Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



жүктеу 1.44 Mb.
бет7/8
Дата02.04.2016
өлшемі1.44 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8
: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сабақтың тақырыбы: Спорттық ойын волейбол ойынға қосылған допты жоғарыдан немесе төменнен қабылдау
2014 -> Эй бир боорум! Менден бир нече насыйкат сурадың. Сен бир жоокер болгонуң үчүн, аскердик мисалдар менен айтылган сегиз чакан аңгеме аркылуу бир нече акыйкатты напсим менен бирге уккун
2014 -> ЖҰмыс бағдарламасы пән: «Қоғамтану» Мамандығы: : 0301000
2014 -> Ұлт тарихы толқынындағЫ Ұлы тұЛҒалар
2014 -> Конкурс ережесі «Астана Опера»
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж

М.Ж. Сүлейменова,

Қарағанды мемлекеттік

техникалық университетінің

Қазақстан тарихы

кафедрасының доценті, т.ғ.к.

е-mail: smj_46@mail.ru


ОРТАЛЫҚ ҚАЗАҚСТАН АЙМАҒЫНЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУЫ
Егемендік алуымен Қазақстан дербес дамуға бағыт алып, экономикалық қатынастарды қайта құру бойынша негізгі шараларды жүзеге асыруға кірісті. Орталық-Қазақстан аймағын дамыту нарықтық қатынастарға ауысуға байланысты экономикалық қайта құрулардың әсерімен өтетін болды.

Орталық Қазақстан экономикасының негізінде дәстүрлі түрде қара және түсті металлургия, машина жасау, көмір өнеркәсібі, энергетика, химия өнеркәсібі, мал шаруашылығы, тағам өнеркәсібі, құрылыстық индустрия жатыр. Аймақ металлургия мен құрылыстық индустрияға арналған рудалы емес шикізаттың ірі запастарына ие. Ірі барланған және пайдаланылған минералды-шикізат кенорындарының арқасында, отынның молшылығы, сумен қамту және электр энергия көздері арқылы аймақ республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуында жетекші орындардың бірін алады. Мұнда машина жасау және металл өңдеу саласының кәсіпорындарын дамыту үшін жеткілікті әлеует бар. Сонымен қатар, аймақ ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу үшін шикізат базасымен және өндірістік күштермен бай.

Орталық Қазақстан экономикасының негізі кен-өндіру және өңдеу өнеркәсібі болып табылады. Аймақта 3 түрлі қара металдың, 29 түсті, 2 қымбат металдардың запастары, 84 түрлі минералдар, сонымен қатар энергия таратқыштары бар: алтын - 2,5 %; күміс - 14 %; мыс - 2,1 %; қорғасын - 1 %; цинк - 14,7 %; никель - 1,4 %; кобальт - 3,5 %; бокситтер - 1,2 %; темір - 5,8 %; марганец - 9,7 %; хром рудасы - 35 %; бариттер - 15 %; фосфориттер - 4,5 % [1, 400 б.].

Орталық Қазақстандық аймақтың жаңа кенорындарды ашуға геологиялық әлеуеті өте жоғары. Мыстың болжамды ресурстары шамамен 30 млн. тоннаға бағаланады (Жезқазған, Қарағанды және Қарқаралы рудалық ауданы), алтын – 600-1000 тонна, қорғасын – 21 млн. тонна, цинк – 23 млн. тонна. Көмірсутекті кенорындары тұрғысынан перспективалы болып оңтүстік-батыс және солтүстік-батыс аудандары саналады.

Орталық Қазақстанның кен өндіру өнеркәсібінің үлесі 2012 жылы 9,7 % құрады. Кен өндіру өнеркәсібі көмір алудан, темір және металл рудаларын, сонымен қатар, түсті металдар алудан тұрады. Геологиялық көмір запастары 51 млрд. тоннаға бағаланады. Запастардың басым бөлігі 3 мың км² аймақта қимылсыз жатқан кокстелетін көмірден тұрады. Қарағанды көмір бассейні ТМД елдерінің көмір бассейндерінің арасында едәуір газды болып табылады. Көмір алу кәсіпорындарына «АрселорМиттал Темиртау» компаниясы, «Қазақмыс» корпорациясы, «Шұбаркөл Көмір» АҚ, «СарыаркаEnergy» ЖШС, «Разрез Кузнецкий» ЖШС, ГРК «Satkomir» ЖШС жатады.

Жоғарыда көрсетілгендей, өнеркәсіптік өндіріс аймақтың экономикасының негізін құрайды. Мұнда 14,5 % өнімнің республикалық көлемі өндіріледі (100 % - жазық илемдеу, 98 % - дайындамалар түрінде тазартылған мыс, 90 % - мыс рудасын алу, 85 % - тазартылмаған күміс, 30% - тас көмір). Аймақтың жалпы қосылған құнының 50% астамы кен өндіру және өңдеу өнеркәсібінде құрылады. Облыс өнеркәсібінің базалық салаларына өнеркәсіптік өндірістің 90,4 % келеді.

Өңдеуші өнеркәсіптің үлесі өнеркәсіптік өндірістің жалпы көлемінде 2012 жылы республиканың өңделетін өнеркәсібінің 78,7 %, және 19,7 % құрады. Өңделетін салалар – бұл қара және түсті металлургия, машина жасау және металл өңдеу, химиялық, фармацевтикалық және жеңіл өнеркәсібі, құрылыс материалдарының өндірісі, жиһаз және тағам өнімдері.

Қара және түсті металлургия үлесіне аймақтың жалпы өнеркәсіптік өнімінің 60 % және өңделетін өнеркәсібі өнімінің 75 % келеді. Қара металлургияда Қазақстанның металлургиялық өнеркәсібінің ірі кәсіпорны «АрселорМиттал Темиртау» АҚ жұмыс істейді, ол 100 % шойын және қара металдан дайын илем және 75 % астам болат өндіреді [2, 67 б.].

Түсті металлургияны «Қазақмыс» корпорациясы ұсынады. Жезқазған және Балқаш филиалдарында мыс өндірісінің барлық кезеңдері ұсынылған. Сонымен қатар, салада «Завод обработки цветных металлов» АҚ – Орталық Азияда құю қорытпаларын және мыс негізінде түсті металдардан илем шығаратын жалғыз кәсіпорын.

Аймақтың индустриясында маңызды орын машина жасау мен металл өңдеу алады. Саланың жетекші кәсіпорындары «А.Я. Пархоменко атындағы Қарағанды машина жасау зауыты» ЖШС, «Қарағанды құю-машина жасау зауыты» - «Қазақмыс» корпорациясының филиалы, «ҚарТКМаш» ЖШС, ««Имсталькон» Қарағанды металл өнімдері зауыты», «НПФ «Технология» ЖШС, «Kazcentrelectroprovod» ЖШС, «Құрылысмет» ЖШС («АрселорМиттал Темиртау» компаниясының біріккен машина жасау зауыттары) болып табылады. Аймақта тау-кен шахталық жабдықтарды дамытумен айналысатын Қарағанды машина жасау консорциумы құрылды.

Резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіретін негізгі өнеркәсіптік кәсіпорындар «Карагандарезинотехника» ЖШС, «Сараньрезинотехника» ААҚ, «Восход» ЖШС болып табылады. Химия өнеркәсібінде жұмыс істейді: «Теміртау химия-металлургиялық зауыты» ЖШС, «Монета Дитерджетс жуғыш құралдар зауыты» ЖШС. Құрылыс материалдарын өндірумен «Central Azia Cement» ААҚ және «Қарағанды асбоцементті бұйымдар зауыты» айналысады. Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары «Гүлден» ЖШС және «Tomiris» ЖШС, «Тулпар» фирмасы болып табылады.

Аймақтың экономикасын әрі қарай дамыту үшін өндірістің шикізат салалары маңызды. Азық-түлік және сусындар өндірісі бойынша едәуір ірі кәсіпорындар жылына 4600 тонна өнім беретін «Қарағанды кәмпиттері» АҚ кондитерлік фабрикасы, «Эфес – Караганда» шетелдік кәсіпорны ЖАҚ болып табылады. Зауыттың қуаттылығы жылына 1,5 млн.л. сыра шығару мүмкіндігін береді. Өндіорістің тұрақты дәстүрлері мен үнемі жаңарып отыруы кәсіпорынға жоғары сапалы сыра шығаруға мүмкіндік береді.

Қарағанды мелькомбинаты Орталық Қазақстандағы ірі кәсіпорындардың бірі болып табылады. 1996 жылдан бастап ол «Қарағанды-Нан» АҚ құрамына кірді. Осы сәттен бастап өндірістің күрделі жаңаруы, өндірістік ғимараттардың құрылысы басталды. Тәулігіне 540 тонна бидайды ұнға және 400 тонна бидайды жемге айналдыруға қабілетті. Комбинат өз өнімін ТМД елдеріне экспортқа шығарады.

«Қарағанды мелькомбинат» ЖШС, «Апрель-Кулагер» ЖШС, «Балқашсүт» ЖШС, «Дамир АА» ЖШС, «Барракуда KZ» ЖШС, «Айза» ЖШС, «Бидай Нан ЛТД и Со» ЖШС, «Қарағанды-Нан корпорациясы» ЖШС кәсіпорындарында өндірістің негізгі қорларын жаңарту жүргізіледі, ол осы кәсіпорындардың өнімдерінің сапасын жоғарылатуға әсер етеді.

Құрылыс индустриясы саласында Қазақстанда мынадай ірі цемент өнірушілері қызмет етеді: «CentralAsiaCement» АҚ және «Қарцемент» АҚ. «Сантехпром» ЖШС және «Kaztherm» ЖШС – панелдік радиаторларды шығаруға маманданады, «Караганданеруд» ЖШС және «Техноиндустрия» ЖШС ашық түсті шағылды алады және өндіреді, «Казтрансметалл» ЖШС, «NORD Пром НС» ЖШС және «Нұрхан» ЖШС әр түрлі темірбетон бұйымдарын өндіреді, «Карал PLAST» СП ЖШС – пластмассыдан әр түрлі диаметрлі тораптарды, «Металл Профиль Зауыты» ЖШС – төбе жабатын жұмыстарға арналған металл черепица мен профильденген табақты шығарады.

Қазақстан Республикасының жаңа, нарықтық қатынастарға ауысуынан кейін күрделі міндеттер облыстың ауыл шаруашылығының алдына қойылды. Ауыл шаруашылығының жеке салалары бойынша мемлекеттік дотация бітті, өнеркәсіптік тауарларға, жанар-жағармай материалдарға бағалар өсті. Бұрынғы совхоздар негізінде фермерлік шаруашылықтар, ЖШС, АҚ құрыла бастады, олар бойынша совхоздардың мүлігі таратылды. Агробизнесті 6 мың ауыл шаруашылығы құрылымдарына тиімді енгізу мақсатында 2 млрд көлемінде мемлекеттік қолдау көрсетілді. 180 млн. теңге, соның ішінде 299,6 млн. теңге – облыстық бюджеттен. Мемлекеттік инвестициялау субсидиялар мен бюджеттік несиелендіру жолымен бюджеттік бағдарламалар арқылы ғана емес, ауылдық кредиттік серіктестігі сияқты жаңа нысандар мен ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры арқылы жүргізілді.

Ауылдық кредиттік серіктестіктері мен «Аграрлық кредиттік корпорациясы» АҚ өкілдігі үшін едәуір перспективалық аудандарды анықтау бойынша ауыл шаруашылығы департаменті кезіндегі облыстық комиссясының белсенді жұмысы 2005 ж. 207 ауыл шаруашылығы өндірушілерін біріктіруге және олардың дамуымен 3 ауылдық кредиттік серіктестіктерді Ақтоғай, Шет, Жанарқа аудандарында құруға мүмкіндік берді. Барлығы іске қосылған 7 ауылдық кредиттік серіктестікпен 2005 ж. 80 жобаға 191,3 млн. теңге сомасына жеңілдік несие берілді. Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қорының филиалымен бірге республикалық бюджеттің қаражаты есебінен пилоттық шағын несиелендіру үшін ауылдық аудандар анықталды. Ақтоғай, Қарқаралы, Бұқар-жырау, Шет және Жанарқа аудандарының үй шаруашылықтарымен 34,2 млн. теңге сомасына 434 кредит алынды.

Қалар мен облыстардың арасындағы шефтік байланыстарды жаңартқан ауылды қайта жандандыру бойынша іс-шаралар жоспары экономиканың нақты секторымен және ауылдық аудандармен 2005 ж. ауылға 1 млрд. 829 млн бюджеттен тыс инвестицияларды тартуға мүмкіндік берді. Лизингтік және кредиттік қарым-қатынастарды дамыту бойынша жүйелі жұмыс агроқұрылымдардың энергиямен қарулануды жақсартуға әкелді. 2006 ж. лизингіге бюджеттік бағдарламалар бойынша ауыл шаруашылығы техникасының 56 бірлігі иелікке алынды, соның ішінде 8 комбайн — областық бюджеттен. Бұдан басқа, жеңілдік несиелері есебінен «Казагрофинанс» АҚ арқылы Осакаров ауданында ХТБ орнатылды, Жанарқа, Абай және Бұқар-жырау аудандарында облыстық бюджеттен мамандандырылған агросервистікорталықтарды құруға 260 млн. теңге несиелік ресурстар бөлінді.

Агротағамдық бағдарламасын жүзеге асыру кезеңінде іске «Магнитка» ЖШС өндірістік күштері қосылды, Қарағанды қаласында сүт зауыты салынды, құрама жем өндіру және құс сою бойынша «Нұр СХ» және «Аян М» ЖШС, «Кадер» ЖШС диірмен цехтері, «Сары Арка Нан» кулинарлық цехі, «Караганды Нан» желілері жұмылдырылды.

Мал мен құс өсіру шаруашылығымен аймақтың барлық аудандары айналысады, бірақ негізгі мал шаруашылығы Бұқар-Жырау – 17,0 %, Қарқаралы – 15,3 %, Шет – 13,9 %, Жанарқа - 11,5 % және Ақтоғай – 9,3 % аудандарында шоғырланған.

2013 ж. ауыл шаруашылығы мәдениетінің егістік ауданы аймақта 996,8 мың гектарды құрады. Едәуір үлкен аудан (67,2 %) бидай және бұршақты дәнді-дақылдармен егілген. Бидай және бұрақ өнімдерін егу құрылымында салыстырмалы салмағы бидайға келеді - 77,8 %. Арпаның үлесі 19,2 %, сұлы – 2,2 %, бұршақты дақылдар – 0,8 % құрайды. Майлы өсімдіктер 32,3 мың гектарға салынды. Майлы дақылдардан егістік зығыр - 88,8 %, сафлор – 67,2 % ұлғайды [3, 2 б.].

Аймақта шетелдік инвесторлардың қатысуымен инвестициялық жобалар сәтті жүзеге асырылуда. Индустриаландыру картасының шеңберінде шетелдік қатысумен келесі жобалар жүзеге асырылды: «КазБелАЗ» «Запас бөліктерін өндіру және техника жинау, «КазБелАЗ» ЖШС. Серіктес ел Беларусь. Жоба 2010 жылдың маусымында іске қосылды, оның жалпы құны – 10 млрд. 500 млн. теңге. Іске қосу басталғалы 3 бірлік техника шығарылды (0,3 %). «БелАЗ» техникасының тораптары мен агрегаттарына күрделі жөндеу жүргізілуде. БелАЗ-7547 карьерлік самосвалды жинау іске асырылады, «Тарту-Стандарт» СО ЖШС сертификациялық талаптарына сәйкес құжаттарды дайындау бойынша жұмыс жүргізіледі

Алайда кез келген мемлекеттің экономикалық дамуы қоғаммен, яғни адаммен іске асырылады. Сондықтан, Қазақстанда да, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың ұсынысымен индустриялық-инновациялық стратегия әзірленіп жатыр, оған ғылымды және кәсіби білім беруді дамыту, денсаулық сақтау, халықтың әл-ауқатын жоғарылату, халыққа кепілді тегін қызмет көрсету көлемі және т.б бойынша бағдарламалар кіреді.

Әлеуметтік ортаның даму ерекшелігі, мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерінің негізгі көлемі аймақтық (облыстық, қалалық) деңгейге көп шоғырланатындығы болды. Орталық Қазақстан аймағында әлеуметтік ортаны дамыту мәселелеріне бөлінеді. Әлеуметтік саясаттың негізгі принциптерінің бірі аймақтың экономикасына еңбекке қабілетті халықты тарту болып табылады. Сонымен, «Жол картасы - 2020» жүзеге асыру шеңберінде 2013 ж. қорытындылары бойынша аймақта 3600 тұрғын жұмыспен қамтылды, жеке ісін ашуға 372 адам несиелендірілді, 458 отбасы көшірілді және тұрғын-үймен қамтылды. Мүгедектерге арналған инфрақұрылым объектілерін 100 %-к қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізіледі.

Білім беру саласында мектептерді жаңа түрдегі кабинеттермен жабдықтау бойынша жұмыс жалғасуда. 2013 ж. аяғында 86,5 % мектеп Интернет желісіне қосылды.

Үлкен жұмыс «Саламатты Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жүргізлуде. Сонымен, аймақта диспансерлік есепте тұрған 306 мың ауру тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді. Жаңа технологияларды енгізу және жетілдіру нәтижесінде 5 мыңнан астам ауру арнайы көмек алды. Аймақтың тұрғындарын медициналық қызмет көрсетуді жақсарту бойынша жұмыс жалғасуда.

Әлеуметтік ортада жүргізілетін іс-шаралар облыс тұрғындарының санын көбейтуге әсерін тигізді, қазіргі таңда олардың саны 1369,8 мың адамды құрайды. Сыртқы миграция ағымында миграция қарқындылығы 7,3 % азайды. Республиканың басқа облыстарынан келгендер саны 2,5 % көбейді.

Аймақта азық-түлік тауарларының сатылуы және қызмет көрсету (тұтынушылық нарық) сәтті дамуда. 8729 сауда объектілері жұмыс істейді, соның ішінде: 7094 дүкен, 1534 қоғамдық тамақтану объектісі, 58 сауда нарығы және 43 әлеуметтік павильоны, Қарағанды, Сәтпаев, Қаражал қалаларында және Жанарқа ауданында 4 коммуналдық нарығы құрылды. Бұл коммуналдық нарықтарда өнімді 10-15 % төмен бағамен өткізуге мүмкіндік береді. Дүниежүзінің 10 елімен салыстырғанда 2013 ж. аймақтың кәсіпорындары мен мекемелері сыртқы жкономикалық байланыстарды сақтады, соның ішінде 44 елге өнімді экспорттады, 74 елден импортталды [4, 1-2 б.].

Сауда объектілерінде халыққа сервистік қызмет көрсетуді жақсарту үшін сауда операцияларын іске асыру кезінде төлем карточкаларын пайдаланумен төлемдерді қолдану бойынша жұмыс жүргізіледі. Осы мақсатта облыстық әкімдікпен Ұлттық Банкінің Қарағанды филиалымен бірлесіп Қарағанды облысында ақшасыз есеп айрысу жүйесін дамыту бойынша Іс-шаралар жоспары әзірленеді. Қазіргі таңда 2,5 мыңнан астам (2530) POS-терминал орнатылды. Бөлшек тауар айналымының көлемі бойынша Қарағанды облысы республикада екінші орын алады.

Сонымен, мықты өндірістік-техникалық базасы мен бай табиғи ресурстары бар Орталық Қазақстан әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі бойынша қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасын дамытуда маңызды рөль атқарады.


Әдебиеттер тізімі
1. Досмагамбетов С.К. Центральный Казахстан: природа и природные ресурсы, события и люди, реформы и развитие. - Алматы, 2003. - 562 с.

2. Региональное социально-экономическое развитие региона /под ред. А.А. Алимбаева. Т.1. - Караганды, 2002. - 374 с.

3. Караганда и Карагандинская область: Энциклопедия. - Алматы: Атамура, 2008.- 528 с.

4. Абдишев Б. Системный прорыв в будущее. Отчет акима области

// Индустриальная Караганда, 2014, 18 февраля.
В.В. Козина

Қарағанды мемлекеттік

техникалық университетінің

Қазақстан тарихы

кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.д.

е-mail: Lera2019@rambler.ru



ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСЫ – ХАЛЫҚТАРДЫҢ НАҒЫЗ ДОСТЫҒЫНЫҢ, АЗАМАТТЫҚ БЕЙБІТШІЛІК ПЕН

КЕЛІСІМНІҢ ҮЛГІСІ (ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ АСПЕКТІ)
Біздің республикамыз өзінің этникалық ерекшелігі бойынша бірегей мемлекет болып табылады – мұнда 130 астам ұлт өкілдері тұрып жатыр. Қазақстан сонымен бірге, көп конфессиялы мемлекет болып табылады – мұнда 40 астам конфессия мен деноминация бейбітшілікте өмір сүріп жатыр. Ұлтаралық толеранттық пен қоғамдық келісім Тәуелсіз Қазақстанның ең көрнекті және сөзсіз табыстарының бірі болып отыр. Егемендікке қол жеткізуде осы салада барлық беделді халықаралық сарапшылар проблемалардың болатындығына кепілдік берген еді. Алайда, Қазақстан халқы керісінше дәлелдеді. Біздің еліміз тұрақты түрде дамып келе жатыр. Бүгінгі таңда біздің бірлігіміз – бұл жаңа 2050-стратегиясын іске асырудың басты факторы [1]. Халықтардың нағыз достығының, азаматтық бейбітшілік пен келісімнің үлгісі болып Қарағанды облысының көп ұлтты құрылымының қалыптасу тарихы негіз бола алады.

ХІХ ғасырдың аяғында Орталық Қазақстан өңірінің негізгі тұрғындары қазақтар болды, олардың жергілікті халық құрамындағы үлес салмағы 93 % құрады (288 576 адам); орыстар мен украиндардың үлесі көп болған емес – 5 % (15 515 адам); одан да процентті татарлар, мормордва және поляктар құрады, сәйкесінше: 1 %; 0,5 %; 0,5 % [2, 2-4 б.].

1906 жылға дейін Қарағанды көмір өңірінде, Шерубай Нұра өзені мен Топар және Байғора салаларының көмір бассейнінде, Былқыздақ шатқалында, Сарысу өзенінің бассейнінде, Ортау, Ақтау және Алабыс тауларының алқаптарында алғашқы жер аударылған поселкелер Преображенский, Романовский, Рождественский, Черниговский, Киевский, Ивановский, Петровский және Санников шықты [3, 84 б.].

XX ғасырдың 30-ыншы жылдарына дейін ұлттық құрылымда Қазақстанның басқа өңірлеріндегі сияқты өзгерістер болған жоқ. Ол территориясында қазақтар қоныстанған аймақ болып қала берді [4, 36 б.]. Ерекшелік Қарқаралы қаласында болды, 1920 жылы қазақтар 61,1 %; орыстар – 22 %; татарлар – 9,8 %; украиндар, немістер, поляктар – 1 % құрады; халықтың 6,8 % басқа ұлт өкілдері құрады [5, 314 б.].

Көп ұлтты құрылымы бар өңірдің қалыптасу және даму процесі өз мәнінде өтіп жатты, ХХ ғасырдың 30-ыншы жылдарында кеңестік қоғамның модернизациясы барысында жер қойнауын қарқынды түрде өңдеумен байланысты әлеуметтік-экономикалық және саяси ақиқат негізінде болды. Өлкенің қолданыстағы еңбек қорлары сандық қатынаста сияқты, сапалық қатынаста социализмнің адам қорларын жеткілікті түрде қамтамасыз ету бойынша жүктемені өз мойнына алуға дайын болған жоқ. Бұл проблеманы шешу үшін көші-қон саясаты құрылды. Тоталитарлық жүйе жағдайларында еріксіз еңбек территорияны басудың негізі болды, ал күштеп қоныс аудару – қалыпты болды. Өңірге алғашқы қоныс аударылғандар «кулактар» болды. 1931 жылы Қарағандыға 15 мың отбасы арнайы қоныс аударылғандар келді. 1933 жылы 10 қыркүйек Қарағандының арнайы қоныс аударылғандар мекенінде 45 700 арнайы қоныс аударылғандар тұрды [6, 9-10 б.]. 1938 жылы 1 шілде облыс бойынша 30 еңбек поселкесінде 91 297 адам тұрды [7, 13 б.].

Қарлаг ұйымы 1930 жылы барлық мемлекеттерден сотталғандардың тегін еңбегін жаппай қолдануды қамтамасыз етуге аз үлес қосқан жоқ. Осы жылдары облыс саяси жер аудару орталығы болды: Ресей, Украинадан және басқа республикалардан арнайы жер аударылғандар; этникалық топтардың депортация көпірі: кәріс, иран, әзірбайжан, құрт, армян, поляк, латыш, литвалықтар және басқалары. Өңірлердің сыртына еріксіз көшіру, аштық пен ауру нәтижелерінде зақақ халқының саны күрт азайып кетті (280 317 адамнан 1926 жылы 136 541 адамға дейін 1939 жылы), ал үлес салмағы 85,3 % бастап 32,6 % дейін қысқарды. Алғаш рет қазақтар өздерінің тарихи жерінде аз болып қалды. Басқа ұлт өкілдерінің жергілікті халық құрамындағы абсолютті саны мен үлес салмағы артты: орыстар (15 196 адамнан 1926 жылы (4,6 %) 190 017 адамға дейін 1939 жылы (45,5 %). Орыстар аймақтың саны көп ұлты болды, олар өнеркәсіктік кәсіпорындардың ұжымдарының негізгі процентін құрады. Облыс халқының құрамындағы үлесі 9% жетті (24 988 адамнан 1926 жылы 40 177 адамға дейін 1939 жылы), татарлар - 1,4 % (712 адамнан бастап 1926 жылы 5824 адамға дейін 1939 жылы), немістер – 3,6 % (5589 адамнан 1926 жылы 14 814 адамға дейін 1939 жылы). Өңірдің территориясын бұрын мекен етпеген ұлт өкілдері пайда болды, мысалы, кәрістер олардың саны 1939 жылы 7 536 адамды құрады. [8, 77 б.]. Осылайша, он жылға толмаған кезең ішінде Орталық Қазақстан аз ұлтты өңірден көп ұлтты аймаққа айналды. Бұл кезеңде қоғамда жалпы араласу, салт-дәстүрлерді өзгерту мен өмір салтының өзгеруі болды. Өндірістік функциялар бойынша халық екіге бөлінді деуге болады. Бірінші - индустриалды нысандардың құрылысы мен оны пайдалануды қамтамасыз етті. Бұл – Қарағанды тас көмір бассейнінің жұмыскерлері, құрылысшылар, ал содан кейін Балқаш металлургия комбинатының пайдалану жұмыскерлері, рудниктер мен темір жол станцияларының жұмыс поселкелерінің тұрғындары. Екіншісі олардың азық-түлік проблемасын шешуге құрылған. Бұл - «Гигант» совхозының тұрғындары ОГПУ НКВД және кәсіпорындардың ауыл шаруашылық артиллериясы мен ауыл шаруашылық поселкелерінің Осакаровка тобы. Барлық қиындықтарға қарамастан қарама-қайшылықтар мен 1930 жылдардағы қайғылы қайта құрылуға қарамастан олардың КСРО халықтар бірлігін нығайтуға маңызды нәтижесі болды. Оның жақсы дәлелі – Кеңес Одағының фашистік Германияны Ұлы Отан соғысында жеңіске жетуі. Гитлер КСРО шабуыл жасағанда нәтижесінде мемлекеттің ішінде әлеуметтік, ұлттық қайшылықтар тудырып, Мәскеуге қарсы орыс емес ұлттар қарсы шығып, ол ыдырап кетеді деген сенімде болған. Алайда, көп ұлтты кеңес мемлекеті қаншалықты қиыншылықтарға қарамастан төзімділікке ауыр сынауға қарсы шықты.

Индустриализация жылдарында қуатты өнеркәсіп потенциалы бар Орталық Қазақстан КСРО экономикасында стратегиялық мәнге ие болды. Соғыс жылдарында «сенімсіз халықтардың» депортация саясаты бірнеше рет күшейді – немістер, шешендер, ингуштер, қалмақтар, қарашайлар, қырым татарлары, болгарлар, гректер, түріктер және Еңбек армиясының қатарын толықтырған басқа ұлт өкілдері. Еңбек ету нәтижесін шамадан тыс арттыру, еңбек күшін артық пайдалану майданның нағыз арсеналы болды. Қарқынды миграциялық ағындар облыстың халық санының артуы мен көп ұлтты халық болуының себебі болды. Тұрғындардың негізгі бөлігін майданда болған облыстардың және басып алынған территориядан эвакуацияланған, 30-ыншы жылдары арнайы қоныс аударылғандар, Қарлаг тұтқындары, жер аударылған халық өкілдері құрады. Тұрғындардың жаңа санаты пайда болды – әскери тұтқындар мен интернирленген (поляктар, жапондықтар, немістер, венгрлер, финдер, италяндықтар, француздар, болгарлар және басқалары). Облыс тұрғындарының тұрмыстық және тұрғын-үй жағдайлары Ұлы Отан соғысы кезінде біршама қолайсыз болды. Барлық өндірістік және азық-түлік міндеттерін Еңбек армиясын шешуге шақырды, оларды жинақтау НКВД желісінің арнайы қоныс аударылғандардан, азаматтық халық пен соғыс жасына дейінгі жер аударылған халық өкілдерінен, сонымен бірге жаңа санат арнайы контингент – соғыс тұтқындары мен интернирленген. Бұл санаттағылардың құқықтық ережесі бірдей болмаса да, күнделікті тұрмыс-тіршіліктері біркелкі болды, құқық дәрежесі немқұрайлы болып қала берді. Ерекше тәртіпте жеке құрам мен Қарағанды еңбекпен түзету лагерінің жұмыскерлері болды, әйтсе де олар азық-түлік, мундир және тұрғын-үй кешеніне байланысты барлық қиындықтарды бірлесе көрді.

Соғыстан кейінгі жылдарда интеграциялық процестер елімізде жалғасып, күшейе түсті. КСРО территориясын фашистерден азат ету шамасына қарай Қазақстан соғыстан зардап шеккен аудандардың экономикасын қалпына келтірудің басты тірек базасы болды, республикадан бұл аймақтарға металл, шикізат ресурстары, отын, құрылыс материалдары, өнеркәсіп тауарлары, азық-түлік, мал және тұқым жеткізілді. Аймақта еңбекті милитаризация әдісінің радикалды сипатын алды. Мұнда Қарлаг жүйесінің, халқы көп жер аударылғандардың поселкелері жұмыс істеді. Мәжбүрлі еңбекті ұйымдастыру жүйесіндегі көптеген үлесті соғыс тұтқындары мен интернирленгендер құрады. ХХ ғасырдың 50-інші жылдары Орталық Қазақстанның экономикасында оның индустриялық даму тенденциясы біршама нығая түсті, әскери-өнеркәсіптік кешен кәсіпорындарының желісі дами бастады. 1939 жылдан бастап 1959 жылға дейінгі аралықта Қазақстанның басқа аймақтарына қарағанда халықтың ұлттық құрылымында біршама өзгерістер болды. 20 жыл ішінде қазақтардың саны барлығы 58 371 адамға артты, немесе 1,4 есеге өсті және 194 912 адамды құрады. Қазақтар облыстың халық санының 1/5 кемін құрады, ал орыстар – 47,4 %, немістер – 10,9 %, украиндар – 9,6 %, татарлар – 2,5 %, кәрістер – 1,2 %, басқа ұлттар – 9,3 % [9, 168 – 174 б.].

1960-1980-інші жылдардың бірінші жартысында Орталық Қазақстанның ұлттық құрылымының қалыптасуы оның индустриялық даму потенциалымен бір мәнде болды. 1970 жылғы халық санағы республикада негізгі халықтың өсу көрсеткішіндегі салыстырмалы үлесі - 18,9%, ал мұнда орыстардың үлесі - 50,5 %. Басқа ұлттардың салыстырмалы үлесі тіпті өзгермеді: белорустар -2,6 %; кәрістер - 0,9 %; немістер - 9,4 %; татарлар - 3,1 %; украиндар - 9,8 %; басқа ұлттар - 4,8 %. Келесі жылдарда қазақтардың үлесі біршама арта бастады, орыстар, украиндар мен белорустардың үлесі азая бастады [10, 117-123 б.]. Келесі жылдарда Қарағанды облысы халқының ұлттық құрылымының қалыптасуында жаңа тенденциялар байқалды. Қазақтардың саны мен олардың аймақ халқындағы үлесі біршама артты (1979 жылы - 21,8%), орыстардың үлесі мен басқа европалық ұлттардың үлесі керісінше, азая бастады: орыстар - 50,2 %; белорустар - 2,2 %; украиндар - 8,4 %. Ұқсас демографиялық тенденциялар келесі кезең үшін тән. Жалпы одақтық халық санағы 1989 жылы қазақтардың үлес салмағының өсуін 25,8 % дейін белгіледі, орыстар - 46,9 % дейін азаю; белорустар - 2 % дейін; украиндар - 7,4 % дейін [11, 117-123 б.].

Өткен жүзжылдықтың 70-80-ші жылдарында қоғамдағы әлеуметтік бірлік деңгейінің және интернациялық процестердің тереңдігі кеңес басшылығы үшін жеткілікті болып көрінген, КСРО ұлттық мәселені шешу және «кеңес халқының» - адамдардың жаңа тарихи қоғамы туралы шешімдерін алға тартып, белсенді түрде насихаттау керек деп шешті. Біртұтас мемлекетте ұзақ уақыт бірге өмір сүру барлық ұлт өкілдерінің тұрмысында, жүріс-тұрыстарында, менталитеттерінде ортақ жалпы қасиеттері пайда бола бастады. Бұл, партия идеологтарының пікірі бойынша, әлеуметтік-саяси беріктіліктің және КСРО территориясына қоныстанған барлық ұлттар мен ұлыстардың идеялық бірлігінің нәтижесі болып табылады. Келесі оқиғалар көрсеткендей, «беріктік» пен «бірлік» туралы түсініктер асыра берілді, ал ұлттық мәселелерге жете назар аудармау одақ мемлекеттері үшін қайғылы салдарын тигізді. Көптеген объективті және субъективті, ішкі және сыртқы факторлардың үйлесімі КСРО ыдырауына әкеп соқты. Тұтас мемлекет болған аудандарда ұлттық және діни қайшылықтардың салдарынан қаруланған қақтығыстарға әкеп соқтырды, ал бұл қақтығыстар салдарынан көптеген адамдардың өміріне қайғы әкелді. Мұндай сипатты Қазақстанда да болады деп еді.

Көріп отырғанымыздай, Қарағанды облысының көп ұлтты құрылымының қалыптасуына миграциялық процестер шешуші роль атқарды. Әрине сөзсіз, бұл аймақ территориясына көптеген адамдарды жер аудару әлеуметтік және саяси шиеленістер тудырып, жаңа – экономикалық, саяси және ұлтаралық проблемаларды тудырды. Халықтар дағдарыс күйін кешті, басқа табиғи-климаттық, этношаруашылықты, әлеуметтік мәдениеті мен тіл ортасы бөлек ортаға түсті. Жергілікті халық оларды жаңа орындарға орналасуларына көмек көрсетті. Қазақтар соңғы тілім нанымен бөлісіп, нағыз интернационализм үлгісі болды.

Қарағанды облысы Қазақстанның басқа аумағы сияқты территориясына жер аударылған сан мыңдаған адамдардың ауыртпашылықтары мен қайғысын басынан өткерді. Ол үйсіз-күйсіздерге ғана пана болып қоймай, жер аударылған халықтың зар-шерін, күйзелісін бірге көтерді. Жер аударылған халықтардың қайғылы тарихы көп ұлтты Қазақстан қоғамының шоғырлану негіздерінің бірі болды.

Қазақстанның жүріп өткен жолына қарасақ, бұл жерде әр түрлі халықтың, түрлі діндердің, мәдениет пен өркениеттің бейбітшілікте тарихи өмір сүруінің бай, табиғи тәжірибесі бар екендігін атап өтеміз. Біздің қоғамдағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім басты жалпы ұлттық құндылықтардың бірі болып табылады, олар бүкіл қазақстандықтарды біріктіреді және біздің еліміздің болашақтағы іргетасын құрайды [12].

Біздің басты жетістігіміз – ұлтаралық келісім қазақстандықтардың бір ғана ұрпағымен құрылған жоқ, ол қаншама тарихи сындардан өтті. Қаншама онжылдықтарда түрлі ұлт өкілдері қазақ менталитетін, ерекше рухани күйін, ұлтаралық келісімнің биік дәрежесіне қол жеткізді. Мүмкін, Қазақстаннан бір жылдары қоныс аударғандар Қазақстан халқының мәдени қоғамынан алшақта қалғандай сезінетін болар, біздің облысымызға қайта келуге тырысатын болар.


Әдебиеттер тізімі
1. Выступление Президента Казахстана Нурсултана Назарбаева на XXI сессии Ассамблеи народа Казахстана //Казахстанская правда. – 2014. – 19 апреля

2. Первая Всеобщая Перепись населения Российской империи 1897 г. Акмолинская область, т. 81, СПб.: Слово, 1904. – 135 с.; Первая Всеобщая Перепись населения Российской империи 1897 г. Семипалатинская область, т. 84, СПРб: Слово, 1905. – 148 с.

3. Переселение в Степной край в 1907 г.: Изд-во «Переселенческое управление», 1907, - 168 с.

4. ЦГА РК. Ф. 698, Оп. 14, Д.12

5. ЦГА РК. Ф. 698, Оп. 14, Д.12

6. Караганда. Карагандинская область: Изд-во «Энциклопедия».- Алма-Ата, 1986

7. Земсков В.Н. Кулацкая ссылка накануне и в годы Великой Отечественной войны // Социс. 1992. № 2.

8. Всесоюзная перепись населения 1939 года. Основные итоги. - М., 1992.

9. Итоги Всесоюзной переписи населения 1959 года. Казахская ССР. М.: – 1962. – 202 с.

10. Численность и размещение населения в Республике Казахстан. Т. 1. - Алматы, 2000; Национальный состав населения Республики Казахстан. Т. 1. Итоги переписи населения 1999 г. в Республике Казахстан. Статистический сб. – Алматы, 2000. - 203 с.

11. Рассчитано по: Национальный состав населения Республики Казахстан. – Т. 4. Ч. 2. – Население Республики Казахстан по национальностям и уровню образования. Итоги переписи населения 1999 года в Республике Казахстан. - Алматы, 2000. – 199 с.

12. Послание Главы государства Н.А.Назарбаева народу Казахстана «Казахстанский путь - 2050: Единая цель, единые интересы, единое будущее» //Казахстанская правда. – 2014. – 18 января.


С.Д. Шаймұханова,

Қарағанды мемлекеттік

техникалық университетінің

Қазақстан тарихы

кафедрасының профессоры, т.ғ.д.

e-mail: sd_52@mail.ru



1   2   3   4   5   6   7   8


©netref.ru 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет