Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі семей қаласының ШӘКӘрім атындағы мемлекеттік униврситеті


Битумдар, олардың құрамы, структурасы



жүктеу 1.28 Mb.
бет7/8
Дата28.04.2016
өлшемі1.28 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

Битумдар, олардың құрамы, структурасы

және қасиеттері

Табиги битумдар - (катты немесе қою болулары мүмкін) жер қыртысының жоғарғы қабатында мұнайдан ұшқыш фракцияларының буланып шығуы нэтижесінде жэне қышқылдану процесі мен полимеризациялану нэтижесінде пайда болған. Табиғи битумдар кейде азғана минералдық қоспасы бар таза битумнан тұратындай кен түрінде кездеседі. Көпшілігінде олар шөгінді тау жыныстарында (кұмда, құмтастарда, саздық жерлерде, карбонаттық жыныстарда) болады. Мұндай жыныстарды асфальттықтар не,месе битуминоздықтар деп атайды. Құрамында 2-3 %- дан төмендей битумы бар жыныстарды, олардан битумды бөліп шығару тиімсіз болатындықтан, ұнтақтап асфальттық порошок түрінде асфальттық бетондарға және асфальттық мастиктерге қоспа ретінде пайдаланады.

Табиғи битумдар атмосфераға тұрақтылығының жоғарылығымен жэне тас материалдарының бетіне жақсы жабысатындығымен ерекшеленеді, бірақ тапшылығы жэне құнының жоғарылығы кең қолданылуын шектендіреді. Оларды химиялық жэне лак - бояу өнеркэсібінде басым қолданады,

Мүнай битумдары өндіру тәсілдеріне байланысты қалдықты, тотықтандырылған (қышқылдандырылған) жэне крекингленген деп аталатын битумдарға жіктеледі. (сурет 12.2).

Қалдық битумдар гудрондардан майды толық ажырату арқылы алынады. Бұлар қалыпты температурада қоюлығы онша емес қатты жэне қаттылау өнім. Олардың қоюлығын асыру үшін қабаттары аркылы ауаны үрлеп қышқылдандырады. Сонда жогары молекулалы кұрамалар құралуы нэтижесінде, битумдар тығыздалынып, қоюлықтары жоғарылайды, соның нэтижесінде қышқылдандырылған битумдар алынады (сурет 12.2).



Қышқылдандырылган битумдар қалдықтыға қарағанда төзімділеу жэне мәңгілігі бойынша табиғи битумнан кем емес. Гудронды сұйық пропанмен өңдегеннен кейінгі қалдық ретінде алынатын битумды майлық дистилляттарымен араластыру арқылы араластырылған битумдарын алады.

Крекингленген битумдар. Мазутты өңдегенде пайда болатын қалдықты қышқылдандырумен (ауамен үрлеу арқылы) алады (сурет 12.2).

Қатты жэне онша қатты емес битумдарды қыздырғыш қондырғыларымен жабдықталған теміржолмен вагон

цистерналарында немесе қагаз мүшектерінде тасиды; сұйық

битумдарды - мұнайлық және мазуттық цистеріндерде. Битумдарды арнайы жасалынған сақтағыштарда сақтаған жөн.

Құрамы және структурасы. Жоғарыда айтылғандай, битумдар жоғары молекулалы көмірсутектерінің араласынан, ең алдымен, метандардың (СпНгп-г) жэне нафтендердің (СпНгп) ароматтық қатарларынан және олардың оттегімен, күкіртпен және азотпен әрекеттескендегі туындыларынан тұрады. Барлық битумдардың химиялық қарапайым құрамдары бірдей деп санауға болады. Оларда 70 - 87 % көміртегі, 15%- ға дейін сутегі, 10 %- ға дейін оттегі, 1,5 %-ға дейін күкірт және шамалы ғана азот бар. Осы қарапайым химиялық қүрамдары битумдардағы қүрамаларды қүрайтын элементтердің тек материалдық балансы туралы мәлімдеме айтуға мүмкіншілік береді, ал битумдарда болатын ондаған химиялық қосындылар жөнінде және олардың битум структурасы мен қасиетіне тигізетін әсерлері туралы ой қорытуға мүмкіншілік тудырмайды. Битумдардан жекелеп көмірсутектік қосындыларды бөлектеу тіпті күрделі. Сондықтан, битумдардың структурасын және қасиеттерін зерттеу үшін арнайы тәсілдермен қасиеттері бір-біріне үқсас көмірсутектілер тобын бөлектейді. Мүндай топтарға майлар, смолалар, асфальтендер жэне олардың модификациялары (карбендер жэне карбонадтар), асфальтоген қышқьшдары жэне олардың ангидридтері жатады.




Майлар - қалыпты температурада сүйық болатын көмірсутектілердің топтары, тығыздығы 1-ден кем емес жэне молекулалық массасы 100+500. Майдың битумда көбеюі оның жылжымалығын жэне аққыштығын үлғайтады.

Смолалар - қою созылмалы; қалыпты температурада қатты немесе шала қатты заттар; тығыздылығы бір шамасында және молекулалық массасы 500-1000. Смоладағы көмірсутектілердің кұрамы майларға қарағанда күрделілеу. Смолалар битумдарга байланыстырушы және созымталдық қасиет береді.

Асфальтендер - тығыздығы бірден көбірек және молекулалық массасы 1000 +5000 жоғары келетін балқымайтын қатты жоғары -полицикликалық қосындылар. Кейбір асфальтендер майлық және смолалық фракцияларда - ерігіш, бос көміртегі бар басқалары -карбендер жэне карбонадтар ерімейді. Ауаны қатыстыра битумды үзақ қыздырғанда, майлар жэне смолалар асфальтенге көшеді. Сондай-ақ, күн радиациясы әсерімен битумдарда шектен тыс көп асфальтендер қүралуы мүмкін, сөйтіп, біртіндеп битумдар бүзыла бастайды. Мұны битумдардың «ескіруі» деп атайды.

Асфальтогендік қышқылдар полинафтендерлік қышқылдар тобына жатады, олар қоюлығы бойынша қатты немесе аса қою болуы мүмкін. Битумның сырттай активті бөлігін қүрайтындықтан, бүл қышқылдар оның таспен және басқа материалдармен ілінісу беріктілігін жоғарылатуға ықтимал жасайды.

Топталынған көмірсутектер битумдар қүрамына эртүрлі қатынаста кіретіндіктен жэне күрделі дисперстік жүйе қүрайтындықтан, олардьщ структурасы мен қасиеті осы көмісутектер тобының мөлшеріне байланысты болады. Бүл жүйеде дисперсиялық орта смолалардың молекулярлық ерітіндісі немесе олардың майдағы бөлшектері болады, ал асфальтендер сыртындағы адсорбталынған смолалар бөлігімен бірге дисперсиялық фаза болып табылады. Егерде, осы дисперсиялы жүйеде артық дисперсиялық орта болып қалса, онда күрама түйіршік (мицелла) өзара жақындап қосылмайды да, дисперсиялы ортада еркін қозғалатын болады. Мүндай структура қалыпты температурада сүйық битумдарға тэн қасиет жэне көтеріңкі температурада қою битумдардың структурасы да осындай.

Сонымен дисперсиялық жүйе ретінде битумдар қасиеті олардың қүрамындағы майлардың, смолалардың және асфальтендердің мөлшерлік қатынастарына байланысты. Асфальтендер мен смолалар мөлшерінің көбеюіне сай битумның қаттылығы, жүмсарту температурасы және морттылығы жоғарылай түседі. Керісінше, смоланы біршама ерітетін май битумды жұмсартады және оңай балқитын етеді.

Мұнайлық битумдарда болатын парафин олардың қасиетін нашарлатады, төмен температурада морттығын ұлғайтады, сондыктан битумдарда парафиннің мөлшерін 5 % асырмауға тырысады.



Битумдар қасиеті. Битумдар сапасын сипаттайтын басты қасиеттері - олардың қоюлығы, (созымталдығы) жұмсару температурасы, омыртқылығы жэне лап етіп жану температурасы саналады. Қоюлығы битумдағы қабаттар ішіндегі түйіршіктердің өзара қозғалысында көрсететін кедергісін сипаттайды. Битумдардың көбінде қоюлықтары тұрақты болмайды; ығыстыру кернеуі немесе деформациялық жылдамдық градиенті өскен сайын қоюлығы азая түседі. Сондықтан, түсірілетін күш мөлшеріне байланыссыз қоюлығы нағыз немесе ньютондық болып саналатын идеалдық сұйық денеге битумдарды жатқызуға болмайды. Тек қана жоғары температурада, қашан битумның мицеллярлық структурасы жылылық қозғалыстың кинетикалык энергиясы арқасында толық бұзылар дерліктей болғанда, немесе структурасы толықтай механикалық бұзылуына сэйкес келетіндей, ығыстыру кернеулерінде жэне деформациялық жылдамдық градиенттерінде битумдар нағыз қоюлығы бар сұйықтарға көше алады. Сонда иненің битумға батуы неғұрлым терең болса, соғұрлым оның қоюлығы аз болғанын көрсетеді.

Структуралық қоюлығын өлшеу үшін түрлі аспаптар қолданылады. Кейбір аспаптар қоюлықты абсолюттік бірліктерде (пуаздарда) өлшеуге мүмкіншілік береді, екіншілері бұл сипаттамаларды шартты белгілермен багалауға мүмкіндік тудырады. Битумдарды сынау түрлі МСТ бойынша қоюлығын, дұрыстау айтқанда аққыштылығын, яғни қоюлыққа кері мөлшерін, пенетрометр деп аталатын өлшеу аспабында белгілі бір күшпен жэне температурада сыналатын битумға инені батыру арқылы анықтайды. (сурет 12.3. жэне 12.4). Сонда иненің битумға батуы неғұрлым терең болса, соғұрлым оның қоюлығы аз болғанын көрсетеді.

Иленгіштік созымталдық битумдардың маңызды қасиеті болып табылады. Майлар мөлшері көбейген сайын, температура көтерілген сайын және күш эсері ұзақтаған сайын битумдардың созымталдығы жоғарылай түседі. Оны тоқтатқанда, олардың төмендеуін анықтап бағалауға мүмкіндік беретін аспаптар көмегімен зерттейді.

Стандарт бойынша, битумдардың иленгіштігін (созымталдығын) шартты түрде олардың созылғыштығы бойынша сипаттайды. Оны, дуктилометр деп аталатын аспап көмегімен 8 пішінді берілген үлгіні үзілгенше созу арқылы, ұзару ұзындыгын сантиметрмен өлшеп анықтайды.

Әдетте, битумның созылғыштығы ондағы смолалардың көбеюіне сәйкес жоғарылайды. Төмен температураларда битумдар созылғыштығын (созымталдығын) сақтағаны маңызды қасиет, сондықтан да оның созылғыштығын екі температуралық мөлшерде + 25 және 0 С шамасында анықтайды.

Жүмсарту температурасын «сақина және шар» деп аталатын стандартық аспапта анықтайды. Битумның бұл қасиетін оны біртіндеп қыздырғанда стандарттық сақинадағы битум қабаты жұмсарып үстіндегі бос жатқан металл шаригінің салмағымен созыла деформацияланып - жоғарғы өрешеден (полкадан) төменгісіне түскен сәттегі температура шамасымен сипаттайды. Битумның қоюлығы жоғарылаумен, оның жұмсарту температурасы да көтеріледі, ал созылғыштығы, әдетте, төмендейді.

Омыртқылық температурасы деп битумның арнайы аспаптың жез (латунь) табақшасына жағылған жұқа қабатын игенде жарық бірінші рет пайда болгандағы температураны айтады.

Битумның лап етіп іщтану температурасы оны қазанда қыздырған кездегі от қауіптілігін сипаттайды. Лап етіп тұтану температурасын, сурет 12.7. көрсеткендей, стандартты аспап көмегімен анықтайды, яғни битумды қыздыру процесінде кезекті рет отты оған жақындата бергенде тигельдегі битумнан бөлініп шьіққан будың лап етіп тұтанатын сәтіндегі битум температурасымен бағалайды. Әдетте қою және қатты битумдардың лап ету температурасы 200°С аспайды. Битумдардың негізгі кемістіктеріне ең аддымең қою битумдардың аяз мезгілінде омырткылықтарының жоғары болатындығы жатады. Айыру (изоляциялау) үшін арналған битумдарды резиналар қосу арқылы сапасын жақсартуға болады. Мұндай битумдардың созымталдығы, серпінділігі, температураға тұрақтылығы, аязға төзімділігі жоғары болады және «ескіру» мезгілі баяу келеді.

Битумдар қасиеттерінің көрсеткіштері жиынтығы олардың маркаларын сипаттайды, яғни маркаларын тағайындауға негіз болады. Сонымен, битумдар маркасы қолдануларына байланысты белгілі техникалық талаптарды қамтамасыз етуі керек. Мысалы, өндірісте кеңінен қолданатын мұнайлық битумдар құрылыстық, жамылтқылық және жолдық болып бөлінеді, ал басты қасиеттері боиынша -маркаларға жіктеледі. (кесте 12.1).



Битум маркаларындағы цифралар иненің битумға бату тереңдіктерінің мүмкіндік ауытқу шектері. Сондай-ақ, тағы үш кластағы сұйық жол битумдары шығарылады: ТҚ - тез қоюланғыш; ОК - орташа жылдамдықпен қоюланғыш жэне БҚ - баяу қоюланғыш сұйық битумдар. Бұлардың құрамында «сұйықтатқыш» болатындықтан, қоюлықтары төмен, яғни сұйық консистенциялы болады, сондықтан, оларды құрылыста сұйык қалпында немесе шамалы қыздырган (50-КЮ°С дейін) күйінде қолдана

береді. Сұйық битумдардың маңызды қасиеттеріне қоюлығы, фракциялык құрамдары және лап етіп жанулары жатады.

Айыру (изоляциялау) үшін арналған битумдарды резиналар қосу арқылы сапасын жақсартуға болады. Мұндай битумдардың созымталдығы, серпінділігі, температураға тұрақтылығы, аязға төзімділігі жоғары болады және «ескіру» мезгілі баяу келеді.

Битумдар қасиеттерінің көрсеткіштері жиынтығы олардың маркаларын сипаттайды, яғни маркаларын тағайындауға негіз болады. Сонымен, битумдар маркасы қолдануларына байланысты белгілі техникалық талаптарды қамтамасыз етуі керек. Мысалы, өндірісте кеңінен қолданатын мұнайлық битумдар құрылыстық, жамылтқылық жэне жолдық болып бөлінеді, ал басты қасиеттері бойынша -маокалаоға жіктеледі. (кесте 12.1).

Битум маркаларындағы цифралар иненің оитумға юліу терендіктерінің мүмкіндік ауытқу шектері.

Сондай-ақ, тағы үш кластағы сұйық жол битумдары шығарылады: ТҚ - тез қоюланғыш; ОК - орташа жылдамдықпен қоюланғыш жэне БҚ - баяу қоюланғыш сұйық битумдар. Бұлардың құрамында «сұйықтатқыш» болатындықтан, қоюлықтары төмен, яғни сұйық консистенциялы болады, сондықтан, оларды құрылыста сұйык қалпында немесе шамалы қыздырған (50-*-60°С дейін) күйінде қолдана береді.

Сұйық битумдардың маңызды қасиеттеріне қоюлығы, фракциялык

құрамдары және лап етіп жанулары жатады.

Сұйық битумдар қоюлығын стандарттық вискозиметрмен анықтап, белгілі бір температурада жэне аспаптың берілген тесік диаметрінде 50 мл саналатын битумның ағып шығуына кеткен уақытымен (сек) бағалайды

Әдетте, битумдар қоюлығын ағызу тесігінің диаметрі 5 мм аспап көмегімен сыналатын битум температурасын 60 С жеткізе қыздырып барып анықтайды.


Дәріс12 Тақырыбы: Дегталар мен пектер және олардың құрамдары
Дәріс жоспары:

  1. Дегталар мен пектер және олардың құрамдары

  2. Дегталық байланыстырушы заттар құрамы

  3. Дегталар мен пектер қасиеттері

Құрылыста көбінесе таскөмірлік дегталарды қолданады. Себебі таскөмірлік дегталардың кұрылыстық қасиеттері басқаларына қарағанда көш ілгері жақсы. Олар кокс химиялық өндірісінде алынады. 1 т көмірді өңдегенде 700- 750 кг кокс, 300- 350 м3 коксгазы, 12 - 15 л бензол, 3 кг дейін аммиак жэне 30 - 40 кг дейін шикі таскөмірлік смола (шикі дегта) алынады.



Дегталық байланыстырушы заттар, сурет 12.9. келтірілгендей, екі топқа жіктеледі: шикі және айдалынған таскөмірлік дегталар болып.



Таскөмірлік шикі дегталар температуралық алыну жағдайына байланысты былайша жіктеледі: а) томеңгі температуралық бірінші дегта; оны 500- 600°С аяқталатың жартылай кокстаганда алады. Бұл дегта қаныққан және қанықпаған көмірсутектері мен фенолдан тұратын қою қара-қоңыр еұйык, тығыздығы 0,85-4 г/см3; б) жоғары температуралық дегта; оны 1000 - 1300 С аяқталатын кокстеу процесінде алады. Ол қою қара сұйық зат, тығыздығы 1,12 + 1,23 г/см3 және жұмсарту температурасы 40 - 70 С дейің.

Айдалынған дегта (немесе оны таскөмірлік смола деп те атайды) шикі төменгі температуралық смоланы лигрондық және керосиндік бөлшектерін (фракцияларын) бөле шығара фракциялау нәтижесінде алынады. Ол өзінің қоюлығы мен қасиеті бойынша жоғары температуралық дегтаға жақын.



Пек деп таскөмірлік шикі смоладан жеңіл майларды (қайнау температурасы 80°С дейін), фенолдық фракцңяны (180 - 210°С), нафталиндер фракциясын (210 - 230°С дейін), антрацендік майды (360°С дейін) шыгара айдағаннан кейінгі қалатын қатты өнімді айтады. Ол жоғары молекулярлық көмірсутектерінен және солардың туындыларынан, 8-КЗО% дейінгі ұнтакдисперсті түріндегі бос '' көміртектен тұратын қара түсті аморфты қатты зат.

Қүрастырылган дегталар пектарды дегталық (антрацендік жэне

т.с.с.) майларымен немесе сусыздандырылған шикі дегталармен қоса

балқытылып алынады. Себебі пекпен жэне еріткіш (антроцептік май)

екеуінің ара қатынастарын өзгерте отырып қажетті қоюлықты әне жұмсарту температурасымен құрастырылған дегталар алуға болады.


Дегталық байланыстырушы заттар құрамы--

Жетерліктей күрделі. Олардың құрамына 200 астам түрлі органикалық қосындылар, әсіресе алқандар қатарындағы көмірсутектері және олардың бейметалдық туындылары, яғни көмірсутектерінің оттегімен, азотпен жэне күкіртпен қосындылары кіреді. Бұл қосындылар дегтада күрделі дисперсиялық жүйені құрастырады, соңда дегталық майда шамалы ғана еритін бос көміртегі мен қатты смола дисперсиялық фаза құрайды да, ал май - дисперсиялық орта болып табылады.

Бұл жүйеңің бірқалыптылығы оптималдық жағдай өзгергенде (мысалы, жеңіл фракциялар буланьш ұшқанда) бұзьшады. Осыған байланысты дегталар негізінде алынатын материалдөр мен бұйымдардың маңызды құрьшыстық-техникалық касиеттері де өзгеріске ұшырап нащарлайды.
Дегталар мен пектер қасиеттері

Дегталардың қасиеттері көбіне битумдардағыдай, бірақ жылуға жэне ауада тұрақтылығы нашарлау, демек тезірек ескіреді. ТаскөмІрлік дегталардың тығыздығы, орташа алғанда,0,96 +1,3 г/см . Құрамында бос көміртегі мен қатты смолалар көбейген сайын майлық бөліктері азаятындықтан, қоюлықтары да жоғарылай түседі. Пектың жұмсарту температурасы 46 - 75°С. Дегталық материалдардың (толдердің) битумдар негізінде жасалған материалдармен (рубероидтармен) салыстырғанда атмосфералық тұрақтылығы төмен болатын себебі дегталар құрамындағы ұшқыш компоненттері (майлары) күннің сәулесінде сэл қызғанның өзінде буланып бөліне береді. Онымен қатар, дегталардагы көптеген түзінділер, мысалы көмірсутектілері қанықпаған, сондықтан да, айналадағы заттар мен (оттегімен жэне сумен) оңай химиялық эсерлесе полимеризацияланады, яғни өзінің құрамын жэне структурасын өзгертеді. Бұл процестің тезірек жүруіне ультрафиолеттік сәулелердің де эсері күшті. Сөйтіп дегталар негізінде алынған материалдардың өзінен-өзі жарықтанып омыртыла басталуы жүреді. Дегенмен, дегталарда полярлық топтары бар заттар көбірек болатындықтан, олардың басқа материалдар бетіне жабысу қабілеті жоғары болады және құрамындағы токсикалық заттар (фенол) арқасында, битумдармен салыстырғанда, шіру тұрақтылығы едэуір жоғары.



Қолданулары. Таскөмірлік дегталар, антроцендік май жэне пек жамылтқы (кровельдік) материалдар, мастиктер өндірісінде жэне дегтобетондар, ерітінділер және т.с.с. материалдар дайындау үшін қолданады. Көбінесе кровельдік мастиктер, лактар даярлауға, дегталар, толдер жасау үшін жэне жол құрылысында жұмсақ пек (жұмсарту температурасы 46-50 С) жэне орташа пек (жұмсарту температурасы 65-75 С) қолданады.


Дәріс 13 Тақырыбы: ОРГАНИКАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТЫРУШЫ НЕГІЗІНДЕГІ ЖАСАНДЫ МАТЕРИАЛДАР ЖӘНЕ БҰЙЫМДАР
Дәріс жоспары:

  1. Органикалық байланыстырушы негізіндегі жасанды материалдар және бұйымдар

  2. Битумдық пасталар


Битумдар және дегталар, эмульсиялар, пасталар негізіндегі аралас байланыстырушы заттар

Битумдар мен дегталардың оңды қасиеттерін ұқыптылықпен пайдалану үшін және олардың кемістіктерінің эсерін мүмкіндігінше азайтып ыңғайлы қолдану жағдайын тудыру мақсатында, солардың негізінде аралас байланыстырушылар, сондай-ақ эмульсиялар және пасталар дайындайды.

Битумды-дегталық байланыстырушы заттарды битумды дегтамен немесе дегталар өнімдерімен (пекпен, маймен) біріктіру арқылы алады. Солардың бірі, битумның немесе битумнан алынатын гудронның және таскөмір майының немесе пектын араласын біріктіре тотықтыру арқылы алынатын гудроком болып саналады. Мұндай құрастырылған материалдың атмосфералық тұрақтылығы жоғарылау болады және оларға енгізілген минералдық және басқа материалдармен өзара эрекеттесу қабілеті күштілеу келеді. Мысалы минералдық ұлпаларды қосып, гудрокомалық түрлі мастиктер дайындау жэне органикалық картонға жагу немесе сіңіру арқылы жамылтқы және гидроизоляциялық материалдарды жасау осындай олардың оңды касиеттеріне негізделінген.

Битумды-дегтаполимерлік байланыстырушылар. Мұнайлық битумдарды немесе таскөмірлік дегталық материалдарды және полимерлерді (әсіресе, каучукті және каучук сияқты заттарды) біріктіре араластырып алады. Битумды-резиналық байланыстырушыларды алу үшін резинотехникалық бұйымдар өндірісінің қалдықтарын, істен шыққан автомашиналар дөңгелектерінің сыртқы қабын, синтетикалық каучуктерді, полиизобутилендерді және т.с.с. жиі қолданады. Мұндай материалдар жуырда ескірмейді және жылуға түрақтылығы мен аяз мезгілдерінде онша сынбайтындығымен (морттылығының төмендігімен) пайдалы

ерекшеленеді.

Еитумдық жте дегталық эмульсиялар. Битумдық жэне дегталық эмульсия деп битумнан немесе дегтадан жэне судан тұратын жетерліктей сұйық дисперстік жүйені айтады. Әдетте, эмульсияда битумның немесе дегтаның мөлшері 50 - 60"% аспайды. Бір-бірімен араласпайтын битум немесе дегта, не олардың балқымасы жэне су сияқты құрамалардан тұратын қаймақ тәрізді араластан біртекті эмульсияны алу үшін оған сырттай активті заттарды - эмульгатор жэне стабилизатор қосады. Эмульгатор битум түйіршіктерінің бетіне тартыла жабысып коллоидтік қорғағыш жұқа қабық құрылуын қамтамасыз етеді де, битум түйіршіктерін тұндырмайды. Стабилизатор эмульгаторлардың әрекетін толықтырып, эмульсияның тұрақтылыгын асырады. Эмульгаторлар мен стабилизаторлар ретінде суда еритін минералдық және органикалық текті түрлі заттарды (сабынды, сілтілік материалдарды, майлы қышқылдарды, белоктық заттарды, ағаш смолаларын, крахмалды, желімді, натрий силикатын, сульфиттік-дрожжалық ашытқы концентраттарын, асидолды және басқа т.с.с) қолданады. Бұлардың дерліктей барлығының молекулалары ассиметриялық-полярлы, демек, олар активті полярлық топтардан тұрады. Бұл активті топтардың гидроксиль ОН, карбоксиль СООН, СООЫа(К) сияқты полярлы топтары, сондай-ақ көмірсутектер тізбектері СНз- (СН2)П (мысалы, нафтендер қышқылдарының натрийлік тұздары, кальций лигносульфонаттары) битум немесе дегта түйіршіктері бетіне адсорбционала қоршап бір-бірімен біріктірмей, эмульсияның дисперстігін белгілі уақыт бойы сақталуын қамтамасыз етеді.

Эмульсияларды арнаулы диспергаторларда дайындайды. Ол үшін битумды (дегтаны) 160 - 180 С дейінгі температураға, эмульгаторды - 95°С дейін қыздырады. Дұрыс дайындалған эмульсиялар тшэақтылығын жетерліктей уақытқа сақтай алады. Тек эмульсияларды 0 С жоғары температурада темір ыдыстарында жабық жайларда сақтаған жөн. Оның сұйықтығын асыру үшін қолданар алдында су қосып араластырады. Эмульсия дайындау үшін майлар, смолалар едәуір мұнайлық битумдар, сондай-ақ, жеңіл балқитын табиғи битумдар жарамды. Сонымен қатар, табиғи немесе синтетикалық каучуктің сулық дисперсиясынан жэне резиналық дисперстерді де қолданады. Мұндай күрделі дисперсияның кэдімгі битум эмульсиясынан артықшылығы мынада: ескіру процесі отырып баяу жүреді, битумды-резиналық эмульсияны қолдана жасалған материалдың серпінділігі жоғарылау келеді, эмульсияның адгезиялық қасиеті жақсылау болады. Оның құрамы мына шамада болуы мүмкін: битум - 40-45%, резина - 5-10 % эмульгатордың су ерітіндісі 50%.

Битумдық және дегталық эмульсияларды жол құрылыстарында, сақтаушы гидро жэне буқоршағыштық жаппаларды орындарда, гидроизоқоршағыш астындағы негіз бетін грунттау үшін, рулондық материалдарды клейлеу үшін қолданады. Битумдық эмульсиялар температурасы 18±2 С біркелкі болуы керек, 3-4% сұйық шыны қоса су құйғанда онымен жақсы араласуы

тиіс, ең кем дегенде бір ай бойы сақталынғаннан кейін де ешқандай өзгеруі, ыдырағаны болмауы қажет. Битумдық, әсіресе, дегталық эмульсиямен жұмыс істерде, міндетті түрде еңбек сақтау жэне өртке қарсы техника ережелерін орындау тиіс.

Битумдық пасталар. Пасталар дегеніміз - битумнан, судан және қатты эмульгаторлардан тұратын қамыр тэрізді материал. Оларды былайша дайындайды: III - IV маркалы битумды температурасын 150 - 180°С дейін жеткізе қыздырады да, температурасы 95 С дейінгі қыздырылған саздан дайындалған суспензияға аз-аздан тамшылатып құяды.

Эмульгаторлар ретінде өте ұсақ минералдық ұнтақтарды (активті коллоидтық түйіршіктерден тұратын жоғары созымталды саздарды, ұнтақталған трепелдер, диатомалар және т.с.с.) пайдаланады.

Пасталарды гидро жэне буқоршағыш жаппалар үшін, қоршалатын конструкцияның беттерін грунттауға, жамылтқы (кровель) жіктерін тығыздауға, салқын мастиктерді дайындау үшін, ағаштар бетіне жағатын май ретінде жэне ағаш ұнтағымен (опилкамен) араластырып плиталар жасау үшін пайдаланады. Асбест талшықтары қосылған пасталарды су өткізбейтін жылу қоршағыш материал ретінде қолданады.

Битумдық пасталар мынандай талаптарға сәйкес болулары керек: 10 есе көлемдікте су қоса араластырғанда, ешқандай битум түйірлері болмауы керек жэне жіктелінбеуі тиіс; битумдық пасталардың шамамен алғандағы құрамы: битум - 43 - 50 %, эмульгатор - 12 - 33%, су-20-33%.



Мастиктер. Мастиктер деп органикалық байланыстырушылардан, минералдық (кейде органикалық) толтырушылардан және қоспалардан (созымталдырушы, тығыздандырушы, антисептикалаушы және т.б.) тұратын біркелкі жұмсақ созымталды араласты айтады. Толтырушылар ретінде талшықты немесе ұнтақталған материалдарды, ал кейбір жағдайларда, олардың араласын қолданады. Талшықты толтырушылар ретінде асбесттің VII сортын, ұнтақталған материалдан - талқандалған тальк, диатомит, трепел, эк тас жэне басқа ылғалдылығы 3%- дай материалдарды пайдаланады.

Құрамындагы байланыстырушының түрі бойынша мастиктер

битумдық, дегталық резино-битумдық, битумды не дегтеполимерлік, гудрокамолық жэне т.б. болып ажыратылады. Мастиктердің жасалу және қолдану тәсілдері бойынша алдын-ала қыздырылған қалпында (битумдардан және резинобитумдардан алынған мастиктерді 160-И80 С дейін, дегталар және гудрокамолардан жасалғандарды - 130-И50 С дейін) қолданатын ыстық мастиктер және температурасы 5 С аспайтын ортада қыздырылмай-ақ колданатын сұйық мастиктер жэне аязды мезгілдерде 60-70°С дейін қыздырылып қолданатын мастиктер болып жіктеледі.


: ebook -> umkd
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалық институты
umkd -> 5 в 020500 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»
umkd -> «Баспа қызметіндегі компьютерлік технологиялар»
umkd -> Гуманитарлық-заң, аграрлық факультетінің мамандықтарына арналған
umkd -> 5B050400 «Журналистика» мамандығына арналған
umkd -> Әдебиет (араб тілінде «адаб» үлгілі сөз) тыңдарман, оқырманның ақылына, сезіміне, көңіліне бірдей әсер беретін дарынды сөз зергерлерінің жан қоштауынан туған көрнек өнері
umkd -> 5В020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті пәнінің
umkd -> «Өлкетану тарихы және мәдениеті»
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы семей мемлекеттік
umkd -> 5 в 011700 : -«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған


1   2   3   4   5   6   7   8


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет