Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы семей мемлекеттік униврситеті



жүктеу 0.59 Mb.
бет1/4
Дата01.05.2016
өлшемі0.59 Mb.
  1   2   3   4
: ebook -> umkd
umkd -> Семей мемлекеттік педагогикалық институты
umkd -> 5 в 020500 «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»
umkd -> «Баспа қызметіндегі компьютерлік технологиялар»
umkd -> Гуманитарлық-заң, аграрлық факультетінің мамандықтарына арналған
umkd -> 5B050400 «Журналистика» мамандығына арналған
umkd -> Әдебиет (араб тілінде «адаб» үлгілі сөз) тыңдарман, оқырманның ақылына, сезіміне, көңіліне бірдей әсер беретін дарынды сөз зергерлерінің жан қоштауынан туған көрнек өнері
umkd -> 5В020500 «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті пәнінің
umkd -> «Өлкетану тарихы және мәдениеті»
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы семей мемлекеттік
umkd -> 5 в 011700 : -«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВРСИТЕТІ

3 дәрежелі СМЖ құжат

ПОӘК

ПОӘК 042-14.1.04.01.20.70/01-2015



ПОӘК

«Бетон технологиясы 2» пәнінің оқу- әдістемелік материалдары



№1 баспа



БЕТОН ТЕХНОЛОГИЯСЫ 2 ”



ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

050730 «Құрылыс материалдарын, бұйымдарын

және конструкцияларын өндіру»


Оқу әдістемелік материалдары



Семей 2015



Мазмұны














1

Дәрістер




2

Зертханалық жұмыстар




3

Студенттің өздік жұмысы







  1. Дәрістер.

1 дәріс. Темирбетон бұйымдардың номенклатурасы және олардың сипаттамалары.



Дәріс жоспары:

  1. Темирбетон бұйымдардың номенклатурасы.

  1. Олардың сипаттамалары.

Жиналмақшы темірбетон бұйымдары мен конструкциялары құрылыс комбинаттарында және темірбетон зауыттарында жасалынатыны белгілі. Сондықтан, оларды жобаларда бұйымдардың зауыттық технологиялығына қойылатьін талаптары ескеріледі. Бұл талаптар элементтердің шектік массасын, олардың геометриялық мөлшерлерін, пішінін және элементтер қимасын, олардың арматуралануын, зауыттық дайындык дэрежесін анықтауға негіз болып табылады. Көліктік жэне жүккөтермелік жабдықтар шарты бойынша элементтер ұзындығы, әдетте 25 м, ені 3 м жэне массасы 25 т. аспайды. Типтік жиналмақ конструкцияларының номиналдық мөлщерінен рұқсат етілетін ауыткуын стандарттармен және техникалық жағдаймен тағайындайды, әдетте ±5- 10 мм құрайды.

Жиналмақ темірбетон бұйымдары ұзындық, жазықтық, блоктық, кеңістік түрінде шығарылады. Бірінші түріне бағаналар (тіреуіштер) ригельдер, арқалықтар, прогондар, қадалар, фермалар жатады, екіншісіне - жамылтқы және жабынды плиталары, қабырға жэне қалқа панельдері, бункерлер, резервуарлар қабырғаларыдіреуіш қабырғалар; үшіншісіне - массалық бұйымдар іргетас, құрама іргетастар, жертөле қабырғалары, қоршаушы конструкциялар; төртіншісіне - санитарлық көлемдік кабиналар, көтергіштер (лифталар), блок - бөлме, құдықтар сақиналары, силостардың коробкалық элементтері жатады. Жиналарлық темірбетондардың жалпы көлемінің 80 % астамын азаматтық жэне өнеркәсіптік құрылыс бұйымдары құрайды.

Азаматтық үйлер қүрылысына арналган темірбетон бұйымдары. Ірге тастар үшін іргетастық блоктарды қадаларды пайдаланады. Қабырғалар астына текше (ленталық) іргетастарын трапеция түріндегі (іргетас ені 0,6-0,8 см) жеке блоктардан орындайды. блоктар ұзындығы 0,78 - 2,38 м, биіктігі 30-50 см, массасы 0,5-4 т., Блоктарды М150 - М300 ауыр бетондардан жасайды. Жертөле қабырғаларын МІОО - М150 ауыр бетондардан жасалынған бүтін немесе қуысты блоктардан орындайды, олардың ұзындығы 2,5 м, биіктігі 70 см, ені 50 см дейін, кұрыш торларымен арматураланған болады. Блоктардың көлденең бүйірлерінен тік ойықтар қалдырады. Бұларын блоктарды тиісті жеріне орналастырғаннан соң, ерітіндімен немесе бетонмен толтыра конструкцияны біртұтастайды.

Бағана астына арналған іргетастар маркалары М200 М300 ауыр бетоннан жасалынған массалық элементтер - астынгы (табаны) жазық. Оларды нығыздалынған жерге немесе дайындалған бетон үстіне орнатады, үстіңгі бетіне бағананы (тіректі) кигізу үшін арнаулы ұя - стакан типтес құрылым отыргызады. Темірбетон бағанасын жақтары 30 см төрткілдік (квадраттық) қимасымен, ұзындықтары 20 м дейінгі ұзындық элемент түрінде шығарады.

Тұрғын үйлерінің сыртқы панельдерін, бүтіндей немесе терезелік жэне есіктік ойықтарымен жасайды. Біркабаттық панельдер кеуекті толтырғыш негізіндегі тығыздығы 700 - 1000 кг/м , маркалары М50^М100 жеңіл бетоннан, сондай-ақ, тығыздығы 500-700 кг/м , маркалары М35-НУ150 ұялы бетоннан жасалынады. Құрылыста кеңінен қолданылатындары мөлшері бөлменікіне сэйкес келетін панельдер: ұзындығы 3,6 м,

бикітігі 2,9 м, қалыңдығы 40 см, массасы 4т. мөлшері екі бөлмелік панельдердің ұзындығы 6-6,6 м және массасы 8 т дейін.

Сыртқы қабырғалардың жылуқоршағыштық қасиетін жақсартып, массасын төмендету мақсатында ортанғы қабаты жылуқоршағыщ материалдардан (пенополистиролдан, минералдық мақтадан, ұялық бетоннан жэне т.б.) жасалынган үшқабатты панельдерді қолданады. Мұндай панельдердің қалыңдығы 25-30 см дейін кішірейген, ал массасы 50 % дейін төмендеген болады. Панельдердің маңдай беттерін (қасбеттерін - фасадтарын) зауыттық жағдайда керамикалық плиталармен қаптайды, атмосфераға тұрақты бояуларымен бояйды немесе декоративтік материалдармен өңдейді. Ішкі қабыргалары үшін маркалары М150 - М 300 ауыр бетондардан немесе маркалары М200 -М200 конструкциялық жеңіл бетоннан бірқабатты панельдері жасалынады. Оларды түтастай жэне есіктік ойықтарымен ұзындығы 6 м, биіктігі 2,9 м дейін және. қалыңцығы 20 см мөлшерлерімен шыгарады.

Қабырғалық блоктар тұтас немесе ішкі қуыстарымен, тығыздығы 1200 кг/м3 дейінгі, маркалары М50 - МІОО жеңіл бетоннан жасалынады. Блоктардың сырты декоративтік қабатпен, ішкі жағынан сылақпен өңделінген болады. Бұлар сыртқы және ішкі қабырғаларды тұрғызуға арналған. Блоктар өлшемдері қабырғаларының конструкциялық тіліктеріне сэйкес анықталады. Блоктар конструкциялық арналуы бойынша: аралықтар (есік, терезе аралықтарындағы), бұрыштықтар, терезеастындағылар, маңдайшалар (есік, терезе ойықтарының жоғары жағына орналасатындары) карниздіктер, (үй қабырғасының, терезенің сыртқы ернеуі - жоғары жағындағы белдік), цокольдіктер (іргетас үстіндегі үй қабырғасының төменгі бөлігі) болып өзара ерекшеленеді.

Көпқабатты үйлер баганалары қимасы 30x30 немесе 40x40 см, ұзындығы К4 қабатқа есептелінген тікбұрышты конструкциялық түрінде жасалынады. Мұндай бағана үшін маркалары М200 - М 500 бетон пайдаланады, оны кеңістік каркастарымен арматуралайды, бағана ұштарында бойлық арматуралары шығып тұрады, бұлар бағананы ұштастыра жинағында пісіріледі. Көпқабатты қаңқаларындағы ригельдерді жабындық плиталары таянуы үшін төменгі жагында текшесі немесе бүйір қырларынан шыгып тұратын текшесі бар тавролық қимасымен жасап шығарады. Ригельді 6 м аралық үшін ұзындығын 5,5 м, қима биіктігі 45 см.; 9 м аралық үшін -ұзындығын 8,5 м., қима биіктігін 65 см өлшемінде жасайды. Ригельдер үшін маркалары М400 - М 500 бетон қолданады. Кернеуленген арматурасымен жасаийды., ал у м олылда -алдын - ала кернеуленген арматурамен жасалынады.



Тұрғын жэне. қоғамдық үйлер жабындықтары тұтас қимадағы, қуыс денелі, қабырғалы плиталардан болулары мүмкін. Көпқуысты плиталар цилиндірлік қуыстарымен ұзындығын 6 м, енін 2,4 м және қалыңдығын 22 см немесе ұзындығын 9-12 м, енін1,5 м жэне қалыңдығын 30 см параметрінде жасалынуы мүмкін. Қабырғалы плиталарды П - тэріздегі қимасында ұзындығын 8.8 м. енін 1.5 м биіктігін 40 см етіп жасайды.

Үлкен аралықгар үшін 2Т типтегі ұзындығы 15 м дейін, ені 3 м дейін және биіктігі 60 см болатын қабырғалы плиталар шығарылады. Бұл плиталарды жасауға маркалары М200 - М400 бетонды, алдын -ала кернеуленген немесе кэдімгідей арматураны қолданады. Плиталармен қатар бөлмеге жамылдық панельдерін де жасайды, бұларда бүтін, қуысты және қабырғалы болулары мүмкін.

Баспалдақ басқыштары, кертпе профильдері бар арнаулы темірбетон элементтерінен жасайды. Кейінгі кездерде сатылық ортаңғы бөліктен және жазық алаңнан

құралып отыратын басқыш алаңын құрастыратын баспалдақ баскыт кеңінен қолданып келеді. Тұрғын үйлер үшін бір немесе екі бөлмелік көлемдік элементтер шығару тэсілі практикаға енгізілген . Көлемдік блоктар санитарно - техникалық, блок -пәтерлер және лифтлер шахтасы үшін құрылыста мүмкіндігінше қолданылып келеді.

Өндірістік гимараттары үшін темірбетон

конструкциялары. Өнеркэсіптік ғимараттарына азаматтық үйлер құрылысындағы темірбетон номенклатурасына ұқсас бұйымдары мен конструкцияларын қолданады, бұлар тек өлшемдерімен, арматурасымен және пішіндерімен ерекшеленеді. Өнеркәсіптік ғимараттары бірқабатты, бір - жэне көпаралықтықтары, биіктігі 3,6 -18 м көпқабаттылар болулары мүмкін.

Биіктігі 10,8 м жэне жүккөтерімдігі 20 т дейінгі крандары бар үйлер үшін қимасы тікбұрышты 40x60, 40x80 және 50x80 см жэне биіктігі 4,5 - 11,8 м темірбетон бағаналарын жасайды; биіктігі (құрылыс конструкциясы астына дейінгі 10,8-И8 м жүккөтерімдігі 50 т дейінгі көпірлік крандары бар үйлер үшін - екітармақты (двухветвовые), ұзындығы 11,85 - 19,35 м, кранастындағы бөлігінің қимасы 40x100 жэне 60 - 190 см бағаналар жасалынады. Қолданылатын бетон маркалары М300 - М500. Массасын төмендету мақсатында алдын - ала кернеуленген, қимасы екітавролық жэне сақиналық бағаналар жасалынып практикада қолдаңуда. Бірқабатты үйлер үщін, темірбетон іргетастық блоктары жэне арқалары, итарқа жэне итарқа асты арқалықтары, фермалары, жамылтқы плиталары жэне кабырға панельдері шығарылады. Іргетастық арқалықтарын бағаналары 6 жэне 12 м қадамдарындағы ішкі жэне сыртқы қабырғалары астына қолданады. Тиісінше ұзындығы 5,95 және 11,96 м қимасы трапеция тәрізді немесе тавролық түріндегі арқаларды кернеуленбеген немесе алдын - ала кернеуленген арматурасымен жасайды.

Крансаты арқаларын алдын - ала кернеулеп, тавролық қимасымен ұзындығы 5,95 м жэне екітавролық қимасымен ұзындығы 11,95 м маркалары М 400- М600 бетоңнан жасайды. 6 м аралық үшін - арқа биіктігі 80 см текше ені 60 см және қалыңдығы - 12 см. Қабырға қалыңдығы 20 см, үстіне қарай қалыңдалуы 25 см жэне таянышында 30 см дейінгі қалыңдалуы болатын - конструкциялары да пайдаланады.

12 м аралық үшін - арқа биіктігі 120 см үстіңгі текше ені 65 және төменгі текше ені 34 см. Кранасты рельстерді бекіту үшін арқалар текшелерінде крандық жүкті беру үщін құбырлар кесінділері бекітілген ұзьшдығы 75 см тесіктері орналастырылған. НЙгг , г—

Итаркалық және итарқаастылық фермалар және арқалар маркалары М400 - М600 бетоннан алдын - ала кернеулендіріп жасалынады. Фермаларды аралықтары (пролеттері) 18 жэне 24 м үйлері үшін, ал арқалық аралықтары 6, 9, 12 жэне 18 м үйлері үшін пайдаланады.

Кейде жамылтқы ретінде темірбетон қабыршығында (оболочка) пайдаланады. Ол қисық сызықты арматураланған, периметрі бойынша қаттылық қабырғамен көмкерілген, мөлшері 10x10 м, қалыңдығы 3 -4 см жұп - жұқа темірбетон плитасы. '

Қабырғалы алдын - ала кернеуленген жамылтқы плиталар қүлама жэне жазық шатырлар үшін арналған. Плиталар қимасы П тэрізді және бойлық, көлденең қабырғалар жүйесімен тұтастай байланысқан, қалыңдығы 3 см жазық текшелерден тұрады (сурет 16.6.). Плиталар өлшемдері 3 хб және 3x12 м, бойлық қабырға биіктігі 30 см, эрбір 1-1,5 м кейін орналасқан көлденең қабырға биіктігі 15 см. қазіргі кезде, сурет 16.7. келтірілгендей, алдын-ала кернеуленген, аралыққа есептеліне жасалынған мөлшері 3 х 18 және Зх 24 м, текше қалыңдығы 3 см жетерліктей тиімді плиталар кеңінен қолдануда.

Бұлардың екі түрі шығарылады: КЖС типтегі күмбез тэрізді плита - қабыршық жэне П типтегі азеңкішті жазық текшелі плита Әрқайсысы қүрылыстық конструкциялар және жазық кабырғальі жабындық плиталар қосағынан орындайды.



Жылытылатын үйлердің қабырға плиталары жазық бірқабатты ұялы бетоннан немесе кеуекті толтырғыщ негізіндегі жеңіл бетоннан жасалынады. Багана қадамы 6 м болғанда плита үзындыгы 6 м биіктігі 0,9 - 1,8 м., қалыңдыгы 16-30 см. Жылытылмайтын үйлер үшін осы өлшемдегі қалыңдыгы 7 см плиталарды қолданады. Бағана қадамы 12 м болганда алдын - ала кернеуленген, өлшемдері; ұзындыгы 12 м, биіктігі 1,2; 1,8 және 2,4 м, қалыңдығы 3 см қырлы плиталарды қолданады.

Көцқабатты өндірістік үйлері үшін темірбетон бүйымдары ңоменклатурасы қанқалар жэне жабындықтар элементтерін қамтиды: бағаналарын, ригельдерін, жабындық плиталарын, технологиялық жабдықтар астындағы арқаларын, баспалдақ басқыщтарын, қоршаушы панельдерін және т.б. элементтерін. Түрлі арналудағы үйлер үшін мөлшері, арматуралау жүйесі, бетон маркалары жэне басқа мэліметтері бар типтік темірбетон бүйымдары альбомы өңделген. Осы албомдарды пайдалана отырып, салынатын үйлер мен ғимараттар жобалары бойынша қажетті темірбетон бұйымдарына тапсырма беріледі.

» Инженерлік гимараттар ңурылысына темірбетон буйымдары. Арналулары бойынша эртүрлі инженерлік ғимараттар кұрылысына да типтік темірбетон бұйымдары мен конструкцияларын қолданады. Көлік кұрылысы үшін алдын-ала кернеуленген щпалдарды, маркасы М500 бетоннан жэне түйіспелік (контактылық) желілер тіректерін, маркасы М400 жэне аязға тұрақтылық маркасы ҒЮО - Ғ200 бетоннан жасайды. Түйіспелік желілер тіректерін көпшілігінде құбырлық қимада жэне екітаворлық және швеллерлік типте торлық қабырғаларымен жасайды. Автожол жэне әуежайлары үшін маркалары М300 және М 150 бетондардан жасалынған мөлшері 1,75 х 3 м жэне қалыңдығы 13-17 см дейінгі алдын-ала кернеуленген плиталарды пайдаланады. Көпірлер үшің көпірлер тірегіне бағаналарды жэне тиімді қимасы (қос Т жэне тавролық және т.б) алдын - ала кернеуленген аралық құрылымдарды (пролетного строения) қолданады. Метрополитен немесе басқа түрлі туннельдер үщін тюбиннгілерді, түннелдерді өңдеуге блоктар, қабырга бдоктарын, баганаларын және метрополитен станциясына жабындық блоктарын зауыттарда шығарады. Бұл бұйымдар маркалары М200- М400 ауыр бетоннан алдын-ала кернеулендіре немесе кэдімгідегідей арматуралануымен жасалынады.



Сушаруашылығына арналған ғимаратар үшін бетон жэне темірбетон кұбырларын қолданады. Диаметрі 10-60 см және одан улкен, ұзындығы 1 - 2 м кұбырларды арнаулы технология бойынша жасайды. Оларды қысымсыз су ағызар және канализациялар желілерін төсеу үшін колданады. Диаметрі 50 - 120 мм жэне одан үлкендеу, ұзындығы 4--6 м құбырларын дірілдетумен, центрифигалаумен, престеумен жасайды. Оларды арналуы бойынша қысымсыз жэне қысымдық құбырлар деп жіктейді.
Бақылаау сұрақтары.

1. Темирбетон бұйымдардың қандай түрлері бар?



  1. Олардың технологиялық ерекше сипаттамалары қандай?

2 дәріс. Бетон қоспаларды дайындау.



Дәріс жоспары:

1.Бетон қоспаларды дайындау.



Бетондық араласпасын өндіруді нысандар басындагы бетонараластырғыш түйіндерде, бетон зауыттарында немесе темірбетон бұйымдарын жасайтын зауыттардың бетон араластырғыш цехтарында жүргізеді. Бетондық араласпаны өндіру процесі бастапқы материалдарын даярлаудан, оларды дозалаудан жэне араластырудан тұрады.

Даярлық операцияларына цементті активтеу (қосымша ұнтақтау), химиялық қоспалар ерітіндісін дайындау, қыс мезгілінде толтырғышты жібіту және жылыту процестері жатады. Химиялық қоспаларды дайындау операциясы оларды суда ерітіп, ерітінді концентрациясын берілген шамасына жеткізу болып табылады. Мұны, ерітіндіні қысымдықтағы ауамен араластыру үшін, құбырлар жүйесімен, ал қажетті жағдайда - жылыту үшін булық регистрлармен жабдықталган арнаулы сыйымдықтарда орындайды. Қоспалар ерітіндісін' дайындағаннан кейін, деңгейлік датчикпен жабдықталынган шыгындық сыйымдылыққа айдайды, сонымен катар, кажеттілігі бойынша - дозалаушы арқылы бетон араластырғышына да беріп отырады. Толтырғыштарды жылытуды бункерлерде, кейде тікелей жабық коймаларда жүргізеді. Ол үшін бункерлерде орналасатын булық құбырлар көмегімен түйістік (контакталық) тэсілді қолдана қыздырады немесе тікелей толтыргыш арқылы ыстық бу, ыстық ауа немесе газ жібереді.

Материалдарды дозалау, ягни, араластырғыштың бір араласына материалдар шығындарын және суды, қоспаны өлшеп салу маңызды технологиялық іс-эрекет болып есептеледі. Қазіргі бетондық зауыттардың басым көпшілігінде таразылық дозалаушыларды пайдаланады. Бұл дозалаушылар цементті, суды жэне химиялық қоспаларды ±1% дейінгі дэлдікпен, толтырғыштарды ±2 % дәлдікпен өлшейді мұндай дэлдік тек массасы бойынша дозалаганда гана қамтамасыз етіледі.



Бетондық араласпаның түріне жэне сипаттамасына байланысты түрлі араластыру тәсілдерін қолданады. Тыгыз тау жынысынан алынған толтырғыш негізіндегі ірі түйіршікті жылжымалы бетон араласпасын даярларда, еркін істейтін гравитациялық бетон араластырғышын қолданады. Мұндай араластырғышта компоненттердің араласуы барабан -араластырғыштың айналуына сэйкес дүркін-дүркін материалды көтеріп барып, кейбір биіктіктен тастап отыру нэтижесінде жүреді.

Гравитациялық араластырғыштар қатты бетондық араласпаларды даярлауға жарамсыздау келеді; мұндайда еріксіз араластыру қондырғысын қолданады.

Минутына 6-7 айналатын (6-7 айнал/мин) араластырғыш астауында оған қарама-қарсы бағытта айналатын қалақтар орналасқан. Араласпаның компоненттері өте күрделі траекторияда еріксіз қозғалады, соның арқасында, біркелкі бетон араласпасы алынады. Осылайша кеуекті толтырғыштар негізінде, қатты майда түйіршікті және жеңіл бетондық араласпаларды дайындайды Сонымен, бетондық араласты мезгілімен және үздіксіз істейтін араластырғыштарда араластырады. Мезгіл-мезгіл істейтін араластырғыш қондырғыларда жүмысшы циклдар үзіліспен жүреді, демек, оларға өлшенген материалдар порциялары оқтын-оқтын салынады, араластырады, сосын дайын аралас түсіріледі. Үзіліссіз істейтін араластырғышта осы үш операция үзіліссіз атқарылады.



Араластыру тәсілдері бойынша араластырғыштар еріксіз және гравитациондық (еркін түсу арқылы) материал араластырушыларға жіктеледі. Гравитациялық бетонараластырғыштарда араластыру, ішінде бекітілген қалақтары бар барабан айналысымен орындалады. Барабан айналғанда, ішіндегі қалақтар бетон құрамаларын қамтыған бойы жоғары көтеріп, белгілі бір биіктіктен қайта төмен тастап отырады. Соның нәтижесінде, белгілі уақыт ішінде біркелкі бетон араласпасы шығарылады. Гравитациондық бетонараластырғыштар 100, 250,425,1200, 2400 жэне 4500 л сыйымдылықта шығарылуы мүмкін. Бетонарластырғыш сыйымдылығын дайын аралас көлемімен емес, суды қоспағандағы оған тиелетін материалдар көлемінің қосындысымен анықтайды. Еріксіз араластыратын араластырғыштарда материалдар

қозғалмайтын араластыру барабанында, айналмалы білікке бекітілген қалақтар көмегімен араластырады. Бүларды қатты бетон араласпасын даярлау үшін қолданады Қатты жэне өте қатты бетондар араласпасын даярлау үшін дірілдете араластырғыштар деп аталатын қондырғылар қазір қолдануда. Мұндай қондырғыларда бетон құрамаларын араластыруды дірілдетумен үйлестіре орындайды, ал қайсы-бірінде тек дірілдетумен гана. Бүл тэсілдің мән-жайы мынада: тиісті дірілдету режимінде бетон құрамалаушы материалдар түйіршіктері арасындағы үйкеліс күштері бұзылып, өзара ілінісуі нашарлаған кезде, олардың төмен тарту массалар күшіне қарсы араласты қайната қоздыру жағдайы пайда болады. Нәтижесінде аралас жылжымалылығын максималды жоғарылатып асылмалы күйіне көшеді, яғни үдемелі араластырылады.

Кейінгі кезде бетон араласпасын атқылай ағу тэсілі бойынша араластыруды қолдану мүмкіндігі қарастырылуда. Бұл тәсілдің мэнісі - энергоараластырғыштарында туындалатын псевдоқайналмалы қабаттың атқыланған турбуленттік тасқынында бетон құрамаларының қарқынды түрде өзара әрекеттесуі, араласуы нэтижесінде біркелкі бетон араласпасын алуды қамтамасыз ету. Энергоараластырғыштарға арнаулы сұйық атқын (струйный) араластырғышқа берілетін 0,3 МПа қысымдықтағы ауа температурасы 85 - 90°С аса қыздырылған бу жатады.

Бетон араласын қыздырумен үйлестіре бетон араласпасын даярлау технологиясы да практикаға ендіріле бастады. Оның мэнісі мынада: бетон араласын 60-65 С қыздыруды араластырғыш ішіне оны араластыру процесінде берілетін бумен жүргізеді. Мұндай қыздыру, әдеттегідей, суды жэне толтырғыштарды алдын-ала қыздырумен, сондай-ақ, араласпаны электроқыздырумен салыстырғанда жетерліктей қарапайым, біркелкі жэне едэуір жеделдете орындалады.Араласпа сапасына оны араластыру ұзақтығы елеулі эсерін тигізеді. Циклмен істеитін араластырғыштарда араластыру ұзақтығын барлық материалды барабанға (астауға) салғаннан бастап дайын араласпаны түсіре бергенге дейінгі уақытпен анықтайды. Араластыру ұзақтығы жетімсіз болғанда бетон біртектілігі нашарлап, мықтылығы төмендейді. Араластыру ұзақтығын оптималдығынан асыра жүргізгенде бетондық араласпасы жэне бетон сапасына онша эсер етілмейді (бетон мықтылығы айтарлықтай жоғарыламайды). Араластырудың оптималдық ұзақтығы бетондық араласының құрамына, сипатына жэне қолданылатын араластыргыш типіне байланысты болады. Ауыр бетондық араласпаны (тығыздығы 2200 кг/м жоғары) еркін түсу араластырғышында дайындағанда, араластыру ұзақтығы 1-2 мин. созылады. Аз жылжымалы жэне қаттылығы шамалы араласпалардың араласу уақытын 1,5-2 есе ұзартқан оңцы болады. Еріксіз эсерлі араластырғышта ірі түйіршікті араласпаларды араластыру, эдетте 2-3 мин. бойы жүреді, майда түйіршікті араласпаларын - 3-5 мин.

Жоғарыдағы тұжырымдамалар негізінде бетон араласпасын араластыру ұзақтығы оның жылжымалылығына жэне араластырғыш сыйымдылығына байланысты екені білініп тұр. Бетон араласпасы жылжымалылығы неғұрлым аз және бетон араластырғыш сыйымдылығы неғұрлым үлкен, соғұрлым оптималдық араластыру уақыты ұзақ болады. Мысалы, сыйымдылығы 400 л дейінгі бетонараластырғыш үшін оптималдық ұзақтығы 1 мин., ал сыйымдылығы 4500 л - 3 мин. айналасында. Қатты бетон араласпасын араластыру уақытын, жылжымалылығына қарағанда 2 есе көбейтуге тура келеді.

Бетондық араласпасын араластыру ұзақтығын кұрылыстық лабораторияда тәжірибелік жолмен анықтайды. Ол үшін араластырғыштан аралығы 15-30 с араласпа байқамасын алып, бақылаудың үлгілерін жасайды. Бетон қатайған соң, оның мықтылығын анықтайды және бетонның мықтылық вариация коэффициентін есептейді. Неғұрлым вариация коэффиценті кіші, соғұрлым бетонның біркелкілігі жоғары. Араластыру ұзақтығын бетон мықтылығының вариация коэффициенті 4-5% аспайтын уақыт бойынша тағайындайды. Тәжірибелік деректер жоқ болған жағдайда, циклмен істейтін араластырғыштардағы араластыру ұзақтығын кестеде келтірілген деректер бойынша тагайындайды. Пайдалану жағдайына байланысты, араластыргыштар көшірмелі және орнықты (тұрақты) болып екіге бөлінеді, ал жұмыс істеу жағдайы бойынша -циклды және үзіліссіз істейтіндер болып ерекшеленеді. Көшірмелі араластырғыштарды шамалы кұрылыстық жұмыстар көлемінде пайдаланады. Дайын аралас бойынша, олардың сыйымдылығы эдетте 165 л көп болмайды, тұрақтыларында - 330, 500, 800, 1000, 1600, 2000 л. Циклды араластырғыштарда бетондық араласпаны дайындау процесі біртіндеп жүреді. Компоненттердің эрбір келесі порциясы араластырғыш сыйымдылығына тек дайын араласпаны түсіргеннен кейін ғана салып отырады.



Үзіліссіз істейтін араластырғышқа бетондық араласпа компоненттері ленталық қорландыргышпен немесе конвейерлер көмегімен үздіксіз беріліп тұрады. Дайын аралас үзіліссіз көлік қаруына тиеліп жатады. Үздіксіз істейтін араластырғышты жалғыз маркалық бетонды дайындар алдында пайдаланады, соган тиісті өлшеушілер бірқалыпты материалдардың қажетті массасын өлшеп беріп тұрады . Технологиялық жабдықтардың орналасу схемасына байланысты, бетонараластыргыш қондыргылар бірсатылық - мұнаралық (вертикальдық) немесе екісатылық - партерлік принципте кұрастырылады. Мұнаралық типтегі араластырғыш қондыргылардың технологиялық жабдықтары, вертикаль бойынша орналасқан, сол себептен, араласпа компоненттері бір-ақ рет биіктікке көтеріледі де, одан кейін төмен қарай материалдар өздерінің салмақтық күш әсерімен технологиялық циклдар бойынша жылжып отырады. Партерлік араластыргыш қондыргыларда технологиялық процестердің барысында материалдар бірнеше рет көтеріледі Бетондық зауыт құрамында бір немесе бірнеше араластырғыш қондыргылардан басқа шикізат материалдарының қоймалары және зауыт пішіндегі көліктік құралдары (конвейерлер, цементжүргізушілер, элеваторлар) болады. Зауыт қарамагында толтыргыштарды бақылаулық сорттаудан өткізетін, суды және толтыргыштарды жылытатын немесе салқындататын қондыргылар, компрессорлық манАналары, бу қазандары болуы да мүмкін.

Өндіріс процестерін басқару тәсіліне байланысты, бетонараластыргыш қондыргылары механикаландырылган жэне автоматикаландырылган болып екіге жіктеледі.

Механикаландырылган қондыргыларда араласпаны дайындаудагы технологиялық операциялар қолмен басқарылатын машиналармен орындалады; автоматикаландырылгандарда - өндірістік процестерді басқаруды бір жердегі басқару пультінен адамның қатысуымен немесе қатыспауымен (багдарламалық басқару) жүргізеді.
Бақылаау сұрақтары.

1.Бетон қоспасын дайындаудың қандай әдістерін білесіздер?

2.Гравитациялық араластыру әдісі қалай жүреді?

3 дәріс. Ауыр бетонды жобалау.



Дәріс жоспары:

1.Ауыр бетонды жобалау.

2.Бетон құрамына кіретін толтырғыштарды жобалау.

Бетон құрамы дегеніміз - минималдық материалдық және энергетикалық шығында қажетті сапалық көрсеткіштерімен бетон алуды қамтамасыз ететін оның өзара рационалдық қатынастағы құрамы. Әдетте, құрылыстың техникалық жобасында бетон құрамын анықтау үшін бастапқы деректерін, ең болмағанда нақты екі талап қамтылады: қажетті мықтылығы болатын бетон алу, ал бетондық араласпасын - берілген ыңғайлы төселімдігімен. Бірқатар жәйттерде, конструкциялардың ерекше жағдайларда пайдаланатынына сэйкес, басты талаптарға бетонның аязға тұрақтылығы, суөткізбестігі немесе коррозияға берілместігі жатуы мүмкін. Біз білетініміздей, цемент бетонның басқа кұрамдарынан едәуір қымбат екендігінен құрылысшылар эдетте минималдық цемент шығынында бетон алуға талаптанады. Бетон құрамын есептік-эксперименталдық тәсіл бойынша анықтайды. Бұл тәсілдің мән-жайы мынада: алдын-ала формулалар бойынша құрамын есептеп алады, алынған деректер негізінде эксперименталдық бетон араласын даярлап, технологиялық қасиеттерін бақылап тексереді. Осының нәтижесі бойынша, есептік деректерге түзетулерін енгізеді. Көпшілігінде, бетон құрамаларын массалық концентрациялары түрінде өрнектейді, яғни олардың 1 м3 нығыздалған бетонға шығынын килограммен есептейді.

Бетондық араласпа құрамы екі тәсілмен өрнектелінеді:

1. Міндетті түрде суцементтік қатынасын және цемент активтігін көрсетілуімен массасы брйынша кейде көлемі бойынша цемент, құм және щебень (гравий) мөлшерлерінің арасындағы арақатынас түрінде беріледі. Цемент мөлшерін бірге тең деп қабылдайды, сондықтан бетон құрама бөліктерінің арасындағы қатынастарын берілген С/Ц және Кц мағынасында былайша жазуга болады: 1:х:у (мысалы, 1:2:4, С/Ц = 0,7 және Кц = 0,35 МПа). Бетон құрамын көлемі бойынша анықтау тек шамалы құрылыста ғана рұқсат етіледі. Онда да цемент массасы бойынша дозалануы қажет.

2. Үлкен нысандарда (объектілерде) және орталық бетон зауыттарында барлық құрамалық материалдары массасы бойынша дозаланады. Бетон құрамы нығыздалынып салынатын 1 м3 бетондық араласпаға кететін материал шығынымен (кг) белгіленеді, мысалы:

цемент-300 щебень-1300 құм-650 су-180 Барлығы - 2430

Құрамды дұрыс есептеу бетон технологиясындағы ең маңызды операциялардың бірі. Бетон құрамының екі түрі болады: номинальдық (лабораториялық), оны құрғақ материалдар үшін тағайындайды және өндірістік (алаңдық-түздік) - табиғи ылғалдылықтағы материалдар үшін.

Бетон құрамын есептерде алға қоятын міндет - мынандай көрсеткіштерді алу: жобалық мықтылығына тең мықтылығын немесе қалыптан босатуға, тасымалдауға және конструкцияға біршама жүк тиеуге (әдетте жобалық мықтылығының 70% дейін) жетерліктей оның бөлігін; жұмыс өндіру немесе конструкцияларды жасап шығару графигіне сәйкес, толық немесе жарым-жартылай мықтылыгын алу кезеңі; бетон мықтылығына, атмосфералық және химиялық әсерлері бойынша оның тұрақтылығына, арматураны коррозиядан қорғауына, темірбетонда арматурамен ілінісуіне, суөткізбестігіне әсерін тигізетін нығыздығы; берілгең конструкцияны сапалы жасалуын қамтамасыз ететін бетондық араласпаның жылжымалылығы және қаттылығы бір өлшем бетонға мүмкіндігінше цемент шығынын үнемдеумен байланысты тиімділігі.


Бақылаау сұрақтары.

  1. Бетон құрамын есептерде алға қоятын міндет – не?

  2. Жобалық мықтылық дегенді қалай түсінісіз? 2

4 дәріс. Әртүрлі бетон қоспалардың араластыру процесстің физико-механикалық негіздері.



Дәріс жоспары:

1.Әртүрлі бетон қоспалардың араластыру.

2. Әртүрлі бетон қоспаларды араластыру процессінің физико-механикалық негіздері.

Бетондық араласпа байланыстырушы затты, майда және ірі толтырғыштарды, суды және кейде қосылатын арнаулы қоспаларды әбден өзара араластырып алынатын, күрделі көпкомпоненттік жүйе. Қатты фазасының дисперстік түйіршіктері мен судың аралығында бір-бірімен ілінісу күштері болатындығынан бұл жүйе байланыстылық күйіне көшеді. Сондықтан, оны белгілі физикалық және механикалық қасиеттерімен ерекшеленетін өзінше физикалық дене ретінде қабылдауға болады. Қатайғанға дейін жұмсақ күйінде болып, калаған кескіндегі бұйымдарды қалыптап жасауға мүмкіндіқ тудырады. Бетон араласпасы өзінің физикалық күйі бойынша сұйықтар мең қатты денелер аралығынан орын алады. Оның мұндай қасиет ерекшелігін реологиялық моделі көмегімен көрсетуге болады. Бұл модельде қатты дене мен анық сұйықтықтың қасиеттері біріктірілген.

Масса 1 мен стол арасындағы үйкеліс күші структуралық мықтылыгын (т0 - ысыру (жылжыту) шекті кернеуі, Па), ал қою сұйықтығы бар цилиндрде қозғалатын поршень 2 - ысыруға қоюлык кедергі [ - динамикалық қоюлық (созымдық) Па • с]. Ұлғаятын кернеу ысырудың кернеу шегінен г0 асқан кезде бетон араласпасы қою (созбалы) сұйықтық сияқты ағады және ағымның жалпы кедергісін т реологиялық теңдеумен анықтайды;

мұндағы - жылдамдық градиенті. Келтірілген теңдеудің графигі жұмсақ-қою жүйелердің (цемент илемесі, бетон араласы және т.б.) Ньютондық (анық) сұйықтықтан айырмашылығы, олар тек структурасы бұзылғаннан кейін ғана ағып, қалыпты толтырады (сауыт пішінін қабылдайды). Механикалық әсер тигізгенде бетон араласпасының сұйықтану және тыныштық қалпында қайтадан қоюлану қасиеті тиксотропия деп аталады. Дірілдету бетон араласы түйіршіктерінің өзара ілінісуін нашарлатып, оның структуралық мықтылығын жояды. Соның арқасында, бетондық араласпа сұйықтәрізді күйінде қалыпты толтырады. Тиксотропиялық сұйықтану процесі қайталамалы. Бетондық араласпаның физикалық қасиеті оның ыңғайлы төселімділігін анықтайды, яғни берілген нығыздау тәсілінде қалыпты толтыру қабілетін және нығыздау нәтижесінде тығыз, біртекті масса алыну мүмкіншілігін көрсетеді. Бетондық араласпаның ыңғайлы төселімдігін бағалау үщін үш көрсеткішті пайдаланады .

1) жылжымалылық (КШ) - бетон араласпасының структуралық мықтылығының сипаттамасы болып саналатын көрсеткіш. Оны сыналатын араласпадан қалыпталынатын конус шөгіндісінің КШ шамасымен бағалайды;

2) қаттылыгы (Қ) - арнаулы аспап көмегімен (дірілдете нығыздалуын, секундпен) анықталатын және бетон араласпасының динамикалық қоюлығын сипаттайтын көрсеткіш;

3) байланыстылыгы - бетон араласпасы біраз тыныштықта сақталғаннан кейін, одан су бөлініп шығуымен бағаланады. Бетондық араласпа жылжымалылығын стандарттық аспап-конус көмегімен өлшейді. Түйіршіктерінің ең үлкен ірілігі 40 мм болатын толтырғьіш негізінде алынған бетондық араласпа үшін конус №1 қолданады. Ең үлкен ірілігі 70 және 100 мм толтырғышпен алынған араласпалар үшін - конус №2.

Бетондық араласпаның жылжымалылығын анықтау үшін қолданатын конустардың ішкі мөлшерлері төмендегідей, мм:



Түптердің диаметрі №1 конус №2 конус

Үсті 100 150

Асты 200 300

Биіктігі 300 450

Жылжымалылығын бірсынамалық бетон араласпасынан орындалынған екі анықтаманың орташа шамасы ретінде есептейді. Егер конус шөгіндісі нольге тең болса, онда бетондық араласпаның ыңғайлы төселімдігін оның қаттылығымен сипаттайды.



Бетондық араласпаның қаттылығын (Қ) - анықтайтын аспаптағы алдын-ала қалыпталынған бетондық араласпа конусын тегістеу және тығыздау үшін қажетті дірілдету ұзақтығымен (секундтермен) сипаттайды . Аспаптың цилиндірлік сақинасын (оның ішкі диаметрі 240 мм, биіктігі 200 мм) лабораториялық дірілдетпе алыбына қойып, беріктеп бекітеді. Сақина ішіне стандарттық конусты орнатып, жақсылап бекітеді. Сосын оны берілген тәртіппен бетондық араласпамен лық толтырады. Аспап дискасын штатив көмегімен қалыпталған бетондық араласпа конусының үстіңгі бетіне түсіреді. Сосын дірілдетпе алаңын және секундомерді бірдей қосады да, цилиндрдегі бетондық араласпаның тегістелуіне және тығыздалынуына бақылау жүргізеді. Дірілдетуді дисканың екі тесігінен (дисканың диаметрі 230 мм, диаметрі 10 мм тесіктер бір өлшемділікпен диаметрі 180 мм ішкі шеңбері бойынша орналасқан) цемент илемі бөлініп шыққанша жүргізеді. Цемент илемі шыққан бойда дірілдеткішті және секундомерді тоқтатады. Секундпен дірілдете нығыздау уақыты бетон араласпасының қаттылығын сипаттайды. Оны бетондық қоспаның бір байқамасынан орындалынған екі анықтаманың арифметикалық орташа мағынасы ретіндегі есеппен алады. Өндірісте бетон араласпа қаттылығын түрлі әдістемелермен анықтайды. Кейде Б.Г.Скрамтаевтың жеңілдетілген тәсілін пайдаланады. Бұл тәсіл бойынша, өлшемі 20 х 20 х 20 см кәдімгі формаға стандарттық конусты орнатады. Конусқа араласпаны үш рет салып, әрқайсысын стерженьмен ысқылап толтырады, сосын конусты босатып алады. Формадағы конус бейнеде қалыпталынған бетон араласпасын лабораториялық дірілдетпе алабында дірілдетеді. Дірілдетуді бетон араласпасы форманың барлық бұрыштарын толтырғанша және оның беті тегіс горизонтальды болғанша, жүргізе береді. Дірілдету ұзақтығын (с) бетон араласпасының қаттылығы (ыңғайлы төселімдігі) мөлшері ретінде қабылдайды. Стандарттық вискозиметр бойынша, каттылық көрсеткіші Б.Г. Скрамтаевтың тәсілімен анықтаумен салыстырғанда шамамен 3-4 есе көп. Құрылыстық өндірісте қатты, жылжымалы және құйылма бетондық араласпаларын қолданады. Ыңғайлы төселімдіктері бойынша олар тиісті маркаларға бөлінеді . Қатты бетондық араласпаларда (Ж1-Ж4) су мөлшері азғана болады. Оларды нығыздап салу үшін механикалық күшті нығыздау қажет болады, мысалы жүк бастырып, ұзақ дірілдету немесе дірілдете пресстеу. Оның есесіне катты бетондық араласпалар цемент шығынының аздығымен сипатталады. Мұндай араласпаларды жиналма темірбетон бұйымдары мен конструкцияларын жасау үшін нығыздаушы қуатты машиналарымен жабдықталған зауыттарда жиі қолданады. Салынып жатқан нысандар басында қатты араласпаларды сирек пайдаланады.

Жылжымалы араластардың (П1-П4) суы қаттыларға қарағанда айтарлықтай көп. Олар өздері қою, бірақ жылжымалылығы жақсы, дірілдетумен өте оңай тығыздалынады.

_______ Кесте-14.8. Бетондық араласпалардың жіктелуі_____


Ыңғайлы төселім бойынша маркасы

Көрсеткіші бойынша нормальдық ыңғайлы төселімділігі

Ыңғайлы төселім бойынша маркасы

Көрсеткіші бойынша нормальдық ыңғайлы төселімділігі

Қаттылығы,

с


Жылжымалылығы, см.

Қаттылығы,

с


Жылжымалылығы, см.

1


2

3

4

5

6

Ж4


31 және көп

-

Ш

1-4

4 және аздау

Ж4


21-30

-

П2

-

5-9

Ж2


11-20

-

П3

-

10-15

Ж1


5-10

-

П4

-

16 және көптеу

Маркалары ПЗ және П4 араласпаларды міндетті түрде жұмсартқыш қоспаларын қоса дайындайды, соның арқасында оларды қалыптарға немесе құрылыстың керекті жеріне шамалы механикалық әсермен нығыздап салуға болады. Бетондық жұмыс практикасында мұндай араласпаларды құйылмалар деп атайды. Жылжымалы жәнеқұйылма араласпалары бетонсорғыш көмегімен құбырлар бойынша оңай тасымалдайды. Тасымалдау, салу және нығыздау процестерінде бетондық араласпаның жіктелуінен сақ болған жөн. Оны араласпаньің байланыстығымен сипаттауга болады. Бетондық араласпаньің байланыстығы бетон құрылысының және қасиетінің біркелкілігін қамтамасыз етеді. Араласпаны нығыздағанда, оны құрамалайтын түйіршіктер өзара жақындайды, ал судың біршамасы ең жеңіл компоненті ретінде ығыстырылып, жоғары көтеріледі де, соңында капиллярлық өрістер және ірі толтырғыш түйіршіктерінің астында қуыстар құралып қалады. Бұл кұбылысты бетондық араласпаның седиментациясы деп атайды. Седиментация процесінде тығыздығы ерітінді бөлігінің тыгыздығынан (цемент, құм және су араласы) басқаша ірі толтырғышта араласпада қозғалып, орын ауыстырады. Егер толтырғыш тығыз және ауыр болса, мысалы граниттен алынған шағал тас, онда оның түйіршігі астына қарай ұмтылады; кеуекті жеңіл толтырғыштар, керісінше, жоғары қарай қалқып шығады. Мұның барлығы бетон структурасын нашарлатып, біртектілігін орындамайды. Егер бетон құрамына майда толтырғыш мөлшері дұрыс тағайындалса және жұмсартқыштарды пайдаланып, ерітуге қажетті су шығынын қысқартса, онда жоғарыда айтылған бөлшектену құбылысын минимумға жеткізуге болады - ауыр бетон үшін 5% көп емес, жеңіл бетонда 10% көп емес болуына сенімдік туады. Бетондық араласпаның ыңғайлы төсемділігі конструкция типіне, оның мөлшеріне, арматуралану жиілігіне және қолданылатын нығыздандыру құралына сәйкес болуы қажет. Ыңғайлы төселімділікті реттеуге мүмкіндік бар. Ол үшін ыңғайлы төселімділіктің өзгеруіне әсер ететін басты факторларды білу қажет: бетондық араласпаға кеткен су шығыны, цемент илемесінің көлемі, ерітінділік бөлігінің көлемі, пайдаланылған цемент және толтырғыштар түрлері, жұмсартқыштар қоспаларының болуы немесе жоқтығы. Қысқаша айтқанда, бетондық араласпаның технологиялық қасиеті - оның құрамына және қолданылган материалдар қасиеттеріне тәуелді.



Су шыгыны - бетондық араласпаның ыңғайлы төселімділігіне басымдық әсерін тигізетін маңызды фактор. Су цементпен араласып, цементтік илеме береді. Неғұрлым су көбірек алынса, соғұрлым цемент илемесінің қоюлыгы (жабысқақтығы) төмен және соғұрлым сырттан тиетін күш әсерімен жеңіл деформацияланады. Сонымен, су шығынын асыра және оған сәйкес цемент илеменің қоюлығын азайта жұмсақтау бетондық араласпасын алады. Белгілі материалдар негізінде бетон құрамын анықтарда тағайындалған жылжымалықтағы араласпасын алу үшін қажетті су мөлшері шамамен айтқанда тұрақты көлем екенін ескерген дұрыс, әрине, егер 1 м3 бетонға байланыстырушы шыгыны 400 кг аспайтын болса. Бұл жәйт, бетон кіріспесінде «Тұрақты су шыгын ережесі» ретінде белгілі. Сондықтан, берілген ыңғайлы төселімдегі бетондық араласпаны алу үшін керекті су мөлшерін деректер (анықтамашы деректер) бойынша алдын-ала тауып алуға болады. Келтірілген деректерді портландцементін және ірілігі орташа құмын пайдалана жасалынатын бетон үшін қолдануға жарамды. Қайсыбір біріктірушілер (байланыстырушылар құрамында минералдық қоспалардың елеулі үлесі болуы мүмкін, мысалы трепельдің немесе диатомиттің. Мұндай қоспалардың өте ұнтақдисперсті структуралары болады да көп су сіңіргіш келеді. Сондықтан, минералдық қоспасы бар цементтерді, айталық пуцолондық портландцементті, қолдану бетондық араласпаның суқажеткөйлігін 15---20 л ұлгайтады.

Бетондык араласпаны дайындауға кететін судың біразы цемент туйіршіктерін сулауға және жұмсақ цемент илемені құруға шығындалады; басқа бөлігі толтырғыштар түйіршіктері бетіне сіңеді (адсорбцияланады) және түйіршіктері кеуекті болса, онда олардың ішіне тартылады. Толтырғыштармен адсорбцияланған су мөлшері түйіршіктер беттерінің сипатына және қосынды бет аумақтарына байланысты болады. Беттері тегіс келетін табиғи ұсақ тас пен кұмның су тартымдылығы шағал тас пен жасанды (уатылган) құмға қараганда аздау. Түйіршіктердің қосынды беттік аумақтары олар майдаланған сайын ұлгая береді. Неғұрлым толтырғыш майда болса, соғұрлым берілген ыңғайлы төселімдіктегі бетондық араласпаны алу үшін көп су қажет болады. Осындай себеп бойынша майда құм қолдана жасалған араласпаның суқажеттілігінің өсетіндігі. Сондай-ақ, құрамында өте ұнтақ топырақтан, шаңнан, саздан тұратын елеулі қосындысы бар толтырғыштарды қолданғанда, су шығыны тіпті көбейіп кетеді. Мұндай жағдайда, қатайған бетон сапасының көрсеткіштері (мықтылыгы, мәңгілігі және т.б.) нашарлайды. Цементтің илеме көлемі 1000 л бетонның 240 - 270 л құрайды. Бұл 1 м3 бетонға мүмкіндігінше ең аз дегендегі, цемент шығынына, ягни 200 - 220 кг. сәйкес келеді. Толтырғыштар туйіршіктерін жағар маймен сылағандай бүркеп және олардың аралық куыстарын толтыру үшін осыншама минималдық цемент илемесі керек. Олай болса, майда және ірі толтырғыштар түйіршіктерінің өзара қозғалу мүмкіншіліктері жағар май ролін орындайтын цемент илемесінің тек қоюлығына ғана емес сондай-ақ, оның көлеміне де байланысты. Міне, осы себептен бетондық араласпаның ыңғайлы төселімділіктігі толтырғыштар бөлшектерінің қозғалып өзара орын ауыстыра жайласатындығына және соның нәтижесінде бетон құрамалары (компоненттері) тұтас біркелкі масса құрайтын қабілетіне байланысты.



Цементтік ерітінді көлемі. Егер бетондық араласпаны даярларда, ерітіндімен ірі толтырғыштар туйіршіктерінің тек аралық қуыстарын толтыратын болсақ, онда қалыптауға (салуға) келмейтін өте қатты бетон араласпасын алған болар едік. Олай болатыны, щебень немесе гравий түйіршіктерінің түйіспелері ұстасып, араластың деформациялануына үлкен кедергі жасап жылжытпайды. Бетондық араласпаны жылжымалы жасау үшін ерітінді бөлігінің көлемі ірі толтырғыштағы қуыстық көлемінен біраз артық болуы қажет. Сөйтіп, толтырғыш түйіршіктерінің айналасында жұмсақ қаптама құралып, бетондық араласпаны салып ныгыздарда түйіршіктердің өзара қозғала орын ауыстыруларын жеңілдетеді. Сондықтан, басым көпшілігінде цементтік ерітінді көлемін ірі толтырғыштағы қуыстар көлемінен артық етіп қабылдайды. Мұны бетон құрамын есептерде артықтық коэффициентін (түйіршіктер арасын алыстату коэффициентін) енгізу арқылы ескереді. Бұл коэффициенттің мағынасын қатты араласпалар үшін 1,05-1,15, ал жұмсақ араласпалар үшін 1,2 - 1,5 аралықтарында қабылдайды. Жүмсақтандырушы қоспаларды қолдану бетондық араласпалардың ыңғайлы төселімділіктерін реттеудің ең тиімді тәсілі. Бетонға оларды шамалы ғана (байланыстырушы массасынан 0,05 - 0,3%) қосқанның өзінде, араластың берілген ыңғайлы төселімділікте су шыгынын қысқартады. Оның үстіне, қоспалар бетондық араласпаның байланыстығын жақсартып седиментация құбылысын болдыртпайды. Жұмсартқыштар қоса жасалынған бетон тыгыздығының, мықтылығының және коррозияға тұрақтылығының жоғарылығымен сипатталады.

Бақылаау сұрақтары.

1. Бетон араласпа қаттылығын қай тәсілмен анықтайды?

2. Бетондық араласпа жылжымалылығын қалай анықтауға болады?


5 дәріс. Бетон және темирбетон бұйымдарын жылыылғалдылықпен өңдеу.


Дәріс жоспары:

1.Бетон және темирбетон бұйымдарды қыздыру арқылы өндеу


Қалыпқа салынған бетондық араласпа цементтің гидратациялануы арқасында өзінен-өзі қатая бастайды. Қатаюшы бетон, оған тиісті күтімдік жасаған жағдайда, жобада қарастырылған мықтылығына нормалық уақытта жетеді. Қатаюшы бетонға күтім дегеніміз - оптималдық температуралық-ылғалдылық қатаю ережесін орындауды қамтамасыз ету, қалыптасып үлгермеген структурасын бұзатын соғудан және селкілдетуден сақтау болып табылады. Осы қатаю кезеңінде бетон мықтылығын жетілдіретін маңызды факторларға температура, ылғалдылық жағдай мен қатаю ұзақтығы жатады. Бетонның қатаюы жылы және ылғалды ортада жүреді. Мезгілінен бүрын бетонның құрғап кетуі немесе мұздап қалуы цементтің сумен гидратациялық әрекетін тоқтатады, бетон структурасына және қасиеттеріне теріс әсерін тигізеді. Нормалық жағдайда, демек температурасы 20±2°С ылғалды ауалық ортада бетонның қысқандағы мықтылығы қатаю уақытының логарифміне пропорционалды өседі: Rn \R28=Ign\Ig28

Бұл формуланы қалыпты босату уақытын шамамен есептеу үшін пайдаланады. Бетон мықтылыгын бұдан дәлірек анықтау үшін, бетон мықтылығының эксперименталдық өсу қисығы арқылы болжайды. Бетон нормалдық жағдайда қатайғанда, тек 7-14 тәуліктен кейін өзінің маркалық мықтылығының 60-80% береді, сондықтан бетон технологиясындағы ең маңызды міндет бетон қатаюын тездету тәсілдерін жетілдіру. Бұл проблеманың шешілуіне П.И.Боженов, А.В.Волженский, С.А.Миронов, Л.А.Малинина және т.б. елеулі үлес қосқан.



Бетон қатаюын тездету үшін оның температурасын көтеріп, ылғалдығын міндетті түрде сақтауға мүмкіншілік беретін жылумен өндеу тәсілін пайдаланады. Температураны көтеру нәтижесінде цемент минералдарының сумен әрекеттесуі пәрменді жүреді де, алғашқы мезгілінде бетон мықтылығының өсуін тездетеді. Әдетте, жылу тасығыш ретінде температурасы 60-90°С бу немесе бу аралас ауаны қолданады. Бетон мықтылығы10-14 сағат бойы булаған соң, керекті мықтылығының 70-75% жетеді. Герметикалық аппараттарда - автоклавтарда 0,8-12 МПа қысымдықта және 175-190°С температурада қаныққан бумен бетонды өңдегенде, оның қатаюы одан да едәуір тездетіледі. Бірақ, мұндай өңдеу тәсілдерін тек зауыттық жағдайда пайдаланады; ол бұйымдардың қымбатталуымен байланысты. Әдеттегі бетон қатаюын тездету тәсілдерін тиімді болмайтын жағдайда ғана қолданады. Нормалдық қысымдықта қаныққан бумен бетон булауды мезгілдікпен және үздіксіз істейтін камераларда белгілі режиммен жүргізеді. Қабылданған режим бойынша, температура берілген жьілдамдықта біртіндеп көтеріледі, бұйымдар жетілген жоғарғы температурада берілген уақыт бойынша қыздырылады, сосын температурасын біртіндеп төмендетеді. Жылумен өңдеуші үздіксіз істейтін камералар туннельдік көлденең және тігінен болып екі топқа жіктеледі. Бұл камераларда форма-вагонетка қалыпталынған бұйымдармен үш зонаны бірінен кейін бірі өтеді: 1.жылыту,2. жоғарғы температурада (изотемпературалық) ұстау және 3.салқындату.

Вертикальдық булау камераларында жылумен өңдеу процесі қарсылай ағым принципін қолдана жүргізіледі. Бу перфориланған (тесіктелінген) құбырмен камераның жоғарғы зонасына (изотермиялық қыздыру зонасына) келіп түседі. Суық бұйымдар біртіндеп, ыстықтығы аса түсетін бу ауалық аралас ортасына қарсы көтеріле береді. Бұйымдар изотермиялық зонасын өткеннен кейін, қайтадан астына қарай жылжып біртіндеп салқындайды. Бетон қатаюын тездету үшін бұйымдарды электр энергиясымен де, инфрақызыл сәулелену энергиясымен де қыздырады. Сәулеленуші аспаптар электр тоғымен немесе газбен қыздырылады. Олардан шығатын сәулелік энергия қалып қабырғаларымен немесе тікелей бұйымдармен игеріліп, жылылық күйінде бетонда шоғырланып, оны қыздырады. Қалыпталынған темірбетон бұйымдарын саңылаулық камерада жылумен өңдерде кұбыршақты электрқыздырмаларын (ТЭНдерді) қолданады.

Электрлік өрісте темірбетон бұйымдарын индукциялық қыздыруды арматураға және металдық, қалыптар қабырғасына берілетін токтарды генериялау есебінде жүргізеді.



Электр тоғымен қыздыруды вертикальдық кассеталық қалыптарда, қалыпталынатын панельдерді жасарда да қолданады. Кассеталардағы аралық қабырғаларын электродтар ретінде пайдаланады. Электрмен қыздырарда, техникалық қауіпсіздігіне үлкен көңіл аудару қажет. Ток бойында тұрған қалыптау қондырғысын қоршалап, жарықтық және дыбыстық сақтандырғыштармен жабдықтау қажет. Бетондық араласпаны салар алдында қысқа уақыт (5-10 мин) электрмен қыздырып алған елеулі тиімділік береді. Бетондық араласпа арнаулы бункерлерде 38,08 кернеудегі тогімен температурасын 80-90°С дейін жеткізе қыздырылады,сосын ыстық күйінде қалыптарға салып тығыздайды. Цемент гидратацияланғандағы бөлінетін экзотермиялық жылу қатаюшы бетондағы көтеріңкі температураның біраз сақталуын және қатаю жылдамдығын сүйемелдейді.

Араласпаны алдын-ала электрмен қыздырып алу тәсілін қыс мезгіліндегі бетондау жұмыстарында, сондай-ақ, буландырудың орнына ауыр және жеңіл бетондардан бұйымдарды «ыстықтай» қалыптау үшін тиімділікпен қолданады. Құрама темірбетон өндірісінде және бетондық жұмыстарында бетон қатаюын тездетудің жылылық тәсілдерінен басқа технологиялық жэне химиялық тәсілдері де бар.

Технологиялық тәсілдердің мәнісі - жылдам қатаятын цементтерді қолдану, цементті құрғақтай және сумен қоса дірілдеме диірменде қосымша тарту, бетондық араласпаны дірілдете активтеу, қатты араласпаларды және оларды нығыздаудың тиімділік тәсілдерін пайдалану.



Химиялық тәсілдердің мәнісі - бетон араласпасына түрлі қоспаларды (кальций хлориді, натрий хлориді, кальций нитрит -нитраты және т.б) қосуда. Зауыттық жағдайда, қатаюды тездеткіш-қоспаларды бетонды жылумен өңдеу ұзақтығын қысқарту үшін қолданады. Кальций хлоридінің өлшемі (сусыз тұзға есептегенде) цемент массасынан 1-2%. Кальций хлоридін көбейту болаттық арматураның коррозиясын шақырады. Кальций хлоридін қосқанда, бетонның алғашқы (3 тәулігіндегі) мықтылығы айтарлықтай тездеп өседі, ал оның 28-тәуліктік беріктігі қоспасыз бетондыкіндей болады, демек айырмашылығы дерлік жоқ.

Сонымен, жылумен өңдеу барысында цемент қатаюының тездетілуі мен жаңа түзілімдерімен бетон структурасының беріктелінуі негізінде жаңадан қалыпталынған бетонда конструктивтік процестер жүреді.


Бақылау сұрақтары.

1.

2.



Әдебиеттер:



  1   2   3   4


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет