Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі семей қаласының ШӘКӘрім атындағы мемлекеттік униврситеті



жүктеу 1.28 Mb.
бет8/8
Дата28.04.2016
өлшемі1.28 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

Ыстық битумды резиналық мастикті кровельдік битумдарды майдаланған резинамен жэне талшықты толтырушылармен біркелкі етіп араластырып жасайды. Оны жасау процесінде майда резиналар девулканизацияланады.

Ыстық мастикалар жамылтқы (кровельдік - желімдеуші), жамылтқы-гидроизоляциялық және гидроизоляциялық - асфальттік мастиктер деп жіктеледі. Жылуға тұрақтылық көрсеткішіне және атына сәйкес әрбір мастиканы өздеріне тән маркалармен белгілейді. Жамылтқылық (кровельдік) ыстық битумдық мастикалар МБК - г 55, 65,75,85,100 маркаларына, дегталық - МДК - г - 50,60,70, битумды – резиналықтар - МБР - г- 65,75,90,100 және гурокамолықтар - МГ -г- 70 маркаларына бөлінеді. Кровельдік мастиктер көпқабатты жамылтқыларды төсегенде жэне гидроизоляциялағанда, рулондық материалдарды желімдеуге және паркет төсерде пайдаланады. Мастиктердің МБК-ы - 65 жэне МБК-ы - 75 маркалары жақпалы бу корғағышын жасауға да, іргетастарды изоляциялауға да қолдана береді.
Жамылтқы - гидроизоляциялық мастиктер

гудрокамополимерлік жэне резинобитумдық болулары мүмкін. Мұндай мастиктердің ыстық битумдық және дегталық мастиктермен салыстырғанда иілімділігі, икемділігі жэне аязға төзімділігі жоғары келеді. Оларды рулонсыз жамылтқылар (кровельдер) жасағанда, конструкцияларды, гидроизоляциялағанда, сондай-ақ, желімдегіш материал ретінде пайдаланады. Гидроизоляциялық асфальттік мастиктер көбінесе мұнайлық битумдардан және минералдық толтырғыштардан тұрады. Оларды үш категорияда (1,2,3) шығарады. Бұлардың бір-бірінен айырмашылығы

- 60-70 °С-тан 90-105 °С дейінгі ыстыққа төзімділігінде. Бұл мастиктер кұйылма және сыланба гидроизоляцияларды жасарда жэне асфальттық материалдар мен бұйымдарды жасау үшін қолданады.

Жазық жамылтқыларды (кровельдерді) орналастырарда шіру тұрақтылыгы нашар жамылтқы материалдарды желімдеу үшін Қолданатын битумдық және битумды-резиналық мастиктерді алдын-зла кремнефторлық немесе фторлық натриймен антисептикалайды. . Полиизобутилен мастика майысқақтығын тіпті аязды мезгілдің өзінде де қамтамасыз етеді. Мұндай мастиканы ыстықтай (80-Н00 С) және сұйықтандырушылар (бензин, лигроин, жасыл май және бақалар) қосылган күйінде де қолдана береді. Оны салынып қойған үйлердегі панельдер жіктеріне, ауа қысымдылығы арқылы шприцтеу тэсілімен кіргізе нығыздайды.

Пороизол көлденең қиық мөлшері 30x30 жэне 40x40 мм қайысқақ кеуекті тілме пішінде немесе диаметрі 10+-60 мм жіп түрінде шығарылады. Оны мүнай дистиляттарымен модифициаландырып кеуектендірілген резинаны вулканизациялау арқылы екі маркада (М жэне П) жасайды. М маркалы пороизол ашық кеуекті болады. Оны қолдану үшін, алдымен изол қорғаушы қабықпен қаптала жасалынады. Сондықтан оны мастикасыз бірден қолдана береді. Пороизол көбінесе сырт қабырғалық блоктардағы және панельдердегі тік жіктерін, сондай-ақ, конструкциялардағы шөгулік және температуралық жіктерін герметикалау үшін пайдаланады. Оның майыскақтығы +80 °С-тен - 50 С дейінгі температуралық аралықта сақтала береді. Пороизолмен жақсы герметикалау үшін оның бастапқы көлемін М маркасын қолданарда - 30 - 50 %-ға, П маркасын - 15 - 25%- ке қыса жаншып жікке салу керек. Пороизол дұрыс қолданылған жағдайда, өзінің герметикалық қасиетін жэне мэңгілігін нашарлатпай сақтай алады. Конструкциялар жіктерін герметикалау процесінде, қатерсіз техника жэне еңбек қорғау тәжірибелерін міндетті түрде сақтаған жөн. Барлық жабдықтар, соның ішінде компрессорлар жұмысшы қалпында болулары қажет. Мастиктерді дайындап жатқанда жэне жұмыс жүріп жатқан жерлерде, темекі тарту жэне от шығару қатаңдықпен тоқтатылу керек.
Дәріс 14 Тақырыбы: Асфальттық және дегталық бетондар. Компоненттері

Дәріс жоспары:


  1. Асфальттық және дегталық бетондар мен ерітінділер

  2. Асфальттық бетондардың жіктелуі (классификациясы).

  3. Асфальттық бетондардың негізгі компонепттері.

Асфальттық және дегталық бетондар жэне ерітінділер деп рационалдық мөлшерде алынған битумдардың немесе дегталардың минералдық толтырғыштармен, ұнтақ дисперсті толықтаушылармен араласының нығыздалуы және қатаюы нэтижесінде алынған жасанды тас материалдарын айтады. Байланыстырушы ретінде битумды қолданғанда алынатын материалды асфальттық бетон, (оның толтырғыштары - құм, щебень, гравий) немесе - (толтыргышы - тек қана құм), ал дегталық байланыстырушыларды қолданғанда -дегталық бетондар деп айтады. Құрылыста жиі қолданатыны асфальттық бетондар. Асфальттық бетондар мен ерітінділерді дайындау үшін асфальттық байланыстырушы қолданады. Ол мұнай битумдарының ұнтақталған минералдық ұлпаларымен (ізбес тасы, доломит,

бор, асбест, шлак және т.б.) араласынан тұрады. Мұндай минералдық толықтырғыштар мұнай шығынын азайтумен қатар асфальттық бетонның жұмсару температурасын жоғарылатуды қамтамасыз етеді. Асфальттық байланыстырушының мықтылығы компоненттерінің (битум мен минералдық толтырғышының) аралық қатынасына (Б/Т) және тығыздалынып барып катайғаннан кейінгі кеуектілігіне байланысты болады. Битум мен толықтырғышты оптималдық қатынаста (Б/Т) алған жағдайда алынған битум түгелдей ұнтақталган толықтаушы түйіршіктерінің бетіне үзіліссіз жұқа пленка түрінде тартылып қапталады. Сондықтан, асфальттық байланыстырушылар мықтылыгы жогары болады. Бетондар мен ерітінділерде майда толтырушылар ретінде құрамында массасы бойынша 3%-дан аспайтын шаң-сазы бар табиги жэне жасанды таза құмдарды пайдаланады. Ірі толтырушы ретінде, қолданатын щебень, эдетте, мықты және аязға төзімді ақтарылған, шөгінді жэне метоморфиялық тау жыныстарынан, сондай-ак, металлургиялық шлактардан жасайды. Шөгінді тау жыныстары ішінен карбонатты жыныстар көбірек қолданады, себебі олардан алынған щебень битуммен жақсы ілініседі.

Асфальттық бетондардың жіктелуі (классификациясы).

Асфальттық бетондар арналуына, төселінетін араластың температурасына, тығыздығына, морттылығына және ірі толтырғыштардың мөлшеріне байланысты жіктелінеді. Мысалы өндірісте арналуы бойынша жолдық, әуежайлық (аэропорттык), гидротехникалық, өнеркэсіптік (өнеркәсіптік үйлердің еденін және жайпақ біріктірілген жамылтқыларын жасауға), әсемдік декоративтік (қалалық алаңдарда адамдар өтетін жерлерді) бөлектеу, тілімдерді өрнектеу үшін) асфальт бетондарына топталады. Кеуектігі бойынша тыгыз (кеуектігі 3-^-5%) жэне кеуекті (кеуектігі 5-Н0%) асфальттық бетондарға жіктеледі. Щебень мен құм іріліктері бойынша ірі түйіршікті асфальтбетоны, щебень түйіршіктерінің ірілігі 40 мм дейін, орташа түйіршікті - түйіршік ірілігі 25 мм дейін, майда түйіршікті - түйіршік ірілігі 15 мм дейін, қүмдық асфальт бетон түйіршігінің ірілігі 5 (кейде 3 мм) дейін. Щебень мен құмның мөлшері және структурасы бойынша асфальттық бетондар былайша жіктеледі: А - көпщебеньді (щебень 50-^-60%); орташа щебеньді (щебень 35^-50%); В - азщебеньді (щебень 20- 35%); Г - кұмдық (тау жыныстарынан алынған құмнан жасалынған); В - табиғи құмды пайдаланып жасалынған құмдық асфальттік бетон.



Асфалъттық бетон араласпасын тыгыздау әдісі бойынша:

тапталатын, жаншылатын, дірілдететін және құйылатын асфальттық бетонға бөлінеді. Технологиялық ерекшелігі мен пайдаланган битумдар түрі бойынша асфальттық бетон араласпасы ыстық, жылы және суық болып жіктеледі. Ыстық асфальттық бетондар мен ерітінділер • температурасы 140-180°С қою битумдар негізінде дайындалады да, 130°С кем емес температурада төселеді; жылылары температурасы 90-И60°С, қоюлығы төмендеу битумынан дайындалып, 60 - 110°С жылылықта төселеді; суықтары температурасы 80-И10°С суық битумдар негізінде дайындалады да, 5 * 40°С жылылықпен төселінеді. Сондай-ақ, суық асфальттық бетондарға битумдық эмульсиялар қолдана дайындалған асфальттық бетон араласпалары да жатады. Оларды кэдімгі қалыпты температурада төсейді.



Ыстық және суық асфальттық бетондар структурасы оларды тығыздағаннан соң, бірнеше сағатта қалыптасып бітеді. Ауа райына (температурасы мен ылғалдылығына) байланысты бұл процесс суық асфальттық бетондарда 20-^-30 тәулікке дейін созылуы мүмкін. Себебі олардың қатаюы битумдардың тотықтануы (қышқылданылу), булануы жэне байланыстырушы заттың астыңғы негізіне бірлі-жарым сіңуі нәтижесінде өтеді. Асфальттық бетон араласпаларының минералдық байланыстырушылар негізіндегі бетон араласпаларынан айырмашылығы - олардың ыңғайлы төселімдігінің нормаланбайтындығында, бірақ солар секілді асфальттық бетон араласпалары да қатты, созымтал және құйылма делініп болінеді. Қатты асфальттық бетон араласпасы астыңғы негіздік қабат бетіне оңай жайылып төселеді, бірақ, эжептеуір тығыздау жұмысын қажет етеді. Созымталды бетон араласпасы оңайлықпен жайылып төселінеді, бірақ қатты бетон массасына қарағанда, оңай тығыздалады. Құйылма асфальттық бетон араласпасы қиындау төселеді де, тығыздалуы онша көп қиындық туғызбайды. Қажетті асфальттық бетон түрін таңдау оның қолданатын жеріне және тығыздауға қажетті қолдағы бар механизмінің сипатына тәуелді болады. Мәселе катты және созымталды асфальттық бетон араласпаларын ауыр жэне орташа салмақты доңғалақтар (катоктар) көмегімен тығыздаса, құйылма түрін - шамалы салмақты доңғалақпен нёмесе қолмен дөңгеленетін доңғалақпен тыгыздай береді.
Асфальттық бетондардың негізгі компонепттері.

Асфальттық бетондардың негізгі компоненттері битумнан, минералдық ұнтақтар, құмнан және щебеннен тұрады. Ыстық асфальттық бетон араласын дайындау үшін қою жолдық битумдарының БМЖ - 90/130, БМЖ -60/90 жэне БМЖ - 40/60 маркаларын қолданады. Жылы араласпалар үшін қоюлығы төмен БМЖ - 200/300, БМЖ - 130/200 битумдарын, сондай-ақ, тез жэне орташа қоюланушы битумдарды пайдаланады.. Суық асфальттық бетондар орташа жэне баяу қоюланушы сұйық битумдар негізінде алынады. Гидроизоляцияға қолданатын асфальттық бетондар үшін битумдық полимерлік байланыстырушыларды қолданған тиімдірек болады.

Минералдық ұлпаны (порошок) мықтылығы 20 МПа кем емес және саздық қоспасы 5 % аспайтын карбонаттық тау жыныстарын (ізбес тасын, доломитті), асфальттық жыныстарды, сілтілік металлургиялық шлактарды ұнтақтап алады. Сонымен қатар цемент тозаңын жэне басқа минералдық материал ұнтақтарында қолданады. Мипсралдық ұлпалардың меншікті беті, яғни ұнтақтылық дэрежесі 2500-^-5000 см /г. Битум шығынын төмендету мақсатында минералдық ұнтақтың кеуектігін 35 % асырмауға тырысады. Үнтақтық битуммен аралас массасының 5 - 6 % кеуектігі шамасындағы судағы ісіну деформациясы 2,5 % аспауы керек. Минералдық ұлпаның структура құру ықпалын күшейту үшін оның физикалық-химиялық активтігін сырттай активті заттар - (САЗ) қосу арқылы дамытады. Осы мақсатпен 1,5^-2% битум мен анионактивті заттар араласын қоса біріктіріп диірменге тартады. САЗ минералдық порошок түйіршігі беттеріне битумның жұғылуын жақсартып, үзіліссіз жұқа битум қабығымен қапталуына ықпалын тигізеді. Осы битумнан құралған жұқа пленка асфальттық байланыстырушыға гидрофобтық қасиет береді. Активтіленген порошоктің кеуектілігі аз, меншікті беті үлкен, асфальттық бетонда біркелкілікпен араласқан болады және асфальттық бетонның битум сыйымдылығын азайтуға, мықтылығын, тығыздығын, жылу тұрақтылығын, су өткізбейтіндігін жоғарылатуға септігін тигізеді. Оның үстіне, активтелінген ұлпаны пайдаланғанда бетон араласпасының температурасын төмендету, араластыру уақытын қысқарту және ыңғайлы төсемділігін жақсарту мүмкіншілігі туады.

Асфальттық бетондарда колданылатын щебень мен кұмға қойылатын талаптар цементтік бетондар үшін жұмсалатын толтырушыларға қоятын талаптар сияқты. Щебень түйіршігінің ең үлкен мөлшері төселінетін асфальттық бетонның үстіңгі қабат қалыңдығының 0,6, астыңғы қабатының 0,7 аспау керек. Асфальттық бетон дайындау процесінде минералдық түйіршіктермен органикалық байланыстырушылардың ілінісуін

жақсарту үшін оған сырттай активті заттар - САЗ (анионо - және катионоактивті органикалық ерітінділер) қосады. Анионоактивті САЗ өкілдері ретінде жоғарғы карбонатты қышқылдарын және олардың тұздарын, катионоактивтілерден - төртіншілей орын алмасқан аммонийлық негіздерін, аминдер тұздарын қосады. Анионоактивті САЗ битумның карбонатты түйіршіктермен ілінісуін жақсартады. Әсіресе, ылгалды минералдық толтырушыларды қолданғанда асфальттық бетон араласпасын қыздыру температурасын төмендетіп, араластыру ұзақтығын қысқарту үшін, битумның ескіруін азайту және жол жамылтқысы тезірек қалыптасуы үшін САЗ қолдану өте тиімді. Аталған асфальттық бетондардың қүрылыста ең көп қолданатын түрі - ыстық асфальттық бетон. Себебі, ыстық бетоннан жол жамылтқысы тезірек қалыптасады және үстінен жүретін көлік жүгіне тұрақтылығы жоғары келеді. Асфальттық бетондар құрамын осы уақытқа дейін көбінесе республикалық жол ғылыми зерттеу әдістемесімен жобалайды. Бұл эдістеменің мэнісі мынада: минералдық араласпалардың шектік қисықтары бойынша материалдың оптималдық структурасын жэне қажетті техникалық көрсеткіштерІн қамтамасыз ететін асфальттық бетон араласы компоненттерінің оптималдық ара қатынастарын анықтайды. Ол мынандай сатылардан тұрады: түпкі материалдарын тандау жэне сынау, минералдық компоненттерінің гранулометриялық құрамдарына байланысты олардың ара қатынастарын табу, іріктеп алынған минералдық араласпалары үшін битумның оптималдық мөлшерін анықтау жэне тексеру үлгілерін сынау. Үлгінің физикалық-механикалық көрсеткіші бойынша, берілген материалдар негізіндегі жасалған бетон құрамының жобасы дұрыстығы туралы болжайды. Сапасы талапқа сай келетін асфальттық бетон құрамын жобалаудың ең қара жэне жылдамырақ жолының мән-жайы төмендегіше:

алдымен минералдық толтырушыларын жобалайды. Ол үшін щебеньді, кұмды жэне минералдық ұлпаны эр қайсысын белгілі бір бөлшекте бір-бірімен араластырып, тығыздаған кезде ең аз кеуектік беретін ара катынаста алады. Сонан кейін, битумның оптималдық мөлшерін табуға көшеді. Ол үшін түрлі битум мөлшерінде бетон араласын дайындайды. Егер бақылау араласынан жасалынған үлгінің кеуектігі берілгеннен кіші болып шықса, онда азайтылған мөлшердегі битуммен жаңа бетон араласын дайындайды. Ал, кеуектігі берілгендегіден көп болып шықса, онда керісінше көбейтілген байланыстырушы мөлшерімен жасайды. Осындай жолмен анықталған оптималдық битум мөлшерімен дайындалған асфальттық бетон

араласынан үлгілер жасап, оларды сынау арқылы берілген құрама негізінде жасалган асфальттық бетонның физикалық-механикалық қасиеттері бойынша қойылатын талапқа сәйкес немесе сәйкес еместігін анықтайды.

Іс жүзінде минералдық компоненттердің оптималдық ара қатынастарын табу үшін нормативтік кұжаттарда келтірілген дайын таблицаларды немесе графиктерді пайдаланады. Тәжірибелік деректер бойынша орташа жэне майда түйіршіктік тығыз асфалытық бетондар араластары үшін битумның оптималдық мөлшері жалпы минералдық толтырушылар массасының 5-7% аралығында, құмдық асфальтбетондары үшін 7-9%. Битум шығынын анықтау үшін үш бетон араласын дайындайды, олардың біреуінде битум мөлшері МСТ ұсынылған орташа мағынасына пара-пар, ал басқа екеуінде одан 0,5 % көбейтілген және азайтылған мөлшерде ерекшеленеді. Үлгілерді физикалық-механикалық сынау нэтижелері бойынша график салып, асфальттық бетондар қасиеттерінің факторлық байланыстарын *ЭНе битумның оптималдық мөлшерін анықтайды.



Зертханалық жұмыс №1
Тақырыбы:Гипсті байланыстырғыштың стандартты құрамын анықтау.
Мақсаты: Гипсті байланыстырғыштың МЕСТ талаптарымен танысу және стандартты құрамын анықтау әдістерін меңгеру.

Материалдар: құрылыс гипсі- 1,3 кг, құбыр суы.

Қондырғылар: Таразы, қол араластырғыш және араластыруға арналған ыдыс, Суттард вискозиметрі, инесі бар Вик қондырғысы, 4*4*16 см үлгіні жасауға арналған үш ұялы қалып, сыйымдылығы 500 немесе 250 см мөлшерлі цилиндр.

Жұмыс барысы: Іс-жүзінде сандық бағалау әдісі арқылы гипсті қамырдың стандартты құрамын Суттард вискозиметрінен ағып шыққан қамыр қорытпасының диаметрін анықтаудан тұрады. Стандартты құрамды қамыр қорытпасының диаметрі (180±5)мм болуы керек. Қамырға қажетті су массасының гипсті байланыстырғыш массасына қатынасын құрамды анықтау үшін %- өрнектеуге болады.

Тәжірибені бастамас бұрын столға өлшемі 240 мм кем емес шыныдан жасалған квадратты бет қойылады. Өлшеуді оңайлату үшін шыны астындағы қағазға немесе шыныға әр 10 мм сайын диаметрі 150 мм-ден 220 мм-ге дейін, әр 5 мм сайын диаметрі 170мм- ден 180 мм шеңбер салынады.




Сурет 4. Суттард вискозиметрі

1- цилиндр; 2- шыны пластинка; 3- шеңберлер

Цилиндр 1 (сурет 4.) тат баспайтын металдан және жылтыр ішкі қабаттан тұрады. Ол шыны пластинаның ортасына қойылады 2. Тәжірибе алдында цилиндрдің ішкі қабатын дымқылдатып сүртеді.

Стандартты құрамды анықтау үшін 300...350 г гипс өлшенеді және гипстін массасына қарай 45-55 % су алынады. Барлық өлшемдердің қателігі 0,1 % аспау керек. Суды таза ыдысқа құйып, 2...5 с аралығында өлшенген гипсті себеді. Алынған массаны суға гипсті сепкен уақыттан бастап 30 с аралығында қол араластырғышпен араластырады.

Араластырған соң пластина ортасына қойылған цилиндрді гипсті қамырмен толтырып, артығын сызғышпен кеседі.Араластырғаннан бастап 45 с кейін цилиндрді 15-20 см биіктікке көтереді. Араластыру уақытын қатаң сақтау керек, себебі ұзақ уақыт араластырудан тәжірибенің нәтижесі қате болуы мүмкін.

Қорытпа диаметрін цилиндрді көтергеннен кейін өзара перпендикуляр бағытта болатын, қателігі 5 мм аспайтындай етіп өлшейді және орташа арифметикалық мәнін табады.

Егер қорытпа диаметрі (180±5) мм өзгеше болса, онда судың көлемін азайтып, қажетті қорытпаны алу үшін тәжірибені қайталайды.

Зертханалық жұмыс №3
Тақырыбы: Гипстің маркасын беріктілігі бойынша анықтау.
Жұмыс мақсаты: Стандартты дененің өлшемдері 40*40*160мм болатын гипстің беріктілігін анықтау.Оны қиғандағы пайда болатын бөліктің жарты қималарын қысу.

Жұмыс барысы.Үлгінің стандартты консистенцияда жасайды. Ол үшін 1200г гипсті және белгілі бір мөлшерде суды алып, 60с уақыт аралығында белгілі бір жүйемен араластырады.Үлгілер үш ұялы формаларда құрайды.Оларды алдын ала тазартып, машина майымен жағады.Барлық үш ұя формасы бір уақытта толтырылып, гипсті бір ыдыс формалы ұяшықтардың астына келтіріледі.Форманың ішін 5-6 рет шайып,ішіндегі ауаны кетіреді.

Арасындағы қалған қамырды гипсті сызғышпен қияды. (15-5)мин уақытан соң келтірілген форма үлгілері түседі.

Сынақты 2сағ. өткен соң бастайды.Үлгілерді машина МИН-100 арқылы бүгілуін тексереді немесе басқа сынақты машиналарда 5 КН-нан артық дамитындарда жалғастырады.

Балочкаларды тірекке осындай жолмен құрастырады: горизонталь жасалу кезінен, сынаққа вертикаль жағдайға әкеледі.

Сынақты және өлшеу шегінің бүгілуін берілген машинаның инструкциясы арқылы жүргізіледі.

Бүгудің беріктілік шегі сынақтың орташа арифметикалық мәні болады.Ол берілген үш үлгінің нәтижесінде анықталады.

Беріктік шегі қысылған кезде жарты балочка үлгісінде анықталады, сынақтың бүгілген 6 түрін алады.

Балочкалардың сынақтар нәтижесінде дұрыс болу үшін және әртүрлі өлшемдерге қарамастан, металл жамылғыштар арқылы күш үлгіге беріледі. Жамылғыштың ауданы үлгіге тиген жері 25см (квадратт) балочканың жартысын жамылғының екеуінің ортасына салады.

Пластикалы үлгінің тірек плитасына 5-ші пресске орталақтандырады. Жылдамдықтың орташа күші үлгіге тиетін (5-+125) КНК болуы тиіс. Қысқан кездегі (МПа) беріктілік шегі әрбір үлгідегі анықталған формула:
Rск=10 F/A

F- бұзу күші, КН

А- пластиналардың металл ауданы, см2

Гипстің қысылу беріктілігін, үлгілердің берілген мәнін орташа арифметикалық мәнін санап шығарады.

Гипстің беріктілік маркасын ең төменгі стандартты мәндерін алады.

Зертханалық жұмыс №4
Тақырыбы:Портландцементтің маркасын анықтау
Мақсаты: Портландцементтің маркасын анықтау жолымен танысу.

Материалдар: Портландцемент- 05 кг,

стандартты өлшемдегі кварцтық құм, Mk=2,5….. 2,7-1,5 , құбыр суы.



Құрал –жабдықтар: Таразы арнайы цемент дайындайтын ыдыс, күрек, арнайы стол, үш ұялы формалы (4*4*16) ,үлгі құймалар жасау қондырғысы, виброқозғалтқыш, гидравликалық жапқышты сулы қойма.

Жұмыс барысы: Цементтің маркасын оның беріктілігін майыстыру арқылы анықтайды. Цемент- құмды заттаң 1:3 нормальды құрамды жағдайдағы ылғалдылығы 28 сут (20-+2) C температура жағдайда жасайды.

Цементтің маркасын анықтау келесі қадамдардан жасалады: цементті- құмды затты жасау және оны тексеру, үлгілерді дайындау. Ылғалды қатаюы және оларды 28 тәулік өткен соң беріктілігін тексеру.

1. Цементті- құмды затты дайындау. Үш үлгі құймадан жасау үшін 500г портландцемент және 1500г стандартты құмды өлшеп алады (стандартты құм ол кварцтық құм өлшемі Mk=2,5….. 2,7). Егер онда құм болмаса оны құмды жуып, сит арқылы алуға болады.

Цемент пен құмды арнайы ыдысқа салар алдында, ыдысты алдын ала сүртіп, алған соң 1 мин араластырады. Одан құрғақ заттың ортасына 200г су құяды –Вц=0,4. Дәл судың өлшемін цемент пен құмның қасиеттерінен байланысты.

Суды сіңіргеннен соң, оны 5мин араластырып, керекті жағдайға келтіреді. Бұл зат бетонды қамыр болған соң, оның тығыздығы көп құрамды жағдайға келеді.

Араластырған соң, оны анықтайды. Ол үшін қамырды конустық ыдысқа салады. Конустың түтігі арнайы столға қойылады. Әр қабат 20мм диаметрлі және 400г массалы қамырмен тығыздалады. Төменгі қабатты 15рет тығыздайды, жоғарғысын 10 рет. Тығыздықты ортасына жүргізіп, ал формасын қолмен ұстап тұрады . Қамырдың артығын пышақпен кесіп, конусты жоғары көтереді.

Цементтік қамырды арнайы столда 30 рет айналдырады .Одан соң темір сызғышпен конустың екі табанының диаметрін өлшейді. Егер цеменнтік конустың ортақ мәні 106 мм аспаса, ол конустық дұрыс құрамды екенін белгілейді.Егер өлшемі 106 мм аз болса немесе айналдырған кезде конустың өлшемі дұрыс болмаса, онда жаңа қамырдың құрамына суды көбірек құяды. Егер өлшемі көп болса онда суды азайтады.

2.Дұрыс құрамды үлгі жасау. Ол үшін металдық формаларын қолданылады. Форманы толтырар алдында оны машина майымен сүртеді. Форманы виброүстелдің ортасына қояды.

Артық қамырды ылғалды пышақпен кесіп, үлгілердің бетін түзетіп, әр үлгіні белгілейді.

Формадағы үлгілердің ылғалдылығы 90% жерде бір 1 тәулік (24-+2) ұстайды.

Бір тәуліктен үлгілерді формалардан алып, 27 сут суға (20-+2) С салады.28 Сут (1-+27) кейін, үлгілерді бүгу және қысу сынағынан өткізеді.

Цементтің маркасын анықтау үшін ортақ арифметикалық мәнін тауып,

есептейді.



Зертханалық жұмыс №5
Тақырыбы: Електе қалған цемент ұнтағының ұсақтығын анықтау.
Құрал жабдықтар: №008 торлы елек, тор цилиндрде жақсы тартылып бекітілуі керек. Електің торын лупамен периодты бақылайды. Торда қандай да бір ақау пайда болған жағдайда жаңасына ауыстырады. Цементті елеуге арналған пневматикалық немесе механикалық қондырғы.

Жұмыс барысы: Цемент үлгісін кептіру шкафында 105-110° С температурада 2 сағ кептіріп, эксикаторда суытады.

Механикалық елеуішті қолдану кезінде 0,05 г дәлдікпен 50 г цементті өлшеп, оны елекке себеді. Електі қақпақпен жауып, механикалық елеуіш қондырғысына орнатады. 5-7 мин өткеннен кейін қондырғыны тоқтатып, түбін шешіп, електен өткен цементті алып, торды астынғы жағынан жұмсақ қыл қаламмен тазалап, қайтадан орнына салып, елеуді жалғастырады.

Қорытынды елеу кезінде електен 0,05 г аз цемент өтсе, елеу операциясын аяқталды деп есептейді.

Қорытынды елеуді қолмен қондырғының түбі ашық болған жағдайда қағазға 1мин уақыт аралығында орындайды.

№ 008 торлы електе қалған цемент ұнтағының ұсақтығын 0,1 % қателікке дейін бастапқы еленетін үлгі массасына қатынасымен анықтайды.

Зертханалық жұмыс №6
Тақырыбы: Әктастың температурасымен сөну уақытын анықтау
Әктастың температурасымен сөну уақытын анықтау үшін сыйымдылығы 500 мм термос қолданылады.

Әктастың өлшемін G граммен анықтайтын формула

G= 1000/A

А - әктастағы кальций мен магний тотығы.

Әктасты G термосты колбаға салып 20° С температурада 25 мм су құйып, оны тез арада ағаш тақтайшамен араластырады. Колбаның арнайы термометрін 100°С көрсеткіште тығынды жабады. Термометрдің сынапты басы толық зертханалық затқа батып тұруы керек. Әр минут өткен сайын, температураны санап отырады. Егер 4 мин ішінде температура 1°С аспаса, онда санау бітті деп есептеуге болады.

Санау уақытын су қосу уақытынан бастап санайды, егер температура 1мин арасында 0,25°С аспаса.




Зертханалық жұмыс №7
Тақырыбы: Әктің көлемінің бірқалыпты өзгеруін анықтау.
Әктің көлемінің бірқалыпты өзгеруін анықтау үшін – портландцемент пен қоспадан жасалған қамыр қолданылады.

Жұмыс барысы: 30-40 г өлшенген әкті сумен қамыр тәрізді күйге дейін келтіріп, 25-30°С температурада суытады, содан кейін 30-40 г цемент, су қосып, қамырды қоюлығы қалыпты жағдайға жеткенге дейін араластырады. Вик қондырғысының көрсетулері 7-11 мм көрсеткенде ғана қамырды қалыпты күйде деп есептеуге болады. Сақинаның пішіні мен өлшемі 2 суретке сәйкес болуы керек.

Алынған қамырды 2 бөлікке тең бөліп, қалындығы 0,7-0,8 см және диаметрі 6-7 см шелпектер (лепешки) жасайды.

Шелпектерді 24+2 сағ аралығында гидравликалық тығыны бар ваннада ұстайды.Су деңгейінен 3 см жоғары орналасқан тордың үстіне пластинамен бірге қойып буландырады.

Бөшкедегі суды қайнатын, 2 сағ ұстайды. 1 сағ кейін үлгілерді тексереді. Көлемнің бірқалыпты емес өзгеруі байқалса, тәжірибені тоқтатады.

Әктің көлемінің бірқалыпты өзгеруі мынандай жағдайда талапқа сай болады: шелпек бетінде шетіне дейін жететін радиалды жарықтардың болмауы, көлемнің өзгермеуі, құрылымның беріктілігінің төмендемеуі.




Зертханалық жұмыс №8
Тақырыбы: Әктастың сөнбеген дәндерін анықтау.
Жұмыс барысы. Цилиндрлі формадағы сыйымдылығы 8-10л металл ыдысқа

3,4-4 л жылытылған 85-90 C су құйып, оған 1кг әктас салады.Оны үзіліссіз

буы біткенше дейін араластырамыз. Алынған қамырды қақпақпен жауып, 2

сағ ұстайды. Одан суық сумен араластырып , №63 ситадан өткізе отырып,

рәзінкелі басты шыны таяқшасымен араластырып тұрады. Ситада қалған

әктас дәндерін 140-150 C тем-да кептіреді. Сөнбеген дәндерді мына формула



арқылы табады.
Н.з = m*100/ 1000
m- ситадағы қалған әктас дәндері


: ebook -> umkd
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалық институты
umkd -> 5 в 020500 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»
umkd -> «Баспа қызметіндегі компьютерлік технологиялар»
umkd -> Гуманитарлық-заң, аграрлық факультетінің мамандықтарына арналған
umkd -> 5B050400 «Журналистика» мамандығына арналған
umkd -> Әдебиет (араб тілінде «адаб» үлгілі сөз) тыңдарман, оқырманның ақылына, сезіміне, көңіліне бірдей әсер беретін дарынды сөз зергерлерінің жан қоштауынан туған көрнек өнері
umkd -> 5В020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті пәнінің
umkd -> «Өлкетану тарихы және мәдениеті»
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы семей мемлекеттік
umkd -> 5 в 011700 : -«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған


1   2   3   4   5   6   7   8


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет