Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі



жүктеу 0.96 Mb.
бет5/5
Дата01.04.2016
өлшемі0.96 Mb.
1   2   3   4   5
: cdo -> OBSOJ
OBSOJ -> Білім және ғылым министрлігі
OBSOJ -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
OBSOJ -> 1 обсөж тақырып: Әдеби тілдің жалпыхалықтық тілмен арақатынасы
OBSOJ -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
OBSOJ -> ²àçàºñòàí Ðåñïóáëèêàñû Áiëiì æ¸íå ¹ûëûì ìèíèñòðëiãi “Ñûðäàðèÿ” óíèâåðñèòåòi
OBSOJ -> Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау
OBSOJ -> «Мәдениеттану» пәнінен СӨЖ сабақтарының
OBSOJ -> Сабақ барысында берілген ақпараттарды белсенді қабылдау
OBSOJ -> «Филология және психология» факультеті «Тілдер» кафедрасы «Тіл біліміне кіріспе»

5.Пікірталас сұрақтары:
1. Абай мұрасының орыс тілінде танылуы мен зерттелуі – орыс, қазақ халқының

достығының айғағы

2. Абайды танытудағы орыс интеллигенттерінің ролі

3. Абайдың Семейдегі мәдениет өкілдерімен араласа бастауы

4. В.А.Кудашовтың Абай өлеңдерін жинап орыс тіліне аударуы

5. Абай шығармалары туралы тұңғыш бағаны орыс зиялыларының беруі

6. Ә.Бөкейханов – Абайды орыс қауымына алғашқы таныстырушылардың бірі

7. Нұқ Рамазановтың „Абай Құнанбаев” мақаласы

8. Абай өлеңімен орыс жұртшылығының ресми түрде танысуы

9. 1914 жылы Шығыстану институтында „Әл - Шархият” жинағының басылуы

10. Осы жинаққа енген Абай өлеңдері

11. Абай шығармаларын аударушы ағайынды Белослюдовтар

10. М.Әуезовтің Абай шығармаларын орыс жұртшылығына танытуы
№21
1. Сабақтың тақырыбы: Абай мұрасы 1918 -1920 жылдар аралығында
2. Сабақтың жоспары:

1. 1918- 1920 жылдар аралығында Абай мұрасын тану, таныту әрекеттері

2. 1918-1920 жылдар аралығында Абай мұрасы айналасындағы идеялық талас -

тартыстар

3. „Абай” журналында жарияланған ақынның әдеби мұрасы жайындағы мақалалар

4. Абай мұрасы жайлы Бернияз Күлеевтің еңбегі

5. Абай мұрасын тұғыш теориялық тұрғыдан зерттеген ғалым - М.Әуезов

6. М.Әуезовтің бүркеншік аты

7. С.Мұқановтың 1923 жылғы дау туғызған мақаласы

8. І.Жансүгіровтің Абай шығармаларын тануы

9. Ғ.Сағдидің „Абай” атты көлемді мақаласы

10. Б.Кенжебаевтың 1924-1925 ж. жарық көрген „Абай” деген мақаласы


3. Бақылау түрі: реферат

4. Реферат тақырыптары:

1. Абай мұрасын танытуда «Абай» журналының ролі

2. Абай мұрасын бағалауда ұлттық сананың оянуы

3. 1918- 1920 жылдар аралығында Абай мұрасын тану, таныту әрекеттері

4. 1918-1920 жылдар аралығында Абай мұрасы айналасындағы идеялық талас -

тартыстар

5. „Абай” журналында жарияланған ақынның әдеби мұрасы жайындағы мақалалар

6. Абай мұрасы жайлы Бернияз Күлеевтің еңбегі

7. Абай мұрасын тұғыш теориялық тұрғыдан зерттеген ғалым - М.Әуезов

8. М.Әуезовтің бүркеншік аты

9. С.Мұқановтың 1923 жылғы дау туғызған мақаласы

10. І.Жансүгіровтің Абай шығармаларын тануы

11. Ғ.Сағдидің „Абай” атты көлемді мақаласы

12. Б.Кенжебаевтың 1924-1925 ж. жарық көрген „Абай” деген мақаласы


№22
1. Сабақтың тақырыбы: Абай мұрасы 1926 -1940 жылдар аралығында
2. Сабақтың жоспары:

1. 1926- 1940 жылдар аралығында Абай мұрасын тану, таныту әрекеттері

2. 1926-1940 жылдар аралығында Абай мұрасы айналасындағы пікірталастар

3. „Абай” журналында жарияланған ақынның әдеби мұрасы жайындағы мақалалар

4. Абай мұрасы жайлы Ы.Мұстамбайұлының мақаласы

5.Осы жылдар ішінде Абай мұрасын танып білудегі түрлі көзқарастар арнасы

6. 30-жылдардағы ұлы ақынның әдеби мұрасы маңында болған пікірталастар

7. Профессор Қ.Жұбановтың „Абай – қазақ әдебиетінің классигі” аталатын еңбегі

8. Абай мұрасын теориялық тұрғыдан зерттеген ғалым М.Әуезовтің төрт салаға жіктеуі
3. Сабақ түрі: семинар

4. Семинар сұрақтары:
1. Абай мұрасын танытуда «Абай» журналының ролі

2. Абай мұрасын бағалауда ұлттық сананың оянуы

3. 1926- 1940 жылдар аралығында Абай мұрасын тану, таныту әрекеттері

4. 1926-1940 жылдар аралығында Абай мұрасы айналасындағы пікірталастар

5. „Абай” журналында жарияланған ақынның әдеби мұрасы жайындағы мақалалар

6. Абай мұрасы жайлы Ы.Мұстамбайұлының мақаласы

7.Осы жылдар ішінде Абай мұрасын танып білудегі түрлі көзқарастар арнасы

8. 30-жылдардағы ұлы ақынның әдеби мұрасы маңында болған пікірталастар

9. Профессор Қ.Жұбановтың „Абай – қазақ әдебиетінің классигі” аталатын еңбегі

10. Абай мұрасын теориялық тұрғыдан зерттеген ғалым М.Әуезовтің төрт салаға жіктеуі


№23
1. Сабақтың тақырыбы: Абай мұрасының 1940 жылдардан кейін зерттелуі
2. Сабақтың жоспары:
1. Қазақ халқының тарихындағы оқиға - Ұлы Отан соғысының әдебиетке тигізген әсері

2. Осы жылдарда қазақ әдебиетінің даму жолы

3. Абай шығармаларын насихаттау ісі

4. Абай шығармалары - майдандағы қазақ жауынгерлерінің рухани азығы

5. „Әскери кітапханалар” деген айдармен Абай шығармаларының баспа бетін көруі

6. Абай мұрасын ғылыми тұрғыдан тану үшін дерек мағлұматтарды жинастыру ісі

7. Абайдың жаңадан табылған өлеңдері

8. Абай дүниетанымы пікір таласында

9. Абай мұрасының зерттеу нысанына айналуы

10. Профессор Н.Сауранбаевтың Абай дүниетанымы жайында пікірі

11. 1941 -1951 жылдар аралығында абай мұрасын зерттеген ғалымдар
3. Сабақ түрі: ой – бөліс, дебат
4. Ой – бөліс, дебат сұрақтары:
1.1940 жылдардағы қазақ халқының тарихындағы аласапыран кезең

2. Ұлы Отан соғысының әдебиетке тигізген әсері

3. Осы жылдарда қазақ әдебиетінің даму жолы

4. Абай шығармаларын насихаттау ісі

5. Абай шығармалары - майдандағы қазақ жауынгерлерінің рухани азығы

6. „Әскери кітапханалар” деген айдармен Абай шығармаларының баспа бетін көруі

7. Абай мұрасын ғылыми тұрғыдан тану үшін дерек мағлұматтарды жинастыру ісі

8. Абайдың жаңадан табылған өлеңдері

9. Абай дүниетанымы пікір таласында

10. Абай мұрасының зерттеу нысанына айналуы

11. Профессор Н.Сауранбаевтың Абай дүниетанымы жайында пікірі

12. 1941 -1951 жылдар аралығында абай мұрасын зерттеген ғалымдар


№24
1. Сабақтың тақырыбы: Абайтанудың қазіргі жағдайы
2. Сабақтың жоспары:

1. Абай шығармалары жөнінде іргелі ғылыми зерттеулердің жүргізілуі

2. Абайтану саласының жан – жақты дамуы

3. Абай жайлы диссертациялық еңбектердің қорғалуы

4. Ақынның 100 жылдық, 150 жылдық мерекелері тұсында абайтану ғылымына

қосылған үлестер

5. Абай есімінің дүниежүзілік көлемде танылуы
3. Сабақ түрі: консультация
4. Теориялық мәлімет:

Қазіргі таңда қазақ әдебиеті әлемдік көркем ойға олжа салған озат әдеиеттер қатарына қосылып та үлгерді. Оған үдере даму жолына түскен қазіргі күндегі абайтану, жамбылтану, сәкентану, мұхтартану сияқты т.б. салалары- халқымыздың аз уақыт ішінде рухани дамуның қаншалықты терең сапа танытарлық айғақты дәлеліндей көрініс.

Міне осындай мақтанышты рухани мұрамызға айналған абай шығармалары советтік дәуірде ғана жан-жақты зертеліп, қазақ әдебиетінің бұл күнде “абайтану” деп аталатын қуатты саласы қалыптасты.Абайтанудың негізін салған әрі ол мұраны ғылыми тұрғыдан меңгеруде тарихи еңбек атқарған академик Мұхтар Әуезов болатын. Ұлы жазушы артына ұлан асыр көркем туындыларын, әсіресе, “Абай жолы” эпопеясы мен Абай шығармалары жайлы ұзақ жылдар бойы ізденуден туған зерттеу еңбектерін қалдырды.

Мұхтар Әуезов мұрасы, әсіресе, оның ұлы ақын шығармалары туралы ғылыми ізденістері мен тұғыры биік туындысы “Абай жолы” эпопеясы - қазақ елінің өткен дәуірі мен бүгінгі өмірінің рухани көпіріне, яғни дәстүрлер жалғастығына айналып отыр. Абай шығармаларының сырын, мән-мағынасын енді Әуезовтің зертеуллері мен ұлы туындысы “Абай жолы” эпопеясы арқылы танып білетін ғажайып түрдегі рухани құралға ие болып отырмыз.

2.Ұлы жазушы мұрасын танып бағалауда туған халқымыздың әдебиетші ғалымдарының қосқан үлесі де айтарлықтай. Жазушы творчествосы жөнінде сын пікірлер толығып, зерттеу процесін аға буын өкілдері С. Сейфуллин, С. Мұқанов, Ғ. Мүсірепов, М. Қаратаев, Ә.Тәжібаев, Б.Кенжеаевтар бастап берді.

Аға буын өкілдері салған ұлы дәстүрді соңыра Е. Ысмайлов, М.Ғадуллин, М. Фетисов, Т. Нұртазин, Қ. Жармағамбетов, З. Кедрина, Е.Лизунова, Ы. Дүйсенбаев, А. Нұрқатов, З. Ахметов, Р. Бердібаев, Х.Сүйіншәлев, З. Қабдолов, М. Сильченко, Н. Смирнова, Б. Құндақбаев, Л.Әуезова, Х. Әдібаев, Ә. Байтанаев, Р. Нұрғалиев, Б. Сахариев, Ә.Молдаханов, Қ. Тасболатов, Ө. Тыныбаева, С. Мұқашева т.б. жалғастыруда. Осы тұста М. Әуезов мұрасының әр түрлі саласынан монографиялық еңбектер жазылып, кандидаттық, докторлық диссертациялар да қорғалып жатты.

1961 жылы 10 август Қазақ ССР Минстрлер Советінің қаулысы бойынша М. О. Әуезовтің әдеби –мемориалды музейінің ұйымдастырылуы – жазушы мұрасының жиналып, бастырылуына жүйелі түрде зерттеу жұмыстарын жүргізу ісіне елеулі қызмет атқарды.

Мұхтар Әуезов - ұлыларға тән көп қырлы дарын иесі.

Әрбір талантты қалам иесінің творчестволық өмірінде ғұмыр бойы құлай беріліп, ұзақ ізденістен туатын жан сыры ретінде жазылатын шығармалары болмақ. М. Әуезовтің де осындай көп жылғы ізденіп зерттеуінен туған бас шығармасы “Абай жолы” эпопеясы. Бірақ осы ұлы туындының жазылу тарихы мен дүниеге келу жолындағы сүйенер негізі, рухани қайнар көздері - Абайдың өмірі мен шығармаларына осы ақынның өмір сүрген дәуірі жөнінде ізденген, сарыла зерттеген еңбектеріне келіп тіреледі. “Абай жолын” жазу үстінде М. Әуезов әрі ғалым, әрі жазушы ретінде екі салада қатар ізденді. Осындай жалықпай ізденудің нәтижесінде абайтану саласында ғылыми өз тұжырымдары мен ұлы ақын туралы көркем туындыларын дүниеге әкелді.
5. Бақылау сұрақтары:


  1. М.Әуезовтің абайтану негізін қалаудағы күрделі ғылыми зерттеулері

  2. М.Әуезов зерттеулерінің проблемалық жақтары

  3. Абайдың ғылыми өмірбаянын жазған ғалым

4. Абай шығармалары жөнінде іргелі ғылыми зерттеулердің жүргізілуі

5.Абайтану саласының жан – жақты дамуы

6. Абай жайлы диссертациялық еңбектердің қорғалуы

7. Ақынның 100 жылдық, 150 жылдық мерекелері тұсында абайтану ғылымына

қосылған үлестер

8. Абай есімінің дүниежүзілік көлемде танылуы


№ 25
1. Сабақтың тақырыбы: М.Әуезовтің „Абай Құнанбаев” монографиясының тарихи мәні
2. Сабақтың жоспары:

1. Абай шығармалары жөнінде іргелі ғылыми зерттеулердің жүргізілуі

2. Абайтану саласының жан – жақты дамуы

3. Абай жайлы диссертациялық еңбектердің қорғалуы

4. М.Әуезовтің кемеңгер ақын туралы әр жылдарда жазған еңбектерінің жинаққа енуі

5. М.Әуезовтің „Абай Құнанбаев” монографиясының ақынның 150 жыл толу мерейтойына байланысты қайта шығарылуы

6. Ақынның 100 жылдық, 150 жылдық мерекелері тұсында абайтану ғылымына

қосылған үлестер

7. Абай есімінің дүниежүзілік көлемде танылуы
3. Сабақ түрі: семинар


  1. Теориялық мәлімет:

М.Әуезовтің „Абай Құнанбаев” монографиясы төмендегідей мақалалардан тұрады:

- Абай Ибраһим Құнанбайұлы;

- Абайды тану;

- Абайдың өмірбаяны;

- Абайдың жас шағындағы шығармалары;

- Абайдың лирикалары;

- Абайдың поэмалары;

- Абайдың аудармалары;

- Абайдың қарасөздері;

- Ақылбай шығармалары туралы;

- Мағауияның шығармалары;

- Абай ақындығының айналасы;

- Абай жайын зерттеушілерге;

- Орыс классиктері мен Абай;

- Абай еңбектерінің биік нысанасы;

- Абай мұрасы жайында;

- С.Мұқнаовтың „Абай Құнанбаев” атты монографиясы туралы;

- Ә.Жиреншиннің „Абай Құнанбаев” деген кітабы туралы пікір;

- Көкбайдың ақындығы.
5. Тапсырма: М.Әуезовтің „Абай Құнанбаев” монографиясының тарихи мәнін ашу, конспектілеу, талдау жасау.

№ 26
1. Сабақтың тақырыбы: Абай мұрасының шығысқа қатысы


2. Сабақтың жоспары:

1. Абай шығармаларындағы шығыстық қайнар көздер

2. М.Әуезовтің Абай мұрасының шығысқа қатысын 4 салаға топтастыруы:

- Абайдың ақындық кітапханасының көлемі мен жайы;

- Абай және шығыс классиктері;

- Абайдың исламиятқа қатысы;

- Абай және мораль философиясы.
3. Сабақ түрі: консультация


  1. Теориялық мәлімет:

Мұхтар Әуезов ұлы Абай шарлаған кәрі Шығыстың арғы-бергі замандарда ұрланған рухани байлығынан жастай сусындап, соңыра жаңа дүниетаным негізінде бар асыл нәрін ала білген ғұлама білгірлігімен де өз ортасында ерекше дараланған алып тұлғаға айналды. Ол шығыс тарихы мен көркем әдебиетіне балғын балалық шағынан-ақ құлақ түріп, есейе келе түбегейлі меңгеріп алуға зор күш салып, алдына келелі үлкен мақсаттар қойды. Әрі көне, әрі дана шығыс әлемінің рухани қазыналарымен танысып, терең біліп, саналы түрде жете меңгерудің алғы шарты - сол мәдениет жасаған тілдерді жете білу, рухани ойларды түпнұсқада оқып танысуда жатқанын өз замандастарының қай-қайсысынан болса да ерте ұғынды.

Балалық шағында туған ауылында түрікше сауат ашып, Абай жасаған ортаға таралған шығыс қисса - дастандарымен, атасы Әуез арқылы да көптеген ел аузындағы аңыз-әңгімелермен де хабардар болып өсті. М.Әуезрв Ташкент, Ленинград университеттерінде оқып ғылым жолына төселу шағында – ақ араб тілін білуге белсене кіріскен.

Ленинград университетінде оқып жүргенде шығыстану саласының зор білгірлері, бүкіл дүние таныған оқымыстырлар: В. В. Бартольд, А. Н. Самойлович, В. Щерба, С. Обнорский, В. Виноградовтар дәрісін үзбей тыңдап, шығыстану саласындағы ұғым-танымын молықтырып, іштей түлеп толысуда болатын-ды.

Ғылыми жетекшісі арабист Михаил Филиппович Гавриловпен факультеттегі шығыс тілдері маманымен кең түрде кеңесе отырып, Мұхтар өзінің алдына үш салаға бөлінген үлкен міндеттер қойды.

1) Келешектегі ғылыми жұмыстарына тікелей қажеті бар әдеби көркем текстерді меңгеру саласында түркі тілдес халықтардың ауыз әдебиетіндегі барлық жанрларды оқумен айналысу.

2) Түркі халықтары мен парсы, араб, неміс тілдерін меңгеру саласында да көп жұмыстар істелді. М. Әуезовте шағатай, әзербайжан, түрік әдебиетін еркін оқып, жете түсінуге әсіресе, парсы тілін толық біліп алуға ерекше мән бере қарады.

3) М. Әуезов тіл ғылымы, тарих, әдебиеттану саласында терең теориялық дариялықты дүниежүзілік әдебиеттің орыс тіліне аударылғандарын жоспарлы, жүйелі түрде оқу арқылы жүргізіп отырған.

М. Әуезов ғылыми –зерттеу нысанасында Орта Азия халықтары мен қазақ халқының әдебиет тарихын алып, зерттеу жұмысын “Манас” эпопеясынан бастауында терең ойластырған мән бар еді. “Манас” түркі тілдес туысқан халықтардың көне мұраларының бірі екенін әрі көптеген ғасырларға созылған өткен өмір көрінісінің ең елеулі жақтарын бойына жинақтаған энциклопедиялық ерекшелігін ерте таныған, зерттеу обьектісінің алтын өзегін де дәл тапқан ғалым тұлғасын да көреміз.

Міне абайтану саласының ең қиын да күрделі жағы Абай шығармаларындағы шығыстық қайнар көздері жайлы зерттеулеріне М.Әуезов осындай зор даярлықпен келіп кіріскені мәлім.

Абай мұрасының Шығысқа қатысы жайлы революцияғы дейінгі баспасөзде алғаш рет шаң беріп, сөз арасында жол-жөнекей пікір білдірген Кәкітай Ысқақов пен “Уақыт” газетінде жарияланған шағын ғана мақала болатын-ды.

М. Әуезов шығармаларының Шығысқа қатысты жақтарын арнайы зерттеп білуден бұрын аталмыш алғы шарттарды қиын да болса көп жылдарға созылған қажырлы ізденістер үстінде ойдағыдай орындап шыға алды.

Абай шығармаларының табиғатына тереңдей дендеп бойлаған сайын ақын ойларының нысана желісін, көркемдік сырларын жаңаша ашып, ой қорытқанда, Абайдың шығысына да терең барлау жасап, қол үзбей, зерттеу назарынан үнемі тыс қалдырмай, пікір білдіріп отыратыны бар.

М. Әуезов Абай шығармаларының Шығысқа қатысы жөнінде алғаш пікірін өте ерте жазылған Абай өмірбаяны жайлы қабырғалы еңбегінде білдіреді.

Абай оқып, нәр тартқан шығыстың рухани қазыналары жайлы кейбір нақтылы деректер: классик ақындар, көне жазба ескерткіштер мен шығыс ойшылдары аз болса да Абай шығармаларында тікелей аталып өтеді. Ал осы деректер көлемі соңыра М. Әуезовтің абайтану саласындағы зерттеулері мен “Абай жолы” эпопеясында да азамат, ақын ойшыл, қоғам қайраткері ретінде қалыптасу жолына қарай біртіндеп рет-ретімен ашылып отырады.

2. М. Әуезовтің Абай мұрасының Шығысқа қатысы жайлы зерттеулері, ондағы ғалым ойының қорлану, жетілу, жаңа сапа тауып түбірлі пікірлерге бет алу жолына ой жіберсек, әр кезеңде әр түрлі таным тұрғысынан айтылған ой толғаныстарын да көреміз.

“Абай ақындығының айналасы” деген мақала зерттеуінде Абай шығармаларының нәр алған үш бұлағы жайлы көзқарасын дәл осы жолы бас –басына арнайы атап өткен де, осы таным тұрғысынан пікір жүргізіп, ақын мұрасындағы шығыстық белгілерге ерекше үңіліп, өзіндік дербес ой танымын ортаға тастады.

М. Әуезовтің Абай мұрасының Шығысқа қатысы жайлы проблемаға әуел бастан-ақ ерекше мән бере қараған. Өзінің осы саладағы ұзақ жылдарға созылған ізденістері мен зерттеу еңбектерінде автор өз танымын негізінен даралай отырып төрт саланың маңына топтастырады: 1. Абайдың ақындық кітапханасының көлемі мен жайы. 2. Абай және шығыс классиктері. 3. Абайдың исламиятқа қатысы. 4. Абай және мораль философиясы. Міне, Абай шығармаларын ғұмыр бойы қол үзбей үңіле зерттеген М. Әуезов қаламынан туған ұлы ақын мұрасының шығысқа қатысы жайлы ізденістерінің бәрі де осы төрт сала маңына үйірілген.
№ 27
1. Сабақтың тақырыбы: Абай мен орыс әдебиетінің қарым-қатысы
2. Сабақтың жоспары:

1. Абай мұрасы туралы орыс интеллигенциясының пікірлері

2. Абай дүниетанымындағы орыс достарының ролі

3. Л.Толстой мен Абайдың творчестволық қарым-қатынасы

4. Абай және Пушкин

5. Абай және Лермонтов

6. Абай және Крылов

7. Абай аудармаларының жанрлық ерекшеліктері

8. Қ.Нұрмаханов, З.Ахметовтардың Абай аудармалары жайлы пікірлері

9. М.Сильченконың «Абайдың өнерпаздық өмірбаяны» монографиясы

10. С.Құспановтың «Переводы Абая» деген кандидаттық диссертациясы
3. Сабақ түрі: реферат
4. Реферат тақырыптары:
1. Абай нәр алған рухани арналар

2. Орыс әдебиеті және Абай

3. Абай мұрасы туралы орыс интеллигенциясының пікірлері

4. Абай дүниетанымындағы орыс достарының ролі

5. Л.Толстой мен Абайдың творчестволық қарым-қатынасы

6. Абай және Пушкин

7. Абай және Лермонтов

8. Абай және Крылов

9. Абай аудармаларының жанрлық ерекшеліктері

10. Қ.Нұрмаханов, З.Ахметовтардың Абай аудармалары жайлы пікірлері

11. М.Сильченконың «Абайдың өнерпаздық өмірбаяны» монографиясы

12. С.Құспановтың «Переводы Абая» деген кандидаттық диссертациясы



5. Тапсырма: Берілген тақырыптар бойынша өзі таңдаған кез-келген тақырыпқа реферат жұмысын қорғау
№ 28
1. Сабақтың тақырыбы: Абайдың әдеби ортасы
2. Сабақтың жоспары:

1. Абайдың әдеби ортасы жайлы күрделі ұғымның қалыптасуы

2. Абайдың ақындық мектебі жайлы туындаған проблемалар

3. Халықтық шығармалар – Абай нәр алған рухани көздің бірі

4. Абаймен замандас әнші-ақындар

5. Абайдың ақын-шәкірттері

6. Абай ақындығының айналасы

7. Абайдың іні-балалары

8. Абай тұсындағы ақындар
3. Сабақ түрі: коллоквиум
4. Коллоквиум сұрақтары:



  1. Абай мұрасының рухани көздері

  2. Абай араласқан ақын-жыраулар, әнші-күйшілер, шежіре-жыршылар

3. Абайдың әдеби ортасы жайлы күрделі ұғымның қалыптасуы

4. Абайдың ақындық мектебі жайлы туындаған проблемалар

5. Халықтық шығармалар – Абай нәр алған рухани көздің бірі

6. Абаймен замандас әнші-ақындар

7. Абайдың ақын-шәкірттері

8. Абай ақындығының айналасы

9. Абайдың іні-балалары

10. Абай тұсындағы ақындар




  1. Тапсырма: Коллоквиум сұрақтарына жазбаша тезис түрінде жауап дайындау

№ 29
1. Сабақтың тақырыбы: Абайдың ақындық мектебі


2. Сабақтың жоспары:

1. Абайдың ақындық мектебі туралы пікірлердің қалыптасуы

2. Абайдың ақындық мектебі М.Әуезовтің зерттеу еңбектерінде

3. Осы тақырып төңірегінде М.Әуезовтің мақалалары

4. Абайдың ақын-шәкірттер тобы

5. Абайдың ақындық дәстүрі

6. Абай дәстүрін жалғастырушы талантты ақын-шәкірттер

7. Абай маңындағы өнерлі жастар

8. ХХ ғ.басындағы Абайдың ақындық дәстүрін дамытушылар

9. Абайдың ақын-шәкіреттері М.Әуезовтің көркем туындыларында

10. М.Әуезовтің «Абай» трагедиясындағы ақын-шәкірттері


  1. Сабақ түрі: реферат




  1. Реферат тақырыптары:

1. Абай ақындығының айналасы немесе «өзі алған нәрлері»

2. Абайдың ақындық дәстүрі немесе «өзгеге берген нәрі»

3. Абайдың ақындық мектебі туралы пікірлердің қалыптасуы

4. Абайдың ақындық мектебі М.Әуезовтің зерттеу еңбектерінде

5. Осы тақырып төңірегінде М.Әуезовтің мақалалары

6. Абайдың ақын-шәкірттер тобы

7. Абайдың ақындық дәстүрі

8. Абай дәстүрін жалғастырушы талантты ақын-шәкірттер

9. Абай маңындағы өнерлі жастар

10. ХХ ғ.басындағы Абайдың ақындық дәстүрін дамытушылар

11. Абайдың ақын-шәкіреттері М.Әуезовтің көркем туындыларында

12. М.Әуезовтің «Абай» трагедиясындағы ақын-шәкірттері


  1. Тапсырма: Жоғарыда берілген тақырыптарға қалауы бойынша реферат жұмысын қорғау

№ 30
1. Сабақтың тақырыбы: Абайдың ақын шәкірттері


2. Сабақтың жоспары:

1. Абайдың ақын шәкірттері М.Әуезовтің зерттеу еңбектерінде

2. Абайдың ақын-шәкірттері:

- Шәкәрім Құдайбердіұлы;

- Көкбай Жанатайұлы;

- Ақылбай Абайұлы;

- Мағауия Абайұлы;

- Әріп Тәңірбергенұлы.


3. ХХ ғ.басындағы Абайдың ақындық дәстүрін дамытушылар

4. Абайдың ақын-шәкіреттері М.Әуезовтің көркем туындыларында

5. М.Әуезовтің «Абай» трагедиясындағы ақын-шәкірттері
3.Сабақ түрі: дөңгелек үстел


  1. Теориялық мәлімет.

Тәуелсіздікке барар жол халқымыздың ұлт ретінде рухани қайта түлеуімен, оянуымен тұстас келді. Тәуелсіздік қарсаңында есімдерін айтуға тыйым салынған, баспасөзде ұмыт қалып, бірен-саран ересектердің ғана жадында сақталған Ш. Құдайбердиев, А. Байтұрсынов, М.Дулатов, М. Жұмабаев, Ж, Аймауытов сынды арыстарымыз Қазақстан үкіметінің қаулыларымен арағап 50-60 жылдай уақыт салып, туған елімен қайта табысты, мәңгілік өлмес өмірге қадам басты.

Қазақ әдебиетінің көгінде сол қайта жанған жұлдыздардың бірі, ұлы Абайдың ақын інісі, талантты шәкірті, гуманистік, адамгершілік, демократтық, ағартушылық идеяларды уағыздаушы Ш. Құдайбердиев екендігін барша қауым танып отыр. Оның ақын, прозашы, аудармашы, философ, тарихшы ретінде артына мол мұра қалдырған жан-жақты қаламгер болуына, ең әуелі, ұлы Абай поэзиясы айтарлықтай әсер еткені даусыз. Сондықтан ,алдымен, М. Әуезовтің Абай шәкірттерінің ішіндегі ең көрнектісі әрі жасы жөнінен де үлкені, ұзақ жасағаны Шәкәрім туралы қысқа пікірінің өзін таратып айтып көрейік. Ақынның қазақ тарихынан жазған салт жырлары “Қалқаман –Мамыр” мен “Еңлік – Кебекті” зерттеушінің тақырыбы жөнінен өзгеше шығармалар деп қарауында үлкен мән бар.

Көкбай Жанатаев- ұлы ақынның үзеңгілес жолдасы, ақын шәкірті.

Көкбай Жанатайұлы 1864 жылы туып, 1927 жылы қайтыс болған. Жасында мсылманша оқуды едәуір өндіріп оқыған соң, Көкбай әншілік, ақындыққа кеп ауысады. Басында айтыс өлеңдерге де жиі араласып, ақындыққа ерте жеткен талапкер жастың бірі болады. Бірақ жігіттікке жете бере қырдағы ән-өлең өнерін, сауығын тастап, Семей қаласына келіп Кәмила хазіреттің медресесіне түседі. Ұзақ жылдар сонда жатып мұсылманша оқу оқиды. Кейін Абай оны әзіл етіп молдалық пен сопылыққа беріліп, әсем әнін, бозбалалықтан кетіп қалды деп сынайды. Көкбай туралы:

Сорлы Көкбай қор болды-ау,

Осыншадан құр қалып...., -дейді.

М. Әуезов өзінің «Абай(Ибраһиим) Құнанбайұлы» атты монографиясының көлемді тарауын Абайдың көрнекті шәкірті, тұңғыш ұлы Ақылбай шығармаларына арнайды. Зерттеуші Ақылбай шығармаларын талдамас бұрын оның өмірі туралы қысқаша деректер келтірген.

М. Әуезовтің Абай жайлы монографиясындағы тағы бір тарау ұлы Абайдың ақындық дәстүрін жалғастырушы, талантты шәкірті Мағауияның шығармашылығына арналған.

Мағауия Әбішке арнаған көңіл шері, жастық, сүйіспеншілік, махаббат туралы өлеңдерінен басқа Абайдың ақыл-кеңесімен, берген материалдардың негізінде «Еңлік - Кебек», «Абылай» және «Медғат – Қасым» поэмаларын жазған.

М.Әуезов 1933 жылы жазған Абайдың тұңғыш өмірбаянында да Әріп есімін Абайдың ақын шәкірттерінің қатарында ауызға алады. Зерттеуші Абайдың «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» деген өлеңінде сыналған ақындардың бірі осы Әріп екенін, оның бұған қатты намыс қылып кектеніп, Абайдан есесін қайтармақ болып, «Біржан – Сараның» айтысын шығарғандығын айтады. Бірақ арада он бес жыл уақыт өткеннен кейін М. Әуезов өзінің алғашында айтқан: «Біржан - Сара» айтысын шығарған Әріп. Біржан, Сара Әріпке әншейін ойдан шығарған геройлар есепті ғана керек...» - деген пікірінен қайтып қалады. Абайдың ақындық айналасын жетік білген Әуезовтің Әріп туралы әр кезде әр түрлі пікір айтуына не себеп болды деген сұрақ туады. «Жазушы мұндай өзгеріске саналы түрде барған сияқты, алғашқысы қалтықсыз көңілден шыққан шын ойы болса, екіншісін уақыт талабына, заман ауқымына қарай амалсыз жасалған жүріс деп білеміз».


5. Пікірталас сұрақтары:
1. Абайдың ақындық мектебі туралы пікірлердің қалыптасуы

2. Абайдың ақындық мектебі М.Әуезовтің зерттеу еңбектерінде

3. Осы тақырып төңірегінде М.Әуезовтің мақалалары

4. Абайдың ақын-шәкірттер тобы

5. Абайдың ақындық дәстүрі

6. Абай дәстүрін жалғастырушы талантты ақын-шәкірттер

7. Абай маңындағы өнерлі жастар

8. ХХ ғ.басындағы Абайдың ақындық дәстүрін дамытушылар

9. Абайдың әдеби ортасы жайлы күрделі ұғымның қалыптасуы

10. Абайдың ақындық мектебі жайлы туындаған проблемалар

11. Халықтық шығармалар – Абай нәр алған рухани көздің бірі

12. Абаймен замандас әнші-ақындар

13. Абайдың ақын-шәкірттері

14. Абай ақындығының айналасы

15. Абайдың іні-балалары

16. Абай тұсындағы ақындар

17. Абайдың ақын шәкірттері М.Әуезовтің зерттеу еңбектерінде

18. Абайдың ақын-шәкірттері:

- Шәкәрім Құдайбердіұлы;

- Көкбай Жанатайұлы;

- Ақылбай Абайұлы;

- Мағауия Абайұлы;

- Әріп Тәңірбергенұлы.

19. Абайдың ақын-шәкіреттері М.Әуезовтің көркем туындыларында



20. М.Әуезовтің «Абай» трагедиясындағы ақын-шәкірттері






1   2   3   4   5


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет