ең көп болғанда - 4,5 пайыздан аспау керек. Ақ және түсті портландцементтерді өндіру үшін, әдетте, барынша таза карбонаттар мен құмды саздарды қолданады. Бұларға темір, марганец және т.с.с. оксидтерінің жеке мөлшері ең көп дегенде 0,1 -0,8% болуы керек. Бұл цементтерді өндіру тәсілдері кәдімгі портландцементті өндіру тәсілінен, технологиялық процестердің жүйесінен айырмашылығы жоқ деуге болады, бірақ аздаған күрделілігі жэне шикі заттардың құрамын таңдауда, пештен шыққан клинкерді тез суыту тәртібі бойынша ерекшелігі бар.

Ақ цементтің сапасы ашықтық коэффициенттің мөлшерімен анықталады. Ашықтық коэффициент алынған цементтің ақтығының /пайыз/ эталондық цементтің ақтығына қатынасы. МОСТ 965 - 78 талабына сай цемент өзінің ақтық дәрежесі бойынша үш сортқа бөлінеді:АЦ - 1, АЦ - 2, АЦ - 3 бұларға сай ақшыл коэффициенттері - 80; 75 және 68 /фосфордың ашықтық коэффициенті - 70-90, ал кэдімгі портланцементтің - 20-40/. Бұл цементтің қысқандағы мықтылық шегі бойынша екі маркасы - М400, 500 жэне екі түрі болады - ақ портландцемент жэне минералдық қоспасы бар ақ портландцемент. Минералдық қоспа ретінде ақшыл диотомит, күйдірілген ақ каолин жэне т.б.с.с. шөкпелі жыныстар қолданылады. Активті минералдық қоспалардың мөлшері 20 пайыздан аспау керек, ал инертті қоспа ең көп болғанда 10%. Ал цементтің ұстасу мезгілдері: басы - ең ертесі 45 мин., аяғы - ең кеші 12 сағ.

Түсті портландцементтерді ақ немесе кәдімгі жай клинкерді бояушы пигменттермен қоса ұнтақтау арқылы алады. Минералдық пигменттер ретінде қолданатындар: сары түсті цемент алу үшін -охра, қызыл түстіге - темір сурикі, жасыл үшін - темір купорасы және т.б. бұлардың қосқандағы мөлшері 10 пайыздан аспау керек, ал органикалық пигменттерде - 0,3 пайыздан.

Ақ түсті портландцементтер міндетті түрде арнаулы контейнерде немесе көп қабатты қағаз қабында қоймада сақталып жэне тұтынушыларға тасылулары керек.

Ақ және түрлі түсті ерітінділер және бетондар алу үшш өздерше сәйкес түсті толтырушылар - ақ жэне түсті мрамордың, граниттің, ізбестің қоқымдарын, ақ кұм және т.б.с.с. тау жынысынан алынатын минералдық өнімдері қолданады.

Ақ жэне түсті портландцементтер мыктылығы зор, мәңплік өңдеуші материал. Оларды архитектуралық өНДеу, әсемдеу жұмысына керек құрылыс ерітінділерді, бетондарды алу үшін қолданады.



Үстілей /сыртқы беті/ активті органикалық қоспасы бар портландцементтер

Портландцементтің бірқатар қасиеттерін жақсарту үшш оған органикалық үстілей /сыртқы беті/ активті қоспалар қосады. Бұл қоспалар цемент массасынан 0,1-0,3 пайыз мөлшердей клинкерді диірменге тартарда немесе құрылыс ерітінділерін және бетондар араласпаларын дайындар кезде сумен бірге крсады.

Бұл цементтер органикалық сырттай активті қоспалардың түрше, олардың эсер ету механизміне байланысты екі топқа бөлінеді:

1. Цемент түйіршіктеріне онша су жұқтырмайтын гидрофобиздаушы қоспасы бар портландцемент /гидрофобты цемент/.

2. Цемент түйіршіктерінің сулануын жақсартатын гидрофилдеуші қоспасы бар портландцемент /пластифицирланған цемент/.

Созымдыланған портландцемент. Бұл цементті алу үшін жұмсақтандырушы қоспа ретіндецемент салмағынан 0,15 - 0,25 пайыз техникалық лигносульфонатын/ ТЛС/ -лигносульфондық қышқылдардың кальцийлық-натрийлық тұздардың араласын колданады. Бұлар сульфитті - ашытқыланған бражкалардың - САБ/ СДБ/ концентраттары қалпында жасалады; құрамындағы құрғақ заттардың мөлшеріне байланысты олар екі маркаға бөлінеді: КБЖ және ХБТ/ССТ 81 - 79 - 74/. САБ/СДБ/ - қою созылмалы, ерекше исі бар күңгірт қоңыр түсті сұйыктық. САБ/СДБ/ қоюлық -жабысқақтығы, коллоидты ерітіндідегі сияқты, концентрацияға жэне температураға байланысты - температура төмендеген сайын

Пластифицирланған - созымдыланган, жұмсактзлынган деген мағынада


АКТИВТІ МИНЕРАЛДЫҚ ҚОСПАЛАРЫ

БАР ПОРТЛАНДЦЕМЕНТТЕР
Активті минералдық қоспалар деп, ұнтақталған қалпында ауалық әкке қосқанда оған гидравликалық қасиет беретін, ал портландцементке қосқанда оның сульфатты суға төзімділігін жоғарылататын табиғи және жасанды минералдық немесе өнеркэсіптік өндірісінің қалдықтарын айтады. Мұнымен қатар бұл қоспалар әктің жэне цементтің өзіндік құндарын едэуір төмендетеді, активті минералдық қоспасы бар байланыстырушы заттар пуццоланды байланыстырушылар деп аталады. Олар негізгі байланыстырушының және пайдаланған активті қоспалардың түрлері бойынша топқа бөлінеді.



1   2   3   4   5   6   7   8


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет