Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі.



бет9/17
Дата18.04.2016
өлшемі2.78 Mb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17

ОБСӨЖ жоспары:

1. Түсті ажырату.

2. Көру талдағышының негізгі қызметтік ерекшеліктері.

3.Иіс сенсорлық жүйесіне жалпы сипаттама

4.Иіс сезу жүйесінің шеткі бөлімі

5. Дәм сенсорлық жүйесіне жалпы сипаттама

6. Дәм сезу жүйесінің шеткі бөлімі
ОБСӨЖ мақсаты: Кору талдағышының ерекшеліктеріне. Тепе – теңдік, қимыл талдағыштарының айырмашылықтарына және маңызды қызметіне. Тері, дєм жєне иіс сезімдеріне толық мәлімет беру.
ОБСӨЖ мәтіні: Иіс сезу хеморецепцияға жатады. Негізі, химиялық сезгіштіктің үш түрін ажыратады: жалпы химиялық сезгіштік, дәм сезу және иіс сезу. Осылардың ішіндегі ең жоғарғы сезгіштігі және спецификалығы бары, заттың небәрі бірнеше молекуласымен жанасудан қозу күйіне келе алатыны-дистанттық, яғни иіс сезу хемороцепторлары. Әр түрлі иіс заттары үшін тітіркендіру табалдырықтары бірдей болмайды. Мәселен, үшнитробутилтолуолдың бір литр ауадағы мг-ның млардтан бір бөлігіндей мөлшерін адам сезе алады. Бір иіс сезу рецепторлардың иіс затының бір молекуласы қоздыра алады, ал рецепторлардың аз ғана санының қозуы түйсік туғызады. Сөйте тұра зат әсерінің шамасының өзгеруін бағалау (айыру табалдырығы) адамда жақсы жетілмеген. Иіс күшінің минимальды өзгеренін сезу үшін оған бастапқы иістің 30-60 процентін қосу керек. Иттерде бұл көрсеткіштер 3-6 есе аз болады. Анализатор сезгіштігіне түрлі факторлар әсер етеді. Мысалы, ауабуларының болуы тітіркендіру табылдырығын төмендетеді. Таза қиындауы табалдырықты жоғарылатады (тұмау кезінде). Әлсіз иісі бар затты қайталап иіскеуден тітіркендіру табалдырығын төмендетуге болады (сенсибилизация жүреді). Ми қыртысындағы басқа анализаторлар-зоналарында (мысалы, көру зонасында) туған қозу иррадиациаланса, иіс анализаторының да қозғыштығы жоғарылауы мүмкін. Теріс индукция, керісінше, қозғыштығы төмендетеді. Адам мен жануарларда бұлардың көмегімен тұрарлық коммуникация бағалау, сондай-ақ қоршаған иортадағы биодлошгиялық маңызжды химиялық сигнарлдар туралы хабар алу іске асады.

Иіс сезу жүйесінің шеткі бөлімі жоғарғы мұрын жолдары облысында жатады (5-8см2). Омырқалы жануарларда иіс сезу эпителиннің қалыңдығы 30-дан 200 мкм-ге дейін болады.

Онда клеткалардың үш типі бар, рецепторлық, тірек және базальдық. Рецепторлық клеткалардың диаметрі 5-10 мкм-дей және тірек клеткаларының арасында орналасқан.

Адамда рецептордың иіс сезу клеткаларының жалпы саны 10 млн-дай. Әр иіс сезу клеткасының беткейінде түйреуіш тәрізді біраз жуандығы бөлім дболады. Бұдан ұзындығы 10 мкм-дей диаметрі 0,3 мкм-дей 6-12 өте жіңішке түкшелер шығады. Түкшелер Боумен бездері жасайтын сұйық ортаға батырылады. Түкшелер болуының арқасында рецептордың иіс затының молекулаларымен конетактыға түсетін ауданы ондағы есе сртады деп септеледі. Түкшелердің белсенді қозғалу қызметінің де бұл процесте (иіс заттарының молекулаларын ұстау және олармен жанасуға түсуден тиісті ролі бар болу керек. Иіс сезу клеткасындағы түйреуіәш тәрізді бөлім маңызды цитохимиялық орталық деп саналады, шамасы сол жерде рецепторлық потенциаланатын болу керек. Бұл клеткалар алғашқы сезгіш рецепторларға жатады.

Хемероцепторлар беткейі, әдетте, сілекеймен қапталып тұрады. Ол структураланған матрикс ретінде рецептивтік беткейдің тітір.

Иісті қабылдаудың көбірек тараған теориясы-стереохимиялық теория. Бұл түсінік бойынша, рецепторлық иіс сезу клеткаларының мембрасында белгілі конфигурациялы учаскілер (белсенді рецепторларлық орталықтары) бар. Оларға белгілі пішінді адекватты тітіркендіргіш молекулалы адсорбцияланады. Бұлардың белсенді топтары, атомдары немесе иондары мембрана спецификалық белоктарымен байланысқа түсе алады. Аталған учаскілерге өздеріне сай келетін молекулалар орналасқан соң мембраның ол жерінде деполяризация жүреді де, қозу туады. Иіс рецепциясының теориясы бойынша, бұл процестің бастапқы звеносында өзара әрекеттесудің екі түрі болуы мүмкін: иіс затының молекуласы мен рецептікучаске бір-біріне соғылғанда зарядтың контактылы тасылуы және молекулалық комплекстің тұрақты және заряд тасушы комплекстің түзілуі.

Иіс сезу эпителиінің беткейінен тигізілген электродтар арқылы тіркелетін суммарлық электрлік белсенділіктен өзгерістердің электроольфакторма деп атайды.

Бұл амплитудасы 10 мВ-ке жететін, ұзақтығы бірнеше секундай болатын, иіс затының тіпті қысқа уақыттық әсерінен пайда болатын монофазалы теріс толқын. Біраз жағдайларда негізгі негативті толқын алдында электроолььфакторграммадан аз ғана оң (позивті) толқынды көруге болады.ал әсер ету ұзақтығы жеткілікті борлған жағдайда, оның әсерінің тоқтауына үлкен негативті толқын (off-реакциясы) туады. Кейде электроольфактограммадағы баяу толқындарға қосарланып, тез тербелістер байқалады. Бұл-рецепторлардың едәуір санындағы синхронды импульстік белсенділіктің көріністері.

Иістер қоспасы әртүрлі қабылданады. Мәселен, иістер қоспасы жаңа бір иіс тәрізді сезілуі мүмкін, болмаса олардың әрқайсысы жеке-жеке білінуі, бірақ бір тұтас комплекс тәрізді сезілуі мүмкін, инем есе әр түрлі иіс түйсіктері бірінен соң бірі кезектесіп тууы мүммкін: бір немесе бірнеше иіс басқа иістерді білдіртпей де жібере алады (иістер маскировкасы); бір иістің жоқтығы басқа иіс әсерінен білінбеуі де мүмкін (иіс коменсациясы).

Иіс анализаторына тән ерекшелік-оның афференттік талшықтары таламуста ауыспайды және үлкен мидың қарама-қарсы жартыларына қиылысып өтпейді. Пиязшықтан шығатын иіс сезу жолы бірнеше шоғырдан тұрады және тікелей алдыңғы мидың әр түрлі бөлімдеріне (алдыңғы иіс сезу ядросы, иіс сезу төмпешігі препи-рифорымды қыртыс, пирамигдалярлық қыртыс, миндаль тәрізді комплекс ядроларының бір бөліміне) қарай бағытталады. Иіс сезу пиязшығының гиппокамппен, пириформды қыртыспен және иіс сезу миының басқа да бөлімдерімен байланысы бірнеше ауыстырулар (переключение) арқылы жүзеге асады. Иіс сезу миының бірнеше орталықтарының болуы иісті тану үшін қажетті шарт емес. Олай болса, иіс сезу трактісі проекцияланатын облыстардың көпшілігі басқа сенсорлық жүйелермен байланысты қамтамасыз ететін ассоциативтік орталықтар деп қаралу керек. Осының негізінде олар іс-әрекеттің қоректік, қорғану, жыныстық, т.б. күрделі формаларын ұйымдастыруға қатысады.

Дәм хеморецепторлары контактылы рецепторларға жатады, сезгіштігі жағынан орташа денгейде, еріген затттардың аз шамасынан қозу күйіне келеді. Олар ауызға түскен заттар сипаты мен концентрациясы туралы ақпарат береді. Адамда дәм рецепциясының зонасы ауыз қуысында, тіл емізікшелерінде, көмекейде (бадамшада), жұтқыншақтың арт жағында, жұмсақ таңдайда орналасады. Дәм рецепторларының ең көп орналасқан жерлері - тілдің ұшы, бүйірлері және түбі (артқы бөлімі). Тілдің үстіңгі беті мен астыңғы жағында мұндай хеморецепторлар жоқтың қасында Дәм рецепторларының бүршіктері - ауызда топтасып орналасады, пішімі сопақша, микроскоппен қарағанда пиязга ұқсайды. Сондықтан оларды кейде дәм пиязшықтары деп те атайды. Дәм пиязшықтарының адамдағы саны 10000-дай. Әрқайсысының ұзындығы мен көлденеңі-70 мкм-дей (7-10м).

Дәм пиязшығында клеткалардың бірнеше типі бар: соңғы сезгіш рецепторлық клеткалар, тірек клеткалар, базальды жөне перигеммальды клеткалар. Әр пиязшықта бірнеше ондаған клеткалар болады. Пиязшықтар эпителий қабатарына перпендикуляр жатады және оның әрқайсысының апикальды бөлімі тар саңылау арқылы ауыз қуысымен қатысады, ал базальдық бөлімі базальдық мембрана арқылы бөлінген дәнекер тканімен шектеседі.

Дәм пиязшықтары орналасқан дәм емізікшелерінің үш түрін ажыратады: саңырауқұлақ тәрізді, науа тәрізді және жапырақ тәрізді.

Дәм сезетін клеткалар организмнің ең қысқа өмір сүретін эпителий клеткалары: шамамен әрбір 250 сағатта әр клетка жаңарады; пайда болған жас клетка дәм бүршігінің шетінен орталығына қарай жылжиды. Рецепторлық дәм клеткасының ұзындығы - 10-20 мкм (1-2-10-5) көлденеңі - 3-4 мкм (3-4-10-5м): жжоғарғы саңылауға қараған ұшына өте жіңішке -0,1-0,2 мкм-дей (1-2·10-6м) 30-40 микробүрлері болады. Микробүрлер бүршіктер каналдарына адсорбцияланған химиялық заттар әсерлерін қабылдап, рецепторлық клеткалар қозуында маңызды рөл атқарады деп есептеледі. Шамасы, микробүрлер облысында белсенді орталықтар –рецептордың стерео-спецификалық учаскесі жатқан болуы керек. Олар әр түрлі заттарды таңдап адсорбциялайды.

Адамның әр түрлі химиялық заттарды қабылдауын психофизикалық әдістермен зерттеу арқылы негізгі төрт дәм түйсігі бар екендігі анықталды: тәтті, қышқыл, тұзды және ащы. Табиғи жағдайда тамақ ішу кезінде ауыз қуысының кілегей қабығы бірнеше модальды күрделі стимулдар әсеріне ұшырайды, өйткені эпителиде хеморецепторлардан басқа көптеген механикалық терморецепторлар бар. Олай болса, дәм түйсігі мультимодальді болады.

Абсолютті дәм сезгіштікті өлшегенде екі түрлі баға болуы мүмкін: бірінде - дистилденген су дәмінен өзгеше, бірақ белгісіз ("түсініксіз") дәм түйсігі пайда болады да, екіншісінде - белгілі дәм түйсігі туады. Соңғы түйсіктің туу табалдырығы жоғары болады. Заттар концентрациясының орташа диапазонында минимальды айыру табалдырығы байқалады, ең үлкен концентрацияларға өте бастағанда ол күрт жоғарылайды. Сондықтан 20 проценттік қант ерітіндісі – ең тәтті, 10 процентік натрий хлориды - ең тұзды, 0,2 процентік тұз қышқылы - ең қышқыл, 0,1 проценттік хинин сульфаты – ең ащы болып бөлінеді. Әр зат үшін контраст табалдырығы (J\J) әр түрлі.

Дәм тіркендіргіші ұзақ әсер етсе, адаптация жүреді, яғни түйсік шамасы төмендейді. Адаптация ұзақтығы еретінді концентрациясына пропорционал болады. Ащы мен қышқылдан гөрі тәттіге және тұзды дәмге адаптация жылдамырақ жүреді. Бір дәмге жүрген адаптация кейбір басқа дәмге де сезгіштікті өзгертеді (айқаспалы адаптация).

Бірнеше дәм тітіркендіргіштерін бір мезгілде немесе бірінен соң бірін қолданса дәм контрастын, немесе дәмдер араласуын туғызады. Мәселен. ащыға адаптация тұздыға және қышқылға сезгіштікті жоғарылатады; тәттіге адаптация қалған басқа дәмдерге сезгіштікті жақсартады. Бірнеше дәм заттары араласуынан қоспадағы компоненттердің ешқайсысына да ұқсамайтын жаңа бір дәм түйсігі туады.

Эволюция барысында дәм сезу тамақ таңдау және қабылдамау механизмі ретінде қалыптасқан. Табиғи жағдайда дәм түйсіктері тамақ туғызатын иіс, тактильді, температуралық түйсіктермен комбинацияланады. Тамаққа таңдамалы қатынас туа пайда болған және жүре қалыптасқан механизмдерге негізделеді.

Өткізгіш жолдары. Микроэлектродтарды дәм бүршіктеріне енгізу арқылы жануарларда жүргізілген тәжірибелер көрсеткеніндей, рецепорлық клеткаларда туатын суммарлық (жиынтық) потенциал тілге әсер ететін заттарға (қант, тұз, қыжыл) байланысты өзгереді. Бұл потенциал жай (баяу) дамиды. Оның максимумы әсер басталған соң 10-15 с. өткенде байқалады, бірақ дәм сезу нервінің талшықтарында электрлік белсенділік одан әлдеқайда ерте білінеді. Рецепторлық дәм сезгіш клеткалары күрделі синапстар арқылы афференгтік нерв талшықтарымен байланыста болады.

Дәм сезгіштігінің барлық түрлерінің өткізгіш жолдары дабыл шегі (сымы, тіл нервінің тарамы) мен тіл-жұтқыншақ нерві. Бұлардың сопақша мидағы ядроларында дәм анализаторының бірінші нейроны орналасқан. Бұл нейрондар талшықтарының көпшілігі білгілі бір спецификалы импульсация көрсетеді: тек тұзға, қышқылға және хининге ғана жауап береді. Қантқа сезгіштік көрсететін де талшықтар бар. Дегенмен, қазіргі кездегі көбірек сенім туғызатын гипотеза бойынша, төрт негізгі дәм түйсіктері туралы ақпарат жеке талшықтарда туатын импульстер арқылы емес, дәм затымен әсер еткенде бір мезгілде, бірақ әр түрлі қозу күйіне келетін көп талшықтар тобында импульстер жиіліктерінің түрліше бөлініп байқалатындығы түрінде қолыданады.

Афференттік дәм сигналдары ми бағанындағы (сопақша мидағы) жеке шоғыр ядросына келеді. Ондағы екінші нейрондар аксондары медиальды ілгек (лемниск) құрамында таламустың доға тәрізді ядросына (вентромедиальды комплекске) барады. Бұл жерде үшінші нейрондар орналасады. Бұлардың аксондары ми қыртысынын дәм сезу орталығына бағытталады. Бұл орталық соматосенсорлық қыртыстың төменгі бөлімінде тіл өкілдігі облысында немесе қоршау тәрізді ядрода жатуы мүмкін.

Қазіргі кездегі электорфизиологиялық мәліметтер дәм анализаторынын әр түрлі деңгейлеріндегі дәмдік афференттік сигналдар өзгерістерінің (түрленулерінің) мәнісін, сипатын дәл басып айтуға мүмкіндік бермей отыр


Қолданылатын әдебиеттер тізімі

Негізгі:


1. Х. Сәтпаева, Ж. Ніддібаева, Ә Өтепбергенов Адам физиологиясы. А. Білім 1995ж.

2.Физиология человека Уч. Инс. Физ. Куль Н.В. Зимкина М. ФиС 1975г.



  1. Физиология мышечной деятельности Уч. Инс. Физ. Куль Я.М. Коца М. ФиС 1982г.

  2. В.Смирнов, В. Дубровский Физиология человека воспитания и спорта. М. 2002г.

  3. А. Солодков, Е. Сологуб Физиология человека. Уч. Инс. Физ. Куль М. 2001г.

  4. С. Ж. Бұғыбаева Адам физиолгиясы А. 2003ж.

  5. З. Алиакбараова Мектеп ижасындағы балалардың анатомиясы, физиологиясы және мектеп гигиенасының негіздері. А. 1993ж.

  6. С. Жұмабаев Жас ерекшеліктер физиологиясы. 1997ж.

  7. М. Матюшонок, Г.Г. Турик, А:А: Крюкова Балалармен жасөспірімдер физиологиясы және гигүиенасы. А. Мектеп. 1986ж.

Ќосымша:

  1. Физиология человека Уч.для мед. Инс. Медицина 1984г.

  2. Физиология человека. В. 4 томах. М. Мир, т.1,2. 1985г. Т. 3,4,5. 1986г.

  3. Общии курс физиологии человека и животных М. 19991г.

  4. В. Флинин, В. Фомин. Возрастные основы физического воспитания. М. 1972г.

  5. Физиология человека. Медицина 2001г. 607 стр.

  6. Физиология человека. В. Смирнова М. Мед. 2001г. 668 стр.

  7. Физиология человека. В.М. Покровскии 2 том. М. Мед. 2001 г.



ОБСӨЖ № 16.

ОБСӨЖ тақырыбы: Есту талдағыштары. Жоѓары ж‰йке қызметтері және оның жас ерекшеліктері.

ОБСӨЖ жоспары:

1. Есту хабарын қабылдап алу және өткізу механизмі.



  1. Сөзді қабылдау.

  2. Жоғары жүйке әрекеті

  3. Орталық нерв жүйесі қызметінің рефлекторлық сипаты

  4. Морфологиялық және физиологиялық ерекшеліктеріне қарай рефлекстердің топтары


ОБСӨЖ мақсаты: Есту талдағыштарының маңызына. Жоѓары ж‰йке қызметтерінің ерекшеліктеріне және оның жас ерекшеліктеріне толық мәлімет беру.
ОБСӨЖ мәтіні: Жоғары жүйке әрекетіне ми сынарлары мен оныњ ќыртысыныњ ќызметі жатады. Жоѓары ж‰йке єрекеті организмініњ сыртќы ортамен ќарым ќатынасыныњ тиімді ќалыптасуын зерттейді. Жоѓары дєрежедегі ќызметтер: ес, сана, ойлау, коњіл-к‰йі, т‰с кµру,гипоноз т.с.с. ми сынарлары мен олардыњ ќыртысыныњ негізгі ќызметі болып есептелінеді.

Адамн ыњ мінез-ќ±лќы мен мидыњ арасындаѓы байланысты ењ алѓаш Платон, Гиппократ секілді алдыњѓы ќатарлы ѓалымдар болжап айтќан болатын. Ал ѓылыми негізде жазылѓан ењбек, ол-орыстыњ ±лы ѓалымы физиолог И.М.Сеченов. Ол психикалыќ єрекеттердіњ рефлекторлы табиѓатын алѓаш рет дєлелдеген. И.М.Сеченовтыњ ілімін И.П.Павлов шартты рефлекстер т±рѓысынан дєлелдеген жєне дамытќан.

Орталық нерв жүйесі қызметінің рефлекторлық сипаты.

Орталық нерв жүйесінің қызметі рефлекторлық сипатта атқарылады. Рефлекс туралы түсінік ХVII ғ. Р. Декарттың (1596 - 1650) рефлекстің механикалық концепциясында туындады, ал ғылыми сипаттама берген чех ғалымы Прохаска( 1817)

Рефлекс туралы ілімді одан әрі дамытып психофизиалогиялық концепциясы И.М.Сеченов, шартты рефлекстер концепциясын И.П.Павлов, Ухтомский, В.К.Анохин қалыптастырған.

Биологиялық тұрғыда рефлекс деп организімнің әртүрлі ішкі немесе сыртқы әсерлерге орталық нерв жүйесінің қатысуымен бертін жауабымен. Ал рефлексті қамтамасыз ететін анатомиялық құрылымды рефлекс доғасы дейді . Рефлекс доғасы нерв жүйесінің функциональдық негізі болып саналады.

Рефлекс доғасы бес бөлімнен тұрады.


  1. Қабылдаушы құрылым- рецептор.

  2. Қозуды орталыққа жеткізетін афференттік нерв.

  3. Афференттік аралық, эфференттік нейрондардан тұратаын орталық .

  4. Қозуды орталықтан эффекторға апратын эфференттік нерв .

  5. Жауап беруші құрылым.

Рефлекстік доға бүтін болдған жағдайда ғана рефлекс қызмектін атқарады. Ал егер тұтастығы бұзылса рефлекс туындамайды .

Морфологиялық және физиологиялық ерекшеліктеріне қарай рефлекстердің топтары:

1. И.П. Павлов барлық рефлекстерді шартсыз ( туа біткен) және шартты ( жүре біткен ) рефлекстер деп бөлінеді.

2.Биологиялық маңызына қарай рефлекстер қоректік, сақтану , қорғаныстық, жыныстық , бағдарлау т.б.

3. Рецепторлардың орналасуына қарай экстерорецептивтік (сыртқы), интерорецецивтік рефлекстер ішкі ағзаларда, ал проприорецептивтік рефлекстер етпен бауырда орналасқан рецепторлардың тіркеуінен басталады.

4.Эфферентік бөлімнің сипатына қарай рефлекстер сомалық ( дене) және вегетативті болып бөллінеді .


5. Рефлекстер қатысатын ми бөліміне қарай жұлын, сопақша ми, артқы ми, ортаңғы ми ( мезинцефалдық), аралық ми ( диенцефалдық), алдыңғы ми (кортикалдық) рефлекстер болып бөлінед.


  1. Эффекторға әсерінеп байланысты рефлекстер қоздырғыш және тежеуші болып бөлінеді.

Организімде әр рефлекістің өзіндік орталығы болады.

Нерв орталығы деп организімнің белгілі бір қызметін реттейтін орталық нерв жүйесіндегі нейрондар жиынтығын атайды. Мысалы, тыныс алу, қан айналым, ас қорту, сілекей бөлу, т.с.с

Нерв орталықтарына бірнеше физиялогиялық қасиеттер тән: қозуды бір бағытта өткізу, өтуін баяулату, қозудың жайлуы, қозу ырғағы мен күшін түрлендіріу, қозудың жинақталуы, доминаттық, тежелу процесі.

Бақылау сұрақтары:

1. Рефлекс доғасы?

2. Афференттік аралық?

3.Шартты рефлекс?

4. Шартсыз рефлекс?

5. Рецепторлардың орналасуы?

6. Эфферентік бөлім?

7. Эффектор әсері дегеніміз не?
Қолданылатын әдебиеттер тізімі

Негізгі:


  1. Х. Сәтпаева, Ж. Ніддібаева, Ә Өтепбергенов Адам физиологиясы. А. Білім 1995ж.

  2. Физиология человека Уч. Инс. Физ. Куль Н.В. Зимкина М. ФиС 1975г.

  3. Физиология мышечной деятельности Уч. Инс. Физ. Куль Я.М. Коца М. ФиС 1982г.

  4. В.Смирнов, В. Дубровский Физиология человека воспитания и спорта. М. 2002г.

  5. А. Солодков, Е. Сологуб Физиология человека. Уч. Инс. Физ. Куль М. 2001г.

  6. С. Ж. Бұғыбаева Адам физиолгиясы А. 2003ж.

  7. З. Алиакбараова Мектеп ижасындағы балалардың анатомиясы, физиологиясы және мектеп гигиенасының негіздері. А. 1993ж.

  8. С. Жұмабаев Жас ерекшеліктер физиологиясы. 1997ж.

  9. М. Матюшонок, Г.Г. Турик, А:А: Крюкова Балалармен жасөспірімдер физиологиясы және гигүиенасы. А. Мектеп. 1986ж.

Ќосымша:

  1. Физиология человека Уч.для мед. Инс. Медицина 1984г.

  2. Физиология человека. В. 4 томах. М. Мир, т.1,2. 1985г. Т. 3,4,5. 1986г.

  3. Общии курс физиологии человека и животных М. 19991г.

  4. В. Флинин, В. Фомин. Возрастные основы физического воспитания. М. 1972г.

  5. Физиология человека. Медицина 2001г. 607 стр.

  6. Физиология человека. В. Смирнова М. Мед. 2001г. 668 стр.

  7. Физиология человека. В.М. Покровскии 2 том. М. Мед. 2001 г.



ОБСӨЖ № 17.

ОБСӨЖ тақырыбы: Тепе – теңдік талдағышы Шарты және шарсыз рефлекстердің сипаттамасы.

ОБСӨЖ жоспары:

1. Тепе – теңдік рефлекстері

2. Тепе – теңдік тұрақтылығы.

3. Жоғарғы жүйке жүйесінің қызметі туралы түсінік

4. Шартты рефлекстердің жастық ерекшеліктері

5.Балалардың жоғарғы жүйке жүйесі қызметінің типологиялық ерекшеліктері.

6. Назардың нейрофизиологиялық механизмі мен оның жасна орай қалыптасуы.
ОБСӨЖ мақсаты: Тепе – теңдік талдағышының ерекшеліктеріне. Шарты және шарсыз рефлекстердің айырмашылықтарына толық мәлімет беру.
ОБСӨЖ мәтіні: Жоғарғы нерв жүйесі қызметі және оның жасына байланысты ерекшеліктері. Организмнің қоршаған ортамен қарым қатынасын қамтамасыз ететін үлкен ми шарлары қыртыстары мен оған жақын орналасқан құрылымдар күрделі қызметтерінің жиынтығын жоғарғы жүйке жүйесінің қызметі деп атайды( ЖЖЖҚ).

Жоғарғы жүйке жүйесінің қызметі туралы түсінік. Шартты рефлекстік қызмет жүйке жүрйесінің жеке қызметіне байланысты. Жүйке жүйесінің жеке қызметі әрбір адпның ата-анасынан берілетін нәсілдік қасиеттеріне және оның жеке дамуы кезінде пайда болған, өмірден түйген тәжірибесіне байланысты. Осы қасиеттерінің жиынтығы – жоғарғы жүйке жүйесінің типі болып табылады.



Жоғарғы жүйке жүйесінің қызметінің иілімділігі. Жүйке жүйесінің тума қасиеттері негізінен тұрақты болады. Бірақ жүйке жүйесінің иілімділігі арқасында ғана тәрбиенің нәтижесінде олай да, былай да ауытқып, өзгеруі мүмкін. ЖЖЖҚ –нің типі тұқымдық қасиеттері мен адамнеың тәрбиесі нәтижесінде қалыптасады.

Жоғарғы жүйке жүйеснің қызметінің иілімділігі аса маңызды педагогикалық фактор болып табылады. Жүйке жүйесінің қызметі мен икемділігі шынығуға, тәрбиелеуге көнеді. Ұшқалақ типтегі балаларды салмақтылыққа тәрбиелеуге болады. Жүйкесі жұқа типтегі балаларды ұзақ мазасыздау олардың шектен шығып кетуіне әкеп соқтырады. Оларда невроз пайда болады. Ондай балалар жаңа тәртіпке қиындау үйренеді, арнайы назар аударуды талап етеді.



Шартты рефлекстердің жастық ерекшеліктері. Балалардың жоғарғы жүйке қызметінің типтері. Балаларда 6-7 жастан бастап сөзбен тәрбиелеуге көне бастайды. Оларды бірінші және екінші сигнал жүйелерінің қарым- қатынасы сипаты өзгереді. Ал 3-4 жасар балалардың бірінші сигнал жүйесі екіншісінен басым болады да, екіншісін тежеп отырады. Ал ол 6-7 жаста керісінше болады. Балаларда екінші сигнал жүйесінің дамуы олардың мектеп тәрбиесіне дайындығын көрсетеді.

Бастауыш мектеп жасында ми қыртысының қарқынды дамуы жүйке жұмыстарының қалыпты, салмақты, жылдам жүруін қамтамасыз етеді. Ми қыртысында тежеу процестерінің дамуы шартты байланыстардың қалыптасуын жылдамдатады. Жоғарғы жүйке жүйесінің бөлімдерінің арасындағы байланыстардың қалыптаусы-ми қыртыстары ішіндегі ассоциативті жүйке жолдарының пайда болуына байланысты. Балаларды оқу мен жазуға үйретуге байланысты сөздің байланыстырушы қызметі арта түседі.

Бірқатар шартты –рефлекс қызметінің өзгеруі жасөспірімдік кезеңде байқалады. Организмде жыныстық жетілудің басталуы гипоталамус активтілігі артуына сәйкес келеді. Бұл қыртыс-қыртысасты арақатынасы баласының өзгеруіне әкеп соқтырады. Осыған орай жасөспірімдер шауланшақ болып, салмақтылықтарын жоғалта бастайды. Осы кезеңде алдыңғы кезеңмен салыстырғанда уақытша ішкі байланыстар түзу қиындайды. Бірінші сигналға болсын, екінші сигналға болсын шартты рефлекстер түзілу жылдамдығы баяулайды. Жасөспірімдердің жоғарғы жүйке жүйесі қызметінің ерекшеліктері оларға айрықша назар аударуды талап етеді. Оқу-тәрбие жұмыстарын осыған сәйкес жүүргізу керек.

Балалардың жоғарғы жүйке жүйесі қызметінің типологиялық ерекшеліктері. Красногорский балалардың жоғарғы жүйке жүйесін зерттей оттырып, балалық шақта оның 4 типі болатынын анықтады:

1.Күшті, салмақты, елгезектігі орташа, жылдам тип. Бұл типтегі балалар тәрбиеге оңай көнеді, алғыр болып келеді. Оларда шартсыз рефлекстер ми қыртыстары қызметімен жақсы бақылауға қойылған. Бұл типтегі балалар жақсы сөйлейді, сөз қоры да жетерлік болады.

2.Күшті, салмақты, баяулау тип. Мұндай балалардың шартты байланыстары баяулау орнығады. Ұмытылған рефлекстерде баяулау қалпына келеді. Олардың шартсыз рефлекстер мен эмоцияларын бақылауы алдыңғы типтен де жоғарылау болып келеді. Олар сөйлеуге оңай үйренгенмен, алдыңғыларымен салыстырғанда баяулау сөйлейді. Күрделі тапсырмаларды орындағанда активті, және шыдамды.

3. Күшті, ұшқалақ, елгезектігі жоғары, тежелуі қиын тип. Олардың тежелу процесі жеткіліксіз. Қыртысасты қызметі жоғары, ми қыртыстарымен барлық уақытта бақыланбайды. Мұндай балаларда шартты рефлекс жылдам жойылып, ал пайда болғандары тұрақсыз. Бұндай типті балалар ашуланшақ, қоршаған ортада болып жатқан құбылыстарды қалт жібермейді, бірден араласып кетеді. Олар жылдам, кейде қатты сөйлегенін де байқамай қалады.

4. Әлсіз тип, елгезектігі төмен. Шартты рефлекстер баяу қалыптасады, тұрақсыз, көбіне баяу сөйлейді. Жеңіл тежелуші тип. Сырт тежелуі оңай болғанмен ішкі тежелуі әлсіз болады. Оны мұндай типтегі балалардың жаңа жағдайға қиын үйренуінен байқауға болады. Мұндай типтегі балалар күшті, ұзақ тітіркеністерге шыдамайды, тез шаршап қалады.

Жоғарыда айтылғандай балалардың жүйке типтерінің әртүрлі болуы олардың оқу-тәрбие жұмыстарын қабылдау мүмкіндіктерінің де әр түрлі екендігін көрсетеді. Педагогикалық жұмыстарды әр оқушымен жеке –жеке жүргізуді талап ететіндігі сондықтан. Осылай еткенде ғана жақсы жетістіктерге жетуге болады. Сөйте тұра, біз жоғарыда жоғарғы жүйке жүйесі қызметінің иілімділігін де атап көрсеткенбіз. Ми қыртыстары клеткаларының иілімділігін жүйке типтерін морфофункционалдық өзгертудің негізі болып табылады. Десекте, типтерді нерв құрылымдарының иілімділігін пайдаланып қарқынды даму кезеңінде, әсіресе балалық шақта тәрбиелеу арқылы типтік ерекшеліктеріне коррекция жасауға болады. Оны атақты Иван Павлов та: тип иімділігіне байланысты тәрбие, шынықтыру арқылы адамдар сипатын өзгертуге болатындығын атап көрсеткен.

Тақырып 5. Импульс қабылдаудың нейрофизиологилық механизмі мен жасқа байланысты ерекшеліктері.

Қоршаған ортамен қатынаста, оны танып білуде импульс қабылдау аса маңызды рөл атқарады.



Каталог: CDO -> OBSOJ
OBSOJ -> Білім және ғылым министрлігі
OBSOJ -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
OBSOJ -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
OBSOJ -> 1 обсөж тақырып: Әдеби тілдің жалпыхалықтық тілмен арақатынасы
OBSOJ -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
OBSOJ -> ²àçàºñòàí Ðåñïóáëèêàñû Áiëiì æ¸íå ¹ûëûì ìèíèñòðëiãi “Ñûðäàðèÿ” óíèâåðñèòåòi
OBSOJ -> Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау
OBSOJ -> «Мәдениеттану» пәнінен СӨЖ сабақтарының
OBSOJ -> Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17


©netref.ru 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет